400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Оқу- менің еңбегім 3сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімге тәжірибе алмасуға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

Мектеп:Х.Нұрымғалиев ат ЖОББМ Мерзімі:

Тақырып: «Оқу менің-еңбегім» №7

Құндылық: Ақиқат

Қасиеттер: ізденімпаздық,еңбекқорлық

Мұғалiм– Тауманова Қарылғаш Сынып - 3, Оқушылар саны -10

Сабақ мақсаты: Оқушыларға оқудың адам өміріндегі маңызын ұғындыру арқылы ақиқат құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

- Білімділік: оқушыларға оқудың қажырлы еңбек екендігін ұғындырып,ізденімпаздық қасиетін түсіндіру.

-Дамытушылық: оқушыларды оқуға құштарлыққа баулу арқылы еңбекқорлыққа тәрбиелеу;

-Тәрбиелік: Оқушыларды өнер-білімге қызығушылыққа тәрбиелеу.

Ресурстар:(Күнделік, дәптер, пенал, бейджик, қалам)

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi.

Оқушылармен амандасып, «Өзін- өзі тану» сабағының ережесін «5-Т» нықайталап, сабаққа қатысқандары үшін әр балаға 25 ұпайдан беріледі.

Оқушылардың оқу құралдарын «5 затты» (кітап, дәптер, пенал, күнделік, бейджик)тексеріп, ұпайларын түгендейміз.

  1. Тыныштық сәтi. «Су асты патшалығына саяхат»

(Оқушылардан шеңбер құрып отыруды, қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне қоюды, аяқтарын айқастырмауды өтініңіз. Арқаларын тік ұстауын қадағалаңыз. Жайлы, баяу музыка қойыңыз).

Оқушылар өз әсерлерімен бөліседі.

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

Үйге берілген №7 сабақ, 30 – бет. Ы.Алтынсарин «Кел, балалар, оқылық!» өлеңін жатқа айту.

Талқылау сұрақтары:

    1. Оқу адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар?

    2. «Ықыласпен тоқу» дегенді қалай түсінесіңдер?

    3. Оқуға құштар адамның бойында қандай қасиеттер болуы керек?

    4. «Оқусыз білім жоқ,білімсіз күнің жоқ»? деп неліктен айтқан?

    5. Білімді адамның болашағы қандай болады деп ойлайсыңдар?

    6. Сенің оқудағы мақсатың қандай?


Сабақ барысын талқылау:

4. Дәйек сөз.

«Оқу –инемен құдық қазғандай» ( Нақыл сөз )

(Бірінші қыздар ; екінші ұлдар; үшінші сынып болып қайталау)

1.Дәйексөзді оқыту.

2.Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

3.Дәйексөзді дәптерге жаздыру.

4.Қорытынды.

Дәйексөздің мағынасын оқушылардың жауаптарын тыңдау арқылы түйіндеймін.


  1. Әңгiмелеу (сұхбат). Мұғалімнің сыйы

«Маңдай тер» Б.Досымов

Хамит атасымен әңгімелескенді ұнатады.Балабек қариякөп жылдар бойы сушы болған.Қазір құрметті демалыста.Сондада үйде отырғанын көп көрмейсің.Хамитті ертіп үй жанындағы бақ ішіне жеміс егіп жүргені.Ешқашан шаршамайды.

-Ата «маңдай тер» деген не?-деп сұрады бірде Хамит.Атасы ойға шомды.Көзін бір нүктеге қадады.Әжімдері тереңдеді.Сонан соң Хамитті жетектеп ,өзі көшет алып жүрген тоғайға келді.Қолына күрек ұстатты.

-Қане,екі-үш рет қазып ал!

Өзі шеткерірек барып ,ағаш көлеңкесіне жайғасты.Хамит пора-пора терледі.Үйге келгеннен соң да атасы жақ ашпады.

Жылдар өтіп жатты.Көшеттер үлкен ағашқа айналды.Алма мен жүзім мол жеміс салды.Қоңыр күзде атасы Хамитті ертіп бақ ішіне келді.Қып-қызыл алманың біреуін үзіп қолына ұстатты.Сондай дәмді!

-Маңдай тер деген осы,Хамитжан.Өзіңнің маңдай теріңнің жемісі!

Хамит атасын құшақтай алды.

-Атасы Хамитке қандай өнегелі іс көрсетті?

-«Еңбек етсең ерінбей,тояды қарның тіленбей» деген мақалды қалай түсінесіңдер?

-Еңбекқор адамның бойында қандай құндылықтар болады?

-Өздерің қандай істі маңдай термен атқарып жүрсіңдер?

Әңгімелеп беріңдер.


  1. Шығармашылық жұмыс.

4 тапсырма: «Білімдіге дүние жарық»-деп дұрыс айтылған.Өлеңдегі қате сөздерді табыңдар.Ол сөздерді түзетіп оқыңдар.5-тапсырма: «Оқығаныңды айтпа,тоқығаныңды айт»,-деген нақыл сөз бар.Ертегілерді оқыңдар.Ондағы оқиғалардың шешімін тауып айтып беріңдер.6-тапсырма ; Мәтінді оқып,сахналап көрсетіңдер.


  1. Топпен ән айту.

« Біз көңілді ұланбыз!» Сөзі: Қ.Мүсірепов Әні: И.Нүсіпбаев

Біз көңілді ұланбыз,

Ән шырқаймыз, сайраңдап.

Бақытты елде туғанбыз,

Жаз гүліндей жайраңдап.

Бөбектерді қуантып,

Құрметтейміз қарттарды.

Өнерге біз құмартып,

Өсіреміз бақтарды.

Шынығамыз,ойнаймыз,

Жас ұрпақпыз талапты.

Жаз қызығын тойлаймыз,

Жақсы оқимыз сабақты.


  1. Үй тапсырмасы.

«Бала Шоқан» әңгімесінен түсінік айту.33-бет.


  1. Соңғы тыныштық сәтi.

(Баяу әуен қойылады.)

- Балалар, бүгінгі өткен сабақтан алған жақсы қасиеттерімізді, жақсы әсерлерімізді ойымызға түйіп, жүрегімізге сақтап алайық. Рахмет! Сау болыңдар!!




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28.04.2021
707
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі