400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Өө дыбысы мен әрпі. Мектепалды даярлық тобы

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға Өө дыбысы және әрпімен таныстыру, Өө дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасай білуді үйрету. Ө әрпінің айтылуы артикуляциясына мән беріп, әріптің баспа түрінің жазылуын үйрету. Буын туралы түсінігін молайту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ашық сабақ. Сабақтың тақырыбы: Өө дыбысы мен әрпі

Мектепалды даярлық тобы

Сабақтың мақсаты:


Білімділік: Балаларға Өө дыбысы және әрпімен таныстыру, Өө дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасай білуді үйрету. Ө әрпінің айтылуы артикуляциясына мән беріп, әріптің баспа түрінің жазылуын үйрету. Буын туралы түсінігін молайту.


Дамытушылық: Жаңа дыбысты қатыстырып сөз, сөйлем ойлату арқылы баланың логикалық ойлауын дамыту. Сөздік қорын жетілдіру, зейінін тұрақтандыру.


Тәрбиелік: Адамгершілікке, ептілікке шапшандыққа тәрбиелеу.


Көрнекілігі: Кеспе әріптер, тақта, слайд , суреттер.


Сабақтың түрі : Аралас сабақ

Сабақтың типі: Дәстүрлі сабақ


Сабақтың әдіс -тәсілдері: Сұрақ- жауап, әңгімелеу, ойындар , топтық жұмыс.


1.Ұйымдастыру кезеңі:


Психологиялық сәт. Шаттық шеңберін құру.


---Сәлеметсіздер ме балалар? Бүгінгі сауат ашу сабағы өзгеше өткелі отыр, оған себебі, бүгін бізге қонаққа мұғалімдер келіп отыр.


Қайырлы таң, досым


Қайырлы күн болсын!


Жеті күннің әр кезі,


Сәтілікке толсын!


Біздің алар бағамыз, кілең бестік болсын!


2.Топқа бөлу:


Дауысты дыбыс, дауыссыз дыбыстар арқылы бөлу.





Топтарды орындарына жайғастыру. Әр жауаптарын смайликтер арқылы бағалап отыру .


Топтарын қорғау.


1-топ . Дауысты дыбыс дегеніміз не? себебі, өкпеден шыққан ауа қуысында ешқандай кедергілерге ұшырамай еркін шығады.


2-топ .Дауыссыз дыбыс дегеніміз не? себебі өкпеден шыққан ауа ауыз қуысындағы түрлі кедергілерге ұшырап қысылып шығады.



2. Өткенді қайталау:


Өткен дыбыстарды , әріптерді қайталау (а,н,к,р,о,е,ш,ы.)


Әріптер тақтаға шығады.


-Алма,алмұрт егеміз

Айға сапар шегеміз

Алақай –ау, алақай

А дыбысын білеміз!

Мен «А» әрпімін.


-Нан әлемнің азығы

Дастарханың қызығы

Нар –түйенің асылы

Өрісі-ел жазығы

Мен «Н» әрпімін.


Күн- әлемнің шырағы,

Төгіледі шуағы

Көбелектер куанып

Бірін-бірі қуады

Мен «К»Әрпімін.


-Ризамын оқуға

Ретімен тоқуға

«Р»-ды айту қиын- ақ

Кейбіреулер қорқуда.


-Қамқор болып орманға

Ағаштарын қорғандар

Жақсы азамат болмайды

Көк орманды орғандар.


-Нәр алатын жауынан,

Қорықпайтын дауылдан

Емен деген ағаш бар

Жапырағы жайылған.


-Қос қолда қос қайшы,

Ш-дан келер шаян да,

Ш-дан сөздің қайсысы

Басталарын баянда!


-Күнде ерте түрамын

Әзірлеймін сабақты.

Ыдысты да жуамын,

Пісіремін тамақты.



3.Қызығушылықты ояту.

Пазл құрастыру, топтық жұмыс.

Берілген сурет бөліктерінен сурет құрау.


Суретте бейнеленген жануарды атау.Ө дыбысын табу.


Түйе жүрген жер қалай аталады?

Шөл.

Барлығы неше дыбыс? 3

Дауысты дыбыс нешеу? 1


Өзгіз ненің үстінен өтті?

Өгіз көпірдің үстінен өтті.

Барлығы неше дыбыс? 4

Дауысты дыбыс. 1

Сөзді буынға бөліп айт?

Ө жіңішке дауысты дыбыс себебі өкпеден шыққан ауа ауызқуысындағы ешқандай кедергілерге ұшырамай шығады.

Ө дыбысы сөздің басында, соңында кездеседі


Сергіту сәті: Көңілді күн




4. Оқулықпен жұмыс: Топтық жұмыс.


Сөздерге дыбыстық талдау жасау Ө дыбысының орнын көрсету.

Бөрік, Боярка, Flooss.

Көйлек, Платье Dress.


5. Дәптермен жұмыс. Ө әрпінің жазылуын таныстыру.

Ө әрпімен таныс бол.

«О»-кәдімгі дөңгелек,

Ал «Ө» -одан сәл болек.

Мұны да сал, ерінбе,

Белбеуі бар белінде.

Қызықты жәндіктердің әріп құрауына қарайық.

ӨӨӨ

6.Топтық жұмыс.

1-топ. Жіппен ө дыбысын құрайды.

2-топ.Қима қағаздан ө дыбысын құрайды.

Жұмысын қорғайды.



6.Жазумен жұмыс.


Сабақты қорыту:


7. Ішіне ,сыртына әдісі бойынша, суреттермен.


Балалар бүгін біз қандай әріппен таныстық?


Ө дыбысы дауысты дыбыс па, дауыссыз дыбыс па?


Ө дыбысынан келетін сөздерді айту.


8. Бағалау мадақтау.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
3 мамыр
827
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі