400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Өнімділік

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал жаңартылған оқу бағдарламасына сай жасалған, түрлі әдіс-тәсілдерді қамтамасыз етеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Қысқа мерзімді жоспар

Бөлімі: Математикалық модельдеу

4А Есептер және математикалық модель

Мектеп: №4 ЖОББМ

Күні: 06.12.2019

Мұғалімнің аты-жөні: Сәмет А.Е

Сынып: 4

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Тақырыбы:

Өнімділік дегеніміз не?

Оқу мақсаты:


4.5.1.2

есептерді шығаруда жұмысқа жіберілген уақыт, атқарылған жұмыс, өнімділік шамаларының өзара тәуелділігін пайдалану

Бағалау критерийлері

- есептерді шығаруда жұмысқа жіберілген уақыт, атқарылған жұмыс, өнімділік шамаларырының өзара тәуелділігін пайдаланады

Ғылыми тіл

Пәндік терминология мен тірек сөздер: өнімділік, жұмыс, уақыт

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланатын тіл.

Талқылау:

-Өнімділік деп нені айтады?

-Өнімділіктің қандай өлшем бірліктерін білесіңдер?

Жазу:

  • Бөлуге берілген өрнектерді жаз;

  • Мысалдар құрастырып жұбыңа тапсыр.

Пәнаралық байланыс

Көркем еңбек

АКТ қолдану дағдылары

Таратпа материалдар,сюжетті суреттер.

Алдыңғы меңгерілген білім

Бөлу амалын тексеруді үйрену

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті

Ресурстар


Сабақтың басы


1-6 минут





















Сабақтың ортасы


6-30 минут




























































Сабақтың соңы


30-40 минут
























Психологиялық ахуал:

"Жүрек лебізі" əдісі арқылы оқушыларды сабаққа кіргізу. Үш сурет (жүрек, нота, алақанның суреті) есікке жабыстырып қоямын, оқушылар кезек-кезекпен келіп 3 суретін бірін таңдап соған байланысты іс-əрекетті (жүрек-құшақтасу, нота-билеу, алақан-қол соғу) жасап, сыныпқа кіреді.

Амандасу. Көңіл күйін сұрау.

Топқа бөлу:

"Мен қай топтамын?" ойыны арқылы топқа бөлу. Оқушыларға алдын-ала өрнектер таратылады. Сол өрнекті шешу арқылы топқа (мұғалім, аспазшы, суретші, полиция қызметкері, дəрігер) бөлінеді.

1 тапсырма.

Өрнектердің мəнін есепте, сонда сен қай топта екенін білесің.

20 002 × 3 = 60 006 (дəрігер) 20 202 × 3 = 60 606 (мұғалім) 18 009 : 9 = 2 001 (суретші) 18 009 : 3 = 6 003 (аспазшы) 30 303 × 3 = 90 909 (полиция қызметкері)

Тақырыпты ашу:

Өнімділік деген тақырыпты ребус арқылы ашу. Əр топқа ребус таратылады, сол бойынша бал беріліп рейтинг мониторингіна белгіленеді. 1-ші боп тапқан топшаға 1 бал беріледі.

Бүгінгі күнді сұрау, дəптерлеріне жазғызу.

Сабақтың тақырыбын, мақсатын айту.

Бүгін сабақта біз есептерді шығару барысында жұмысқа жіберілген уақыт, атқарылған жұмыс, өнімділік шамаларын пайдалануды үйренеміз.

Өнімділік — бұл жұмыстың жылдамдығы. Өнімділік уақыттың өлшем бірлігінде жасалатын жұмысты көрсетеді. Мысалы: Әлия 1 минутта 25 сөз жазды, яғни оның жазу жылдамдығы минутына 25 сөз (25сөз/мин).

2 тапсырма.

К
естені қара. Сұрақтарға жауап бер.

Сергіту сəті:

"Егер қаласаң, мұны жаса." ойыны

Егер дəрігер болуды қаласаң, ... мұны жаса.

Егер аспазшы болуды қаласаң, ... мұны жаса.

Егер əнші болуды қаласаң, ... мұны жаса.

Егер ___ болуды қаласаң, ... мұны жаса.

3 тапсырма.

Есепті шығар. Əрбір топшаларға əр түрлі есеп беріледі. Есепті шығарып болған топшалар шапалақ беру арқылы белгі береді. Топшаның ішінен бір оқушы таңдалынады, тақтаға есептін шарттын оқып, шығарады. Қалған 4 топшалар есептті дұрыс шығарды ма, əлде жоқ таяқша көтеру арқылы бағалайды. Егер есептің шартты дұрыс жазылып, қатесіз есептелсе 5 деген бал беріледі.

1 топқа.

Зауыт 14 күн ішінде əр күні бірдей мөлшерде жасай отырып, 560 кіржуғыш машина дайындады. Зауыттың өнімділігі қандай? Егер оның өнімділігі екі есе кемісе, дəл осындай мөлшерде бір кіржуғыш машинаны неше күнде жасайды?

2 топқа

Баспаханада оқулықтарды екі автомат машина орайды. Бір автомат жүктелген 120 кітапты 20 минутта орады. Екінші автомат 210 кітапты 30 минут а орады. Автоматтардың қайсысы жылдамдырақ жұмыс істеді.

3 топқа

Егістік жерінің ені - 250 м, ал ұзындығы одан 150 м артық. Егестік ауданының бестен бір бөлігіне - сұлу, алқалған бөлігіне жоңышқа егілген. Сұлыға қарағанда жоңышқа қанша квадрат метр жерге артық егілді?

4 топқа

Егер наубайшы 75 бөлке/сағ өнімділігімен 3 сағат пісіретін болса, ол жұмыстың қандай көлемін орындайды? Ал 82 бөлке/сағ өнімділігімен ше? 69 бөлке/сағ өнімділігімен ше?

5 топқа

Наубайханада күніне 500 батон пісіреді. 2000 батон пісіру үшін қанша уақыт керек болады? 3500 батон үшін ше?

Қосымша тапсырмалар

Зауыт жұмыс күніне 30 автокөлік шығарады. Зауыттың күніне өнімділігі қандай? 2) Бірінші автомат жарты сағатта 170 журнал түптейді, ал екіншісі дәл осы уақытта 180 журнал түптейді. Әр автоматтың өнімділігі неге тең? Екінші автоматтың өнімділігі қаншаға артық? 3) Әжей 10 минут ішінде минутына 3 құймақтан пісірді. Ал кейін тағы 10 минут ішінде минутына 2 құймақтан пісіре бастады. 20 минутта әжей неше құймақ пісірді?

Жауабы: 1) 30 автокөлік/күніне; 2) 340 журнал/сағ, 360 журнал/сағ, 20 журнал/сағ; 3) 3 · 10 + 2 · 10 = 50 (құймақ).

Рейтингтегі топшалардың балдарын есептеу.Сол бойынша топшаларды бағалау.

Рефлексия

(Ж) «Ойлан, жұптас, талқыла!» әдісі

Оқушының қаншалықты дағдыларға ие болғанын тексеру мақсатында:

1. Өніміділік – бұл:

а) жұмыстың жылдамдығы;

ә) жұмыстың уақыты;

б) орындалған жұмыстың саны.

2. Өнімділіктің өлшем бірліктері:

а) тетіктер саны;

ә) тетік/сағ;

б) сағат.

3. Құмырсқалар бір сағатта 82 бұтақ әкелді. Жұмыстың өнімділігі қаншаға тең?

а) 82 сағат;

ә) 82 бұтақ;

б) 82 бұтақ/сағ.

«Шырша» əдісі арқылы оқушылардан

Сабақтын қалай өткенін?

Көңіл күйлері қандай?

Сабақтан не түсінді?

Сабақ ұнады ма, əлде жоқ? Деген сұрақтарға жауап беріп. Шыршаны безендіру.



Жүрек, нота, алқанның суреттері.





мұғалім, аспазшы, суретші, полиция қызметкері, дəрігердің суреті







Ребустың суреттері.









А3 форматта жазылған ереже, формулалар.


















Таратпа материалдар






































Тест тапсырмалары
















Шырша арналған түрлі түсті фигуралардың суреті





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
1949
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі