жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Оптоэлектронды құралдардың жалпы сипаттамасы
Оптоэлектронды құралдардың жалпы сипаттамасы
Оптоэлектронды құралдар деп - көрінетін инфрақызыл және ультракүлгін аймағындағы электромагитті сәулеге сезімді құралдарды, сонымен қатар осы сәулені өндіретін және шығаратын құралдарды атайды. Көрінетін инфрақызыл және ультракүлгін аймағындағы сәулелерді спектрдің оптикалық диапазонына жатқызамыз. Әдетте, көрсетілген диапазонға 0,5Ч1012- Гц-тен 5Ч1017 Гц-ке дейінгі жиілікке сәйкес ұзындығы 1 нм-дан 1 мм-ға дейінгі электромагнитті толқындарды жатқызады. Кейде тар жиілік диапазоны-10 нм-дан 0,1 мм-ға дейінгі (5Ч1012-5Ч1016 Гц) айтылады. Көрінетін диапазонға 0,35 мкм-нан 0,78 мкм-ға дейінгі (жиілігі 1015 Гц төмен немесе жуық) толқын ұзындықтары сәйкес.
Іс жүзінде сәулелену көзі (сәулелендіргіш), сәулеленуді қабылдау (фотоқабылдағыш) және оптрондар (оптожұптар) кеңінен қолданылады. Құрылысы бойынша жұқарланған және бір корпусқа орналастырылған шығу көзі бар сәулеленуді қабылдағыш оптрон құралы деп атайды.
Сәуле шығару көзінің ең көп тарағаны - сәуледиод және лазер, ал қабылдағыштан ең көп тарағаны - фоторезистор, фотодиод, фототранзистор және фототристор.
Сәуледиод-фотодиод, сәуледиод-фототранзистор, сәуледиод, фототиристор жұптарын қолданатын оптрондар кеңінен қолданылады.
Оптоэлектронды құралдардың негізгі артықшылықтары:
қолданылатын жиіліктің үлкен мәндері болып табылатын, оптикалық каналдардың хабар берудегі үлкен ақпараттың сыйымдылығы;
сәуле шығаруды қабылдағыш және шығу көздерінің толық гальваникалық шешулері;
сәуле шығаруды қабылдағыштың шығу көзіне (ақпарат ағындарының бір бағыттылығы) әсерінің болмауы;
электрмагниттік өрісті (жоғарғы бөгеуқорғағыштығы) оптикалық каналдардың қабылдамауында.
Фоторезистор
Фоторезистор деп жартылай өткізгішті резисторды атайды, оның кедергісі оптикалық диапазон спектріндегі электрмагнитті сәуле шығаруға сезгішті.
2.43-сурет. Фоторезистордың схематикалық
құрылымының бейнелеуі (а) және оның графикалық
белгіленуі (ә)
Жартылай өткізгішке құлайтын фотондар ағыны өткізгіштікті ұлғайтатын (кедергіні төмендететін) электрон-саңылау жұптарының пайда болуын шақырады. Бұл қүбылысты ішкі фотоэффект (фотоөткізгіштік эффектісі) деп атайды.
Фоторезисторлар резисторға берілген кернеу кезіндегі В жарықтануға і токтын, тәуелділігімен сипатталады, ол люкс-амперлік сипаттама.
2.44-сурет. ФСК-Г7 түрдегі фото резистордың люкс-амперлік сипаттамасы
Фоторезисторлардың жиі қолданылатын параметрлері:
- номиналды
(сәулелену ағынның жоқ кезіндегі)
қараңғылық
кедергісі (ФСК-Г7 үшін бүл кедергі 5MOΜ
тең);
- интегралды
сезгіштік.
Интегралды сезгіштік S
анықталады:
Ф
S ꞊ ̶
Ф
мұнда Іф - фототок (ол жарықтандырудағы ток пен жарықтандырусыз токтың айырмасы);
Ф - түсті ағын.
ФСК-Г7 фоторезисторы үшін «S = 0,7 А/лм.
Фотодиод
Фотодиодтың
қондырғыларын жөне негізгі физикалық
процестерін, сипаттамаларын, параметрлерін
қарастырамыз. Қондырғысы және негізгі
физикалық параметрлері.
2.45-сурет. Фотодиодтың қысқартылган құрылымы (а) және оның шартты графикалық белгіленуі (ә)
Фотодиодта ағатын физикалық процестер жарық диодында ағатын процеске кері сипаттамада болады. Фотодиодтағы негізгі физикалық құбылыс болып р-п өту аймағындағы электрон-кемтік жұп генерациясы болып табылады.
р-п өтуіндегі электрлік өріс электродтар мен кемтіктерді бөледі. Жылдамдату өрісіндегі негізгі емес та-сымалдаушылар өтуден осы өріс арқылы шығарылады. Негізгі тасымалдаушылар өріс арқылы өздерінің өткізу аймағында ұсталынып қалады.
Электрон - кемтік жұп генерациясы кері кернеудің болуында және ажыратылған тізбекте анод пен катод арасында иак кернеуінің пайда болуынан диодтың кері тогін өсіреді. Электрон-кемтік бөлінудегі орындалған ескертпеге сәйкес, иак >0 (кемтік анодқа өтеді, ал электрондар катодқа өтеді).
Сипаттамалары мен параметрлері. Фотодиодты әр түрлі жарық ағынына (жарық ағыны лм - люменмен өлшенеді) немесе әр түрлі жарықтандыруға (жарықтандыру лк -люкспен өлшенеді) сәйкес вольт-амперлік сипаттама тобымен сипаттау тиімді.
2.46-сурет. Фотодиодтың вольт-амперлік сипаттамасы
Бастапқыда жарық ағыны нөлге тең делік, сонда фотодиодтың вольт-амперлік сипаттамасы қарапайым диодтың сипаттамасын қайталайды. Егер жарық ағыны нөлге тең болмаса, онда фотондар р-п өту аймағына өтіп электрон-кемтік генерация жұбын шакырады. Электрод тасымалдаушылары р-n өтуіндегі электрлік өрістің әсерінен электродқа жылжиды (кемтіктер - р қабатындағы электродқа, ал электрондар - п қабатындағы электродқа). Шешімінде электродтар арасында кернеу
Пайда болады. Ол жарық ағыны өскен сайын өсіп отыра- ды. Анод-катодтың оң кернеуінде диод тогы теріс болуы мүмкін (сипаттаманың төртінші квадраты). Сол себептен құрал қолданылмайды, бірақ энергияны өңдейді.
Іс жүзінде фотодиодтар фотогенератор режимінде (фото-гальваникалық режим, вентильді режим) және фототүрлендіргіш режимінде (фотодиодты режим) қолданылады.
Фотогенератор режимі и > 0 жене і < 0 болғанда орын алады (төртінші квадрат). Сол себептен диод ішкі тізбекке (иЧі < 0) энергия береді. Бұл режимде күн элементтері жұмыс істейді. Қазіргі уақытта күн элементтерінің пайдалы әсер коэффициенті 20% -ға жетеді.
Фототүрлендіргіш режимі и < 0 және і < 0 (үшінші квадрат) қатынасына сәйкес. Бұл режимде фотодиод тізбегінде сыртқы кернеу көзі бар энергияны (и-і > 0) пайдаланады.
2.47-сурет. Фотодиодты қосу схемасы
Бұл режимнің графикалық анализі қарапайым диодтағы сияқты сызықты жүктемені қолдану арқылы орындалады. Сипаттаманы бірінші квадратта белгілейді.
2.48-сурет. Фотодиодтың волът-амперлік сипаттамасы
фотодиодтар фоторезистормен салыстырғанда өте шапшаңдыкты құрал болып есептеледі. Олар 107-1010 жиілігінде жұмыс істейді. Фотодиод жарықдиод-фото-диод оптожұбында жиі қолданылады. Бұл жағдайда (Фотодиодтың әр түрлі сипаттамалары жарықдиодтың әр түрлі тогына (әр түрлі жарық ағындарын құрайтын) сәйкес.
2.49-сурет. а) АОДП2А оптожұбына кіретін
фотодиод сипаттамасы; б) оң багытты
диодтың белгілену шарты
Мұнда фотодиодтың і тогы мен и кернеуі оң бағытты қарапайым диод шартына сәйкес.
Сәуле шыгарушы диод (сәуледиоды)
Көрінетін толқын диапазонында жұмыс істейтін сәуле шығарушы диодты көбіне сәуле шығарушы немесе сәуледиоды деп атайды.
2.49, а-суретте сәуле шығарушы диодтың құрылымы керсетілген, ал оның графикалық шартты кескіні 2.49, ә-суретте берілген.
2.50-сурет. Сәуле шыгарушы диодтың құрылымы (а) және оның графикалық шартты кескіні (ә)
Көрсетілген ауданға жалғасқан аймақтар және р-п өту аймағындағы кемтіктер және электронды комбинацияламау шешімінде, диодтағы токтың тура ағынында сәуле шығару пайда болады. Комбинацияламағанда фотондар сәуле шығарады.
Сипаттамалары мен параметрлері. Көрінетін диапазонда жұмыс істейтін (толқын ұзындығы 0,38-нен 0,78 мкм-ға дейін, жиілігі 1015 Гц төмен немесе жуық) сәуле шығарушы диодтар үшін келесі сипаттамалар кеңінен қолданылады:
сәуле шығару жарықтығы L диод тогына I тәуелділгі (жарыңтық сипаттамасы);
Іп жарық күшінің диод і тогына тәуелділігі.
2.51-сурет. Диодтың жарық сәулелік сипаттамасы
Көрінбейтін диапазонда жұмыс істейтін сәуле шығарушы диод үшін шағылысатын Р сәуле шығарушы қуаттың, диод і тоғына төуелділігінің сипаттамасы қолданылады.
АЛ102 түріндегі сәуле шығарушы диодтың жарық сәулелік сипаттамасы 2.51-суретте көрсетілген. Бұл диодтың жарық тарату түсі - қызыл.
AJI316A түріндегі сәуле шығарушы диодтың жарық күшінің токқа тәуелділігінің графигі 2.52-суретте көрсетілген (жарық, түсі - қызыл).
2.52-сурет. Диодтагы жарық күшінің токқа тэуелділік графигі
Сәулелену қуаты, AJI119A түрдегі сәулелену диодына мүмкін болатын тәуелдік жағдайын бейнелейік. Диод инфрақызыл диапазонында (толқын ұзындығы 0,93-0,96 км) жұмыс істейді.
2.53-сурет. Сәулелену қуатының токқа байланысты өзгерісі
AJI 119A түрдегі диодтың кейбір параметрлерін көрсетейік:
сәулелену импульсінің өсу уақыты - 1000 нс кеп емес;
сәулелену импульсінің түсу уақыты - 1500 нс көп емес;
і = 300 мА кезіндегі тұрақты тура кернеу - 3 В көп емес;
£<-і-85°С кезіндегі максималды жіберілетін тұрақты тура ток 200 мА;
- қоршаған
орта темцературасы - 60...+85С.
Пайдалы
әсер коэффициентінің мүмкін болатын
шамасы
туралы ақпаратты, инфрақызыл диапазонында
жұмыс
істейтін 3JI115A,
AJI115A
түрдегі диодтардың (толқын үзындығы
0,95 мкм шамасында, спектр кеңдігі 0,05 мкм
көп емес) пайдалы әсер коэффициенті 10%
-дан төмен емес.
Фототранзистор жэне фототиристор
Фототранзистордың шығыс сипаттамасы қарапайым биполярлы транзистордың шығыс сипаттамасына сәйкес. Бірақ бұл жерде сипаттама жағдайы база тоғымен емес, жарықтандыру деңгейімен (немесе жарық ағынының шамасымен) анықталады.
Фототиристордың қасиеті қарапайым тиристордың қасиетіне сәйкес. Бірақ одан ерекшелігі - тиристордың қосылуы басқарушы ток импульсімен емес, ал жарық импульс көмегімен орындалады.
Оптрон (оптожұп)
Оптрон - бұл бір корпуста біріккен сәуле шығару қабылдағышы мен сәуле шығару көзін құрайтын және олардың өзара оптикалық, электрлік немесе екеуімен де байланысатын жартылай өткізгішті құрал. Фоторе-зистор, фотодиод, фототранзистор және фототиристорды сәуле шығару қабылдағышы ретінде қоланылатын оптрондар кеңінен таралған.
Резисторлы оптронның шығыс кедергісі кіріс тізбегіінің өзгеруінде 107-108 есе өзгереді. Сонымен қатар фоторезистордың вольт-амперлік сипаттамасы жоғарғы сызықтығымен және симметриялығымен (реясторлы оптожұптың аналогты кондырғыдағы кеңінен қолданылуы) ерекшеленеді. Резисторлы оптронның кем-шілігі аз шапшаңдылығында - 0,01-1 с.
Сандық ақпаратты сигнал тізбегін беруде диодты және транзисторлы оптрондар, ал оптикалық тізбекте-тиристорлы оптрон қолданылады. Тиристорлы және транзисторлы оптрондардың тез шапшаңдығы 5-50 мкс диапазонындағы қосып-айыру уақытымен сипатталады. Кейбір оптрондар үшін бұл уақыт аз болады.
2.54-сурет. а) жарықдиод-фотодиод оптожұбының
графикалық шартты кескіні; ә) оптожұп диодының ток
және кернеу багыттары
АОД107А оптожұбы үшін ишығ = 0 кернеуіндегі ікір тогының і тоғына тәуелділігі 2.55-суретте көрсетілген.
55-сурет. Оптожұп шыгыс тогының кіріс тогына тәуелділігі
Көрсетілген оптожұп фотогенератор және фототүрлендіргіш режимінде жұмыс істеуге арналған.
Қарастырылатын сұрақтар:
1. Фотоэлектрлі құрылғылар.
2. Оптоэлектрондық аспаптар.
Оптикалық сәулелену энергиясын электр энергиясына айналдыратын құрылғыларды фотоэлектрлі құрылғы деп атайды.
Фотоэлектрлі аспаптардың жұмыс істеу принципі ішкі және сыртқы фотоэффектке негізделген.
Ішкі фотоэффект – кристалдарға немесе жартылай өткізгіштерге жарық сәулелері түскенде жарық жұтылады да, олардың құрамындағы кейбір электрондар тобы зоналардан өткізгіштік зоналарға ауысып қозғалады. Осының нәтижесінде жартылай өткізгіш электрлік кедергісі кемиді де, электр өткізгіштігі артады.
ФОТОДИОД. Кері тогы р-n өтпесінің жарықталынуына байланысты өзгеріп отыратын жартылай өткізгішті диод фотодиод деп аталады. Фотодиодтар екі түрлі жұмыс әлпінде пайдаланады: сыртқы қорек көзінсіз фотогенератор ретінде және сыртқы қорек көзімен фототүрлендіргіш ретінде.
7.1-сурет. Фотодиодтың құрылысы (а) мен графикалық шартты белгісі (б).
Фотодиод, қарапайым диод секілді, бір р-n өтпесінен тұрады. Бірақ түйіспенің ауданы басқа диодтарға қарағанда әлдеқайда үлкен болады, өйткені сәуле осы ауданға перпендикуляр түсуі керек (7.1-сурет). р-n өтпесіне түскен сәуле фотондары қоздыратын валенттік электрондар өткізгіштік аймақка өтеді. Осының салдарынан екі жартылай өткізгіште де заряд тасушы қос бөлшектердің (электрондар мен кемтіктердің) саны көбейеді. Түйіспелік потенциалдар айырымының әсерінен n-түрлі жартылай өткізгіштегі негізгі емес заряд тасымалдаушылар - кемтіктер р-түрлі жартылай өткізгішке өтеді де, ал мұндағы негізгі емес заряд тасымалдаушылар — электрондар n-түрлі жартылай өткізгішке өтеді. Сөйтіп, n-түрлі жартылай өткізгіште артық электрондар, ал р-түрлі жартылай өткізгіште артық кемтіктер пайда болады. Бұл фотодиодтың қысқыштарында потенциалдар айырымын, яғни фотоэлектрлік ЭҚК-ті тудырады. Фотоэлектрлік ЭҚК-тің мәні көптеген фотодиодтарда 0,5...0,9 В шамасында болады және сәуле ағынынан тәуелді. Бірақ сәуле ағыны белгілі бір шамаға жеткенде р-n өтпесі заряд тасымалдаушыларға қанығады да фотоэлектрлік ЭҚК одан әрі өспейді.
Фотогенератор әлпінде істейтін фотодиодтар күн сәулелерінің энергиясын электр энергиясына түрлендіретін қорек көздері ретінде пайдаланылады. Оларды күн сәулелік элементтер деп атап, олардан күн сәулелік батарея құрайды. Бірақ мұндай күн сәулелік элементтердің пайдалы әрекет коэффициенті өте төмен — 20% шамасында ғана.
Егер фотодиодты кернеу кезіне қосып және жарықтандырса, онда тура кернеу берілгенде оның вольт-амперлік сипаттамасының (7.2-сурет) АВ бөлігінің генератор әлпіне сәйкес келетінін, ал кері кернеу берілгенде оның тогының жарықтандырылмаған фотодиодқа қарағанда недәуір өсетінің көруге болады.
7.2-сурет. Жарықталмаған (1) және жарықталған (2) фотодиодтың вольт-амперлік сипаттамалары.
Фотодиодтардың негізгі параметрлері болып интегралдық сезгіштігі және қараңғылық тогы есептелінеді. Силицийден және германийдан жасалған фотодиодтардың интегралдық сезгіштігі 3 мА/лм және 20 мА/лм, ал қараңғылық токтары сәйкесінше 1...3 мкА және 10....30 мкА шамасында болады.
Фотодиодтар фотометрияда, фотоколориметрияда және телекескіндерді беру құрылғыларында қолданылады.
ЖАРЫҚ ДИОДЫ. Ток жүрген кезле р-n өтпесінен жарық шығаратын жартылай өткізгішті диод жарық диоды деп аталады. Жарық диодтары негізінен цифрлық индикаторларда қолданылады.
р-n өтпесіне тура кернеу бергенде негізгі заряд тасымалдаушылардың пайда болуымен қатар, олардың рекомбинаиясы да жүріп жатады. Рекомбинация кезінде бөлініп шағатын фотондардң энергиясы жарық сәулелерінің энергиясына тең болғанда, ол сәулелер көзге көрінетін болады. Егер жартылай өткізгіште тыйым салынған аймақтың ені 1,7 эВ-тен артық болса, онда электрондар өткізгіштік аймақтан валенттік аймаққа қайтып оралғанда шығаратын фотондары көзге көрінетін жарық тудырады.
Жарық диодтары галлий арсенидтері мен фосфидтерінен және силиций карбидтерінен жасалады.
Жарықтылықтың токтан тәуелділігі жарық диодының негізгі сипаттамасы болып саналады (7.3-сурет). Токтың белгілі бір мәнінен бастап ток өскен сайын жарықтылық та өсіп отырады. Бірақ кейін ток одан әрі өскенде заряд тасымалдаушылардың рекомбинациясы көбеймей бір мөлшерде жүріп отыратындықтан жарықтылық та өзгермей қалады.
Жарық диодының негізгі параметрлері: жұмыстық кернеулерінің төменгі және жоғарғы шекті аралығы мен инерциялылығы. Жарық диодының жұмыстық кернеуінің төменгі шекті мәні оның жарық шығара бастағандағы кернеуімен анықталса, ал жоғарғы шекті мәні шашырата алатын ең үлкен қуатымен анықталады. Жарық диодының инерциялылығы оның жарықтылығы максимал мәнінің 0,1 және 0,9 бөлігіне тең болған кездегі жану және сөну уақыттарымен анықталады.
7.3-сурет. Жарық диодының жарықтылық сипаттамасы мен графикалық шартты белгісі.
Электр сигналдарын оптикалық сигналдарына түрлендіріп және оның энергиясын индикатор немесе фотоэлектрлік түрлендіргішке беретін (ұзататын) аспаптарды оптоэлектрондық аспаптар деп атайды.
7.4 – сурет. 1-шыңжылары, 2-фотоқабылдағыш, 3-корпус, 4-оптикалық орта, 5-диод.
Электр құрылғыларда оптрондар оптикалық сәуле қабылдағыш пен сәулелендіргішті қосып тұрушы байланыс элементі ретінде қолданады.
Сәулелендіргіш ретінде жарық диодын қолданады, ал қабылдағыштар ретінде - фотокедергі, фотодиод, фототранзистор, фототиристор болуы мүмкін. Қолданған фотоқабылдағыштың түріне байланысты оптрондар фотокедергілі, фотодиодты, фототранзисторлы, фототиристорлы болады.
Кірмелі және шықпалық сипаттамалары мұндағы қолданылған сәулелендіргіш пен қабылдағышқа байланысты. Оптрондардың негізгі параметрі – беріліс сипаттамасы. Фотокедергілік оптрондарда қараңғылық кедергінің жарықтық кедергіге қатынасы β=Rқ/Rж. Фотодиод және фототранзистор бойынша беріліс коэффициенті Кi=Iмың/Iкір
7.5 – сурет. Оптрондық аспаптар.
Диодты оптрондардың жарық көзі ретінде арсенид диодың, ал қабылдағыш болып кремнийлі фотодиодты алады. Бұл оптронды кілт ретінде қолданады және жиілігі 1013-1015 Гц токты коммутация жасайды. Жабық күйдегі каранғылық кедергісі 108-1010 Ом, ашық күйде – бірнеше жүздеген килоомға дейін болады. Кірмелі және шықпалы тізбек арасындағы кедергісі 1013-1015 Ом. Сондықтан диодты оптрон кірмелі және шықпалы тізбек арасында өзара гальваникалық ажырату мүмкіндігіне ие болып, ауысу кезінде жақсы сипаттаманы қамтамасыз етеді. Оптронның структурасы бойынша арасында кеңістік болады, ал ондағы оптикалық ортаның сындыру көрсеткішін минималды энергия жоғалуы болатындай етіп таңдайды және жарық көзін сфераның пішініндей жасайды.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген