жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Оқу әдістемелік кешен дүниежүзі тарихы
Оқу-әдістемелік кешен
«Орта Азиялық медициналық колледжі»
«Бекітемін»
Директордың оқу ісі
бойынша орынбасары:
_________ С.М. Пайзиев
Пән: «Дүниежүзі тарихы»
Мамандығы:0301000-«Емдеу ісі»
Біліктілігі:0301000–«Фельдшер»
Курс: 1
Тобы:ФЛК 01-19, ФЛК 02-19.
Семестр: 1
Сағат саны: 120
Жалпы сағат саны: 120
2016 жылғы медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша техникалық және кәсіптік білім берудің стандартына сәйкес үлгілік оқу бағдарламасы негізінде құрастырылған.
Шымкент-2019 жыл
Жұмыс оқу бағдарламасы 2016 жылғы медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша техникалық және кәсіптік білім берудің үлгілік кәсіптік оқу бағдарламасы негізінде құрастырылған.
«Келісілген»
Директордың оқу ісі
жөніндегі орынбасары
_________ С.М.Пайзиев
« » 20___ж.
«Келісілген»
Әдіскер:
___________ Х.Б. Кадирова
« » 20___ ж.
«Қаралған»
«Жалпы білім беру»
Циклдік (пәндік) комиссия
отырысында төрайымы
________Ш.А.Халмуратова
«____» _________ 20___ж.
Дайындаған оқытушы: ____________Жанысбай А.Ж.
050113 «Дүниежүзі тарихы»
Мазмұны:
бет
1.Глоссарий.
4
2. Дүниежүзі тарихы (Дүниежүзі тарихы ) пәнінің сипаттамасы
10
3.Дүниежүзі тарихы (Дүниежүзі тарихы ) пәні бойынша дәрістердің қысқаша мазмұны.
11
4. Аудиторлық жұмыстар ды орындаудадғы әдістемелік нұсқау
14
5. Студенттердің оқытушымен өтетін өздік жұмыстарының (СОӨӨЖ) орындаудадғы әдістемелік нұсқау.
16
6. Студенттердің өздік жұмыстарының (СӨЖ) орындаудадғы әдістемелік нұсқа
18
7.Тарих және дүниежүзі пәнінен өтетін далалық жаттығу практикасы.
20
8.Студенттердің білімін бағалау жөніндегі мәліметтер.
21
9.Қолданылатын әдебиеттер
62
1 - бөлім. Дүниежүзі тарихы (ХХ ғасырдың басы мен ХХІ ғасырдың басындағы әлем) бойынша
Глоссарий
Авторитаризм (латынша – «билік, ықпал») – саяси билік бір кісінің немесе бір топ адамның қолында шоғырланатын саяси режим. Авторитаризм үшін азаматтардың саяси бостандықтарының түгелдей немесе ішінара жоқтығы, партиялар мен ұйымдардың əрекеттерін шектеу, оппазицияны басып-шаншу, өкілетті мекемелерді тарату немесе биліе орындарына бағындыру, биліктің бөлінбеуі, саяси қуғын-сүргінге салу, зорлық-зомбылық қолдану тəн.
АзБР – Азиялық Даму Банкі. Апартеид («бөлек өмір сүру») – елдің халқының бүтіндей бір тобын нəсілдік шығу тегіне байланысты тəуелділік жағдайда ұстап, оларды сасяи, азаматтық жəне əлеуметтік-экономикалық құқықтарынан ажыратып немесе барынша шектеп, арнайы территориялық резервацияда ұстайтын нəсілшілдік қорлаудың ең шектен шыққан түрі. Аннексия бір мемлекеттің бір бөлігін немесе басқа мемлекеттің барлық территориясын күштеп басып алу. АНЗЮС – 1951 ж. құрылған, Австралия, Жаңа Зеландия, АҚШ кірді (мемлекеттердің алғашқы əріптері). АПЕК – 1989 ж. құрылған, Азия-Тынықмұхиттық экономикалық кеңес. АСЕАН – Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттерінің Ассоциациясы. 1967 ж. құрылған аймақтық саяси-экономикалық ұйым. Оның құрамына алғашында Индонезия, Малайзия, Сингапур, Таиланд, Филиппин жəне Бруней кірген. Оның мақсаты – мүше-елдердегі экономикалық, əлеуметтік, мəдени жəне басқа да ынтымақтастықты дамыту, бейбітшілікті жəне Оңтүстік-Шығыс Азияда тұрақтылықты қалыптастыру. Афроцентризм – ХІХ ғ. ортасында АҚШ-та пайда болған идеологиялық ағым. Афроцентризм негізіне қара африкалықтардың (қазір АҚШ-та жəне Латын Америкасында тұратын олардың ұрпақтарының) ақ жəне сары нəсілдегі адамадардан мəдени жəне басқалай да жоғары тұру идеясы алынады. Буржуазиялық-демократиялық республика – барлық азаматтарға демократиялық құқық пен бостандық заң арқылы кепілдік берілген мемлекеттік құрылым формасы. Бурлар – ХҮІІ ғ. өзінде Оңтүстік Африкаға орныққан голландиялық (сонлай- ақ неміс жəне француз) отаршылдарының ұрпақтары. ХІХ ғ. бурлар дербес мемлекет құрады, алайда ол 1899-1902 ж.ж. ағылшын-бур соғысының нəтижесінде тəуелсіздігінен айырылады. Қазіргі бурларды африканерлер деп атау орын алған. Геноцид – адамдарды белгілі бір тұтастыққа жатқандығы немесе шығу тегіне байланысты қырып-жою немесе қудалау, адамдарды белгілі бір əлеуметтік, мəдени немесе биологиялық топқа жататындығы үшін кінəлі деп санау. Деколонизация – түрлі елдер мен территориялардың отаршылдық тəуелділіктен азат етілу процесі, нəтижесінде олар тəуелсіз мемлекет болады. Доминион - өзінің басшысы ретінде ағылшын монархын таныған Британ империясы (1947 ж. бастап - Достастық) құрамындағы өзін-өзі басқару мемлекеті. Ағыошын монархы доминионға генерал-губернаторды тағайындайды. Сонымен бірге жергілікті басқару органдары да болады. Жас түріктер – ХІХ ғ. соңында пайда болған Түркиядағы буржуазиялық- демократиялық қозғалысқа қатысушылар. 1908ж. революциялық көтеріліс нəтижесінде жас түріктер конституцияны енгізуге қол жеткізеді, ал 1909 ж. олардың үкіметі билікке келеді (сонымен қатар монархия І д.ж. соғыстың аяғына дейін сақталады). Интеграция - өзара бейімделу, экономикалық жəне өндірістік ынтымақтастықты кеңейту, екі немесе бірнеше мемлекеттің ұлттық шаруашылықтарын біріктіру процесі, шаруашылық өмірді бірігістірудің, біртұтас шаруашылық кешенін құруға алып барудың жоғарғы түрі. Интервенция – бір немесе бірнеше мемлекеттің басқа мемлекеттің ішкі істеріне күштеп араласуы. Тікелей əскери интервенциядан басқа дипломатиялық, экономикалық, қаржылай интервенция бар. БҰҰ-ның Жарғысы жəне халықаралық құқық интервенцияның барлық түріне тиым салады. Ислам республикасы – заңдар жəне басқарудың басқа да салалар діни ислам нормаларына негізделген республикалық құрылымдағы мемлекет. Колиция – бір немесе бірнеше мемлекетке қарсы бірігіп əрекет ету үшін құрылған бір немесе одан да көп мемлекеттің уақытша əскери-саяси одағы. Саяси өмірде коалиция түрлі партиялар немесе топтар арасында жасалады (əдетте сайлау алдында немесе үкіметті бірігіп құру үшін). Концессия (латынша – «рұқсат ету») – мемлекет қарамағындағы табиғи байлықтарды, кəсіпорындар жəне басқа да шаруашылық орындарын белгілі мерзімге пайдалануға беру туралы келісім. Конституция – мемлекеттің əкімшілік жəне қоғамдық құрылымын, билік органдарын құру принциптері мен тəртібін, сайлау жүйесін, негізгі құқықтары мен азаматтардың міндеттерін айқындайтын негізгі Заң. Конституция – мемлекеттің барлық заңдық құрылымының негізі. Мандаттық территория – бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін Ұлттар Лигасы кейбір жеңуші-мемлекеттерге ерекше құқықтық негізде (мандат) басқарумен берілген Германия жəне Түркияның бірқатар бұрынғы иеліктерінің атауы. «Мəдени революция»- коммунистік Қытайда шамамен 1966-1976 ж.ж. жүргізілген кез-келген оппозицияны күштеп басу саясаты. Бұл «революция» Қытайға күштеп басу, жалпылай қорқыныш жəне хаостан басқа ештеңе əкелген жоқ. Меморандум – қандай да бір мəселені жариялайтын дипломатиялық құжат. Көбінесе меморандум негізгі құжатқа (нота, ультиматум т.б.) қосымша бекітіледі, бірақ жеке бөлек те берілуі мүмкін. Нəсілдік бөлінушілік (расовая дискриминация) – бір ел территориясындағы халықтың белгілі бір нəсілдік белгісіне қарай құқықтарының шектелуі. Өкілеттіліктің мажоритарлық жүйесі – көптеген елдерде қабылданған орталық жəне жергілікті өкілеттілік органдарды, президентті жəне басқа да лауазым иелерін сайлауда дауыс берудің қорытындыларын шығарудың жүйесі. Мұндай дауыс беруді есептеу жүйесін қолданғанда жалпы көпшілік дауыс алған (50%+1)кандидат сайланды деп есептеледі. Парламентаризм – заң шығарушы жəне орындаушы органдардың қызметтері анық бөлінген, парламент рөлі басым болып келетін мемлекеттік билік жүйесі. Парламент – бұл жүйеге саяси күрестің субъекті əрі объекті ретінде араласады жəне елдегі демократия туралы дəстүрлі ұғымдарымен байланысты. Пацифизм (латынша «бейбітшілік орнатушы»)- ХІХ ғ. соңында жеке елдерде пайда болып, кейін халықаралық сипат алған соғысқа қарсы қоғамдық қозғалыс. «Пинг-пингтік дипломатия» - қарама-қайшылықтан жақындасуға жол іздеген 60-70 ж.ж.американ-қытай қатынастарының шартты атауы. Плацдарм – шабуыл жасау үшін қолайлы қарсыласушы мемлекеттің əскелерін дайындау үшін соғыс барысында иеленген территория бөлігі. Президенттік республика – президент атқарушы билікке қоса заң шығарушы биліктің бір бөлігіне де кең құқықтар иеленген басқару түрі. Протекторат – мемлекет-протектор (яғни қорғаушы) тəуелді мемлекеттің (протектораттың) саяси жəне экономикалық дамуының негізгі мəселелерін шешуді өз мойнына алған отаршылдық тəуелділік формасы. Популизм (латынша – «халық») – қатты əлеуметтік қарама-қайшылықтар кезінде, қоғамның дамуының дағдарысы тұстарында қоғамның тауқымет шеккен кейбір топтарының əлеуметтік-саяси үмітін білдіретін идеялық жəне саяси қозғалыстар. Популистік қозғалыстарға қарапайым адамдардың мүдделерін қорғаушы жігерлі жетекшілердің айналасына бірігу, олардың сөзіне ұйып құлақ асу жəне əрекеттерге жігерлену тəн болып келеді. Радикализм (латынша– «түбегейлі») – мəселелерді шешуде, қоғамда өзгерістер жүргізуде батыл əдістер қолдану, іс-əрекеттердің батыл қолданылуы. Репарация – шабуылға ұшыраған мемлекетке агрессор-мемлекеттің материалдық шығынын толтыруы. Бұл шығын бейбіт келісімнің талаптары бойынша ақшалай немесе басқа формада өтеледі. Референдум – мемлекеттік билікке маңызды мəселелерді шешуге бағытталған жалпыхалықтық дауыс беру (мысалы, конституцияны қабылдауға). СЕАТО – 1954 ж. құрылған, Оңтүстік-Шығыс Азия туралы шарт ұйымы. Оған АҚШ, Англия, Франция, Австралия, Жаңа Зеландия, Пакистан, Таиланд жəне Филиппин кірді. СЕНТО - 1955 ж. құрылған, Орталық шарт ұйымы. Англия, Түркия, Ирак, Пакистан жəне Иран енді. Алғашында «Бағдат пактісі» деп аталды. 1959 ж. Ирак шығып кеткен соң СЕНТО деп аталады. Социал-демократия – ХІХ ғ. ІІ ж. қалыптасқан қоғамдық-саяси қозғалыс. ХІХ ғ. соңында социал-демократия ықпалды саяси күшке айналады. Суверенитет – мемлекеттің сыртқы жəне ішкі саясатындағы тəуелсіздігі. Тоталитарлық (латынша – «бүкіл, толық, барлық») – адамның сасяи билікке түгелдей бағынуымен, мемлекеттің қоғамға толық бақылау орнатуымен сипатталатын қоғамның əлеуметтік-саяси құрылысының үлгісі. Тоталитаризм азаматтық қоғамның титтей де болса көрінісін құртып, барлық көлденең байланыстарды тікелей байланыстарға ауыстырып, қатал орталықтандыру орнатады. ОПЕК – мұнай экспорттаушы елдер ұйымы. ОИК – «Ислам конференциясы» ұйымы.
Ұлтшылдық – негізіне ұлттық ерекшелік жəне ұлттық артықшылық идеялары алынған идеология мен саясат, ұлтты бірліктің ең жоғарғы түрі деп түсіндірушілік. Ұлттар Лигасы – 1919 ж. Версаль бейбіт келіміміне қол қойылғаннан кейін құрылған халықаралық ұйым. Екінші д.ж. соғыстың басталуымен өзінің өмір сүруін тоқтатады. Ұлттар Лигасын тарату туралы 1946 ж. ресми түрде жарияланады. Ұлттық-демократиялық революция – революцияға қатысушылар ұлттық тəуелсіздікке қол жеткізуге жəне елде демократиялық басқару жүйесін орнатуға ұмтылады. «Үлкен секіріс» - коммунистік Қытай басшылығымен 1958 жылдан бастап 60 жылдардың ортасына дейін жүргізілген саясат. Бұл саясат арқылы Қытай ауыр өнеркəсіптің қарқынды дамуы арқылы алдыңғы қатарлы индустриальды мемлекеттерді қуып жетеді деп есептелді. Алайда «үлкен секіріс» саясаты сəтсіздікке ұщырап, терең экономикалық дағдарысқа алып келеді. «Үшінші əлем» - «қырғи қабақ соғыс» кезінде басында алып державалар болған қарсы топқа бірікпеген Азия, Африка жəне Латын Америкасындағы елдердің шартты атауы. Көпшілік «үшінші əлем» елдерінде модернизация жаңадан басталғандықтан, оларды дамушы елдер деп те атайды. Ықпал ету аймағы (сфера влияния) – қандай да бір қуатты державаның ықпалындағы тəуелділік формасындағы (саяси, экономикалық, қаржылай т.б.) түрлі елдер мен территориялары. Федерация – дербес конституциясы жəне басқару органдарынан құралған əкімшілік бірліктерден (штат, одақтас республика т.б.) тұратын мемлекеттік құрылым формасы. «Экономикалық ғажайып» - Батыс Европаның (ең алдымен ГФР) бірқатар елдерінің жəне Жапонияның қарқынды экономикалық даму кезеңін айтады. Алайда оның шеңбері əр елде толығымен сəйкес келмейді, оның неғұрлым қарқынды дамыған уақыты 50 ж. ортасынан 60 ж. ортасына дейін (Жапонияда 70 ж. басына дейін) жалғасады. Элита – қоғамның белгілі бір бөлігінің тобының көрнекті өкілдері. Элита- қандай да болсын салада билік басындағы отырған əлеуметтік топ. Этатизм (французша – «мемлекет») – қоғамның экономикалық-əлеуметік жəне мəдени, ғылыми т.б. салаларында мемлекеттің ролінің күшеюін сипаттау үшін қолданылатын ұғым. Аккомодация - үйрену,өмірдің жаңа жағдайына бейімделу, дағдылану. Анропология - адамның пайда болуы мен дамуы (эволюциясы), адам нәсілдері мен физикалық (дене құрылысының түрленуі жөніндегі ғылым, жаратылыс тану ғылымының бір саласы). Варварство - тағылық, мәдениетсіздік,рақымсыздық, дөрекілік, айуандық.
Вакуфтық жерлер - ауқатты адамдардың дін басшыларына силаған жерлері;әдетте бұл жерлер салықтан босатылып отырған .
Әскери демократия - алғашқы қауымдастық құрылыстың ыдырауы кезіндегі демократияның қалдықтарының сақталу жағдайындағы әскери көсемдердің билігі.
Волюнтаризм - қоғамдық және саяси өмірге нақты жағдайы, даму заңдылықтарын ескрусіз субьективтік шешім қабылдау.
Гетто - белгілі бір ұлттың нәсілдің өкілдерін еріксіз түрде орналастырған аймақ, өңір.
Демилитаризация - қарусыздану; бір мемлекеттің бекінісі жасауына, соғыс өндірістерінің болуына және басқа бір белгілі жерде әскер ұстауына тыйм салу.
Демократия - тәртіптің құдырауы, азғындау, рухани азу.
Интервенция - бір немесе бірнеше елдің басқа бірнеше елдің басқа бір елдің ішкі өміріне зорлықпен қол сұғуы.
Каторга – 1.қуғын-сүргін; 2.Азатты тұрмыс, ауыр жұмыс.
Комендация - әлсіз адамның өз жерін күштінің қорғаулығына беруі.
Лимит - бір нәрсені жұмсаудың, пайдаланудың келісімді шегі.
Маргинальдық - қоғамдық дамудың барысында екі түрлі мәдениеттің өзара қарым - қатынасы нәтижесінде осы екі мәдениеттің оралғанда қалған адамдардың немесе жеке адамның жағдайы.
Мариоликалық - қолжаулық, дербестіктен айрылған; өз халқының мүддесіне кенғор,басқаның еркімен іс әрект жасапту.
Мезолит - орта тас ғасыр, палеолит пен неолит аралығындағы өткен кезең.
Репрессия – жазалау, қуғын сүргін.
Меценат – қолдаушы, жәрдем көрсетуші
Этнос – халық. Ұлт, ұлттық өзендік ерекшелік.
Топанимика – ономастиканың бір бөлігі. Географиалық атауларды көрсететін жеке адамдардың аттарын зерттейді.
Этнография – этнографияның өткен дәүір мен қазіргі кезде халықтың орналасуын зерттейтін бөлімі.
Хазарлар – алтыншы ғасырда түрік қағанатының құрамында болған жартылай көшпенді түрік тілді халық
Харадж – егіншілерден жиналатын салық.
Факт – дерек, шындық, ақиқат, болған іс, оқиға, құбылыс, дәлел.
Ұшыр – егіншіле мен қоленершілерден алынып отырған салық
Урбанизация – кенттену, халықтың және ірі өпер кәсіп орындарының ірі қалаларға шоғырлануы.
Ұлыс – 1) ауыл қыстақ аудан. 2) меншік, иелік, қожалық, қарамғындағы ел.
Диаспора – шашырып тарау – халықтың едәүір бөлігінің туған жерінен басқа сырт елде болуы.
Дольлиен – неолит, қола дәүіріндегі құрылыс тақтамен жабылған тас жәшік.
Клерикализм - өзінің саяси ықпалын күшейту үшін дінді пайдалануды көздейтінм саяси бағыт.
Монография – бір мәселе, тақырыпқа арналған ғылыми зерттеу.
Стакфлеция – торқырау кейін кету.
Коммендация – жеке басын қорғағаны үшін феодаодың әміршіге әскери қызмет немесе басқа да жұмыстар атқарады.
Миссионер – басқа діндегі халықтар арасында өз дінін тартушы үгітшілер;
Миссионер - әдетте идиологиалық экспенсия қызметін атқарады.
Эпитафия – қабір ескерткішіне жазылған жазу.
Кондоминиюм – (бірге қатысу) – бір территорияны екі не оданда көп мемлекттердің билеуі.
Музари немесе Барзигар – шаруалардың үшке алған жерлерінен алынатын алым-салық.
Геноцид – (genos – тегі, colder - өлтіру) – тұрғындар бөлігінің жекелеген топтарының діни өкілдік сипатта жою.
Неандретальдық адам – қазып алынған адамның түрі, питекантроптардың ұрпағы.
Неантроп – қазіргі түрдегі адам.
Неоген кезеңі – Кайнозой эрасынан кейінгі 2-ші кезең бұдан 25млн. Жыл бұрын басталып, 23млн. Жылдай уақытқа созылған.
Нөкер – жауынгер қызметші.
Откочевка – көшпелілердің наразылылығының бір түрі,туған жерінен көшіп кету.
Калеоантропология – натроплогияның қазып алынған адамдарды зерттейтін бөлімі.
Палеоантроп – ежелгі адам,ертедегі адам.
Патриархалдық – Феодалдық қатынастар.
Питикантроп – ежелгі қазып алынған адам, неандертальдық адамнан бұрын өмір сүрген.
Мемлекет – қоғамда алғашқы рулық қауымның құлдырап,қанаушы және қанушы топтар пайда болғаннан кейіггі қалыптасқан саяси ұйым.
Монархия – мемлекеттік басқару түрі.
Мораторий – қарыз өтеу,белгілі бір әрекетке тиым салу, қаржы міндеттемелерін орындау мерзімдерін төтенше жағдайларға байланысты үкімет қаулысымен кейінге көшіру.
Меморандум – халқаралық қатынаста қол қойылып, мөр басылмаған дипломатиялық талқылауға жататын мәселелерді пайдаланған хат.
Тоталитаризм - әр бір адам заты, қоғам өмірінің барлық саласы мемлекет тарапынан толық басқаруға алынған мемлекеттік саяси құрылысының бір түрі.
Ұлт – аумақтың тілдің экономикалық өмірдің және ұлт мәдениеті мен тұрмыс ерекшелікерінде көрінетін адамдардың тарихи қалыптасқан бірлестігі.
Дәуір – қандайда бір құбылыстың өмір сүруіндегі немесе қандайда бір процестің дамуындағы басқа уақыт интервалынан сапалық тұрғыдан өзгеше уақыт интервалы.
Ғасыр – адамзат тарихын белгілі бір материалдық деңгейінің жетістіктеріне сәйкес негіздей отырып кезеңдерге бөлу.
Археология – тарих ғылымының көне дәуір мен орта ғасырдағы адамзат қоғамы дамуының заңдылықтары мен негізгі кезеңдерін зерттейтін ғылым.
Патша – елдегі капиталдың едәуір бөлігін иемденген әлеуметтік топ.
Авангардизм-(француз- алғы шептегілер) қалыптасқан қағидалар мен дәстүрден,өмір бірқалыптылығынан алшақтай отырып, көркем мәдениетті жаңғыртпақ болған мәдени ағым.
Автономия- мемлекет аумағындағы әлеуметтік қауымдасттықа берілетін ішкі өзін –өзі басқару мүмкіншілігі немесе мемлекеттік билікті өзінше жүзеге асыру.
Альянс- келісімшарттық міндеттер негізінде біріккен одақ.
Анархо-синдикализм- анархизм ықпалында болған жұмысшы топ ағымы. Саяси күрес пен жұмысшы тобының саяси рөлін жоққа шығарады, ұйымның жоғары формасы ретінде жұмысшы кәсіподақтарын мойындайды, «тікелей әрекет» тактикасын қолдайды. (саботаж, бойкот, жалпыға бірдей ереуіл)
Аннексия- күштеп қосу алу, бір мемлекеттің аумағын (бөлігін) басқа мемлекеттің басып алуы.
Антагонизм- қарама-қарсы үрдістер, күштер мен қоғамдық мүдделердің ымыраласпайтындығын білдіретін қайшылық түрі.
Адам құқығы-адам мен мемлекет арасындағы өзара қарым –қатынас қағидалары мен ережелері, жекетұлғаға өз қалауы бойынша әрекет етуге мүмкіндік беретін және белгілі бір игіліктерге қол жеткізетін принциптер. Жекетұлғаны материалдық, рухани және өзге де игіліктермен, бостандықпен қамтамасыз етеді, өзге біреудің қысымынсыз өз еркімен әрекет етуге заңды түрде мүмкіндік береді.
Азаматтық қоғам-дамудың белгілі бір кезеңіндегі адамзаттық қоғам, оған қоғамдағы экономика, саясат, әлеуеметтік және рухани саладағы үкіметтік емес ұйымдардың ерікті түрде қалыптасуы жатады: ерікті индивидтер және ерікті түрде қалыптасқан ұйымдар, қауымдастықтар саласы заңмен қорғалғандықтан, олардың қызметтеріне мемлекеттік билік тікелей араласа алмайды.
Апартеид –нәсілдік кемсітушіліктің ауыр түрі, мемлекеттегі халықтың тұтас бір тобы нәсілдік кемсітушілікке ұшырайды, саяси, азаматтық және әлеуеметтік –экономикалық құқықтарынан айырылады немесе мүлде шектеліп, арнайы аумақтық резервацияларға оқшалауға дейін барады.
Банкроттық – қарыз қаражаты төлеу бойынша міндеттемелерді орындауға қабілетсіздігін сотпен бекіту.
Геноцид- адамдарды белгілі бір қауымнан пайда болғаны және соған тән болғаны үшін қуғынға ұшырату немесе жою, адамдарды қандай да бір әлеуметтік, мәдени немесе биологиялық топқа тән болғаны үшін жасырын кінәлап, қудалау.
Гегемония- басымдылық, көшбасшылық.
Геосаясат –жаһандық мүдделер мен экономикасы дамыған мемлекеттердің сыртқы саясатына негізделген, саяси-географиялық маңызға бағытталған саяси тұжырым.
Әскери коммунизм- Кеңес Одағының Азаматтық соғыс жағдайында 1918-1920 жылдар аралығында жүргізілген ішкі саясатының атауы.
Әлемдік экономикалық дағдарыс- дүниежүзілік қамтыған экономикалық дағдарыс. 1929 жылы басталып, 1939 жылға дейін созылған дағдарыстан шығу кейбір елдерде 1945 жылға дейін созылды. Сондықтан 1930 жылдар жалпы Ұлы тоқырау жылдары деп аталады.
Девальвация- мемлекеттің ақша бірлігін заңды жолмен азайтуды іске асырған немесе оның ұлттық валюта бағамын шетелдік валютаға қатысты төмендететін ақша реформасының түрі.
Доминион – Ұлыбритания үкіметінің бұрынғы отар елдеріндегі үстемдігін сақтап қалу үшін енгізген басқару жүйесі. Доминионға кірген елдер Ұлыбритания королін (королевасын) мемлекеттің жоғарғы билеушісі ретінде мойындауға міндетті.
Жартылай отар- сыртқы дербестігін сақтаған, алайда империалистік державаларға экономикалық және саяси тұрғыдан тәуелді болған мемлекет.
Жаңғырту (Модернизация) –1)қоғамдағы әлеуметтік өзгерістер мен реформалар;
2) дамуы төмен қоғамдағы өзгерістер, оның барысында дамыған қоғамға тән сипаттарға ие болады, бұл орайда жаңғырту мемлекетке алдыңғы қатарлы елдердің тәжірибесін енгізіп, қоғамды саналы түрде қайта қалыптастырушы болып табылады.
Жаһандану-әлемде қалыптасқан күрделі мәселерді (экологиялық, демографиялық жағдайды, экономикалық және мәдени артта қалушылықты жою, ғарыштағы кеңістікті игеру, әлемдегі энергетикалық, шикізаттық, азық-түліктік және өзге де дағдарыстарды шешу), сонымен бірге жеке тұлғалардың әлеуметтік, экономикалық және индивидуалдық құқықтары мен бостандықтарын шешуге негізделген, қазіргі әлемдегі кешенді, біртұтас дамушы жүйе.
Империализм- империяның басқа елдерді, отарларды өзіне қосып алумен шегарасын үлкейту. Империализм отарлары бар мемлекеттердің стратегиясы.
Индустрияландыру- экономикада өнеркәсіптік өндірістің басым болуы мақсатында дәстүрлі индустриалдық даму кезеңінен шапшаң әлеуметтік-экономикаға ауысу үдерісі. Бұл үдеріс, әсіресе энергетика және металлургия саласында жаңа технологиялардың дамуымен байланысты.
Индустриалды қоғам- дәстүрлі, аграрлық және т.б. аз дамыған қоғамдармен салыстырғанда қазіргі дамыған қоғамның үрдістері мен ерекшіліктерін білдіретін ұғым.
Интервенция-бір немесе бірнеше мемелекеттің басқа мемлекетке әскери басып кіруі, оның ішкі істеріне араласуы. БҰҰ жарғысына сәйкес интервенция халықаралық құқықбұзушылық болып саналады. Интервенцияның саяси немесе экономикалық түрлері бар.
Инфрақұрылым-экономиканың және адамдардың жалпы жағдайларын жасауға бағытталған халықшаруашылығы салаларының жиынтығы.
Коалиция- 1) мемлекеттердің өзге мемелекетке немесе мемлекеттер тобына қарсы уақытша құрылған әскери немесе саяси одақ; 2) саяси партиялар арасындағы өзара келісім. Мұндай келісім, негізінен, партиялардың парламентте көпшілік дауыс алуы мақсатында, яки осы партиялар өкілдерінен Коалициялық үкімет құру үшін жасалады.
Консерватизм-дәстүрлі әлеуметтік институттардың сақталуын қолдайтын саяси және әлеуметтік философиялық ұстаным.
Констиуциялық монархия- монарх билігі мемлекеттік басқару саласында жоғары өкілеттілікке ие болмайтындай шектелген монархия түрі.
Кубизм- Францияда ХХ ғасырдың алғашқы жартысында пайда болған, модернизмге бағыт алған, әсіресе суретте ерекше орын тапқан бейнелеу өнері.
Кулак- Ресейде Қазан революциясына дейінгі жалдамалы еңбекті пайдаланатын (жұмыс беруші шаруалар), сонымен қатар дайын ауылшаруашылық өнімдерін қайта сату, өсімқорлық, делдалдық саласындағы жұмыспен айналысатын шаруалар.
Кульминация-қандай да бір оқиғаның, іс-әрекеттің дамуындағы барынша қауырт жағдайы.
Ландтаг- Германия және Австриядағы , Оңтүстік Тиролдағы (Италия құрамында) жер парламентті, сонымен қатар Лихтенштейн княздігінің парламенті.
Латифундия- ірі жер иеленуі.
Либерализм- ең жоғарғы құндылық әрі басымдық ретінде жеке еркіндікті ұстанатын идеология.
Марксизм- ХІХ ғасырдың 40-жылдары Карл Маркс пен Фридрих Энгельс негізін қалаған философиялық, экономикалық және әлеуметтік –саяси көзқарастар жүйесі. Марксизмнің мақсаты, негізгі қозғаушы күші ретінде жұмысшы табының маңызын теориялық негіздеу.
Метрополия- мемлекет орталығын білдіретін ұғым. Бастапқыда метрополия деп отар аймақтарға ие ежелгі грек қалалары (полистер) аталды.ХІХ-ХХ ғасырлардың 70 –жылдарына дейін отаршыл империялардың орталығы Метрополия деп аталып, негізінен, үлкен орталықтары, олардың айналысындағы мекендер, сондай-ақ астаналық қалалар қамтылды. Қазіргі кезде дамыған елдерде метрополия деп қаланың негізгі нысандары орналасқан басты ауданын айтады.
Мобилизация –Қарулы Күштерді және елдің экономикасы мен мемлекеттік институттарын соғыс мұқтаждықтарын қамтамасыз ету үшін жұмылдыру және қайта құру бағытындағы іс-шаралар.Жалпыға бірдей әскери міндеттілік борышын атқару үшін шақырылады.Елдің экономикасы түгелдей соғыс жағдайына бейімделеді. Соғыс қаупі сейілген немесе аяқталған және азаматтардың әскери борышын өтеу мерзімі біткен кезде демобилизация процесі басталады.
Монархистер – республикадағы монархияны қалпына келтіруге немесе монархияға қауіпті республикалық қозғалысқа қарсы күресуші саяси партиялардың атауы.
Монополия- бір тұлғаның немесе тұлғалар тобының, мемлекеттің белгілі бір затқа, белгілі бір затты өндіруге немес сатып алуға, белгілі бір тауарлармен сауда жасауға айырықша құқығы.
Оккупация- халықаралық құқықта бір мемлекеттің аумағын(немесе жерінің бір бөлігін) басқа мемлекеттің (немесе мемлекеттердің) әскер күшімен уақытша басып алуы және оккупациялаған күштердің әскери әкімшілік билігін құру.
Отар- дербес саяси және экономикалық биліксіз ерекше режім негізінде басқарылатын, шет мемлекеттің (метрополия) билігінде болған аймақ.
Өркениет- бірнеше мағынада қолданылады: материалды және рухани мәдениет; жабайлық және варвалық заманнан бергі ерекше тарихи кезең; өндірістің, әлеуметтік қатынастардың, саяси өмірдің, ғылым мен мәдениеттің өзге де элементтерінің жоғары дамуының салыстырмалы түрдегі айырмашылықтарының әлемдік даму кезеңі.
Өкілдіктің мажоритарлық жүйесі- орталық және жергілікті билік органдары мен президентті т.б. тұлғаларды сайлау барысындағы нәтижелерді анықтайтын, көтеген мемлекетте (АҚШ, Ұлыбритания, Франция және т.б.) қолданылатын жүйе. Бұл жүйе бойынша дауыс берушілердің басым дауысына ие болған үміткер (немесе сәл артықшылықпен 50 % +1)жеңіске жетеді.
Өкілдіктің пропорционалды жүйесі – сайлау жүйесі, оның негізінде мандатқа ие болу үшін сайлаушылар дауысының партия мүшелеріне тең бөлінуі жатыр. Бұл жүйеде өкілетті органдарға үміткерлерді тек партиялар ғана ұсынылады.
Пацифизм- соғысқа қарсы қоғамдық қозғалыс. Ол ХІХ ғасырдың соңында бірқатар мемлекеттерде пайда болып, соңынан халықаралық сипат алды.
Популизм- қоғамдағы дағдарысты кезеңнің күрделі әлеуметтік қарама-қайшылықтарын танытатын, қоғамның кейбір топтарының әлеуметтік саясатын бейнелейтін идеялық және саяси қозғалыс. Популистік қозғалыстарда қарапайым адамның мүддесін қорғауды мақсат етіп көзге түскен харизматикалық лидерлер танымалдыққа жетеді.
Постиндустриализм- әлеуметтік- саяси тұжырымдама қоғам тарихын үш кезеңге: индустриалдыққа дейін, индустриалды, постиндустриалды қоғамға бөліп қарастырады. Бұлардың соңғысы- жаңа қоғам, онда жетекші әрі маңызды орынды ғылым, теоретикалық және эксперименталды институттар алады.
Рейхстаг-Германиядағы парламент атауы.
Реформизм- революцияның қажеттілігін жоққа шығаратын, таптық ынтымақтастығын жақтайтын және реформалар көмегімен капиталистік қоғамды «жалпыға ортақ игілік» және әлеуметтік әділеттік қоғамына айналдыруды көздейтін немесе бірқатар реформалар жасау жолымен буржуазиялық қоғамдық жүйе шегінен шықпай оның «социализмге» эволюциялық «енуін» қамтамасыз етуді көздейтін саяси ағым.
Радикализм- қандай да бір сұрақтарды шешуде радикалды әдістерді қолдану, қоғамның радикалдануы, оның шешуші әрекет саналуы.
Социализм- негізгі өнідірісі, құрал-жабдықтары мемлекеттік меншікте болатын әлеуметтік жүйе. Әрқайсысының қабілетіне қарай, әрқайсысының еңбегіне қарай принципі бойынша өндірістік қатынастар жүзеге асырылады.
Сұлтандық- мемлекет, облыс немесе аудан басшысы сұлтан болып табылатын исламдық мемлекет құрылым.
Ұжымдастыру- шағын жеке шаруашылықтарды ұжымдық социалистік шаруашылықтарға біріктіру үдерісі. Индустрияландыру сияқты, ұжымдастыру да боьшевиктік режімнің жаһандық міндеттерінің бірі болып табылады.
Ұлтшылдық- ұлттық ерекшелік пен ұлттық артықшылылық идеяларына негізделген, ұлтты қоғамның жоғарғы формасы ретінде түсіндіретін идеология және саясат.
Ұлттық мәселе- мемлекет ішіндегі ұлттар мен халықтардың арасындағы қатынастар үдерісінен пайда болған саяси, экономикалық, құқықтық, идеологиялық және т.б. мәселелер.
Фашизм- ашық лаңкестік диктатура, ол барлық демократиялық бостандықтар мен қоғамдағы прогрессивті қозғалыстарды басып жаншуға бағытталған. Фашизмге тән белгілер гуманизмге қарсылық, нәсілшілдік, шовинизм, зорлық-зомбылық, көсем культі, мемлекетті толық билеп-төстеу, тұлғаларға жаппай бақылау орнату, адамзатты жек көру, басқыншылық, агрессия.
Фовизм- француздың бейнелеу өнеріндегі ашық бояуды еркін пайдалануымен ерекшеленетін кескіндеме стиль.
Фундаментализм- діни ұғымдар мен қағидаларды сындарлы тұрғыда қайта қарастыруға қарсы діни бағыт, ол өзгермеушілікті, догманы, ортодоксті қолдайды.
Шовинзим- ұлтшылдықтың асқынған түрі, ұлттық артықшылықтарды насихаттау, бір ұлттың мүддесін өзге ұлттан жоғары қою, ұлттық жеккөрушілік тұрғысынан қақтығыстар тудыру.
Экспансия- монополистік бірлестіктердің, мемлекеттердің, әлеуметтік топтардың экономикалық және басқа әдістермен (аумақтарды қарулы күшпен басып алу, дипломатиялық қысым жасау т.б.)ықпал ету аясын кеңейтуі.
Экспрессионизм-еуропа өнері мен әдебиетіндегі бағыт.
Экологиялық қозғалыс- экологиялық қатерді азайтуға, қоршаған ортаны сауықтыруға, дамның, қоғамның, табиғаттың үйлесімділігін сақтауға ұмтылатын адамдардың әлеуметтік ұйымдарының бірі. Экологиялық қозғалысты, негізінен, бейресми «жасылдар», экологтер секілді үкіметтік емес т.б. ұйымдар құрады.
Экстенсивті – сапалық емес, сандық жағынан кеңейтуге, ұзартуға бағытталған, сондай-ақ халық шаруашылығында өнімнің сапасын жақсарту жағы ескерілмей, оның тек санын, көлемін арттыруға бағытталғандықты білдіретін ұғым.
Элита- қоғамның қандай да бір бөлігінің немесе топтарының көрнекті өкілдері. Элита қандай да бір салада жоғары лауазымды иеленуші әлеуметтік топ.
Дүниежүзі тарихы пәннінің сипатамасы.
ОҚЫТУ МАҚСАТЫ. Жұмыс оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасының 2016 жылғы медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша техникалық және кәсіптік білім берудің үлгілік кәсіптік оқу бағдарламасы негізінде құрастырылған.
Пәнді оқытудың мақсаты – ХХғ. басы мен ХХІ ғасырдағы дүниежүзі елдері мен халықтарының саяси, әлеуметтік-экономикалық және рухани дамуының негізгі бағыттарын талдап-түсіндіру. Жалпы адамзаттық құндылықтарды, гуманизм мен демократия идеяларын білім алушының бойына сіңіру және ҚР-ның дамуына белсенді үлес қосатын азамат болуына ықпал ету.
Оқытудың міндеттері: оқушыларға дүниежүзінің ХХ-ХХІ ғғ.дамуының мүмкіншіліктерін көрсету. Көпұлтты империялардың қалыптасу, даму және күйреу тарихын, жаңа тәуелсіз мемлекеттердің құрылуын түсіндіре отырып, қазіргі замандағы халықаралық қатынастардың дамуының сипаты мен ерекшеліктерін ашу. Сонымен қатар оқушыларды толеранттылық пен халықтардың өзара түсіністігі рухында тәрбиелеу, олардың ұлттық және әлемдік мәдени мұра құндылықтарын түсінуіне көмектесу. Отар және тәуелді елдердегі азаттық қозғалысың сипатын, кезеңдерін және жаңа формаларын көрсету.
«Дүниежүзі тарихын» оқыту барысында төмендегідей пәндермен пәнаралық байланыс жүзеге асырылады: Қазақстан тарихы, мәдениеттану, философия негіздері, саясаттану және социология.
Жұмыс бағдарламасын әзірлеу барысында, білім беру ұйымы жұмыс бағдарламасындағы пәнді оқытудың жалпы көлемін сақтай отырып, мамандықтың түріне қарай оқытудың бағдарлама көлемін 25% өзгертуге құқылы;
-техникалық және кәсіптік білімнің жұмыс оқу бағдарламасын әзірлеу барысында білім беру ұйымы оқу бағдарламасының мазмұнын өзгертуге құқылы;
-қазіргі заманғы оқыту технологиясының түрлерін және оқыту процесін бақылаудың формаларын, әдістерін пайдалану;
-бөлімдер мен тақырыптар бойынша оқу уақытының жалпы сағат көлемін бөлу (пәнді меңгертуге берілген бюджеттің жалпы уақытына сәйкес болуы)
-бағдарлама материалын меңгерту барысында оның жүйелілігіне өзгерістер жасау нақты дәлелділікті қажет етеді.
Үлгілік оқу бағдарлама «Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша дәрістер, семинарлар, үй жұмысы, практикалық сабақтар мен конференциялар жүзеге асады.
«Дүниежүзі тарихы» пәнінің ерекшелігін ескере отырып, келесі әдістемелер ұсынылады: баяндау, пікір-талас, дебат және білім алушылардың өзіндік жұмыстары.
«Дүниежүзі тарихын» оқыту барысында төмендегідей пәндермен пәнаралық байланыс жүзеге асырылады: Қазақстан тарихы, мәдениеттану, философия негіздері, саясаттану және социология.
1- Бөлім. Дүниежүзі тарихы пәні бойынша дәрістердің қысқаша мазмұны:
№1 Дәріс. Тақырып: Кіріспе.ХІХ ғ.соңы мен ХХ ғ.бас. Еуропа мен Солтүстік Америка елдері.
Дәрістің мақсаты: дүниежүзі тарихи ғылыми тұралы мағлұмат, дүниежүзінің
ХХ ғасырдың басындағы саяси, экономикалық жағдайы және Еуропа мен Солтүстік Америка елдерінің саясаттары мен экономикалық ахуалы туралы мағұлмат беру.
Дәріс мазмұны:Лекция:
Бұл өтетін сабақтың әлемдік саяси ахуалын зерттейтін ғылыми пән екендігі туралы мағлұмат беріледі. Сонымен қатар Еуропаның ХХ ғасырдың басында жағдайы және Солтүстік Американың ерекшеліктері, қоғамдық жағдайлары қамтылады. ХІХ ғ.соңы Еуропа мен Солтүстік Америкада әлеуметтік, экономикалық, саяси және рухани өмірдің барлық салаларында ірі өзгерістер болды. Әлемдік тарихта бұл өтпелі кезең: 1)капиталистік буржуазиялық қоғамның қалыптасуы кезеңінің аяқталуымен;
2)буржуазиялық революциялар дәуірінің басталуымен сипатталды;
Буржуазияның саясатында реформалар маңызға ие бола бастады. Бұл жылдары конституциялық құрылыс Батыстың жеткеші елдерінде орнығып үлгергерді.Сайлау құқығының кеңеюі, тұрақты партиялық –саяси ағымдар мен жұмысшылардың саяси партияларының қалыптасуы парламенттік жүйені және парламентаризм принциптерін нығайтуға мүмкіндік жасады.Партия мен таптар арасындағы күрес ашық сипатқа ие болды. Консерватизм, либерализм, социализм, марксизм негізіг идеялық ағымдар ретінде толықтай қалыптасты және олардың әрқайсысы тиесілі партиялардың саяси ұстанымдарынан көрініс тапты.Демократиялық қозғалыстар кең етек алды: әйел теңдігі, қалалық реформалар үшін күрес, мектептердің зайырлы сипаты, әлеуметтік заңнамма, бейбітшілікті сүйгіш үгітейтін қозғалыс пацифизм қозғалыстары көбейді.Констиутциялық монархия, парламенттік құрылыс, көппартиялы жүйе сақталды.ХХ ғасырдың басына қарай Батыс Еуропада ұлт-азаттық қозғалыстар мен революциялар дәуірі аяқталды.
Бақылау сұрақтары: тест сұрақтары берілген.
Қолданылатын әдебиеттер:
1.Волкова А.В. Әлемдік тарих: Росмэн,2012
2.Дүниежүзі тарихы: Энциклопедия, Фолиант,2015
3.Шүпеков Ә. Дүниежүзі тарихы: Хрестоматия, 10-сынып Алматы:Мектеп.
4. Алдабек Н. Дүниежүзі тарихы: оқулық, 10-сынып Алматы:Мектеп.
№ 2 Дәріс. Тақырып: Азия ХХ ғасырдың басында.
Дәрістің мақсаты: ХХ ғасырдың басында отарлық қамытындағы Азия елдерінің саяси, экономикалық жағдайы, ұлттық сананың оянуын талдау.
Азия елдері ХХ ғ. басынан бастап империалистер арасындағы бәсекелестік пен отарлық басқыншылықтың құрбаны болудан біртіндеп құтылып, енді халықаралық құқық пен саяси күресінің нысанына айналуын біледі.
Дәріс мазмұны:Лекция:
ХХ ғасырдың басына қарай әлемді аумақтық бөлісудің аяқталуы монополистік капитализмге дейінгі отаршылдық жүйенің имперализмнің отаршылдық жүйесіне айналдырғандығын көрсетеді.Имперализмнің отаршылдық жүйесінің басты ерекшілігі оның бүкіл әлемді қамтып, дүниежүзілік капиталистік шаруашылықтың ажырамас бөлігіне айналуы болды.Имперализм жағдайында тәуелді елдерді толық қанауға ұшырату, жартылай отар елдерді толық отарға айналдыру үрдісі жүрді.
ХІХ-ХХ ғасырлардың аралығы мен ХХ ғасырдың бірінші ширегінде Шығыстың саяси өмірі, көп жағдайда, Батыс державаларының отаршылдық саясатының әсер етуімен қалыптасты. Батыс елдірінің дүниежүзін қайта бөлісу үшін қиян-кескі шайқасқа ұласып, отар елдердің материалдық және адами ресурстарын аяусыз шығынға ұшыратты.
Азия елдері ХХ ғасырдың басынан бастап империалистер арасындағы бәсекелестік пен отарлық басқыншылықтың құрбаны болудан біртіндеп құтылып, енді халықаралық құқық пен саяси күрестің нысанына айналды және отаршылдыққа қарсы белсенді күреске шықты. Шығыс елдерінде ол кезде еуропалық үлгідегі азаматтық қоғам мен демократиялық мекемелер болған жоқ. Дегенмен азаматтық сезім мен азаматтық парызды түйсіну, патриоттық, ұлтшылдық көңіл күй, либерализм мен демократизм кең тарап, көптеген Шығыс елдерінің саяси өміріне ене бастады.
Шығыстың оянуына 1904-1905 жылдардағы орыс –жапон соғыс мен 1905-1907 жылдары орыс революциясына соқтырды. Соңғы оқиғалар әсерімен 1905-1908 жылдардағы Иран революциясы, Осман империясында 1908-1909 жылдардағы Жас түріктер революциясы, Қытайда 1911-1913 жылдары Синхай революциясы болып өтті. Бұл Шығыстағы азаттық жолындағы революциялар толқыны болды және олар отаршылдыққа, монархиялық билікке қарсы жасалған көтерілістер болатын.
Бақылау сұрақтар: тест сұрақтары берілген.
Сабақтың түрі -Лекция сабағы.
Пәнішілік байланыстар: Қазақстан тарихы.
Пәнаралық байланыстар: Қоғамтану.География.
Қолданылатын әдебиеттер:
1.Волкова А.В. Әлемдік тарих: Росмэн,2012
2.Дүниежүзі тарихы: Энциклопедия, Фолиант,2015
3.Шүпеков Ә. Дүниежүзі тарихы: Хрестоматия, 10-сынып Алматы:Мектеп.
4. Алдабек Н. Дүниежүзі тарихы: оқулық, 10-сынып Алматы:Мектеп.
№3 Дәріс. Тақырып:ХІХ ғ.соңы -ХХ ғасырдың басындағы Латын Америкасы
Дәрістің мақсаты: ХХ ғасырдың басында отарлық қамытындағы Латын Америка елдерінің саяси, экономикалық жағдайы, ұлттық саналарының оянуын талдау.
Латын Америка елдерінің саяси, экономикалық, әлуеметтік жағдайларын түсіндіру.
Дәріс мазмұны:Лекция:
Латын Америка елдері ХХ ғ. басынан бастап империалистер арасындағы бәсекелестік пен отарлық басқыншылықтың құрбаны болудан біртіндеп құтылып, енді халықаралық құқық пен саяси күресінің нысанына айналуын біледі.
І дүниежүзілік соғысм кезінде соғысушы жақтар Латын Америкасынан азық-түлік пен шикізатты алып тұрып, экономикалық жағынан бұл елдерге оң ықпал етті. Өнеркәсіп орындары дамып, 1920 жылдары Латын Америкасы тауарлары үшін дүниежүзілік саудада тиімді конъюнктура сақталды. Экономика мен саясатта негізгі тежеу Латуфундизм болып қала берді. Орта және ұсақ буржуазияның мүддесі ескерілмеді. Сыртқы сауда өндірісінің бағалары шетел капиталына тәуелді болып, Латуфундистер көбіне сыртқы саудаға арналған өнім (кофе,қант, жеміс) өндірумен айналысты. Соғыстан соң Латын Америка елдерінің сыртқы капиталға бағыныштылығы арта түсті. Америкалық капитал ағылшындардың капиталын ығыстыра бастады. Импералистік елдердің қаржы-экспансиясы үйлесім тапты.
Ұлыбритания мен АҚШ көптеген елдердің ішкі істеріне араласа бастады. АҚШ Кариб теңізі бассейіндегі елдерді америкалықтар мүддесінің өмірлік маңызды аймағы деп есептеді. Соғысаралық кезеңінде Латын Америка елдеріндегі саяси жағдай әртүрлі қалыптасты. Куба мен Чилиде республикалық тәртіпті диктаторлықпен ауысты. Бразилия мен Колумбияда саяи үкімет «кофе» олигархтарының қолына топталды. Экономикалық, мәдени алаңнан алшақ жатқан сауатсыз бұқара халық сайлауға қатыстырылмайтын Кейбір дамыған республикаларда (Аргенетина, Урагавай, Чили, Перу)буржуазиялық реформашыл үкіметтертер бұрынғысынша жүріп жатты. Қоғамдық саяси өмірге бұқара халық араласа бастап, реформашыл үкімет әлеуметтік саясатқа көп көңіл бөле бөлді. 1917-1921 жылдары Аргенетинада, Чилиде, Урагавайда, Бразалияда т.б. мемлекеттерде жұмысшы қозғалыстары көтеріле бастады.
Көрнекі құралдар: Трек схема.Суреттер.Плакаттар.Буклет
Үлестірме материалдар Тест .Карточка.
Оқытудың техникалық тәсілдері: Ноутбук.Проектор.Слайд.
Пәнішілік байланыстар: Қазақстан тарихы.
Пәнаралық байланыстар: Қоғамтану.География
Әдебиеттер қосымша:
1.Волкова А.В. Әлемдік тарих: Росмэн,2012
2.Дүниежүзі тарихы: Энциклопедия, Фолиант,2015
3.Шүпеков Ә. Дүниежүзі тарихы: Хрестоматия, 10-сынып Алматы:Мектеп
4. Алдабек Н. Дүниежүзі тарихы: оқулық, 10-сынып Алматы:Мектеп.
№4 Дәріс. Тақырып:ХІХ соңы –ХХ ғасырдың басындағы халықаралық қатынастар.
Мақсаты:ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы Африка,Азия және Тынық мұхиты аймақтарындағы жерлерді басып алу үшін индустриялды мемлекеттердің арасындағы бәсекелестік өршуі мен мақсаттарын талдау.
Дәріс мазмұны:Лекция:
XX ғасырдың басында Германияның кайзері ІІ Вильгельм герман тарихындағы өз рөлін тым асыра бағалап, әлемдік үстемдікке ұмтылды. Германияның сыртқы саясаты саласындағы бірқатар стратегиялық қателіктер елдің екі майданда соғысуына әкеліп, ең соңында жеңіліспен аяқталуына соқтырды. Басты жіберілген қателік Ресеймен жасалған құпия келісім- шартты ұзартпауы, бұл герман-ресей одақтастық қатынастардың үзілуіне әкелді. Неміс саясаткерлерінің пікірінше, герман-ресей келісімшарты герман-австрия келісіміне қарама-қайшы келетіндіктен, Германияны француздық басқыншылықтан қорғай алмайды деп есептеді. Германияның Ресейден алшақтауы орыс-француздық жақындасуға мүмкіндік туғызып, Антантаның құрылуына әкелді. Еуропада екі әскери-саяси топ құрылды: бір жағында Антанта, екінші жағында герман-австриялық-венгерлік одақ. Сол ретте, ІІ Вильгельм тұсында О.фон Бисмарк ұзақ уақыт бойы жанталасып құрған барлық тепе-теңдік жүйесі, бүкіл еуропалық одақтар жүйесі қирады.Жалпы, Германияның жағрапиялық орналасуына көңіл бөлетін болсақ, неміс жерін жан- жақты қорғауда табиғи тосқауылдар өзіндік рөл атқарып келді. Сонымен қатар табиғи байлықтар қашанда көршілес мемлекеттерді қызықтырып, өзіне тартып та келді. Германияның батыс аймағындағы жер қойнауының байлығын айтпағанда, сол батыстағы Рейн өзенінің өзі солтүстік пен оңтүстікті жалғастырып жатқан елдегі ең ірі жолкөлік ағымы. Оңтүстік батысындағы Шварцвальд қалың орманы, Франция мен Германия мемлекетінің шектескен аймағындағы жер қойнауының байлығы екі елдің арасындағы ғасырларға созылған шиеленістің қайнар көзіне айналған еді. ХХ ғасырдың басында әлемді дүр сілкіндірген бірінші дүниежүзілік соғыс 1914-1918 жылдары екі топ арасында, яғни герман-австриялық топ пен Антанта елдерінің саяси шиеленісінің нәтижесінде әлемдік бөліс үшін, отарларға ие болу мақсатында, саяси ықпал ету кеңістігін кеңейтуге бағытталған болатын.
ХХ ғасырдың басында әлемді дүр сілкіндірген бірінші дүниежүзілік соғыс 1914-1918 жылдары екі топ арасында, яғни герман-австриялық топ пен Антанта елдерінің саяси шиеленісінің нәтижесінде әлемдік бөліс үшін, отарларға ие болу мақсатында, саяси ықпал ету кеңістігін кеңейтуге бағытталған болатын.
Көрнекі құралдар: Трек схема.Суреттер.Плакаттар.Буклет
Үлестірме материалдар Тест .Карточка.
Оқытудың техникалық тәсілдері: Ноутбук.Проектор.Слайд.
Пәнішілік байланыстар: Қазақстан тарихы.
Пәнаралық байланыстар: Қоғамтану.География
Әдебиеттер қосымша:
1.Волкова А.В. Әлемдік тарих: Росмэн,2012
2.Дүниежүзі тарихы: Энциклопедия, Фолиант,2015
3.Шүпеков Ә. Дүниежүзі тарихы: Хрестоматия, 10-сынып Алматы:Мектеп
4. Алдабек Н. Дүниежүзі тарихы: оқулық, 10-сынып Алматы:Мектеп.
№5 Дәріс. Тақырып:Бірінші дүниежүзілік соғыстың басталуы.
Мақсаты:
Мақсаты: Бірінші дүниежүзілік соғыстың тұтануының себептері мен басталуының салдарын талдау.
Құрылған әскери блоктар қарсылықтарының үстем болуға ұмтылуы мен соғыстың алғашқы кезеңі, барысы туралы ұғындыру.
Дәріс мазмұны:Лекция:
Германия мен Автрия-Венгрия одағының 1914 жылы Түркияның, 1918 жылы Болгарияның қосылуына байланысты бұрынғы 1879-1882 жылдары қалыптасқан Үштік одақты Төрттік одақ деп атай бастады. Оларды Орталық державалар деп атаған.
1904 жылы Ұлыбртиния мен Франция келісімге қол қойып, Антанта ұйымын құрды. Бұл әскери ұйымға 1907 жылы Ресей мүше болды.
1914 жылғы Сараеводағы австриялық мұрагердің қазасы бірінші дүниежүзілік соғыстың басталуына себепші болды. Германия 1 тамызда әскер қатарына шақыруын тоқтатпаған Ресейге қарсы соғыс жариялады. 3 тамызда немістер Францияға қарсы соғыс жарияласа, 4 тамызда Германияға қарсы Англия соғыс жариялады. Германия екі майданда соғысуға мәжбүр болды. Германдық стратегиялық жоспар бойынша белгіленген («Шлиффен жоспары») Францияны тез арада талқандау жүзеге аспады. Алғашқы әскери табыстардан кейінгі қарсыластарының басымдылығы тым аумақты еді. Батыс майдандағы Германияның жағдайы қиындай түсті.
Көрнекі құралдар: Трек схема.Суреттер.Плакаттар.Буклет
Үлестірме материалдар Тест .Карточка.
Оқытудың техникалық тәсілдері: Ноутбук.Проектор.Слайд.
Пәнішілік байланыстар: Қазақстан тарихы.
Пәнаралық байланыстар: Қоғамтану.География
Әдебиеттер қосымша:
1.Волкова А.В. Әлемдік тарих: Росмэн,2012
2.Дүниежүзі тарихы: Энциклопедия, Фолиант,2015
3.Шүпеков Ә. Дүниежүзі тарихы: Хрестоматия, 10-сынып Алматы:Мектеп
4. Алдабек Н. Дүниежүзі тарихы: оқулық, 10-сынып Алматы:Мектеп.
№6 Дәріс. Тақырып:1916-1917 жылдардағы соғыс қимылдары.АҚШ-тың соғысқа араласуы.Соғыстан кейінгі әлемді қайта құру. «Версаль-Вашингтон жүйесі»
Мақсаты:
1916-1917 жылдардағы соғыс қимылдарының барысын. АҚШ-тың соғысқа араласуының себептерін.Соғыстан кейінгі әлемді қайта құру. «Версаль-Вашингтон жүйесінің» маңызы туралы мағұлмат беру.
Дәріс мазмұны:Лекция:
1917 жылы АҚШ-тың соғысқа араласуы соғыс нәтижесін түбегейлі айқындады.
Әскери жеңіліс саяси жеңіліспен қатар жүрді. Соғыс басталғандағы герман қоғамындағы
«азаматтық бітім» партия, үкімет және жоғарғы әскери басшылықтың бытыраңқылығының ұлғая түсуіне себепші болды. Әлеуметтік шиеленісті аштық пен азық-түлікті бөлудің карточкалық жүйесін енгізуі күшейте түсті. Соғыс шығындарының ауыртпалығы, ең алдымен, қарапайым халықтың әлеуметтік-экономикалық, саяси жағдайының нашарлауына әкелді. Соғыстың нәтижесіндегі әлеуметтік қарсыластықтардың шиеленісуі герман жұмысшыларының өмір сүру деңгейінің төмендеп кетуімен байланысты еді.
Соғыс кезеңінде салық 5 есе өсіп, жұмыс күні 12-14 сағатты құраған. Тек қана жұмыс- шылардың ғана емес, шаруалардың да шаруа қожалықтары шығынға ұшырап, егіндік алқаптары жартылай қысқартылды. «Жалпыға бірдей еңбек салығы» енгізілгеннен кейін жұмысшылардың жағдайы тіпті, төмендеді. Германияның езілген халқы соғыстан жалығып, оның тезірек аяқталуын қалады. Осы жағдайлар бұқара халықтың басым бөлігінің соғысқа қарсы және революциялық қозғалыстарға қатысуына негіз болды. Революциялық көңіл-күйдің күшеюі, соғыстың басқыншылық сипатта болуының ашылуы – орыс-герман майданындағы жауынгерлердің соғысқа және оны бастаған күштерге қарсы шығуына түрткі болды. 1917 жылғы сәуірде Ресейдегі ақпан революциясының көрінісі ретінде Берлин және Лейпциг әскери зауыттарында ереуілдер болды. Шілде-тамыз айларында герман флотының теңізшілері көтеріліске шықты.
Бұл соғыс 1918 жылдың күзінде Германия, Австрия-Венгрия, Түркия, Болгария сияқты елдерден құрылған Төрттік Одақтың жеңілісімен аяқталды.1918 жылдың 11 қарашасында Франциядағы Компьен орманында Ретонд станциясына таяу аумақта орналасқан француздың әскери қолбасшысы маршал Фердинанд Фоштың темір- жол вагонында бір жағынан Антанта мемлекеттері және АҚШ, екінші жағынан 1914-1918 жылғы соғыс барысында жеңілген Германия арасында 36 күнге белгіленген уақытша бітімге қол қойылған болатын. Компьен уақытша бітімінің мерзімі келіссөздер барысында бірнеше рет қаралып, 1919 жылғы Версаль бейбіт бітім шартына қол қойылатын уақытқа дейін ұзартылды. Бірінші дүниежүзілік соғыс нәтижесінде жеңіске жеткен Антанта елдері тарапынан 1919 жылдың 18 қаңтарында Париж қаласының Версаль сарайына жеңімпаз мемлекеттердің халы- қаралық мәслихаты шақырылды. Германияның жеңілуіне қатысты халықаралық мәслихаттың басталу күнін 18 қаңтарға белгілеу Франция жағынан өткен тарихи оқиғаға жауап ретінде еді. Өйткені француз-прусс соғысы нәтижесінде 1871 жылы 18 қаңтарда жеңілген Франция- ның жүрек тұсы, Версаль сарайында Герман империясының біріккені жарияланған болатын. Еуропа құрылығында өрістеген оқиғалардың басым көпшілігіне қатысқан Германия өзінікі- мен қатар өзге монархтардың талан-таражына түскен құрбаны болғандай. Мұның барлығы бос кетпей, ұлттық санада кемсітушілік сезімін, қорланған намысты ұзаққа қалдырды. Соның салдарынан бұл ұлт басқа, яғни француз ұлтының намысын да жермен-жексен ету мақсатында Берлинде емес Версаль сарайында германдық бірігуді бүкіл әлемге жария еткені мәлім. Еуропа құрлығында кең етек алған бұл дүниежүзілік соғысты аяқтаудың жолдарын іздеген мемлекеттердің тағы бірі АҚШ болды. 1918 жылдың 8 қаңтарында АҚШ президенті В.Вильсонның «14 тармақтан тұратын соғыстан кейінгі бейбіт реттеу ұсынысы» жасалды. Бұл құжатта құпиялы дипломатиядан бас тарту, әлемдік еркін сауда, қару-жарақты қысқарту, әлемдегі бейбітшілікті қамтамасыз ету мақсатында Ұлттар Лигасын құру, езгіге түскен халы- қтардың мүддесін ескере отырып, отарлық мәселені шешу, Ресей, Франция, Италия, Австрия- Венгрия, Түркия және т.б. қатысты шекаралық мәселені әділ реттеуді жариялады. Тек әлемдік үстемдікке ұмтылған мемлекеттердің сөздері мен істері қашанда үйлеспейді. «Вильсонның мәлімдемесінің» негізгі мақсаты да АҚШ-тың саяси мүддесін бүркемелеу еді. Вашингтон халықаралық мәслихатының шешімі 1919 жылғы Версаль бітімшартын толықтыра түсті. Соның негізінде І дүниежүзілік соғыстан кейінгі бейбіт реттеу барысында құрылған біртұтас келісімшарттар топтамасы халықаралық қатынастар тарихында Версаль-Вашингтон жүйесі деген атпен белгілі болды. Версаль-Вашингтон жүйесі соғыс жағдайынан бейбіт өмірге өту кезеңінде соғыстан кейінгі бейбіт реттеу үрдісін аяқтап мемлекетаралық қатынастарда уақытша тұрақтану мүмкіндігін туғызды.
Көрнекі құралдар: Трек схема.Суреттер.Плакаттар.Буклет
Үлестірме материалдар Тест .Карточка.
Оқытудың техникалық тәсілдері: Ноутбук.Проектор.Слайд.
Пәнішілік байланыстар: Қазақстан тарихы.
Пәнаралық байланыстар: Қоғамтану.География
Әдебиеттер қосымша:
1.Волкова А.В. Әлемдік тарих: Росмэн,2012
2.Дүниежүзі тарихы: Энциклопедия, Фолиант,2015
3.Шүпеков Ә. Дүниежүзі тарихы: Хрестоматия, 10-сынып Алматы:Мектеп
4. Алдабек Н. Дүниежүзі тарихы: оқулық, 10-сынып Алматы:Мектеп.
№7 Дәріс. Тақырып:Рубеждік бақылау жұмысы.
Мақсаты: Рубеждік бақылау жұмысын ала отырып, білімділіктерін көтеру.
Дәріс мазмұны:Лекция:
Сол кезеңде қалыптасқан халықаралық қатынастар нәтижесі, француз-герман қатына- стары арасында ежелден келе жатқан талас-тартыспен қоса, отар елдер төңірегіндегі жанталас, ғасыр басындағы дүниежүзілік соғысқа итермеледі. Бірінші дүниежүзілік соғыстың алғашқы күндері-ақ Францияның Германияға қарсы тұруына тек Ұлыбритания ғана емес, Ресеймен де одақ құрғандығының маңыздылығы зор болды. Осы одақтың мүшесі болған Ұлыбритания да француз-герман қатынасында өзіндік орын алып келгендігі белгілі. Еуропаның солтүстік-батысында орналасқан кәдімгі аралдық мемлекет Ұлыбритания, ежелден осы аймақта маңызды стратегиялық жағдайды қалыптастырған. Еуропалық құрлықта басқа мемлекеттердің үстемдігін болдырмауға ұмтылған Ұлыбритания тежеу саясатын қалап алған еді. Осыған орай, бірнеше ғасырлар бойы Германия мен Франция арасындағы қатынас тікелей немесе жанама түрде екі мемлекет қайшылығында төреші рөлін атқаруға ұмтылған Ұлыбританияға да байланысты болды.
Ұлыбританияның ежелден алға қойған мақсаты Еуропа құрылығында «күштердің тепе- теңдігін» құру болғанымен, тек ешбір мемлекеттің онда үстемдік жағдайында болуын қала- мады. Атақты саяси қайраткер Гарольд Никольсонның айтуынша: «Британдық саясат қашанда сол сәт Еуропада күшті деп есептелінетін, қандай да болмасын бір елге қарсы топ ұйымдастыруға бағытталды; Егер Еуропадағы ағылшын саясатының мақсаты – күштердің тепе-теңдігі – Англияның тікелей қатысуынсыз іске асатын болса, онда олар «араласпау», «әдемі оқшаулану» саясатын ұстауға әзір. Ал егер олардың қатысуынсыз іс жүзеге аспайтын болса, олар еуропалық іске ашық түрде араласып, әрине, мүмкіндікке қарай, өздеріне аз міндеттемелер алып, «күштердің тепе-теңдігін» сақтауға тырысады». Яғни Ұлыбританияның да жалпы сыртқы саясаты геосаясат тұрғысынан қаралған. Сондықтан да өзінің саяси мақсатына жету барысында Ұлыбритания француз-герман қатынасын тиімді пайдалануды көздеген болатын. ХХ ғасыр басындағы осы ағылшын-француз жақындастығы халықаралық қатынастар тарихында «Антанта» («келісім») деген атпен белгілі. Бұл Одаққа қосылған Ресейдің де Германияға қарсы соғыстағы рөлі ерекше, тек оның жағрапиялық орналасуына ғана тоқталатын болсақ, Францияға қарсы топталатын германиялық күшті енді Шығыс бағытына да бөлу қажет еді. Соған қарамастан, Германияның қолына қару алып Францияға ұмтылғандығы соншалықты, 1914 жылдың тамыз айының аяғында, яғни соғыстың басталғанына бір ай да болмай жатып, герман әскері Париж қақпасының алдында тұрды. Тек соғыс барысында Антанта мемлекеттерінің басымдылығы Германия мен оның одақтастары- ның күшінен артық екендігін айқындатты. 1914 ж. күзінде неміс канцлері Бетман-Гольвет соғыс мақсатын «герман империясының батысы мен шығысындағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажет, сол себепті де Францияны қуатты мемлекет бола алмайтындай қылып әлсірету керек, Ресейді герман шекарасынан мүмкіндігінше алыстату қажет», – деп түсіндіреді. Германия да өзінің сыртқы саясатын геосаясат негізінде қарастырып, Еуропалық құрлықта үстемдікке жету үшін, сондай-ақ отар елдердегі ықпалын күшейту мақсатында, осыған орай мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, ең алдымен, жағрапиялық факторды тиянақтауды қолға алады. Осы мақсатқа жету барысында Германия соғыста жеңген жағдайда өзінің саяси-экономикалық экономикалық құдіреттілігін де қамтамасыз ететіндігіне сенімді болды. Бірақ қай мемлекет болмасын әлем алдында соғыс өртінің тұтануына өзінің кінәлі болғандығын мойындағысы келмейді. Осы орайда, 1915 жылдың 31 шілдесінде Вильгельм ІІ герман халқына бағытталған жолдауында: «Герман халқын қолына қару алуға шақыруға мәжбүр болғаныма бір жыл өтті. Еуропаға және бүкіл әлемге адам естімес қантөгіс зардабы төнді. Құдірет пен тарих алдында менің арым таза. Мен соғысты қалаған емеспін!..» – дейді. Осы мәлімдеме жөнінде бельгиялық король Альберт: «Кім өзін ақтай бастаса, сол өзін-өзі қаралағаны», – деген болатын. Бұл соғыстың басталуына француздар да, жалпы Антанта жағы да өздерін кінәліміз демейді. Шын мәнінде, бұл соғыстың басталуына кінәлі, осы қатысушы мемлекеттер арасындағы сол баяғы саяси, экономикалық бақталастық еді. Ал өз кезегінде Францияның билеуші топтары Еуропада өз үстемдіктерін орнатып, 1871 жылғы соғыс салдарынан Германияға өткен Эльзас пен Лотарингия аймағын Францияға қайтарып алып, мүмкіндігінше Германияны қайта бас көтере алмайтындай қылып жазалауды көздеген. Осы француз-герман арасындағы бақталастықтың, бір-біріне деген қас дұшпандықтың күйін түсіну үшін, екі мемлекет арасында жатқан Верден қаласының тарихына көз жүгіртсе де жеткілікті. Маас өзенінің жағасында орналасқан Верден қаласы ғасырлар бойы әрқашанда шығысындағы германдықтардан қауіп-қатерге тап болып отырды. Өзінің қарқынды тарихында Верден біресе Францияның шығыс бөлігін құрады, біресе тәуелсіз болып келді, біресе Германияның ықпалына түсті. Верден – өте маңызды экономикалық орталыққа айналған қала. Германдық кезеңде Верден Лотарингиямен бірге Қасиетті Рим империясының бөлігі болып есептелді. Тек 985 жылдың өзінде ғана Верден қаласы үш рет қолдан қолға өткені белгілі. ХІ ғасырдың басында Верден Лотарингияға қайтарылады. ХІІ ғасырда Верден Метц, Туль сияқты қалалық республика күйін кешкен болатын. Ал Вестфаль келісімшарты бұл үш епископтықты Францияға қосылғандығын бекітеді. 18 ғасырдан бастап Верден қаласы Францияның шығысындағы алғы шеп қызметін атқарады. 1793 жылғы Верден қаласын германдықтар тізе бүктірсе, 1870 жылы Верден қайтадан немістердің басып алуына тап болады. Енді міне, бірінші дүниежүзілік соғыс барысында Раймонд Пуанкаренің сөзімен айтқанда, «империялық Германияның соңғы үміттері Верден қабырғасына соғылып, быт-шыт болды. Германдық арманның күлі көкке ұшты». Шын мәнінде де, германдықтар үшін Верденді алу француздардың рухын таба қылып, неміс шартын қабылдатуға жағдай туғызар еді. Тек тарих бұл мәселені керісінше шешті. Өзінің одақтастарымен қосыла отырып, Франция германдықтарды өз аумағынан қуып қана қоймай, одан зорына мүдделі еді. Сондықтан Германиядағы Рейн өзенінің сол жақ жағалауын, тіпті, ыңғайы келіп жатса, оң жақ жағалауынан да бөліп алып, герман өнеркәсібін француз капиталы үшін жұмыс жасату қажет деп санады.
1914–1918 жылдары герман-австриялық топ пен Антанта елдерінің арасындағы қарулы қақтығыс әлемдік бөліс үшін, екі топ тұрғысынан да басқыншылық сипаттағы соғыс болды. Соғыс барысында оған 38 мемлекет пен оның отарлары қатысқан болатын.
Көрнекі құралдар: Трек схема.Суреттер.Плакаттар.Буклет
Үлестірме материалдар Тест .Карточка.
Оқытудың техникалық тәсілдері: Ноутбук.Проектор.Слайд.
Пәнішілік байланыстар: Қазақстан тарихы.
Пәнаралық байланыстар: Қоғамтану.География
Әдебиеттер қосымша:
1.Волкова А.В. Әлемдік тарих: Росмэн,2012
2.Дүниежүзі тарихы: Энциклопедия, Фолиант,2015
3.Шүпеков Ә. Дүниежүзі тарихы: Хрестоматия, 10-сынып Алматы:Мектеп
4. Алдабек Н. Дүниежүзі тарихы: оқулық, 10-сынып Алматы:Мектеп.
№8 Дәріс. Тақырып:ХІХ ғ.аяғы-ХХ ғ.басы.Ресейдегі Ақпан буржуазиялық демократиялық революциясы және 1917 жылғы Қазан төңкерісі.
Мақсаты:бірінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі саяси, әлеуметтік, экономикалық дағдарыстардың себептерінен Ресейдегі монархиялық билікті құлатқан ақпан революциясы, 1917 жылғы қазан революциясының себептері мен салдарын талдау.
Уақытша үкіметтің Ресей аумағында ауыр дағдарысты жою шаралары, реформалардағы жетістікерімен, қателіктерін ажырату, Ресейдегі Қазан социалистік революциясының нәтижесінде РСДЖ(б)П үкімет басына келуімен алғашқы шараларымен азамат соғысының барысын саралау.
Дәріс мазмұны:Лекция:
Соғыстың ұзаққа созылу мен көп ұлтты Ресей империясын 300 жылдан астам билеген Романовтар әулеті 1917 жылғы 27 ақпан Революцияның нәтижесінде тақтан түсуге мәжбүр болды. Елде бір-бірін мойындамаған қос үкімет Уақытша үкімет пен жұмысшы, солдат және шаруа депуттарының Кеңесі құрылды. Уақытша үкіметтің соғыстан шықпауы, әлеуметтік, экономикалық, аграралық және де т.б. мәселердің шешілмеуінен 1917 жылы 25 қазанда Ресей социал-демократиялық жұмысшы партиясының (большевиктік) бастамасымен Қазан революциясы орын алды.
Кеңестік билік орнады. Соғыс барысында Ресей аумағында саяси төңкерістің нәтижесінде құрылған жаңа саяси жүйедегі Кеңес өкіметі соғыстан шығу мақсатында 1917 жылғы 26 қазанда (8 қараша) бейбітшілік туралы қаулы қабылдады. Онда барлық соғысушы елдерді және олардың үкіметтерін соғысты тоқтату жөнінде келіссөздер жүргізуге және ешқандай да аннексиясыз және төлемақысыз бейбіт бітім жасасуға шақырды. Алайда, АҚШ, Ұлыбритания, Франция және басқа елдер бұл ұсынысты қабылдаудан бас тартты, себебі олар көздеген мақсаттарына қол жеткізбейінше соғысты тоқтатқысы келмеді. Германия мен оның одақтастары соғыс ауыртпалығын аз да болса жеңілдетуге үміттене отырып, кеңестік ұсынысты қолдаған болатын. 1917 жылдың 2 (15) желтоқсанында Кеңестік Ресей мен германдық топ арасында 28 күн мерзімге созылған бейбіт бітім туралы декретке қол қойылды. 1917 жылдың 9 (22) желтоқсанында Брест-Литовскіде Кеңестік Ресей мен Германия және оның одақтастары (Австрия-Венгрия, Түркия, Болгария) арасында бейбіт келіссөздер жүргізілді. Кеңестік өкілдер Польша, Литва, Курляндия және де Ресейдің басып алынған аудандарынан шетелдік әскердің шығарылуын талап етті және де бұл аумақтардың халқына өз тағдырларын өздері шешу үшін өзін-өзі басқару құқын беруді ұсынды. Бірақ герман тарапынан келіссөзге қатысқан өкілдері Германияның басып алған аумағынан өздерінің әскерін шығармайтындығын жариялады. Брест-Литовскідегі келіссөздер нәтижесінде тараптар нақтылы шешімге келе алмады. Германия және оның одақтастары Ресей бағытындағы басымдылығына сүйене отырып, келіссөздерді қайтадан бастауды ұсынады. Кеңес өкіметі қойылған аумақтық-экономикалық талаптарға келісуге мәжбүр болды, сөйтіп 1918 жылдың 3 наурызында Брест бейбіт бітіміне қол қойылды. Бұл бітім бойынша Германия Польша, Латвия, Литва, Эстонияның жерлерін өзіне қосып алып, Украинаны өзіне тәуелді етті. Кеңестік мемлекет Германияға едәуір көлемде төлемақы (6 млрд алтын марка) төлеуге келіскен болатын.1918-1920 жылдары Ресейде азамат соғысы өріс алды. Азамат соғысы кезіндегі саясат «Әскери коммунизм» саясаты деп аталды.Азамат соғысы нәтижесінде қызылдар деп аталған коммунизм идеясын құруды мақсат еткен Ресей Коммунистік партиясы (большевиктік) партиясы РКП (б) жеңіске жетті.
Пәнаралық байланыстар: Қазақстан тарихы. Қоғамтану.География.
Сабақтың жабдықталуы:
Көрнекі құралдар: Трек схема.Суреттер.Плакаттар.Буклет
Үлестірме материалдар Тест .Карточка.
Оқытудың техникалық тәсілдері: Ноутбук.Проектор.Слайд.
Пәнішілік байланыстар: Қазақстан тарихы.
Пәнаралық байланыстар: Қоғамтану.География
Әдебиеттер қосымша:
1.Волкова А.В. Әлемдік тарих: Росмэн,2012
2.Дүниежүзі тарихы: Энциклопедия, Фолиант,2015
3.Шүпеков Ә. Дүниежүзі тарихы: Хрестоматия, 10-сынып Алматы:Мектеп
4. Алдабек Н. Дүниежүзі тарихы: оқулық, 10-сынып Алматы:Мектеп.
№9 Дәріс. Тақырып:ХХ ғасырдың басындағы Батыс елдерінің дамуының негізгі бағыттары.
Мақсаты: ХХ ғасырдың басындағы Батыс елдерінің дамуының негізгі бағыттары мен бағдарлары, саяси, экономикалық дамуы, шаруашылық жағдайлары туралы саралау.
Дәріс мазмұны:Лекция:
Бірінші дүниежүзілік соғыс тоқталғаннан кейін, жеңген мемлекеттер қатарында болған Француз үкіметі 1919 жылы 18 қаңтарында басталған Париж мәслихатына осындай талаптармен келген болатын.Париж бейбіт мәслихатының мақсаты Германия және оның одақтастарымен бейбіт келісімге келу мәселесін талқылау болды. Мәслихат жұмысының тәртібін ұлы мемлекеттердің өкілдері айқындады, яғни негізінен басқа елдердің мүдделері ескерілмеді. Маңызды мәселелердің шешімі негізінен «ондық кеңестің» мәжілістерінде айқындалды. Бұл кеңес АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Италия және Жапония елдерінің екі өкілдерінен тұрды. Кеңестің жұмысы өте құпия, жабық түрде өтетін. Кейіннен мәслихатта АҚШ президенті В. Вильсон, Францияның премьер-министрі Ж. Б. Клемансо, Ұлыбританияның премьер-министрі Д. Ллойд- Джордж және Италияның премьер-министрі В. Э. Орландо, яғни «төрттік кеңес» жетекшілік рөлге ие болды. Дегенмен, бейбіт мәслихат үш адамның шешіміне тікелей тәуелді болды, олар: Жорж Клемансо, Дэвид Ллойд-Джордж және Вудро Вильсон. Мәслихат жұмысына 27 елден 1 мыңнан астам өкілдер қатысты.
Париж бейбіт мәслихатындағы ең маңызды мәселе соғыстан кейінгі әлемдік құрылымды қандай жолмен қамтамасыз ету болатын. Осыған орай бірқатар:
-соғыстан кейінгі халықаралық қатынастар жүйесінің өздеріне лайықты жаңа қағидала- рын ойластыру;
-бірінші дүниежүзілік соғыстың қорытындысына сай ірі мемлекеттердің ықпал ету аясын қайта бөлісуді жүзеге асыру;
-соғыстан кейінгі әлемді қайта бөлісуде негізгі нысаналардың – Германия отарлары мен Арабтық Шығыстағы Түрік иеліктерінің тағдырын шешу сияқты маңызды міндеттерді шешу қажет болды.
Әрине, бұл мәселелер бұған дейінгі де ірі халықаралық мәслихаттарда халықаралық қатынастар жүйесін түбегейлі алға өрбіту жөнінде мәселелерді шешу кезінде де шыққанымен, Париж бейбіт мәслихатында тіпті, жаңа қырынан көрінді. Өйткені әлемдік саяси жағдайда жаңа дәуірдің басталғаны айқын болды. Әлемде барлық дәстүрлі капитализм құрылымының дағдарысы кең етек алса, көпшілік бұқараның капитализмге демократиялық өзгеріс енгізу ұмтылысы белең алды, ал кейде тіпті, оның социалистік ауысуына әкелді. Бірқатар елдерде революциялық дағдарыс басталса, отар және тәуелді елдерде ұлт-азаттық қозғалыстар өсе түсті, ұлттық қозғалыстар Еуропа елдерінде де бой көтере бастады. Сол ретте, Париж бейбіт мәслихатына жетекшілік еткен ел басшылары жаңа саяси жүйені таңдаған Кеңестік Ресейді қатыстыруды қаламады.Мәслихат жұмысы барысында АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Италия және Жапония арасында әлемдік бөліс үшін қайшылық ушыға түсті. АҚШ едәуір белсенділік көрсетті, өйткені ол соғыс жылдарында экономикалық, қаржы, әскери және саяси тұрғыдан нығайып алған болатын, соның негізінде капиталистік әлемде жетекшілік рөл атқаруға ұмтылды. Германия және Түркиядан тартып алынған аумақтарды Ұлыбритания, Франция және басқа қуатты мемлекеттердің басып алуына АҚШ қарсы бола отырып, ол жерлердің Ұлттар Лигасының бақылауына өткізу туралы ойды ұсынды, ондағы мақсаты америкалықтар оны өздерінің ықпалында ұстаймыз деп үміттенді. Америкалықтардың «теңіз еркіндігі», «сауда еркіндігі», «отар мәселесін реттеу» сияқты ұсыныстарының астарында Ұлыбритания, Франция және Жапония сияқты елдердің күшеюіне, отарлық иеліктерге ие болуға жол бермеу еді. Сонымен қатар АҚШ Кеңестік Ресеймен күресу үшін және Англия мен Францияға қарама-қарсы салмақ үшін Германияның күшін сақтау бағытын да жүргізді.Франция болса, бұл мәслихатта Германияны бірнеше ұсақ мемлекеттерге бөлшектеуге, Еуропада өзінің шекарасын кеңейтуге ұмтылды және де герман және түрік отарларының едәуір бөлігін басып алуға үміттеніп, өздерінің Еуропадағы үстемдігін орнатуға да тырысып бақты. Сондай-ақ француз дипломаттары Францияға Германиядан жалпы төлемақы көлемінің 50 пайызынан астамын беруді талап етті.
Ал Англияның басты мақсаты іс жүзінде өзінің иеленген иеліктерін осы мәслихатта келісімшарттар негізінде ресми түрде бекітіп алу еді. Өйткені Германияның Африкадағы отарларының едәуір бөлігін және түріктердің көптеген иеліктерін британ қарулы күштері басып алған болатын. Германияның өзіне бақталас бола алмайтындығын түсінген Англия герман мемлекетінің сақталуына мүдделі болды, өйткені оны Еуропадағы «күштер тепе-теңдігі» үшін және Кеңестік Ресеймен күрес үшін пайдалануға тырысты. Итальян өкілдері мәслихатта Балқандағы австро-венгерлердің бірқатар аумағын өздеріне бекітіп алды. Жапония Шаньдун мен Тынық мұхитындағы герман отарларын беруді талап етті. Англия бұл ұсынысты қолдады, өйткені ол АҚШ-пен бақталастықта жапондықтарға арқа сүйеуге ұмтылды. Париж бейбіт мәслихатының жарты жылдық жұмысы жеңімпаз-мемлекеттер арасында бейбіт келісімнің негізгі шарттарын қарастыруда жалпы келісушілікке әкелді. Соның негізінде 1919 жылдың 28 маусымында Версальда басты одақтас елдер АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Италия, Жапония, сондай-ақ Бельгия, Боливия, Бразилия, Куба, Эквадор, Грекия, Гватемала, Гаити, Хиджаз, Гондурас, Либерия, Никарагуа, Панама, Перу, Польша, Португалия, Румыния, Сербтер, хорваттар және словендер Корольдігі, Сиама, Чехословакия және Уругвай бір жағынан, ал, екінші жағынан, жеңілген Германия арасында бейбіт келісімге қол қойылды. Дегенмен, кейбір қытайлық аумақтың тағдыры дұрыс шешілмеуіне байланысты келіспеушілігін білдірген Қытай келісімшартқа қол қоюдан бас тартса, Хиджаз пен Эквадор Версаль бітім шартына қол қойғанымен, оны ратификацияламады, АҚШ сенаты да АҚШ-тың Ұлттар Лигасына мүше болғысы келмейтіндігін сылтауратып, келісімшартты ратификациялаудан бас тартты. Өйткені Ұлттар Лигасының Жарғысы Версаль бітімшартының құрамдас бөлігі болатын. Алайда, АҚШ 1921 жылы Германиямен Версаль келісімшартының мәтініне ұқсас, тек Ұлттар Лигасы жөніндегі баптары жоқ америкалық-герман келісімшартына қол қояды. Версаль бітімшарты басты төрт одақтас елдер (Ұлыбритания, Франция, Италия, Жапония) және Германия тарапынан ратификацияланғаннан соң 1920 жылдың 10 қаңтарында күшіне енеді. Келісімшартта Ұлттар Лигасының Жарғысы, Германияның Бельгиямен, Люксембургпен, Франциямен, Даниямен, Швейцариямен, Австриямен, Польша және Чехословакиямен шекарасы қарастырылған, сонымен бірге Еуропаның саяси құрылғысына қатысты мәселелер реттелген. Версаль бітімшарты бойынша Германия және оның одақтастары соғыстың шығуына кінәлі деп айыпталды. Версаль бітімшарты Германияда жалпыға бірдей әскери міндеттілікке тыйым салды, оған суасты, әскери және теңіз әуе күшін иеленуге рұқсат етпеді. Әскерінің саны100 мың адамнан аспауы тиіс болды. Версаль бітімшартының қаулысы бойынша, Франция ендігі жерде өзінің заң жүзінде жете алмаған мақсаттарын қамтамасыз етуге мүмкіндік алды. Яғни Франция мемлекеті үш негізгі тетікке ие болды: Германия өзінің басқыншылығы нәтижесінде қасіретке әкелген елдерге, оның ішінде Францияға төлемақы төлеуге міндетті болды; Саар көмір шахтасы Францияның меншігіне өтті және Саар аймағы Ұлттар Лигасының қарауына уақытша бөлінді. 1871 жылы Германияның басып алған француздық аудандары Эльзас пен Лотарингия Францияға қайтарылып берілді. Бельгия Эйпен мен Мальмеди өңірін иеленді. Данияға Шлезвигтің солтүстік бөлігі өтті. Польша Познань, Померания ауданын, Батыс және Шығыс Пруссияны, сондай-ақ Силезияның жоғары бөлігін алды. Гданьск Ұлттар Лигасының басқаруындағы «еркін қала» болды.Германия отары Того мен Камерун Англия мен Францияға берілді. Англия – Танганьиканы (бұрынғы германдық Шығыс Африка), Бельгия – Руанда мен Урундиді, Оңтүстік Африкандық Одақ – германдық Оңтүстік-Батыс Африканы иеленді. Жапония – Тынық мұхитындағы Маршалл, Мариан, Каролин аралдарын, қытайлық аумақ Цзяо-Чжоуды (Киаочао) және Шаньдунде концессиясын (жалға беру келісімі) алды. Отарлық мәселеде АҚШ жеңіліс тапты, тіпті оның «отарлардағы тепе-теңдік» талабы ескерілмеді де.
Бірінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін Германияның одақтастарымен де жеке- леген бейбіт келісімдерге қол қойылды. 1919 жылдың 10 қыркүйегінде Австриямен Сен-Жер- мен келісіміне қол қойылған болатын, енді Австрия-Венгрия монархиясы өзінің өмір сүруін тоқтатты. Оңтүстік Тирольдің бір бөлігі Италияға өтті. Чехия мен Моравия жаңа Чехословакия мемлекетінің бір бөлігі болды. 1918 жылдың 3 қарашасындағы халықтық жиналысқа қарамастан Буковина Румынияға берілді. Австрияға 30 мыңдық әскер ұстауға рұқсат етілді. Оның теңіз күші одақтастарға берілді. Келісім Австрияның Германиямен бірігуіне тыйым салды.
1919 жылдың 27 қарашасында Болгариямен Нейи бітімшартына қол қойылған болатын. Келісім бойынша оның аумағы Югославия және Румынияға өткен болатын. Болгар әскер саны 20 мың адаммен шектелді. Венгрия әскерінің саны 35 мың адаммен шектеле отырып, Германияның барлық одақтастары сияқты Венгрия да жеңуші мемлекеттерге төлемақы төледі.
1920 жылдың 10 тамызында жеңімпаз мемлекеттер Түркиямен Севр келісімін бекітті. Түркия өз иелігінің (Палестина, Трансиордания, Ирак, Сирия, Ливан, және басқа аумақтары) 80 пайызынан айырылуға тиіс болды. Қара теңіздік бұғаздарда Антанта елдерінің (әсіресе, Англияның) халықаралық бақылауы орнатылуы белгіленді. Бұғаздар қарусыздандырылуға, ал барлық қаратеңіздік емес елдер ешқандай тосқауылсыз одан өз әскери кемелерін өткізу құқына ие болды.
Сондай-ақ Париж мәслихатында халықаралық үкіметаралық ұйым – Ұлттар Лигасы құрылған болатын. Оның Жарғысына бейбіт келісімдер мәтіні енгізіліп, оның құрылтайшысы Германияға қарсы соғысқан елдер, сондай-ақ қайта құрылған Польша, Хиджаз, Чехословакия болды. Ұлттар Лигасын құру жөніндегі Жарғыға 44 ел қол қойды, оның ішінде 31 мемлекет Антанта жағында соғысқа қатысқандар немесе оған қосылғандар. Ұлттар Лигасын құрушы мемлекеттердің мақсаттары халықаралық ынтымақтастықты дамыту және бейбітшілік пен қауіпсіздікке кепілдік ету, шын мәнінде, Ұлттар Лигасы халықаралық қатынастардағы версальдік жүйені қолдауға шақырды. Ұлттар Лигасының Негізгі басқару құрылымдары Ұйымның барлық мүше ел өкілдерінің Жиналысы (Ассамблея) мен төрт тұрақты мүшеден (Ұлыбритания, Франция, Италия және Жапония) және жыл сайын ауысатын төрт уақытша мүшеден тұратын Ұлттар Лигасының Кеңесі, сондай-ақ бас хатшы жетекшілік еткен тұрақты Хатшылық болып табылды.
Пәнаралық байланыстар: Қоғамтану.География.
Сабақтың жабдықталуы:
Көрнекі құралдар: Трек схема.Суреттер.Плакаттар.Буклет
Үлестірме материалдар Тест .Карточка.
Оқытудың техникалық тәсілдері: Ноутбук.Проектор.Слайд.
Пәнішілік байланыстар: Қазақстан тарихы.
Пәнаралық байланыстар: Қоғамтану.География
Әдебиеттер қосымша:
1.Волкова А.В. Әлемдік тарих: Росмэн,2012
2.Дүниежүзі тарихы: Энциклопедия, Фолиант,2015
3.Шүпеков Ә. Дүниежүзі тарихы: Хрестоматия, 10-сынып Алматы:Мектеп
4. Алдабек Н. Дүниежүзі тарихы: оқулық, 10-сынып Алматы:Мектеп.
№10 Дәріс. Тақырып:АҚШ бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі алғашқы жылдарда
Мақсаты:Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін АҚШ-тың ерекше экономикалық өрлеу кезеңі - Просперити (гүлденуі) мен өнеркәсіптің өркендеуі, таңғажайып ауқатты елге айналуын, жаңа ғылыми және техникалық жетістіктері сипаттау.
Дәріс мазмұны:Лекция:
АҚШ-тың әлемдегі жағдайы соғыстан кейінгі алғашқы жылдары өзгерді. 1922 жылдан бастап елде сауда мен капитал қаржы нарығының өсуі, автомобиль өндірісінің дамыды. Америка экономикасы гүлденуі Просперити кезеңі болды.АҚШ-тың экономикалық даму қарқыны әлемде ең жоғарғы көрсеткіштерге ие болды.АҚШ, Еуропа елдеріне қарағанда, Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін ауқымды шығындармен дағдарысқа ұшыраған жоқ. Керісінше соғыс АҚШ –ты таңғаларлық ауқатты елге айналдырды. Американдық кәсіпкерлер ірі әскери тапсырыстармен пайда тауып отырды. АҚШ әлемнің қаржы орталығына айналды. Соғыс жылдарында адам шығыны аз болды. Еуропадан көшіп келушілер есебінен елдің зиякерлік әлеуеті күшейді. Бұл АҚШ-тың халықаралық саясатта жетекші орынға шығумен де байланысты болды. Шикізат көздерін игеру мен шетке капитал салу өрістеді. Президент К.Кульдж кезеңі өрлеудің нағыз кезеңі еді. «Америка-ісі-бизнес» ұранын жариялады. «Дженерал моторс», «Дженарал электрик» т.б корпарациялар алдыңғы қатарға шықты. «Просперити» кезеңінде тұрғындардың басым бөлігінің тұрмыстық деңгейінің өсуімен сипатталды. Еңбекақы 25 пайызға өсті. Адамдар өміріне газет, кинотетарлар т.б. кең тарала бастады. Ішкі саясаттағы үндістерге азаматтық беру, бірақ қара нәсілділерді кемістушілікке немқұрайды қарады.
1929 жылы гүлденіп тұрған АҚШ экономикасы бұрын болып көрмеген дағдарысқа кезікті Бір күннің ішінде Уолл-стриттенің акциялар бағасы 10млрд доларды құрады. Өте жылдам таралған дағдарыс түгел елге тарады. Нью-Иорк биржасының күйреуі әлемдік көлемдегі қиыншылықтарға алып келді. Бұл дағдарыс «Ұлы дағдарыс» атауына ие болды. 30-жылдардағы экономикалық дағдарыс АҚШ экономикасына қатты соққы болды. 1930 жылы қалыптасқан жағдайды түзеу үшін жедел шара қолдануды талап етіп америка халқы шеруге шыға бастады. Дағдарыс жылдарында қылмыс деңгейіде артты. Өнеркәсіптің қысқаруы жұмыссыздықты кенеттен ұлғайтты, еңбекақы 60 пайызға азайды. Елді қиын жағдайдан алып шығу үшін үкімет қарсы шаралар қабылдай бастады. 1933 жылы «Жаңа бағыты» деп аталған саясатын алып билікке Ф.Рузвельт келді.«Жаңа бағыт» экономиканы мемлекеттік реттеу, мемлекеттік жекеменшік шаруашылық істеріне араласуын білдірді. Терең реформалық бағыт америка халқын дағдарыстан алып шықты.
Пәнаралық байланыстар: Қоғамтану.География.
Сабақтың жабдықталуы:
Көрнекі құралдар: Трек схема.Суреттер.Плакаттар.Буклет
Үлестірме материалдар Тест .Карточка.
Оқытудың техникалық тәсілдері: Ноутбук.Проектор.Слайд.
Пәнішілік байланыстар: Қазақстан тарихы.
Пәнаралық байланыстар: Қоғамтану.География
Әдебиеттер қосымша:
1.Волкова А.В. Әлемдік тарих: Росмэн,2012
2.Дүниежүзі тарихы: Энциклопедия, Фолиант,2015
3.Шүпеков Ә. Дүниежүзі тарихы: Хрестоматия, 10-сынып Алматы:Мектеп
4. Алдабек Н. Дүниежүзі тарихы: оқулық, 10-сынып Алматы:Мектеп.
№11 Дәріс. Тақырып: Орталық және Оңтүстік Шығыс Еуропа елдері.
Сабақтың мақсаты: Мақсаты: Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Орталық және Оңтүстік Шығыс Еуропа елдерінің жаңа саяси картасы пайда болуын,Австрия-Венгрия империясының ыдырауының нәтижесінде сербтер, хорваттар, словендер, черногор, македондықтар кірген Югославия мемлекеттің пайда болуы, одан Австрияның жеке, Венгрияның жеке ел болуы, Чехославакия, Польшаның тәуелсіздік алуларымен, саяси құрылымдары, экономикалық жағдайларын баяндау.
Дәріс мазмұны:Лекция:
Бірінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін Еуропадағы халықаралық күштердің орналасуын айқындаған және де капиталистік әлемде ағылшын-француз-америкалық-тардың артықшылығын көрсеткен Версаль келісімдер жүйесі құрылды. 1918 жылы Еуропа картасында Финяндия, Австрия,Венгрия, Югославия, Чехословакия,Польша мемлекеттері пайда болды.Бұл мемлекеттерде1918-1923 жылға дейінгі кезеңде экономикалық және саяси жүйелерінде құрылымдық өзгерістер болды.
Чехословакия мен Австрия өнеркәсібі дамыған елдерге кірді. Венгрия мен Польша аграрлық –индустриалдық елдер еді. Албания, Болгария, Румыния, Югославия аграрлық мемлекетке жатты. Саяси жағынан қарайтын болсақ. Австрия, Албания, Польша, Чехославкия республикалық құрылыста болған елдер еді. Венгрия, Болгария, Румыния, Югославия елдері монархиялық құрылысқа жатты.
Пәнаралық байланыстар: Қоғамтану.География.
Сабақтың жабдықталуы:
Көрнекі құралдар: Трек схема.Суреттер.Плакаттар.Буклет
Үлестірме материалдар Тест .Карточка.
Оқытудың техникалық тәсілдері: Ноутбук.Проектор.Слайд.
Пәнішілік байланыстар: Қазақстан тарихы.
Пәнаралық байланыстар: Қоғамтану.География
Әдебиеттер қосымша:
1.Волкова А.В. Әлемдік тарих: Росмэн,2012
2.Дүниежүзі тарихы: Энциклопедия, Фолиант,2015
3.Шүпеков Ә. Дүниежүзі тарихы: Хрестоматия, 10-сынып Алматы:Мектеп
4. Алдабек Н. Дүниежүзі тарихы: оқулық, 10-сынып Алматы:Мектеп.
№12 Дәріс. Тақырып:1920-1930 жылдардағы КСРО
Мақсаты:Азамат соғысы кезіндегі «әскери коммунизм саясатынан» кейін, жаңа экономикалық саясатқа (ЖЭС) көшуі, КСРО-ның құрылуы, әміршіл-әкімшіл жүйенің қалыптасуа басталуы мен оның зардаптары туралы түсіну.
Дәріс мазмұны:Лекция:
Кеңес үкіметінің 1918 жылдан 1921 жылдың басына дейінгі ішкі саясаты «әскери коммунизм» деп аталатын төтенше шараларды жүзеге асыру дәуірі болды. «Әскери коммунизм» саясаты экономикалық және саяси –әлеуметтік салаларды қамтыған кешенді іс-шаралардан тұрды. Жаппай еңбек міндетткерлігі енгізілді, азық-түлік салғырты арқылы шаруадан азық-түлікті күштеп тартып алынды .Тауарлы-ақшалы қатынас жойылып, орнына түбіртек қағаз(чек) берілді. Азамат соғыс кезінде революцияға қарсы шыққандарды «қызыл террор» заңдарына сүйене отырып, большевиктер өз үстемдігін сақтап қалды. Әлемдік социалистік революция жеңіске жетті. 1921 жылы қарашада Кеңес үкіметі Моңғолия елімен достық қатынас орнатты. Германия, Италия, Норвегия елдерімен сауда байланыстарын орнатылды. 1919 жылы желтоқсанда Жалпыресейлік VІІІ съезі жаппай электрлендіру ГОЭЛРО жоспарын бекітті. 1921 жылы наурызда РК(б)П –ның Х съезінде «әскери коммунизм» саясатынан бас тартып, жаңа экономикалық саясатқа (ЖЭС) көшуге бағыт алды. Азық –түлік салғырты, азық –түлік салығына ауыстырылды. Жаппай еңбек міндеткерлігі жойылды. Нарықтық қатынастар орнатылды.1923-1928 жылдары ЖЭС әміршіл-әкімшіл жүйенің қалыптасуымен дағдарысқа ұшырады. 1922 жылы 30 желтоқсанда Мәскеуде өткен Кеңестердің Бүкілодақтың съезі Кеңес Социалистік Одағы құрылғандығын жариялады. КСРО құрамына РКСФР, Украина, Белоруссия, Закавказье бірікті. 1936 жылы Қазақ, Қырғыз, Тәжік, Өзбек, Түркімен республикалары қосылды. 1924 жылы КСРО Конституциясы қабылданды. 1925 жылы желтоқсанда БК(б) П-ның ХІV-съезі елді инудустриаландыру бағытын жариялады. 1929 жылы қала тұрғындарына азық-түлік тек арнайы талондармен ғана берілді. 1930 жылы өнеркәсіптің дамуы жағынан КСРО Еуропада бірінші, Дүниежүзінде екінші орынға шығып, аграрлық-индустриалды мемлекетке айналды. БК(б)п-ның ХV- съезі ауылшаруашылығын ұжымдастыру міндетін қойды. «Ұлы бетбұрыс» деген мақаласында И.Сталиннің алға қойған мақсатты көрсеттілді. Күштеп жаппай ұжымдастыру саясатынан Украина мен Қазақстанда адамдардың көптеп қырылуына әкеп соқтырды.
Пәнаралық байланыстар:Қазақстан тарихы. Қоғамтану.География.
Сабақтың жабдықталуы:
Көрнекі құралдар:Трек схема.Суреттер.Плакаттар.Буклет
Үлестірме материалдар: Тест .Карточка. Семантикалық карта
Оқытудың техникалық тәсілдері: Ноутбук.Проектор.Слайд.
№13 Дәріс. Тақырып:Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдардағы Африка елдері.
Мақсаты: Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдардағы Африка елдерінің батыс елдердің отарлық қамытынан шығуға талпынып, ұлт-азаттық көтерілістер мен ұлттық сана сезімнің оянуының себептері туралы баяндау.
Дәріс мазмұны:Лекция: 20 ғасыр басындағы Африка елдерінің дамуының ең негізгі бір проблемасы-жаңа сатыға өту жағдайындағы тәуелді мемлекеттердегі құрылымдардың батыстық отарлық капиталмен байланысы болып табылады. Алғашқы кезеңдерде (16-19ғ.ғ) отарлық жүйе құрылымының қалыптасуы ешбір шығыс елдерінде дәстүрлі құрылымды өзгерткен жоқ. Кейіннен саудалық қанау (шикізат өндіру, күштеп бір зат өндірту, салықтық қанау) дәстүрлі өндірістің экономикалық құрылымын күйретті. Кейбір шығыс елдері батыстың ашық агрессиясынан қашу үшін, саналы түрде сыртқы сауда байланысынан бас тартып, өздерінің порттары мен мемлекттерін еуропалықтардан және американдықтардан жапты. Солтүстік Африканы мекендеген арабтар ХVІ ғасырдан бері түріктердің қол астында болып, ХVІІІ ғасырдың соңына қарай Батыс елдерінің ықпалына алына бастады. Ангоия, Франция, Ресей кейінірек Германия,Италия,Испания елдері тартыса жүріп өз ықпалдарын орнатуға тырысты. Қырым соғысынан соң жеңіліс тапқан Ресей шетте қалып қойды. Франция Африканың солтүстік аймақтарын отарлауды бастап: 1830 жылы Алжирді, ХІХ ғасырдың соңында Тунисті, ХХ ғасырдың басында Мароконның біраз жерін алды. Мароккоға Германия да таласқанымен бірақ бас тартуға мәжбүр болды. Марокка 1912 жылы Франция мен Испанияға тәуелді болып қалды. Түріктердің ықпалы Ливияда ХХ ғасырдың басына дейін сақталып қалды. Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында барлық араб елдері Батыс отаршылдарының қанауынан зардап шегіп, шетелдіктердің қажет еткендері бастапқы кезде бір ғана өнім шығаруға бейімделді. Судан мен Египет мақта, Алжир мен Тунис жүзім өндіруге бейімделді.
Пәнаралық байланыстар: Қоғамтану.География.
Сабақтың жабдықталуы:
Көрнекі құралдар: Трек схема.Суреттер.Плакаттар.Буклет
Үлестірме материалдар Тест .Карточка.
Оқытудың техникалық тәсілдері: Ноутбук.Проектор.Слайд.
Пәнішілік байланыстар: Қазақстан тарихы.
Әдебиеттер қосымша:
1.Волкова А.В. Әлемдік тарих: Росмэн,2012
2.Дүниежүзі тарихы: Энциклопедия, Фолиант,2015
3.Шүпеков Ә. Дүниежүзі тарихы: Хрестоматия, 10-сынып Алматы:Мектеп
4. Алдабек Н. Дүниежүзі тарихы: оқулық, 10-сынып Алматы:Мектеп.
№14 Дәріс. Тақырып:Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуы,аяқталуы.
Мақсаты: Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуы алдында себептері,А.Гитлердің үкімет басына келуі агрессорлық блогтың құрылуы «Берлин-Рим- Токио» пактісі, фашистік Германияның Еуропа елдерінің өзіне қосып алуы және Еуропадағы қарсыласу қозғалысы, соғыстың аяқталуы туралы баяндау
Дәріс мазмұны:Лекция:
Германияның 1939 жылғы 1 қыркүйектегі Польша мемлекетіне қарсы басталған басқын- шылық іс-әрекеті екінші дүниежүзілік соғыстың басталғандығының белгісі болды
1933 жылы 30 қаңтарда Германияның президенті фон Гинденбург Адольф Гитлерді Гер- манияның рейхсканцлері етіп тағайындады. Көптеген саясаткерлер мен көпшілік А. Гитлерді үкімет басына уақытша ғана жалдадық деп ойлаған еді. Алайда, Германиядағы бұл саяси қадам елде фашистік үстемдіктің орнауына мүмкіндік туғызды. Фашизмнің билікке келуіне тағы бір ықпал еткен жағдай ол – елдегі және шетелдік қаржы капиталы еді. Фашистік үстемдік орнатыла салысымен, ГКП барлық жұмысшыларды, социал-демократиялық партиялар мен кәсіподақтарды фашизмге қарсы бірыңғай майдан құруға шақырды. Бірақ фашизмге қарсы бірыңғай майдан құру саяси партиялардың бірауыздығының жоқтығынан жүзеге аспады. Бұл фашистердің билік басында тұрақтануына және үстемдігінің нығаюына қолайлы жағдай жасады. Соның негізінде фашистік билік өз саяси қарсыластарына қарсы жазалау іс-әрекеттерін кеңейте түсті. 1933 жылы 28 ақпан түні рейхстаг ғимаратының белгісіз жағдайда өртенуін фашистік партия саяси қарсыластарына қарсы ұйымдастырылған науқанда кеңінен пайдаланып, негізгі құқықтар мен еркіндіктерді жойды, он мыңдаған адамды түрмеге жапты. Шексіз өкілеттілікке ие болған Гитлер 1933 жылдың жазында ресми түрде компартия, социал-демократиялық партия, кәсіподақ және басқа да демократиялық ұйымдар құруға тыйым салды. Қысқа мерзім ішінде түрмеге қамалған анти- фашистердің саны 60-70 мың адамға жетті. Олардың арасында ГКП жетекшісі Э. Тельман да болды. 1934 жылдың 1 тамызында президент фон Гинденбург қайтыс болғаннан кейін Гитлер өзін мәңгілік көсем («фюрер») және рейхсканцлермін деп жариялайды. Фашистік үстемдік экономикалық дағдарыстың бәсеңдеген кезінде орнады. Экономика енді әскери арнаға көше бастады. Фашистер барлық өндірістік және қаржы компанияларын, көлік, сауда, қолөнер кәсіпорындарын біріктірді. Зеңбірек, ұшақ, танк, суасты кемелерін шығару кең етек алды. Шикізат және өнімдер, ақша қоры әскерилердің қолына берілді. Темір және қалайы өндірісі және техника бөлшектерін шығару ісі жанданды. Көрші елдерде герман фирмалары ашылды. 1938 жылы Германия капиталистік мемлекеттер арасындағы темір, қалайы, өндіруден бірінші орынға шықты. Фашистік партиялардың жетекшілері өндіріс және қаржы корпорацияларының ірі орындарына ие болды. Елдің саяси өмірі де қайта құрылды. Заң Германияда тек бір ұлттық социалистік партия болуына мүмкіндік берді. Жұмысшылар еріксіз «Герман еңбек майданына» бірікті. Қорқыту және қорлау аппараты ұйымдастырылды, Құпия мемлекеттік полиция (гестапо (Gestapo) – Geheimen Staatspolizei), қорғау бөлімшелері (SS – Schutzstaffel), шабуыл жасайтын бөлімшелері (SA – Sturmabteilung), қауіпсіздік қызметі (SD – Sicherheitsdienst) құрылды. Бүкіл ел әскери лагерьге айналды. Фашистік тәртіп кезінде жұмыс күні 12-14 сағатқа ұзартылды. Ауылды жерлерде фашизм саясаты шаруалардың жағдайының нашарлау- ына алып келді. Фашистік (нацистік) ілімнің ең басты құрамдас бөлігі – нәсілшілдік ілімі, ұлтшылдық, шовинизм болды. Немістер – «арийлік» нәсіл, олар барлық нәсілдерден жоғары тұрады делінді. Негізгі ілімі: Германияның құрлықтық Еуропадағы үстемдігі; Барлық неміс тілінде сөйлейтін халықтар мен ұлттарды Германия империясына шоғырландыру; Германия- ның ортақ иеліктерін кеңейту болды. Фашистік ілімді мектептер мен университеттерде наси- хаттауға көп көңіл бөлінді. Сонымен қатар фашистер герман халқының мәдени мұрасына қарсы әрекеттер бастады. Ұлы жазушылардың шығармалары өртелді. Мыңдаған ірі ғалымдар мен өнер иелері елден қуылды. Осы кезеңдегі Германияның сыртқы саясаты басқыншылық саясатқа негізделді. 1933 жылы «Гитлерлік жастар» ұйымы құрылып, оны нацист Больфур фон Ширах басқарды. Оған фашистік тәртіпке сай жастарды тәрбиелеу шарты қойылған болатын. 1939 жылы он жастан асқан жастар саны 7,2 млн адамды қамтыды. Гитлердің мақсаты революциялық күштерді талқандау болды. 1933–1938 жылдар аралығында 150 мың коммунист тұтқындалып, көбі дарға асылған болатын. Өйткені фашистік билікке қарсы коммунистер, қатардағы социал- демократтар газеттер мен үндеухаттар таратты, көрнекті жерлерге плакаттар мен ұрандарды ілді, қызыл тулар тікті. «Роте Фане» («Қызыл ту») газетімен қатар басқа да заңсыз газеттер Бременде, Штутгартта, Мюнхенде шығып тұрды. Фашистерге қарсы күресте демократтық бағыттағы жеке тұлғалар, олардың ішінде көптеген өнер қайраткерлері де үлкен батылдық көрсетті және осы күресте өздерін құрбандыққа қиды. Елдегі ішкі саяси жағдайға бақылауды күшейту мақсатында Гитлерлік билік қарсыластарына қатысты қуғын-сүргінді күшейтті. Алайда фашистік билік тарапынан жасалынып жатқан жазалауларға қарамастан елде революциялық күрестер толастамады. 1935 жылдың өзінде 25 мың адам қатысқан қарсылық шерулері өтті, нәтижесінде белсенділік көрсеткендердің көпшілігі өлім жазасына кесілді.
Фашистік Германияның сыртқы саясаты
А. Гитлер Германияның сыртқы саясатын жүргізуге аса үлкен мән берді. Сыртқы сасат істерімен фашистік партияның сыртқы саясат бөлімі, Сыртқы істер министрлігі шұғылданды. Сыртқы саясат мәселелерін құра отырып, өзінің «Майн Кампф» кітабында Гитлер: «Германия әлемдік держава болады»,–деп жазған еді. Германия тек КСРО-ға қарсы соғысқа дайындалған жоқ, олар барлық әлемге қарсы күреске дайындалды. Ең алдымен, гитлершілер неміс қаны тамған Австрия, Саар, Лотарингия, Люксенбург, Бельгия, Голландияны алуға тырысты.
Батыс державалардың қолдауын пайдалана отырып, 1933 жылы 14 қазанда фашистік Гер- мания Ұлттар Лигасынан шықты. 1934 жылы 26 қаңтарда Польшамен шабуыл жасаспау туралы келісімге қол қойды. 1934 жылы Венгриямен жарысып келіссөздер жүргізуді бастады. Экспорт және импорт алмасу мәселелері қарастырылды. Батыс мемлекеттері фашистердің басқыншы- лық әрекеттеріне барлық жағынан әсер етті. 1933 жылы Римде «күш қолданбау пактісіне» Ұлыбритания, Германия, Франция, Италия қол қойды. Бұл «аншлюс» сол кезде-ақ Австрияға қауіп төндірді. 1935 жылы фашистер Германия үшін әскери және экономикалық маңызды Саарды басып алды. Саарды жаулап алғаннан кейін-ақ кек қайтаруды күшейтті, Германияның көршілеріне, әсіресе, Франция, Польша мен Чехославакияға бағытталды.
1935 жылы 16 наурызда Гитлер жалпы әскери бағыныштылықты енгізді. Саны 500-600 мың адам тұрақты әскер құрып, 1500 ұшақтан тұратын әуе флотын және күшті әскери-теңіз флотын құрды. Олар жаңа құрылған әскер тек қорғаныс мақсатында ғана қызмет атқаратындығына сендірді. Германиядағы милитаризацияның аяқталуы тек шығыс мемлекеттеріне ғана емес, сонымен қатар басқа елдерге де қауіп төндіретініне қарамастан, батыс мемлекеттерінің үкіметі фашистік үкіметтің саясатын барынша қолдады. Тағы да Англияның алдағы саясаты дұрыс бағытталмауы ағылшын-германдық теңіз келісімін жасауы болды. Келісім бойынша 35 пайыз көлемінде суүсті флотын, 45 пайыз суасты флотын ұстауға рұқсат алды. 1936 жылы наурызда Германия Рейн кепілдік пактісін жойып, Версаль бітімшартын және 1925 жылы қабылданған Локарно келісімін бұзып, оның әскерін деммилитаризацияланған өңіріне кіргізеді. 1931 жылы сәуірде Испания мемлекет болып жарияланғаннан кейін, Германия мен Италия Испания Республикасына қарсы қаруланған басқыншылығын бастайды. Батыс державалардың көмегін пайдалана отырып, яғни олардың қару және соғыс заттарын жеткізіп тұруының нәтижесінде Герман және Итальян фашистері ішкі реакция күшімен Испан халқын жеңіп, фашистік франко тәртібін орнатты. Испанияда реакциондық тәртіп орната отырып, олар Францияға қарсы жаңа топ құрмақшы болды. 1936 жылғы 25 қазандағы «Берлин-Рим белдеуі» келісіміне қол қою Герман фашистік үкіметінің соғысқа дайындығының негізгі кезеңі болды. «Берлин-Рим белдеуі» келісімінің жалғасы болып, 1936 жылдың 25 қарашасында қабылданған Германия мен Жапония арасындағы антикоминтеріндік пакт болды. Батыс державалар фашистік Германияны КСРО-ға айдап салып, өз бастарына төнген қауіпті елеместен пактіні қолдады.
Гитлердің басты міндеті – қауіп тудыру, қорқыту жолдары арқылы Версаль бітімшар- тын қайта қарауды талап ету. Сол мақсаттағы келесі қадамы Австрия бағыты еді. Гитлерлік басқыншылықтың алғашқы құрбаны Австрия болды. Гитлер 1936 жылы шілде айында Австриямен келісімшарт жасасты.Бұл келісім бойынша, Австрия қағаз жүзінде ғана дербес мемлекет болғанымен, негізінде Германияның бір бөлігі деп қарастырылды. 1938 жылы 11 наурызда Гитлер Австрияны жаулап алу туралы нұсқауға қол қойса, 12 наурызда Германия Австрияны өзіне қосып алды. Австрия жері 7 өңірге бөлініп, Германияның «шығыс марка жері» деп аталды. 1938 жылдан бастап Германия өз әскерлерін Чехословакия шекараларына жақындатты. 1938 жылдың күзінде Италия, Англия және Францияның қолдауымен Мюнхен келісімінің негізінде Германия өзіне Чехословакияның Судет өңірін қосып алды. 1938 жылғы 20 қарашадағы ақтық шарт бойынша Чехословакия Германияға 2,8 миллион судеттік неміс және 800 мың чех тұратын 11 мың мильдік аумақты беруге тиіс болды. Бұл аумақта сол кездегі Еуропадағы ең қуатты қорғаныс шептерінің бірі – маңызды чехтік бекіністер орналасқан еді. Сондай-ақ Чехословакияның теміржол және тас төселген жолдар торабы, телефондық байланыс жүйесі үзілді. Неміс мәліметтерін негізге алсақ, Чехословакия осы аумағына тиесілі көмір өндірудің 60 пайызын химиялық өнеркәсіптің 86 пайызын, цемент өндірудің 80 пайызын, шойын мен болат өндірудің 70 пайызын, электр қуатын өндірудің 70 пайызын және ағаш өңдеу өнеркәсібінің 40 пайызын жоғалтқан. Чехословакияны енді мемлекет ретінде жоқ десе де болады. 1939 жылдың 15 наурыз күні германдық әскер Чехословакияны толығымен жаулап алды. Ұлы державалар бұл жолы да Германияның бұл ісіне қарсылық білдірген жоқ. Чехословакияны жаулаудың нәтижесінде Германияның өндіріс өнімдері тез өсті. Олар көмір, графит, марганец рудасын, күкірт колчеданын алды. Әлемдік нарықта Германия алдыңғы орынға ие болды. 1936 жылғы 25 қазандағы «Берлин-Рим белдеуі» келісіміне қол қою Герман фашистік үкіметінің соғысқа дайындығының негізгі кезеңі болды. «Берлин-Рим белдеуі» келісімінің жалғасы болып, 1936 жылдың 25 қарашасында қабылданған Германия мен Жапония арасындағы антикоминтеріндік пакт болды. Батыс державалар фашистік Германияны КСРО-ға айдап салып, өз бастарына төнген қауіпті елеместен пактіні қолдады.
Англия және Францияның билеуші топтары фашистік Германияның басқыншылық жос- парларының жүзеге асуына қарсылық жасай алмады.
1939 жылдың 23 тамызында КСРО мен Германия басшылығы екіжақты тиімді келіс- сөздердің нәтижесінде шабуыл жасаспау туралы келісімшартқа қол қойды. «Келісімшарттың «Құпия қосымша хаттамасы» бойынша Шығыс Еуропа аумағы екі елдің ықпал ету аймағына бөлінді. Аймақтық-саяси қайта құру жағдайында Финляндия, Эстония, Латвия және Литва өңірлері Германия мен КСРО-ның бірдей мүдделік шекара аумағы болып табылады. Ал Польша мемлекетінің өңірін аймақтық-саяси қайта құру жағдайында Германия мен КСРО- ның мүдделік шекара аумағы Нарева, Висла және Сана өзенінің бойымен өтуі мүмкін деп бел- гіленді. Яғни құпия келісім бойынша Батыс Украина, Батыс Белоруссия, Финляндия, Латвия және Бессарабия КСРО-ға, Литва Германияға өтетін болды.
Екінші дүниежүзілік соғысы кезіндегі Германия. ІІ дүниежүзілік соғыс басталған кезінде Германияда, неміс фашистік әскерінің құрамында 103 дивизия, 6 танкі дивизиясы, шамамен, 2600 мың адам болды. 1939 ж. 4405 әскери және тасымалдаушы ұшақ, 2000 бомба тастайтын және 800 жойғыш ұшақтар болған. Теңіз күштері 2 қатарлық кемені құрды. Осындай күштің негізінде 1939 жылғы 1 қыркүйек күні фашистік Германияның Польшаға баса- көктеп кіруімен Екінші дүниежүзілік соғыс басталды. Польшаны алу фашистердің дүниежүзін жаулау жоспарының тек бір бөлігі еді. Польшаға қарсы 62 неміс дивизиясы және 2 бригадасы, 2500 аса танкі, 2000-ға жуық ұшақ жіберілді. Польшаның әскері тек 33 дивизиядан тұратын. Бір аптаның ішінде-ақ фашистер Польшаның стратегиялық маңызды экономикалық және өндіріс аудандарын басып алды. Жеңіс нәтижесінде Польша фашистік Германияның генерал-губернаторлығына айналды. Норвегия, Данияға қатысты «бейбіт саясатты» ұстана отырып, Германия оларға қарсы үлкен күреске дайындалды. 1940 жылғы 9 сәуірде Гитлерлік әскерлер Норвегия мен Данияға басып кірді. 1940 жылғы мамырда еш ескертусіз, ешқандай соғыс жарияламастан Бельгия, Голландия, Люксембург, Францияға басып кірді. Германияның соғыс күші нығая түсті. Германия Францияны жаулап алғаннан кейін Ұлыбританияны басып алу мақсатында 1940 жылдың 16 шілдесінде «Теңіз арыстаны» атты соғыс жоспарына қол қояды. Бұл жоспар бойынша Англияны әлсірету мақсатында теңіздегі соғыс қимылдарымен қоса әуе шабуылын күшейту негізінде Англияға үрей туғызу еді. Англияға қарсы соғыста көздеген мақсатына жете алмаған Гитлер енді КСРО-ға қарсы дайындықты бастайды.
Пәнаралық байланыстар: Қоғамтану.География.
Сабақтың жабдықталуы:
Көрнекі құралдар: Трек схема.Суреттер.Плакаттар.Буклет
Үлестірме материалдар Тест .Карточка.
Оқытудың техникалық тәсілдері: Ноутбук.Проектор.Слайд.
Пәнішілік байланыстар: Қазақстан тарихы.
Әдебиеттер қосымша:
1.Волкова А.В. Әлемдік тарих: Росмэн,2012
2.Дүниежүзі тарихы: Энциклопедия, Фолиант,2015
3.Шүпеков Ә. Дүниежүзі тарихы: Хрестоматия, 10-сынып Алматы:Мектеп
4. Алдабек Н. Дүниежүзі тарихы: оқулық, 10-сынып Алматы:Мектеп.
№15 Дәріс. Тақырып:1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы.
Мақсаты:
Кеңес –Герман пактісі сәйкес соғыс ашпау шартын бұза отырып, фашистік Германияның Кеңес Одағына шабуыл жасауымен соғыс барысы,антигитерлік колацияның құрылуы, кеңес халқының жанқиярлық күресі, кеңес әскерінің Шығыс Еуропа елдерін фашистік құлдықтан құтқаруының нәтижелері туралы саралау.
Дәріс мазмұны:Лекция:
Гитлер 1940 жылғы 18 желтоқсанда Кеңес Одағын қысқа мерзімде басып алуға негіздел- ген «Барбаросса жоспарын» аяқтайды. Бұл стратегиялық жоспар бойынша – Мәскеу, Ленинград, Украина, Кавказ, Астрахань-Архангельскіні жаулап алу еді. 1941 жылдың көктемінде неміс әскері Югославия мен Грекияға қарсы және Солтүстік Африка елдеріне қарсы соғыс қимылдарын бастады. 1941 жылғы 22 маусымда Германия Кеңестер Одағына басып кіреді. Неміс әскерлері 1941 жылдың аяғында Мәскеу қаласына таяп келгенімен, әрі қарай өте алмады. 1942 жыл көлемінде неміс әскерлері Атлантикада, Кавказда және Солтүстік Африкада кейбір табыстарға жетті. 1943 жылғы Сталинград түбіндегі және Курск маңындағы шайқастағы жеңілісі соғыстың бет-әлпетін түбегейлі өзгертті. Жеңілмейтін германдық әскер жөніндегі аңыздың күл-талқаны шықты. Осы кезде ірі фашистік топтары талқандалып, елде 3 күндік аза жарияланады. Сталинград апаты, оған жалғасқан Кеңес әскерінің шабуылы герман халқының әскери-саяси жағдайын қиындатты. 1943 жылы Германия шикізат жетіспеушілігін сезінді. Елде мұнайдың жетіспеушілігі басталды. Бензинмен жүретін көліктердің тоқтатылуы талап етілді. Қағаз жетіспегендіктен, құжаттар тек 5-10 жылға дейін сақталынды.Жаңа шектеулер шаруаларға да енгізілді. Олардың жағдайы нашарлады. Осылай халықты тонап, шектеу арқылы ғана гитлерлік билік соғысқа қажет шикізатпен қамтамассыз етті.
Курск және Белгороцтағы жеңілістен кейін, неміс әскерлері шабуыл әрекеттерін қорғану қимылдарына ауыстырады. Бұл неміс әскерлерінің жеңілісін білдірді. Курск түбіндегі фашистік әскерлердің жеңілісі елдегі ішкі жағдайды өршітті. Герман экономикасы қатты құлдырады. Шетел жұмысшылары, әскери тұтқындар, лагерьдегі адамдар қарсылық білдіре бастады. Гитлершілер басып алынған аймақтағы кеңестік адамдарға қарсы айуандық іс шараларын жасады. Жұмысшы күні 14-16 сағат, ал ауылшаруашылығында 19 сағатты құрады. Кеңестік адамдарды ең қиын жұмыстарды істеуге мәжбүрледі. Соғыс қаншалықты тереңдесе, фашистік бассыздық соншалықты күшейді. Гитлерлік тәртіптің қаталдығын барлық басып алынған Еуропа елдері бастарынан өткізді. 1944 жылы Кеңес халқының шешуші жеңісінің нәтижесінде басқыншы неміс-фашистері қуылып, ол бүкіл орталық және Оңтүстік-Шығыс Еуропа- лық елдерінің азаттық алуымен аяқталды.
КСРО-ның гитлершілдерге қарсы топтағы одақтастары 1944 жылдың маусымында Нор- мандияда екінші майданды ашуға мәжбүр болды. Халықты жаппай соғысқа шақыру мен әскери жеңілістер елдегі Гитлерге қарсы шығушыларды да топтастыра түсті. Үш батыс мемлекеттері және Кеңес одағының мүдделері неміс жерінде түйісіп жатты. Әр ел жеңілген мемлекетте өзіне тиімді саяси жүйені орнатуға ұмтылды. Сол себепті де осы жерде Батыс пен Шығыс арасында қорқыныш пен жаулыққа негізделген сенімсіздік нығая түсті. Әр жақ екінші жағына өз ойын-тәртібін жүктеуге ұмтылды. Ең соңында тиімсіз жағдайда неміс халқы қалды. Халықаралық қатынастар тарихы бетінде тағы да «герман мәселесі» көрініс тапты.
Пәнаралық байланыстар: Қоғамтану.География.
Сабақтың жабдықталуы:
Көрнекі құралдар: Трек схема.Суреттер.Плакаттар.Буклет
Үлестірме материалдар Тест .Карточка.
Оқытудың техникалық тәсілдері: Ноутбук.Проектор.Слайд.
Пәнішілік байланыстар: Қазақстан тарихы.
Әдебиеттер қосымша:
1.Волкова А.В. Әлемдік тарих: Росмэн,2012
2.Дүниежүзі тарихы: Энциклопедия, Фолиант,2015
3.Шүпеков Ә. Дүниежүзі тарихы: Хрестоматия, 10-сынып Алматы:Мектеп
4. Алдабек Н. Дүниежүзі тарихы: оқулық, 10-сынып Алматы:Мектеп.
№16 Дәріс. Тақырып:ХХ ғ.бірінші жартысындағы мәдениет пен ғылымның дамуы.
Мақсаты: ХХ ғ. басындағы Еуропа мен Америка елдеріндегі елеулі өзгерістердің жаратылыстану ғылым мен философиялық пікірдің қалыптасуы, әлеуметану ғылымының дами бастауы, неромантизм бағытының пайда болуы, мәдени өнердің дамуы, киноматография саласының өрістеуін саралау.
Дәріс мазмұны:Лекция:
Адамзат тарихында ғылым мен мәдениеттегі ең үлкен серпін ХХ ғасырда басталды. Өз кезегінде ғылым мен мәдениеттегі, әдебиет пен өнердегі сан алуан процестер адам баласы зияткерлігінің (интеллектуал) толық ашылуына алып келді. ХХ ғасыр рационализм мен оғаштыққа толы уақыт болды. Ол рухани және материалдық мәдениеттен ізсіз өткен емес. Әлемнің жаһандану (глобализация)үрдісі бұқаралық мәдениеттің пайда боуына алып келді. ХХ ғасырда ыизика, медицина, астрономия, кибернетика, т.б. салалардың дамуында аса ірі жаңалықтар болды. Физика саласында Пьер Кюри мен Мария Складовская-Кюри радиоактивтік жаңалық ашты. Альберт Эйнштейн ықтималдық теориясын ашты.(1905ж). Макс Планк кванттар мен кванттық сәулелерді ашты.(1908ж). Э.Резерфордтың алғашқы атомдық үлгісі негізінде Нильс Бор атом құрылысының кванттық теориясын жасады.(1911-1913 ж.ж). Ферми-Дирактың кванттық статистикасы (1925 ж). Ферми ядролық және нейтрондық физиканы дамыту арқылы, 1942 жылы атом бомбасын жасауға түрткі болды.
ХХ ғасырдың 20- жылдары әлеуметтік психология дами бастады. Адамдардың өмірге деген көзқарасын ояту үшін психологиялық әдебиеттер шыға басатды. Австрия психологы Зигмунд Фрейд жан-жақты зерттеу барысында психоанализ, психоаналитикалық теорияларды жалпы жұртқа жариялады.
Пәнаралық байланыстар: Қоғамтану.География.
Сабақтың жабдықталуы:
Көрнекі құралдар: Трек схема.Суреттер.Плакаттар.Буклет
Үлестірме материалдар Тест .Карточка.
Оқытудың техникалық тәсілдері: Ноутбук.Проектор.Слайд.
Пәнішілік байланыстар: Қазақстан тарихы.
Әдебиеттер қосымша:
1.Волкова А.В. Әлемдік тарих: Росмэн,2012
2.Дүниежүзі тарихы: Энциклопедия, Фолиант,2015
3.Шүпеков Ә. Дүниежүзі тарихы: Хрестоматия, 10-сынып Алматы:Мектеп
4. Алдабек Н. Дүниежүзі тарихы: оқулық, 9-сынып Алматы:Мектеп.
№17 Дәріс. Тақырып:Соғыстан кейінгі бейбітшілікті реттеу, қырғи-қабақ соғыстың басталуы.
Мақсаты: Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі фашизм мен милитаризмнің күйреуі әлем күштерінің жаңа қарым-қатынасына алып келуі, бейбітшілікті реттеу шаралары мен БҰҰ –ның құрылуы, Шығыс Еуропа мен Азияның бірқатар елдеріндегі социализм жүйесінің орнауы, «қырғиқабақ соғыстың» басталуы, КСРО мен АҚШ-тың екі жақты текетеріс, капиталистік және социалистік екі лагердің құрылуын басталуын баяндау.
Дәріс мазмұны:Лекция:
Екінші дүниежүзілік соғыс барысында фашизм мен милитаризмнің күйреуі әлем күштердің жаңа қарым-қатынасын алып келді. Фашизмнің күйреуінің нәтижесінде Кеңестер Одағының беделді өсті, демократиялық күштердің әсері артты. Жеңіліске ұшыраған Германия, Италия мен Жапония уақытша ұлы мемлекеттер қатарынан шығып, Франция мен Ұлыбритания айтарлықтай әлсіреді. Есесіне экономикасы, ғылым және техника саласында басқа елдерден алда тұрған АҚШ-тың күші ерекше арта түсті. АҚШ сонымен қатар атом қаруымен, әскерімен ерекшеленді. Соғыс аяқталған соң КСРО мен Батыс серіктестері арасындағы қарама-қайшылықтар бұрынғыдан да қатты байқала бастады. КСРО ықпалымен Шығыс Еуропа елдері мен Азияның бірқатар елдерінде халықтық-демократиялық революцияның жүзеге аса бастауы болды. ШЫғыс Еуропа еледрінде коммунистік ықпалы белсенді өсті. АҚШ пен Ұлыбританияның басшылары Орталық және Оңтүстік –Шығыс Еуропа елдерінің КСРО бақылауына өтуіне, ол аймақтардың социалистік тәртіптің таралуына жол бермеуге тырысты. АҚШ әлемдік көшбасшылыққа ұмтылды. Осылайша әлемдік саясатта екі қарама-қарсы бағыт пайда болды. Батыс елдері мен КСРО-ның қарулы текетіресі «қырғиқабақ соғыс» түрінде болды. «Қырғиқабақ соғыс» алғышартттарының идеологиялық, геосаяси, тіпті мәдени-діни кешені қалыптасты. 1946 жылы 5 наурызда Уинстон Черчилльдің Американың Фултон қаласында сөйлеген сөзі «қырғиқабақ соғыстың» басталуына себепші болды. У.Черчилльдің сөйлеген сөзінің мақсаты бүкіл әлемге Батыстың ықпалын орнату еді. Кеңес Одағын агрессияшыл қатал билеуші ретінде айыптады. Кеңес Одағының Шығыс Еуропаны басқа әлемнен «темір шымылдықпен» бөліп тасағанынын айтып, У.Черчилль КСРО мен коммунизмге қарсы күрес үшін «ағылшын тілінде сөйлейтін халықтар қауымдастығын» құруды ұсынды. Ағылшын премьерінің осы сөзі Ұлыбритания мен АҚШ-тың атом қаруы болғандықтан, Кеңес Одағынан әскери артықшылығы басым болуы тиіс деп есептеді. Дүниежүзілік ауқымдағы екі әлемнің идеологиялық қарама-қайшылығына бастамашы болды.
«Қырғиқабақ соғыс»дегенімізКСРО мен АҚШ арасындағы екіжақты текетеріс. Екі ірі мемлекет капиталистік және социалистік екі лагерь құрылды. АҚШ пен Батыс Еуропа капиталистік лагерьді, Кеңес Одағы мен оның одақтастары мемлекеттік экономикасы бар социалистік лагерьді қалыптастырды. Екі лагерь арасындағы әскери қақтығыстың негізгі тежеуші күші болды. Екі ірі державалар ядролық қаруға ие болды.Ықпал ету аймағын ұлғайту мен қару жасаудан бәсекеге түсу басталды. «Қырғиқабақ соғыс»-әлемдегі екі саяси жүйедегі аса ірі мемлекеттер КСРО мен АҚШ арасындағы бақталастық саясат. Олардың арасында ашық әскери қақтығыс болмады.
Пәнаралық байланыстар: Қоғамтану.География.
Сабақтың жабдықталуы:
Көрнекі құралдар: Трек схема.Суреттер.Плакаттар.Буклет
Үлестірме материалдар Тест .Карточка.
Оқытудың техникалық тәсілдері: Ноутбук.Проектор.Слайд.
Пәнішілік байланыстар: Қазақстан тарихы.
Әдебиеттер қосымша:
1.Волкова А.В. Әлемдік тарих: Росмэн,2012
2.Дүниежүзі тарихы: Энциклопедия, Фолиант,2015
3.Шүпеков Ә. Дүниежүзі тарихы: Хрестоматия, 10-сынып Алматы:Мектеп
4. Алдабек Н. Дүниежүзі тарихы: оқулық, 9-сынып Алматы:Мектеп.
№18 Дәріс. Тақырып:Америка Құрама Шттатары 1945-1960 жылдары.
Мақсаты: «Трумэн доктринасы», «Маршалл жоспарларының» қабылдану, НАТО ұйымының құрудағы еңбегі, Кореядағы соғыс мәселесінің ұшығуы, «азаматтық құқықты қорғау» заңының қабылдануы, «жаңа дәуір» бағдарламасының орнауы туралы баяндау.
Дәріс мазмұны:Лекция:
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін капиталистік елдер арасында ең көп күш жинаған АҚШ болды. Өйткені АҚШ-тың халқы соғыс зардабын көрген жоқ, сондықтан капиталистік елдердің өнеркәсіп өнімдерінің басым көпшілігі осы елде өндірді. Соғыс жылдары АҚШ-тың өнім өндіруді 2 есеге жеткізді. Монполияларының табысы 87 млрд долларға жетті. Әлемнің түкпір-түкпірінде 500 әскери базасы болып, атом бомбасына ие болды.1945 жылы 12 сәуірде президент Ф.Рузвельт қайтыс болған соң, АҚШ президенті Гарии Трумэн болды. Г.Трумэннің АҚШ дүниежүзілік жауапкершілікті мойнына алады деп мәлімдеді. ХХ ғ. 30 жылдарынан бастап саясатта АҚШ қожалық ете бастады. Бейбіт өмірге көшу мемлекеттің саясаты Реконверсия деп аталды.1947 жылы 12 млн содаттан 1 млн ғана солдат армия қатарында қалды. 1947 жылы 23 маусымда кәсіподақтардың құқығын шектеу заңы қабылданды. Жеке фирмалардың саны 9 млн жетті. Екінші дүниежүзілік соғыс біте сала АҚШ пен КСРО 1945-1991 жылдар арасында «қырғи –қабақ соғыс» туынданды. 1947 жылы 12 наурызда «Трумэн доктринасы» қабылданды. 1947 жылы 5 маусымда «Маршалл жоспары» енді. 1947 жылы 2 қыркүйекте Америка елдерінің қауіпсіздік шартын қабылдады (Рио-де Жанейро). 1948 жылы «Америка мемлекеттерінің ұйымы» құрылды. 1948 жылы Батыс Еуропа Одағы құрылды. 1949 жылы Солтүстік Атлантида Одағы (НАТО) құрылды.1952жылы Республикалық партияның өкілі генерал Дуайт Эйзенхауэр Кореядағы соғыс мәселесін дұрыс шешіп бергені үшін президент болды. 1954 жылы 17 мамырда АҚШ-тың жоғарғы соты афроамерикандық қара нәсіл мәселесін «азаматтық құқықты қорғау» туралы заңы шықты. 1960 жылы «жаңа дәуір» бағдарламасымен Джон Кеннеди президент болды.есупРРр
Пәнаралық байланыстар: Қоғамтану.География.
Сабақтың жабдықталуы:
Көрнекі құралдар: Трек схема.Суреттер.Плакаттар.Буклет
Үлестірме материалдар Тест .Карточка.
Оқытудың техникалық тәсілдері: Ноутбук.Проектор.Слайд.
Пәнішілік байланыстар: Қазақстан тарихы.
Әдебиеттер қосымша:
1.Волкова А.В. Әлемдік тарих: Росмэн,2012
2.Дүниежүзі тарихы: Энциклопедия, Фолиант,2015
3.Шүпеков Ә. Дүниежүзі тарихы: Хрестоматия, 10-сынып Алматы:Мектеп
4. Алдабек Н. Дүниежүзі тарихы: оқулық, 9-сынып Алматы:Мектеп.
№19 Дәріс. Тақырып: Америка Құрама Шттатары 1960-2009 жылдары.
Мақсаты: «Кедейшілікпен күрес» бағдарламасының қабылдануы, Вьетнам соғысы, «Уотергейтке» байланысты орын алған «импечменттің» жариялануы, консерватизмге қарай бұрылуы, бейбітшілікке бет бұрылыс саясаты, 2001 жылғы 11 қыркүйектегі лаңкестік шабуыл мен Ирактағы жорықты баяндау.
Дәріс мазмұны:Лекция:
1960 жылы «жаңа дәуір» бағдарламасымен Джон Кеннеди президент болды. Дамып келе жатқан мемлекеттерге көмек көрсетті. Латын Америкаға жәрдемдесу жоспарымен «Даму жолындағы одақ» құрылды. 1965 жылы қазанда Куба мәселесіне байланысты АҚШ-КСРО арасында дағдарысты реттеді. 1963 жылы Мәскеуде АҚШ, Англия, КСРО мемлекттері арасында «ядролық қаруды ауада, ғарышта, суда сынауды» тоқтату мәселесін көтеріп, тек жер астында жаруға көшірді. 1963 жылы 22 қарашада Джон Кеннедиге қастандық жасалып, қаза тапты, орынына вице-презиедент Линтон Джонсон отырды. «Кедейшілкпен күрес» бағдарламасын қабылдады. Арзан тұрғын үй, білім беру жүйесін медициналық көмек, төмен отбасыларға дәрігерлік көмек енгізілді. 1964 жылы жұмсықа жалдау кезінде нәсілдік кемсітушілікке тыйым салынды, 1965 жылы қара нәсілді америка азаматтарының сайлау құқығы реттелді.1968 жылы қара нәсілді жас дін қызметкері Мартин Лютер Кинг өлтіруі, нәсілдік кемсітушілікке қарсы күресті күшейтті. 1967 жылы Вьетнам соғысында АҚШ-тың әскери орталығы Пентагонды 300 мың әскер тосқауылға алды. 1968 жылы президентікке Ричард Никсон отырды. Никсон 5 жыл ішінде зейнетақыны, жәрдемақыны бірнеше рет көтерді. 1974 жылы азық түлік көмегін алатын адамдардың саны 13 млн-ға жетті. 1964-1973 жылдардағы Вьетнам соғысы тоқтатылды. 1971-1972 жылдары АҚШ пен Қытай арасында дұрыс қатынас орнатылды. 1974 жылы Никсон сенімді адамдарымен сайлау кезіндегі тыңшылықпен айналысқаны үшін «Уотергейт» ісі бойынша президенттік өкілеттілігін тастап кетуге мәжбүр болды.Р.Рейган1980-1988 жылдары Президенттік саясаты әкімшілік бюджет шығысын қысқарту, кәсіпкелікті қолдау, бағаны еркін жіберді. 1983 жылы АҚШ экономикалық дағдарыстан шықты. Сырқты саясатта Ауғандықтарға көмектесті. 1987 жылы КСРО мен АҚШ арасында орта және ашық қашықтықтағы зымырандардың санын азайту келісімшартты жасалды. 1988 жылы Рейганның саясаттын жалғастырып, Джорж Буш президент болды. 1992-2000 жылы Билл Клинтон президент болды. Бүкіл халыққа дәрігерлік сақтандыру туралы заңын қабылдады. 2000-2008 жылдар аралығнад кіші Джордж Буш президент атқарды. 2001 жылы 11 қыркүйекте лаңкестік шабуыл болды.Ауғанстандағы талибан үкіметін құлатты. Орта Азияға әскри жасақты күшейтті. 2003 жылы наурызда Иракқа шабуыл жасап, Саддам Хусейн режимін жойды. 2008 жылы тұңғыш рет қара нәсілді, демократиялық партия өкілі Барак Обама АҚШ-тың 44 президенті болды.2016 жылы Б.Трамп президент болды.есупРРр
Пәнаралық байланыстар: Қоғамтану.География.
Сабақтың жабдықталуы:
Көрнекі құралдар: Трек схема.Суреттер.Плакаттар.Буклет
Үлестірме материалдар Тест .Карточка.
Оқытудың техникалық тәсілдері: Ноутбук.Проектор.Слайд.
Пәнішілік байланыстар: Қазақстан тарихы.
Әдебиеттер қосымша:
1.Волкова А.В. Әлемдік тарих: Росмэн,2012
2.Дүниежүзі тарихы: Энциклопедия, Фолиант,2015
3.Шүпеков Ә. Дүниежүзі тарихы: Хрестоматия, 10-сынып Алматы:Мектеп
4. Алдабек Н. Дүниежүзі тарихы: оқулық, 9-сынып Алматы:Мектеп.
№20 Дәріс. Тақырып: 1945-1991 жылдардағы КСРО
Мақсаты:
Соғыстан кейінгі тоталитарлық тәртіптің күшеюі, жылымық кезеңінің орнауы, тың игеру, ғарышқа ұшу, тоқырау кезеңі, қайта құрудың басталуы туралы саралау
Дәріс мазмұны:Лекция:
1.Соғыстан кейінгі жылдардағы экономикалық даму
2.Елдің қоғамдық-саяси өмірі
3.Сталиннің өлімі және тарихи баламалардың тууы
4.50-60 жылдардағы КСРО
5.60-80 жылдардағы КСРО
6.1985-1991 жж. КСРО
1941-1945 жылдары КСРО Ұлы Отан соғысы жылдарында 25 млн (кейбір деректерде 27 млн адамынан айырылды. Соғыстан кейін елде бейбіт жолды енгізуге Кеңес армиясы 8,5 млн адамға қысқартылды. 1946 жылы КСРО Жоғарғы Кеңесінің І съезі болды. Соғыстан кейін КСРО-ның шегерасында өзгерістер болды. Шығыста –Оңтүстік Сахалин, Курил аралдары, Солтүстік Батыста Финляндия арасындағы келісімге сай Пегенга облысы, Пруссия жерін Ресей Федерациясының құрамына өтіп, Калинингард облысы деп аталды. 1944 жылы Тува Республикасы КСРО құрамына қабылданып, Ресей Федерациясының автономиялық облысы болды. ХХ ғасырдың 50 жылдары тоталитарлық жүйе өзінің шарықтау шегіне жетті. 1952 жылы Ленинград пен Мәскеуде «Ленинград ісі», «Дәрігерлер ісі»болып биология, медицина және геология ғалымдары қуғынға ұшырады. Соғыстан кейінгі жылдары реформалар төтенше жағдай жойылды, 8 сағаттық жұмыс күні, аптасына 1-2 күн демалыс күні енгізілді, жылына бір рет берілген ақылы демалыс енгізілді. 1946 жылы Халық Комиссарлар Кеңесі Министрлер Кеңесі деп аталды. 1947 жылы карточка жүйесі жойылды. Ақша реформасы болды. Соғыс мүгедектері мен хабар –ошарсыз кеткендерге өтемақы берілді.1952 жылы қазанда партияның аты Кеңес Одағының Коммунистік партиясы КОКП деп аталды. 1953 жылы 5 наурызда И.Сталин қайтыс болды, орнына Н.С.Хрущев сайланды. 1954-1964 жылдары «Хрущевтік жылымық» деп аталды. 1954жылы «Тың және тыңайған жерлерді игеру» саясаты жүргізілді. 1947 жылы Германияның екіге бөлінуі капитализм мен социализм арасында қырғи-қабақ соғыстың бастауына себеп болды.Социалистік елдерге көмек көрсету үшін 1949 жылы экономикалық өзара көмек (ЭӨК) құрылды. 1955 жылы Варшава шарты құрылды. КОКП-ның ХХ съезі жеке басқа табынуды айыптады. 1959 жылы КОКП-ның ХVІ съезінде «Елде социализмнің толығымен және түпкілікті орнай» бастағандығын жариялады. 1961 жылы 12 сәуірде адам баласы тұңғыш рет Байқоңыр ғарыш айлағынан ғарышқа ұшты. 1964 жылы 14 қазанда Н.Хрущевті КОКП ОК-ның Бас хатшысы орынан алып, Л.Брежневті сайлады. 1964-1982 жылдары КОКП ОК-ның Бас хатшысы Л.Брежнев болды. Бұл кезеңді «тоқырау кезеңі» деп аталды.1979 жылы КСРО Ауғанстанға әскер енгізді.1982 жылы КОКП басшылығына Ю.А.Андропов келді.1984 жылы қайтыс болған соң, орнына К.У.Черненко келді. 1985 жылы КОКП басшылығына М.С.Горбачев отырды. Бұл кезең 1985-1991 жылдар «Қайта құру» кезеңі деп аталады. 1987 жылы қаңтарда жариялық (бетбұрыс) туралы шешім қабылданды. Бұқаралық ақпарат құралдарына еркіндік берілді. Көппартиялық жүйеге рұқсат етілді. 1990 жылдың басында көптеген социалистік елдерде тәуелсіздігін, егемендігі жариялау басталды. 1991 жылы тамыз төңкерісінен кейін (ТЖМК) КСРО құрамындағы республикалар тәуелсіздігін жариялауға әкелді.
Пәнаралық байланыстар:Қазақстан тарихы. Қоғамтану.География.
Сабақтың жабдықталуы:
Көрнекі құралдар: Трек схема.Суреттер.Плакаттар.Буклет
Үлестірме материалдар Тест .Карточка.
Оқытудың техникалық тәсілдері: Ноутбук.Проектор.Слайд.
Пәнішілік байланыстар: Қазақстан тарихы.
Әдебиеттер қосымша:
1.Волкова А.В. Әлемдік тарих: Росмэн,2012
2.Дүниежүзі тарихы: Энциклопедия, Фолиант,2015
3.Шүпеков Ә. Дүниежүзі тарихы: Хрестоматия, 10-сынып Алматы:Мектеп
4. Алдабек Н. Дүниежүзі тарихы: оқулық, 9-сынып Алматы:Мектеп.
№21 Дәріс. Тақырып: КСРО-ның ыдырауы,ТМД-ның құрылуы.
Мақсаты: Кеңес Одағындағы жариялық, демократиялық кезеңінің орнауы, Алматыдағы Желтоқсан оқиғасы, Кеңес Одағындағы ереуілдер мен шерулердің күшеюі, ТЖМК-нің құрылуы, КСРО-ның ыдырауы мен ТМД-ның құрылуы, Ресейдің жаңа саяси бағыттын талдау.
Дәріс мазмұны:Лекция:
80-ші жылдардың ортасында бұрынғы Кеңестер Одағының басшылығы қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық, саяси дағдарыстан шығудың жолын іздестірді. 1985 ж. 10-наурызда К.Черненко„ қайтыс болып, Коммунистік партияның бас хатшысы болып М.Горбачев сайланды. М.С.Горбачев жариялаған әлеуметтік-экономикалық қайта құруға багыт дағдарыстан шығуға бағытталған талпыныс болды.Кеңестік қоғамды демократияландыруға бағытталған қайта құру жылдары Кеңестер Одағы сыртқы саясатта Шығыс пен Батыстың арасындағы текетірес тұйықтан шығудың жолын іздестіріп, 1985 ж. өзінің ядролық сынақтарынбіржолата тоқтатты.Қайта құру жылдары ел ішінде жеделдету концепциясын жүзеге асыруға бағытталған бірқатар нәтижесіз бастамалар басталды. Одақтың жаңа басшылары маскүнемдікпен, тәртіпсіздікпен күресті күшейтіп, өндірісті жаңарту идеясын жүзеге асыруды қолға алды. Іс жүзінде нарықтық катынастың, жеке меншіктің бақталастыктың болмауы жеделдету идеясын қиялға айналдырып жіберді. Өндіріс өнімінің тапшылығы заводтар мен фабрикаларды өндіріс құрал-жабдықтарын жаңартуға ынталандырмады. Ауыл шаруашылығындағы мемлекеттік колхоздық-совхоздық жүйе ғылыми-техникалық революцияның жетістіктерін кабылдауға дәрменсіз болды. Өндіріс құрал-жабдықтары мен еңбек нәтижесінен шеттетілген ауыл еңбеккерлерінің еңбек өнімділігін арттыруға ешқандай күлқы болмады. Маскүнемдікке қарсы күрес өз кезегінде мемлекеттік бюджетті азайтып, тұтыну саласындағы жағдайды шиеленістірді.
Пәнаралық байланыстар: Қоғамтану.География.
Сабақтың жабдықталуы:
Көрнекі құралдар: Трек схема.Суреттер.Плакаттар.Буклет
Үлестірме материалдар Тест .Карточка.
Оқытудың техникалық тәсілдері: Ноутбук.Проектор.Слайд.
Пәнішілік байланыстар: Қазақстан тарихы.
Әдебиеттер қосымша:
1.Волкова А.В. Әлемдік тарих: Росмэн,2012
2.Дүниежүзі тарихы: Энциклопедия, Фолиант,2015
3.Шүпеков Ә. Дүниежүзі тарихы: Хрестоматия, 10-сынып Алматы:Мектеп
4. Алдабек Н. Дүниежүзі тарихы: оқулық, 9-сынып Алматы:Мектеп.
№22 Дәріс. Тақырып: Орталық және Оңтүстік Шығыс Еуропа елдері.
Мақсаты: Орталық және Оңтүстік Шығыс Еуропа елдері (Польша, ГДР, Венгрия, Румыния, Чехославакия, Югославия, Албания) жай ғана «Шығыс Еуропа» деп аталғандығын, Кеңес Одағынының ықпалының күшеюі, социалистік құрылыстың жалпы принциптері,экономика саласы,дағдарыстардың орын алуы,демократиялық револоциялар кезеңін түсіндіру.
Дәріс мазмұны:Лекция:
Саяси маятниктердің қалыптасуы, шок терапиясының салдары, ұлт мәселерінің асқынуы, коммунистік сарынан құтылып, демократиялық арнаға бет бұрылуын баяндау. XX ғасырдың 2 ші жартысында Шығыстағы әлеуметтік процестердің маңызды белгілерінің бірі урбанизацияның жедел түрде дамуынан көрінді. Негізінен қала халқы деревньядан келген мигранттардың есебінен өсіп отырды. Дәстүрлі ауыл құрылымының коллективтердің ыдырауы , экономиканың жаңа бір кезеңінің пайда болуына әкелді. Шығыс экономикасы XX ғасырдың 2ші жартысында қалпына келген жоқ . Шығыстың бүкіл жас мемлекеттері бұрынғы метрополияларға , ірі халықаралық банктерге және кредитор мемлекеттерге қарыз болды. Шығыстың көптеген мемлекеттерінде капиталдың , ресурстардың , жұмысшы күшінің жетіспеуі экономиканың жедел дамуына мүмкіндік берген жоқ.Монополиялардың құрылуы бюрократияның капиталдың түрлі топтарынан басқа афро- азиялық әлем басқа да әлеуметтік процестерді басынан кешірді. Жалдамалы еңбек пайда болып өрістей түсті. 1970-1990 жылдары шығыс халықтарының 40-50 % жалдамалы еңбекпен жұмыс істеді . 1990 жылы тек Азияның өзінде 190 млн жалдамалы жұмысшылар болды. Қарастырылып отырған кезеңдегі Шығыстың әлеуметтік – экономикалық дамуы әрқашан орта жіктің өсуінен көрінді. Олардың жетіспеушілігі шеттен келген маман- кадрлармен тәркіленіп отырды. Шығыстың кез – келген елдерінде жалпы қоғамда шетелдіктер үлесі төмендеді. Кейіннен білім сапасының жақсаруы және дамып келе жатқан экономикаға оның қажеттілігі әртүрлі саладағы мамандықтар санының өсуінен көрінді. XX ғасырдың 2- ші жартысында Шығыс елдерінің әлеуметтік дамуы қарқынды түрде жүрді.Тек қана жаңа әлеуметтік таптар , кластар пайда болып қана қойған жоқ сонымен бірге қоғамның өзі өзгерді. Модернизация тіпті «вестернизацияның» әсері Шығыстың әлеуметтік көрінісін біржола анықтап берді. Батыс қоғамын көз алдымызға елестететін болсақ, шығыс қоғамы оған қарағанда өте күрделі болды. Сондықтан әсіресе XX ғасырдың аяғында Шығыстың әлеуметтік құрылымында жиі кездесетін батыс және шығыстық синкретизм және Шығыс пен Батыс арасындағы айырмашылық аталды.Әлеуметтік қатынаста көптүрлі әрі бірығғай қалыпты түрде қалған шығыс қоғамы сапалы түрде өзгерді . Оның құрамында қазіргі модернизацияланған құрылымның үлесі өсіп, бұрынғы дәстүрлі архаикалықтың үлесі төмендеді. Кез – келген шығыс социумының модернизациясы капитализация арқылы яғни жеке кәсіпорындар мен нарықтың дамуы арқылы немесе мемлекеттің шаруашылықтың жаңа әдістерін және жаңа технологияларды енгізуі нәтижесінде жүріп отырды. Әдетте модернизацияның бұл екі жүйесі де тең саналады.
Пәнаралық байланыстар: Қоғамтану.География.
Сабақтың жабдықталуы:
Көрнекі құралдар: Трек схема.Суреттер.Плакаттар.Буклет
Үлестірме материалдар Тест .Карточка.
Оқытудың техникалық тәсілдері: Ноутбук.Проектор.Слайд.
Пәнішілік байланыстар: Қазақстан тарихы.
Әдебиеттер қосымша:
1.Волкова А.В. Әлемдік тарих: Росмэн,2012
2.Дүниежүзі тарихы: Энциклопедия, Фолиант,2015
3.Шүпеков Ә. Дүниежүзі тарихы: Хрестоматия, 10-сынып Алматы:Мектеп
4. Алдабек Н. Дүниежүзі тарихы: оқулық, 9-сынып Алматы:Мектеп.
№23 Дәріс. Тақырып: Латын Америкасы екінші дүниежүзілік соғыстан кейін.
Мақсаты: Латын Америкасы екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі саяси күрес бағыттары, әлеуметтік –экономикалық деңгейлері, ұлттық реформистік ағымдары,даму жолындағы одақтың бірігуі, антидемокртиялық күрестің өрістеуі, Куба революциясы, Латын Америка елдерінің дамуындағы өзекті мәселелердің ықпалдастықтарын түсіндіру.
Дәріс мазмұны:Лекция:
40-50 жылдардағы Латын Америкасы. Кубадағы 1959 жылғы ревалюция және социализм орнатылды. 60-70 жылдардағы Латын Америкасы елдерінің дамуы.
1970-1973 жылдардағы Чили ревалюциясы. Латын Америкасындағы мемлекеттердің дамуының жалпы көрінісі. 1929-1933 жылдардағы әлемдік экономикалық дағдарыстың Латын Америкасы на тигізген әсері. Соғыс уақытындағы Латын Америкасы республикаларындағы саяси күштердің топтасуы. Буржуазиялық революциялардың олигархиялық өкіметпен ашық күресі. 1950-90 жылдардағы Латын Америкасына қатысты АҚШ-тағы саясаты. Екінші джс кейінгі Латын Америкасындағы саяси және экономикалық жағдайға сипаттама беріңдер. Аймақтағы саяси тәртіптерді ашып көрсетіңдер.
ХХ ғасырдың екінші ширегіндегі либералдық реформалар саясатын қалай бағалауға болды.
Пәнаралық байланыстар: Қоғамтану.География.
Сабақтың жабдықталуы:
Көрнекі құралдар: Трек схема.Суреттер.Плакаттар.Буклет
Үлестірме материалдар Тест .Карточка.
Оқытудың техникалық тәсілдері: Ноутбук.Проектор.Слайд.
Пәнішілік байланыстар: Қазақстан тарихы.
Әдебиеттер қосымша:
1.Волкова А.В. Әлемдік тарих: Росмэн,2012
2.Дүниежүзі тарихы: Энциклопедия, Фолиант,2015
3.Шүпеков Ә. Дүниежүзі тарихы: Хрестоматия, 10-сынып Алматы:Мектеп
4. Алдабек Н. Дүниежүзі тарихы: оқулық, 9-сынып Алматы:Мектеп.
№24 Дәріс. Тақырып: Отарлық жүйе күйрегеннен кейінгі Азия елдері.
Мақсаты: Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі отарлық жүйе күйреуі, Жапонияның саяси, экономика, саларында жедел дамуы, Қытайдағы азамат соғысы, Қытай Халық Республикасының құрылуы, «зор секіріс»және «мәдени революция кезеңдері», реформалық және жаңару жылдарындағы Қытайдың жедел дамуын, сыртқы саясатын, экономикалық жағдайын, Моңғолияның кеңес ықпалындағы саясаты, экономикасы, шаруашылығы, Корей түбегінде елдердің қарама-қатынас саясаттары, Үндістанның және жаңадан Палестинаның тәуелсіздікке жетулері, саясаттары, экономикалары мен , шаруашылықтарын баяндау.
Дәріс мазмұны:Лекция:
Жапония соғыста жеңіліске ұшырап, 1945 ж. 2 қыркүйекте тізе бүккеннен кейін аймақтағы елдерге беделінен, ұлы державаға статусынан айырылғаны белгілі болды.Сонымен бірге Жапонияны американ әскерлері оккупациялап алды да, елдегі бар билік оккупациялық әкімшілітің басшысы генерал Макартурдың қолына көшті. Дәл осындай жағдай оңтүстік Кореяда да болды. АҚШ Жапоняның орнын басып алуға асықты. Бірақ кеңес әскерлері жапондық Квантун армиясын талқандағаны Қытайдың «азат етілген» аудандарының көлеміне, нығайтуына ықпал етті. Бұл аудандарда коммунистер саяси басшылық жүргізді. Жапон басқыншыларына қарсы соғыс аяқталғанда (1945 ж.) «азат етілген» аудандар (негізінен солтүстік) Қытай аумағының төрттен біріне жуық, ал халқы – 150 млн. адам шамасында болды. Ұзақ жылдар бойы (1910 ж. бастап) жапон басқыншыларының оккупациясында болған корей халқы қиын партизандық соғысын 1931 жылдан жүргізді. Бұл соғысқа коммунистер басқарған Кореяда және көршілес Қытайда тұратын көптеген корейлер партизан отрядтарында белсенді рөл атқарды. Кеңес әскерлері Квантун армиясын талқандағаннан кейін Солтүстік Кореяны азат етті, революциялық қайта құрулардың барысында біртұтас демократиялық майданның негізгі болған жұмысшы табы мен шаруалардың одағы нығайды, мұнда коммунистер – Солтүстік Кореяның еңбек партиясы басшылық рөл атқарды. Корея 2-ші дүниежүзілік соғыстан кейінгі бірінші екі бөлінген мемлекет болып қалды.Оңтүстік-Шығыс Азия: ұлт - азаттықтан әлеуметтік тұрақтылыққа көшу.Жапонияның тізе бүгуінен кейін Оңтүстік-Шығыс Азияда неғұрлым көп күшпен қамтыған ұлт азаттық революциялар имериалистік отаршылдық езгіге бағыталған болатын.Индонезияның ұлттық басшысы Ахмед Сукарно 1945 жылы « маусымда келешектегі индонезиялық мемлекеттін «Панча сила» - «бес принципін» баяндады: «ұлттық» (яғни, бірлік, тәуелсіздік); «интернационализм» (яғни, халықаралық теңдік, қарым-қатынас); «демократия» (халық өкілетілігі және пікірлер азаттығы); «всеобщее благосостояние» (яғни экономикалық тепе-теңдік); «вера в Бога» (мемлекет аясында дін ұстанымы).Индонезия Республикасының Ата Заңына енген бұл принциптер өз мағынасын Индонезияның шет жағасында да тіпті XX-шы ғасырға дейін сақтай білді, ал Сукарно ел азат болғаннан кейін де 20 жыл басшылықта болды.1945 жылдың 2-ші қыркұйегінде ұлттық азаттық комитетінің және Үндіқытай компартиясының басшысы Хо Ши Мин Вьетнам Демократиялық Республикасы құрылғаның жариялады.Халық комитеттері партизандық антижапондық армиясы қадағалаған Малайя аймақтарында құрылды. Бірақ бүкіл Вьетнам аумағында ұйымдасқан қозғалыстың болмауы, әсіресе, жергілікті халық – малайлар арасында және халықтың көп ұлттылығы (араларында қытай, үндістер де болған) британ әскерлері қайтып келгенше, тәуелсіз мемлекет құруына мүмкіндік бермеді.
Кейіннен ағылшындар, француздар, голландықтар жапондық оккупациядан азат етілген барлық елдерді соғысқа дейінгі қалпына келтіруге ықпал жасаған, бірақ бұл әрекеттері Қарсыласу соғысына әкеп соқты, ал олар өте ұзақ ұлттық-азаттық соғыстарға ұласты. Индонезияда бұл күрес 1949 жылға дейін, Вьетнамда – 1954 жылға дейін Малайяда – 1957 жылға дейін.Оңтүстік Шығыс Азияның басқада мемлекеттерінде әскери қақтығыстар болған, бірақ олардың сипаты – саяси күрес немесе саяси, әлеуметтік және эникалық топтардың ішкі дау-жанжалдары болған. Отаршылдар осы дау-жанжардары кеңінен қолдап, әр түрлі мемлекеттердің халқының бөліктері арасына ірікті салуға үміттеніп, «адал төреші» ретінде өздерінің позицияларын сақтауға тырысты.Бірақ, бұл саясатты бәрі тез түсінбеді. Аун Сан, Бирма патриоттарының басшысы, 1946 ж. былай деген: «Егер Англия мен Америка бірлесіп, өздерінің шарттарын айтпақшы болса, Ресей және көптеген ұсақ мемлекеттер оларға қарсы бірігеді».Ол кезде КСРО-ға үміт артқан тек ғана коммунистер емес еді.Бирма, Индонезия және басқа елдердің националистері Ленинге сылтау жасап, КСРО туралы өздерінің кездесулерінде айтқан.Бұл, бір жағынан, Германия және 1945 жылы Жапонияны жеңгеннен кейін КСРО-ның абыройы артқанын, ал, екіншіден – революциялық жағдайда соғыстан кейінгі құрылыстың моделін іздегендігін көрсетті. Әрине соғыс кезінде саяси, идеолодің әсері де болды.Ал қарапайым-эмоционалдық жағынан алғанда КСРО-ның көп ұлттылығы және басшылар арасында шығыс тектес адамдар, И.В.Сталиннен бастап, болғандығы үлкен мағына берген.КСРО негізінен компартияларға, солардың ішінде-коммунистер құрған қарулы күштерге арқа сүйеп, АҚШ-ға және Шығыстағы батыс державаларға қарсы тұрмақшы болған. Бірақ бұл әрекеттері тек ғана Қытай мен Вьетнамда ақталды, себебі коммунистер қалын көпшілікпен тығыз байланыста болып, жақсы ұйымдастырылған,беделді компартияларды құрастырып, өздерінің тәуелсіз саясатын жүргізіп отырған.Солтүстік Кореяда жергілікті коммунистердің жеңіске жетуінің едәуір бөлігін КСРО және Қытайдың мықты қолдауымен және жан-жақты көмегімен байланыстыруға болады.Ал басқа елдерге келсек, олардың компартиялары алдарына қойған мақсаттарына жетпеген.Олар Индонезияда 1948-1946 жылдары, Филиппиныда-1952, Малайяда-1950 ж.ортасына қарай қатты соққыға ұшырады. Көбінесе олардың адамдарының аздығы, көпшіліктен жеке даралануы, Мәскеуден (немесе,кейіннен Пекиннен) алған нұсқауларын ойланбастан орындауы, кейде (мысалы, Малайя немесе Таиландта) қытайлықтардың басымдылығын айтуға болады, әрине оларға (қытайлықтарға)жергілікті халықтың көзқарасы бірдей емес. 1959 жылдан Үндістан мен Қытай арасындағы қатынастар Қытай әскерлері Тибетке кіруіне және далай-ламаның Үндістанға қашуына байлнысты нашарлай бастады.60-шы жылдардың басында Индонезия және Малайзия арасында, Шығыстың көпшілік жас мемелекеттерінің жер дауы қақтығысы өршелене түсті. 1966, 1971 жылдардағы үнді-пәкістандық соғыстар Үндістан мен Пәкістанды бір-біріне қарсы қойды, Пәкістанның құрамына енгізілген Шығыс Бенгалияның аумағында тәуелсіз мемелекет – Бангладеш халық республикасы жарияланды, Кашмир үшін және Пәкістанның қолдаумен сикх мемлекеті – Халистан үшін шиеленістер шеттен шықты. Қытайдың Пәкістанмен жақындасуы қытай-үнді байланыстардың нашарлауы және 1963 жылдан (кейбір деректерде, одан да бұрын) ҚХР-мен КСРО арасындағы қарым-қатынастардың күрд өршеленуі қатарластыАраб әлемі ХХ-шы ғасырдың 2-ші жартысында әлі де отаршылдық тәуелдіктен арыла қоймаған.
Барлық араб елдерінің аумағында (Сирия, Ливан, Иемен және Сауд Арабиядан басқа) шет ел әскерлері орналасқан, Алжир, Судан әлі де отарлы болған, кейбір елдер Ұлы Британия және Францияның қол астында отар болып есептелінген. 1952 жылы 23-ші шілдедегі Мысырдағы көтеріліс король Фарухты тақтан бас тартуға және елден тайып тұруға мәжбүр етті. Бұл көтеріліске басшылық еткен «Ерікті офицерлер» үлгісімен ұқсас ұйымдар басқада араб елдерінде пайда болды.Оларға дәл осындай көтеріліс ұйымдастыруға мүмкіншілік Иракта (1958 ж.), Иеменде (1962 ж.), Судан мен Ливия да (1969 ж.) туады. ІІ д.ж. соғыстан кейінгі халықаралық қатынастар жəне ішкі жағдайы. Социалистік құрылысқа көшу. Кеңес-Қытай келісімі жəне оның маңызы (1950 ж.).
Пәнаралық байланыстар: Қоғамтану.География.
Сабақтың жабдықталуы:
Көрнекі құралдар: Трек схема.Суреттер.Плакаттар.Буклет
Үлестірме материалдар Тест .Карточка.
Оқытудың техникалық тәсілдері: Ноутбук.Проектор.Слайд.
Пәнішілік байланыстар: Қазақстан тарихы.
Әдебиеттер қосымша:
1.Волкова А.В. Әлемдік тарих: Росмэн,2012
2.Дүниежүзі тарихы: Энциклопедия, Фолиант,2015
3.Шүпеков Ә. Дүниежүзі тарихы: Хрестоматия, 10-сынып Алматы:Мектеп
4. Алдабек Н. Дүниежүзі тарихы: оқулық, 9-сынып Алматы:Мектеп.
№25 Дәріс. Тақырып: Африка елдерінің екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі даму белгілері.
Мақсаты: Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Африкадағы арабтар тәуелсіздігі үшін шеруге, ереуілдерге шығуы, ұлттық майдан мен партиялардың құрылуы, тәуелсіздікке ұмтылуы, отарлың қамыттан құтылу үшін жасаған күрестері мен тәуелсіздік алған соңғы саясаттары мен экономикаларын баяндау.
Дәріс мазмұны:Лекция:
Панафриканизм, саяси партиялар құру идеясы. ІІ д.ж. соғыс жылдарындағы Африка. Кеңес Одағы жəне Африка халықтары. Африканың отаршылдық режимнен азат етілуі. Неоколониализм саясаты жəне оның мəні. ІІ д.ж. соғыстан кейінгі халықаралық қатынастар жəне Батыс Африка елдері (Нигерия, Заир, Эфиопия). Африка тəуелсіз мемлекеттерінің конференциясы (1958, 1960, 1963). Африка елдерінің сыртқы саясаты жəне д.ж. қауымдастық1954-1955 жылдардағы И. Броз Тито, Үндістан премьер-министрі Д. Неру және ҚХР премьері Чжоу Эньлайдың келіссөздері 1955 жылы сәуірде Бандунг қаласында (Индонезия) Азия мен Африканың 39 мемелекеттерінің басшыларының I конференциясың шақыруына алып келді. Ол қоғамдық құрылысы әр түрлі мемлекеттердің бейбіт қатар өмір сүру және ынтымақтасу принциптерін мақұлдады. Конференция Азия мен Африка халықтарының отаршылдықты толығымен және біржолата жоюға бел байлағаның білдірді. Агрессиялық блоктарды айыптап, ядролық қаруға тыйым салуды талап етті.1957 ж. желтоқсан – 1958 ж. қаңтарда Каирде Азия мен Африканың 45 елдерінің экономикалық конференциясы шақырылды, конференцияда афро-азияттық қозғалысының тұрақты органдарын құру туралы шешім қабылданды.1960 ж. сәуірде Конакри қаласындағы (Гвинея) конференцияда қозғалыстың уставы қабылданып, мақсаттары белгіленді – «Азия мен Африка елдерінің империализмге және отаршылдыққа қарсы күресін біріктіру, елдерді азат етеді тездету, олардың экономикалық, әлеуметтік және мәдени дамуларын қамту». Халықаралық аренада афро-азиялық қозғалысы нақты күш бола бастады. Қозғалыс тәуелсіздік үшін күрескендерге жәрдем берген (саяси және материалдық), отарлық державаларға қысым көрсеткен жас мемлекеттердің тәуелсіздігінің нығайтуына ықпал еткен.Бұл қозғалыс КСРО-ның одақтасы болды, КСРО-ның Югославиямен, Қытаймен, Индонезиямен және басқа да «Бандунг мемлекеттерімен» қарама-қайшылықтары болса да.1961 ж. Белградтағы 25 қосылмаған мемлекетердің конференциясы бейбітшілік үшін және отаршылдыққа қарсы күресті қолдауға шақырды. БҰҰ-ның шешімдерінің көпшілігі, бірінші кезекте – 1960 ж. отарлық елдер мен мемлекеттерге тәуелсіздік беруі Декларациясы КСРО және афро-азиялық мемелекеттердің бірлескен әрекеттері бойынша қабылданды.Азия мен Африкадағы Батыстың отарлық иеліктерінің жоюлуының бірден-бір себебі де осы болған.Тек ғана XX-шы ғасырдың 60-шы жылдарында бұрынғы 44 отарлар (колониялар) тәуелсіздік алды.
Пәнаралық байланыстар: Қоғамтану.География.
Сабақтың жабдықталуы:
Көрнекі құралдар: Трек схема.Суреттер.Плакаттар.Буклет
Үлестірме материалдар Тест .Карточка.
Оқытудың техникалық тәсілдері: Ноутбук.Проектор.Слайд.
Пәнішілік байланыстар: Қазақстан тарихы.
Әдебиеттер қосымша:
1.Волкова А.В. Әлемдік тарих: Росмэн,2012
2.Дүниежүзі тарихы: Энциклопедия, Фолиант,2015
3.Шүпеков Ә. Дүниежүзі тарихы: Хрестоматия, 10-сынып Алматы:Мектеп
4. Алдабек Н. Дүниежүзі тарихы: оқулық, 9-сынып Алматы:Мектеп.
№26 Дәріс. Тақырып:ХХ ғасырдың екінші жартысындағы ғылым мен мәдениет.
Мақсаты: Адамзат тарихындағы ғылым мен мәдениеттегі ең үлкен серпіліс ХХ ғасырдан басталуы туралы, физика, медицина, астрономия, кибернетика, т.б.ғылым саларының дамуындағы аса ірі жаңалықтардың пайда болуы, пост-индустриялық қоғамның пайда болуы, ракеталық қозғағыштардың жасалуы, рухани мәдениеттің дамуы, мәдениеттің ХХ ғасырдың екінші жартысында өзара бұқаралық және элиталық болып бөлінуі, әдебиет пен кино өнеріндегі жазушылардың еңбектерін саралау.
Дәріс мазмұны:Лекция:
Еуропа мен Солтүстік Американың неғұрлым дамыған елдерінде пост-индустириалдық қоғам қалыптасты. Күн, жел, теңіз толқындарын пайдалану арқылы қуатты балама көздерін ойлап тапты. Жасанды материалдар пайда болды (синтетика). Өндіріс пен тұрмыста компьютерлендіру жүйесі іске қосылды. ДНК молекуласы ашылып, дәрі-дәрмектің жаңа түрлері ойлап табылды. Гендік инженерия саласы азық-түлік өнімінің көлемін арттырды. Кибернетика ғылымы пайда болды. Бүкіләлемдік Интернет жаһандық торабын жасалды. Алғашқы роборттар мен адамсыз өндірісіз жасалды. Ракеталық қозғалыштардың жасалуы тұңғыш ғарышкер Ю.Гагариннің ұшуы ғарыш кеңістігін меңгерудің басы болды. 70-80 жылдары ғылыми-техникалық революцияның жаңа кезеңі басталды. ХХ ғасырдың екінші жартысында өзара бұқаралық және элиталық болып бөлінді, әдебиетте аға буынға жататын француздың реалистік жазушылар А.Жид пен Ф.Мориак, АҚШ жазушылары У.Фолкнер, Э.Хемингуэй Нобель сыйлығының лауреттары атанды. 70-жылдары АҚШ пен Еуропада интернационалдық стильден жоғары технологияға негізделген (хай-тек стиль) стиль пайда болды. Кино өнеріндегі режиссер Р.Росселини «Рим-ашық қала» атты кино қойды. Онда итальян қарсыласу қозғалысына қатысушылардың ауыр азаптары мен ерліктері көрсетілді.
Бейнелеу өнерінде постмодернизм атты жаңа кезең пайда болды. 1970 жылдары сәулетші-авангардисттердің бір тобы жаңа бағыт –деконструктивизмнің негізін қалады. Онда осы заманның моральдық, саяси, әлеуметтік, экономикалық қайшылықтар көрініс тапты.
Пәнаралық байланыстар: Қоғамтану.География.
Сабақтың жабдықталуы:
Көрнекі құралдар: Трек схема.Суреттер.Плакаттар.Буклет
Үлестірме материалдар Тест .Карточка.
Оқытудың техникалық тәсілдері: Ноутбук.Проектор.Слайд.
Пәнішілік байланыстар: Қазақстан тарихы.
Әдебиеттер қосымша:
1.Волкова А.В. Әлемдік тарих: Росмэн,2012
2.Дүниежүзі тарихы: Энциклопедия, Фолиант,2015
3.Шүпеков Ә. Дүниежүзі тарихы: Хрестоматия, 10-сынып Алматы:Мектеп
4. Алдабек Н. Дүниежүзі тарихы: оқулық, 9-сынып Алматы:Мектеп.
№27 Дәріс. Тақырып:ХХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХІ ғасырдың басындағы халықаралық қатынастар.
Мақсаты: ХХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХІ ғасырдың басындағы халықаралық қатынастардың барысындағы әлем елдері екі қарама-қарсы капиталистік, социалистік жүйеге бөлінуі, «қырғиқабақ соғыс саясаты»,коммунистік партия ықпалының әлсіреуі, социалистік жүйенің ыдырауы, ХХІ ғасырдың басындағы әлемдік саясаттың күрделігін баяндау.
Дәріс мазмұны:Лекция:
1945 жылы 26 маусымда АҚШ-тың Сан-Франциско қаласында құрамында 51 мемлекет бар Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) құрылды. Осы ұйым арқасында әлем бейбітшілікке бет бұрылды, олар Италия отарларынан бас тартты. Германия шығыстағы жерлерін КСРО-ға берді. Африкадағы бірнеше ел тәуелсіздік алды. Қазіргі таңда БҰҰ-ға 198 мемлекет мүше. Екінші дүниежүзілік соғыстан соң әлем екі державаға бөлінді. Капитализм мен социализм деп. Екі жақ әскери одақ құрды.1949 жылы АҚШ-тың басшылығымен НАТО ұйымы құрылса, 1955 жылы КСРО басшылығымен Варшава шарты ұйымы құрылды.1950-1990 жылдары «қырғи-қабақ соғыс» кезеңі аралығы деп аталды. 1947 жылы Германия екіге ГФР мен ГДР деп бөлінді. 1950 жылы Корея екіге Оңтүстік және Солтүстікке бөлінді. 1962 жылы Кариб дағдарысы орын алды. 1968 жылы Чехославакиядағы «Прага көктемі» болды. 1976 жылы Вьетнам социалистік елге айналды. 1978 жылы Ауғанстанда революция орын алды. 1979 жылы КСРО 1989 жыл аралығында Ауғанстанға әскер кіргізді. 1975 жылы 1 тамызда Хельсинкиде Еуропаның 33 мемлекеті және АҚШ пен Канаданың қатысумен Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық туралы акт қабылданды. ХХ ғасырдың соңында «қырғиқабақ соғыс» аяқталса да, әлемдегі жанжал жалғасын тапты. 1994-1996 жылдары Шешенстандағы соғыс шешен халқының өз тағдырын шешуге әрекетті соғысқа апарды. 10 мың адам қаза тапты. 2008 жылы Косованың тәуелсіздігін жариялады.2008 жылы Ресей Грузияға соғыс бастап, Абхазия мен Оңтүстік Осетия тәуелсіздіктерін жариялады. 2001 жылы 11 қыркүйекте АҚШ-та лаңкестік жасалды. Югославия президенті С.Милошевич Босния мен Герцеговинадағы мұсылмандарды қырды. 2003 жылы АҚШ пен Англия Иракқа соғыс ашты.Қазіргі таңда халықаралық шиеленістің орын алуы «қара алтынға» (мұнайға) байланысты орын алуда.
Пәнаралық байланыстар: Қоғамтану.География.
Сабақтың жабдықталуы:
Көрнекі құралдар: Трек схема.Суреттер.Плакаттар.Буклет
Үлестірме материалдар Тест .Карточка.
Оқытудың техникалық тәсілдері: Ноутбук.Проектор.Слайд.
Пәнішілік байланыстар: Қазақстан тарихы.
Әдебиеттер қосымша:
1.Волкова А.В. Әлемдік тарих: Росмэн,2012
2.Дүниежүзі тарихы: Энциклопедия, Фолиант,2015
3.Шүпеков Ә. Дүниежүзі тарихы: Хрестоматия, 10-сынып Алматы:Мектеп
4. Алдабек Н. Дүниежүзі тарихы: оқулық, 9-сынып Алматы:Мектеп.
№28 Дәріс. Тақырып: Рубеждік бақылау жұмысы.
Мақсаты: Рубеждік бақылау жұмысын ала отырып, білімділіктерін саралау.
Дәріс мазмұны:Лекция:
1941-1945 жылдары КСРО Ұлы Отан соғысы жылдарында 25 млн (кейбір деректерде 27 млн адамынан айырылды. Соғыстан кейін елде бейбіт жолды енгізуге Кеңес армиясы 8,5 млн адамға қысқартылды. 1946 жылы КСРО Жоғарғы Кеңесінің І съезі болды. Соғыстан кейін КСРО-ның шегерасында өзгерістер болды. Шығыста –Оңтүстік Сахалин, Курил аралдары, Солтүстік Батыста Финляндия арасындағы келісімге сай Пегенга облысы, Пруссия жерін Ресей Федерациясының құрамына өтіп, Калинингард облысы деп аталды. 1944 жылы Тува Республикасы КСРО құрамына қабылданып, Ресей Федерациясының автономиялық облысы болды. ХХ ғасырдың 50 жылдары тоталитарлық жүйе өзінің шарықтау шегіне жетті. 1952 жылы Ленинград пен Мәскеуде «Ленинград ісі», «Дәрігерлер ісі»болып биология, медицина және геология ғалымдары қуғынға ұшырады. Соғыстан кейінгі жылдары реформалар төтенше жағдай жойылды, 8 сағаттық жұмыс күні, аптасына 1-2 күн демалыс күні енгізілді, жылына бір рет берілген ақылы демалыс енгізілді. 1946 жылы Халық Комиссарлар Кеңесі Министрлер Кеңесі деп аталды. 1947 жылы карточка жүйесі жойылды. Ақша реформасы болды. Соғыс мүгедектері мен хабар –ошарсыз кеткендерге өтемақы берілді.1952 жылы қазанда партияның аты Кеңес Одағының Коммунистік партиясы КОКП деп аталды. 1953 жылы 5 наурызда И.Сталин қайтыс болды, орнына Н.С.Хрущев сайланды. 1954-1964 жылдары «Хрущевтік жылымық» деп аталды. 1954жылы «Тың және тыңайған жерлерді игеру» саясаты жүргізілді. 1947 жылы Германияның екіге бөлінуі капитализм мен социализм арасында қырғи-қабақ соғыстың бастауына себеп болды.Социалистік елдерге көмек көрсету үшін 1949 жылы экономикалық өзара көмек (ЭӨК) құрылды. 1955 жылы Варшава шарты құрылды. КОКП-ның ХХ съезі жеке басқа табынуды айыптады. 1959 жылы КОКП-ның ХVІ съезінде «Елде социализмнің толығымен және түпкілікті орнай» бастағандығын жариялады. 1961 жылы 12 сәуірде адам баласы тұңғыш рет Байқоңыр ғарыш айлағынан ғарышқа ұшты. 1964 жылы 14 қазанда Н.Хрущевті КОКП ОК-ның Бас хатшысы орынан алып, Л.Брежневті сайлады. 1964-1982 жылдары КОКП ОК-ның Бас хатшысы Л.Брежнев болды. Бұл кезеңді «тоқырау кезеңі» деп аталды.1979 жылы КСРО Ауғанстанға әскер енгізді.1982 жылы КОКП басшылығына Ю.А.Андропов келді.1984 жылы қайтыс болған соң, орнына К.У.Черненко келді. 1985 жылы КОКП басшылығына М.С.Горбачев отырды. Бұл кезең 1985-1991 жылдар «Қайта құру» кезеңі деп аталады. 1987 жылы қаңтарда жариялық (бетбұрыс) туралы шешім қабылданды. Бұқаралық ақпарат құралдарына еркіндік берілді. Көппартиялық жүйеге рұқсат етілді. 1990 жылдың басында көптеген социалистік елдерде тәуелсіздігін, егемендігі жариялау басталды. 1991 жылы тамыз төңкерісінен кейін (ТЖМК) КСРО құрамындағы республикалар тәуелсіздігін жариялауға әкелді.
Пәнаралық байланыстар: Қоғамтану.География.
Сабақтың жабдықталуы:
Көрнекі құралдар: Трек схема.Суреттер.Плакаттар.Буклет
Үлестірме материалдар Тест .Карточка.
Оқытудың техникалық тәсілдері: Ноутбук.Проектор.Слайд.
Пәнішілік байланыстар: Қазақстан тарихы.
Әдебиеттер қосымша:
1.Волкова А.В. Әлемдік тарих: Росмэн,2012
2.Дүниежүзі тарихы: Энциклопедия, Фолиант,2015
3.Шүпеков Ә. Дүниежүзі тарихы: Хрестоматия, 10-сынып Алматы:Мектеп
4. Алдабек Н. Дүниежүзі тарихы: оқулық, 9-сынып Алматы:Мектеп.
№29 Дәріс. Тақырып: ХХ ғасырдың аяғы мен ХХІ ғасырдың басындағы ғылым мен мәдениеттің дамуы.
Мақсаты:Жоғары дамыған елдердегі тұрмыстық жаңаша электрондық жабдықтардың дамуы мен сапалы өзгерістердің өте жылдам өзгеріске өтуі, ғылыми –техникалық революцияның жаңа кезеңі, ақпараттық ғылымның өркендеуін саралау.
Дәріс мазмұны:Лекция:
ХХ ғасырдың екінші жартысында Еуропа және Солтүстік Американың неғұрлым дамыған елдерінде пост-индустриялық қоғам қалыптасты. Күн, жел, теңіз толқындарын пайдалану арқылы қуатты балама көздерін ойлап табылды. Жасанды материалдар пайда болды, Өндіріс пен тұрмыста компьютерлендіру жүйесі қалыптасты. Ғарыш кеңістігін игеру басталды. Бүкіләлемдік интернеттің жаһандық торабы жасалды. Алғашқы роботтар мен адамсыз өндіріс жасалды.Ю.Гагарин ғарышқа ұшты. АҚШ ғалымы Н.Винердің кибернетиканың кері байланыс, ақпаратты алу, өңдеу, тасымалдау туралы ғылым саласы ашылды.
Пәнаралық байланыстар: Қоғамтану.География.
Сабақтың жабдықталуы:
Көрнекі құралдар: Трек схема.Суреттер.Плакаттар.Буклет
Үлестірме материалдар Тест .Карточка.
Оқытудың техникалық тәсілдері: Ноутбук.Проектор.Слайд.
Пәнішілік байланыстар: Қазақстан тарихы.
Әдебиеттер қосымша:
1.Волкова А.В. Әлемдік тарих: Росмэн,2012
2.Дүниежүзі тарихы: Энциклопедия, Фолиант,2015
3.Шүпеков Ә. Дүниежүзі тарихы: Хрестоматия, 10-сынып Алматы:Мектеп
4. Алдабек Н. Дүниежүзі тарихы: оқулық, 9-сынып Алматы:Мектеп.
№30 Дәріс. Тақырып: Қазіргі таңдағы жаһандық мәселер.
Мақсаты: Қазіргі таңдағы жаһандық мәселердің күрделігі мен діни алауыздықты алға қойып, діни экстремизмді тудыру, бүгінгі таңдағы лаңкестік қауіпі адамзатқа төнген қауіп екендігін, жаһандық лаңкестікке қарсы тұратын БҰҰ, ЕҚЫҰ, ҰҚШҰ, ШЫҰ, АӨСШК, НАТО және т.б. құрылымдардың халықаралық құрылым шеңберінде ынтымақтастықтың құқықтық және ұйымдастырушылық негіздері жасалуын түсіндіру.
Дәріс мазмұны:Лекция:
ХХ ғасырдың соңында «қырғиқабақ соғыс» аяқталса да, әлемдегі жанжал жалғасын тапты. 1994-1996 жылдары Шешенстандағы соғыс шешен халқының өз тағдырын шешуге әрекетті соғысқа апарды. 10 мың адам қаза тапты. 2008 жылы Косованың тәуелсіздігін жариялады.2008 жылы Ресей Грузияға соғыс бастап, Абхазия мен Оңтүстік Осетия тәуелсіздіктерін жариялады. 2001 жылы 11 қыркүйекте АҚШ-та лаңкестік жасалды. Югославия президенті С.Милошевич Босния мен Герцеговинадағы мұсылмандарды қырды. 2003 жылы АҚШ пен Англия Иракқа соғыс ашты.Қазіргі таңда халықаралық шиеленістің орын алуы «қара алтынға» (мұнайға) байланысты орын алуда.
Пәнаралық байланыстар: Қоғамтану.География.
Сабақтың жабдықталуы:
Көрнекі құралдар: Трек схема.Суреттер.Плакаттар.Буклет
Үлестірме материалдар Тест .Карточка.
Оқытудың техникалық тәсілдері: Ноутбук.Проектор.Слайд.
Пәнішілік байланыстар: Қазақстан тарихы.
Әдебиеттер қосымша:
1.Волкова А.В. Әлемдік тарих: Росмэн,2012
2.Дүниежүзі тарихы: Энциклопедия, Фолиант,2015
3.Шүпеков Ә. Дүниежүзі тарихы: Хрестоматия, 10-сынып Алматы:Мектеп
4. Алдабек Н. Дүниежүзі тарихы: оқулық, 9-сынып Алматы:Мектеп.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген