жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Оқу - тәрбие барысында жаңа технология әдістерін тиімді пайдалану
«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында,
ал
жас ұрпақ тағдыры ұстаздың
қолында»
Н.Ә.Назарбаев
Қазіргі таңда білім саласында жүріп жатқан реформалардың басты мақсаты - өрісі кең, білімді тұлғаны қалыптастыру. «Ұстаздық еткен жалықпас», - деп ұлы Абай атамыз жырлағандай, шәкіртіне сапалы білім беріп, жақсы бағытқа тәрбиелеу - әрбір ұстаздың басты міндеті екені белгілі.. Өскелең ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беріп, еліміздің болашақ жарқын жұлдыздарын әлемге танытып, мәртебесін асқақтату – ұстаздардың басты мақсаты. Жаңашыл мұғалім шәкіртіне жан – жақты білім беріп, оларды дүниежүзілік ақпарат кеңістігіне шығуға, яғни кез – келген бәсекеге қабілетті өмір сүруге өз ықпалын тигізеді.
Қазіргі кезде оқытуда жаңа технологияларды сабақта жан – жақты қолдану жаңаша оқытудың тиімді жолдарының бірі.
Ақпараттық технология - ақпараттарды жинау, сақтау және өңдеу үшін бір технологиялық тізбекте біріктірілген әдістер мен өндірістік және бағдарламалық – техникалық құралдардың жиынтығы.
М.В. Кларин: «Педагогикалық технология – педагогикалық мақсатқа қол жеткізу жолындағы қолданылатын барлық қисынды ілім амалдары мен әдіснамалық құралдардың жүйелі жиынтығы және жұмыс істеу реті», - деген болатын.
Технологияларды қолдана отырып, шығармашылық іс-әрекет талаптарын орындау мақсатында, оқушылардың қызығушылықтарын арттыру мақсатында бағдарламадағы мәтіндерге сәйкес деңгейлік шығармашылық тапсырмаларды алып қарастырып, сабақ барысында қолданып мынадай тұжырым жасауға болады:
Оқушылардың шығармашылық дербестігін дамыту арқылы оның жеке тұлғасы қалыптастырылады;
Қызығушылық іс-әрекет түрлері жеңіден күрділге қарай , кезекті түрде белгілі бір ретпен, жүйемен жүргізілуі нәтижесінде шығармашылығы дамиды;
Қызығушылық іс-әрекетті дұрыс ұйымдастыру біліктері мен іздемпаздықтың қалыптасуы оқушыларды шығармашылыққа баулиды:
Оқушыларды танымдық тапсырмаларды орындау мүмкіндіктеріне қарай топтарға бөліп, сәйкес жұмыс түрлерін таңдап, жүйелі жұмыс жүргізудің маңызы зор.
Қазіргі кезде қоғамның әлеуметтік – экономикалық өміріндегі өзгерістерге байланысты білім жүйесінде және оның мазмұны мен оқыту технологиясында да өзгерістер болып жатыр.
Бүгінгі күні еліміздің білім жүйесінде оқыту үдерісін тың идеяларға негізілген жаңа мазмұнмен қамтамасыз ету міндеті тұр. Жалпы орта білім берудің жалпы ұлттық деңгейдегі басты мақсаты – Қазақстан Республикасының әлеуметтік, экономикалық, қоғамдық – саяси өміріне белсенді араласуға дайын , құзіретті тұлғаны қалыптастыруға ықпал ету.
Құзірет – оқушының жеке және қоғам талаптарын қанағаттандыру мақсатындағы табысты іс-әрекетіне қажетті білім дайындығына әлеуметтік тапсырыс.
Құзіреттілік – оқушының әрекет тәсілдерін жан-жақты игеруінен көрінетін білім нәтижесі.
Ақпараттық құзіреттілік – бұл жеке тұлғаның әртүрлі ақпаратты қабылдау, табу, сақтау, оны жүзеге асыру және ақпараттық – комуникациялық технологияның мүмкіндіктерін жан – жақты қолдану қабілеті.
Ақпараттық құзіреттілікті қалыптастырудың басты мақсаты – оқушылардың ақпаратты беру, түрлендіру және оны қолдану білімдерімен қаруландыру, олардың компьютерлік технологияны өз қызметтеріне еркін, тиімді пайдалана алу қабілеттерін қалыптастыру.
Оқу процесінде компьютерді тиімді пайдалану және қолдану кейінгі жылдары айтарлықтай оң тәжірибе беріп отыр. Атап айтсақ, оқушылардың өз бетімен ізденісі, білімге деген қызығушылығын арттырып, шығармашылығын дамытуға, оқу қызметінің мәдениетін қалыптастыруға, дербес жұмыстарын ұйымдастыруға ерекше қолайлы жағдай туғызып отыр.
Электрондық оқу құралы – бұл оқу курсының ең маңызды бөлімдерін, сонымен бірге тапсырмалар жинағы, анықтамалар, ізденіс жұмыстарына нұсқау және т.б. білім беруді басқаратын электронды оқу құралы.
Сонымен қатар электрондық оқулықтарды сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық тапсырмалар орындайды. Әрбір оқушы таңдалған тақырып бойынша тапсырмалар мен тарау бойынша тест жұмыстарын орындайды. Электрондық оқулық арқылы түрлі суреттер , видеокөріністер, дыбыс және музыка тыңдап көрсетуге болады. Бұл әдіс, мұғалімнің тақтаға жазып түсіндіргенінін әлдеқайда тиімді, әрі әсерлі. Меңгерілуі қиын тақырыптарды жаңа ақпараттық – технологиялар әдістері көмегімен ұғындырса, пәнге деген қызығушылығы мен тақырыпқа деген құштарлығы оянады деп есептеймін.
Оқытушылары үшін ақпараттық – технологияларды пайдаланудың тиімділі:
Студенттің өз бетімен жұмысына;
Уақытын үнемдеуге;
Білім – білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеруге;
Шығармашылық жұмыстарды орындау , түсіндіру кезінде;
Қашықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы;
Қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;
Қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе құлақ пен есту мүмкіндіктері болмайтын табиғаттың таңғажайып процестерімен әртүрлі тәжірибе нәтижелерін көріп, сезінуге мүмкіндік алады;
Баланың ой-өрісін дүниетанымын кеңейтугеде ықпалы зор;
Ақпараттық технологияны пайдалану іс тәжірибесі тиімді әдіс деп ойлаймын. Білім – болашақ бағдары, кез – келген маман даярлайтын оқу орынның басты міндеттерінің бірі – жеке тұлғаны дамыту.
Студент білімді терең қабылдау үшін мұғалім мен оқушы арасында қандай біріккен іс әрекет болуы тиіс.
Білім жеке тұлғаны дамыту үшін, саналы түрде қабылдануы қажет. Сабақты оқыту процесінде жаңа кең деңгейге – пәндік тақырыпты түсіндіру шеңберінен шығып, оқушының өмірлік бағыттарын оқу пәнімен кең көлемде байланыстыру арқалы – пәнаралық жаңа әдіске, қорытындылауға шығу қажет.
Теориялық ойлау арқылы пәннің жүйелік сапасы – құндылығы, мағынасы мен мәні танылады. Сондықтан, оқушының ойлау әрекетін дамыта оқыту; оқушы мен мұғалімнің ынтымақтастығын ұйымдастыру; әртүрлі көзқарастарды салыстыру, аргументтеу, негіздеу; топтық, ұжымдық жұмыс түрлерін, ұжымдық ойлау әрекеттерін ұйымдастыру арқылы дамыту қажет. Оқушының ойлау әректін ұйымдастырғанда, проблеманы қайта тұжырымдап айту арқылы мағынасын өзгертуге болады.
Мұғалімнің өзінің түсінісудің тұлғааралық «механизмдерімен» жұмыс істеуінің маңызы зор. Бұл оның мынадай қабілеттерімен айқындалады:
- децентрация - өзін оқушының орнына қойып, әлемге баланың көзімен қарай білу, яғни оқушының пікірін қабылдау, оның пікірі мен тәртібіне теріс әсер болдырмау;
- рефлексия - әртүрлі көзқарастар айтылған диалог кезінде, бірге талқылау, бірге шешім қабылдау кезінде мұғалім сырт көзге қалай көрінетінін түсіне білу;
- эмпатия – оқушының жан дүниесін, ойлары мен сезімдерін түсіне білу, бұл мұғалімнің оқушыға жақындығынан, оң көзқарасынан айқындалады.
Ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы мектептегі сабақтарды жаңаша ұйымдастыру, мұғалімнің рөлі мен қызметінің артуына жағдай жасау, теориялық, ғылыми – педагогикалық және психологиялық зерттеулерге сүйене отырып, оқушылардың құзіреттілігін қалыптастыру, ақпараттық технологиялар мен инновациялық оқыту әдістері арқылы оқушыларды ізгілікке, елжандылыққа, саналыққа, адамгершілікке, имандылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Инновациялық әдістерді баланың білім деңгейіне және жасерекшелігіне қарай оқу үрдісінде пайдалану негізгі міндет болып табылады.
Алынған тақырыпты басшылыққа ала отырып және істелінген жұмыстарды қорытындылай келе өзін - өзі бағалай білетін, шығармашылық деңгейі жоғары жан – жақты тұлға қалыптастыра отыра, оқушының білім сапасын көтеріп, алған білімдерін өмірмен ұштастыруға бағыт беріп оқушы құзырлығын дамытуға болады.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген