Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Опера өнері

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімге арналған қысқа мерзімді сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін

Оқу ісінің меңгерушісі

__________ Ж.Сарсенбаева


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Классикалық музыканың үздік туындылары

Мектеп: №274

Мұғалімнің аты-жөні:Құлемет Марат


Күні: 6 «А»,«Б»,«В» - 01.10

Күні: 6 «Ә», «Г» - 04.10

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Опера өнері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.1.2.1 – классикалық музыка жанрлары мен түрлерін анықтау;

6.1.3.1 – әуеннің көңіл-күйі мен көркем бейнесін жеткізе отырып, екі дауыспен,немесе канон элементтерін қолдана отырып, әртүрлі стильдегі және жанрдағы әндерді орындау;

6.1.3.2 – әртүрлі стильдегі және жанрдағы әндердің орындау түрлерін салыстыру;

Сабақ мақсаттары

Тыңдаған музыкалық шығарманы талдап және өнердің түрлері, стилі және жанрларын, сонымен қатар, өнердің өзге түрлерімен байланысын анықтайды, өнердің өзге түрлерімен байланысын анықтау.

Бағалау критерийлері

1.Әуенді тыңдайды.

2.Музыканың жанрларын анықтайды.

3.Музыкалық дыбыстарды ажыратады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Музыканы талдай және тыңдалған музыкалық шығарма туралы пікірін айта білулері керек.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Опера деген не?

  • Қандай музыкалық шығармаларын білесіңдер?

  • Тыңдалған әуеннен қандай әсер алдыңдар?

Құндылықтар

дыдарыту

«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы негізінде бірлесе отырып жұмыс жасауға үйрету.

Пәнаралық

байланыстар

Әдебиет

Бастапқы білім

Опера туралы бөлімді бастаған уақыттан біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут

1.Психологиялық ахуал қалыптастыру. «Айна» тренингі.

Оқушылар екі қатарға бөлініп, бір-біріне жақсылап қарап алады. Сонан соң бір-біріне теріс айналып тұрып, үстеріндегі немесе шаштарындағы бір затты қозғап қояды. Қайта қарағанда бір-біріндегі өзгерісті табу керек. Топқа бөлу (санау арқылы)

2. Өткен сабаққа шолу жасау «Миға шабуыл»

1. Симфониялық музыка дегеніміз не?

2.Симфониялық музыканы жазған кімдер?

«Айна тренинг»

Сабақтың ортасы

7 минут

















10 минут











5 минут













10 минут

1-тапсырма.Ұж. Тыңдау және талдау.

Опера туралы видеофильм.

МК. 1-тапсырманы орындау үшін оқушыларға опера туралы видеофильмді қарап, талдауды ұсынамын. Операның шығу тарихымен таныстырып, сонымен қатар, либретто, увертюра, ария, речетатив, т.б анықтама беру. «Әйгілі опералар», «Опера театрлары және опера орындаушылары» тақырыбына мәліметтер беру..

Талдау.

  • Опера дегеніміз не?

  • Операда ең басты болып не саналады?

  • Симфониялық оркестрдің операдағы рөлі қандай?

  • Сіз қандай атақты опералар және опера театрларын білесіз?

Дескриптор:

1.Опера туралы танысады.

2.Сұрақтарға жауап береді.

Қалыптастырушы бағалау. «Бас бармақ.»

2- тапсырма

Тыңдау және талдау.

Дж. Верди «Травиата», П.И. Чайковскийдің «Евгений Онегин», "

М. Тулебаевтің « Біржан – Сара» операларынан үзінді тыңдау.

Оперларды салыстырып, сұрақтарға жауап беріп, дәлелдеу.

  • Ұқсастықтары мен айырмашылықтары неде?

  • Операда сол елдің ұлттық әуендері естіледі ме? Неге?

Дескриптор:

  1. Опералардан үзінді тыңдап, салыстырады;

  2. Сұрақтарға жауап береді.

Қалыптстырушы бағалау. «Үш шапалақ»

3- тапсырма. Әңгіме.Жеке жұмыс

3-тапсырманы орындау үшін дауыстар түрлерін таныстыру бойынша әңгіме жүргізу. Олардың атауы мен бояуын, балалар дауысының бөлінуін түсіндіру.

  • Дауыстардың қандай түрлерін білесіз?

  • Дауыстардың қандай түрлерін естідіңіз?

  • Олар қалай аталады?

Сіздің дауысыңыз қандай түрге жатады деп ойлайсыз?

Дескриптор:

Дауыс түрлерін біледі.

Сұрақтарға жауап береді.

ҚБ.Мадақтау

4-тапсырма.Орындау. Топтық жұмыс. Сыныпты екі топқа бөлу.

М. Тулебаевтің "Біржан - Сара" операсынан хор үзіндісін тыңдап, үйрену. Оны сыныпта канон түрінде орындау. Орындау барысында көркем бейнесі мен мәнезін жеткізуге тырысу.

Сұрақтарға жауап беріңіз:

  • Ән не туралы орындалады?

  • Әннің мінезі қандай?

Кері байланыс:

  • Әннің көңіл-күйін жеткізе алдыңыз ба?

  • Канонмен орындай алдыңыз ба?

Нені жетілдіру керек деп ойлайсыз?

Гарри Бардин - Пиф-паф, ой-ой-ой! (опера)| Garri Bardin - Pow! Pow!

https://www.youtube.com/watch?v=BdQYf-HX7e4

http://ppt4web.ru/muzyka/opera.html



Деректі фильм

Д.Верди "Травиата"

https://www.youtube.com/watch?v=FxslbiU47sE

М. Тулебаев "Біржан - Сара".

П.И. Чайковский "Евгений Онегин"















Аудиожазба.

Сабақтың соңы

5 минут


Үйге тапсырма: Опера өнері туралы іздену

Рефлексия. Ауызша жауап береді.

Сабақта маған не пайдалы болды?

Сабақта маған не қызықты болды?

Сабақта маған не қиын болды?


Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасы ның сақталуы

Өткен сабаққа шолу жасау «Миға шабуыл»арқылы пысықтап, опера туралы видеофильм арқылы таныстыру жұмыстары жүргізіліп, Дж. Верди «Травиата», П.И. Чайковскийдің «Евгений Онегин»,

М. Тулебаевтің « Біржан – Сара» операларынан үзінді тыңдайды.

Оперларды салыстырып, сұрақтарға жауап беріп, дәлелдейді. Топтық жұмыс барысында

М. Тулебаевтің "Біржан - Сара" операсынан хор үзіндісін тыңдап, үйренеді.

Мадақтау, үш шапалақ, бас бармақ арқылы бағалаймын.

Музыканы тыңдау аудио арқылы іске асады, денсаулыққа зияны тимейді, уақытпен пайдаланылады.

Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?













Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.11.2018
1856
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12