Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

оқу әдістемелік материалы

Материал туралы қысқаша түсінік
1 сынып оқушыларына арналған әдістемелік құрал
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қостанайоблысыбілімбасқармасының «Қостанайқаласыәкімдігініңбілімбөлімінің №28 мектеп-гимназиясы» КММ




«Сыр шерткен дыбыстар»


(1-сынып білім алушыларына арналған қазақ тілі пәнінен вариативтік курсы)


Picture 3

Құрастырғандар:

Жусупова Л.А

Орынбаева Ж.Т

Орынбаева Г.Т




2022-2023 оқу жылы



Мазмұны




  1. Түсінік хат

  2. Күнтізбелік-тақырыптық жоспары

  3. Жұмыс дәптері

  4. Қосымша материалдары

  5. Қолданылған әдебиеттер





















Түсінік хат


Мектеп табалдырығын алғаш аттаған баланың басты іс - әрекеті ойын емес, оқу болып табылады. Егер оқу процесі баланы жалықтырып жіберетіндей дұрыс ұйымдастырылмаса, онда бастауыш сынып оқушыларының бойында оқуға деген ынта мен қызығушылық төмендейді.

Бұл бағдарламаның құрылымы мен мазмұны жас ерекшеліктерін ескере отырып, оңайдан қиынға, жеңілден күрделіге өтуді және білімді тәжірибе арқылы өздігінен алуды көздейді. Бағдарлама «Адамға тіл, құлақ қандай керек болса... білім де сондай керек.» деп Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, білімді жан-жақты меңгеру ең маңызды екенін ұғындырады.

Бағдарламада 1сынып білім алушыларының тілді игеруі, қоршаған дүние жайындағы білімдерін қалыптастыруы, адамдық мәдениет әлеміне араласуы, мінез-құлық нормаларын игеруі, белгілі бір әдет дағды мен іскерлікті меңгеруі үшін танымдық қызығушылықты дамытатын тапсырмалар беріледі

Бағдарлама негізінде білім алушылардың тілдік бірліктерді меңгеру, оның ішінде мәтін, сөйлем, сөз, буын, дыбыстарды ажырату, салыстыру, топтастыру, талдау дағдыларын дамытумен қоса, сөзді тұтастай оқуға, берілген мәтіндерді түсініп оқуға, халық ауыз әдебиетінен берілген шығармаларды мәнерлеп шапшаң оқуға үйретеді, тұрақты зейіні мен есте сақтауын, логикалық ойлауы мен білім алуға деген қызығушылығын қалыптастырады, жазу дағдысын қатесіз, сауатты, көркем жазуды меңгертеді.

Айтылым дағдысында – тапсырмалар тақырыпқа қатысты ойын білдіру, өз көзқарасын дәлелдеу, шешім шығару, қорытынды пікір жасау туралы түсінік пен біліктілік деңгейіне бағытталады.

Оқылымның мақсаты – мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты әр түрлі деңгейде қабылдауы және түсіне білуі, тілдің айтылым заңдылықтарына сәйкес оқи алуы. Оқылым бойынша біліктілік деңгейін анықтау және бағалау келесі нәтижелермен айқындалады: түсініп оқу, зерттеп оқу, шолып оқу, мәселені сын тұрғысынан бағалау,негізгі аргументті анықтап, дәлелдеу. 

Жазылым әдісі келесі көрсеткіштер бойынша бағаланады: тақырыпты аша білуі, грамматикалық сауаттылығы, өз ойын сын тұрғысынан дәлелдеуі.

Тыңдалым дағдысы бойынша негізгі ойды түсіну, ақпаратты анықтау, түсінгенін практикада қолдана білу бағаланады.














Мақсаты: Оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылым әрекеттерін жүйелі түрде қолданып, білім алушының оқу-жазу дағдыларын жетілдіру және тілін дамыту.




Міндеттері:

  • білім алушыларды саналы білім алуға баулу және өз бетімен жұмыс жасауға бағыттау;

  • байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту, сөздік қорын байыту:

  • тілдік білімі мен дағдыларын тәжірибеде қолдана алуға үйрету;

  • оқылым, жазылым, тыңдалым, айтылым әдістері арқылы сөйлеу және жазу дағдыларын қалыптастыру;

  • кітап оқуға қызығушылығын ояту, сөз өнеріне баулу;

  • танымдық, шығармашылық қабілетін дамыту.




Күтілетін нәтижелер:

  • мұғалімнің бағыттауымен өз бетімен жұмыс жасауға үйренеді;

  • танымдық тапсырмаларды орындау арқылы байланыстырып сөйлеу және жазу дағдыларын дамытады, сөздік қорын байытады;

  • оқылым, жазылым, тыңдалым, айтылым дағдыларын қалыптастыруға жеңілден күрделіге берілген шығармашылық тапсырмаларды орындай отырып, білімді өздігінен алуға қол жеткізеді.














1-СЫНЫПҚА АРНАЛҒАН КҮНТІЗБЕЛІК-ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАР


Сабақтың тақырыбы

Бағдарламаға сәйкес күтілетін нәтижелер

Сағат саны

Күні

Ресурстар

Ескерулер

1

Білім - кітапта

дыбыс, буын, сөз туралы бастапқы тілдік ұғымдарды түсінеді

1


https://www.youtube.com/watch?v=zCRADtHInBk&list=PL3g6hu3kA4Mo_QaagUNP5qTj74nRESwv2&index=5


2

Кел, ойнайық!

дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажыратады, дауысты дыбыстардың жуан, жіңішке болып бөлінетінін түсінеді

1


https://www.youtube.com/watch?v=rf98M8ELqNQ

https://www.youtube.com/watch?v=HQ3gqCEv2u4&t=9s


3

Адасқан әріптер

сөзге дыбыстық талдау жасайды, дауысты дыбыстардың буын құрайтынын біледі

1


https://www.youtube.com/watch?v=QzbcpoyckEs


4

Буындар вагоны

буын санын анықтайды

1


https://www.youtube.com/watch?v=nO7y7Wi-



5

«Соңғы буынды тап» ойыны

буынның графикалық сызбасын таниды

1


https://wordwall.net/ru/resource/39058593


+

6

Буындардан сөз құра

берілген буындардан сөз құрайды, құраған сөздерін оқиды, жазады

1


https://www.youtube.com/watch?v=P-JN7DKptIg


7

Оқы, ойна!

берілген сөзерді оқып, суретпен сәйкестендіреді

1


https://www.youtube.com/watch?v=441SHVi3rM8&list=PL3g6hu3kA4Mo_QaagUNP5qTj74nRESwv2&index=7


8

Сөз баспалдағы

кестеге сәйкес сөздерді табады,тұйық буындармен берілген сөздерді оқып,жаттығады.

1


https://www.youtube.com/watch?v=tLM3VFS8qqs



9

«Кім шапшаң?» ойыны

мұғалімнің қолдауымен сөздердің мағыналары мәндес, мағынасы қарама-қарсы, айтылуы бірдей, мағынасы әртүрлі өздерді ажыратады

1


https://www.youtube.com/watch?v=SpmkZljUdW4



10

Бекіту (Не үйрендім? Не білдім?)

сөздер дыбыстан құралатынын, белгілі бір мағына беретінін еске түсіреді, әр сөзде дыбыстың өз орны бар екенін ұғынады, мағынасы болмаса сөз бола алмайтынын біледі, жаттығулар барысында көз жеткізеді

1


https://www.youtube.com/watch?v=p_VH8e3ANVk



11

Суреттерді сөйлете біл

мұғалімнің қолдауымен сөйлемді тексереді, қатені түзетеді,суреттердің көлеңкесін табады;

1


https://www.youtube.com/watch?v=_DwU1P3sSgY



12

«Орнын тап» ойыны

сөйлеу барысында дауыс ырғағын, екпін, әуен, қарқын, кідірісті сақтайды, ойды ым-ишара, қимыл арқылы жеткізеді

1


https://www.youtube.com/watch?v=mdt59JUad8M



13

Графикалық жаттығулар

айтылу мақсатына қарай сөйлемнің интонациясын сақтап оқи отырып, сөйлемнің хабарлы, лепті, сұраулы түрлерін анықтайды, графикалық сызбасына сәйкес орналастырады

1


https://wordwall.net/ru/resource/39064534


+

14

Бекіту (Не үйрендім? Не білдім?)

оқу түрлерін яғни, буындап оқу, тұтас оқу, мәнерлеп оқу, түсініп оқуға үйренеді

1


https://wordwall.net/ru/resource/54352585/%d1%81%d3%a9%



15

Сюжетті суретпен жұмыс

көмекші құралдар тірек сызба, сюжетті суреттер арқылы оқиғаның ретін сақтай отырып баяндайды, шағын әңгіме құрайды

1


https://wordwall.net/ru/resource/54354083


+

16

Аяқталмаған мәтіндер

тақырыбы мен иллюстрациясы бойын ша мәтіннің мазмұнын болжайды

1


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.03.2023
614
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12