Материалдар / "Оныншы сыныптың жас ерекшелігі"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Оныншы сыныптың жас ерекшелігі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Жасөспірім шақтың біраз бөлігі орта мектептің жоғары сыныбына сәйкес келеді және жеке тұлғаның қалыптасу процесінде айтарлықтай маңызды рөл атқарады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Қаңтар 2019
670
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Бостандық орта жалпы білім беретін мектебі























Өткізген: Адильгереева Г.С







2018 – 2019 оқу жылы

Оныншы сыныптың жас ерекшелігі


Жасөспірім шақтың біраз бөлігі орта мектептің жоғары сыныбына сәйкес келеді және жеке тұлғаның қалыптасу процесінде айтарлықтай маңызды рөл атқарады.
Бұл жаста /15-17 жаста/ адамның тұлғалық жағынан пісіп-жетілу кезеңі аяқталады, оның өмірге көзқарасының негізгі сипаттары қалыптасады- үлкен өмір алдындағы ең алғашқы рет өз бетімен шешім қабылдап, болашақ кәсібін тандау міндеті жүзеге асырылады. Қоғамда балалық шақтан жастық шаққа өту кезені тек қана оның тұлғалық жағынан пісіп-жетілуінің ғана белгісі емес, сонымен бірге мәдениетке ұмтылу, белгілі бір деңгейіндегі білім, нормалары мен дағды жүйесін игеруі, сол арқылы жеке тұлға еңбек етіп, қоғамдық қызметтер атқара алады және әлеуметтік жауапкершілікті сезінеді.
Жасөспірім шақ пен жастық шақтың арасында ап-айқын көрініп тұрған аралық шек жоқ, ол шартты түрде ғана алынады, тіпті көп жағдайда бірімен — бірі үйлесімді болып келеді. 14-15 жаспен 16-17 жас аралықтары кей жағдайларда ерте жастық шақ болып есептеледі, ал кейбір жағдайларда жасөспірімдік шактың соңы деп атылады. Жас шамасы бойынша кезеңге бөлу схемасында жасөспірімдік шақ бозбалалар үшін 13-16 жас, қыз балалар үшін 12-14 жас, ал жастық шақ жігіттер үшін 17-21 жас, қыздар үшін 16-20 жас болып анықталған.
Балалықтан есейген шаққа өту сол қоғамның бала мен үлкенге қоятын нормалар мен талаптарының арасындағы айырмашылықтың болуына байланысты. Әлеуметік және таптық жағдайы жеке тұлғаның өмірлік жолының тұлғалық жағынан қалыптасу кезеңінен бастап, білім алу деңгейі мен дүниеге көзқарасы қалыптасуында зор мәнге ие болады.
10 жастағы бала салмақты, әрі өмірдің өзі үшін жаңа тұстарын жеңіл қабылдайды, сенгіш, ата-ананың айтқанынан шықпайды, сыртқы сипатына да көп мән бере қоймайды. Ал 15 жастың мән-мағынасын бір қалыпқа салып айтып беру мүмкін емес, себебі бұл кезде баланың өзіндік ерекшеліктері тез айқындалып келе жатады. Бұл 15 жастағы жаңа өзгерістер, яғни, отбасындағы да, мектептегі де қарым-қатынастарында қиыншылық туғызатын тәуелсіз болуға ұмтылу рухының айқындалуы, өзін сырттай бақылап отырғандардан бостандыкқа шығуға деген құштарлығы өзін-өзі алып жүре алатындай өзін-өзі тәрбиелей алудың бастауы. Осының барлығы жасөспірімнің жандүниесінің тез жараланып қалғыштығына және сыртқы зиянды әсерлерге тез бой алдырғыш болуына себеп болады. Ал 16 жасқа келгенде мінездегі тепе-теңдік тағы да орнығады: келіспеушілік күйдің үнемі жоғары болуымен алмасады, өзіне өзі ие бола алу қабілеті де артады, әсерленгіштігінің де қалыпқа түскені, көпшілдігі, болашаққа деген зор сенімі аңғарылады.
Жоғары сынып оқушылары «Неге» деген сұракқа үнемі және табанды түрде жауап іздейді және берілген жауаптың жеткіліктілігіне әрі негізділігіне өз күдігін білдіріп отырады. Олардын ойлау қызметі әлдеқайда белсенді және еркін. Олар мұғалімдерге сын көзбен қарайды. Пәннің қызығушылығы туралы жастардың түсінігі жасөспірімдерге қарағанда басқаша: егер алтыншы сыныпта оқитын пәннін сыртқы мәнін бағаласа, тоғызыншы сыныпта өзінше ойлануды талап ететін пәндер қызықтырады. Олар бір нәрсені қорыта айтуға, жеке деректердің негізінде жатқан жалпы қағидалар мен зандылықтарды іздеуге құштар.
Жастық шақтағы маңызды психологиялық процесс — өзіндік ақыл-ойдын және өзіндік «Меннің» бейнесінің қалыптасуы болып табылады. Жастықтың психологиялық құндылығына ие болу деген сөз — өзінің ішкі әлемін ашу деген сөз. Өзінің ішкі әлемін ашу -бұл аса маңызды да, қуанышты, жан толқытарлық жағдай, бірақ ол сонымен қатар көңілді алаңдататын және қақтығысқа толы шақтарды да бастан кешіру деген сөз. Сананың толығуымен бірге өзінің ғайыптылығымен, қайталанбастығымен, басқа сезімдерден өзгешелігімен ерекшеленіп жалғыздық сезімі пайда болады. Жастық шақтағы «мен» әлі толық анықталмаған, бұлыңғыр сезім, ол көп жағдайда ішкі дүниесі бос қалғандай әсерде болып, оны толықтыруды қажетсінетіндей сезімге келеді. Осыдан келіп басқалармен араласуға деген құштарлық, сонымен бірге кіммен қарым-қатынаста болудың да тандалуы пайда болып, онаша болуды қалайды.
Үлкендермен қарым-қатынасы жастық шақтың ең маңызды мәселесі болып табылады, оның әлеуметтік және психологиялық та жағы бар. Ал оны дұрыс жолға қою үшін, жас айырмашылығын және қарым-қатынаста болатын, бірак әрқайсысы өмір жолының әр кезеңінде келе жатқан адамдармен өз арасындағы айырмашылықты шектеуді қажетсінеді. Мұндай айырмашылықтар әр түрлі және өзіндік қасиеттер мен қарым-қатынастарды қамтиды. 16 жастағы жігіт өзінің мүмкіндіктері жағынан да, өз кызығушылықтарымен де, қоғамдық жағдайымен де 36 жастағы ер адамнан қашанда, қай жерде болса да ерекшеленіп тұрады.
Қазіргі жоғары сыныптағылардың дене жетілуі мен психикалық дамуы жағынан бұдан он жылдан бұрынғы қатар құрдастарынан айтарлықтай жоғары, бұл жастағылар өздерін көп жағдайда ересектер санатымызда деп есептейді. Адамның әрбір жас шамасы айнала шындықпен тікелей қатынаста болады, сондай-ақ әрбір жас шама адамның өмірінде өз ерекшелігімен маңызды орын алады.Сондықтан әрбір жас кезеңнің өзіндік мәнін, сипаттамаларын зерттеу, білу болашақ ұрпақты өмірге дайындау ғана емес, баланы әр жас шамасына сай, оның талап-тілегімен санасып, нақтылы мақсатқа бағыттауымен байланысты.

Тәрбиеде әр балаға жеке қарау — бұл оқушыны басқалардан айырып тұрған жеке бас ерекшелігін есепке алу ғана емес. Бұл бәрінен де бұрын, оқушыға әруақытта және барлық қарым-катынастарда жеке тұлға ретінде, іс-әрекеттің жауапты да өзін-өзі тани алатын субъектісі ретінде қарау. Жастық шақ — жеке тұлғанын қалыптасқан кезеңі. Бірақ жоғары сыныптағылардын бірден көзге түсетін ерекше жеке тұлға екендігін ұмытпауымыз керек.
Жоғары сынып оқушыларымен жүргізілетін жұмыстағы жетекші педагогикалық идея: жеке тұлғаның өзіне тән күштарлықтарына сәйкес оның негізгі мүмкіндіктерін іске қосу үшін, жүзеге асыру үшін жағдай жасау, өз болашағының әлеуметтік-мәнділік жағын анықтап алуы үшін көмектесу.
Бұл кезенде тәрбиенің маңызды қызметі оқушының өз мамандығын тандауына көмектесу, өзінің отбасын құруына дайындау және азаматтық көзқарасы тұрғысынан әлеуметтік, Отанға деген белсенділігін қалыптастыру болмақ.
Оқушылардың өз өмірінің келешегі мен жоспарлары, дүниетанымының негізі қалыптасады, өмірге деген өзіндік көзқарасы, өмірдегі өзінің орны айқындалады. Тәрбиешілер жүргізетін бұл кезеңдегі мақсатты тәрбие өзінің айқындаушылық қызметін атқаратын болса да, дәл осы кезде жеке тұлғаның өз белсеңділігі, оның әртүрлі құбылыстарға баға беруі, әлеуметтік келеңсіздіктерге қарсы ықпал ете білуі айқын көрініс береді, тіршілік талап ететін және өзінің әлеуметтік байланыстары кеңеюіне орай міндетті түрде пайда болатын күрделі жағдайлардан шығудың дұрыс жолын таба біледі.














Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!