400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Онкологиялық дертке шалдыққан науқастардың ауруға қатынастары мен копинг-стратегияларының өзарабайланыстарын зерттеу

Материал туралы қысқаша түсінік
Онкологиялық дертке шалдыққан науқастардың ауруға қатынастары мен копинг-стратегияларының өзарабайланыстарын зерттеу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Кіріспе



Дәстүрлі онкологиялық патология анағұрлым психикалық жарақаттану саласына келеді. Таң қалдыратыны көптеген сырқаттар үшін денсаулығын қалпына келтіру жолында немесе сырқатты жою жолында рак диагнозы арнайы медициналық мекемеге жүгінуді қажет етеді, сондай-ақ ұзаққа созылған жекелеген тексеруден өту, ақпараттардың аздығы, қоршаған ортамен қарым-қатынас жасаудың қиындығын туғызады. Онкологиялық аурулар өзге ауруларға қарағанда ауыр психо -әлеуметтік әсер туғызатыны белгілі. Аталып отырған патология көптеген науқастарды, өзінің дәстүрлі өмір жолын өзгертуге, оның бұзылуына немесе кәдімгі байланыстарды, өз кезегінде, психологиялық стресс, психо -әлеуметтік стресс және қосымша жиі ауыр психикалық бұзылулар мен тұлғалық деформацияның артуына, әлеуметтік тұрақсыздықа әкелуді қамтиды .

Көп аурулардың арасында адамның өміріне тікелей қауіп туғызатын -бұл қатерлі ісік ауруы.

Қатерлі ісік тез өсіп, шірітіп, дененің бір жеріне ғана тоқтамай белгілі мерзім аралығында қан және лимфа тамырлары арқылы басқа мүшелерге тез тарайды [1].

Зерттеу мәселесі.Онкологиялық практикада сырқаттарға әлеуметтік –психологиялық көмек көрсету және онкологиялық сырқаттардың өмір сапасына әсер ету мәселесі болып табылады. Онко - патологиялық сырқаттардың әлеуметтік, психологиялық қиындықтары және оны дәлеледеу турылы барлық авторлар жазады. Бұл ішінара сырқатты әлеуметтік-психологиялық қолдауға арналған арнайы бағдарламалардың жеткіліксіздігімен, сондай-ақ онкологиялық сырқаттарды әсіресе ауруханалық кезеңдегі өмір сапасын мәселесін орта медициналық қызметкерлердің психологиялық көмек көрсету және әлеуметтік әсер ету мәселесін ұйымдастырудың жеткіліксіздігімен байланысты болуы мүмкін.

Біздің жұмысымыз ракпен ауыратын адамдардың психологиялық ерекшеліктерін зерттеу.

Ғылым алдында тұрған міндеттердің бірі –рак мәселесін шешу, онымен ауыратын адамдарды емдеу, және оның себептерін анықтау болып табылады. Оқымыстылар –жаратылыстанушылар онкологиялық аурулардың дамуына ықпал ететін факторлар немесе сбебептерді анықтау арқылы сырқаттардың өмірін ұзартауда табыстарға жетіп кейбір жағдайларды жоюда туындайтын негізгі мәселе үшін: неге адамдар ауырады, ал осы жағдайда өмір сүріп отырған кейбір адамдарда мұндай ауру жоқ? - жабық есік болып отыр [2]

Аурудың дамуының психологиялық фактордың ролін, сондай-ақ сауығуы онкологиялық сырқаттарды жұмыс істейтін дәрігер-практиканттар қажетті деңгейде бағалай алмайды.

Еліміздегі ең өзекті мәселенің бірі – онкологиялық аурулардың алдын алу. Статистикалық көрсеткіштерге келер болсақ, бұл дерттен болатын өлім саны басқа аурулармен салыстырғанда республика көлемінде өте жоғары және оның салдары халықтың өсімі мен өмір ұзақтығына тікелей әсер етіп отыр. Ресми деректерге сүйенсек, әрбір бесінші қазақстандықтың обырдан зардап шегу қаупі бар.Сонымен, қазіргі таңда елімізде болып жатқан күрделі жаңалықтар, өзгерістердің онкологиялық аурулармен ауыратын ересек адам мәселесіне де байланысты екендігі айқын [3]

Тақырыптың өзектілігі.Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың еліміздің халқына Жолдауында 2030 жылға дейін экономикалық-әлеуметтік биіктерге көтерілу үшін рухани байлықтың, денсаулықтың қажеттігі атап көрсетілгені мәлім. Менің бұл тақырыпты таңдауыма, Жолдаудағы "Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты" бағдарламасы айрықша әсер етті. Шынында да, қазақ "Тазалық - саулық негізі, саулық - байлық негізі" деп бекер айтпаса керек. Гүлденген экономиканы дені сау, саналы азаматтар жасайды. Сондықтан таңдалған тақырыбымның өзектілігі, жолдаудағы салауатты өмір салтын қалыптастыруға негізделетін түрлі шараларды жүргізумен айқындалады. Осыған орай, күнделікті өмірде әрбір адам үшін өзекті, психологиялық тұрғыда, өзінің эмоциялары мен сезімдерін ретке келтіріп тұрудың қаншалықты денсаулыққа әсер ететіндігін анықтау, менің бойымда қызығушылық тудырды. Осыған орай, менің мұндай күрделі тақырып алуыма әсер еткен ерекшелік ретінде, күнделікті өмірде әртүрлі шараларды ескеретін болсақ, мұндай ауыр сырқаттардан қаншалықты өз өзімізді сақтай аламыз деген ой толғаныстары болды [4]

Мақсаты: онкологиялық дертке шалдыққан науқастардың ауруға қатынастары мен копинг-стратегияларының өзара байланыстарын анықтау.

Зерттеу объектісі: онкологиялық дертке шалдыққан науқастар және жүрек-қан тамыр жүйесінің ауруына шалдыққан адамдар.

Зерттеу пәні: онкологиялық дертке шалдыққан науқастардың спецификалық (арнайы) психологиялық ерекшеліктерін зерттеу.

Жұмыстың болжамы: онкологиялық дертпен ауыратын адамдардың және жүрек қан-тамыр ауруларына шалдыққан науқастардың ауруға қатынастары мен копинг стратегиялары араларында өзгешеліктер бар.

Жанама болжамдар:

Онкологиялық науқастарда эргопатиялық ал, жүрек қан-тамыр науқастарына эгоцентрикалық ауруға қатынастар типтері басым болып келеді;

Онкологиялық науқастарда қашу-жалтару копинг-стратегиясы басым болса, жүрек ауруларына өзін-өзі қадағалау стратегиясы басымдықты көрсетеді, көпшілігіне (онкологиялық аурулардың әр түрлілігіне қарамастан) негізі жалпы ортақ сипаттағы эмоционалды және рационалды қабылдау және психожарақаттаушы жағдайларға реакция сонымен қатар инфантилді ұстанымға икемділік ауруға шалдыққанға дейінгі көрінетін жеке мінез бітістері сияқты психологиялық ерекшеліктер тән.

Міндеттері:

  1. Онкологиялық дерттің психологиялық аспекті көзі болатын көріністер анализін анықтау.

  2. Онкологиялық дертке шалдыққан науқастардың психологиялық ерекшеліктерін басқа зерттелуші топпен салыстыру.

  3. Онкологиялық науқастардың ауруға қатынасасын, ауруға деген эмоционалды қатынасын анықтау және де ауруға деген копинг механизмдерін зерттеу.

Алға қойған мақсатымызға жету және міндеттерімізді жүзеге асыру үшін біз келесідей зерттеу әдістерін қолдандық.

  • онкологиялық дертке шалдыққан науқастардың ауруға қатынас типтерін диагностикалау үшін ТОБОЛ әдістемесі.

  • онкологиялық дертке шалдыққан науқастардың ауруға деген копинг механиздерін анықтау мақсатында Лазарустың «Копинг-стратегия» сауалнамасы.

  • онкологиялық дертке шалдыққан науқастардың ауруға деген эмоционалды қатынасын зерттеу мақсатында «ЦТО» түстік қатынастар әдістемесі.

Зерттеу жұмысы Қызылорда Облыстық Онкологиялық Орталық ауруханасында және де Қызылорда Облыстық Медицина Орталығында «Жүрек қан – тамыр» бөлімшесінде жүргізілді.

Зерттелген таңдама - 74 адам, оның ішінде 37 - сі онкологиялық дертке шалдыққан науқастар болса,қалған 37–сі жүрек қан тамыр ауруына шалдыққан науқастар болып табылады. Жас шамасы 28 жастан басталып, 70 жасқа дейінгі аралықты құрайды. Сыналушылардың 23 – ін ер азаматтар құраса , қалған 51 – і әйел адамдар болып келеді. Оның ішінде онкологиялық дертке шалдыққан науқастардың 11 – ін ер азаматтар құраса, қалған 26 – сын әйел кісілер құрайды.1– ші таңдама онкологиялық дертке шалдыққан науқастар болса, 2 – ші таңдама жүрек қан – тамыр ауруы бар науқастар болып табылады. 1– ші таңдамадағы науқастардың 80% - ын асқорту жүйесінің қатерлі ісігін құрайды, оның ішінде кездесетін аурулар: ұйқы безінің, өңештің,асқазанның, ащы ішектің қатерлі ісігіқұраса, 10 % - тыныс жолының қатерлі ісігі (яғни өкпенің және көмейдің),7% -эндокринді жүйесінің қатерлі ісігі (қалқанша безінің, сүт безінің), 3 % - ын жатыр мойының, жатырдың қатерлі ісігі құрайды (1кестеде көрсетілген).

Теоретико-методологиялық жұмыстың негізі:

1. Тұлғаның тарихи – мәдени дамуының философиялық - психологиялық концепциясы (Л.С. Выготский), индивидтің қоғамдағы қатынас жиынтығынан жинақтайтын ерекше сапасы ретінде (А.Н. Леонтьев), қатынастың базалық негізі және оның әрмен қарай дамуы (Н.И. Непомнящая), сонымен қатар оның дене функцияларының мәдени – келісілген дамуы (В.В. Николаева, А.Ш. Тхостов); семиотикалық құрылым қалпы және адам психосоматикасы функциясы және оның процептивті (көрінетін) – рефлексивті құрылымы оның инвариантты құрылуы (О.И. Генисаретский).

2. Дене және психикалық байланысы, бірігуі, адамның толлыққандылығы жөнінідегі қалпы, белгілі бір психосоматикалық қарым-қатынастың бар-жоғы туралы: ағзаның өзгеруіне әкелетін психологиялық фактор және психикаға әсер ететін, тұлғаның өзгеруіне әкелетін ағзаның өзгерісі жөніндегі мәліметтер.

3. Обырдың табиғатына психосоматикалық көзқарас, атап айтқанда, онкологиялық ауруға бейімділігі жөнінде, оның психологиялық ерекшелігі. Гипотезаға сәйкес осы адамдарға «инфантилизм» сай келеді, эмоционалдылықтың төмендеуі және белгілі бір жағдайда рационалды қабылдау және «жанның жайлылығына» белсенді және елеулі қауіп төндіретін жағдайлар және жәйттарға әсері болып табылады [5].

Қорғауға келесі ережелер қарастырылды

1. Көптеген онкологиялық науқастарға (ауруының әртүрлілігіне қарамастан) инфантильділік өзіндік психологиялық қасиет тән (балалар позициясын атқаруға бейім), олардың басқа топтардан айырмашылығы бар соматикалық науқастардың және бақылау тобының клиникалық нормасы болып табылады.

2.Бұл қасиеттер тұлғаның терең базалық негіздерін иемдентін, психологиялық "профиль" қатарына тізіледі.

3. Есеймегендік жеке тұлғалық қасиеттер қалыптасады және преморбидтік кезеңде тағы көрінеді .

4. Психокоррекциялық іс-шаралар «деинфантилизация» процесін ынталандыру мүмкін.

5. Бірқатар адамдарда онкологиялық аурулардың ремиссиясы бойынша "есеюдің" позициясы жүреді.

Тәжірибелік маңыздылығы:

1. Алынған нәтижелер стационардағы ауыр соматикалық науқастардың психокоррекционды жұмыстың бағытын анықтайды;

2. Алынған нәтижелер онкологиялық аурулардың психопрофилактикасы жөніндегі мәселені қарастырады;

3. Жұмыс нәтижелерін клиникалық тұрғыдан маңызды болу үшін онкологиялық науқастарды емдеу туралы бірыңғай хаттама құру қажет.

Талайдың тағдырын талқан еткен кесел – қатерлі ісікке шалдыққандар жыл санап артып барады. Бұл ауру кейінгі жылдары жастар арасында да кездесуде. Елімізде жыл сайын 30 мыңға жуық тұрғын осы дерттің тырнағына ілінеді [6]

Өлім-жітім көрсеткіші бойынша қатерлі ісік аурулары жүрек қантамырлары аурулары мен жарақаттану жағдайларынан кейін үшінші орынды иеленуде. Елімізде жыл көлемінде 20 мың адам өмірін жалмап жатыр. Бірінші кезекте өңеш, асқазан, өкпе, бауыр, сүт безі мен жатыр мойны қатерлі ісіктері болып отыр, әрбір қайтыс болғандардың екіншісі жұмысқа қабілетті адамдар.

Негізі әр адам жылына бір рет денсаулығын тексеруден өткізіп тұрғаны жөн. Өкінішке орай халқымыз жайбасарлыққа салынып, дер кезінде көрінбеуінен ауруы асқынып, арты бақытсыз жағдайларға ұласып жатады. Өйткені ауру алғашында біліне қоймайды. Ісік әбден өсіп, айналасындағы ағзаларды қысып, ауруы жанына батқанда ғана қаралады. Егер ауру ерте, І-ІІ сатысында анықталса, 80 % айығып кетуге мүмкіндік бар. Сондықтан көзбен көріп, қолмен сипап анықтау әдісін әрбір адам қолданғаны жөн. Жасы 30-дан асқан әрбір адам тік ішегін, 40-тан асқан ер адамдар жылына бір рет қуық асты және қалқанша безін, өңешін, асқазанын, 35-тен асқан әйелдер 5 жылда бір рет жатыр мойнының ісігін, 40-50 жас аралығындағы әйел-аналар екі жылда бір рет сүт безін міндетті түрде тексертіп тұруы керек.

Әрине, адам ауруды тілеп алмайды. Мамандардың айтуынша, өкпе қатерлі ісігінің 90%-ы темекі шегуден пайда болады екен. Темекі түтінінің құрамында өте қауіпты зат – бензоприн бар. Күніне 20-30 талын шеккен адамда ол көбейіп, өкпені зақымдайды. Содан ісік туындайды. Бензоприн қуық қатерлі ісігін де тудырады екен [7].

Новик А.А. анықтамасы бойынша, өмір сапасы дегеніміз бұл – сырқаттың физикалық, психологиялық, эмоционалдық және әлеуметтік қызмет етуі,оның субьективті қабылдауын негіздеу [8]. Онкологиялық сырқаттың өмір сапасы туралы айтқанда науқастың тек физикалық сақталау дәрежесі ғана емес, сонымен қатар аталған ұғымның әлеуметтік- психологиялық құрылымын дәлелелдеу де айтарлықтай маңызды болып табылады [9].

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып онкологиялық сырқаттардан зардап шегуші сырқаттар онкологиядағы әлеуметтік- психологиялық жұмыстың негізгі обьектілерінің бірі болуы керек деген қортынды жасауға болады.

Ғылым алдында тұрған міндеттердің бірі –рак мәселесін шешу, онымен ауыратын адамдарды емдеу, және оның себептерін анықтау болып табылады. Оқымыстылар – жаратылыстанушылар онкологиялық аурулардың дамуына ықпал ететін факторлар немесе сбебептерді анықтау арқылы сырқаттардың өмірін ұзартауда табыстарға жетіп кейбір жағдайларды жоюда туындайтын негізгі мәселе үшін: неге адамдар ауырады, ал осы жағдайда өмір сүріп отырған кейбір адамдарда мұндай ауру жоқ? - жабық есік болып отыр [10].

Аурудың дамуының психологиялық фактордың ролін, сондай-ақ сауығуы онкологиялық сырқаттарды жұмыс істейтін дәрігер-практиканттар қажетті деңгейде бағалай алмайды.

Дәрігер мен психологтың міндеті- ауру туралы және «үш жақтап бір команда» болып күресу арқылы психологиялық дағдарыстан шығу жайында тек науқаспен өзара түсіністікке келіп қана қоймай оның жақындарымен де тіл табысу қажет. Мұндай тактика науқаспен дәрігердің арасында туындайтын оның кәсіби іс-әрекетін күрделендіретін қақтығыстарды жоюға және науқастың өмірден кеткеннен кейінгі туған- туыстарымен дұрыс қарым-қатынаста болуына ықпал етеді [11].



1 Онкологиялық дертке шалдыққан науқастардың ауруға қатынастары мен копинг - стратегияларының өзара байланыстарын теориялық зерттеу



1.1 Онкологиялық науқастардың тұлғалық ерекшеліктері



Қатерлі ісік қалыпты жасуша қатерлі трансформация нәтижесінде пайда болады, ол бақылаусыз көбейеді, апоптозға қабілеттілігін жоғалтады. Қатерлі трансформация бір немесе бірнеше мутация кесірінен пайда болады, жасушалардың шекарасы анықталмаған жағдайдаапоптозмеханизімі бұзылуына алып келеді. Егерде ағзаның иммундық жүйесі мұндай трансформацияны анықтамаса, ісік ары қарай өсіп сонында метастаз береді. Метастаздар барлық ағзалар мен тіндерде пайда болуы мүмкін. Өте жиі метастаз сүйекте,мида,бауырда және өкпеде пайда болады. Және де жасушалардың бақылаусыз бөлінуі қатерсіз ісікке алып келуі мүмкін. Қатерлі ісік қатерсіз ісіктен ерекшелігі метастаз қалыптастырмауы болады, басқа ағзаларға енбейді және ағзаға қатерсіз. Бірақ та қатерсіз ісік жиі қатерлі ісікке ауысады[12].

Ересек деп отырғанымыз бұл, әрине, (35-60) жас аралығындағы тұлға. Тұлға деп отырғанымыздың өзі же жай бостан-бос емес, себебі бұл жастағылар өз кезінде, өзіне бұл өмірде не нәрсені керек ететіндігі, оған қалай жету жолдарын толығымен біледі. Ересек кезінде адамдардың ақыл-ойы толықсу үстінде толықсый берген, өзіндік өмірлік ұстанымы бар, әрбір затты өте салмақты түрде кеше білетін адамдар. Ересектердің дүниетанымы өте кең және олар өзіндік бір кез-келген оқиға, іс-әрекетке қатысты өзінің пікірін жеткізе алатын шеберлікке ие болады[13].

Ересектердің енді тек өзін ғана ойлап қоймай, енді отбасы немесе отбасының өзі бар болса өзінің балалары үшін ең бірінші ойлаушысы, соларға жағыдай жасауға тырысушы болып көрінеді.

Ересектік шақ өзіндік қызықтарға толы болғанымен бұл шақ белгілі бір таңдауларда тоқтау, өзіне тиімді шешімдерді өз еркімен ешбіреудің ықпалынсыз қабылдауға ие болу қабілеті жетілетін шақ.

Ал енді осы жерде кәрілікке тоқталатын болсақ, бұл бір адам үшін физиологиялық процестердің пайдалы жақтарының қарқынының өсу емес қайта төмен түсе бастаған кезі десек те болады. Бұл шақтағы психологияға тоқталсақ адамның бұл бір өмір бойы жыйып-терген еңбегінің табыстарының, жан-ұясының жемісін көретін кезі[14].

Осы жас кезінде адамда көз қыратылығының нашарлай түсуі немесе басқа да адам өмірі үшін қажетті дене мүшелердің адамға көп жыл бойы қызмет етудегі таза бастау кезі деп есептеледі. Осы шақ адамға өмірінде істеген істерін толығымен өз бетінше анализдеуге қабілетінің тууына мүмкіншілік берілетін кез.

Адам-жоғарғы психикалық қызметті арқасында меңгеру, жасау, өзгерту қабілетіне ие саналы биоәлеуметтік тіршілік иесі, қоғамдық-тарихи дамудың жемісі әрі сол қо,амдық өмір жемісі болып табылатын сананы таратушы. Өзіндік сана-сезімі адам сана дамуының филогенездік, онтогенездік дамуының шыңы. Адамда: биологиялық, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік сияқты құрылымдары бар. Ол құрылымдармен адам болмысы өлшенеді және олар бір-бірімен өзара байланысты. Олар: адамның жеке басына тән қайталанбас ерекшеліктерінің болатыны; адам бойындағы кісілік (тұлғалық) қасиеттердің болатыны. Ол аға ұрпақ жасаған мәдениетті меңгеруде қалыптасады. Егер адам жас кезінде қоғамнан тыс қалса, онда оның санасы, тілі, ойлауы, және вертикалда аяқ алысып болмайды. Адам әр түрлі еңбек және түрлі формадағы қоғамдық іс-әрекетке қатысу арқылы адамзатта қалыптасқан қасиеттерді ол өзінде өзіне тән адамдық қабілетерді дамытады. Адам түсінігі көп жоспарлы. Адам қоғамда өмір сүреді. Ал адам бос өмір сүруі ешбір мүмкін емес. Оның тәні де жаны да айналасындағылармен қарым қатынас жасау үстінде тек әлеументтік әсер жағдайында ғана кісілік мәнге ие болады. Адамның санасының дамып, өсуі тікелей өзінің өмір сүріп отырған ортасына байланысты. Сондықтан адам психологиясын дұрыс ұғыну үшін: әлеументтік жағдайын білу керек; оның қандай ортаның өкілі екенін айыру; оның көзқарасы мен наным - сенімін бағыт-бағдарын білімі мен тәжірибесіне икем биімділігін анықтау керек. Міне, тек осы айтылғандардан кейін ғана, нақты мәліметтерден соң сол адам туралы пікір білдіруге мүмкіндік туады. Психология адамның даралық сипаттарын қарастырып, оның кісілік қасиеттерін өрістетуді мақсат тұтады[15].

Индивид (жеке адам)-тұқымқуалаушылық қасиеттердің жалпы генотипін тасымалдаушы, биоәлеуметтік тіршілік иесі. Адам дүниеге келгенде индивид болып туылады. Ол қоғамдық қатынастардың объектісі, әрі субъектісі. Қатынастар ықпалын сезіну мен бірге қатысушы, әрі оны терең бойлаушы. З.Фрейд ілімі бойынша, үнемі қоғам ішінде болып оның ықпалын сезінуші, әрі оған қарсы тұрушы биологиялық тұйық жан.

Кемел шақ кезеңін адамның жасы және рухының жай- күйі бойынша ежелгі гректер «акмэ» уақыты деп атаған, бұл қандай да бір нәрсенің шырқау шыңын, ең жоғарғы дәрежесін, адам тұлғасының ең жоғарғы гүлдену, «өзіне теңдестірілу» сәтін білдірген. Отандық психолог Н.Н.Рыбников «акмеология» терминімен жас ерекшеліктері психологиясының кемел жастағы тұлғаны – адамның барлық өмірлік күштерінің гүлдену кезеңін зерттейтін арнайы бөлімін белгілеуді ұсынды. Кемел шақ кезеңі – тұлға өмір жолының шырқау шыңы, әсіресе, адамның дені сау, күш-қуаты, сергектігі, білімі, тәжірибесі жетілген кезінде. Адам бұл уақытта кәсіби шеберліктің шыңына және қоғамда белгілі бір орынға қол жеткізеді. Оның пікірімен әріптестері де, басшылары да санасады. Қағида бойынша, бұдан бұрынғы жас кезеңдеріне қарағанда, оның күш-қуаты азая түседі, бірақ кәсіби міндеттерін ол мол тәжірибесінің, өз жұмысын ұйымдастыра және айналасына көмекшілер жинай білуінің есебінен табысты шешеді. Бұл жас кезеңінде кәсіби тәжірибе және адамдармен қарым-қатынас тәжірибесі жинақталады [16].

Бұл жаста жаңа шығармашылық қабілеттер пайда болады; мысалы, 35 жаста жақсы прокурор немесе белсенді басшы болуға болады, бірақ қазір көрнекті заңгер және ақылды, жақсы бастық болады. Жүйелі түрде дамитын адам өмірінің елуінші жылдарының ортасында екінші шығармашылық шарықтау шегіне жетеді. Ол өзінің өмірлік тәжірибесін жинақтап қорытып, оны ретке келтіре алады және оны өз жұмысына ендіру үшін оның өмірлік күштері әлі де жеткілікті болады. Бұл жас – барынша көп және ауқымды жетістіктер кезеңі. Кемел жастағы адам тұлғасына неғұрлым тән белгілер ұмтылыстарының шынайылығы, өндірістік, отбасылық және жеке өмірінде өзін-өзі жүзеге асыру барысына баса көңіл бөлу, өз даму кеңістігі үшін күрес, өз денсаулық жағдайына баса көңіл аудару, эмоционалдық икемділік, тұрмыстағы тұрақтылыққа деген құштарлық болып табылады. Адамның ересектік шақ дағдарысында табатын құндылықтары – саналы болмыстың құндылықтары. Кемел жастағы адам оларды өзінің өмір туралы түсініктеріне сәйкес деп мойындап, немесе олардың орнын басатын ретінде дамытып қана қоймай, сонымен қатар, осы құндылықтарды сақтап, олардың иеленушісі болып табылады, оларды өзінің жеке өмірінде іске асырады. «Жоғарғы «менді» іздеуде, - деп жазады Б.Ливехуд, - адам барлық психикалық қасиеттер солардың көмегімен осы рухани болмысты жаулап алуға немесе жеңуге болатын күштерге айналатын рухани шындықтар әлеміне тап болады. Әрбір рухани қадам басқан сайын, феноменологиялық тұрғыдан көріне отырып, жаңа кездесулерімен жаңа ландшафт ашылады, алайда, олар даму сатысының басында үнемі жағымды ғана бола бермейді. Өмірдің үшінші үлкен даму сатысы (қытай мәтелі бойынша, даналыққа жету сатысы) қырқыншы жылдарда, дәлірек айтсақ, 42 жаста басталады. Бұл орта мәнде әрбір жеке жағдайда жылдамырақ немесе баяуырақ даму орын алады» 1 . Кемел шақ кезеңінің басталуы – өте қызу уақыт. Биологиялық тұрғыдан өмірлік күштердің сарқылу уақыты басталады. Әйелдерде, бұдан басқа, репродуктивті кезеңнің анық көрінген аяқталуы осы жылдарға дөп келеді. Өмірлік күштердің сарқылуы дене ұлпаларының инволюциясына негізделеді. Адам денесінің әрбір мүшесінің өз өмір қисығы болады. Кемел жастағы әрбір адам сондай-ақ өз тәжірибесінен өкпе ұлпасының икемділігі азая түсетіндігін біледі; бұл кетіп бара жатқан трамвайдың немесе автобустың соңынан қатты жүгіргеннен кейін адамның, бұрынғымен салыстырғанда, ұзағырақ дем алысын қалпына келтіре алмауынан анық көрінеді. Бүкіл бұлшық еттер де икемділігін жоғалтады; бұл кемел жастағы адамның сол бір жұмыстың өзіне жас кезіндегіге қарағанда көбірек күш-қуат жұмсауына алып келеді. Бұл өзгеріс біртіндеп келеді. Көбінесе бұны ол анық көрінетін белгілі бір жағдайда, кенеттен байқайды. Ең маңызды және ең белгілі өзгеріс – эндокринді бездердің өзгеруі. Еркек пен әйелдің жыныс бездері қызметінде инволюция үдерісі басталады. Кемел шағында адам өзінің барлық дерлік ішкі сезім күштерінің нағыз басқарушысына айналады; олар енді шындық өмірдің кемелдігін оның барлық өлшемдерінде: іс- әрекеттерде, қатынастарда, дүниеге көзқарасында қалыптастыра отырып, саналы түрде іске асырыла алады. Мәселен, кәсіби шеберлікте хабардарлықты үздіксіз дамыту, мамандануды тереңдету, типтік тапсырмалар мен жағдайларды тез тану орын алады, бұл жадындағыны кеңінен іздестіру қажеттілігін, проблемаларды шешуде жалпылама ойлау дағдыларын барынша азайтады. Жұмыс барысында көбінесе тек өздеріне сенулеріне – көп ойлауларына, ынталылық танытуларына, өздігінен шешімдер қабылдауларына тура келетін кемел жастағы адамдар интеллектуалдық икемділіктің жоғары деңгейін көрсетеді. Психолог Г.С.Абрамова кемел шақ кезеңінде адамның алдында тұратын, оларды шешу үшін ерекше қабілеттіліктер талап етілетін ерекше өмірлік міндеттерді бөліп көрсетеді. Әйелдің алдында тұрған міндеттер оның өзіне де, сондай-ақ жақындарына да қатысты алынған өмірлік міндеттемелерінің бағалануымен байланысты. Бұған оны көптеген шынайы және күшті әрекет етуші факторлар – өз физиологиялық жағдайының өзгеруі, отбасы құрамының және отбасындағы өз рөлінің өзгеруі (әже, ене), жоғары кәсіби деңгейге қол жеткізуі итермелейді. Әйелге күнделікті қам-қарекеттен бас көтеріп, өз өміріне сапалық тұрғыдан басқаша көз салу, өзіне, өзінің қажет екендігіне, өзінің құндылығына деген сенімділігін қайтадан иелену қажет. Осылайша ол өзі үшін өмір сүру өнерін ашып, оған үйрене отырып, үй философына айналады. Кемел шақ кезеңі – әйелдің өз Менінің шекараларын жаңарту есебінен, өз өмірі мағынасының кемелдігіне жету есебінен қоғамда, отбасында, өз көзінде маңызды орынға қол жеткізу үшін өз бойынан күш таба алатын уақыты. Еркек өз кәсіби саласында бағалы жұмыскер болып қала береді. Алайда ол өзгеше жұмыс істейді – басты мәселені екінші кезектегі мәселеден ажырата біледі, қажетті мәселелерге толығымен ықылас қояды және жоғары нәтижелерге қол жеткізеді. Басты мәселені екінші кезектегі мәселеден ажырата білу сонымен өз жан құбылыстары байланысты болатын өмірдің жалпылама тұжырымдамасының қалыптасу нәтижесі ретінде келеді. Еркек үшін кемел шақ кезеңі – өзінің және жақын адамының қартая бастауының белгілерімен нақты көріністерде үнемі көріне бастайтын өліммен ашық күрес. Кемел шақ кезеңінің ортасына қарай қарапайым еркек, бір күннің ішінде өмір салтын өзгерту туралы шешім қабылдап және оны адам қызығарлық тақуалықпен жүзеге асыра отырып, өзі үшін өмір қуаныштарын ашқандай болады. Егер әйел үшін отбасы мен жұмысы өте маңызды болса, еркек үшін достары мен жалпы алғандағы қоғам одан кем маңызға ие болмайды. Отбасынан тыс байланыстар орнату жөніндегі өмірлік міндеттердің тұтас жиыны пайда болады. Қалыпты психологиялық көңіл-күй үшін еркектің «менің клубым» деген сияқты қарым-қатынас шеңбері болуы қажет. Б.Ливехудтың атап көрсетуінше, кемел жастағы әйел үшін екі мүмкіндік бар. Біріншісі – жағымсыз реакция, ол әйел жаңа өмірлік мақсатын таппай, енді тек: «Мен ешқашан өзім үшін ештеңе жасай алмадым. Бәрі тек отбасы үшін, ертеден қара кешке дейін мен тек жұмыс істеумен болдым, тым болмаса, кітап оқуға да уақытым ешқашан болған емес, көбінесе мен бір нәрсе істеу үшін бәрі бір тым шаршап кететінмін. Енді тым кеш. Балалар үйден кетті. Күйеуім өз мамандығына беріліп жұмыс істейді, ал мен құр алақан қалдым», - деп шағымданатын жағдайда пайда болады. Содан ол долданып үй шаруасына кіріседі, өзі де таза нәрселерді тазалап, қиялдағы шаңды сүртеді, жалғыз өзі жұмысты істеуі тиіс екендігіне үздіксіз шағымдана отырып, айналасындағыларды жәбірлейді. Даму мәселесі анализінде басқа тәсіл аз емес тарихы бар, бихевиоризмен байланысты. Бұл бағыт эмпирикалық философияда терең тамыр жайған және адам жайында ағылшынның таныстыруында айтып кеткен. Адам бұл - оны қоршаған орта қалай жасайды, солай қалыптасады. Америкадағы психология бағыты, даму-түсінігі ғылымнан алыстатылды. Бұл концепцияға Павловтың идеялары әсер етті. Ағылшын психологтары Павловтың идеясын істей алатын қимыл қозғалыс барлық өмірде мінезделеді. Ең негізгі, ағылшын психологтары Павловтық принцип шарттырефлекс, Уотсонның жаңа концепцияға қайта жұмыс істеу. Ағылшын психологиясына ғылыми эксперимент кірді, ал Павловтың тамақтандыру ғылымымен байланысты. Павловтың бұл эксперименттік түсіндіруі 1897 жылы шықты, ал Дж. Уотсондікі 1913жылы шықты. Зерттеулерде стимул және реакция, шартты және шартсыз стимулдарды зерттеу басталды. Осындай ассоциянистік концепция шықты. Зейінді зерттейтін ғылымдар шартсыз стимул жаңа ассоциятивті стимулға байланысты, негізгі акциент қатайтумен байланысты. Сұраққа жауап, ғылым байланыс бағдар байланыс және реакция арасындағы байланыс қарастырылады, бұл жағдайда зерттелуші аш,ауру. Кейінірек американдық психологтар: бағдар рефлекциясына көңіл бөле бастады. 50-60жылдары кеңес психологтары Е.Н.Сокалов және А.В.Запорожей қарады. Ал Берлайк стимулдар, интенсивті, қимылдық түс, анық еместік және т.б. қарады. Алайда Берлайн т.б. ғалымдар сияқты, рефлексивті нейрофизиологиялық мидың мәселесін қарады. Еуропалық елдерде даму процестерінің серекшеліктеріне көп көңіл бөлді. Оларды философия және онтогенездегі даму деңгейі нгемесе этапы қызықтырады. Павловтың жұмысынан кейін Э.Торндайктың, В.Келлердің жұмыстарынан кейін К.Бюлер бұл деңгейдегі, олардың пайда болуымен миының жетілуімен және қоршаған ортамен қарым-қатынас кезіндегі қиыншылықтармен байланысты, сонымен қоса аффективті процестердің дамуымен байланысты, рахаттанудың, уайымдаудың дамуымен және де іс- әрекетпен де байланысты. Эволюция кезінде мінез-құлықтың рахаттануды сезінуінен бөлінеді «басынан аяғына дейін». Оның ойынша, институттың бірінші деңгейі-рахаттану қажеттіліктері қанағаттандырған кезде болады деген, яғни іс-әрекеттен кейін. Дағды деңгейінде рахаттану іс-әрекеттің процеске жетеді. Осыдан кейін «функционалды рахаттану» пайда болады, алдын ала рахаттану, бұл интелектуалды жауапты шешу деңгейінде болады. Осылайша рахаттану өтуі «басынан аяғына дейін»,Б.Колер бойынша бұл схеманы онтогенез ауыстырады. Балаларға эксперимент жасай отырып, бұл экспериментті В.Келер шимпонзеге жасаған.Бала психикасының дамуынан зерттеуге жануар психологиясына жасаған эксперименттер басты қадам болды. В.Вундтың айтуынша:бала психологиясы болмайды, өйткені онда өзін-өзі бақылау болмағандықтан. К.Бюлер өзін ешқашан биогенетис деп санамады. Оның жұмыстарында биогенетикалық концепциасына сын айтқан. Алайда оның көзқарастары- реакнтуляция концепция терең пайда болуын көбірек қарағанғ баланың дамуы жануардың даму сатысынан алыстатылады. Л.С.Выготскийдің айтуы бойынша: К.Бюлер бір танымалыға факті жасауға тырысты, биологиялық және әлеуметтік- мәдениеттің дамуы және баланың дамуына әсер еткенін айтып кетті [17].

Қазақстанда Онкология мен радиология саласындағы негізгі ғылыми жұмыстар: республика тұрғындарының географиялық орналасуын, олардың қатерлі ісікке шалдығуын, аурудың одан әрі асқынып, жайылу себептерін жан-жақты зерттеуге бағытталған. Уытты ісікті анықтау, одан арылу шараларын іздестіріп, сақтану әдістері, қатерлі ісіктерді хирургиялық жолмен, сәуле түсіру әдісімен емдеу тәсілдері жетілдірілді. Республикада Онкология саласындағы ғылыми зерттеулер Онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында, Алматы дәрігерлер білімін жетілдіру институтының, Қазақ ұлттық медицина университетінің,Астана, Қарағанды, Семей, Ақтөбе медицина академияларының арнайы кафедраларында жүргізіледі. Қазақстанда Онкологияның дамуына С.Нұғыманов, С.Балмұханов, Ж.Әбдірахманов, О.Смахтина, Н.Количева, М.Қайрақбаев, Н.Әжіғалиев, т.б. ғалымдар үлкен үлес қосты [18].

Қатерлі ісіктің қорытынды диагнозын гистологиялық тінді зерттеуден кейін патоморфолог қояды. Диагноздан кейін операциялық ем, химиотерапия, сәулелі терапия тағайындалады. Медицина ғылымы дамуына байланысты әр ісікке спецификалық ем тағайындалады. Емсіз қатерлі ісік леталді ағымға дейін прогрессиялайды. Ісіктің көбісі емге берілмейді, бірақ та оныңемі ісік түріне, таралуына, және кезеңіне байланысты. Қатерлі ісік әртүрлі жаста кездеседі, бірақ жиі қарт жастағы адамдар осы ауруға шалдығады. Бұл дамыған елдердегі өлімнің негізгі себебі. Көптеген ісіктердін пайдаболуы қоршаған орта факторы әсеріне байланысты, сонын ішінде алкоголь, шылым түтіні, ионды сәулелердің әсері, ултракүлгін сәулелердің әсері және кейбір вирустар. Қатерлі ісіктің көптеген түрлері белгілі, олар орналасқан ағзаға байланысты классификацияланады [19].

Біріншілікті ісік жасушасы обыр трансформациясына ұшырайды, сонымен қоса клиникалық белгілері науқаста айқын көрінеді. Медициналық зерттеу тұрғысынан қатерлі ісіктерді зерттейтін және емдейтін ғалымдарды онкологтар дейді.

Саналы адам қалыптаспай тұрып қатерлі ісік ауруы бұрыннан белгілі болған. 1932 жылы антрополог Луис Лики Kенияда қазіргі адамның жағын тапқан, болжам бойынша ол бір қатерлі ісік түрімен зақымдалған. Сонымен қоса бұрынғы адамдар қалдықтарынан патологиялық өзгерістін барын байқаған, сүйек, мұрынжұтқыншақ, сүт безі және меланома ісіктeріне ұқсас. Қатерлі ісік жиі адамдардың тәжірибесі болған, оны ерте уақыттан бастап жазба түрінде сипаттаған. Ерте кездегі ғалымдардың жазбалары бойынша ісіктерді емдеу 1600 жыл б.з.д.Eжелгі Египетте папирустармен жазылған. Бұл жазбада сүт безінің көптеген формалары жызылған, ем ретінде обыр күйдіру жазылған. Сонымен қоса Египетте беткей ісік емін маймен күйдіру қолданылған, ол майдың құрамында мышьяк болған. Рамаяндар осығанұқсасжазбақалдырған: емдіхирургиялықжолмен мышьяк майынқолдану арқылы жасалынған.Обырдың атауын Гиппократ енгізген «карцинома» терминіненшыққан, бұлқатерліісіктібілдіретін перифокальді қабынудегендібілдіреді. Гиппократ ісікті карцинома деген, себебіқарағанда шаянның екіайырынаұқсаскеледі. Және ол "онкос" терминін енгізді. Гиппократ сүтбезі ,тікішек және мұрынжұтқыншақ обырларына сипаттамаберген. Емнің дәрежесіне қарай ісікті хирургиялық жолмен алыптастағаннан кейін жараны құрамында өсімдік майлары және мышьяктары бар майменөндеукерек. Болжам бойынша олар қалған жасуша ісіктерін жою қасиеттеріне ие болған. Ішкі ісіктерге Гиппократ ем жүргізбеген, себебі операция науқасты ісікке қарағанда тез өлтіреді. Рим дәрігері Авл Корнелий Цельс б.з.д. І ғасырда ісікті емдеудің алғашқы сатысында оны хирургиялық жолмен алыптастауды, ал соңғы сатысында ешқандай ем көрсетпеуді ұсынған. Ол грек сөзін "кαϐкίvоς" латын тіліне аударған (cancer- краб). Гален «oncos» сөзінісіктісипаттауға қолданған, қазіргі онкология сөзін де негіздеген осы ғалымболған. Қатерлі ісік жайлы ХІХғасырдыңортасынадейін теориялар мен негіздерге айналдырғанмен оның денеде даму механизімі жөнінде ешқандай ақпарат болған жоқ. Бұл процесс түсінігін неміс дәрігері Рудольф Вирховтың үлесіқосылды, олқатерлі ісік сияқтыдәлсау тіндер жасушаларынан құрастырылатының және ісіктің миграциясы бойынша таралатының түсіндірді [20].

Қатерлі ісік, саркома– тіндердің айналасында өсіп, олардың қызметін бұзатын ісіктер; осы ісіктердің жайылуынан организмдеметастаз процесінің басталуы. Ісіктің тарамдалып, айналасы шаянның аяғы сияқты болғандықтан Қ. і. рак деп аталған. Қ. і-тің негізгі бөлігі – эпителий паренхимасы және көптеген қан тамырлары мен лимфа талшықтары болатын дәнекер тін. Сыртқы пішіні саңырауқұлақ пішінді ісік ас қорыту жолдарының кілегей қабаттарында болады. Ал жайпақ табақ тәрізді түрі тері қабатының клеткасына, ауыз қуысының кілегейлі қабатына, тыныс алу, зәр шығару және жыныс мүшелеріне түседі. Қ. і. ауруы өте ертеден белгілі. Б.з.б. (2 мыңжылдықтағы) Мысыр, Үндістан, Қытай дәрігерлерінің қолжазбаларынан бұл ауру туралы мәліметтерді кездестіруге болады. Қ. і-тің неден пайда болатыны белгісіз болғанымен қандай жерде, қандай сыртқы факторлар әсер ететіндігі зерттелген. Қ. і. аяқ астынан пайда болмайды, оның өсуіне әр түрлі ұзаққа созылған патол. жағдайлар, мыс., мезгілінде емделмеген, ұзақ уақыт жазылмай жүрген жара (ішек-қарын жарасы, тері, жатыр жаралары, т.б.) себеп болады. Қ. і-тің биол. ерекшеліктеріне адамның біраз уақытқа дейін ауруын сезбеуі, ісіктің көлемі 5 см-ден асқанда ғана науқастың ауырсынуы жатады. Қ. і-тің пайда болуына: рак туғызушы вирустар, сәуле көздері (радий, рентген), канцерогендік хим. заттар, (бензпирен, т.б.) гормондар, онкогендер әсер етеді. Қ. і-терді туғызатын зиянды заттар тікелей клетканың ядр. құрылымына (ДНҚ, РНҚ) әсерін тигізіп, клетканың өсіп өну процесін реттеп отыратын белоктардың сандық-сапалық қасиеттерін өзгертеді. Қ. і. клеткасы – организм ішінде пайда болатын тіршілік көзі. Ол организмге түсетін тағаммен, тіннің, мүшенің қалыпты клеткаларымен қоректенеді. Қ. і-тің клиникасы: ісіктің қай түрі болсын алғашқыда жанға батып ауырмайды, ісіктің мөлш. 1 – 2 см болғанша ауру сезілмейді. Ісік өсе келе кілегей қабыршағын жарақаттап, ондағы қан-тамырлар қабырғасын теседі. Егер ол асқазан-ішекте болса, қан адамның нәжісімен араласып, тік ішек арқылы сыртқа шығады. Ал ісік өкпеде болса, кеңірдек арқылы қан аралас қақырық түседі. Қ. і. түйіні өсе келе, қан-лимфа сұйықтықтары арқылы басқа мүшелерге тарайды. Егер адамның иммунитеті жоғары болса, ісіктің денеге таралуы баяу жүреді. Қ. і-тер өсіп жайылған кезде адамның ең маңызды органдарын зақымдап, олардың қызметін тежейді. Мыс., өңеш Қ. і-гі (қылтамақ) адамды ашығуға душар етсе, несеп жолдарының Қ. і-гі несепті жүргізбейді. Ал Қ. і-тің қай түрінде болсын, асқынған кезде науқаста кахексия дамиды. Қ. і-ке диагностика жасау үшін клиник., параклиник. әдістер қолданылады. Нақты диагноз ісіктен алынғанбиопсияның қорытындысы бойынша қойылады. Емі: ісікке хирургиялық операция жасайды, ультра-сәулемен күйдіреді; хим. терапиялық заттар (дәрі-дәрмек препараттарымен) және гормондар иммундық әдіс қолданылады [21].

Қатерлі ісік қалыпты жасуша қатерлі трансформация нәтижесінде пайда болады, ол бақылаусыз көбейеді, апоптозға қабілеттілігін жоғалтады. Қатерлі трансформация бір немесе бірнеше мутация кесірінен пайда болады, жасушалардың шекарасы анықталмаған жағдайда апоптоз механизімі бұзылуына алып келеді. Егер де ағзаның иммундық жүйесі мұндай трансформацияны анықтамаса, ісік ары қарай өсіп сонында метастаз береді. Метастаздар барлық ағзалар мен тіндерде пайда болуы мүмкін. Өте жиі метастаз сүйекте, мида, бауырда және өкпеде пайда болады. Және де жасушалардың бақылаусыз бөлінуі қатерсіз ісікке алып келуі мүмкін. Қатерлі ісік қатерсіз ісіктен ерекшелігі метастаз қалыптастырмауы болады, басқа ағзаларғаенбейді және ағзаға қатерсіз. Бірақ та қатерсіз ісік жиі қатерлі ісікке ауысады. Қатерлі ісіктің қорытынды диагнозын гистологиялық тінді зерттеуден кейін патоморфолог қояды. Диагноздан кейін операциялық ем, химиотерапия, сәулелі терапиятағайындалады. Медицина ғылымы дамуына байланысты әр ісікке спецификалық ем тағайындалады. Емсіз қатерлі ісік леталді ағымға дейін прогрессиялайды. Ісіктің көбісі емге берілмейді, бірақ та оның емі ісік түріне, таралуына, және кезеңіне байланысты. Қатерлі ісік әртүрлі жаста кездеседі, бірақ жиі қарт жастағы адамдар осы ауруға шалдығады. Бұл дамыған елдердегі өлімнің негізгі себебі. Көптеген ісіктердін пайда болуы қоршаған орта факторы әсеріне байланысты, сонын ішіндеалкоголь, шылым түтіні, ионды сәулелердің әсері, ултракүлгін сәулелердің әсері және кейбір вирустар. Қатерлі ісіктің көптеген түрлері белгілі, олар орналасқан ағзаға байланысты классификацияланады. Біріншілікті ісік жасушасы обыртрансформациясына ұшырайды, сонымен қоса клиникалық белгілері науқаста айқын көрінеді. Медициналық зерттеу тұрғысынан қатерлі ісіктерді зерттейтін және емдейтін ғалымдарды онкологтар дейді.Қатерлі ісікке шалдықтыратын факторлар мыналар:

1. Физикалық факторлар:Радиация яғни радиоактивті элементтер шығаратын сәулелер,ультракүгін сәулесінің (жасанды загар алушыларға) шамадан тыс көп болуы.

2.Химиялық факторлар:Канцероген заттардың әсері.( Қуырылған,

маринадталғантағамтүрлері,темекі,калян,насыбай,нашақорлық т.с.с.)

3. Биологиялық факторлар:Кейбір қауіпті вирустар, мысалы: әйелдер жатыр мойнының қатерлі ісігін вирус тудырады,және сол вирусқа қарсы екпе де бар.

Қатерлі ісік – бұл ісік өмірге қауіпті қасиеттерімен бағаланады. Сол себептен оны «қатерлі» деп атайды. Қатерлі ісік қатерлі ісік жасушаларынан тұрады. Қатерлі ісік жиі обырмен шатастырылады. Oл жасушалардың ретсіз бөлінуімен сипатталады, және де басқа ағзаларға, жиі тіндерге метастаз берумен сипатталады. Бұл ауру генетикалық бұзылу салдарының пролиферация және дифференцирацияның бұзылуы болып табылады. Қатерлі ісікті емдеуге бағытталған ем шаралар және дәрі-дәрмектер осы күнге дейін толығымен шешілмеген [22].

Медицина тілінде «онкология» гректің «қатерлі ісік» және «ілім» деген сөзін білдіреді. Ал «канцер» (рак немесе обыр) терминін қолданысқа алғаш рет атақты ғалым Гиппократ енгізген. Ол обыр клеткаларының теңіз шаяны сияқты шатасқан аяқтарымен адам денесіне жайыла тарайтынын анықтаған. Обыр клеткасы адамның басынан бақайшағына дейін кездесе береді. Тез өсіп, белгілі бір уақытта қан және лимфа тамырлары арқылы ағзаның мүшелеріне тарайды, немесе балалайды. Сөйтіп жылына 20 миллион адамның өмірін жалмайды. Бұл әрбір жетінші адамның өмірін осы обыр жалмайды деген сөз. Осы қорқынышты көрсеткішті азайту жолында дәрігерлер қолдан келгенін істеп бағуда. Қатерлі ісіктің түрлері:

І. Өңеш қатерлі ісігін халқымыз қылтамақ деп атаған.Өңеш қатерлі ісігінің пайда болу себептері. Бұл аурудың пайда болуына бір емес, бірнеше себептер әсер етіп, оларды үш топқа бөлуге болады:

1.Тағамды, шайды, кофені, майлы сорпаны өте ыстық түрінде ішу,қақталған,қуырған, көп тұздалған ащы және қаттытамақтарға әуес болу, тамақты әбден шайнамай жұту, тістердің жоқтығы, витаминдердің жетіспеуі, насыбай ату, темекі тарту, градусы жоғары спиртті ішімдіктерге салыну, күйдірген майды бірнеше рет қолдану;

2.Өңештің кілегей қабатының қабынуы, оның әртүрлі қышқылдармен және негіздермен күйіп жарақаттануы, тыртықтануы және тағы басқа өңештің аурулары, яғни қатерлі ісік алдында кездесетін дертер.

3.Тұқым қуалаған дене құбылыстарының ерекшеліктері.

Осы айтылған себептердің әсерінен өңештің кілегей қабаты қызарып, бозарып,қабынып, желініп, жараланып, тыртықтанып, келе келе өңештің қатерлі ісігіне айналады. Осы созылмалы қабыну дерт рак ісігінің пайда болуына себеп болатынын көптеген ғалымдар дәлелдеп жүр.

Бұл ауру өмір бойы зиянды әдеттерге үйір болғандардың арасында көбірек кездеседі .Өйткені зиянды әдет-ғұрыптар (темекі тарту, насбай ату, маскүнемдікке салыну) организмнің қорғаныс күшін азайтып, ауруға шалдығуға септігін тигізеді [23].

Арақтың градусы мен ішкендегі мөлшері көбейген сайын қылтамақтың пайда болу қаупі аса түседі.

Өңеш қатерлі ісігі уақыт өткен сайын,өсе келе ас жүретін жолды тарылтып,өңештің тамақты өткізу қызметін нашарлатады. Сол себепті адамдарда төмендегідей белгілер пайда болады:

-қою тағамдардың анда-санда түйіліп өтуі

-тамақ жұтқанда тырнап ауруы

-кекірік, сілекей шұбыру

-уақыт өте қою тағамдардың жиі түйіліп, тіптен сұйық тағамдардың өтуінің де нашарлауы

-тамақ ішкеннен кейін қайта құсып тастау

-әлсіздік

Өңештің қатерлі ісігінен сақтану жолдары.

Өңештің қатерлі ісігінен сақтану үшін жоғарыда айтқан үш топтағы себептерден құтылу керек, не болмаса бұл себептердің мүмкіндігінше азайту.Темекі тартпай, тағамды өте ыстық ішпей, маскүнемдікке салынбай, витаминдері жеткілікті жеміс-жидектерді көп пайдаланып,өңештің кілегей қабатының ауруларын алдын-ала емдеп жүрген адамдарда өңештің қатерлі ісігі аз кездеседі.Осы орайда, халқымыз Сұңқарға талшық тағам болады, тағамды аздап түрінен жесең, денің сау болады деген даналығының жалпы дерттердің алдын алуда маңызының зор екенін атап өту қажет [24].

ІІ. Жатыр мойын ісігі – жас қыздардың болашағы үшін өте қауіпті дерт. Облыстық онкологиялық диспансердің бас дәрігерінің орынбасары Дәулетбек Жұманұлының айтуынша, жыл сайын дерттің бұл түріне шалдығатын нәзік жандылардың саны артуда. Сорақысы сол, ертеректе көбіне егде жастағы адамдарда ғана кездесетін ауру жасарып келеді.

Қазіргі таңда қатерлі ісік аурулары жасарып кетті. Бұрындары ол 40-50 жастағы әйелдерде кездессе, қазір 22-25 жастағы қыз-келіншектерде де байқалып жүр, – дейді маман [25].

Алдымен осыған тоқталайық. Дәрігердің сөзіне сүйенсек:

• Ерте жыныстық өмір бастау;

• 16 жасқа дейінгі уақытта бала көтеру мен туу;

• Жыныстық жол арқылы берілетін қабыну аурулары;

• Түсік және түсіктен кейін жатырды тазартқанда;

• Эрозия, полип және жатыр мойнының басқа да аурулары асқынса;

• Темекі тарту және гормоналды контрацептивтерді бес жылдан астам уақыт бойы пайдалану аурудың пайда болуына әкеп соқтырады.

Сондай-ақ, маман жатыр мойын ісігінің пайда болуына адам папилломасы вирусы (АПВ) да себепші болатынын айтты. Алғашқы белгілері:

Сүт безі қатерлі ісігінің алғашқы белгілерін омыраудағы түйін немесе өзге де ауырсынулар арқылы байқай алауға мүмкіндік болса, жатыр мойыны қатерлі ісігі асқынып кеткенше сезілмейді. Дегенмен, жаңадан пайда болған қатерлі ісік бірден ұлғайып кетпейтінін ескерсек, бұл аурудан айығуға болады. Әсіресе, бірінші, екінші дәрежеде болған жағдайда 100 пайыз айығуға мүмкіндік бар. Бұған қазіргі медицинаның құдіреті жетеді, — дейді Дәулетбек Жұманұлы.

Осы ретте маман барша нәзікжандыларды мейлі ол тұрмыстағы келіншек болсын немесе мектеп жасындағы оқушы болсын әр алты ай сайын денсаулығында ешқандай кінәрат болмаса да, дәрігерге қаралып тұруға, уақытылы скринингтен өту керек екенін айтты. Одан бөлек қыз балалардың жеке гигиеналық тазалығын сақтап, жыныстық қатынастан кейін қарапайым кір сабынмен жуынуға, папиллома вирусының алдын алу үшін иммунологиялық егілуге кеңес берді. Ал екпені жасату не жасатпау қыздардың өз еркінде дейді маман [26].

Алматыда жылына 3500 әйел омырау қатерлі ісігіне ұшырайды

Еліміздің экологиялық жағдайы ушығып тұрған жерлерінде қатерлі ісікке ұшырағандар көп екені жасырын емес.

Алматы қаласының өзінде омырау қатерлі ісігі бірінші орында тұр. Оңтүстік астанада жылына 3000-3500 әйел омырау қатерлі ісігіне ұшырайды. Шығыс Қазақстан, Павлодар, Өскемен облыстарында да көп. Батыс Қазақстанда керісінше аз. Дер кезінде бала туып, сәбиін дұрыс емізетін әйелдерде омырау обыры кездеспейді. Біздің аналар он шақты бала туып, бәрін емізген, таза жүрген. Бұл жаман аурудың көбейіп кетуіне жасанды тамақтың көбейіп кеткені де әсер етті. Түрлі газдалған сулар да зиян. Содан кейін қазір қыздарда стресс көп, анаған-мынаған үлгерсем деп жүгіреді, баланы туып алып, тастап кетеді, емізуге уақыты жоқ. Онымен қоса әйелдер арасында түрлі хламидоз, герпес т.б. жыныс инфекциялары көбейіп кетті. Инфекция, вирус әсерінен де өзгерістер болады. Әйел дәрігерге тексеріліп, қаралмағандықтан, олар күшейіп, әйел адамның ағзасы түрлі генетикалық өзгерістерге ұшырайды.

Алматы облысында жатыр мойны ісігі бар диагнозбен 300 адам тіркеуде тұр. 2013 жылы -146, 2014 жылы-186, 2015 жылдың 3 айында -46 науқас тіркеуге алынды.

ІІІ. Өкпе обыры – бронхты немесе өкпені қаптайтын торшалардан пайда болатын өкпенің қатерлі ісіктерінің тобы.

Еркектер әйелдермен салыстырғанда 7-10 есе жиі жапа шегеді, 60-69 жастағы еркектердің науқастылық деңгейі 30-39 жастағыларға қарағанда 60 есе жоғары.

Өкпе рагі – барлық онкологиялық кеселдердің ішіндегі ең жиісі.Мамандардың айтуынша, өкпе рагінің 35 пайызы темекі шегуден пайда болады екен. Темекі түтінінің құрамында өте қауіпты зат – бензопирен бар. Күніне 20-30 талын шеккен адамда ол көбейіп, өкпені зақымдайды. Содан ісік туындайды. Бензопирен қуық қатерлі ісігін де тудырады екен.

Алдын алу:

- науқастану қауіпін темекіден бас тарту барынша ықпалды төмендетеді. 10 жыл шылымсыз болу бұрынғы шылымқорлардың тәуекелін минималды белгіге дейін қайтарады.

- бөлмедегі радонмен кейбір қарапайым және тиімді шаралар арқылы күресу - бұл тұрақты желдету, ұдайы ылғалды жиыстыру, қабырғалар мен темір бетон жабындарын тұсқағазбен желімдеу (немесе бояу).

- асбесттік шаңмен, ауыр металлдармен (әсіресе өндірісте) контакттан бас тарту.

- дұрыс тамақтану. Көкөністерде, жемістерде болатын табиғи антиоксиданттарды (А, С, Е провитаминдері) жеткілікті тұтыну өкпе рагіне шалдығу

IV. Қатерлі ісіктің тағы бір түрі бар, ол адам бойына туа салысымен бітеді. Мұндай жағдай көбіне жүктілік кезінде тыйым салынған дәрі-дәрмекті қолданудан болады.

V. Қуық асты безінің қатерлі ісігіне көбіне жасы ұлғайған адамдар шалдығады. Сондықтан бұл дерт қарт адамдар көп қоныстанған, дамыған елдердің басты проблемасына айналып отыр.Қуық асты безінің қатерлі ісіге ерлер арасында жиі кездесетін қатерлі ісік болып табылады. Дамыған елдерде қатерлі ісікке шалдыққан ер адамдар 15% құраса, дамушы елдерде ол-4%. Бұл кесел баяу дамитын болғандықтан, оны бастапқы сатысындаанықтау мүмкіндігі төмен. Бұл ауру кезінде келесі клиникалық белгілер болуы мүмкін: зәр шығарудың әр түрлі бұзылыстары, зәрде қан немесе ұрықтың сұйық болуы, импотенция, қасаға үстінде және шат аралықта ауыру сезімі болуы. Ауру дамыған кезде сүйектің ауыруы, аймақтық лимфа түйіндерінің ұлғаюы, әлсіздік, салмақ жоғалту анықтала бастайды. Аурудың нақты себебі туралы ғалымдар арасында біржақты тұжырым жоқ. Дегенмен ауру пайда болуына келесі факторлар әсер етеді:

- ерлер жыныс гормондарының организмде шамадан тыс артуы

- генетикалық бейімділік

- майлы тағамдарды көптеп пайдалану

- этникалық ерекшелік

Қазақстанда 2012 жылдан бастап қуық асты безінің қатерлі ісігін дер кезінде анықтайтын скрининг енгізді. Бұл шараның негізгі міндеті дер кезінде кеселді скрининг әдісімен анықтап, ем жасап, аурулардың өмір жасын ұзарту. Біздің аймақта да бұл жұмыс жүргізіле басталды. Жасы 50, 54, 58, 62 толған ер азаматтар жергілікті емханада қан тапсыру арқылы осы аурудың бірден бір белгісін ерте анықтауға болады.

Қатерлі ісік аурулары ішінде бірінші орында өкпе обыры тұр. Бұл туралы бүгін Алматыда Обырға қарсы дүниежүзілік күрес күніне арналған баспасөз мәслихатында Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының директоры Қуаныш Нұрғазиев мәлім етті. Мәліметтерге сүйенсек, елде қатерлі сырқаттар бойынша бірінші орында 12 пайыздық көрсеткішпен өкпе обыры тұр. Одан кейінгі орындарда сүт безі ауруы (11,3 пайыз), тері ауруы және меланома (10,6 пайыз), асқазан обыры (9 пайыз) келеді. Қатерлі ісіктен өлім жағдайы 100 мың тұрғынға шаққанда 103,9 болып отыр.

Оның айтуынша, қатерлі ісікпен ауыру және бұл дерттен өлім жағдайларының қарқынды өсуі, адамзаттың өмір салтының күрт өзгеруімен, денсаулыққа зиянды әдеттердің пайда болуымен, қоршаған ортаның ластануымен тығыз байланысты болуда.

"Халықаралық зерттеулердің нәтижесі темекі тарту (30 пайыз), дұрыс тамақтанбау (35 пайыз), инфекциялык факторлар (10 пайыз), кәсіптік концерогендік әрекеттер (4-5 пайыз), иондық сәуле әсері (4-5 пайыз), ультракүлгін сәуле әсері (2-3 пайыз), спирттік ішімдік ішу (2-3 пайыз), ауаның ластануы (1-2 пайыз), жалқаулық (4-5 пайыз) сынды әсерлерденқатерлі ісік ауруларының пайда болуын көрсетіп отыр. Сондықтан, бұл реттеерте кезеңде скринингтік сараптамалык анықтаудың алар орны ерекше деп айтқымыз келеді. Қатерлі ісікті дер кезінде анықтаған жағдайда науқасты нәтижелі және толық емдеп шығуға болатыны бүгінде дәлелденіп отыр. Дегенмен, науқастардың 50 пайызы аурудың 3-4-інші кезеңдерінде, яғни асқынған кезінде ғана мамандарға қаралады",-дейді Қ.Нұрғазиев.

Оның айтуынша, қатерлі ісік ауруларының өсу қаупін төмендету үшін қарапайым да тиімді ережелерді сақтау керек. Олар: темекіден бас тарту, артық салмақтан арылу, салауатты өмір салтын қалыптастыру және спортпен шұғылдану, дұрыс тамақтану, күнделікті жеткілікті мөлшерде жеміс-жидек, көкөніс жеу, ашық күн астында және соляриде ұзақ болмау, профилактикалық скринингтік тексеруден жиі өтіп тұру (жасына байланысты топтарда). "Егер қарапайым ережелерді әр тұрғын сақтаса, 2025 жылға дейін қатерлі ісік аурулары салдарынан ерте қайтыс болу жағдайларын 25 пайызға азайтуға мүмкіндік туады",- дейді мамандар.

2012-2016 жылдарға арналған Онкологиялық көмекті күшейту бағдарламасында: «Қазақстанда халықтың арасындағы өлім-жітімге себеп болатын сырқаттар ішінде онкологиялық аурулар екінші орында тұр. Жыл сайын қатерлі ісіктен 17 мыңға жуық адам көз жұмады. Соның 42%-ы еңбекке қабілеті барлар», - делінген.

Биылғы жылдың 29-наурызында үкімет тарапынан бекітілген бағдарлама ресми баспасөздің сейсенбідегі санында жарияланды.

«Соңғы бес жылда елімізде қатерлі ісікке шалдыққандар саны артқаны байқалады: 2006 жылы аталған дертке шалдыққандар саны 28 мың 573 болса, 2011 жылдың соңында 30 мың 299 адамға жетті. Яғни, қатерлі ісіктің тырнағына іліккен сырқаттар саны жыл сайын 5% артып отыр», - деп атап көрсетілген құжатта.

Дегенмен, қатерлі ісіктен көзжұму көрсеткіші соңғы бес жылда 11,9% төмендеген.

Өлім-жітім көрсеткіші қатерлі ісіктерді ертерек анықтау және ем сапасын жақсарту арқылы төмендеген.

2011 жылы сүт бездерінің рагы (11,6%), өкпе рагы (11,4%), тері рагы (10,7%), асқазан рагы (8,8%), жатыр мойнының рагы (4,8%), асқазан рагы (4,4%), гемобластоз рагы (4,4%), тоқ ішек (4,4%) пен тік ішек рагы (4,1%) жиі кездескен.

«Ерлер кеңірдек, бронх, өкпе (20,4%), асқазан (12,0%), тері (9,6%), еркектік без ісігі (6%), өңеш (5,3%), гемобластоз (4,9%), тік ішек (4,6%), тоқ ішек (4,1%), қуық безіне (3,7%) шалдығушылар көп болған.

Ал, әйелдер арасында сүт бездерінің ісігі (21,4%), тері ісігі (11,6%), жатыр мойнының ісігі (8,8%), асқазан (6,2%), аналық бездер ісігі (5,7%), жатыр (5,5%), тоқ ішек (4,6%), гемобластоз (3,9%), өкпе рагы (3,9%)таралған», - делінген хабарламада.

Бірнеше жылдан бері онкологиялық сырқатқа шалдығу жағынан Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстары алда келеді.

Құжатқа сүйенсек, «онкологиялық ауру жасарып барады».

«Елімізде жыл сайын жасы 15-ке толмаған 350-400 бала қатерлі ісікке шалдығады. 2011 жылдың соңында онкологиялық сырқатқа шалдыққан 1289 бала тіркеуге алынған», - делінген құжатта. Қатерлі ісік деген диагнозбен Оңтүстік Қазақстан облысында 208 бала, Алматы облысында – 142, Қызылорда – 107, Қарағанды – 101, Шығыс Қазақстан облысында – 98, Алматыда – 111, Астана қаласында 80 бала тіркеуде тұр.

Бірақ соңғы он жылдықта емі жоқ кесел құтымызды қашырды. Шекараға шегендеп қояр ауру емес бұл, содан болар медицинамыз мінсіз деген алпауыт мемлекеттер де абдырап отыр. Жаһанда 760 қатерлі ісікпен күресетін ұйым құрылған, оған 155 ел мүше Қазақстанда сол қатарда. Бірақ ол ұйымдардың оңдырып оң ықпалы тимеуде, өйткені алты құрлықтағы 7 миллиард адамның ай сайын 600 мыңы қатерлі ісіктен көз жұмады. Бір ғана Алматының өзінде тек сүт безінің қатерлі ісігіне шалдыққан азаматшалар саны бір жылда 70 адамға артқан. Қала бойынша қазір 543 қыз-келіншек есепте тұр.

Қазақстандық дәрігерлерді қатерлі ісік ауруының кең таралуы алаңдатып отыр. Жыл сайын республикада қатерлі ісік ауруына шалдыққан 30 мың адам тіркеліп, оның 52,6 пайызға жуығы әйелдер еншісіне, 46,24 пайызы ер азаматтарга (1,16% балаларға) тиеді екен. Бүгінгі таңда медицина саласы қарыштап дамып келеді. Әлемде қаншама арнайы аппаратуралар шығарылып, адамзат баласы техниканың арқасында күрделі операция жа-сатып, өмір сүруде. Алайда, өкінішке қарай кейбір сырқаттың нақты емі әлі күнге дейін табылған жоқ. Соның бірі — қатерлі ісік. Мамандардың есептеулеріне қарағанда, елімізде жыл сайын осы дертке ұшыраған 30 мыңдай адам анықталады. Сондықтан өзекті мәселеге Елбасы да 27 қаңтар күні халыққа Жолдауында тоқталып өтті. Президент Үкіметке 2 ай аралығында қатерлі ісік ауруларымен күресудің нақты бағдарламасын дайындауды тапсырды.

Дүниежүзінде жыл сайын 10 млн. адам осы дертке шалдығатыны анықталса, олардың 8 миллионы көз жұмады екен. Әлемде болып жатқан адам өлімі оқиғаларының 13 пайызы осы қатерлі ісіктің еншісінде. Мамандардың пайымдауынша, бұл көрсеткіш алдағы уақыттарда 1,5-2 есеге өсуі мүмкін дейді мамандар. Елімізде 30 мыңға жуық науқастың қатерлі ісікке шалдыққаны анықталып отыр. Қазір әлемде қатерлі ісікті емдейтін түрлі дәрі-дәрмектер шығып жатыр. Бірақ олардың ешқайсысы обырды 100 пайыз емдей алмайды. Қатерлі ісікті кешенді түрде емдеу керек. Атап айтқанда, хирургиялық тәсіл, сәулені қолдану мен химиялық терапия, сондай-ақ иммунотерапия арқылы емдеу [27].

Елімізде бұл дерт жылына 17 мыңнан астам адамның өмірін жалмайды деген дерек бар.

Негізі әр адам жылына бір рет денсаулығын тексеруден өткізіп тұрғаны жөн. Жасы 30-дан асқан әрбір адам тік ішегін, 40-тан асқан ер адамдар жылына бір рет қуық асты және қалқанша безін, өңешін, асқазанын, 35-тен асқан әйелдер 5 жылда бір рет жатыр мойнының ісігін, 50-ден асқан әйел-аналар екі жылда бір рет сүт безін міндетті түрде тексертіп тұруы керек. Ауруды ерте анықтап, сапалы ем жүргізсе, тез сауығып кетеді. Әрбір адам өзінің денсаулығы үшін кем дегенде жылына бір рет тексерілгені абзал. Өйткені ауру алғашында біліне қоймайды. Ісік әбден өсіп, айналасындағы ағзаларды қысып, ауырта бастағанда ғана сезіледі. Егер ауру ерте, І-ІІ сатысында анықталса, 80 пайыз айығып кетуге мүмкіндік бар. Әрине, адам ауруды тілеп алмайды [28].

Қатерлі ісіктің алдын алу шаралары мынадай:

• Үнемі бір түрдегі азықтарды пайдаланбау;

• Тамақтану кезінде тамақтың дәмділігі мен қоректілігіне мән беру;

• Аса тоя тамақ жемеу;

• Ас қорыту жүйесінде жарақаты бар адамдарға сыра ішпеу. Өйткені сыраның құрамында көп мөлшердегі көмірқышқыл газы болатындықтан, асқазандағы көмірқышқылының мөлшерін одан әрі арттырып, жарақаттың тесілу қаупін туғызады.

• Темекіні шектен тыс, тіпті мүлдем тартпау;

• Тұзды тағамдарды аз тұтынып, қуырылған тамақтарды жемеу;

• Шектен тыс шаршамау;

• Көңіл күйді көтеріңкі ұстау;

• Балғын жемістер мен көкөністерді көп жеңіз;

• Еңбек ету мен демалу тәртібін сақтаңыз;

• Дене шынықтыру белсенділігін арттырыңыз.

Ісікке қарсы тұра алатын А, С және Е дәрумендерін, селена, фолий қышқылын, ет мөлшерін қысқартып, балық және құстың етін, балластық заттарға бай азық-түліктерді көбірек пайдалану — әрбір адамның саулығының кепілі.Онкологиялық ауруға шалдыққан азаматтар отандық медицинаға сенбейді. Олар диагнозды дұрыс қоя алатын, дертті анықтаған күннің өзінде науқасты аяғына тұрғыза алатын мамандар жоқ дейді. Мәселен, алматылық Е.Қ. аруы дәрігерлер анықтап үлгергенге дейін асқынып кеткен. Соңғы диагнозға сәйкес, жігіт «глиобластомаға» шалдыққан екен. Яғни, миында қатерлі ісік бар. Науқас жүріп-тұруды айтпағанда, сөйлеуден де қалған. Жақындары енді шетел клиникаларынан шипа табылар деген үмітпен отыр.

Әр адам өзінің денсаулығын сақтау жолында жоғарыдағы зиянды әдет-ғұрыптардан арылып, айтылған алдын-алу шараларын жасаса, онда өңеш қатерлі ісігін болдырмаудың жолы ашылады.Ал өңеш дертінің белгілері пайда бола бастаған кезде дереу дәрігерге көрініп, түрлі тексерулерден өту керек.Осы салада арнаулы рентгенологиялық және эндоскопиялық зерттеулерді қолдану ісік аурулардың диагнозын дәл қоюға жағдай жасайды.Ал мұндай аурулардың басталған кезеңін анықтаудың өзі де адамға дер кезінде дәрігерлік көмек көрсетуге мүмкіндік береді [29].

Тек ауру фактісі ғана ауыр психикалық жарақат болмайды. Мүгедек болу ықтималдығы, еңбекке жарамсыздық және әлеуметтік статус, организмнің физиологиялық тұтастығын жоғалтудан қорқу,өлімнен қорқыныш, әлем туралы құрылған бейненің бұзылуы, болашаққа жасалған жоспардың бұзылуы –осы факторлардың бәрі сырқаттың психологиялық жағдайына тікелей әсер етеді, оны депрессияға және физикалық астенияға, эмоционалды қажуға әкеп соғады.

Кейбір зерттеулер арасында (Николаева В.В., А.Ш. Тхостов, А.Г. Шкуропат, К. и С. Саймонтоны, Г. Портер и П. Норисс, А.А. Шутценбергер, Le Zarus, R Hoppe & J. Bloom, A. Schmale & G. Marrow et al.), ракпен ауыратын адамдардың тұлғалық ерекшеліктерін қатастыра отырып, аурудың ішкі бейнесін, онкологиялық ауру барысында және дамуындағы психологиялық факторлардың айрықша ролін көрсетеді. Аурудың пайда болуының алғышарты стресс деп көрсетіледі (Le Zarus, К.П. Балицкий т.б) [30].

Көптеген таңдамаларда кейбір соматикалық ауруларды психологиялық бейімділігін үлкен үлгісі ұсынуы бойынша дәлелденген (F. Dunbar), "инфантилды" тұлға туралы (J. Ruesch), әр түрлі тұрғыдаға аурулардың тууының агрессивті механизмдері туралы (M. Schur), және сонымен қатар онкологиялық (G. Engel). Практикалық психокоррекциялық тұрғы (А.Г. Шкуропат, А.А. Шутценбергер, К. және С. Саймонтондар және т.б.) мосы аядағы сырқаттарды емдеуде тиімді өмір сүру бейнесін өзгерту, өз тұлғасын, ауруға қатынасын өзгерту т.б. болуы мүмкін[31].

Алайда онкологиялық аурудың дамуындағы психиканың ролі ашық сұрақ болып қала беріді. Ракпен ауыратын адамның тұлғасын, оның Ракпен ауыратын адамның тұлғасын, оның әлеммен, өзімен, өзге адамдармен өзара қарым-қатынас, жүйесіндегі оның ұстанымын зерттеу өзекті болып табылады. 1.Онкологиялық аурудан зардап шегетін адамдардың көпшілігіне тұлғалық құрылымына инфантилизм тән,олардың топтасуында арнайы психологиялық профиль «инфантильді» ұстанымға ұмтылыс тән болып табылады.

2. Мұндай типтегі тұлғалар «балалық» ұстанымның үстемдігі тән, қалыптасқан нормалар және шыннай –әдеттенген құүндылықтарға басымдық таныту, ұсынылған ұғымдарды түсініуді қабылдаудағы қиындықтар және экстернальды локусты меңгеру, саналы түсіну және психожарақаттаушы жағдайларға реакция жетекші көрсеткіштер болып табылады.

3. «Бала» ұстанымының сипатының жеке көріну тенденциясы кейбір науқастарға қатерлі ісік аурулары диагнозы қойылғаннан кейін көрінеді.

4. Онкологиялық аурудың ремиссиясы көбінесе «ересек» ұстанымындағы оның ішінде тұлғаның «инфантилді» типі жиі кездесуі ракпен ауыратын адамдар тобында қарағанда және қазіргі уақытта дені сау зерттелушілерде жиі кезедеседі қарағанда жиі кездеседі екен.

5. Ремиссияға «енген» науқастарға ауру уақытнда жеке (жанама) инфантильді ерекшеліктер олардың сауығу даңгейіне байланысты («профилге» байланысты емес) сипаттар тән.

6. Психотүзету үрдісінде (трансакты анализдің ойын тәсілдерін пайдалану арқылы, гештальттерапияның техникасын түсіну, өзі және әлем туралы шынайы- әдеттенген әдістерді жүзеге асыруда науқастардың дейинфатилизациялық ұстанымын оның өмірге өлімге, ауруға денсаулыққа және әлемге қатынасы) жетекші құндылықының жетекші типін өзгертетуге реттеуге болады [32].

"Инфантилділік" біріккен –тұрмыстық қабылданған мағынада «балалықтың», «балалардың» жиі көрінбейтін сыртқы мінез-құлықта көрінуі емес, бірақ арнайы бағытталған тәжірибеде көрінетін тереңірек мағынада анықталған психологиялық параметрлердің болуымен байланысты.

"Инфантилділік" – бұл әлемге деген қарапайым балалар ұстанымындағы «балалық» көзқарас емес, ол тұтас мінез топтамасы (өзіндік тұрғыда психологиялық профиль) (Берн бойынша), сондай-ақ әлеммен қарым- қатынас жүйесі және құндылық саласындағы рационалды, эмоционалды, ерекшеліктер қатары болып табылады."Касад және Саймонтондар» онкологиялық сырқаттардың тұлғалық ерекшеліктерінің келесі психологиялық факторларын белгілейді:

1. Өзін- өзі төмен бағалау,өзін-өзі жақсы көрмеу және бағалауды сезінбеу.

2. Мәнді обьекттіні жоғалтуды қабылдау және мойындауға қабілетсіздік .

3. Ата-ананың екуімен немесе біреуімен қарым- қатынастағы қысым.

4. Кешіруге қабілетсіздіктің айқын болуы.

5. Сенімсіздік, дәрменсіздік және күйіну сезімі ("күйініш синдромы» LеShan)

6. Өзін аяушылық тенденциясы.

7. Әсіресе өзін қорғауға ренішін білдіруге қабілетсіздіктің өте күшті тенденциясы.

8. Қарым-қатынастағы сексуалды бейімделудің жетілмеуі.

9. «Мәнді ұзаққа созылған қарым- қатынасты дамыту және құрудағы қабілеттің әлсіздік."[33]

Жоғарыда көрсетілген ерекшеліктер онкологиялық ауруларды кешенді диагностикалық тексеру үрдісінің бірінші кезеңінде бекітіледі. Мұндай қортынды жасау онкологиялық аурудан зардап шегуші аурулардың жаңа өмір жағдайна бейімделуіне арнайы психотүзетуші көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

Ал енді өңеш қатерлі ісігі (оны халқымыз қылтамақ деп атаған) тағамды – шайды, кофені, майлы сорпаны өте ыстық күйінде ішкеннен, қақталған, қуырылған, тұзды, ащы және қатты тамақтарға әуестіктен, тамақты әбден шайнамай жұтудан, күйдірген майды бірнеше рет қолданудан басталатын көрінеді.

Сүт безіндегі қатерлі ісігі әйелдің жыныс мүшесінің созылмалы аурулары, тұқымқуалаушылық, жиі күйзелу мен гормондар деңгейінің бұзылуынан басталады. Сондықтан әйелдер мүмкін болса сүт бездерін айына бір рет қолмен сипап тексеруден өткізгені жөн.

Міне, қай жағдайға қарасаңыз да қауіпті ісіктің туындауына өзіміз себепші болады екенбіз. Бір сөзбен айтқанда, қатерлі дерттің алдын алу азаматтардың өзіне байланысты: жылына бір сағат уақыт тауып, тексеруден өту қауіптің бетін қайтарады. Сол үшін өміріңіздің кілті болып саналатын денсаулығыңызға уақыт бөліп тұрыңыз.

Осындай қолайсыз жағдайлардың орын алуына мыналар себепші:

Қатерлі ісік ауруларын ерте анықтау жөнінде тұрғындар түсінігінің төмендігі;

Мамандарға өте кеш қаралуы;

Қатерлі ісіктің дамуына әкелетін қауіп-қатер факторларының себептері: ұтымды тамақтанбау, дене белсенділігінің төмендігі, темекі шегу, ішімдікке салыну, нашақорлық;

Қатерлі ісік ауруларын зерттейтін Халықаралық агенттігінің мәліметі бойынша ұтымды тамақтанып, дене белсенділігімен айналысып, артық салмақпен күресіп, гепатитке қарсы және адам папиломмасы вирусына қарсы дер кезінде иммундау шараларын жасап, күн көзі астында жүру уақытын қысқартып, салауатты өмір салтын ұстанған жағдайда қатерлі ісік аурулары 30-40 % төмендейді екен. Осы мәліметтерге қаныққан әрбір саналы азамат өз денсаулығына жауапкершілікпен қарайды деген ойдамыз [34].

Осыған орай онкологиялық аураулар тұлғаның көптеген өмірлік аспектілеріне әсер етеді демек оның өмір сүру сапасына әсер етпеуі мүмкін емес деп қортынды жасауға болады.

РМЖ – кез –келген жастағы әйелдер үшін ауыр стресс, өмірге қауіп төндіретін, ауру алдындағы үрейді меңгереді, алайда әйелге тән нәзіктікті жоғалту, бүтіндігі бұзылған операцияның қажеттілігін туғызады. Тез арада сүт безін алып тастау әйелдердің өзіне сенімділігін бұзады, ол ауру туралы оның жады қолдау жасайды. Н.Н. Блохин атындағы РОНЦ РАМН жүргізілген мәліметтерге психологиялық талдау аурулардың 90 % радикалды мастэктомияны бастан өткізген, оларда жеткіліксіздік сезімі байқалды, аурулардың 75 % - өлімнене қорқу, депрессия, күйініш сезімдері бар. Аурулардың 30% жыныстық тартымдылықтың жоғалуы байқалды. Аурулардың 22 % мастэктомиядан кейін тұлғааралық қақтығыстар болып, кейңн отбасының бұзылуына әкеп соққандығы анықталған.

Тәжірибелік топқа келесі диагноздар барлар кірді: сүт безінің рагы, жатыр мойны рагы, лимфолейкоз, лимфогрануломатоз және т.б.  

РМЖ –мен ауыратын әйелдердің тағы бір ерекшелігі – өздерінің жақындарына деген жауапкершіліктің жоғарылығы, «жақсы ана» парызын өтеуге деген құштарлық, өзіндегінің бәрін беруге деген талпыныс, алайда осы өмірде өзіне мүлдем орын, өз қажеттіліктеріне, тілектерін жоққа шығару, қысымға түсу, тұлғалық сапаларының бағасы жоқ.



1.2 Онкологиялық науқастардың ауруға қатынастарының ерекшеліктері



Авторлардың көпшілігі ауруға қарым-қатынастың қалыптасына әсер етеін кем дегенде үш факторын бөліп көрсетеді: Сырқатқа қатынастың қалыптасуы: 1) тұлғаның преморбидті (аурушаң- жараланғыш) ерекшелігі; 2) аурудың өзінің табиғаты; 3) әлеуметтік –психологиялық факторлар.Ауруға қатынасты сихологиялық тұрғыда қарастыруда жоғарыда атап көрсетілген үш факторды талдауды қамтиды. Ауруға қатынас өзге де қатынастар тәрізді жеке, тьаңдаулы саналы немесе түсіну тәсілі яғни жеке немесе тұлғалық деңгейдң көрсетеді. Басқа қатынастар сияқты субьективті- обьективті сипатқа ие мағыналы болып келеді және обьектіден тыс қатынас қатастырылуы мүмкін емес ол аурудың табиғатымен анықталады Сондай-ақ өзге қатынастар тәрізді ауруға қатынас науқасқа да оны қоршаған макроәлеуметтік орта және аталған ауру туралы қоғамда белгілі мәдени нормаларда науқастың жүріс- тұрысы және әлеумет туралы және әлеуметтік- психологиялық шектеулер туралы жанама мәнге ие. Ауруға қатынас тұтас тұтас жүйе ретінде психологиялық талдау элементі ретінде бөлініп көрсетіледі сондықтанда оны жеке қарыстырылмайды. Бұдан басқа науқасқтың өз сырқатына қатынасы мәнді болып табылады және тұлғаның бірізді өзге де қатынастарына ықпал етеді. Осыған орай ауруға деген қатынасты жан-жақты анағұрлым ауқымды қарастыру аурудың өзіне факт индивидтің оған қатынасына ретінде әсер етуі мүмкін. Ауруға қатынас басқада психологиялық қатынастар тәрізді жеке және қайталанбайтын ерекше болып табылады. Алайда психологиялық талдаулар нақты адамға қатынасты бірегей бұл қатынастың ерекшелігі қатынастың анықталған типтері өз табиғатында өзге адамдарға деген қатынас арқылы сәйкестедеді деп көрсетеді [35].

Мұндай ережелер ауруды және оған деген қатынасты үшін сипаттауда әділетті. Психологиялық қатынасқа типологиялық тұрғыда келу нақты науқастың өзінің ауруына деген қатынастаы туралы бао болған мәліметті ғылыми жалпылаудың әдістерін қолдануға мүмкіндік береді Бұл өз кезегінде клиникалық практикалаушы психолог және емдеуші дәрігер бұл мәліметтерді қолдану арқылы психотерапияны құруғы мүмкіндік береді. Мұндай типтегі диагностика психиатрия және шекаралық жағдай клиникасында яғни науқаспен пікіралысуда оның жүріс- тұрысын бағалауда оның туыстарымен жақындарын енгізу жолымен жүзеге асады. Алайда бұл жол әсіресе психолог қатыспаған жағдайда және көптеген науқастарда тексеру қажет болғанда күрделі болып табылады. Осыған байланысты арнайы медико-психологиялық диагностикалаушы инструмент жасау қажеттілігі туады. Мұндай құралды тек клиникалық психолог қана емес психотерапевтер, сондай-ақ дәрігер-интернистер синхоневрологиялық немесе психотерапевтикалық дайындығы жоқ алайдда емдеу шараларының тиімділігін арттыру және толықтыру үшінпайдаланылады.

Соматикалық клиникада қолданылатын тәжірибелік-психологиялық арнайы әдістер ауруға қатынасты зерттеуге бағдарланбаған. Олар науқастың тұлғалық реакциясын эмоционалды аспектіде және жүріс-тұрыс көрінуінің психологиялық механизімдерінің қалыптасуы туралы жалпы жоспарда ақпараттар береді деп тұжырымдауға болады, бірақ ауруға қатынас типтерін диагногстикалауды арнайы міндеттерін және ауруға байланысты бейімделе алмаудың ерекліктерін анықтаудың ерекшеліктерін шешпейді.

Науқастардың онкологиялық болжамды саналы түрде қолайсызқабылдауы жиі ауыр депрессияға әкеледі. Осыған орай жақындарының трагедиялық мимикасымен толық емес вербалльды ақпарат және медициналық қызметкерлердің қашқақтаған жүріс-тұрысы сырқаттың ауруға қатысты жағымсыз реакциясын асқындыра түседі. Өзінің ауруын жоққа шығару немесе үрейлену сырқаттарды дәрігерге баруды ең соңғы сәтке дейін және қауіп төндіретін симптомдар көрінгеннен кейін көмек сұрауға шешім қабылдау соңына қалдырылады.

Пациент, өзінің шынайы өмірде қауіп төндіретін онкологиялық сырқаты туралы ақпарат алғаннан кейін психологиялық кезеңдердің бірізділігін уайымдайды. Науқастардың емделмейтін сырқаттары туралы психологиялық ақпараттарды E.Kübler-Rossназван «аза тұту жұмысы» жүзеге асырады.

Бұл кезеңнің көріну деңгейі және оның ұзақтығын жеке өзгерту және нақты жағдайда өзгеруі науқастың тұлғалық ерекшелігіне байланысты және тәуелді. Науқас осы кезеңде болған сәтте дәрігер өзінің психотерапиялық тактикасына түзетулер енгізуі керек.

1-ші – «шок» кезең (бұл кезең ұзақ емес екенін белгілеп өту керек). Онкологиялық ауру диагнозы әдетте қарқынды сезім шақырады. Эмоциональды шоктық реакция сырттай мазасыздану, үрей, дипрессия немесе өлгісі келу сияқты сипатта көрінеді. Рак ауруларының көтеген түрлерінің этиологиясы жеткілікті зерттелмеген, кейде науқастар осы аурудың пайда болуына өздерін кінәлайды. Сондай-ақ олар аурудың оның қызметіне және отбасына әсеріне алаңдайды. Кейбіреулері ауру жұқпалы деп ойлайды да жақындарына жұқтырудан қорқып қарым-қатынасты шектейді.

Әдетте науқас аффектілік жағдайда болады және ол ережеге сай рационалды психотерапиялық шаралар жүргізу аясынан әлдеқайда алыс кетеді, және оның реацциясы нолдік деңгейге түседі.

Тіптен дәрігердің осы ауру туралы оптимистік аурадағы болжамының өзі аурасы жағымсыз реакцияны қалыптастырады.

Ауру туралы ақпаратты тікелей беруден жанамалап беру маңызды болып табылады. Бұл туралы науқаспен бірінші сөйлескенде «рак» сөзінің өзі «өлім» сөзінің синонимі ретінде қабылданады,( жиі және келесі) жаңдайларда басқа да терминдерді («неоплазма», «ткандардың пролиферация т.б.) аурудың қауіптілігін жасырмай және қуанарлықтай балжам жасамай қолдану керек. Науқастың қатты реакциясы жағдайында оның эмоционалды сілкініс жасауына мүмкіндік беру керек. Науқасты тексепру үшін сырқаттың назарын қосымша өзге де маңызды мәселелерге аударуға тырысу керек. Ақпараттарды бере отырып науқатың жанынан кетпеу керек, ол қаншылықты қаласа соншалықты жанынан табылу қажет.

Оның шындықты қабылдауына уақыт беру керек. Аталған кезеңде науқас үшін дәрігердің эмоционалды демеуі, эмпатиялық сезінуі мен түсінуі аса қажет болады.

Науқастың айығып кетуіне, емдеудің нәтижесі үшін психологиялық бағадр беріп, сауығу оның өзіне байланысты екендігіне ерекше назар аударып үміттенуіне демеу жасау қажет.

2-ші кезең – «жоққа шығару». Науқаста өзінің психолоиялық менін қорғау механизімі іске қосылады.Ол өзін және туыстарын бәрі өтіп кетедіндігіне сендіріп, ауруды жоққа шығарады. Өзінің жүріс- тұрысымен қоршаған ортадығыларға өзінің ұстанымын қабылдауға шақырады, ауруды бағалау және оның маңызын қабылдауды санасынан шығару маңызды болып табылады. Ол өмір сүруді жалғастырады, ештеңе болмағандықтан диагноз туралы ұмытып кетеді. Кейбір аурулар емдеудің дәстүрден тыс әдістеріне сүйенеді, емшілерге жүгінеді немесе өзінің емделу жүйесін құрады. Кейде ауруды жоққа шығару «туыстары үшін ойын» пайда болуы мүмкін[36].

Дәрігер науқастың жоққа шығаруы және ауыстырудың бейсаналы механизімдеріне және салауатты оптимизм ретінде қарамауғабаса назар аударуы керек. Жоққа шығару кезеңі айтарлықтай ұзаққа созылуы мүмкін, кейбір науқастар үшін аурудың аяғына дейін жалғасады. Кейде аурулар емдік шараларды тоқтатуды талап етуі, станционардан бірнеше шығып кету оны қайтадан (амаллсыз) қайтадан бірнеше айлардан кейін емдеуге түбегейлі кеш болғанда, медициналық көмекке жүгінуі жиі кездеседі. Мұндай жағдайда арнайы емдеу (оперативті, химиятерапия) арнайы емшаралардың кешіктірілуін жіберіп алуға болмайды себебі ол ісіктің өсуне және метастаздануына әкеп соғады, дәрігерден мұндай емдеудің қаншылықты маңызды екендігін аргументтеуді ойластыру талап етіледі. «Жоққа шығару» кезеңінде жағымсыз болжам туралы байқамай айтылған сөздер науқас тарапынан аргессия және өшпенділік тудыруы мүмкін. Мұндай жағдайда науқасты қорқытуға болмайды, себебі емдеуді тоқтау оның өзінің денсаулығын нашарлатады. Туындаған жағдайға байланысты рационалды реакцияны сақтау арқылы кейбір көмектер науқастың туыстарымен бірге серіктесу арқылы жүргізіледі.

3-ші кезең – «агрессия» (бүлік шығару және наразылық). Шын мәнініде аффектілік жағдайдың екінші толқыны басталады.

Экстрапунивті (өзгелерге бағытталған) медициналық қызметкерлерді кінәлау, науқасты ішкі қақатығыстардан және интрапунитивті (өзін-өзі кінәлау) реакцияларынан сақтайды. Кей жағдайларда қоршаған ортаның парноидеалды магиялық әсерлер «дуалау», «қарғыс» сияқты жағдайлармен байланыстырады. Аталған кезеңде науқас емделуден түпкілікті және дәрігермен серіктесуден бас тартады, бұл оның кісіби өзін-өзі бағалауының соңғы төмендеуі ретінде қабылданады.

Науқасқа өзінің эмоциясын шығаруға мүмкіндік беру керек алайда жағдайды басқаруы назарда сақтау қажет.Онымен қайшылыққа келмеу керек және оны тежеу қажет емес. Науқас әділетті болса оның наразылығынан бөлуге болады, алайда науқасты қандай-ад бір өзге іс-әрекетпен шұғылдануына ықпал еткен абзал (оның өз шағымдарын қағазға түсіру) физикалық жаттығулар жасауға мүмкіндік беру (ЛФК залында күшті қысым түсіру, тыныс гимнастикасы т.б.) [37].

Бұл кезеңде негізінен ұзаққа созылмайды күту тактикасын қолдану қажет. Эмоциональды және агрессивті қысымнан кейін мейірімділікпен және науқаспен жайлап серктестік қол жеткізу керек, оны алаңдататын қандай сқрақтар, емдеу тактикасы және өзінің диагностикалық аргументациясына уақытты ешқашан аямау өте маңызды.

4-ші кезең – «депрессия». Осы кезеңде реактивті дипрессияның клиникалық классикалық орналастыру жүзеге асады. Науқас ұдайы түнерген көңіл күйде болады, жалғыз болуға ұмтылады. Ол бұл кезеңде ешнәрсеге қарсылық көрсетпейді, апатиялық күйде болады енжар және бәрібір боллады (отбасына жақындарына деген қызығущылықтың жойылғандығын ашық көрсетеді, тіпті өз балаларына да немқұрайдылық танытады). Иллюзиялық уайымдау сипаты тән болады аянды түстер көру және алдын –ала сезіну кейде өзіне қол жұмсағысы келетін кездер де кездеседі.

Бұл кезең өте ұзаққа созылады. Науқас әңгімелесуші іздейді, оған демеу көрсету керек. Науқастың келешегіне байланысты мазасыздануына байланысты қиялға берілу жағдайында болмысқа қайта бағдарлау қажет. Науқас тұлғасына және оның ішкі әлеміне жоғары баға беру керек. Осы кезеңде радио, телеведение, фотосуреттерді көу және өмірдегі бақытты сәттерді еске алу арқылы оның көңілін аулау өте маңызды.

Науқастың осы кезеңде максималды дипрессиялық және агрессиялық жағдайы өзіне қол жұмсауға бару мүмкіндігі басым екендігін ескеру қажет.

5-ші кезең – «қабылдап алу». Тағдырды мойындау науқастың келешек өмір переспективасына емес әрбір сәтіне бағдарлануы. Науқастың уақыт аралығын қабылдауы өзгереді. Уақыт ағымы баяулағын тәрізді болады себебі науқас үшін өте маңызды болып есептеледі. Науқас үшін өмірдің бір айы «бұл қандай көп» болып көрінеді. Науқас ойында діни елестерге, сенім мен мәңгілік өмір туралы елестерге басымдықм береді. Бұл кезеңде науқастар ерекше еркіндік сезімін сезінеді. Кейбіреулер өмір бойы өлімнен қорқу сезімімен өмір сүрдік, алайда ол жақындай түскенде қорқыныш сезімі сейілді дейді. Өлімге деген қатынастың өзгеруі науқастың өмірге деген қатынасынң өзгеруіне әкеледі және олар өлім бұл өмірдің бір бөлшегі екеніні түсіне бастайды.

Бұл жағдайлардың тұрақсыздығы науқастың жананыда дәрігердің немесе жақындарының жақын болуының маңызды екенін анықтайды. Науқасты тыңдай білу эмоционалды демеу көрсетуде өте маңызды. Науқасты жағымды эмоционалды демеу мақсатында оның қоршаған әлемін (музыка, табиғат, жақындарымен) айтарлықтай байыту керек [38].

Психологиялық реакциялардың ерекшеліктерін түсіну үшін науқастардың жеке және типологиялық ерекшеліктерін білу өте маңызды:

1) синтонды (греч. syntonia – үйлесімділік, келісімділік) – эмоционалды ашықтығымен, өмірге құштарлығымен, жарақаттайтын жағдияттарға жеңіл бейімделетін пациенттер. Олар үшін дәрігермен сенімді ашық қарым-қатынас орнату өте маңызды, олармен жеңіл серіктесіп әрекет етуге болады деп айтуға болады;

2) циклоидты менезді пациенттер психожарақаттаушы жағдайларға көңіл- күйдің өзеруі ретінде жауап береді, депрессияға тез түседі.Олармен қолжетімді көңіл көтеретін шараларды және қызметті ұйымдастыруға арналған жұмыс жүргізуде жағымды эмоцияларды мобилизациялауға ерекше ден қою ұсынылады;

3) Шизоидтық типтегі, пациенттер, интелектуальды қызығушылықтарға басымдылылықты танытудағы эмоционалды жетіспеушілік тән, тұйықтық, аутизацияға дейін барады, қарым- қатынасты төмен дәрежеде қажетсінуді көрсетеді. Олармен қолжетімді көңіл көтеруді оқуды, оларды шығармашылықта қызығушылық туғызатын сабақтарды дұрыс ұйымдастыру маңызды;

4) Қозғыш типтегі пациенттер дәрігерлермен, туыстарымен қақатығыстарда аффектілі жағдайды нашар бақылайтын, мұндай реакцияларды асқындармау маңызды, ал мұндай жағдайлар туған жағдайда бірқалыпты жауап қайтару маңызды;

5) Истероид сипатындағы сырқаттар «көрнкті» сапаларына ерекше екпінді щоғырландыру керек. Олармен конфронтацияға түспеу керек, «бірбеткейлігін» сақтана отырып олардың орталық назарда болғысы келетін тілегін іскерлікпен пайдалану керек;

6) мазасыз –сенімсіз науқастар, үрейге жылдам түседі, ерекше қамқорлықты қарым-қатынасты қажетсінеді дипресси және қажуға икем болады.

Мазасыздынуды жою үшін мұнда да қолжетімді іс-әрекетті ұйымдастыруды талап етеді.

Онкологиялық ауруларға тән психикалық компеенсаторлар типтерін есепке алу қажет:

- онкологиялық ауруларды жоққашығару ақпараттарды ауыстыру тек истероидты типтегі тұлғаларға тән;

– диагнозға белгісіз бағдарлану және тағдырдың жазғаны деп дәрігерге қатынас жасау мазасыз- сенімсіз типтерге тән

– диагнозды жартылау тану шизоид типіндегілерге тән;

– онкологиялық ауруларды факт ретінде қабылдап белсенді күресі және сауығуға сенімді бағдарланға синтонды науқастар болып табылады.



1.3 Науқастар бойындағы копинг стратегияларының ерекшеліктері



Көптеген авторлардың пікірі бойынша,қорғану механизмдеріне келесі қасиеттер тән: олар бейсаналыққа әсер етеді, оларға не болып жатқанын индивид саналы түрде сезінбейді, олар шындықты жоққа шығарады, олар ақиқаттан алыстайды, фрустрациялық, психожарақаттық, стресс жағдайына орай әрекет етеді.

«Жоққа шығару механизмі психоневрологиялық әдебиеттерде кейбір психосоматикалық ауруларды тұлғаның өзінің мойындамауы мысалы рак алдында бар болған сырқаттардың асқынуы өзінде бар екенін жоққа шығарады және кейде оны өзгеге, мысалы емдеуші дәрігерге көшірумен сипатталады» (10).

Мұндай бекітулер онкологиялық науқастардың психологиялық қорғаныстарының механизімдерінің айғағы болып табылады, жоққа шығару шын мәнінде психоқорғануының меңгерілген формасы болып табылады. Психологиялық қорғанудың механизмдерінің жіктелуінің 20 шақты түрлері атап көрсетуге болады, осы жұмыс аясында негізгі жалпылама топтарын қарастыратын боламыз. Н. Маквильямс, атап көрсеткендей пісіп жетілмеген қорғаныс «психотикалық қорғаныс», арасында МЕН және сыртқы әлем және тілдік дамуға дейін (нәрестелік) кезедер арасында шекара бар. Екінші жіктелетін қорғаныстар, неғұрлым кемелденген «жұмыс істейтін» ішкі шекаралар арасында Эго, Супер – Эго және Ид немесе Эго уайымдаушы немесе бақылаушы бөлімдері арасында бар.  

Қазіргі заманғы психоаналитик Отто Кернберг келесідей жіктейді қарапайым қорғаныстар: изоляция, жоққа шығару, бәріне көсемдік бақылау, қарапайым идеализация, бағасыздық, проективтілік және интроективтілік идентификация және Эгоның ыдырауы.

Анағұрлым кемелденген қорғануға интелектуализация, ауыстыру немесе репрессия, регрессия, жоққа щығару, араластыру, идентификация, реакциясыздық, сексуализация, сублимация [39].

Қарабайыр қорғану жарақаттайтын ақпараттарды және қақтығыстарды санаға жібермейді, кемелденген қорғану оларды жібереді алайда өз бейнесі үшін ауыртпалықсыз деңгейде интерпертациялайды. Яғни психологиялық қорғану бір мезгілде жағымсыз уайымдауларды жеңуге көмектеседі және психиканың қалыпты қызмет ету процесін және бүкіл организімнің қызметін қалпына келтіруге кедергі келтіреді.

Қатерлі жаңарысты науқастардың тұлғалық психологиялық параметрлеріне ғылыми әдебиеттерде сапалы талдау жасау Онкологиялық потологияның төрт маңызды факторларын бөліп қарастыруға мүмкіндік береді:

1) махаббат және терең бауыр басу обьектісіне айналған өзі үшін мәнді жақынын жоғалтуы;

2) өшпенділік сезімін ашық көрсетуге қабілетсіздік;

3) сөзі үшін мәнді адамға тәуелділікті сақтау («кіндіктік байланыс» ата-аналарының біреуіне, тәуелділік инфантильділік, тұлғалық жетіспеушілік);

4) сексуальдық бұзылыс.

Осымен қатар өзіндік ерекшеліктер, психожарақаттаушы жағдайлар ісік ауруларының бастауы болып табылмайды. Олар қоршаған ортаның (қоршаған ортаның стрестік әсері) ұзақ уақыт бойы өзара әсер етуінің тек тәуекел факторлары болуы мүмкін.

Науқастың оның сырқатына отбасы мүшелерінің психологиялық реакциясы Ауыр сырқатты науқастың аурыуына отбасы мүшелерінің психологиялық реакциясы дәрігердің жұмысында үлкен мәнге ие болады. Oberst и James (1985) байқағаныныдай «ракпен ауырып өмір сүруге үйрену жай емес. Алайда осы сырқаттан зардап шегуші адаммен бірге өмір сүру одан да күрделі». «Рак» диагнозы тек науқасқа ғана стрестік реакция ғана туғызып қоймайды сонымен қатар бүкіл отбасы мүшелері жоғалтып алу мүмкіндігіне байланысты үрей, мойындамау, дипрессия және қайғыны бастап кешіреді. Мұндай реакциялар қарым- қатынастағы байланыс мәселелерінде орын алады. Осы сипттағы оқиға өмірлік құндылықтарда қайта бағалауға, қалыптасқан отбасылық ержелердің, ролдердің бұзылуына және осы жағдайларға орай отбасылық дағдарыстардың тууының себебі болуы мүмкін.

Ауру мәселесі отбасы мүшелерінің арасындағы өшпенді қарым- қатынас болған жағдайда мүмліктік талаптар, сексуальды мәселелер отбасы ішілік қақатығыстарды асқындырыуы және отбасының құлдырауының себебі болуы мүмкін [40].

Lewis (1986), онкологиялық сырқаттың отбасын зерттеуге 8 жылын арнаған мәселені үш топқа бөлуге болады деп есептеген:

– ауруды күтуші тұлғаның аффективті реакциясы: ол өліп қалады деп үрейлену, мазасыздану, оның денсаулығының жағдайының белгісіздігі, дәрменсіздік сезімі, өмірдің мәніні іздеу;

–мінез-құлықтың өзгеруі:отбасылық ролдің және өмір сүру стилінің өзгеруі, сексуалды жүріс-тұрыстағы өзгерістер, емдеудің соңғы кезеңдеріндегі науқасқа қамқорлықтың ерекше маңыздылығы, қаржылық міндетттемелер;

– қызмет көрсету жұйесіне байланысты мәселелер: отбасы мүшелерінің қажеттіліктері науқастың қажеттіліктерімен сәйкес келмеуі мүмкін, отбасы мүшелерінің көмегі жеткіліксіз, шынайы емес болып қабылданады, отбасы тағдыр тәлкегінде қалды деген әсерде және барлық мәселелермен жалғыз өзі бетпе –бет қалғандай әсерде болу.

Аурудың бастапқы кезеңінде отбасы мүшелерінің реакциясы науқастың реакциясына ұқсас болады.

Бұл кезең анағұрлым стрессогенді болып келеді. Отбасы мүшелері өз үрейлері және науқасқа демеу көрсетудің тым маңыздылығы аоасында қақатығыстарды жиі сезінеді. Олар науқасты демеумен қамтамасыз ету ғана емес сонымен қатар олардың медициналық қызметкерлермен қатым-қатынасы арасындағы делдал болуға мәжбүр болады. Осындай қарама-қарсы эмоциялар отбасы мүшелеріннің дәрігерлерге деген агрессиясының туынына әкеп соғуы кең таларған құбылыс болып табылады.

Vschon (1977) кімнің күйеуі рактан қайтыс болған осыған орай тексерудің 73 түрін жүргізген. Әйелдер әлеуметтік өмімді бастан өткізген, себебі күйеулері ауырған кезде олардан туыстары және достары анағұрлым алыстаған. Олар сонымен бірге медициналық қызметкерлерге агрессиялық қарым-қатынастарын көрсетке және қызмет көрсетудің төмен деңгейде екендігіне наразылық білдерген, кез-келген емдеудегі сәтсіздіктерді, ісіндегі сәтсіздіктері дәрігерлердің қателіктері деп қабылдаған. Соныме қатар әйелдер дәрігерлермен шектеулі қарым-қатынаста болған және науқас туралы нақты ақпараттар ала алмағандығын алға тартады.

Егер дәрігер науқасты қатерлі ісік ауруларры пайда болғанға дейін емдеген болса, жеткілікті негіздеулер болмасада, дәрігерді науқастың туыстары зейін аудармағандықтан және кәсіби біліктілігігі төмендігінен жіберлген қателік деп есептеген. Мұндай келеңсіздіктер дәрігердің жұмысына қиындықтар туғызады, (дәрігердің осы категориядағы науқастармен жұмыс өтілімінің, еңбек тәжірибесінің жеткіліктілігіне қарамастан) тіптен рухани тепе-теңдік жағдайынан шығарады.Осыған орай туыстардың жағымсыз ой-пікірлері жүргізіліп жатқан емдеу шараларына сенімсіздік, дәрігерге деген жеке реніштер, оның кәсіби іскерлігін дұрыс бағалай алмау, және әңгімелесушілердің адами сапаларының төмендігі деп қабылданады.

Мұндай жағдайларда науқастың туыстары аффектілік жағдайда жүргендігін ескеру қажет, сбебебі олар өздері үшін рак ауруының немесе оның кеш диагностикалануының себебін белгілегісі келеді, олардың отбасына келген қасіретті тудырушы «жауды» кінәлауға мүмкіндіктер іздейді. Алайда адамға осы жағдайда негіздеулер ( рак алды ауруларды дұрыс емдемеу, ұзақ уақыт бойы қарқынды шылым шегу, отбасылық өмірдегі ұдайы келіспеушіліктен туындаған стрестік жағдай т.б.) жеткілікті болғана қарамастан өзін немесе науқасты кәнілау қасиеті тән емес. Туыстардың рухани жағдайын ескере отырып олардың шағымдары мен сұрақтарын осы себептерге байланысты оларды бірқалыпты, байсалды, ашу-ызасыз тыңдау қажет. Науқас және оның туыстары дәрігердің кәсіби деңгейі бірінші кезекте оның қарым-қатынас жасау іскерлігімен байланысты бағаланатынын есте сақтау қажет. Кейде дәрігерлермен туыстар арасындағы қақтығыстар оларды ойланыдыратын сұрақтарға жауап беруге ниеттің болмауы немесе жауап бере алмаудын туындап жатады. Сондықтан да науқастың туыстарының қандайда бір өтініштері немесе мотивтерін түсінуге тырысы керек, және олардың орынына өз басынан өткен, сезінген ұқсас жағдайларды еске түсіру, өзін қойып көруге ұмтылу қажет. Көп жағдайда науқастың туыстары сырқаттың ауықпас дертке шалдыққаныны белгеннен кейін енді қаншалықты өмір сүретіндігі туралы сұрайды. Сұрақтың қойылуының жақсы сапалы өмірдіөзі өлімге бағдарлануға дайындықты куәландырады (ең бірінші психологиялық жоспарда) болады. Дәрігердің науқастың өмір сүру мерзімінің ұзақтығының мүмкіндігі туралы бағдарды айтуы (осы категориядағы аурулардың орташа статистикалық өмір сүру мерзімі туралы оның тәжірибесінің айтарлықтай жеткіліктіліне және қарамастан) қатерлі ісік ауруы туралы өортынды қате болуы мүмкін. Медицина жүздеген «үмітсіз» құжатталған аурулардың айққандығын біледі. Аурудың әртүрлі спецификалық емес емдеу әдістеріне бейімделу реакциясы немесе қатерлі ісікті жою немесе баяулатудың ( кейде бірнеше жылдарға) жаттығулары индукциясы болуы мүмкін. Онкологиялық аурудың өмір сүру ұзақтығының мерзімін анықтауда «жақсылықты белмеушіліктің» өзге де аргументерді келтіруге болады, алайда осы сұрақ аясында болжам жасайтын дәрігердің кәсіби беделі айтарлықтай мәнде төмендейді. Онкологиялық аурудың және оның туыстары үшін стресстік қысымы айтарлықтай күшеді, хирургиялық араласу өте маңызды болып табылады. Grandstaff (1976) Науқастардың жұбайы үшін ең күрделісі операцияның нәтижесін күту болып табылады. Науқас емханада жатқан уақытта оған қарағанда жұдайы үлкен мазасыздануды сезінеді Бұл ауырудың өміріне жауапкершіліктің артуымен түсіндіріледі. Кейде үйдегі бұрын атқармаған міндеттерді өзінің мойнына алу мүмкіндіктері және өлім келген жағдайда үлкен мәселелердің туындауы және жақын адамның мүгедек болуы сияқты жағдайлар қатты қорқытады [41].

Ауру мүгедіктікке әкелмеген жағдайда жақсы болжамдарға сүйене отырып отбасы бұрынғы өмір сүру салтына толықтай қайта оралады. Тіптен белгісіз жағдайлардың өзінде отбасы келешекке жоспар құруға ұмтылады.

Егер науқаста айтарлықтай тұрақты өзгерістер болса бұл өмір сүру стилін айтарлықтай түбегейлі өзгертуді талап етеді. Отбасындағы ролдердің ауысуы жүзеге асады өйткені науқас жұбайына және балаларына тәуелді болады. Операциядан кейін әрбір жақта қосымша мәселделер туындайды эмоциональды сондай-ақ сексуалды сияқты жақын қарым- қатынасты жоғалту орын алады.

Көп жағдайда ауыр сырқатты науқатсты күтуде отбасы мүшелерінде психологиялық шаршау жинақталады, оған деген агрессия да белең алуы мүмкін слнымен бір мезгілде осы агрессияға өзін кінәлау сезімі де пайда болады. Ауыр сырқатты күтумен қатар қосымша шығындар орын алады, бұл отбасы мүшелерінің өмір сүру сапасын нашарлатады және уайымдау, қайғыру сезімдерін күшейтеді.

Науқастардың ауруы терминальды фазада болғанда олар қоршаған ортаға толық тәуелді болады. Nothouse (1984) осы кезеңде көрінетін келесі мәселелерді келесідей бөліп көрсетті: өліп баражатқан оны жанашырлықпен күту және оған демеу көрсету маңызды; отбасы мүшелеріне келе жатқан өлім туралы айту маңызды; жоғалту және қоштасудың соғысуы.

Туыстар көбінесе аурумен қарым-қатынаста қиыншылықтарға кездеседі себебі туындаған мәселені аурумен шынайы талқылау алмайды. Кейде осы мәселелер науқастың ауруы туралы жалған ақпаратталған пікірлерде қарым- қатынас орнатуы мүмкін. Алайда науқас ауру туралытуыстарының ойларына қарағанда әлдеқайда көп біледі. Шын мәнінде науқатсың туыстары жағымсыз болжамдарды қабылдамайды, және олар аурудың емшаралардан, немесе тамақтан бас тартуына қарсы болады себебі науқастың жазылып кететіндігіне үміттенеді. Науқастың дипрессиялық реакциясына оның пассивтілігі, үнсіздігі отобасы мүшелері үшін ауыртпалық алып келеді, және жалғыздық пен жабырқаулықты сезіндіреді.

Мұндай жағдайларда науқастың осы сәттегі психологиялық жағдайы туралы дәрігер және психолог науқаспен оның туыстары арасында байланыс орнатуға көмектесуі мүмкін.

Психологиялық қорғаныс механизмі белгілі бір эмоцияны ұстап тұру, реттеу кезінде балалық шақтан бастап дамиды, барлық қорғаныстар қорғаныш сезімін жеңу негізінде басу механизмін иемденеді. Психоэволюциялық теорияның сегіз негізгі эмоциясымен байланысты сегіз негізгі қорғаныс бар деп есептеледі. Қорғаныстардың бар болуы ішкітұлғалық конфликтіні қосымша өлшеуге көмектеседі, яғни дезадаптацияланбаған адамдар, адаптацияланған адамдарға қарағанда қорғаныстарды көп деңгейде қолдану керек.

Қорғаныс механизмдері минималды негативпен тұлғаның жарақаттаушы уайымын байланыстыруға тырысады. Бұл уайымдар негізінде ішкі және сыртқы конфликтпен, дискомфорт немесе уайым қалпымен байланысты. Қорғаныс механизмдері өмір және өзі жайындағы өзін бағалаудың тұрақтылығын сақтауға көмектеседі. Сонымен қатар, буфер рөлі ретінде орындалуы мүмкін, бізге өмір көрсететін қауіп және өте қатты көңіл қалу санамызға өте жақсы қабылдамауымызға тырысады. Кей кездері біз уайым және қорқынышты жоя алмаған кезде, қорғаныс механизмдері іске қосылады яғни біздің психологиялық денсаулықты және тұлғамызды сақтау мақсатында шынайы әрекетті шектейді.

Қорғаныс механизмдері- адам өзін психологиялық жарақаттардан сақтау үшін орын алатын бейсаналық тәсілдердің жиынтығын білдіретін психоаналитикалық ұғым.

Тұлғаның негізгі қорғаныс механизмдері: ығыстыру,терістеу, кескіндеу, серпіліс қалыптастыру,рационалдандыру, сублимацияжәне т.б

1) Рационализация- (лат. rationalis - ақылды, парасатты) адам өзінің жағымсыз теріс қылықтары мен әрекеттеріне, олардың адамгершілікті ақталуы мен ар-намысындағы кемістіктерді жасыруға бағытталған логикалық және ақылды түсініктемелерді табуда көрінетін қорғаныс механизмдерінің бірі. Мысалы: бір адам ешбір себепсіз өзге адамға дөрекі сөздерді айтып тастауы және сол дөрекілігі үшін жауапқа тартқан кезде; ол өз ұстамсыздығының себебін айғақтауға тырысады, сол жағдайда дұрыс және қалыпты нәрсе екендігін түсіндіреді. И.А.Крыловтың «Лисица и виноград» аңыз әңгімесі (баснясы) мысал бола алады.Мысал өсиеті, ғибраты: Алдына қойған мақсаттарына, пайдасына қол жеткізе алмау себебінөзінің дәрменсіздігіне қарамастан, дәрменсіздігінен көрмей жағдайдан көруі, адамға тән қасиет.

2) Ығыстыру (Вытеснение).Ығыстыру дегеніміз ─ тұлға қабылдамайтын, белсенді құбылыстардыжою. Ығыстыру арқылы адамды жарақаттайтын уайымдар, жағдай немесе ақпараттар санадан жойылады және де ол бейсанада сақталады.А)Мысалы: менен көмек сұраған адамға мен уақытында көмектесе алмасам немесе қолымда бар затты ол сұрағанда бемесем, сол ісім үшін ұялсам, алайда қолқабыс етпесем, мен оны ұмытып кетемін. Алайда көмек сұраған адам оны ешқашанда ұмытпайды. Немесе, менен көмек сұрап келген адамға мен көмектескенімді ешқашанда ұмытпаймын, алайда көмектесе алмаған сәтімді ұмытып кетуім де мүмкін. Б) Жол апатына түскен адам өзінің сол жол апатында жақын адамын, яғни, сол өмірінде маңызды орын алған адамды мүлде танымауы, есімін білмеуі мүмкін. Сол ығыстыру нәтижесінде, сол адам жайындағы барлық ақпараттар бейсаналы аймаққа ығыстырылады.

3) Сублимация ─ тиым салынған жыныстық қуаттың басқа әрекет түріндешығу механизмі.Суретшілердің осы қуатын суретте бейнелеуі, ақын – жазушылардың өз еңбектерінде қолдануы, хирург дәрігерлердің бұл қуатты адамды емдеуге жұмсауы осыған мысал бола алады. Мысалы: Сальвадор Далидің «Девушка из Ампурдана», «Большой мастурбатор» және т.б суреттерін жатқызуға болады. Хирург дәрігерлердің адамды қанауға, жарақаттауға талпыныс сезімін ота жасау арқылы емдеу мысал бола алады.

4) Проекция- (лат. Projectio - алға лактыру) - адамның өз кемшіліктерін басқа адамдарға өткізу, жүктеу арқылы адамның уайымшылдығынан құтылу сияқты қорғаныс механизмі, жеке адамның өзіне тән мотивтерін (ниеті), сапаларын және қасиетін басқа адамдарға бейсаналы түрде жүктеу.Проекция- өз сезімдерін, тілектерін сана астында басқа адамғаберу. Бұл өз кемшіліктерін басқаларға ауыстыруға мүмкіндікбереді. Күйеуін әрбір қыз келіншектерден қызғанатын және де оны опасыздық жасағандығын кінәләйтін әйелі, өзі іштей күйеуіне опасыздық жасағысы келетіндігі мысал бола алады. Ол өзінің күйеуіне шөп салғысы келетін тілегін мойындағаннан гөрі, күйеуін әйел құмар деп айыптайды. Тұрмыс құрмаған, отырып қалған көрші әйел жастардың (әсіресе қыздар) сексуалды бостандығын, қыдырымпаздығын қатты дауыстап талқылап және сынаған кезде өзінің осының барлығынан мақұрым қалғанын іштей түсінеді, қызғанады, сондықтанда жасарға сыни көзбен қарайды, өсектей жөнеледі.

5) Изоляция- бұл жан қайғысын туғызатын психозақымдануситуациясын алыстату. Бәрі басқа адамда болып жатқандайболып көрінеді. Болған істі өзінікінен бөлу әсіресе балалардаайқын көрінеді. Мысалы, бала қуыршақты не ойыншық аңдықолына алып, өзіне ересектер не айтады соны ойыншықтарғаайтады. Стивенсонның «История мистера Джекила и доктора Хайда» еңбегі мысал бола алады. Егерде бір сол жалғыз адам күндіз адамгершілігі мол дәрігер болса, түнде ол қатігез адам өлтіруші және қанішер болған, және де бұл екі тұлға бір – бірімен ешқашанда кездеспеген. Олар өзге тұлғаның бар екендігін білмеген.

6) Регрессия- үрейді азайту үшін жүріс-түрыс пен ойлаудыңжабайы деңгейге ауысуы. Дені сау адамдарда ездерін үнеміболатын эмоциялық прессингтен қорғау үшін: шылым шегеді,арақ ішеді, мұрнын шұқиды, заттарды бүлдіреді, машинаны қалайболса солай айдайды. Отбасында жаңа сәбидің дүниеге келгенінен қуанбайтын 3 - 4 жасар баланың қылықтары регрессияға мысал бола алады. Ол өзінің ата – анасының махабатына бөленуі үшін, өзіне назар аудартуы үшін қайтадан емізікті еме бастауы мүмкін, өз еркімен тамақтанудан бас тарту, нашар сөйлеуі мүмкін, дәретке отырудан және т.б қылықтарды шығаруы мүмкін. Жоғары жауапкершілікті талап ететін науқастарда регрессия байқалуы мүмкін, ол жоғары қорғанушылықты және өзіне көп назар бөлінгендігін қалайды, өзін кішкене бала сияқты ұстай бастайды.

7) Ауыстыру- соқыр сезім импульсін қауіпті объектіден қауіпсізобъектіге ауыстыру. Ауыстыру- адамның баста өз әліне қарамай, күрделі іске ұрынып, кейін бітпесін білген соң, оған деген әрекетін оңай жүмысқа бұра салуы. Осындай ауыстырудан қол жетпес қажеттіктің орындалмауынан болған күйзеліс бәсеңдейді, бірақ ізгі мақсат адыра қалады. Өз алдына қойған, бірақ орындалуы мүмкін емес мақсатқа бағышталған әрекет іске аспаған жағдайда адам кез-келген мәнсіз қимылға ауыса салады, осыдан көңіл-күйі жеңілдеп, үлкен күйзеліске түспейді.Мысалы, әуелі агрессия әйеліне жасалады. Жастар (кейде өзінің жеке өмірін қалыптастырмаған ересек жастағы адамдар) түнгі клубтарға және мейрамханаларда дем алғанды және билегенді ұнатады. Би арқылы олар қалыптаспаған сексуальды энергиясын ритмді дене қозғалысында және әріптесіне қол тигізу ойындарында шығара алады. Бастығынан айқай естіген және оған ренжіген жұмыскер, өз агрессиясын жанұясынан алуы мүмкін, әйелі немесе бала шағасы.

8) Реактивті білім- өзінің керегіне қарсы қоятын жүріс-тұрыс. Бұл көрінекті не санасыз тілектің инверсиясы. Бүл қорғаныс механизмді екі сатыда іске асады:қажетсіз импульс басылады; санада қарсылық пайда болады. Ер баланы ешбір себепсіз, ешбір қатыссыз ренжітті. Ол осыған налынып, өз сезімдерін сыртқа шығарып жылап алғысы келеді. Алайда, «ер балалар ешқашанда жыламайды», осыны біле тұра ол бұл сезімін шектейді. Жасөспірім ер бала қыз баланы ұнатқан кезде, ол өзіне қыздың назарын аударту үшін, оның шашынан тартады, портфельмен басынан ұрады, оған жол бермейді және т.б қылықтармент қыз балаға ыңғайсыздық тудырады. Ол осы қылықтармен қызға ұнайтындығын білдірткісі келеді.

9) Келіспеу- бүл ЭГО-ға ұнамсыз жағдайларды шын өмірге тән деп қабылдамау әрекеті. Бүл жағдайда адам ұнамды көріністері әдейі есінен шығарып, оларды ойдан шығарылғанмен ауыстырады.

10)Терістеу. Адам жағымсыз жағдайлар туындаған кезде оны мойындамай, бас тартса теріске шығару деп аталатын қорғаныс мехнизмі жүмыс істейді. Маниакальді синдром кезінде науқас тамақтану, ұйықтау, дем алу қажеттілігінен бас тартуы мысал бола алады. Өрт сөндірушілердің, құтқарушылардың, әскери адамдардың бастарына қауіп төніп тұрсада, олар сол кезде қорықсада бұл эмоцияларын, сезімдерінен бас тартып, теріске шығарып адамдарға көмек көрсетеді, өз қызметтерін атқарады.

11) Идентификация– өзін белгілі бір әлеуметтік топпен теңестіру; мысалы, этникалық идентификация - өзін белгілі бір ұлт өкілі ретінде тану үдерісі (белгілі бір этносқа тәнділік). Бұдан басқа, өзін белгілі бір кәсіби, тілдік, жас ерекшелік, діни, т.б. топтарға жатқызу арқылы сәйкестендіру.Жасөспірімнің өзінің (кумир) піріміне ұқсағысы келуі, сол сияқты шаш үлгісі, киім кию үлгісі, сөйлеу манерасын сол адамға ұқсатуы осыған мысал бола алады. Өз уақытында Уотсон дәлелгендей –екі жағдай бұл қалыптасқан жеке өміріміз және де аяқталған еңбек процессі өткен шақ кезіндегі қанағаттануға(«біздің бақытты болуымызға») әкеледі.

12) Басу (жаншу) – эмоциямен байланысты жарақаттануға әкелетін ұғымды санадан тыс шығарып тастау. Мысалыға, сіз маңызды кездесуде отырсыз, кенеттен сіздің басыңыз қышып кетті және де сіз оны қасығыңыз кеп отыр. Алайда, қоғамдық орындарда басты шектен тыс ұзақ және қатты қатты қасу орынсыз, жалпы әдептілікке жатпайды. Сондықтанда, сіз ол қалауыңызды басуыңызға тура келеді. Сіздің көңіл күйіңіз мүлде жоқ, алайда сіз ешкімге білдіртпес үшін ол сезіміңізді жаншып күлімсіреп жүруіңіз қажет. Себебі, сіздің көңіл күйіңіздің болмауынан басқа адамдардың көңілі де түсіп кетуі мүмкін.

13) Инттелектуализациялау - эмоционалдық уайымдарды және сезімдерді жою мақсатындағы инттелектуалдық ресурстарды қолдану қорғаныс механизмі. Интеллектуализациялау рационализациямен тығыз байланысты, күйзелу сезімін сол жайындағы ойлармен алмастырады. Мысалы: Шынайы махаббат орнына, махаббат жайында әңгімелесу. Талапшыл, жауапкершілік қасиеті мол болу, тәртіпке деген сүйіспеншілік басым болуы мысал бола алады.

14) Компенсация – шынайы немесе қиял кемшіліктерін жеңу бейсаналы әрекеті қорғаныш механизмі. Әдетте қайғы эмоциясын жою, жақын адамын жоғалтқан қайғыны немесе жоғалту қорқынышын басу мақсатында қолданылады. Ежелгі Грекияның әйгілі ораторы Демосфен мысал бола алады. Ол өзінің тіл мүкістігін жеңіп атақты шешенге айналды. Тумасынан жеңіл ақсақтығы бар Джордж Гордон Байронның биографиясы мысал бола алады. Ол өзінің ақсақтығына қарамастан, атақты Ұлыбританияның әуесқой боксшысына айналды.



2 Онкологиялық дертке шалдыққан науқастардың ауруға қатынастары мен копинг - стратегияларының өзара байланыстарын эмпирикалық зерттеу



2.1 Зерттеуді ұйымдастыру



Зерттеу жұмысы Қызылорда Облыстық Онкологиялық Орталық ауруханасында және де Қызылорда Облыстық Медицина Орталығында «Жүрек қан – тамыр» бөлімшесінде жүргізілді.

Зерттелген таңдама - 74 адам, оның ішінде 37 - сі онкологиялық дертке шалдыққан науқастар болса,қалған 37–сі жүрек қан тамыр ауруына шалдыққан науқастар болып табылады. Жас шамасы 28 жастан басталып, 70 жасқа дейінгі аралықты құрайды. Сыналушылардың23 – ін ер азаматтар құраса , қалған 51 – і әйел адамдар болып келеді. Оның ішінде онкологиялық дертке шалдыққан науқастардың 11 – ін ер азаматтар құраса, қалған 26 – сын әйел кісілер құрайды.1– ші таңдама онкологиялық дертке шалдыққан науқастар болса, 2 – ші таңдама жүрек қан – тамыр ауруы бар науқастар болып табылады. 1– ші таңдамадағы науқастардың 80% - ын асқорту жүйесінің қатерлі ісігін құрайды, оның ішінде кездесетін аурулар: ұйқы безінің, өңештің,асқазанның, ащы ішектің қатерлі ісігіқұраса, 10 % - тыныс жолының қатерлі ісігі (яғни өкпенің және көмейдің),7% -эндокринді жүйесінің қатерлі ісігі (қалқанша безінің, сүт безінің), 3 % - ын жатыр мойының, жатырдың қатерлі ісігі құрайды (1кестеде көрсетілген).


1 кесте

1 -ші таңдаманы құрайтын көрсеткіші


Асқазан жолының қ.і.

Тыныс жолының қ.і.

Эндокринді жүйенің қ.і.

Жыныс жолының қ.і.

Ұйқы безі қ.і. ІІІ саты

Оң жақ өкпенің қ.і: ІІ саты

Қалқанша безінің қ.і.ІІ -ІІІсаты

Жатыр мойының қ.і. ІІ саты

Өңеш қ.і. ІІІ саты

Сол жақ өкпенің қ.і. ІІ – ІІІ саты

Сол жақ сүт безінің қ.і. ІІ – ІІІ саты

Жатырдың қ.і.І – ІІ саты

Асқазанның қ.і. ІІ- ІІІ саты

Көмейдің қ.і. ІІІ саты

Оң жақ сүт безінің қ.і.І – ІІ саты


Ащы ішектің қ.і.ІІ –ІІІ саты





2 – ші таңдаманы құрайтын науқастардың 12 – сін ер азаматтар құраса, 25 – әйел кісілер құрайды.

Адамда жүрек пен қантамырлар аурулары көбінесе індетті немесе түрлі жұқпалы емес аурулардың асқынуынан болады.

Жүрек пен қан тамырлары қызметінің бәсеңдеуі көбінесе жүрек етінің жиырылу қабілетінің әлсіреуінен болады. Тыныс алу және басқа да жүйелер мен ағзалардың аурулары әр түрлі дәрежеде жүрек пен қан тамырлары қызметтерінің бәсеңдеуіне себепші болады.

Жүрек пен қан тамырлары қызметінің бәсеңдеуі мынадай негізгі белгілермен көзге түседі: жүрек соғуының ырғағы бұзылады, ентігеді, көгереді және ісінеді. Ырғақтың бұзылуына қатынасты белгілер мыналар: жүректің тез соғуы, шоқырақ ырғағы, эмбокардия (жүрек соғысының, дыбысының күші мен құбылысының біркелкіленуі), қосымша жиырылуы, біркелкі емес аритмия (ырғақсыздық), териовентрикулярлық (жүрек құлақтары мен қарыншаларының арасындағы) бөгелістер, жүрек құлақшалары, мен қарыншаларындағы Гис тармақтары мен жүректің Пуркинье талшықтарындағы бөгеттемелер.

Жүрек-қан тамыр жүйесінің аурулары елімізде адам өлімінің себептері арасында бірінші орынға шығып отыр. Атеросклероз, гипертония ауруы, жүректің ишемиялық ауруы адамзаттың "катерлі үшбірлігі" деген атқа ие болған. Осы топтан тысқары эндокардиттер, миокардит және жүрек жетіспеушіліктері де қаралады.

Эндокардит жүректің ішкі қабығының қабынуы. Этиологиясы. Эндокардиттер әртүрлі инфекциялар нәтижесінде дамиды, әсіресе оның пайда болуына гемолиз шақырушы -стрептококтардың, жасыл стрептококтардың, стафилококтардың маңызы зор. Эндокардиттердің бұл түрлері ревматизм, сепсис ауруларының бір көрінісі есебінде қаралады. Тек фибропластикалық эозинофилиямен барушы эндокардитті эндокардиттің алғашқы сырқаты деп қарауға болады.

Бұл сырқат үшін қарыншалар эндокардының едәуір қалыңдап кетуі және сол жерлерде тромб пайда болуы (тромбты эндокардит) тән. Егер осы өзгерістер сорғыш бұлшықетке немесе хорда жіптеріне өтсе клапандар жақсы жабылмай олардың жетіспеушілігіне әкеп соғады.

Ауру өлімі жүрек жұмысының нашарлығынан немесе тромбтар эмболиясына байланысты инфарктан болады.

Миокардит — көптеген инфекциялардың, улы заттардың, аллергиялық әсерлердің нәтижесінде дамитын жүрек бұлшықеттерінің қабынуы.

Я. Л. Рапопорт морфологиялық тұрғыдан миокардиттердің: 1) арнайы емес; 2) гранулематозды және 3) алып клеткалы түрлерін ажыратады.

Этиологиясы. Гранулематозды миокардит туберкулез, саркоидоз, ревматизм сырқаттары үшін тән болса, ал алып клеткалы миокардит осы процесс нәтижесінде пайда болған ірі некроз ошақтарының айналасында дамиды. Миокардиттің бұл түрі миастенияда, Вегенер гранулематозында ұшырайды. Миокардиттердің көпшілігі кейбір аурудың қосалқы белгісі есебінде дамиды. И. В. Давыдовскийдің пікірінше өз алдына дамитын миокардитке тек себебі белгісіз (идиопатиялық) миокардитті ғана жатқызуға болады, үйткені осы сырқатта патологиялық процесс басқа ағзалардың емес жүрек қызметінің бұзылуынан басталады.

Идиопатиялық миокардит — Абрамов-Фидлер миокардиті, клиникалық көріністеріне қарап, қатерлі миокардит деп те атайды. Бұл сырқаттың этиологиясы анық емес, оның шығуында әртүрлі инфекциялардың, организмде дамитын иммунологиялық және иммунопатологиялық өзгерістердің маңызы бар.

Патогенезі. Жоғарыда айтылған өзгерістер нәтижесінде жүрек бұлшықеттері зақымданып, организмде оларға қарсы антиденелер түзіледі. Антиденелер қандағы комплементпен қосылып иммунды жиынтық түзеді, оның миокардта, жүрек қан тамырларында шегіп қалуына байланысты иммунды қабыну процесі басталады. Миокард тканін бұзуда иммунды жүйеде түзілген, киллирлік әсер етуші, Т-лимфоциттердің маңызы зор. Демек осы аурудың организмде үдемелі (қатерлі) түр аяуы иммундық механизммен байланысты.

Патологиялық анатомиясы. Миокардит нәтижесінде жүрек қуыстары кеңіп, ткані босап, кесіп қарағанда сарғыш-қоңыр түсте көрінеді. Осы сырқат ұзаққа созылғанда кеңіген қуыстарда тромбтар түзіліп, жүрек салмағы 1 килограмға дейін жетеді. Микроскоппен тексергенде миокардта әртүрлі дистрофиялық және қабынуға тән өзгерістерді көреміз. Аурудың жіті түрінде қабыну сіңбелерінде лейкоциттер, әсіресе эозинофилді лейкоциттер көп болса, оның созылмады түрінде лимфоциттер, плазмалы клеткалар басым болады. Сонымен катар миокард аралығында дәнекер тканьнің көбейіп кеткендігі, ошақты немесе диффузды кардиосклероз дамығандығы байқалады.

Ауру өлімі жүрек қызметінің нашарлауына немесе тромбоэмболияға байланысты болады.

Перикардит. Перикардит жүрек қабының және жүректің сыртқы қабығының (эпикардтың) қабынуы. Перикардит көбінесе басқа ауруларға немесе жүректің ез ауруларына байланысты дамитын сырқат. Клиникалық көріністеріне қарап перикардитті: жіті және созылмалы, морфологиялық өзгерістері бойынша: экссудативті және пролиферативті (адгезивті) деп бөлеміз.

Облыс бойынша жүрек-қан тамырлары ауруына шалдыққан науқастар саны едәуір. Облыстық аурухананың бас дәрігері Сағи Бейсенбековтың айтуы бойынша, аймақ бойынша 100 мың адамға шаққанда 3300,9 адам жүрегінің ақауына байланысты шағыммен хабарласқан. Ал, жүрегінің жұмысы жүйелі болмағандықтан осы науқастардың 2013 жылы – 194,2-сі, 2014 жылы – 133,3-і өмірден озған.

Аталмыш емдеу мекемесінің №2 кардиология бөлімінің меңгерушісі Роза Жұбандықованың айтуынша, жалпы, жүрек-қан тамырлары жүйесі ауруларының ішінде ең бірінші орында тұрған – жүректің ишемиялық ауруы екен.

Сонымен қатар, жүрек миокарды инфаркті мен артериялық гипертония да жиі кездесетін ауру түрі. Жүрек ауруының пайда болуына темекі шегу, дұрыс тамақтанбау, салауатты өмір салтын сақтамау, қандағы холестериннің жоғарылауы, аз қимылдау, артық салмақ және генетикалық ерекшеліктер әсер етеді. Соңғы кезде жүрек ауруларының өршуіне ықпалын жүйке күйзелісі де тигізуде. Оның әсерінен қан қысымы пайда болады. Ал, қан қысымының көтерілуі жүректің ишемиялық ауруын туындатуда. Жүректің ишемиялық ауруы – жүрек еті қан тамырларының тарылуы. Бұл ауру адамды кенеттен қазаға ұшыратуымен қауіпті. Жүректің ишемиялық ауруы жүрек-қан тамыр ауруларының арасында болатын өлім-жітімнің 2/3-ін құрайды. Егер дертті дер кезінде емдемесе, бүйрек пен жүректің қалыпты қызметі бұзылады. Соның әсерінен жүрек кеңейіп, қан келмей қалады. Қан келмеген маңай жансызданып, оның соңы инфарктіге жеткізуі әбден ықтимал, – дейді дәрігер.

Сондай-ақ, Роза Мақсұтқызы бұл дерттің алдын алуға болатынын айтады. Ол үшін, бар болғаны, 40 пен 64 жас аралығындағы азаматтарға 2 жылда бір рет скринингтік тексеруден өту керек. Сонымен қатар, салауатты өмір салтын қалыптастыру ұсынылады.

Қазір елімізде кардиология және кардиохирургия саласы жақсы дамып келеді. Оның дәлелі ретінде Қазақстанның жүрекке бірегей ота жасайтын алдыңғы қатардағы 20 елдің қатарына енгенін айтсақ болады. Бұл бағытта облысымыздың да әлеуеті жоғары. Облыс кардиохирургтары бүгінгі таңда ЭКС, радиожиілікті аблация, аорта-коронарлы шунттау, жүрек бұлшық етінде пайда болған аневризмалар мен туа және жүре біткен жүрек ақауларының тесіктерін тігу, аорталды, митральды қақпақшаларға протез қою сынды күрделі операцияларды жетік меңгерген. Мұндай іспен Тараз қаласындағы облыстық ауруханасының кардиохирургия бөлімі, «Кардиохирургия және трансплантология орталығы» мен «Жүрек» клиникасы айналысады. Жалпы, өткен жылда бұл емдеу орындары 700 ота жасаған екен.

Облыста, негізінен, жүрек-қан тамырлары ауруларына ұшыраған науқастардың барлығы тегін емделеді. Ол үшін тек дәрігерге қаралып, медициналық сараптаудан өту қажет. Оның қорытындысы шығарылған соң, дәрігерлер сырқаттың клиникалық белгілеріне, ауру және өмір тарихына қарап, лабораторлы, инструментальды тексерулер жасап, шешім шығарады. Ал, шұғыл емді қажет ететін науқастар аптасына 7 күн тәулік бойы жедел түрде қабылдау бөліміне қабылданады.

Осындай көңіл қуантатын деректер болғанымен, өкінішке орай, облыста кардиология және кардиохирургия саласында мамандар тапшылығы әлі де сезілуде.

Қазіргі таңда облыс көлемінде 6 кардиолог маман жетіспей отыр. Дегенмен, олардың орнын толтыру үшін дәрігерлер біліктіліктерін арттыру курстарына жіберілуде. Сондай-ақ, жүрек-қан тамыры аурулары бар науқастар үшін арнайы 900-ден астам маман мен жедел медициналық жәрдем стациясының 328 фельдшері оқытылды, – дейді бұл ахуал туралы С.Бейсенбеков. Сонымен қатар, облыстық, қалалық және аудандық медицина мекемелерінің 28 невропатолог, реаниматологтар мен реабилитологтар сынды дәрігері Ресей Федерациясының Қазан қаласында «Инсультті диагностикалаудың жаңа технологиялары, емдеу және алдын алу» циклы бойынша арнайы курстарын өтіп келген екен.

Облыстағы жүрек-қан тамыр ауруларының ахуалы туралы жалпы ақпар берген дәрігерлер аталған дерт әлемнің көптеген дамыған елдерінде басты проблемаларының біріне айналып отырғанын айтады. Мемлекеттің басты капиталы – азаматтарын мүгедектікке шалдықтырып, ажал құштыратын бұл сырқат жер бетіндегі өлім-жітімнің 52 пайызына себеп болады екен. Осының әсерінен Еуропада жыл сайын 3 миллион адам қайтыс болса, Ресейде 1 миллион, ал Қазақстан 80 мыңға жуық азаматынан айрылады. Дерттің алдын алу тек әр азаматтың өзіне байланысты екенін айтқан ақ халаттылар жүрек жұмысын жүйесінен шығармай ұстау мен оны күтіп-баптаудың амалдарын жасауға кеңес береді.



2.2 Онкологиялық науқастардың ауруға қатынастарын зерттеу



Біз зертеуімізде 3 әдістеме қолданған болатынбыз. Олар: «Тобол» ауруға қатынас әдістемесі, Р.Лазарустың«Копинг-стратегия, «ЦТО» түстік қатынастар әдістемесі.

Бұл науқастардың соматикалық созылмалы аурулардың деген тұлғалық қатынасын анықтауға арналған жаңа тәжірибелік-психологиялық әдістерін жасауға негіз болды.

Мұндай тестік әдістеме, ауруға қатынс типтерін диагностикалауға бағытталған және ТОБОЛ деп аталады ол В.М.Бехтерев атындағы психологиялық институттың клиникалық лабороториясында құрылды, және сырқатты тұлғалық диагностикалауда және психологиялық жағдайды жіктеуде дәрігер –интернистердіңклиникалық психологтар және психоневрологтар мен көптеген клиникалық соматикалық профилде психоневрологтың, мүмкіндіктерімен тәжірибесінің жеткіліксіздігі себеп болды /Вассерман Л.И., Вукс А.Я., Иовлев Б.В., Карпова Э.Б., 1987/. Сұрақнаманы жасау технологиясы және оны практикада қолданудың әдістемелік нұсқауы 1987 жарық көрді. Аталған әдістемелік нұсқауда дәрігерлердің және клиникалық психологтардың қажеттіліктеріне байланысты психотерапияда емдеу және қалпына келтіру шараларының кешенінде және мамандарды лайықты дайындауды жүзеге асыру процесінде кеңінен қолданылатын осы әдістеменің қолданылмаған нұсқасы ұсынылады.

Әдістеменің сипаттамасы

Тобол әдістемесі сырқатқа қатынас типтерін анықтауға арналған, жоғарыда айтылғандай сырқатқа қатынас типтерін психологиялық диагностикалауға арналған. Мұндай диагностика жүргізуде сырқатқа қатынас типологиясын диагностикалада А.Е.Личко және Н.Я.Ивановтардың ұсыныстары қолданылды (1980). Әдістеме қатынастың келесі 12 типін: сеситивтілік, мазасыздық, ипохондрикалық, меланхоликалық, атаптикалық, әлсіздік, эгоцентрикалық, паранойяльды, анозогнозялық, дисфорикалық, эргопатикалық, және гармониялық анықтауға мүмкіндік береді. 12 сырқатқа қатынастың типтері үш блокқа біріктірілген. Типтерді блоктарға біріктіруде екі өлшем таңдап алынған: “адаптациялану –адаптациялана алмау”, науқастың сырқатқа қатынасына тұлғалық бейімделуініне әсерін көрсетеді және “интер–интрапсихикалық бағыттылық” адаптациялана алмау, бейімделе алмаушылық (егер қатынас бейімлеле алмаушылық сипатта болса). Сырқатқа қатынастың 12 типінің әрқайсысына қасқаша клиникалық –психологиялық және үш біріктірілген блоктарға сипаттама беру және 1 қосымшада берілген. ТОБОЛ әдістемесінің мазмұны сауалнама формасында құрылған, науқастың оның сырқатына байланысты қатынас типтері ол үшін мүмкін болатын анағұрлым маңызды жағдайлар мен өмірлік мәселелерді туралы тікелей және жанама ақпараттардың негізінде диагностикланады. Науқастың бұл қатынас ерекшеліктері тұлғаның жалпы қатынас жүйесінің 12 аясындағы шағын 12 жүйе ретінде зерттеледі. Қатынастың осы шағын жүйелері арқылы және әдістеме мазмұнының 12 тақырыбының құрылымының негізделген: сырқатқа, оны емдеуге, дәрігерге және медқызметкерлерге, туғаныдарымен, жақынадарына, қоршаған ортаға, жұмысына, оқуына, жалғыздыққа және келешегіне, сондай-ақ өзін-өзі бағалауына, өзін сезінуіне, көіл-күйіне, ұйқысына және тәбиетіне қатынасын зерттеуге негізделеді. Сауалнама 12 кесетеден тұратын бекітулерді («өзін сезіну», «көңіл- күй» т.б. өз ішіне қамтиды. Әрбір топтама өз кезегінде 10-16-ға дейін эксперт тобының клиникалық тәжірибе негізінде құрылған зерттелушілерге арналған бекітулерді ұсынады. Сырқатпен әдістеме арқылы жұмыс жасау барысында әрбір тақырып бойынша оған сәйкес келетін кемінде екі бекітуді тағдау ұсынылады.

Әрбір кесте топтамасы сонымен қатар «бекітулердің ешқасысы маған сәйкес келмейді» сияқты қосымша бекітулерден тұрады:

Сұрақнаманың осы сияқты түрлері қатынастың «ия» немесе «жоқ» деген жауапарды қолданатын 6 сұрақнамамен жұмысқа қарағанда қатынастар жүйесін айтарлықтай жеткілікті ашады және сырқатқа айтарлықтай мәнді сипаттарды табуға мүмкіндік береді. ТОБОЛ сұрақнамасының жұмыс ережесінің мәтіні 2 қосымшада берілген. Сұрақнамамен жұмыс жүргізу ережесі бойынша әрбір кесте –топтамадан оны бекітуге жақын келетін 2 бектітуді таңдау керек және қосымшада берілген үлгіге орай тіркеу парағанда таңдалған номерді шеңберге алу қажет.

Егер науқас қандайда бір тақырып бойынша екі бекітуді таңдай алмаса онда кесте –топтамадағы ең соңғы берліген бекітуді белгілеуі керек. Тіркеу парағын толтыру уақыты шектелмеген. Зерттелушілерді зерттеуді бір мезгілде шағын топпен өткізуге болады, олар бір-бірімен сөйлеспеуге келісім берген жағдайда. Бұдан басқа тіркеу қағазына науқас туралы дәрігердің және клиникалық психологтың алдында тұрған практикалық және зерттеу мәліметтер енгізіледі,мысалы толық сипатталған клиникалық диагноз және жетекші синдром, сырқаттың ұзақтығы мүгедектік, аурудың райы қарқыны,сырқатқа байланысты әлеуметтік және отбасылық статустағы өзгерістер т.б. Сырқатқа қатынас типінің диагностика алгоритмі 1 сұрақнама ның негізгі берілгені "Сырқатқа қатынас типі" білікті медициналық психолог және психоневрологтың қызметін моделдеу болып табылады, диагностикалық ережені жасаудың негізіне бейнелерді тану теориясының әдістері және түсініктер жатады. Сұрақнаманың диагностикалық ережесі білікті клиникалық психологтардың және психоневрологтардың сырқатқа қатынас типін диагностикалаудың анықталған нақтылығына орай құрылған. Тек осыған орай «оқыту» алгоритімі сұрақнама материалы 32 жоғары білікті эскперттерге жүргізілген: олар клиникалық психологтар, психотерапевтер, психоневрологотар, психиаторлар және терапевтер т.б. Эксперттер сұрақнаманы 12 типтен жоғары сипатқа сәйкес келген және ауруға қатынасы айқын көрінген науқастарға жүргізудыі жөн санаған.

Эсперттерден сұрақнаманы толтыру негізінде алыған хаттама мәліметтері статистикалық талдау жасауға бағыттылды. Сырқатқа қатынастың 12 типі эксперттердің сұрақнамадағы бекітулерімен таңдалып әрқайсысы үшін жиеліктерге қарай бөлініп алынды. Осының негізінде мәліметтер сұрақнаманың бірінші нұсқасына орай бастапқы диагностикалау коэфиценттері негізінде есептелді (1987).

Бұл диагностикалық коэфиценттер логаримфмикалық масштабта көрінеді. Диагностикалық алгоритм толығырыақ Э.Б.Карповтың “Разработка и клинико-психологическая апробация методики исследования системы отношений у больных хроническими соматическими заболеваниями”, атты еңбегінде жан- жақты берлген Л., 1986.

Эксперттердің сұрақнамадағы таңдаған әрбір бекітулері сұрақнаманы науқастың сырқатына қатынас типі «науқас үшін» толтыру беріледі. Эксперттер өте сирек немесе мүлдем таңдамаған диагностикалық коэфицент игерілген жоқ, және еолге тең болды. Диагностикалық коэфиценттер нолден үздік болған жағдайда бекітулерге ие болды қатынас типіне сәйкес келу үшін (сынақтық) мәнге ие болды.алғашқы нұсқада диагностикалық коэфиценттер 1-ден 5-ке дейінгі балдар арасында болды. Диагностикалық коэфиценттің көлемі, яғни эксперттер таңдаған бекітулер ретінде бар болған жиеліктер науқастың сырқатқа қатынасына сәйкес өзара келісімге келеді. Сұрақнаманың әрбір бекітулері сырқатқа қатынас типаімен сәйкес келетін бірнеше диагностикалық коэфицентті иеленеді.

Әдістемені жүзеге асыру диагностикалық коэфиценттерді нақтылаудан тұрады. Осы мақсатта сырқатқа қатынастың әрбір типі нолден ерекшеленген(«сынақтық») диагностикалық коэфиценттерден алынады Э мұндай сырқатқа қатынасқа сәйкес келетін 12 типке сәйкес келетін 12 тізім тізімді бекітулер кіреді.

Нақты диагностикалық коэфицентті қою үшін эксперттерге 28- тізім берілген болатын. Жоғарыда аталып көрсетілгендей диагностикалық коэфиценттердің бастапқы жүйесі науқатсрадың анықталған қатынас типтерінің толтырылған сұрақнамасы ретінд, эксперттердің жұмысының негізінде алынды. Жұмыстың жаңа кезеңінде эксперт тобының бастапқы жұмысының жылпы тәжірибесі шеттетілді. Олардың алдына снауқастың сырқатқа қатынас типін анықтауға берілген тізімге байланысты «сынақтық» бекітулердің әрқайсын диагностикалық жүйесі бес балдық сандық көрсеткіштерін бағалау міндеті қойылады. Осы тұрғыда алынған эксперттік бағалауға түзетулер енгізілді. Бұл түзетулер сұрақнама мақұлдауларының диагонстикалық мәнін бағалау міндеттері әрбір эсперттің когнитивті стилдерінің өзңндңк ерекшеліктерін есепке алуға бағытталады. Эксперттердің когнитивті стильдерінен жұмыс істеу үстінде екі жеке бес балдық шкала ерекшеліктеріне орай “жүйелі жоғарылау” немесе “жүйелілік төмендеу” оларға берілген баға және анағұрлым кең немесе тар диапазонын пайдалануға икем болады. Біріншіден эскперттердің қатынасты барлық бекітулер үшін жеке қабілеттерінің орташа көлемі (Мэ) оларға берілген баға (Rэ) белгілегенді. Екіншіден стандартты ауытқу (sэ) бұл бағалар (Rэ). Белгіленеді. Эксперттердің жұмыстарының стилдік ерекшеліктерін түзету үшін оларға берілетін бекітулердің диагностикалық мәні келесі формуладағыдай (Rэ – Мэ)/sэ, көрініс табады, яғни орталықтандырылған және қалыптандырылған. Осындай эксперттердің барлық бағалары қайта құрылу бір есеппен бір масштабта бірдей бастама алды, барлық бағалардың тұтастығы барлық міндеттерді шешуде нолге тең болды және стандартты ауытқу бірге тең болды.

Алынған түзетулер және эксперттердің жеке ерекшеліктерін ескере отырып ескере отырып және науқастың сырқатқа қатынас типінің диагностикалық мәніні бағалау үшін барлық эксперттердің орташа көрсеткіштерінің тұтастығына мән беру керек. Эксперттік бағалардың орташа жеке зерттелушілердің көлемі науқастардың сырқатқа қатынасын диагностикалау негізінде, жаңа нақтылаушы диагностикалық код құруды жүзеге асырылады. (4 қосымша). Зерттелушілер хаттамасы диагностикалық коэфиценттер қосындысында сипатталуы мүмкін, олардың әрқайсысы белгілі бір сырқатқа қатынас типі және жеке шкалада қарастырылуы мүмкін. Тұтас алғанда 12 психодиагностикалық шакла профилі науқастың сырқатқа қатынасының жеке аспектілерінің көп өлшемділігін және басқа да ұқсас психологиялық ММРІ сияқты әдістемелерде интерпретациялануы керек. Бұдан басқа сырқатқа байланысты қатынастыр жүйесінде сырқатқа реакциясының тұтас типін анықтауда маңызды мәнге ие. Диагностикалау ережесі сырқатқа қатынас типі ең үлкен көлеміне сәйкес шкалаға байлаысты көрсетуге негізделген. Осы сипатта сырқатқа қатынас типі жоғары немесе жоғары мәнді шаклада анықталуы мүмкін және шкалалық бағалаудың тұтастығына негізделе отырып (немесе олар араласқан жағдайда) диагностикалаудың нақты ережесі негізінде жасалады. Бар болған диагностикалық ереже басқа шкалалардың максималды шкаласын анықтауда, ал бағалар диагностикалық аймақта яғни келісілген белгілер бойынша салыстырылады. Егер бір шкала диагностикалық аймақта болса онда « таза тип» ретінде диагностикаланады, осы шкалаға сәйкес екі немесе үш «араласқан» ал үштен жоғары болса «диффузды» болып диагностикаланады. Егер диагностикалық аймаққа кез –келген үш шкала –гормониялық, эргопатикалық, немесе анозогнозикалық типтер енсе – қосымша бақылау жүргізілуі керек. Сырқатқа қатынасты барлық үш типтің барлығы, сырқатқа байлынысты бейімделудің бұзылуымен ерекшеленеді, бұл бейімделе алмаушылықты іздеуде 9 бекітуді таңдаудың болмайтынын белгілейді. Мұндай бекітулер мазмұны жағынан (*). Зерттелушілерді таңдауда (*) белгісі бойынша сәйкес келетін тип бойынша бағалау шкаласына тең нолге болады, және бұл тип «таза», немесе «араласқан» топқа енуші соңғы диагностикада жоққа шығарады. Мұндай сыратқа қатынасты анықтауға арналған «ТОБОЛ» әдістемесіне жалпы сипаттамалар диагноситканың алгоритімін жалпы сипаттайды. Аталған әдістеменің сенімділігі психологтар мен дәрігерлердің диагностикалық әдістерінің моделі ретінде құрылған және біліктілігі жоғары эксперттердің клиникалық –психологиялық диагностикасында жоғары деңгейді анықтайды.

Жүзеге асырылған әдістердің сенімділігі алғашқы жүргізілген нәтижелерге тәжірибеде бірініші топта қолданылған әдістерге қарағанда жаңа эксперттік топта айтарлықта жоғары көрсеткіштер берді. Жоғарыда айтылғандардың негізінде сырқаттың ауруға қатынасын анықтау әдістемесінің жаңа нұсқасы арқылы практик психологтар және психоневрологтар дәрігер интернистер өз жұмыстарынданақты мәліметтер алады Аталған сұрақнаманы мәліметтерін талдау. Шкалалық бағалау және олардың профилі туралы мәліметтер алу.

1. Талдау жасауда «Тексеру нәтижелері», бланкісі қолданылады,оның үлгісі 5 қосымшада көрсетілген.

2. Кесте бойынша код әрбіреу үшін тіркелу парағында белгіленеді диагностикалық коэффицент анықталады сосын «тексеру нәтижесі» бланкісіне енгізіледі.

3. Диагностикалық коэффициенттер әрбір бағана бойынша сәйкес сырқатқа қатынастың типтері 12 шкала бойынша бағалау «сомасы» графасына енгізіледі.

4. Бағалау шкаласының графикалық көлемі профил түрінде «Тексеру нәтижелері» блакнісінде бейнеленеді, ал көлденең 12 шкаланың әріптік белгілері, ал тігінене шкалалық бағалаудың сандық мәні орналастырылады. Сырқатқа қатынас типін сандық диагностикалау ережесі.

5. Егер де бекітулер арасында ең жоқ дегенде біреуі 10 белігіленген кодта (*), немесе шкалалаық көлем сырқатқа қатынас типі белгілер бойынша оған сәйкес шкалалық көлем де (гармонялық, эргопатикалық, анозогнозиялық) нолге тең болады және мұндай тип диагностикаланбайды.

6.Типтерді диагностикалау үшін шкалалар табылады (немесе шкалалар) диагностикалық коэфиценттердің қосындысы максималды мәнде анықталады сондай-ақ диагностикалық 7 балл аясында орналасатын профилді шкалалар да бар болады.

7.Максималды бағалау шкаласы біру болады, егер бағалар 7 баллдан жоғары болса онда тек қана осы шкалаға сәйкес келетін типтер диагностикаланады. Ерер диагностикалау жиілігі 7 баллға сәйкес болса осы шкаладан басқа баға тағы екі шкалаға түседі яғни араласқан тип оны құраушы шкаламен аталады.

8 араласқан типті диагностиклауда, оның қатарына гармониялық тип түседі ол құраушы тип ретінде қарастырылады. Осы орайда гармониялық тип тек «таза» тип ретінде қарастырылады, яғни осы тип ең жоғары баға алғанда және басқа шкалалар болмаса ол диагонстикалық жиелікке түседі.

9 Егер диагностикалық жиелік 7 баллға тең болса және ол ең аз дегенде үш шкалаға түсетін болса онда диффузды тип диагностикаланады.

2 –ші әдістеме:Лазарустың«Копинг-стратегия» сауалнамасы.

Копинг –стратегия, әр түрлі психикалық қызмет саласында кездесетін қиыншылықтарды жеңу үшін, копинг – механизімін анықтауға арналған әдістеме. Берілген сауалнама копингті өлшеу аумағындағы бірінші стандартталған әдістеме болып табылады.1988 ж Р.Лазарус және С.Фолкманосы әдістемені құрастырған, ал 2004 жылы Т.Л.Крюков, Е.В.Куфтяк, М.С.Замышляеваның бастауларымен бейімделген.

Әдістеме авторларының бекітуі бойынша өмірлік қиыншылықтарда ұстамды бола білу, тұрақты түрде өзгеріп отыратын когнитивті және күш салу мінез – құлығы индивидтің спецификалық сыртқы және (немесе) ішкі талаптарымен, оны сынға түсумен немесе оның ресурстарын арттыруымен бағаланатындығы көрсетті.Теріс өмірлік жәйттарда ұстамды бола алу мақсаты қиыншылықтарды жеңу, немесе оның теріс нәтижесін азайта алу, немесе бұл қиыншылықтарды болдырмау, немесе оларға шыдаудан тұрады.Саналы іс-әрекеттер стратегиясы арқылы – адекватты тұлғалық ерекшеліктерін және жағдайын,мақсатты әлеуметтік мінез-құлық тәсілдермен қиын өмірлік жағдайды (немесе стресс) жеңе алуға мүмкіндік беретінмінез-құлық ретіндегіиемденуінанықтауға болады. Бұл саналы мінез – құлық белсенді өзгеріске, жағдайды түрлендіруге, бақылауға мүмкіндік беретін немесе жағдай бақылана алмай жатқан кезде соған бейімделуге бағытталған.Осындай түсіністік жағдайында, олдені сау адамдар үшін әлеуметтік бейімделу маңызды болып табылады. Оның стильдері және стратегиясы,солардың көмегімен адамның өмірлік қиындықтардан шыға алатын саналы әлеуметтік мінез-құлықтың жекелеген элементтері ретінде қарастырылады.

Сыналушыға өмірде кездесетін қиыншылық жағдайдағы жүріс – тұрысқа қатысты 50 тұжырымжамалар ұсынылады.Сыналушы берілген нұсқадағы жүріс –түрыстың қаншалықты жиі кездесетінін бағалауы қажет.

1. әрбір субшкала бойынша ұпайларын есептейміз: ешқашан – 0 ұпай; анда –санда – 1 ұпай; кейде– 2 ұпай; жиі - 3 ұпай.

2. 1- ші формула бойынша есептейміз: X = ұпай соммасы / max ұпай*100

Сауалнама номері (реттілігі бойынша, алайда әр түрлі) әр түрлі шкала бойынша жұмыс істейді,мысалы, «конфронтативтікопинг»шкала сұрақтары - 2,3,13,21,26,37 және т.б. Мәні бойынша сұрақтардан сыналушы максималды 3 ұпай жинауы мүмкін, ал барлық субшкала сұрақтары бойынша максималды 18 ұпай, сыналушы 8 ұпай жинады:

(1)

- копингтің конфронтантылық кернеу деңгейі

3. Сомма ұпайы бойынша, оңай есептеуге болады:

0-6 – төмен кернеу деңгейі копингке бейімделу нұсқасын көрсетеді;

7-12 – орташа, шекаралық жағдайдағы тұлғаның адаптациялықпатенциалы;

    1. – копингтің жоғары кернеулігі,айқындезадаптацияны көрсетеді.

Кілт

  • Конфронтациондыкопинг - пункт: 2,3,13,21,26,37.

  • Дистанциондық- пункт: 8,9,11,16,32,35.

  • Өзін –өзі бақылау - пункті: 6,10,27,34,44,49,50.

  • Әлеуметтік қолдауды іздеу - пункті: 4,14,17,24,33,36.

  • Жауапкершілікті қабылдау - пункті: 5,19,22,42.

  • Қашу - жалтару- пункті: 7,12,25,31,38,41,46,47.

  • Мәселені шешу жоспарлау - пункті: 1,20,30,39,40,43.

  • Жағымды қайта бағалау - пункті: 15,18,23,28,29,45,48.

Субшкала сипаттамасы

  • Конфронтациондыкопинг. Жағдайды өзгертудегі агрессивті күш – жігерін көрсетеді. Қауып қатерге дайындығын және дұшпандықтың белгілі бір дәрежесін көздейді. Бұл стратегия әрқашан мақсатқа бағытталмаған мінез-құлық белсенділігі арқылы,жағдайды өзгертуге бағытталған нақтылы бір іс әрекеттер арқылы немесе туындаған қиыншылықтарға байланысты жағымсыз эмоцияларға әсер етуге байланысты мәселені шешуді көздейді.. Бұл стратегияның айқын көрінуінде мінез құлықтың импульсивтігі (кейде текетірестік және дауласушылық элементімен),дұшпандық, іс-әрекеттерді жоспарлау қиындығы, олардың нәтижесін болжау, мінез-құлық стратегиясын түзету, қисынсыз табандылығымен байқалады. Берілген стратегия көбіне адаптивті емес ретінде қарастырылады, алайда бұл стратегияны дұрыс пайдаланғанда, тұлғаның қиыншылықтарға төтеп беруге қабілетті қамтамасыз етеді, белсенділік және мәселені шешудегі кәсібилікті,өз мүдделерін қорғай білу, стрессогендік жағдайда үреймен күресуді қамтамасыз етеді.

Жағымды жақтары: стрессогенді әсерге және қиыншылықтарға белсенді қарсы тұру мүмкіндіктері басым.

Жағымсыз жақтары:жеткіліксіз мақсаттылық және мәселелік жағдайдағы мінез-құлықтың ұтымды негізділігі.

  • Дистанциондық. Жағдайдан алыстауға және оның маңыздылығын азайтуға бағытталған когнитивті күш - жігері.Бұл стратегия мәселеге байланысты туындаған негативті уайымды оның субъективті маңыздылығын төмендету және оған эмоционалды тартылу дәрежесі арқылы талпынысын болжамдай отыра жеңуді көздейді. Интеллектуалдық тәсілдерді ұтымды қолдану,назарды ауыстыру, шеттеушілік, әзіл, құнсыздандыру және т.б тән болып келеді.

Жағымды жақтары: фруструацияға қарқынды эмоционалды реакцияларды алдын алу және қиын шешілетін мәселеде субъективті маңыздылығытөмендету мүмкіндігі.

Жағымсыз жақтары: өз уайымын құнсыздандыру ықтималдығы, маңыздылығын бағаламау мен проблемалық жағдайларда мүмкіндіктерін пәрменді жою

Өзін –өзі бақылау. Өзінің сезімдерін және іс – әрекетін бақылауға бағытталған күш –жігер.Бұл стратегия мәселеге байланысты туындаған негативті уайымдауды мақсатылы түрде басу және эмоцияны тежеу, олардың жағдайды бағалау әсерін азайту және мінез - құлық стратегиясын таңдау, мінез -құлықты жоғары бақылау, байсалдылыққа ұмтылу, жеңу әрекеттерін көздейді. Өзін-өзі бақылау стратегиясын айқын көрушілік кезінде тұлғада айналадағылардан өзінің уайымын жасыруға талпынысы және мәселелік жағдайға байланысты ниеттілік байқалады. Мұндай мінез - құлық өзін - өзі ашуға қорқыныштың барына, өзіне тым қатал қарайтындығын, мінез - құлықтың жоғары бақылауына әкеледі.

Жағымды жақтары: эмоционалды импульсивті әрекеттерден қашу мүмкіндігі, мәселелік жағдайда ұтымды тәсілді иемдену.

Жағымсыз жақтары: уайымдауды білдіру қиындығы, мәселелік жағдайға байланысты әрекетшілдік және қажеттілік, мінез – құлықтың жоғары бақылаушылығы

Әлеуметтік қолдауды іздеу. Әрекетшіл және эмоционалды қолдауды, ақпараттық ізденістер күш - жігері. Бұл стратегия мәселенішешуге сыртқы (әлеуметтік) қорларынтартуесебінен, ақпараттық іздеу, эмоционалдық және пәрменді қолдау әрекеттерін көздейді. Өзге адамдармен қатынас кезінде назар аударуды, кеңестің, жанашырлықты күту бағыттылығы тән болып табылады. Көбіне ақпараттық қолдауды іздеу, респондент тұрғысынан қажетті білімді иемденуші сарапшылар мен таныстарына жүгінуді көздейді. Эмоционалдылық қолдауға сүйену талпынысы негізінен, өз алаңдаушылығын біреумен бөліскенін қалайды, біреу тыңдағанын қалайды. Іздеу кезінде көбінесе пәрменді қолдау нақты іс-әрекеттерімен көмек қажеттілігі жетекші болып табылады.

Жағымды жақтары: мәселелік жағдайды шешуде сыртқы рессурстарды қолдану мүмкіндігі.

Теріс жақтары:тәуелділік позициясының қалыптасуы немесе қоршаған ортадан шектен тыс көп нәрсе күту.

Жауапкершіліктіқабылдау. Мәселені шешудегі өз рөлін мойындау.Бұл стратегия субъектінің туындаған мәселедегі өз рөлін және оны шешудегі жаупкершілігін мойындауын қарастырады. Бұл стратегияны дұрыс мөлшерде қолдану тұлғаның өзіндік әрекеттері арасындағы тәуелділігін түсіну талпынысын және оның нәтижелігін, өзінің мінез – құлығындағы анализ жасау дайындығын, жеке кемшіліктерімен қиындықтарының себептерін іздеуін көрсетеді. Сонымен қатар, осы стратегияның мінез-құлықтағы айқындылығы, ақталмаған өзіндік сынға, уайымдау кінәлау сезіміне және өзімен қанағаттанбау сезіміне әкелуі мүмкін.

Жағымды жақтары: өзекті қиындықтар туындаған кезде өзінің тұлғалық мүмкіндіктерін түсіну.

Теріс жақтары:ақталмаған өзіндік сынның болуы және шектен тыс жауапкершілікті қабылдау

Қашу - жалтару. Ойша бағыттылық және жүріс - тұрыс күш жігері, мәселеден қашуға немесе жалтаруға бағытталған.

Берілген стратегия қашу типі бойынша әсер ету арқылы қатынасында, тұлғаның негативті уайымдарын жеңу амалдарын болжайды, оларға мәселелерді жоққа шығару, қиялдау, күтуі болмағанда және т.б. ұашу стратегиясының анық артықшылығын көру отыру негізінде стресстік жағдайлардағы эмоционалды қысымды төмендету мақсатында жүріс – тұрыстық құрылымға сай емес формалары байқалады, мәселелерді жоққа шығару немесе толықтай елемеу (игнорирование), жауапкершіліктен қашу және туындаған қиындықтарда шешім қабылдау әрекетінен қашу, және туындаған қиындықтарда шешім қабылдау әрекеттерінен қашу, енжарлық, шыдамсыздық, тітіркенуінің артуы, қиялға бойұсыну, тамақты артық көп мөлшерде жеу, ішімдікті пайдалану және т.б. Сыналушылардың көбінде бұл стратегия адаптивті емес болып қарастырылады, алайда бұл жағдай нақты жағдайларда, әсіресе қысқа мерзімді перспективадағы ерекшеліктерінде және өткір стрессогенді жағдайларда оның пайдасын жоққа шығармайды.

Жағымды жақтары: стресстік жағдайдағы эмоционалды қысымның тез төмендеу мүмкіндіктері.

Жағымсыз жақтары: мәселелерді шешу мүмкіндіктің болмауы, қиындықтардың қорлану мүмкіндігі, эмоционалды дискомфорттан төмендеуі бойынша алдын ала қооданылатын әрекеттердің қысқа уақыттық эффектісі.

  • Мәселені шешу жоспарлау. Еркін проблемалық-назар аудару жағдайын өзгерту бойынша күш-жігерін қамтитын талдамалық көзқарас мәселесі.

  • Жағымды қайта бағалау. Өзінің тұлғалық өсуінеоң мағыналық назар аударуын құру күш –жігері. Сондай – ақ, діни өлшемдерді қосады.

Түстің адамға физиологиялық, психологиялық тұрғыдан әсер ететіні белгілі. Ұзақ уақыттан бері өнер, эстетика, гигиена өндірістерінде түстің әсері ескерілуде. Адамның түске деген эмоционалдық қатынасы талғамымен (таідауымен), оны ұнатуы немесе селқостық танытуымен, немесе одан бас тартуынан (жағымсыз бағалауымен) сипатталатындықтан ол психодиагностикада да ескеріледі. Люшер тесті сыналушының түсті таңдауы белгілі іс әрекет түріне бағыттылығын, көңіл – күйін, функционалдық жағдайы мен едәуір тұрақты мінез бітістерін бейнелейтіні туралы болжамға негізделеді.


1 сурет. «Болашақ, денсаулық, өмір, отбасы» сөздеріндегі таңдалған түс көрсеткіштері



Бұл әдісте зерттеу негізінде «мен», «денсаулық», «өмір», «жанұя», «ауру», «болашақ», «аурухана» 7 сөз алынды. Зерттеу нәтижесі көрсеткендей1 таңдамның «топтық профилінде» болашақ, денсаулық, өмір, жанұя сөздерінде бірінші түс ретінде жасыл мен қызыл түс таңдалынды ( 1 сурет). Бұл жетістікке, өз бетінше шешім қабылдауға белсенді ұмтылу, іс әрекеттердегі кедергілерді жеңуді көздейді.

1- ші позицияда таңдалған түс мақсатқа жету амалдарын бейнелейді, яғни бұл жерде сенімділік сезімін, табандылықты, кейде бірбеткейлікті бейнелейді.

2 - ші позицияда сыналушының талпынған мақсатын көрсетеді, бұл жерде таңдалған түс еріктің күшін, шабуыл жасауға бейімділікті, қозуды бейнелейді, яғни белсенді әрекет етуге және табысқа жетуге қажеттілік.

3 – ші және 4 – ші позиция сыналушының түсті ұнатуын сипаттайды және сыналушының өзі түскен шынайы жағдайы немесе жағдайдың әсерінен туындайтын әрекет бейнесін сезінуін көрсетеді. Өмір, жанұя және болашақ сөздерінде 3 – ші және 4 – ші позицияда күйзеліске жақын жағдай, эмоционалдық жағымсыз уайым, қорғансыздық сезімі, яғни науқастарды ауру қажытқандығы көрінседе, алайда болашаққа деген, жақсылыққа деген үміт, арманға деген қажеттілік сенімі олардың рухы биік мықты адамдар екендігін көрсетеді.



2 сурет. «Мен» сөзіне 1 – ші және 2-ші таңдамадан шыққан көрсеткіштер



5 – ші және 6 – ші түске деген селқостықты, бейтарап қатынасты көрсетеді. Сыналушының өз жағдайын, көңіл күйін, мотивтерін бұл түстермен байланыстырмайтынын білдіреді. Дегенмен, бұл позиция белгілі бір жағдайда түске қосымша түсіндірме беруі мүмкін. Өмір және отбасында сезімдік үйлесімдікке талпынудың қанағаттандырылмауы салдарынан туындайтын жағымсыз күй.

7 – ші және 8 – ші түске деген жағымсыз қатынасты, осы түс бейнелейтін қандайда бір қажеттілікті, мотивті, көңіл күйді басуға талпынысты сипаттайды. Өмір және отбасында жағымсыз жағдайдан шығуға ұмтылыс, жақсы болашаққа деген үмітті көрсетеді

1- ші таңдамада «Болашақ »және де «өмір» сөздерінде 1- ші және 2 - ші позициясында жасыл және қызыл түстері орын алды, бұл кезде біртұтастық сезімі, белсенді және әрқашан түсінікті бола бермейтін жақын қарым – қатынасқа деген талпынысты сипаттайды. Өзгелердің назарына деген қажеттілік бар екенін айқын бейнелейді ( 1 сурет).

Ал, «мен» сөзінде1- ші және 2 - ші позициясында көк және сұр түстері белгіленді, бұл науқастардың жағымсыз күй, күйзелістен босануға деген қажеттілік, демалуға, тыныштыққа ұмтылуын көрсетеді.


3 cурет. 1- ші, 2 -шітаңдамадан «Ауру » сөзі және 2 –ші таңдамадан «болашақ » сөзіненшыққан көрсеткіш



2 таңдамада «топтық профиль» қатарында «мен» сөзіне жасыл мен сары түсті таңдаған, яғни, бұл күрделі жағдайдағы ерік күшінің икемділігін сипаттайды, сөйтіп жұмысқа қабілеттілікті сипаттайды және де сары түс жетістікке деген үмітті, жұмысқа араласудан кездейсоқ қанағаттануды, болашақтағы жұмысқа бағдарлануды бейнелейді (2 сурет).


4 сурет. «Аурухана» сөзінен 1-ші және 2-ші таңдамадан шыққан нәтижелер

«Ауру» сөзіне келгенде науқастардың топтық профилінде 1- ші және 2 - ші позициясында, олар сұр және көк түсті таңдады. Бұл кейбір қиыншылықтар, жағымсыз сезімдерге қарсы тұруға деген талпынысты көрсетеді.«Ауру» сөзінде 2 - ші таңдамада 1- ші және 2 - ші позициядақызыл және жасыл түс орналасты, күткен жағдайдан көңілі қалумен байланысты туындайтын күйзеліс, эмоционалдық қозуды көрсетеді (3 cурет).

«Аурухана» сөзінде әдістеменің нәтижесін зерттеу кезінде топтық профиль бойынша бұл 1 таңдамада 1- ші және 2 - ші позициясда жасыл және көк түс шықты, яғни, бұл жағымды көңіл күй, мойындатуға, табысқа әкелетін іс әрекетке ұмтылуды көрсетеді.

«Аурухана» сөзінде 2 –ші таңдамада1- ші және 2 - ші позицияда қара және көк түс орналасты, бұл жағымсыз жағдайдан шығуға деген талпынысты көрсетеді (4 сурет).



5 сурет. «Отбасы», «өмір», «денсаулық» сөздерінен 2 – ші таңдама көрсеткіштері

«Жанұя» сөзінде 2 –ші таңдамада сары және көк түс 1- ші және 2 - ші позицияда орын алды, бұл жалпы көңіл күй қалыпты, көңілді эмоционалды күйге ұмтылыс, ұстамдылықты көрсетеді.«Денсаулық» сөзінде көк және қызыл түс 1- ші және 2 - ші позицияда орналасты, бұл тежеуге болатын қозушылық, болашаққа сенімін жоғалту, жүйкенің әлсіреу мүмкіндігін көрсетеді (5 сурет).

Қорыта келе науқас адамдар өмірінде кездескен дертін өз еркімен жанұясымен біріге отырып жеңетіндігіне сенеді, соған талпынады, ауруханада емделу арқылы, онда жұмыс атқаратын дәрігерлермен, қызметкерлердің көмегімен өмірін ұзартуға құлшыныс бар екендігі топтық профиль бойынша басым шыққан түстер арқылы аңғаруға болады. Ал, жүрек қан тамыр аурулары бар ересек адамдар өмірге оптимистті түрде қарайтындығын, ауруға агрессивті, ауруханада өзін жағымсыз сезінетіндігін таңдалынған түстерден көруге болады. Олардың басты мақсаты өз – өзін бекіту, көптеген жетістіктерге жеткісі келетіндігі, денсаулығы аса қатты мазаламайтындығын көреміз.



2.3 Онкологиялық науқастардың копинг-стратегиялары мен ауруға қатынас типтері



Копинг-стратегияның басымдылығын анықтаудың келесі әдістемесі Лазарустың «Копинг-стратегия» сауалнамасы нәтижелері (2-ші кестеде келтірілген).


2 кесте

Эксперименталды және бақылаушы таңдамалардағы копинг-стратегиялар (Лазарус)


Копинг-стратегиялар

Эксперименталды таңдама (1 таңдама)

Бақыланушы таңдама (2 таңдама)

конфронтационды копинг

9 %

3%

дистанциялану

21 %

20%

өзін өзі қадағалау копингі

7 %

23%

әлеуметтік демеуді іздеу

15 %

9%

жауапкершілікті қабылдау

6 %

6%

қашу – жалтару

32 %

11%

мәселені шешуді жоспарлау

4 %

20%

жағымды асыра бағалау

5 %

8%


Эксперименталды таңдама сыналушыларының Лазарус бойынша стратегия ерекшелігі келесідей: сыналушылардың басым көпшілігінде «қашу – жалтару» стратегиясы байқалады (32%). Яғни, мәселеден қашуға немесе жалтаруға бағытталған ойша ұмтылыс және жүріс тұрыстық әрекеттер.

Сыналушылардың 21% «дистанциялану» стратегиясы басым көрінеді. Ситуациядан ара қашықтық сақтап, оның мәнділігін азайтуға бағытталған когнитвиті әрекеттер.

Келесі 15% сыналушыларда «әлеуметтік демеуді іздеу» стратегиясы басым екені анықталды. Яғни, ақпараттық, әрекеттік және эмоционалды демеулерді іздеуге байланысты жұмсалатын күш-жігерлер.

Сыналушылардың келесі 9% «конфронтационды копинг» стратегиясы басым болды. Ситуацияны өзгертуге байланысты агрессивті жұмсалатын күш-жігерлер. Тәуекелге қатысты белгілі бір дайындық пен жаугершіліктік дәрежесін анықтайды.

Сыналушылардың келесі 7% «өзін өзі қадағалау копингі» стратегиясын көрсетіп отыр. Яғни, өзіндік сезімдері мен әрекеттерін қадағалауға байланысты күш-жігерлер.

Эксперименталды таңдама сыналушыларының 6% басып копинг стратегиясы «жауапкершілікті қабылдау» болып табылды. Яғни, ұқсас тақырыптағы мәселелерді шешудегі өзінің рөлін мойындау.

Онкологиялық дертке шалдыққан сыналушылар тобының келесі 5% «жағымды асыра бағалау» копинг стратегиясын көрсетті. Өзіндік тұлғасының өсуіне байланысты мәселеге жағымды мағына тудыру әрекеттері. Сонымен қатар, діни өлшемдерді де ендіреді.

Осы топ сыналушылардың соңғы 4% «мәселені шешуді жоспарлау» копинг стратегиясын таңдады. Яғни, мәселеге қатысты аналитикалық көзқарасты ендіретін, ситуацияны өзгертуге байланысты еркін мәселелік-фокусталған күш-жігерлер.

Бақыланушы таңдама сыналушыларының Лазарус классификациясы бойынша стратегияларының үлестірілу ерекшелігі келесідей (6суретте келтірілген).


6 сурет. Лазарус бойынша копинг-стратегиялардың үлестірілуі


Жүрек ауруларына шалдыққан сыналушылар тобының 23% «өзін өзі қадағалау копингі» стратегиясы басым. Яғни, өзіндік сезімдері мен әрекеттерін қадағалауға байланысты күш-жігерлер.

Бақыланушы таңдама сыналушыларының 20 % «дистанциялану» стратегиясының басымдылығын көрсетті. Яғни, ситуациядан ара қашықтық сақтап, оның мәнділігін азайтуға бағытталған когнитвиті әрекеттер.

Осы таңдама сыналушыларының тағы да келесі 20% «мәселені шешуді жоспарлау» копинг стратегиясын таңдап отыр. Бұл өз алдына олардың бойындағы мәселеге қатысты аналитикалық көзқарасты ендіретін, ситуацияны өзгертуге байланысты еркін мәселелік-фокусталған күш-жігерлерін танытып отыр.

Сыналушылар тобының келесі 11% «қашу – жалтару» стратегиясы байқалып отыр. Мәселеден қашуға немесе жалтаруға бағытталған ойша ұмтылыс және жүріс тұрыстық әрекеттер.

Бақылау тобының сыналушыларындағы келесі 9% «әлеуметтік демеуді іздеу» стратегиясын танытып отыр. Бұл өз алдына ақпараттық, әрекеттік және эмоционалды демеулерді іздеуге байланысты жұмсалатын күш-жігерлердің басым екенін көрсетеді.

Аталған сыналушылар тобының 8% «жағымды асыра бағалау» копинг стратегиясын көрсетті. Яғни, өзіндік тұлғасының өсуіне байланысты мәселеге жағымды мағына тудыру әрекеттері. Сонымен қатар, діни өлшемдерді де ендіреді.

Бақыланушы таңдама сыналушыларының келесі 6% басып копинг стратегиясы «жауапкершілікті қабылдау» болып табылады. Яғни, ұқсас тақырыптағы мәселелерді шешудегі өзінің рөлін мойындау.


3 кесте

Тобол әдістемесі бойынша шкала көрсеткіштері


№

ТОБОЛ (ауруға қатынас типі)

Онколологиялық науқастар

Жүрек қан-тамыр науқастары

Стьюденттің t – критериі

Мәнділік деңгейі

t

p

1

Гармониялық (Г)

11,4

8,6

0,9

p> 0,05

2

Эргопатиялық (Р)

16,6

12,3

2,7

p < 0,05

3

Азоногнозиялық (З)

6,5

4,5

0,9

p> 0,05

4

Үрейлі (Т)

7,2

6,1

0,5

p> 0,05

5

Ипохондриялық (И)

7,4

6,7

0,5

p> 0,05

6

Неврастениялық (Н)

7,4

5,7

1,5

p> 0,05

7

Меланхолиялық (М)

6,1

4,8

1,1

p> 0,05

8

Апатиялық (А)

3,4

3,0

0,3

p> 0,05

9

Сенситивті (С)

10,1

10,6

0,3

p> 0,05

10

Эгоцентрикалық (Я)

6,5

5,6

0,6

p> 0,05

11

Паранойялды (П)

3,2

3,4

0,2

p> 0,05

12

Дисфориялық (Д)

2,5

4,4

2,1

p < 0,05


Осы сыналушылар тобының нақты әдістемеге қатысты соңғы 3% «конфронтационды» копинг стратегиясының басым екенін көрсетіп отыр. Бұл өз алдына олардың бойындағы ситуацияны өзгертуге байланысты агрессивті жұмсалатын күш-жігерлердің басымдығын білдіреді. Тәуекелге қатысты белгілі бір дайындық пен жаугершіліктік дәрежесін анықтайды.

Сонымен осы әдістеме нәтижелерін салыстыратын болсақ, онкологиялық дертке шалдыққан сыналушыларда мәселелерді шешудегі басты копинг стратегиялары «қашу-жалтару», «дистанциялану» болса, жүрек ауруларына шалдыққан науқастардағы басым копинг-стратегиялар келесідей: «өзін-өзі қадағалау», «дистанциялану», «мәселені шешуді жоспарлау» (3 кестеде келтірілген).

Науқастардың ауруға қатынасын зерттеу нәтижелеріне келетін болсақ, олардың ерекшеліктері келесідей.

Стъюденттің t – критериі көмегімен алынған нәтижелердің талдауы онкологиялық ауруға шалдыққан науқастар мен жүрек қан-тамыр ауруларына шалдыққан науқастардың ауруға қатынастары араларындағы өзгешеліктерді анықтауға мүмкіндік берді.

Зерттеу нәтижесінде таңдамалар нәтижелері араларында ауруға қатынас типтерінің эргопатиялық және дисфориялық түрлері араларында өзгешеліктері бар екені анықталды.

Эргопатиялық тип бойынша онкологиялық науқастардың нәтижелері басымдықты танытып отыр. Бұл тип бойынша онкологиялық науқастардың жүрек науқастарын қарағанда 35%-ға жоғары екені анқталды.

Бұндай қатынас келесі қылықтармен ерекшеленеді: жүрек науқастарына қарағанда онкологиялық науқастар өз дертіне қарамастан кез келген әрекетті жалғастыруға тырысады. Ол оқу, хобби, жұмыс және т.б. болуы мүмкін. Яғни, бұл бір жағынан оларға аурулары жайында бір мезгіл ұмытуға көмектесетін істерін одан бетер шешімділікпен жалғастыруымен байланысты болуы мүмкін.

Жүрек қан-тамыр ауруларына шалдыққан науқастар өз дерттеріне дисфориялы тип түрінде қатынастарын білдіреді. Осы қатынас типі бойынша көрсеткіштері онкологиялық науқастар нәтижелеріне қарағанда 73%-ға жоғары екені анықталды.

Оларға түнерген-ызалы көңіл-күй тән, олар өздеріне ерекше назарды талап етеді және кез келген ем шара әрекеттеріне күдікпен қарайды. Онкологиялық науқастармен салыстырғанда олар өздерінің аурулары үшін кінәні басқаларға артуға дайын тұрады, сау адамдарға қызығушылықпен қарайды.



Қорытынды



Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың еліміздің халқына Жолдауында 2030 жылға дейін экономикалық-әлеуметтік биіктерге көтерілу үшін рухани байлықтың, денсаулықтың қажеттігі атап көрсетілгені мәлім. Менің бұл тақырыпты таңдауыма, Жолдаудағы "Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты" бағдарламасы айрықша әсер етті. Шынында да, қазақ "Тазалық - саулық негізі, саулық - байлық негізі" деп бекер айтпаса керек. Гүлденген экономиканы дені сау, саналы азаматтар жасайды. Сондықтан таңдалған тақырыбымның өзектілігі, жолдаудағы салауатты өмір салтын қалыптастыруға негізделетін түрлі шараларды жүргізумен айқындалады. Осыған орай, күнделікті өмірде әрбір адам үшін өзекті, психологиялық тұрғыда, өзінің эмоциялары мен сезімдерін ретке келтіріп тұрудың қаншалықты денсаулыққа әсер ететіндігін анықтау, менің бойымда қызығушылық тудырды. Осыған орай, менің мұндай күрделі тақырып алуыма әсер еткен ерекшелік ретінде, күнделікті өмірде әртүрлі шараларды ескеретін болсақ, мұндай ауыр сырқаттардан қаншалықты өз өзімізді сақтай аламыз деген ой толғаныстары болды.

Көп аурулардың арасында адамның өміріне тікелей қауіп туғызатын-бұл қатерлі ісік ауруы.

Қатерлі ісік тез өсіп, шірітіп, дененің бір жеріне ғана тоқтамай белгілі мерзім аралығында қан және лимфа тамырлары арқылы басқа мүшелерге тез тарайды.

Талайдың тағдырын талқан еткен кесел – қамтерлі ісікке шалдыққандар жыл санап артып барады. Бұл ауру кейінгі жылдары жастар арасында да кездесуде. Елімізде жыл сайын 30 мыңға жуық тұрғын осы дерттің тырнағына ілінеді.

Өлім-жітім көрсеткіші бойынша қатерлі ісік аурулары жүрек қантамырлары аурулары мен жарақаттану жағдайларынан кейін үшінші орынды иеленуде.

Мәселенің заманауи қалпын талдау 30 әдебиеттерге сүйене отырып науқастың онкологиялық дерт жағдайына тұлғалық әсер ету ерекшеліктері көбінесе эмоционалды салада айқын көрініс беретінін және науқастың өз дертіне деген қатынасы оның эмоционалды қалпына байланысты екенін болжамдауға мүмкіндік береді.

Ғылым алдында тұрған міндеттердің бірі –рак мәселесін шешу, онымен ауыратын адамдарды емдеу, және оның себептерін анықтау болып табылады. Оқымыстылар –жаратылыстанушылар онкологиялық аурулардың дамуына ықпал ететін факторлар немесе сбебептерді анықтау арқылы сырқаттардың өмірін ұзартауда табыстарға жетіп кейбір жағдайларды жоюда туындайтын негізгі мәселе үшін: неге адамдар ауырады, ал осы жағдайда өмір сүріп отырған кейбір адамдарда мұндай ауру жоқ? - жабық есік болып отыр.

Аурудың дамуының психологиялық фактордың ролін, сондай-ақ сауығуы онкологиялық сырқаттарды жұмыс істейтін дәрігер-практиканттар қажетті деңгейде бағалай алмайды.

Еліміздегі ең өзекті мәселенің бірі – онкологиялық аурулардың алдын алу. Статистикалық көрсеткіштерге келер болсақ, бұл дерттен болатын өлім саны басқа аурулармен салыстырғанда республика көлемінде өте жоғары және оның салдары халықтың өсімі мен өмір ұзақтығына тікелей әсер етіп отыр. Ресми деректерге сүйенсек, әрбір бесінші қазақстандықтың обырдан зардап шегу қаупі бар.Сонымен, қазіргі таңда елімізде болып жатқан күрделі жаңалықтар, өзгерістердің онкологиялық аурулармен ауыратын ересек адам мәселесіне де байланысты екендігі айқын.

Онкологиялық дерт басқа да ауыр дерттер сияқты науқастарда психологиялық созылмалы стрессті тудырады. Оларды аурудың ағымы қалай өтетіндігі және оның өмірге қаншалықты қауіпті екендігі алаңдатады, себебі, адамдар арасында онкологиялық дерт –емделмейтін ауру дегендей теріс ойлар қалыптасқан.Психологиялық стресспен қатар жүретін теріс эмоциялар, безушілік немесе депрессия аурудың ағымын ауырлатуы мүмкін. Дүниежүзілік ғылыми әдебиеттерде кездесетін психологиялық стресстің онкологиялық науқастарға әсері туралы мәліметтер аурудың ағымы ғана емес сондай - ақ науқастың әлеуметтік психологиялық қалпына келуі, оның отбасында және қоғамда белсенді, толыққанды өмірге оралуы, дерттің қайтадан қайталану қаупінің төмендеуі көбінесе адамның ауруға деген қатынасына, оның рухани қалпына, еркіне, дертпен күреске бағытталған белсенді ұстанымына байланысты екендігін дәлелдейді.

Сонымен, онкологиялық дертке шалдыққан науқастардың ауруға қатынастары мен копинг - стратегияларының өзара байланыстарын зерттеуүшін біз эксперементaлды зерттеу жүргіздік.

Тәжірибелік зерттеу бaрысындa aлынғaн нәтижелеркелесідей қорытындылaрды қaлыптaстыруғa мүмкіндік береді:

Бірінші кезекте онкологиялық дертке шалдыққан науқастардың ауруға деген эмоционалды қатынасын зерттеу мақсатында «ЦТО» түстік қатынастар әдістемесі жүргізілді. ЦТО әдістемесінің нәтижесі бойынша келесідей қорытынды алынды: науқас адамдар өмірінде кездескен дертін өз еркімен жанұясымен біріге отырып жеңетіндігіне сенеді, соған талпынады, ауруханада емделу арқылы, онда жұмыс атқаратын дәрігерлермен, қызметкерлердің көмегімен өмірін ұзартуға құлшыныс бар екендігі топтық профиль бойынша басым шыққан түстер арқылы аңғаруға болады. Ал, жүрек қан тамыр аурулары бар ересек адамдар өмірге оптимистті түрде қарайтындығын, ауруға агрессивті, ауруханада өзін жағымсыз сезінетіндігін таңдалынған түстерден көруге болады. Олардың басты мақсаты өз – өзін бекіту, көптеген жетістіктерге жеткісі келетіндігі, денсаулығы аса қатты мазаламайтындығын көреміз.

Келесі онкологиялық дертке шалдыққан науқастардың ауруғе деген копинг механиздерін анықтау мақсатында Лазарустың «Копинг-стратегия» сауалнамасы өткізілді. Сауалнама нәтижелері келесідей қорытынды көрсетті:

Эксперименталды таңдама сыналушыларының Лазарус бойынша стратегия ерекшелігі келесідей: сыналушылардың басым көпшілігінде «қашу – жалтару» стратегиясы байқалады (32%). Яғни, мәселеден қашуға немесе жалтаруға бағытталған ойша ұмтылыс және жүріс тұрыстық әрекеттер.

Сыналушылардың 21% «дистанциялану» стратегиясы басым көрінеді. Ситуациядан ара қашықтық сақтап, оның мәнділігін азайтуға бағытталған когнитвиті әрекеттер.

Келесі 15% сыналушыларда «әлеуметтік демеуді іздеу» стратегиясы басым екені анықталды. Яғни, ақпараттық, әрекеттік және эмоционалды демеулерді іздеуге байланысты жұмсалатын күш-жігерлер.

Сыналушылардың келесі 9% «конфронтационды копинг» стратегиясы басым болды. Ситуацияны өзгертуге байланысты агрессивті жұмсалатын күш-жігерлер. Тәуекелге қатысты белгілі бір дайындық пен жаугершіліктік дәрежесін анықтайды.

Сыналушылардың келесі 7% «өзін өзі қадағалау копингі» стратегиясын көрсетіп отыр. Яғни, өзіндік сезімдері мен әрекеттерін қадағалауға байланысты күш-жігерлер.

Эксперименталды таңдама сыналушыларының 6% басып копинг стратегиясы «жауапкершілікті қабылдау» болып табылды. Яғни, ұқсас тақырыптағы мәселелерді шешудегі өзінің рөлін мойындау.

Онкологиялық дертке шалдыққан сыналушылар тобының келесі 5% «жағымды асыра бағалау» копинг стратегиясын көрсетті. Өзіндік тұлғасының өсуіне байланысты мәселеге жағымды мағына тудыру әрекеттері. Сонымен қатар, діни өлшемдерді де ендіреді.

Осы топ сыналушылардың соңғы 4% «мәселені шешуді жоспарлау» копинг стратегиясын таңдады. Яғни, мәселеге қатысты аналитикалық көзқарасты ендіретін, ситуацияны өзгертуге байланысты еркін мәселелік-фокусталған күш-жігерлер.

Бақыланушы таңдама сыналушыларының Лазарус классификациясы бойынша стратегияларының үлестірілу ерекшелігі келесідей.

Жүрек ауруларына шалдыққан сыналушылар тобының 23% «өзін өзі қадағалау копингі» стратегиясы басым. Яғни, өзіндік сезімдері мен әрекеттерін қадағалауға байланысты күш-жігерлер.

Бақыланушы таңдама сыналушыларының 20 % «дистанциялану» стратегиясының басымдылығын көрсетті. Яғни, ситуациядан ара қашықтық сақтап, оның мәнділігін азайтуға бағытталған когнитвиті әрекеттер.

Осы таңдама сыналушыларының тағы да келесі 20% «мәселені шешуді жоспарлау» копинг стратегиясын таңдап отыр. Бұл өз алдына олардың бойындағы мәселеге қатысты аналитикалық көзқарасты ендіретін, ситуацияны өзгертуге байланысты еркін мәселелік-фокусталған күш-жігерлерін танытып отыр.

Сыналушылар тобының келесі 11% «қашу – жалтару» стратегиясы байқалып отыр. Мәселеден қашуға немесе жалтаруға бағытталған ойша ұмтылыс және жүріс тұрыстық әрекеттер.

Бақылау тобының сыналушыларындағы келесі 9% «әлеуметтік демеуді іздеу» стратегиясын танытып отыр. Бұл өз алдына ақпараттық, әрекеттік және эмоционалды демеулерді іздеуге байланысты жұмсалатын күш-жігерлердің басым екенін көрсетеді.

Аталған сыналушылар тобының 8% «жағымды асыра бағалау» копинг стратегиясын көрсетті. Яғни, өзіндік тұлғасының өсуіне байланысты мәселеге жағымды мағына тудыру әрекеттері. Сонымен қатар, діни өлшемдерді де ендіреді.

Бақыланушы таңдама сыналушыларының келесі 6% басып копинг стратегиясы «жауапкершілікті қабылдау» болып табылады. Яғни, ұқсас тақырыптағы мәселелерді шешудегі өзінің рөлін мойындау.

Осы сыналушылар тобының нақты әдістемеге қатысты соңғы 3% «конфронтационды» копинг стратегиясының басым екенін көрсетіп отыр. Бұл өз алдына олардың бойындағы ситуацияны өзгертуге байланысты агрессивті жұмсалатын күш-жігерлердің басымдығын білдіреді. Тәуекелге қатысты белгілі бір дайындық пен жаугершіліктік дәрежесін анықтайды.

Келесі кезектеонкологиялық дертке шалдыққан науқастардыңауруға қатынас типтерін диагностикалау үшін ТОБОЛ әдістемесі жүргізілді. Әдістеменің нәтижелерінсалыстыратын болсақ, онкологиялық дертке шалдыққан сыналушыларда мәселелерді шешудегі басты копинг стратегиялары «қашу-жалтару», «дистанциялану» болса, жүрек ауруларына шалдыққан науқастардағы басым копинг-стратегиялар келесідей: «өзін-өзі қадағалау», «дистанциялану», «мәселені шешуді жоспарлау».

Стъюденттің t – критериі көмегімен алынған нәтижелердің талдауы онкологиялық ауруға шалдыққан науқастар мен жүрек қан-тамыр ауруларына шалдыққан науқастардың ауруға қатынастары араларындағы өзгешеліктерді анықтауға мүмкіндік берді.

Зерттеу нәтижесінде таңдамалар нәтижелері араларында ауруға қатынас типтерінің эргопатиялық және дисфориялық түрлері араларында өзгешеліктері бар екені анықталды.

Эргопатиялық тип бойынша онкологиялық науқастардың нәтижелері басымдықты танытып отыр. Бұл тип бойынша онкологиялық науқастардың жүрек науқастарын қарағанда 35%-ға жоғары екені анқталды.

Бұндай қатынас келесі қылықтармен ерекшеленеді: жүрек науқастарына қарағанда онкологиялық науқастар өз дертіне қарамастан кез келген әрекетті жалғастыруға тырысады. Ол оқу, хобби, жұмыс және т.б. болуы мүмкін. Яғни, бұл бір жағынан оларға аурулары жайында бір мезгіл ұмытуға көмектесетін істерін одан бетер шешімділікпен жалғастыруымен байланысты болуы мүмкін.

Жүрек қан-тамыр ауруларына шалдыққан науқастар өз дерттеріне дисфориялы тип түрінде қатынастарын білдіреді. Осы қатынас типі бойынша көрсеткіштері онкологиялық науқастар нәтижелеріне қарағанда 73%-ға жоғары екені анықталды.

Оларға түнерген-ызалы көңіл-күй тән, олар өздеріне ерекше назарды талап етеді және кез келген ем шара әрекеттеріне күдікпен қарайды. Онкологиялық науқастармен салыстырғанда олар өздерінің аурулары үшін кінәні басқаларға артуға дайын тұрады, сау адамдарға қызығушылықпен қарайды.

Сонымен берілген зерттеу нәтижелерін тaлдaу бaрысындa онкологиялық дертпен ауыратын адамдардың көпшілігіне (онкологиялық аурулардың әр түрлілігіне қарамастан) негізі жалпы ортақ сипаттағы эмоционалды және рационалды қабылдау және психожарақаттаушы жағдайларға реакция сонымен қатар инфантилді ұстанымға икемділік ауруға шалдыққанға дейінгі көрінетін жеке мінез бітістері сияқты психологиялық ерекшеліктер тәндеген болжамымыз расталды.



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



  1. Вилюнас В.К. Основные проблемы психологической теории эмоций. //Психология эмоций / Под ред. К.В.Вилюнаса, Ю.Б.Гиппенрейтер.- 1993.- №5. - С.23-29

  2. Абдульханова-Славская К.А. Диалектика человеческой жизни. // Соотношение философских, методологических и конкретно-научных подходов к проблеме индивида. – М.: МГУ, 1977, - 234 с.

  3. Бассин Ф.В. О современном подходе к проблеме психологических факторов болезни. // Роль психологического фактора в происхождении, течении и лечении соматических болезней. - 1972. - №5. - С. 25-33.

  4. Анциферова Л.И. Личность с позиции динамического подхода.// Психология личности в социалистическом обществе: личность и ее жизненный путь. - 1990.- №4 - С.7-17

  5. Бройтигам В., Кристиан П., Рад М. Психосоматическая медицина. Краткий учебник. - М.: Медицина, 1999.- 376 с.

  6. Блинов Н.Н., Хомяков И.П., Шиповников Н.Б. Об отношении онкологических больных к своему диагнозу // Вопросы онкологии.- 1990.- №8.- С.966-969.

  7. 25. Григолава A.B. Роль структуры установки в развитии соматических заболеваний // Психологическое обеспечение психического и физического здоровья. – 1983. - №4. – С. 20-26.

  8. Марычев А.А. О возможностях реабилитации онкологических больных после радикального лечения. - М.: Эксмо, 1978. – 318 с.

  9. Бурно М.Е., Зикеева Л.Д. К вопросу об отношении больного к своему заболеванию. // Терапевтический архив. - 1974. - № 10. - С. 16-22.

  10. Грушевский Н.П. О психотерапевтическом поведении с соматическими пациентами в зависимости от их характерологических особенностей (опыт работы терапевта). // Ж-л « Московский психотерапевт». - 1994. - № 4. - С. 97-116.

  11. Арина Г.А. Психосоматический симптом как феномен культуры. // Телесность человека: междисциплинарные исследования. - М.: Престиж, 1991. – 298 с.

  12. Березин Ф.Б. Психическая и психофизическая адаптация человека.- Л.: Наука, 1998.- 269с.

  13. Немчин Т.А. Состояния нервно-психического напряжения.- Л.: ЛГУ, 1983.- 168 с.

  14. Василюк Ф.Е Жизненный мир и кризис: типологический анализ критических ситуаций. //Психологический журнал. - 1995. - №3. - С.90-101

  15. Александер Ф. Психосоматическая медицина.- М.: Геррус, 2003.-350с.

  16. Любан-Плоцца Б., Пельдингер В., Крегер Ф. Психосоматический больной на приеме у врача.- СПб.: НИПИ им. В.М.Бехтерева, 1994.- 245 с.

  17. Лакосина Н.Д., Ушаков Г.К. Медицинская психология.-М.: Медицина, 1984.- 272с.

  18. Венгер А.JI. Особенности детерминации действий в младшем школьном возрасте. // Вопросы психологии. - 1975. - № 1. - С 140-145.

  19. Коган Б.М. Стресс и адаптация.- М.: «Знание», 1980- 364с.

  20. Коблер-Росс. О смерти и умирании.- Киев: София, 2001 – 320с.

  21. Ганзен В.А. Системные описания в психологии. - Л.: ЛГУ, 1984 – 234 с.

  22. Вяткин Б.А. Стиль активности как фактор развития интегральной индивидуальности. // Интегральное исследование индивидуальности: стиль деятельности и общения. -1992. - №5. – С.91-95.

  23. Клапаред С.А. Чувства и эмоции./ Под ред К.В.Вилюнаса, Ю.Б.Гиппенрейтер. - 1993.- №3. - С.97-106

  24. Гнездилов А.В. Психология и психотерапия потерь.- СПб: Речь, 2002.- 162с.

  25. Вундт В. Психология душевных волнений / Под.ред. К.В.Вилюнаса, Ю.Б.Гиппенрейтер.- 1993.- №3. - С.48-65

  26. Введение в психологию./ Под ред. Петровского А.В.- М.: Академия, 1995 – 496с.

  27. Анцыферова Л.И. Личность в трудных жизненных условиях: переосмысливание, преобразование ситуации и психологическая защита. // Психологический журнал. – 1994. - Т. 15. - № 1. - С. 3-19.

  28. Бороздина Л.В., Видинска Л. Притязания и самооценка. // Вестник МГУ, серия «Психология». – 1986. - № 3. - С. 21-30.

  29. Головаха Г., Кроник А. Психология самосовершенствования. // В кн. Педагогика здоровья. - 1990. - №7. - С. 277-280.

  30. Высоцкий А.И. Возрастная динамика волевой активности школьников и методы ее изучения. - Пермь: Знание,1982. – 189 с.

  31. Собчик Л.Н. Модифицированный восьмицветовой тест Люшера: МИВ- метод цветовых выборов.- СПб.: Речь, 2002.- 112с.

  32. Боришевский М.И. Влияние позици подростка на саморегуляцию поведения. // Вопросы психологии. - 1972. - № 5. - С. 121-128.

  33. Лазарус Р. Теория тресса и психофизиологические исследования //Эмоциональны й стресс. - 1970. – С.178-208.

  34. Бороздина Л.В. Исследование уровня притязаний. М.: МГУ,1987. – 251 с.

  35. Смулевич А.Б., Психосоматические расстройства //www. consilium- medicum. com/ media/psycho.

  36. Чаклин А.В. Психологические аспекты онкологии // Вопросы онкологии. - 1992.- №7.- С.873-888.

  37. Абдульханова-Славская К.А. Психологические и жизненные потери ( к проблеме экологии человека). // Личность в условиях социальных изменений. - 1993. – №9. – С. 36-41.

  38. Зильбер Л.А"Вирусогенетическая теория возникновения опухолей». – М.: МГУ, 1968 – 234 с.

  39. Трахтенберг А.Х., Решетов И.В., Колбанов К.И"Вторичные злокачественные опухоли грудной стенки //Хирургия грудной стенки». – 2005. – №12. - С. 224-228стр.

  40. Ищенко Б.И., Бисенков Л.Н., Тюрин И.Е."Лучевая диагностика для торакальных хирургов». – Спб.: Питер, 2001. - 343 с.

  41. Шабад Л. М"О циркуляции канцерогенов в окружающей среде». – М.: Эксмо, 1973. – 198 с:

  42. Соколов В.В. "Современные возможности эндоскопии в онкологии // Онкология на рубеже XXI века» / под редакцией Л.М. Шабада, том 1-10. –1999. – №13. - С. 361-363.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 қаңтар
2428
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі