|
Сабақ
кезеңі
|
Логопедтің
әрекеті
|
Балалардың
әрекеті
|
|
I.
Ұйымдастыру кезеңі
|
Қонақтармен амандасуға
шақырады:
«Қонақтармен
амандасайық,
Күлімдейік
барлығына,
Егер бәрі күлімдесе
–
Тамаша күн басталады!…» Балалардың киімдеріне
назар аударады. «Кім көйлек киіп келсе, сол отыра ғой… кім
шалбармен келді?..» Ал кімнің үстінде
белдемше
|
Балалар амандасады, күлімдейді. Өздерінің
киімдерін көрсетеді, атайды, тиісті белгі бойынша
отырады.
|
|
II.
Негізгі бөлім
|
|
|
|
1.
Сабақтың мақсатын
хабарлау
|
Балаларға сабақтың тақырыбын таныстырады: «Бүгін
біз киім туралы сөйлесеміз. Алдымен тілімізді жаттықтырып
алайық».
|
Балалар логопедті тыңдайды, сабаққа қызығушылық
танытады.
|
|
2.
Артикуляциялық
жаттығулар
|
«Көңілді Тілшік» тақпағын айтады.
Кішкентай үйшік ішінде
Тілшік өмір сүріпті,
Балаларды қуантам деп
Көп бейнеге еніпті.
Жаттығу «Күрек»
(Лопаточка):
Тіл күрек болып созылып,
Ерінге жайғасады,
Жайылып, күлімдейді.
Жаттығу «Сағат»
(Часики):
Тик-так етіп жүреді,
Солға – тик, оңға – так.
Тик-так, тик-так.
Жаттығу «әткеншек»
(Качели):
Тілшік тербелгішке мінді,
Жоғары, төмен ұшты,
Сен де бірге тербеліп,
Жаттығуды орындашы!
Жаттығу «Тәтті тосап» (Вкусное
варенье):
тіл тәтті тосапты жақсы көреді,
Достарына да әзірледі.
Тосап дәмді, хош иісті,
Ерніңдегі тосапты жалап ал!
«Күрек», «Сағат», «Тербелгіш», «Тәтті
тосап».
|
Балалар айна алдында жаттығуларды орындайды,
логопедпен бірге қайталайды.
|
|
3.
Тыныс алу жаттығуы
|
Біреу жылағандай дыбыс естіледі.
Ой, бұл не болды? Кім жылап жатыр
екен?
(Логопед есікке барып, бір шұлық пен бір етігі
бар қуыршақ Таняны әкеледі.)
Балалар, қараңдаршы, қуыршақ жылап тұр.
Ол серуенге шыққысы келеді, бірақ шұлығын және етігін таба алмай
жүр. Көрдіңдер ме?
Магнитті тақтада киімге арналған шкафтың суреті
бейнеленген.)
Міне, қуыршақтың шкафы. Әр зат өз орнында тұруы керек.
Бізге кішкене көмекші белгілер бар:
— мұз кристалы — қысқы киімдер,
— жапырақ — күзгі,
— күн — жазғы киімдер.
|
Балалар қуыршаққа назар аударады, жауап береді.
Көмектесуге келіседі.
|
|
4.
Дидактикалық ойын «Киімді жыл мезгілдеріне қарай
орналастыр»
|
Тақтадағы киім шкафының суретін көрсетеді.
Белгілерді түсіндіреді: мұз — қыс, жапырақ — күз, күн — жаз.
Киімдерді дұрыс орналастыруды
тапсырады.
|
Балалар қораптан заттарды алып, тиісті жыл
мезгіліне сай орнына
орналастырады.
|
|
5.
Сергіту сәті (қимылды
жаттығу)
|
Өлеңмен бірге қимыл жасайды: «Қыста біз
серуендедік — тон киіп алдық,
Тон киіп алдық, қар атыстық.
Көктемде серуендедік — күрте киіп алдық,
Күрте киіп алдық, шалшық санадық.
Жазда біз серуендедік — шолақ шалбар кидік,
Жайқалған көгалмен жүріп, көбелек
ұстадық»
Жарайсыңдар, балалар!
Енді бәріміз қуыршаққа көмектестік, шкафты ретке келтірдік.
Ал енді қуыршаққа да үйретейік — киімді және аяқ киімді қай жерге
киеміз?
|
Балалар өлең ырғағымен қимыл-қозғалыс жасайды,
жаттығулар орындайды.
|
|
6.
Дидактикалық ойын «Қайда
киеміз?»
|
Сұрақ қояды: — Шарфты қайда киеміз? — Шалбарды
(шұлықты) қайда киеміз? — Қолғапты қайда
киеміз?
|
Балалар жауап береді: — Мойынға, аяққа,
қолға.
|
|
7.Дидактикалық ойын «Жұбын
тап»
|
Қолғаптардың араласып кеткенін айтады. «Бір
қолғаппен жүруге бола ма?» — деп сұрайды. Жұптарын табуды
тапсырады.
|
Балалар қолғаптардың жұбын табады, түстерін
атайды.
|
|
9.
Қорытындылау
сұрақтары
|
Балалардан сұрайды: «Қандай киім мен аяқ киім
әрқашан жұп болып киіледі?» Қараңдаршы, қуыршақтың етігі де
табылды!
Төменгі жағында жатыпты.
Киіп ал, енді киімдеріңді ретсіз тастама.
Ал сендер, балалар, өз заттарыңды жинайсыңдар ма? — деп
сұрайды.
|
Балалар жауап береді: шұлық, аяқ киім, қолғап. Өз
заттарын жинау туралы пікірлерін айтады. Қуыршақпен
қоштасады.
|
|
III. Рефлексия
кезеңі
|
Балаларды
мадақтайды:
Сендер нағыз көмекшілерсіңдер!
Қуыршаққа көмектескен ұнады ма?
Барлық киімді орнына қойдық па?
Таняға тағы қандай көмек
көрсеттік
|
Балалар өз әсерлерімен бөліседі, не ұнағанын
айтады, қуыршаққа қалай көмектескенін еске
түсіреді.
|