"Оңтүстік жарты шар материктері табиғатының ортақ белгілері мен өзіндік ерекшеліктері"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Оңтүстік жарты шар материктері табиғатының ортақ белгілері мен өзіндік ерекшеліктері"

Материал туралы қысқаша түсінік
Оңтүстік Жарты шар материгіне саяхат
Материалдың қысқаша нұсқасы

Оңтүстік жарты шар материктері табиғатының ортақ белгілері мен өзіндік ерекшеліктері.

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оңтүстік жарты шар материктерінің ортақ белгілері мен өзіндік ерекшеліктерін анықтау арқылы тиянақтылыққа ынталылыққа баулу.

Дамытушылық: Ойын арқылы оқушылардың ой-өрісін, ойлау қабілеттерін, өздігінен ізденісін дамыту.

Тәрбиелік: Басқа материктер мен олардың елдерімен таныстыра отырып, өз еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін ояту.

Сабақ түрі: Саяхат сабақ (дәстүрден тыс).

Сабақтың әдіс-тәсілдері: ойын элементтері, картамен жұмыс, ситуациялық тапсырмалар, тест,бейнематериалдар.

Сабақтың жоспары:

1. Ұйымдастыру, сабақ мақсаты айтылады

2. Саяхат кезеңдері

- Ұшаққа билет алу

- Интерактивті тұсбағдар

- Сиқырлы дүрбі

- Электрондық карта

- Зәкір көтеру

- Акула

- Қарақшылар

- Почта-бөтелке

- Ерекше өсімдік

3. Қорытынды тест.

4. Оқушыларды бағалау.

5. Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру.

Сабақтың барысы:

Бүгінгі саяхат сабағымыз «Христофор Колумбтың ізімен» деп аталады, яғни Колумб саяхатын бастаған Португалия жерінен біз де Оңтүстік Америкаға қарай саяхатқа шығуымыз қажет. Саяхатымыз үшін кейбір жетіспейтін заттарды табу үшін жұмыс жасаймыз.

Ұшаққа билет алу. Португалия жағасында тұрған кемеге дейін ұшақпен ұшып баруымыз керек қой. Билеттер дайын тұр, бірақ оны қолға түсіру үшін мына тапсырмаларды орындауымыз қажет.Интерактивті тақта арқылы ұшақ бейнесіндегі сұрақтар астындағы географиялық объектіні дәл тауып, орналастыру керек.

Кариб, Магеллан, Фолкленд, Дрейк, Отты жер, Панама

Интерактивті компас.Тақтадағы компас астында жасырынған аймақты анықтау қажет.

  • Бұл жерде жыл бойы жауын-шашынның мөлшері аса мол болады. Алуан түрлі ағаштар өскен. Папоротниктер мен орхидеялар көп. Жануарлар дүниесіне де аса бай. Ягуар, пума, сияқты жыртқыштар, тоты құстың түрлері, үзындығы 12 м-ге жететін анаконда кездеседі. Бұл қандай табиғат зонасы, қай жерде кездеседі?

  • Бұл аралдың атауы оның қандай екенін айқындайды. Солтүстігінде де, оңтүстігінде де сол жерден жүзіп өткен саяхатшы атындағы бұғаздар бар. Бұл аймақта пингвиндер де мекендейді.

  • Әлемдегі ең құрғақ жағалық шөлдер. Кей жылдары жауын-шашын тамбайды. Дегенмен құс базары болады, онда құс саңғырығынан қатты азотты органикалық тыңайтқыш отыны экспортқа шығарылады.

Сиқырлы дүрбі: Дүрбі астындағы жасырынған сөздерді анықтамасымен айту.

Гаруа, пампа, льянос, кампос, сельвас, ломас.

Электрондық карта. Оңтүстік Америка елдерін-астаналарымен қоса айту.

Бразилия - Бразилия

Перу - Лима

Боливия - Сукре

Аргентина – Буэнос-Айрес

Венесуэла - Каракас

Чили - Сантьяго

Эквадор - Кито

Колумбия - Богота

Біздің саяхатқа шығуға қажетті құрал-жабдықтарымыз дайын болды. Яғни Оңтүстік Америка туралы білімдеріміз көп көмек берді.

Сергіту сәті. Енді түгел көзімізді жұмамыз. Себебі біз ұшақтамыз _ сағат айырмашылығы бар Батыс Еуропаның Атлант мұхит жағалауына дейін әлі бірнеше сағат бар (жеңіл музыка ойналады). Өзге аймаққа бара жатып өз еліміз туралы географиялық мағлұматтарды еске түсірейік.Қазақстан...материгінің орталық бөлігінде орналасқан.Мұхиттармен қатысы... .Жер аумағы бойынша әлемде...орында.Халық саны...адам.(Тағы да сұрақтар қоюға болады)

Біз кемедеміз. Саяхатымыз туралы қысқаша мағлұмат айта кетейік. Біздер Х.Колумб жүзіп өткен Атлант мұхиты арқылы жүзіп, Оңтүстік Америка жағасына дейін бармақпыз.

Басты мақсат - Оңтүстік жарты шар материктері Африка, Австралия, Антарктида, Оңтүстік Америка материктерінің ортақ белгілерін, ұқсастықтары мен ерекшеліктерін анықтау.

Кеме орнынан қозғалу үшін зәкір көтерілмей тұр. Ол үшін осы 4 материкті біріктіріп тұрған ортақ заңдылықты кім біледі? (Ежелгі Гондвана материгі)

Міне, кеме орнынан қозғалды. Кеме тропик сызығы тұсына келгенде, алдымыздан акула шығып, бөгет болды. Бұл кедергіден өту үшін оңтүстік жарты шар материктерінің тропик шеңберімен қатысын анықтаймыз.

Экватор маңына келгенде, теңіз қарақшылары мінген кеме тосқауыл болды. 4 материктің экватор сызығына қандай қатысы бар екенін айқындасақ, біз бұл кедергіден өтетініміз анық.

Жүзу жалғасуда. Кенеттен ішінде хаты бар бөтелке көтеріледі. Бөтелке ішінде сандар жазулы тұр екен, анықтап көрейік. 2228 м, 5895 м, 6960 м, 1054 м, 30,3 млн.км2, 2011 ж, 18,3 млн.км2

Интерактивті компас пен электрондық картамыз арқылы жағалауға жақындағанымызды сездік. Кенет алдымыздан ерекше өсімдік пайда болды.Енді осы өсімдіктің құпиясын анықтауымыз қажет.Ол үшін өсімдік ортасында жасырынған сөздерді күлте жапырақтарға орналастыруымыз керек.

Shape1

Африка

Shape2

Аустралия






Shape3

Пингвин, Пума

Үйректұмсық,Абориген

Мадагаскар,Кариб,Риф

Үндіс,Амундсен,Чад

Титикака, Атлас,Тасман

Мұзтау,Самум








Shape4

Оңтүстік Америка


Shape5

Антарктида








Тест.


1)Сәйкестендір.

1.Ең құрғақ материк A)Африка

2.Ең ыстық материк B)Оңтүстік Америка

3.Ең суық материк C)Аустралия

4.Ең ылғалды материк D)Антарктида

2)Аустралия эндемиктерін ата.

А)үйректұмсық В)лама

С)Кенгуру Д) Су сиыр

Е)Эму F)марабу

H)пингвин

3)Қандай мағына беретін сөздер?

1.Мыс тау А)пампа

2.Ағашсыз В) Анд тауы

3.Жазық дала С)Рио-де –Жанейро

4.Шығыстық жазық D)Гольфстрим

5.Қаңтар өзені Е)Налларбор көлі

4).Не ненің отаны?

1.Кофе А) Сахара

2.Какао В)Бразилия таулы үстірті

3.Кактус С)Анд тауы мен Орт. Кордильера

4.Құрма пальмасы D)Эфиопия таулы қыраты

5.Қатты бидай Е)Эфиопия жері

5)Астанасын тап:

1.Аустралия A)Веллингтон

2.Марокко B)Претория

3.Аргентина C)Канберра

4.Оңтүстік Африка Республикасы D)Рабат

5.Жаңа зеландия E)Буэнос-Айрес

6)Африка мен Оңтүстік Америкаға тән ортақ белгілерді көрсет.

А)Экватор сызығы кесіп өтеді

В)Байырғы халқы экваторлық қара нәсілдер

С)Субэкваторлық климаттық белдеу қайталанады

D)Тропиктік климаттық белдеу қайталанады

Е)Тілдер мен жыртқыш аңдар мекендейді.

7)Аустралия қалаларын белгіле.

А)Сидней В)Каир

С)Мельбури D)Рио-де-Жанейро

Е)Канберра

8)Антарктидаға тән ұғымдарды тап.

А)Ең суық материк В)Ақ аюлар мекендейді

С)Пингвиннің 17 түрі мекендейді D)Ең биік нүктесі-Аконкагуа

Е)1820 жа28 қаңтарда ашылды.

9)Байырғы халық пен елді мекендерді сәйкестендір.

1.Абориген A)Оңтүстік Америка

2.Үндіс B)Африка

3.Папуос C)Жаңа Гвинея

4.Маори D)Жаңа Зеландия

5.Бербер E)Аустралия

10)Африканың Атлант мұхитына құятын өзендерін көрсет.

А)Нигер В)Замбези

С)Ніл D)Амазонка

Е)Конг F)Муррей

H)Ориноко




Қорытынды. Бізде мақсатымызға жетуге жақындадық. Себебі оңтүстік жарты шар материктері туралы біліміміздің бар екенін көрсеттік (қорытынды сөз).

Бағалау.

Үйге тапсырма: 1) §37 Оңтүстік жарты шар материктері табиғат компоненттерінің ортақ белгілері мен өзіндік ерекшеліктері. 2) Венн диаграммасын салу (2 материк бойынша)



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.12.2017
730
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі