400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Оңтүстік жарты шар материктерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтары" cабақ жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп: №61 жоббм. Мұғалім: Жалмурзаев Асылбек Дайрабаевич

Сыныбы: 7 Күні: 08.02.2019

Сабақтың тақырыбы: Оңтүстік жарты шар материктерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтары № 3 практикалық жұмыс


Оқып-үйренудің негізгі мақсаты: ОқушыларғаОңтүстік жарты шар материктері деп аталатын-Оңтүстік Америка,Африка,Аустралия және Антарктика ежелгі Гондвана материгінің құрамында болғанын және литосфералық плиталардың қозғалысы нәтижесінде ажыратылғанын соның нәтижесінде қазіргі пішіні қалыптасқанын 25 беттегі 16-суретке қарата отырып сыни ойлау арқылы топтық,жұптық,жеке тапсырмаларды орындатуға баулу,бағалау критерилерін жүзеге асырту.


Күтілетін нәтиже: ОқушыларОңтүстік шарты шар материктерінің жер бедері мен географиялық орнының ұқсастықтары мен айырмашылықтарын оқулықпен,картамен жұмыс жасай отырып біледі,картадан тауып бере алады.

Түйінді идеясы: Жалпы Оңтүстік жарты шар материктерінің жер бедері мен географиялық орнын сыни ойлау мен көшбасшылық жасау арқылы өздеріне жұмыс жасату арқылы толық білдірту.

Сабақтың әдісі-жұмыс түрі: Топтық таныстырылым,электронды оқулық тапсырмасы,кесте мен картамен жұптық,топтық жұмыстар

Ресурстар :Интерактивті тақта,ұялы телефон, оқулық, маркер шығу парағы,үлестірмелі қағаздар

Бағалау:Формативті бағалаудың 12 стратегиясын қолдану(Сэндвич)


Сабақтың барысы:

Уа-қыт

Бөлім

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушылар іс-әрекеті

5 мин

Кіріспе

1.Мұғалім оқушылармен амандасып,сынып оқушыларының көшбасшылығымен топқа ынтымақтаса отыртып бөлдірту.

2. Жалпы географиялық шолу жасау,оқушыларға сұрақтармен «Т» әдісі мен үй тапсырмасынан сабақ сұрау-Анд елдері мен Шығыстағы жазық елдерін салыстырмалы сипаттама алу

1.Оқушылар амандасады,топтарға бөлінеді. Топтағы міндеттерімен бөліседі.

2.Сұрақтарға жауап береді, «Т»әдісімен пысықтау жасайды.

10 мин

Тұсаукеср

1. Мұғалім оқушылармен бірге жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындайды.

2. Электронды оқулықтан Оңтүстік жарты шар материктерінің географиялық орны мен жер бедері туралы мәлімет беру.

1.Оқушылар берілген тапсырманы орындап, өз ойларын ашық айтып, сыни тұрғыдан ойлана отырып жауап беруге тырысады.

2.Дәптерге электронды оқулықтан берілген мәліметтерге көз жүгірте отырып керікті мәліметтерді дәптерлеріне қысқаша мәліметтерді жазып алады.

25

мин

Негізгі

бөлім


1.-тапсырма:Мұғалім оқушыларға жаңа тақырыппен танысуға тапсырма береді.

А)«Қара ,оқып шық,жап,жаз»әдісімен жеке тапсырма ретінде тақырыппен танысу беріледі.

Ә)Тақырыппен танысып болған соң топтық жұмыс: Оқушылар 3-топқа бөліне отырып жұмыс жасауға әрекеттенеді.

1топ:Жер бедеріне сипаттама бердірту.

2топ:Географиялық орнына жалпы сипаттама бердірту.

3топ:Литосфералық плиталарына сипаттама бердірту.

2-тапсырма: Глоссарий: бүгінгі сабақта кездескен жаңа ұғымдар мен терминдерді анықтайды

3-тапсырма: «Жадыңда сақта»картамен жұмыс:

1.Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, бүгінгі сабақтың негізгі түйінді идеясын айтып қорытындылайды.

1.Топтық жұмыс: оқушылар «Қара,оқып шық,жап,жаз»әдісі

мен оқулытан оқи отырып ,постерге берілген тапсырмаларды тортасып отырып сипаттама береді.


2-жеке жұмыс: Бүгінгі сабақтан кездескен жаңа сөздерді дәптерлеріне түртіздірту.

3-жұптық жұмыс:Оқушылар «жадыңда сақта»ойыны арқылы картаға түсіреді.

5

мин

Қорытынды

1.Мұғалім сабақты қорытындылайды. «Гондвана»сөзжұмбағын шешу.

2. «Сэндвич»топтардың өзара бағалау критерийлері(формативті бағалау)

3.Үйге тапсырма: Гондвана материгінің бөлшектенуі сызбасы бойынша литосфералық плиталарды анықтап келу.

1.Оқушылар «Гондвана» сөзжұмбағын шешеді

Оқушылар бағалау парақшалары мен бірін-бірі бағалайды.






















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
26.03.2019
680
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі