400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Онлайн Ата-аналар жиналысы Біз қашықтықтан білім аламыз 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ата-аналарға Коронавирустың алдын алу жолдарын, қашықтықтан білім алу негізінде түсіндіру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алматы облысы Талғар ауданы Алмалық ауылы №18 орта мектеп МКМ 2 «Ә» сынып жетекешісі

Автор: Джапарова Жумагуль Мухтархановна


Хаттама №5


Сынып ата-аналар жиналысы


Уақыты: 02.04.2020ж


Қатысқаны: 13 Қатыспағаны:-


Күн тәртібінде: 1.COVID -19. Коронавирустың алдын алу. 2.Біз қашықтықтан білім аламыз. 3.Әртүрлі мәселелер Тыңдалды:

Сынып жетекші Джапарова Жумагуль Мухтархановна Zoom платформасымен онлайн ата-аналар жиналысын өткізді. І- мәселе бойынша COVID-1 Коронавирустың алдын-алуды слайд көрсету арқылы түсіндірді. Ата-аналар өз ойларын ортаға салды. Коронавирустан қалай қорғану керектігін және де өз баласы үшін жауапты екендіктерін атап өтті. Ұстаз тарапынан әр оқушы жеке бас гигиенасын сақтай отырып, өз қауіпсіздігі үшін өз үйінің ауласынан алыстап шығуға болмайтындығын ескертті. Маскалық тәртір Коронавирустың алдын алудың негізі екендігінтүсіндірді. Азық-түлік алу үшін дүкенге барған әрбір ана масканы тағуды ұмытпағаны жөн екендігі , оның өз отбасы үшін жауапкершілігін естен шығармауын айтып кетті.Қолды жууға сұйық сабынды, антисептиктерді пайдалану керектігі мен қолды жуу ережесін сақтауды ескертті.

ІІ-мәселе бойынша – 2019-2020 оқу жылының 4-тоқсанында Республика бойынша оқушылар қашықтықтан білім алатындарын айтып өтті. Қашықтықтан білім алу Дарын арқылы, Білім ленд жүйесі арқылы, ватцап арқылы, зуум арқылы қашықтықтан білімалуға болатындығын және де оқушы үшін тиімді әрі ыңғайлы платформаны қаңдау керектігі ортаға салынып, ата-аналар арасында талқыланды. Баланың басты ұстазы ата-ана екені туралы түсінік жүргізді. Баланың басты ұстазы ата-анасы баласының саналы білім алып өсуіне өз үлесін қосып, мұғаліммен тығыз жұмыс жасап отыру керектігі айтылды. ата ана мұғаліммен байланыс жасауы өте маңызды екендігін, оқушының үлгерімін де мұғаліммен кері байланыс арқылы біліп отыратындарын түсіндіріп өтті. Қашықтықтан білім алуда сабақ уақыты 30 мин аспайтындығы мен үй тапсырмасы берілмейтіндігімен ерешеленетіндігін атап кетті.

Әртүрлі мәселелер: бойынша әр ата –анадан оқушының қашықтықтан білім алуына қажеттіліктері туралы ақпарат алынды. Қашықтықтан білім алуға әр оқушы қаншалықты дайын екендіктерін анықтады. Шешім:

І-бірінші мәселе бойынша Коронавирустың алдын алу үшін әр ата-ана жауапты.

ІІ-мәселе бойынша қашықтықтан білім алу үшін «Білім ленд» жүйесін барлық ата-аналар бір ауыздан қолдады.

ІІІ- мәселе бойынша оқушынның қашықтықтан білім алуына қажеттілігі туралы сынып жетекшісімен уақытылы байланыс жүргізілсін.



2 «Ә» сынып ата-ана комитетінің мүшелері: Улымбетова Сымбат Исаева Светгул

Сынып жетекшісі Джапарова Жумагуль Мухтархановна





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
3 мамыр
943
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі