ОНЛАЙН ФОРМАТТА БІЛІКТІЛІК АРТТЫРУ: КӘСІБИ ДАМУ МЕН НӘТИЖЕ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

ОНЛАЙН ФОРМАТТА БІЛІКТІЛІК АРТТЫРУ: КӘСІБИ ДАМУ МЕН НӘТИЖЕ

Материал туралы қысқаша түсінік
2021 оқу жылында «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша ПҚБА институтында «Химия пәні мұғалімдерінің құзыреттілігін дамыту» бағдарламасы аясында онлайн форматында біліктілік курсынан өттім. Курс тренерлері өз сабақтарын өте жоғары деңгейде өтті.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ОНЛАЙН ФОРМАТТА БІЛІКТІЛІК АРТТЫРУ: КӘСІБИ ДАМУ МЕН НӘТИЖЕ


2021 оқу жылында «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша ПҚБА институтында «Химия пәні мұғалімдерінің құзыреттілігін дамыту» бағдарламасы аясында онлайн форматында біліктілік курсынан өттім. Курс тренерлері өз сабақтарын өте жоғары деңгейде өтті. Курс тыңдаушылары мен тренерлер арасында сындарлы кері байланыс арқылы қарым-қатынас орнатылып, әр тыңдаушының пікірін құнды санап, мақсатқа жетуге бағыттай білді.

Бұл курс барысында оқу бағдарламасымен және оқу жоспарымен жұмыс жасау, оқушылардың функционалды сауаттылығын арттыруда STEM білімінің маңыздылығы, химия сабағында қолданылатын әдіс- тәсілдер, қышқылдар мен негіздер теориясы, нанотехнология, зертханалық жұмыстар, мобильді құрылғылар және қосымшалар және т.б. тақырыптар қарасытырылды. Осы тақырыптар бойынша әдістемелік көмек берілді.

Химия пәніне байланысты тақырыптар аясында оқу бағдарламасынан алдыңғы білімді басты назарда ұстап, оқытудың спиральдық қағидаты аясында «жеңілден күрделіге» деген ұстаным негізінде жұмыс жасау дағдысы қалыптасты. Мен үшін ерекше болғаны «Кері дизайн» әдісі, бұл қысқа мерзімді жоспар құрастыруда өте тиімді екен, өзіндік жұмыс барысында «төңкерілген сабақ» аясында қысқа мерзімді жоспар жасау арқылы меңгердім. Бұл курс барысында әріптестеріммен тәжірибе алмаса отырып, оқу мен оқыту процесін дұрыс ұйымдастырып, оқушылардың креативті ойлауына, сыни тұрғыдан пікір жүргізуіне, өз ойларын дәлелді етіп жеткізулеріне басымдық беру керектігін түсіндім.

Оқу мақсатына сай тапсырма құрастыра отырып, бағалау критерийлері мен дескриптор құрастырудың ерекшелігін меңгердім, әсіресе, курс барысында жоба қорғау жұмыстары өте қызықты болды. Өз әріптестерімнің тәжірибесінен үйренер тұстарым көп болды.

Курс барысында оқушылардың зерттеушілік қабілетін дамытуға, сандық технологияларды меңгертуге, жан жақты функционалды дамыған шәкірт тәрбиелеуге бағытталған іс әрекеттер жоспарлы түрде ұйымдастырылып отырылды. Курс тыңдаушысы ретінде тәжірибелік дағдылар арқылы білім қорымды кеңейтумен бірге, қазіргі заман талабына сай жаңашыл мұғалімдердің бойында тән құзыреттіліктер қалыптастыру керектігіне жете мән беру керектігін түсіндім.

Ұсыныстарым: а) мұғалімдердің біліктілігін арттыруға бағытталған осындай курстар көбірек ұйымдастырылса;

ә) курс барысындағы тәжірибелі мұғалімдердің өз тәжірибесін тартуға мүмкіндік туғызатын арнайы жоспар құрастырылса;

б) біліктілік арттыру курсы барысында мұғалімдердің шығармашылығын шыңдауға арналған арнайы жобалар ұйымдастырылса.

Біліктілік арттыру курсынан аларым көп болды, кәсіби дамып, нәтижеге қол жеткіздім.



Түркістан облысы , Келес ауданы, №40 "Ғ.Муратбаев" жалпы орта мектебінің

химия пәні мұғалімі Мелдебаева Гульжамал Аристанбековна

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.06.2021
527
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі