жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Оқу-әдістемелік құрал (11-сынып тоқсандық бақылау жұмыстары)
Оқу орыс тілдерінде жүретін мектептердегі қазақ тілі мұғалімдері үшін
ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН
МЕКТЕПТЕРДІҢ МҰҒАЛІМДЕРІНЕ
АРНАЛҒАН ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ
Бақылау жұмысы
11
Бурабай кенті, 2019 ж.
Түсінік хат
Бұл құрал оқыту орыс тілінде жүретін мектептердің қазақ тілі пәні мұғалімдеріне арналған. Ол 11-сынып оқушыларына арналған бақылау жұмыстары жинағы ретінде құрастырылған. Қазақ тілі бойынша қорытынды жазба жұмыстарын жүргізуге арналған.
Жинақтағы мәтін, тест тапсырмалары оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып, бағдарлама бойынша өтілген лексика-грамматикалық тақырыптарға сай құрастырылған. Тапсырмалардың мақсаты – оқушылардың мемлекеттік тілде алған теориялық білім деңгейін анықтау, тілдік ерекшеліктерді еркін меңгеру, нығайту және жетілдіру, коммуникативтік құзыреттілікті арттыру арқылы тіл мәдениетінің талаптарына сәйкес деңгейде қазақ тілін дұрыс қолдану. Сонымен қатар, жинақ қазақ тілінің грамматикасынан өткен материалдарды қайталау, алған білімдерін нақтылау және оқушылардың сауаттылығын арттыру мақсатын көздейді.
Бақылау жұмысын бағалау нормалары:
«5» деген баға – 33-40 балл
«4» деген баға – 25-32
«3» деген баға – 9-24
«2» деген баға – 0-8 балл
Бақылау жұмысы № 1 (1-тоқсан)
І. Лексика-грамматикалық тест
1.Сабақтас құрмалас сөйлемнің қай түріне жататынын анықта.
Ол мектепте жақсы оқыса, жоғары оқу орнына түседі.
A) Қарсылықты. B) Шартты. C) Себеп. D) Мақсат. E) Мезгіл.
2.Сабақтас құрмалас сөйлем түрін анықта. Оқу басталғалы, бұлар жиі сөйлесіп жүр.
A) Шартты бағыныңқылы.
B) Қарсылықты бағыныңқылы.
C) Себеп бағыныңқылы.
D) Мезгіл бағыныңқылы.
E) Мақсат бағыныңқылы.
3.Қазақ жерінің шығысындағы құтты қоныс деп қай жерді айтады?
А) Атырау В) Өскемен С) Семей D) Астана Е) Көкшетау
4.Абайдың шын аты?
А) Әбдірахман В) Сәдуақас С) Мұхаммедханафия D) Ибраһим Е) Ақжігіт
5.Күрделі сөзді тап.
A) Терең көл.
B) Ашық есік.
C) Мәдениет сарайы.
D) Биік ғимарат.
E) Әділ адам.
6.Ырықсыз етісті анықта.
A) Жуғыз B) Жуысты C) Жуынды D) Жуылды E) Жуындыр
7.Сөйлемдегі күрделі сөз түрін тап. Біздің фермерлер қора-қора мал өсірді.
A) Түбір сөз. B) Туынды сөз. C) Қысқарған сөз. D) Тіркескен сөз. E) Қос сөз.
8.Жалқы есімді анықта.
A) Мекеме аты B) Адалдық C) Қоғам қайраткері D) «Сарыжайлау» күйі E) Еңбекқор
9.Сөйлемнен туынды зат есімді көрсет. Көп оқып, мол білім ал.
A) Көп. B) Оқып. C) Мол. D) Білім. E) Ал
10.Сөйлемнен сын-қимыл үстеуін анықта. Бүгін ағайды көріп, шапшаң шықты.
A) Бүгін. B) Ағайды. C) Көріп. D) Шапшаң. E) Шықты.
11. Әуежайдың негізгі бөлігі - ... .
А) жағажай В) темір жол С) қонақүй D) аэровокзал Е) аэродром
12.Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем жалғаулықтары
A)өйткені, себебі, сондықтан
B)және, әрі, да, де
C)бірақ, дегенмен, сонда да
D)не, немесе, я
E)бірде, біресе, кейде
13.Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлем
A)Жел саябырлаған сияқты, - жаңбыр басылмады.
B)Құдайдың қаһарынан құтылуға болады, - халықтың қарғысынан құтылмайсың.
C)Бақытта баян жоқ: ол да бір ұшқан құс.
D)Оттың жалыны көрінбейді, жаңа түтанды.
E)Күн батты, тауды қара көлеңке басты.
14.Салыстырмалы шырай қатысқан сөйлем
A) Күнге шағылысқан аппақ қар көзіңді аштырмайды.
B) Көкшенің қыр арқасы көкшіл гауһар тас сияқтанып тұр.
C) Ақкөңіл, өте қарапайым адамдар екен.
D) Әуе тұп-тұнық, тап-таза, жібектей жұмсақ.
E) Жуас торы ат үріккен жоқ.
15.Біріккен сөз қатысқан сөйлем
A) Қара жерге түп-түгел жасыл жібек төсегендей.
B) Тұрар Рысқұлов – қазақ халқының даңқты перзенті.
C) Бұл кезде Қазанда он төрт кітап баспасы болды.
D) Оқтын-оқтын салқын самал есіп өтеді.
E) Мұстафа Шоқай 1890 жылы Сұлутөбе ауылында дүниеге келген.
16. Саяхаттың бір түрі не болып саналады?
А) саяхат В) демалыс С) туризм D) жол Е) кешен
17.Кейінді ықпалы бар сөз тіркесі
A) биенің сүті B) үйдің алаңы C) баланың ойы D) бұлақтың суы E) анамның тарағы
18.Көмекші есім қатысқан сөйлем
A) Жерді қалың қар жапты.
B) Бүгін ауа райы суық болады.
C) Алматыда көптеген ескерткіштер бар.
D) «Медеу» спорт кешені 1972 жылы шаңырақ көтерді.
E) Қаланың ортасында 5 жұлдызды «Алатау» қонақ үйі бар.
19.Сөйлемдегі тұйық етістіктің қызметін анықта. Отанды қорғау – азаматтық парызымыз.
A) Баяндауыш.
B) Толықтауыш.
C) Анықтауыш.
D) Пысықтауыш.
E) Бастауыш.
20. Халық сөзінің синонимі
A) Отан B) Дұшпан C) Қауым D) Дос E) Жау
ІІ. Аудиотыңдалым бойынша тест
Мәтінді аудиотаспадан тыңдап, тест тапсырмаларын орында.
1. Ләззаттың отбасы қандай?
А) шағын В) үлкен С) өте үлкен D) онша үлкен емес Е) дұрыс жауабы жоқ
2. Әлішердің отбасы қандай?
А) шағын В) үлкен С) өте үлкен D) онша үлкен емес Е) дұрыс жауабы жоқ
3. Ләззаттың отбасында неше адам бар?
А) 4 В) 2 С) 6 D) 3 Е) дұрыс жауабы жоқ
4. Әлішердің неше ағасы бар?
А) 4 В) 2 С) 6 D) 3 Е) дұрыс жауабы жоқ
5. Әлішердің әкесі кім боп жұмыс істейді?
А) мұғалім В) қызметкер С) инженер D) дәрігер Е) дұрыс жауабы жоқ
6. Ләззаттың әкесі кім боп жұмыс істейді?
А) мұғалім В) қызметкер С) инженер D) дәрігер Е) дұрыс жауабы жоқ
7. Әлішердің мамандығы кім?
А) заңгер В) оқушы С) сатушы D) дәрігер Е) дұрыс жауабы жоқ
8. Ләззаттың үйі қайда орналасқан?
А) қаланың шетінде В) ауылдың орталығында С) ауылдың шетінде
D) қаланың орталығында Е) кенттің орталығында
9. Ләззаттың апасы тұрмыста ма?
А) жоқ В) иә С) жазылмаған D) екі рет болды Е) дұрыс жауабы жоқ
10. Әлішердің үйі неше бөлмелі?
А) 2 В) 4 С) 10 D) 3 Е) 8
ІІІ. Оқылым бойынша тест
Мәтінді оқып, астындағы тест тапсырмаларын орында.
Бір бай той жасапты. Тойға көп адам келіпті. Қожанасыр да келіпті. Қожанасырдың үстіндегі киімі жаман екен. Қожаны ешкім елемепті, бұған төрге шық, тамақ же демепті. Қожа ақырындап далаға шығыпты. Үйіне барып, жақсы киімдерін киіп, қайта келіпті. Бұл жолы үй иесі Қожаға төрден орын беріпті. Ет келгенде:
- Қожеке, алыңыз, алыңыз!- деп қадірлепті. Қожа етті жемейді, табаққа шапанының жеңін малып:
- Же, шапаным, же,- деп отыра беріпті. Үй иесі өкпелеп:
- Сіз о не қылғаныңыз, шапан ет жей ме?- дейді. Сонда Қожа:
- Cен мені сыйламайсың, киімді сыйлайды екенсің. Сондықтан жеңіме жегізіп отырғаным ғой,- деп жауап беріпті.
Мәтінге байланысты тест тапсырмалары:
1. Мәтінге қандай ат лайықты?
А) Байдың үйі В) Қожанасырдың тойға баруы С) Қожекеңнің киімі
D) Байдың өкпелеуі Е) Әдемі киім
2.Қожаның мінезіне лайық сөздерді тап.
А) өсекші, өтірікші, қатал, сараң В) тапқыр, ақылды, қу, әділ
С) білімді, жуас, тұйық, қыңыр D) іскер, пысық, алаяқ, арам
Е)ақылды, мейірімді
3.Мәтінге сәйкес мақалды белгіле.
А) Үйінде қартың болса — асыл қазынаң
В) Үй баласымен базарлы, қонағымен ажарлы
С) Киіміне қарап қарсы алады, біліміне қарап шығарып салады.
D) Үйің жаман болса, күйің жаман
Е) Күлме досыңа, келер басыңа
4. Мәтінге сәйкес сөйлемді тап.
А) Бай кедейлерді менсінбейді. В) Қожанасыр байды қатты сыйлайды.
С) Бай адамның бәріне бірдей қарайды. D) Қонаққа нашар киіммен барған дұрыс.
Е) Бір кедей той жасапты
5. Мәтінде қандай қазақ ұлттық киімі туралы айтылған?
А) тақия В) тон С) шапан D) мәсі Е)бөрік
6. Кім той жасапты?
А) бай В) Қожанасыр С) көршілер D) қонақтар Е) достар
7. Бірінші рет келгенде Қожанасырға неге төрде орын берген жоқ?
А) кешігіп келгесін В) киімі жаман болғасын С) көршісі болғасын
D) киімі жаңа болғасын Е) жұмысшысы болғасын
8. Неге үй иесі Қожаны төрге отырғызды?
А) кешігіп келгесін В) киімі жаман болғасын С) көршісі болғасын
D) жақсы киінгесін Е) досы болғасын
9. Байдың мінезіне лайық сөздерді тап.
А) қу, ашкөз, ақымақ В) тапқыр, ақылды, әділ С) мейірімді, алаяқ, арам
D) іскер, пысық, алаяқ Е)ақылды, мейірімді, адал
10. Неге Қожанасыр киімін ауыстырып келді?
А) байдың сыбағасын беру үшін В) киімі жаман болғандықтан
С) байды қуанту үшін D) қонақтардан ұялғаннан Е) байды ренжітпеу үшін
11-сынып I тоқсан б/ша тест жауаптары |
|
Лекс-грам.тест |
|
1 |
В |
2 |
D |
3 |
С |
4 |
D |
5 |
С |
6 |
D |
7 |
Е |
8 |
D |
9 |
D |
10 |
D |
11 |
Е |
12 |
С |
13 |
С |
14 |
В |
15 |
Е |
16 |
С |
17 |
Е |
18 |
Е |
19 |
Е |
20 |
С |
ТЫҢДАЛЫМ |
|
1 |
D |
2 |
С |
3 |
А |
4 |
В |
5 |
С |
6 |
А |
7 |
А |
8 |
D |
9 |
А |
10 |
Е |
ОҚЫЛЫМ |
|
1 |
В |
2 |
В |
3 |
С |
4 |
А |
5 |
С |
6 |
А |
7 |
В |
8 |
D |
9 |
А |
10 |
А |
Бақылау жұмысы № 2 (2-тоқсан)
І. Лексика-грамматикалық тест
1_Бұйрықты, талап етуді, өтінішті білдіретін етістіктің райын анықта.
A) Шартты. B) Қалау. C) Ашық. D) Бұйрық. E) Өздік.
2_Заттың түрін, түсін, көлемін білдіретін сөз табын анықта.
A) Зат есім. B) Сан есім. C) Сын есім. D) Үстеу. E) Етістік.
3_Салыстырмалы шырайды көрсет.
A) Ащы. B) Үлкендеу. C) Өте әдемі. D) Қып-қызыл. E) Биік.
4_«Ақшыл» сын есімінің шырайын анықта.
A) Жай. B) Салыстырмалы. C) Асырмалы. D) Қатыстық. E) Күшейтпелі.
5_Туынды сын есімді анықта.
A) Әдемі. B) Көк. C) Аласа. D) Пайдалы. E) Биік.
6_Сын есімді анықта.
A) Кітап B) Әркім C) Он D) Жаман E) Ертең
7_Салыстырмалы шырайдың жұрнақтарын анықта.
A) -сыз, -сіз B) аса, тым C) -шыл, -шіл D) -шақ, -шек E) -ғыш, -гіш
8_ -лау, -леу жұрнақтары бар сын есімнің шырайын көрсет.
A) Салыстырмалы. B) Күшейтпелі. C) Жай. D) Асырмалы. E) Қатыстық
9_Күшейтпелі буын арқылы жасалатын шырайды көрсет.
A) Қатыстық B) Сапалық C) Салыстырмалы D) Күшейтпелі E) Жай
10_Туынды сын есімдердің жасалу жолын анықта. Қысқы, балалық.
A) Етістіктерден жұрнақ арқылы. B) Үстеуден жұрнақ арқылы.
C) Зат есімнен жұрнақ арқылы. D) Сөз тіркестерінен. E) Күрделі сөзден.
11_Етістіктен жасалған туынды сын есім
A) Арыстандай. B) Ішкі. C) Өткір. D) Жастық. E) Өнерлі.
12_Зат есімнен жасалған туынды сын есім
A) Көшпелі. B) Білгір. C) Жасанды. D) Ашық E) Өнерпаз.
13_Күрделі сын есімді анықта.
A) Жеп-жеңіл. B) Сары. C) Көркем. D) Жуан. E) Ақ.
14_Негізгі сын есімді тап.
A) Орманды. B) Жазғы. C) Таза. D) Тастай. E) Тәрбиелі.
15_Қатыстық сын есімді тап.
A) Тар. B) Биік. C) Ауыр. D) Мөлдір. E) Сәнқой.
16_Сапалық сын есімді анықта.
A) Әлсіз бала. B) Сәнқой қыз. C) Орманды жер. D) Кең дала. E) Жазғы демалыс.
17_Күрделі сөзге жатпайтын қатарды анықта.
A) Біріккен сөз. B) Қос сөз. C) Қысқарған сөз. D) Тіркескен сөз. E) Түбір сөз.
18_Біріккен сөзді көрсет.
A) Көзбе-көз. B) БҰҰ. C) Көкшетау. D) Екі мың. E) Бала.
19_Қос сөзді анықта.
A) ЖШС. B) Ұзын бойлы. C) Жүре-жүре. D) Бүгін. E) Тасбақа.
20_Тіркескен сөзді анықта.
A) Биік-биік. B) Апар. C) Астана қаласы. D) Кәсіпорын. E) Әлдебір.
ІІ. Аудиотыңдалым бойынша тест. Аудиомәтінді тыңдап, берілген нұсқалардың ішінен а) - «дұрыс», ә) -«дұрыс емес», б) - «мәтінде айтылмаған» деген жауаптардың біреуін таңда.
1.Әлішер мен Ляззат телефонмен сөйлесіп отыр.
а) дұрыс ә) дұрыс емес б) мәтінде айтылмаған
2. Әлішер нашар естіп тұр.
а) дұрыс ә) дұрыс емес б) мәтінде айтылмаған
3. Ляззат үйде отыр.
а) дұрыс ә) дұрыс емес б) мәтінде айтылмаған
4. Әлішер кітапханадан телефон соғып тұр.
а) дұрыс ә) дұрыс емес б) мәтінде айтылмаған
5. Әлішер Ляззатты отбасына таныстырғысы келді.
а) дұрыс ә) дұрыс емес б) мәтінде айтылмаған
6. Ляззат бірден барамын деп келісті.
а) дұрыс ә) дұрыс емес б) мәтінде айтылмаған
7. Ляззаттың үйінде қонақ бар.
а) дұрыс ә) дұрыс емес б) мәтінде айтылмаған
8. Ляззат Әлішердің отбасымен танысуға дайын емес еді.
а) дұрыс ә) дұрыс емес б) мәтінде айтылмаған
9. Әлішер мен Ляззат екі сағаттан кейін дүкеннің алдында кездесуге келісті.
а) дұрыс ә) дұрыс емес б) мәтінде айтылмаған
10. Бұл әңгіме сенбі күні таңертең болды.
а) дұрыс ә)дұрыс емес б) мәтінде айтылмаған
ІІІ. Оқылым бойынша тест
Мәтінді оқып, астындағы тест тапсырмаларын орында.
Зырян
Зырян – Шығыс Қазақстан облысындағы қала. Ол 1941 жылы кенді Алтайдың орта бөлігіндегі табиғаты көркем жерде құрылған. Қала іргесінің қалануы 1791 жылы жұмысшы Г.Г.Зыряновтың осы өңірден полиметалл кенін ашу тарихымен тығыз байланысты. Ұлы Отан соғысы жылдары Зырян майдан үшін өте қажет болған қорғасын, мысты көптеп жіберді. Қазіргі Зырян – республикамыздағы түсті металлургия орталықтарының бірі. Зырян полиметалл кені, Зырян қорғасын комбинаты осында. Зырян ауданы Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, 1977 жылы құрылған.
Аудан жері кенді Алтай мен Оңтүстік Алтайдың аралығындағы тауаралық аңғарлар мен аласа тауларды қамтиды. Оңтүстік, оңтүстік-батысында Бұқтырма бөгенімен шектелген. Жер қойнауынан қорғасын, мыс, мырыш, алтын, күміс, т.б. табылды. Климаты тым континентік, қысы ұзақ, аязды, жазы жылы.
1. Зырян деген не?
А) ауыл В) кент С) қала D) облыс Е) мемлекет
2.Ол қай облыста орналасқан?
А) Солтүстік Қаз-н В) Оңтүстік Қаз-н С) Батыс Қаз-н D) Шығыс Қаз-н Е) Орталық Қаз-н
3.Зырян қай жылы құрылған?
А) бір мың жеті жүз тоқсан бірінші В) бір мың тоғыз жүз қырық бірінші
С) бір мың тоғыз жүз жетпіс жетінші D) бір мың жеті жүз сексен бірінші
Е) бір мың тоғыз жүз сексен бірінші
4. Ұлы Отан соғысы жылдары Зырян майдан үшін нені көптеп жіберді.
А) қорғасын, мысты В) темір, алюминийді С) никель, мырышты
D) уран, титанды Е) калий, кобальтті
5. Республикамыздағы түсті металлургия орталықтарының бірі - ... .
А) Риддер В) Өскемен С) Зырян D) Семей Е) Ақтөбе
6. Зырянда қандай комбинат бар?
А) мырыш В) мыс С) күміс D) темір Е) қорғасын
7. Зырян ауданы қай жылы құрылған?
А) бір мың жеті жүз тоқсан бірінші В) бір мың тоғыз жүз қырық бірінші
С) бір мың тоғыз жүз жетпіс жетінші D) бір мың жеті жүз сексен бірінші
Е) бір мың тоғыз жүз сексен бірінші
8. Бөген сөзінің орысша баламасы.
А) пруд В) родник С) река D) залив Е) водоём
9. Зырян ауданының климаты қандай?
А) тым континентік В) теңізді С) муссон D) таулы Е) континентік
10. Жазы қандай?
А) суық В) ыстық С) жылы D) салқын Е) жаңбырлы
11-сынып II тоқсан б/ша тест жауаптары |
|
Лекс-грам.тест |
|
1 |
D |
2 |
C |
3 |
B |
4 |
B |
5 |
D |
6 |
D |
7 |
C |
8 |
A |
9 |
D |
10 |
C |
11 |
C |
12 |
E |
13 |
A |
14 |
C |
15 |
E |
16 |
D |
17 |
E |
18 |
C |
19 |
C |
20 |
C |
ТЫҢДАЛЫМ |
|
1 |
А |
2 |
Ә |
3 |
А |
4 |
Ә |
5 |
А |
6 |
Ә |
7 |
Б |
8 |
А |
9 |
Ә |
10 |
Б |
ОҚЫЛЫМ |
|
1 |
С |
2 |
D |
3 |
В |
4 |
А |
5 |
С |
6 |
Е |
7 |
С |
8 |
Е |
9 |
А |
10 |
С |
Бақылау жұмысы № 3 (3-тоқсан)
І. Лексика-грамматикалық тест
1.Сабақтас құрмалас сөйлемнің қай түріне жататынын анықта.
Ол мектепте жақсы оқыса, жоғары оқу орнына түседі.
A) Қарсылықты. B) Шартты. C) Себеп. D) Мақсат. E) Мезгіл.
2.Сабақтас құрмалас сөйлем түрін анықта. Оқу басталғалы, бұлар жиі сөйлесіп жүр.
A) Шартты бағыныңқылы.
B) Қарсылықты бағыныңқылы.
C) Себеп бағыныңқылы.
D) Мезгіл бағыныңқылы.
E) Мақсат бағыныңқылы.
3.Бірыңғай етіс жұрнағын анықта.
A) –ғыз, -гіз, -ыс, -іс B) –ған, -ген, -қан, -кен C) –а, -е, -й
D) –мен, -бен, -пен E) –нікі, -дікі, -тікі
4.Күрделі сөзді тап.
A) Терең көл. B) Ашық есік. C) Мәдениет сарайы. D) Биік ғимарат. E) Әділ адам.
5.Ырықсыз етісті анықта.
A) Жуғыз B) Жуысты C) Жуынды D) Жуылды E) Жуындыр
6.Сөйлемдегі күрделі сөз түрін тап. Біздің фермерлер қора-қора мал өсірді.
A) Түбір сөз. B) Туынды сөз. C) Қысқарған сөз. D) Тіркескен сөз. E) Қос сөз.
7.Жалқы есімді анықта.
A) Мекеме аты B) Адалдық C) Қоғам қайраткері D) «Сарыжайлау» күйі E) Еңбекқор
8.Сөйлемнен туынды зат есімді көрсет. Көп оқып, мол білім ал.
A) Көп. B) Оқып. C) Мол. D) Білім. E) Ал
9.Сөйлемнен сын-қимыл үстеуін анықта. Бүгін ағайды көріп, шапшаң шықты.
A) Бүгін. B) Ағайды. C) Көріп. D) Шапшаң. E) Шықты.
10.Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем жалғаулықтары
A)өйткені, себебі, сондықтан B)және, әрі, да, де C)бірақ, дегенмен, сонда да
D)не, немесе, я E)бірде, біресе, кейде
11.Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлем
A)Жел саябырлаған сияқты, - жаңбыр басылмады.
B)Құдайдың қаһарынан құтылуға болады, - халықтың қарғысынан құтылмайсың.
C)Бақытта баян жоқ: ол да бір ұшқан құс.
D)Оттың жалыны көрінбейді, жаңа түтанды.
E)Күн батты, тауды қара көлеңке басты.
12.Салыстырмалы шырай қатысқан сөйлем
A) Күнге шағылысқан аппақ қар көзіңді аштырмайды.
B) Көкшенің қыр арқасы көкшіл гауһар тас сияқтанып тұр.
C) Ақкөңіл, өте қарапайым адамдар екен.
D) Әуе тұп-тұнық, тап-таза, жібектей жұмсақ.
E) Жуас торы ат үріккен жоқ.
13.Біріккен сөз қатысқан сөйлем
A) Қара жерге түп-түгел жасыл жібек төсегендей.
B) Тұрар Рысқұлов – қазақ халқының даңқты перзенті.
C) Бұл кезде Қазанда он төрт кітап баспасы болды.
D) Оқтын-оқтын салқын самал есіп өтеді.
E) Мұстафа Шоқай 1890 жылы Сұлутөбе ауылында дүниеге келген.
14.Неологизмді тап
A) күпі B) садақ C) кеуірт D) шербек E) жасуша
15.Кейінді ықпалы бар сөз тіркесі
A) биенің сүті B) үйдің алаңы C) баланың ойы D) бұлақтың суы E) анамның тарағы
16.Көмекші есім қатысқан сөйлем
A) Жерді қалың қар жапты.
B) Бүгін ауа райы суық болады.
C) Алматыда көптеген ескерткіштер бар.
D) «Медеу» спорт кешені 1972 жылы шаңырақ көтерді.
E) Қаланың ортасында 5 жұлдызды «Алатау» қонақ үйі бар.
17.Ғылым мен техниканың дамуына байланысты қолданысқа енген жаңа сөз
A) архаизмдер B) историзмдер C) эвфемизмдер D) неологизмдер E) дисфемизмдер
18.«Білуім» етістігінің жасалу жолын анықта.
A) Ортақ етіс жұрнағы мен тәуелдік жалғауы.
B) Өзгелік етіс жұрнағы мен тәуелдік жалғауы.
C) Тұйық етістік жұрнағы мен тәуелдік жалғауы.
D) Өткен шақ жұрнағы.
E) Ауыспалы келер шақ жұрнағы.
19.Сөйлемдегі тұйық етістіктің қызметін анықта. Отанды қорғау – азаматтық парызымыз.
A) Баяндауыш. B) Толықтауыш. C) Анықтауыш. D) Пысықтауыш. E) Бастауыш.
20.Бұйрық рай етістікті анықта.
A) Жазған. B) Оқыды. C) Шақыр. D) Сұрады. E) Көрді.
ІІ. Аудиотыңдалым бойынша тест
Мәтінді аудиотаспадан тыңдап, тест тапсырмаларын орында.
1. Диқан кіммен бірігіп егін егеді?
А) пілмен В) түлкімен С) аюмен D) шошқамен Е) маймылмен
2. Не себеді?
А) картоп В) сәбіз С) қызылша D) тұқым Е) қызанақ
3. Нелеріне қарай сол жылы ылғал мол болады?
А) қуаныштарына В) бақтарына С) денсаулықтарына D) жұмыстарына Е) ойларына
4. Астық қалай шығады?
А) бітік В) аз С) сирек D) жаман Е) онша емес
5. Екеуі нені оруға кіріседі?
А) орамжапырақты В) сәбізді С) гүлді D) қызылшаны Е) егінді
6. Бірінші кезек кімге тиеді?
А) авторға В) маймылға С) диқанға D) көршіге Е) әкесіне
7. Маймыл нені алады?
А) қол орақты В) бананды С) ақшаны D) жұмысты Е) досын
8. Диқан берекесі кеткен егінді көріп не істейді?
А) қуанады В) күледі С) ұйықтайды D) ренжиді Е) қашады
9. «Ақымақпен жолдас болсаң, аузыңдағыдан айырыласың» деп кім ойлады?
А) маймыл В) автор С) диқан D) әке Е) көрші
10. Диқан нені жинауға кіріседі?
А) шөпті В) жемісті С) көкөністі D) масақты Е) жидекті
ІІІ. Оқылым бойынша тест
Мәтінді оқып, астындағы тест тапсырмаларын орында.
Кәсіп – бақыттың шырағы
Қазақ өзінің малын қой-ешкі, жылқы, түйе, сиыр деп төрт түлікке бөледі. Осы төрт түлік малдың әрқайсысын қазақ халқы барынша өнімді, толық пайдалануды үйренді. Бұдан басқа да үй хайуандарының ( есек, ит, шошқа, т.б) өнімін пайдалануы мүмкін еді, бірақ арам деп етін жемейтін, сүтін ішпейтін.
Мал бағудың өзіндік тәсілдері бар, онымен айналысқан ел малдың қасиетін, кемшіліктерін жете білген. Мал шаруашылығы егін шаруашылығына, балықшылыққа қарағанда еңбекті көп қажет етеді. Әйтсе де қазақ осы тіршілікте де поэзияны, әсемдікті тауып көре білді. Егінші алты ай жаз ауыр еңбек еткенімен, қыс айларында аздап тыныс алады, балықшы да солай. Ал мал шаруашылығында керісінше, қыста тіршілік, еңбек қиындай түседі де, жазда ғана жайлауда қазақ біраз сайрандап қалады. Көшпелі мал шаруашылығы жыл мезгілінің төрт кезеңінен тұрады: қыстау, көктеу, жайлау, күздеу.
Қой шаруашылығы қазақтың көшпелі шаруашылығының негізі болып табылады. Кең-байтақ жердің шөбі мен суы – тиімді пайдаланудың кезіндегі ең бір ұтымды тәсілі. Солтүстік Қазақстанның суығына, ұзақ қысы, қалың қары мен боранына қой малы шыдамайды, жабулы қорасыз, мол дайындалған пішен, жем-шөпсіз қырылып қалады.
Мәтінге байланысты тест тапсырмалары:
1. Төрт түлікке жатпайтын жануар?
А) жылқы В) ешкі С) түйе D) сиыр Е) есек
2. Қазақ халқы қай жануардың еті арам деп жемейтін?
А) қой В) ешкі С) шошқа D) жылқы Е) түйе
3. Не еңбекті көп қажет етеді?
А) егін шаруашылығы В) балықшылық С) аңшылық D) терушілік Е) мал шаруашылығы
4. Кім 6 ай жаз ауыр еңбек етеді?
А) малшы В) егінші С) сатушы D) етікші Е) қойшы
5. Қай мезгілде қазақ сайрандап қалады?
А) жазғытұры В) қыста С) күзде D) жазда Е) көктемде
6. Көшпелі мал шаруашылығы неше кезеңнен тұрады?
А) 5 В) 3 С) 2 D) 4 Е) 1
7. Артық сөзді тап.
А) көктеу В) жазғытурым С) жайлау D) күздеу Е) қыстау
8. Қазақтың көшпелі шаруашылығының негізі не?
А) аңшылық В) балықшылық С) егін шаруашылығы D) терушілік Е) қой шаруашылығы
9. Қай жерде қысы ұзақ, қалың қары мен бораны болады?
А) Солтүстік Қаз-н В) Оңтүстік Қаз-н С) Батыс Қаз-н D) Шығыс Қаз-н Е) Орталық Қаз-н
10. Қой несіз қырылып қалады?
А) отсыз В) жидексіз С) нансыз D) жем-шөпсіз Е) жаңбырсыз
11-сынып III тоқсан б/ша тест жауаптары |
|
Лекс-грам.тест |
|
1 |
В |
2 |
D |
3 |
А |
4 |
С |
5 |
D |
6 |
Е |
7 |
D |
8 |
D |
9 |
D |
10 |
С |
11 |
С |
12 |
В |
13 |
Е |
14 |
Е |
15 |
Е |
16 |
Е |
17 |
D |
18 |
С |
19 |
Е |
20 |
С |
ТЫҢДАЛЫМ |
|
1 |
Е |
2 |
D |
3 |
В |
4 |
А |
5 |
Е |
6 |
С |
7 |
А |
8 |
D |
9 |
С |
10 |
D |
ОҚЫЛЫМ |
|
1 |
Е |
2 |
С |
3 |
Е |
4 |
В |
5 |
D |
6 |
D |
7 |
В |
8 |
Е |
9 |
А |
10 |
D |
«5» деген баға – 33-40 балл
Бақылау жұмысы № 4 (4-тоқсан)
І. Лексика-грамматикалық тест
1. «Ат» сөзіне мағынасы жақын сөзді көрсетіңіз
А) қозы В) жылқы С) қой Д) ешкі Е) түйе
2. «Ә» дыбысы қандай дыбыс екенін анықтаңыз
А) жуан, езулік, қысан В) ашық, тұйық, бітеу С) Жуан, еріндік, ашық
Д) жіңішке, ашық, езулік Е) Қатаң, ұяң, үнді
3.Ұяң дауыссызға аяқталған сөзді табыңыз
А) Атамекен В) Бақ С) Дала Д) Жер Е) Парыз
4.- ыншы, -інші, - нші, -ншы жұрнақтары жасалатын сан есімнің түрін аңықтаңыз.
А) реттік В) жинақтық С) топтау Д) есептік Е) бөлшектік
5. Құрамына қарай есімдік қалай бөлінетінін анықтаңыз
А) дара, күрделі В) сұрау, сілтеу С) негізгі, туынды Д) жіктік, өздік Е) белгісіздік
6. Атаулы сөйлемді анықтаңыз
А) Көктем мезгілі тамаша емес пе?
В) Көктемде шаруа жұмыстары басталады
С) Қар ериді
Д) Дала
Е) Жәндіктер мен құрт-құмырсқаларға жан кіреді
7. Сөйлемдерден антонимдерді табыңыз
А) Менің ана тілім – тірлігімнің айғағы В) Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде
С) Тілдің жаманы, жақсысы жоқ Д) Тілменен адамның реңі кіреді
Е) Туған елде, ән, сән, жүрек үні бар
8. Біріккен сөзді табыңыз
А) Көкжиек В)Дала төсі С) Топтама Д) Қап-қара Е) Құрмет
9. Сын есімді сөз тіркесін табыңыз
А) Есікті жабу, оң жақ
В) Дәмді тамақ , ащы пияз
С) Тапсырма алу, тапсырма орындау
Д) Он оқушы, тапқыр бала
Е) ертегі оқу, көзді ашу
10. «Оқысты» сөзі етістін қай түріне жататының анықтаңыз
А) өзгелік В) негізгі С) туынды Д) ортақ Е) күрделі
11. Мезгіл үстеулі сөз тіркесін таыңыз
А) жаздыгүні демалады В) әрең қозғалады С) бірге барды Д) ауызша айтты Е) бекерге айтты
12. Шылау түрлерін анықтаңыз
А) Септеулік, демеулік, жалғаулық В) үстеу, жалғаулық, демеулік С) Демеулік, септеулік, көсемше
Д) Жалғаулық жалпы, жалқы Е) Септік, көптік, тәуелдік
13.Көп нүктенің орнына тиісті баяндауышты қойыңыз. Нарық экономикасы жастардан білікті маман болуды...
А) талап етпейді В) апарып береді С) талап етеді Д) қаламайды Е) қажет етпейді
14.Пысықтауыш қай сөз табынан екенін белгілеңіз. Қанат төменде апасын күтіп тұр.
А) Үстеу В) Етістік С) Сан есім Д) Зат есім Е) Сын есім
15. Жалғаулықсыз ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемді белгілеңіз
А) Атасы немерелерін жанына отырғызды және бірнеше сұрақ берді
В) Қоңырау соғылды, оқушылар сыныпқа кірді
С) Менде әрі құжат жоқ, әрі баратын үй жоқ
Д) Көктем келді, бірақ күн әлі жылынатын емес
Е) Күн суытты да, қар ұшқындады.
16. Сабақтас құрмалас сөйлемнің құрамындағы бірінші жай сөйлем қалай аталатының анықтаңыз.
А) басыңқы В) сұраулы С) қарсылықты Д) тиянақты Е) бағыңыңқы
17. Фразеологизмі бар сөзді табыңыз
А) Әкем жұмған аузын ашпады. В) Майдың бағасы көтерілген жоқ.
С) Тамақты майға құырып істеді. Д) Анам дүкеннен май сатып алды.
Е) Майлы тамақ денсаулыққа зиян.
18. Бастауышы негізгі зат есімнен жасалған сөйлемді белгілеңіз
А) Маған сабақ оқуға тура келді. В) Біз мұғаліммен серуенге шықтық.
С) Мен достарымен киноға бардым. Д) Досым біздің үйге ерте келді.
Е) Оның спортпен айналысқысы келеді.
19. Жалпылау есімдігінен болған сөз тіркесін белгілеңіз
А) Өзім айтамын В) Ешкімге айтпау С) Барлық оқушы
Д) Сені күтемін Е) Менің апам
20. Жақты сөйлемнің ерекшелігін көрсетіңіз
А) Тұрлаулы мүшелермен бірге тұрлаусыз мүшелері бар сөйлем
В) Бастауыш пен баяндауыштан ғана құрылған сөйлем
С) Бастауышы жоқ және баяндауыш арқылы табуға болмайтын сөйлем
Д) Бастауышы бар, кейде, айтылмай тұрса да баяндауыш арқылы табуға болатын сөйлем.
Е) Ойға қатысты сөйлем мүшелерінің бірі түсіп қалған сөйлем.
ІІ. Аудиотыңдалым бойынша тест
Мәтінді аудиотаспадан тыңдап, тест тапсырмаларын орында.
1. Ерланның қандай туысы ауырып қалды?
А) әжесі В) әкесі С) атасы D) анасы Е) ағасы
2. Не кілт өзгерді?
А) ақша В) ауа райы С) бала D) мінез Е) тәртіп
3. Ерланның ата-анасы қайда?
А) үйде В) қонақта С) қалада D) жұмыста Е) аулада
4. Үй суығасын не істеу керек болды?
А) үйді жинау В) тамақ пісіру С) отын жару D) орманға бару Е) сабақ оқу
5. Ерлан қоймадан не тауып алды?
А) балта В) балға С) отын D) ағаш Е) күрек
6. Кімнің оң аяғы қақсап ауырды?
А) әкесінің В) шешесінің С) әжесінің D) атасының Е) нағашысының
7. Кім отын дайындады?
А) Азамат В) Ерлан С) Әкесі D) Шешесі Е) Қария
8. Кім пеш жақты?
А) Көршісі В) Ерлан С) Әкесі D) Шешесі Е) Атасы
9. Бала сүтке не қосты?
А) қант В) май С) нан D) бал Е) бұрыш
10. Кім қуаныштарын жасыра алмады?
А) ата-анасы В) атасы С) әжесі D) әкесі Е) шешесі
ІІІ. Оқылым бойынша тест
Мәтінді оқып, астындағы тест тапсырмаларын орында.
Айтып несіне әуре боласың
Сократқа біреу келіп: – Досың жайлы не естідім айтайын ба? – дейді.
Ол үшін тесттен өту керектігін айтты Сократ.
–Бірінші фильтр – “Шындық филтрі”. Досым туралы айтатының 100 пайыз шындық екеніне сенімдісің бе?
– Жоқ. Негізі біреудің айтқанын естідім де, содан…
–Сен ол әңгіменің өтірік – рас екенін білмейсің. Екінші фильтр -“Жақсылық филтрі”. Досым туралы айтатының жақсы ма әлде..?
– Жоқ, жақсы емес, керісінше…
– Сен рас болып болмағанын білмей тұрып, досым туралы жаман нәрсе айтқың келді ме сонда? Соңғы фильтр – “Керектілік филтрі”. Досым туралы айтатының керегіме жарай ма?
– Білмеймін ғой енді, бәлкім..
– Маған айтатының шындық емес, жақсылық емес және қажеттілігім болмаса, оны айтып несіне әуре боласың?
Мәтінге байланысты тест тапсырмалары:
1. Сократқа біреу келіп, кім туралы айтқысы келді?
А) жолдасы В) жауы С) дұшпаны D) қасы Е) баласы
2. Сократ ол үшін неден өту керектігін айтты?
А) есептен В) сөзден С) тесттен D) емтиханнан Е) сынақтан
3. Сократ оның сөзін неше фильтрден өткізді?
А) 1 В) 2 С) 3 D) 4 Е) 5
4. «Негізі біреудің айтқанын естідім де, содан…» -деген кім?
А) Сократ В) бөгде адам С) дос D) көрші Е) философ
5. «Досым туралы айтатының жақсы ма әлде..?» - деген кім?
А) біреу В) дос С) бөгде адам D) Сократ Е) көрші
6. «Сократқа біреу келіп, ...» сөйлемдегі асты сызылған сөздің сөз табын анықта?
А) зат есім В) сын есім С) сан есім D) есімдік Е) үстеу
7. «Өтірік – рас» деген сөздер қандай сөздер?
А) синоним В) фразеологизм С) омоним D) неологизм Е) антоним
8. Мәтіннен шындық деген сөздің синонимін тап?
А) дұрыс В) рас С) бұрыс D) өтірік Е) жақсылық
9. Пайыз деген сөздің аудармасы?
А) процент В) налог С) кредит D) залог Е) задаток
10. «... досым туралы жаман нәрсе айтқың келді ме сонда?» сөйлемдегі етістіктің категориясы.
А) ашық В) бұйрық С) шартты D) қалау Е) өткен
11-сынып IV тоқсан б/ша тест жауаптары |
|
Лекс-грам.тест |
|
1 |
В |
2 |
Д |
3 |
Е |
4 |
А |
5 |
А |
6 |
Д |
7 |
С |
8 |
А |
9 |
В |
10 |
Д |
11 |
А |
12 |
А |
13 |
С |
14 |
А |
15 |
В |
16 |
Е |
17 |
А |
18 |
Д |
19 |
С |
20 |
Д |
ТЫҢДАЛЫМ |
|
1 |
C |
2 |
В |
3 |
Д |
4 |
С |
5 |
А |
6 |
Д |
7 |
В |
8 |
Е |
9 |
С |
10 |
А |
ОҚЫЛЫМ |
|
1 |
А |
2 |
С |
3 |
С |
4 |
В |
5 |
Д |
6 |
Д |
7 |
Е |
8 |
В |
9 |
А |
10 |
Д |

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген