Материалдар / Оқу бағдарламасы физика
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Оқу бағдарламасы физика

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға көмек ретінде
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Ақпан 2019
4673
33 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Қазақстан Республикасы 
Білім және ғылым министрі
міндетін атқарушысының
2017 жылғы 25 қазандағы
№ 545 бұйрығына
13-қосымша
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 3 сәуірдегі
№ 115 бұйрығына
202-қосымша



Негізгі орта білім беру деңгейінің 7-9-сыныптарына арналған
"Физика" пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы
1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.

      2. 7-9-сыныптардағы физика курсын оқытудың мақсаты – оқушылардың ғылыми көзқарасының негізін қалыптастыру. Әлемнің жаратылыстанымдық-ғылыми бейнесін тұтастай қабылдауды, бақылау қабілеттерін дамыту және табиғат құбылыстарын талдау және таңдау арқылы өмірге қажетті практикалық есептердің шешімдерін таба білуге дағдыландыру.

      3. Мақсатқа сәйкес оқу пәнін оқытудың негізгі міндеттері:

      1) оқушылардың әлемнің қазіргі физикалық бейнесінің негізінде жатқан іргелі заңдылықтар мен принциптер туралы білімді, табиғатты танудың ғылыми әдістерін меңгеру;

      2) оқушылардың зияткерлік, ақпараттық, коммуникативтік және рефлективтік мәдениетін дамытуға, физикалық экспериментті орындау және зерттеу жұмыстарын жүргізу дағдыларын дамыту;

      3) оқу және зерттеу қызметіне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу;

      4) табиғат ресурстарын пайдалануда және қоршаған ортаны қорғауда, адамды және қоғамды қауіпсіз өмір сүрумен қамтамасыз етуде меңгерген дағдыларды қолдану болып табылады.

2-тарау. "Физика" пәнінің мазмұнын ұйымдастыру

      4. "Физика" оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

      1) 7-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты;

      2) 8-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты;

      3) 9-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты құрайды.

      5. Оқу пәнінің мазмұны 8 бөлімді қамтиды:

      1) физикалық шамалар мен өлшеулер;

      2) механика;

      3) жылу физикасы;

      4) электр және магнетизм;

      5) геометриялық оптика;

      6) кванттық физика элементтері;

      7) астрономия негіздері;

      8) әлемнің қазіргі физикалық бейнесі.

      6. "Физикалық шамалар мен өлшеулер" бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:

      1) физика – табиғат туралы ғылым;

      2) физикалық шамалар;

      3) физикалық өлшеулер.

      7. "Механика" бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:

      1) кинематика негіздері;

      2) динамика негіздері;

      3) сақталу заңдары;

      4) статика;

      5) тербелістер мен толқындар.

      8. "Жылу физикасы" бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:

      1) молекулалы-кинетикалық теория негіздері;

      2) термодинамика негіздері.

      9. "Электр және магнетизм" бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:

      1) электростатика негіздері;

      2) электр тогы;

      3) магнит өрісі;

      4) электромагниттік толқындар және тербеліс.

      10. "Геометриялық оптика" бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:

      1) геометриялық оптика заңдары.

      11. "Кванттық физика элементтері" бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:

      1) атом мен атом ядросының құрылысы;

      2) радиоактивтілік;

      3) элементар бөлшектер.

      12. "Астрономия негіздері" бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:

      1) жер және ғарыш;

      2) астрофизика элементтері.

      13. "Әлемнің қазіргі физикалық бейнесі" бөлімі "Физиканың дүниетанымдық мәні" бөлімшесінен тұрады.

      14. Оқу пәнінің 7-сыныптағы базалық білім мазмұны:

      1) "Физика – табиғат туралы ғылым". Физика – табиғат туралы ғылым, табиғатты зерттеудің ғылыми әдістері;

      2) "Физикалық шамалар мен өлшеулер". Халықаралық бірліктер жүйесі (SI); скаляр және векторлық физикалық шамалар, өлшеулер мен есептеулердің дәлдігі, үлкен және кіші сандарды ықшамдап жазу;

      № 1-зертханалық жұмыс: кішкентай денелердің өлшемін анықтау;

      № 2-зертханалық жұмыс: физикалық шамаларды өлшеу;

      практикалық жұмыстар: сапалық және сандық есептер шығару; аспап шкаласындағы бөліктің құнын анықтау:

      3) "Механикалық қозғалыс". Механикалық қозғалыс және оның сипаттамалары, санақ жүйесі, қозғалыстың салыстырмалылығы, түзусызықты бірқалыпты және бірқалыпсыз қозғалыстар, жылдамдық және орташа жылдамдықты есептеу, әртүрлі механикалық қозғалыстардың графиктері;

      практикалық жұмыстар: сапалық және сандық есептер шығару, координатаның уақытқа тәуелділік графигін зерттеу;

      4) "Тығыздық". Масса және денелердің массасын өлшеу, дұрыс және дұрыс емес пішінді денелердің көлемін өлшеу, заттың тығыздығы және тығыздықтың өлшем бірлігі, тығыздықты есептеу;

      № 3-зертханалық жұмыс: сұйықтар мен қатты денелердің тығыздығын анықтау;

      практикалық жұмыстар: сапалық және сандық есептер шығару, электрондық және иіндік таразыларды қолданып, әр түрлі денелердің массасын анықтау;

      5) "Денелердің өзара әрекеттесуі". Инерция құбылысы, күш, тартылыс құбылысы және ауырлық күші, салмақ, деформация, серпімділік күші, Гук заңы, үйкеліс күші, үйкеліс әрекетін техникада ескеру, бір түзу бойымен денеге әсер еткен күштерді қосу;

      № 4-зертханалық жұмыс: серпімді деформацияларды зерделеу;

      № 5-зертханалық жұмыс: сырғанау үйкеліс күшін зерттеу;

      практикалық жұмыстар: сапалық және сандық есептер шығару, динамометр көмегімен өлшеу, ауырлық күшін зерттеу, түрлі денелердің созылуын зерттеу;

      6) "Қатты денелер, сұйықтар және газдардағы қысым". Газдардың, сұйықтардың және қатты денелердің молекулалық құрылымы, қатты денелердегі қысым, сұйықтар мен газдардағы қысым, Паскаль заңы, қатынас ыдыстар, гидравликалық машиналар, атмосфералық қысым, атмосфералық қысымды өлшеу, манометрлер, сорғылар, кері итеруші күш;

      № 6-зертханалық жұмыс: Архимед заңын зерделеу;

      № 7-зертханалық жұмыс: дененің сұйықта жүзу шарттарын анықтау;

      практикалық жұмыстар: сапалық және сандық есептер шығару, кез-келген пішінді қатынас ыдыстардағы бірдей және әртүрлі сұйықтардың беттерінің орналасуын зерттеу, атмосфералық қысымның бар екендігін зерттеу;

      7) "Жұмыс және қуат". Механикалық жұмыс, қуат;

      практикалық жұмыстар: сапалық және сандық есептер шығару, жұмыстың мәнін график бойынша анықтау, ауырлық күші мен үйкеліс күшінің жұмысын салыстыру, транспорт түрлерінің қуатын бағалау;

      8) "Энергия". Кинетикалық энергия, потенциалдық энергия, энергияның сақталуы және басқа түрге айналуы;

      практикалық жұмыстар: сапалық және сандық есептер шығару, үстел теннисіне арналған шариктің тебілу биіктігін анықтау;

      9) "Жай механизмдер". Жай механизмдер, дененің массалық центрі, иіндіктің тепе-теңдік шарты, пайдалы әрекет коэффициенті;

      № 8-зертханалық жұмыс: Жазық фигураның массалар центрін анықтау;

      № 9-зертханалық жұмыс: иіндіктің тепе-теңдік шарттарын анықтау;

      № 10-зертханалық жұмыс: көлбеу жазықтықтың пайдалы әрекет коэффициентін анықтау;

      3) практикалық жұмыстар: сапалық және сандық есептер шығару, түсірілген күштің айналу осіне дейінгі қашықтыққа тәуелділігін зерттеу;

      10) "Жер және Ғарыш". Аспан денелері туралы ғылым, күн жүйесі, күнтізбе негіздері (тәулік, ай, жыл).

      15. Оқу пәнінің 8-сыныптағы базалық білім мазмұны:

      1) "Жылулық құбылыстар". Жылулық қозғалыс, броундық қозғалыс, диффузия, температура, оны өлшеу тәсілдері, температураның шкалалары, ішкi энергия, ішкi энергияны өзгерту тәсiлдерi, жылуөткізгіштік, конвекция, сәуле шығару, табиғаттағы және техникадағы жылу берілу, жылу құбылыстарының тірі ағзалардың өмірлеріндегі ролі, жылу мөлшері, заттың меншікті жылу сыйымдылығы, отынның энергиясы, отынның меншікті жану жылуы, жылу үдерістеріндегі энергияның сақталу және басқа түрге айналу заңы;

      № 1-зертханалық жұмыс: әртүрлi температурадағы суларды араластырғандағы жылу мөлшерлерін салыстыру;

      практикалық жұмыстар: денені қыздыру үшін қажетті немесе оны суытқанда бөлінетін жылу мөлшерін есептеу, заттың меншікті жылу сыйымдылығын анықтау, заттың агрегаттық күйлері өзгерген кездегі жылу мөлшерін есептеу, жылу мөлшерінің дене массасына тәуелділігін зерттеу, жылу мөлшерінің қыздыру температурасына тәуелділігін зерттеу, әртүрлі отынның жану тиімділігін бағалау;

      2) "Заттың агрегаттық күйлері". Қатты денелердiң балқуы және қатаюы, балқу температурасы, меншiктi балқу жылуы, булану және конденсация, қаныққан және қанықпаған булар, қайнау, меншiктi булану жылуы, қайнау температурасының атмосфералық қысымға байланыстылығын анықтау;

      № 2-зертханалық жұмыс: мұздың меншiктi балқу жылуын анықтау;

      практикалық жұмыстар: сапалық және сандық есептер шығару, заттың фазалық ауысу графигін зерттеу, мұздың балқу температурасын зерттеу, булану жылдамдығының әртүрлі факторларға тәуелділігін зерттеу;

      3) "Термодинамика негiздерi". Термодинамиканың бiрiншi заңы, газдың және будың жұмысы, жылу үдерістерінің қайтымсыздығы, термодинамиканың екінші заңы, жылу қозғалтқыштары, жылу қозғалтқыштарының пайдалы әрекет коэффициенті, Жылу машиналарын пайдаланудағы экологиялық мәселелер;

      практикалық жұмыстар: сапалық және сандық есептер шығару, ішкі энергияның механикалық энергияға айналуын зерттеу, жылулық тепе-теңдік орныққандағы энергияның сақталу заңын зерттеу;

      4) "Электростатика негіздері". Денелердің электрленуі, электр заряды, өткізгіштер мен диэлектриктер, электр зарядының сақталу заңы, қозғалмайтын зарядтардың өзара әрекеттесуi, Кулон заңы, элементар электр заряды, электр өрiсi, электр өрісінің кернеулігі, электр өрісінің потенциалы және потенциалдар айырымы, конденсатор;

      практикалық жұмыстар: сапалық және сандық есептер шығару, бір-бірінен қандай-да бір арақашықтықта орналасқан және жіңішке жіпке ілінген екі бірдей ауа шарының әрекеттесуін зерттеу, электроскопты жасау;

      5) "Тұрақты электр тогы. Электр тогы, электр тогы көздері, электр тізбегі және оның құрамды бөліктері, ток күшi, кернеу, тiзбек бөлiгi үшiн Ом заңы, өткiзгiштiң электр кедергiсi, өткiзгiштiң меншiктi кедергiсi, реостат, өткiзгiштердi тiзбектей және параллель қосу, электр тогының жұмысы мен қуаты, электр тогының жылулық әсері, Джоуль-Ленц заңы, металдардағы электр кедергісінің температураға тәуелділігі, асқын өткізгіштік, электрқыздырғыш құралдар, кыздыру шамдары, қысқа тұйықталу, балқымалы сақтандырғыштар, электр тогының химиялық әсерi (Фарадейдiң заңы);

      № 3-зертханалық жұмыс: электр тiзбегiн құрастыру және оның әртүрлi бөлiктерiндегi ток күшiн өлшеу;

      № 4-зертханалық жұмыс: тiзбек бөлiгi үшiн ток күшінің кернеуге тәуелділігін зерттеу;

      № 5-зертханалық жұмыс: өткiзгiштердi тiзбектей қосуды зерделеу;

      № 6-зертханалық жұмыс: өткiзгiштердi параллель қосуды зерделеу;

      № 7-зертханалық жұмыс: электр тогының жұмысы мен қуатын анықтау;

      практикалық жұмыстар: сапалық және сандық есептер шығару, тізбектегі ток күшін өлшеу, тізбек бөгіндегі кернеуді өлшеу, өткізгіш кедергісінің материал тегіне тәуелділігі, қыздыру шамының қуаты мен жұмысын өлшеу, тізбектей қосылған шамдардың ток қуатын зерттеу, параллель қосылған шамдардың ток қуатын зерттеу;

      6) "Электромагниттік құбылыстар". Тұрақты магниттер, магнит өрiсi, тогы бар түзу өткізгіштің магнит өрiсi, тогы бар шарғының магнит өрiсi, электромагниттер және оларды қолдану; магнит өрiсiнiң тогы бар өткiзгiшке әрекеті, электроқозғалтқыш; электр өлшеуіш құралдар, электромагниттiк индукция, генераторлар;

      № 8-зертханалық жұмыс: тұрақты магниттiң қасиеттерiн оқып-үйрену және магнит өрiсiнiң бейнесiн алу;

      № 9-зертханалық жұмыс: электрмагниттi құрастыру және оның әсерiн сынау;

      практикалық жұмыстар: сапалық және сандық есептер шығару, су компасын (құбылнамасын) жасау, магнит өрісінің түрлі материалдар арқылы өтуін зеттеу, түрлі тиындардың магниттік қасиеттерін зерттеу, үйкеліс арқылы магниттеу, магниттің қасиетіне температураның әсері;

      7) "Жарық құбылыстары". Жарықтың түзу сызықты таралу заңы, жарықтың шағылуы, шағылу заңдары, жазық айналар, сфералық айналар, сфералық айна көмегімен кескін алу, жарықтың сынуы, жарықтың сыну заңы, толық ішкі шағылу, линзалар, линзаның оптикалық күшi, жұқа линзаның формуласы, линзаның көмегімен кескiн алу, көз - оптикалық жүйе, көздiң көру кемшіліктері және оларды түзету әдiстері, оптикалық аспаптар;

      № 10-зертханалық жұмыс: шынының сыну көрсеткiшiн анықтау;

      № 11-зертханалық жұмыс: жұқа линзаның фокустық қашықтығын анықтау;

      практикалық жұмыстар: сапалық және сандық есептер шығару, қарапайым перископты жасау, калейдоскопты жасау,жазық айнадағы кескінді зерттеу,ойыс айнаға түскен және шағылған стандартты сәулелердің жүрісі, жинағыш және шашыратқыш линзадағы негізгі сәулелердің жүрісі, көз бен фотоаппараттың оптикалық жүйелерін салыстыру;

      16. Оқу пәнінің 9-сыныптағы базалық білім мазмұны:

      1) "Кинематика негіздері". Механикалық қозғалыс, векторлар және оларға амалдар қолдану, вектордың координаталар осьтеріне түсірілген проекциялары, түзусызықты теңайнымалы қозғалыс, үдеу, түзусызықты теңайнымалы қозғалыс кезіндегі жылдамдық және орын ауыстыру, дененiң еркiн түсуi, еркiн түсу үдеуi, қисықсызықты қозғалыс, материялық нүктенiң шеңбер бойымен бiрқалыпты қозғалысы, сызықтық және бұрыштық жылдамдықтар, центрге тартқыш үдеу;

      № 1-зертханалық жұмыс: теңүдемелі қозғалыс кезiндегi дененiң үдеуiн анықтау;

      № 2-зертханалық жұмыс: горизонталь лақтырылған дененің қозғалысын зерделеу;

      практикалық жұмыстар: сапалық және сандық есептер шығару, қозғалыстың салыстырмалылығы, денелердің қозғалысын сипаттау тәсілдері;

      2) "Астрономия негіздері". Жұлдызды аспан, аспан сферасы, аспан координаталарының жүйесі, әртүрлі географиялық ендіктегі аспан шырақтарының көрінерлік қозғалысы, жергілікті, белдеулік және бүкіләлемдік уақыт, Күн жүйесіндегі ғаламшарлардың қозғалыс заңдары, Күн жүйесі денесіне дейінгі ара қашықтықты параллакс әдісімен анықтау;

      3) "Динамика негіздері". Ньютонның бiрiншi заңы, инерциялық санақ жүйелерi, механикадағы күштер, Ньютонның екiншi заңы, масса, Ньютонның үшінші заңы, Бүкiләлемдiк тартылыс заңы, дененің салмағы, салмақсыздық, денелердiң ауырлық күшiнiң әрекетiнен қозғалуы, Жердің жасанды серіктерінің қозғалысы;

      практикалық жұмыстар: сапалық және сандық есептер шығару, күшті өлшеудің практикалық тәсілдері, жердің ауырлық өрісіндегі дене қозғалысының параметрлерін есептеу, дененің еркін түсу үдеуін өлшеу;

      4) "Сақталу заңдары". Дене импульсі және күш импульсі, импульстің сақталу заңы, реактивтi қозғалыс, механикалық жұмыс және энергия, энергияның сақталу және айналу заңы;

      практикалық жұмыстар: сапалық және сандық есептер шығару, дененің кинетикалық энергиясының өзгеруіне қатысты күштің жұмысын салыстыру, денелердің соқтығысуы кезіндегі импульстің сақталу заңын зерттеу;

      5) "Тербелістер және толқындар". Тербелмелі қозғалыс, тербелістер кезіндегі энергияның түрленуі, тербелмелі қозғалыстың теңдеуі, математикалық және серіппелі маятниктердің тербелістері, еркін және еріксіз тербелістер, резонанс, еркін электромагнитік тербелістер, толқындық қозғалыс, дыбыс, дыбыстың сипаттамалары, акустикалық резонанс, жаңғырық, электромагниттік толқындар, электромагниттік толқындар шкаласы;

      № 3-зертханалық жұмыс: математикалық маятниктің көмегімен еркін түсу үдеуін анықтау;

      № 4-зертханалық жұмыс: беттік толқындардың таралу жылдамдығын анықтау.

      практикалық жұмыстар: сапалық және сандық есептер шығару, әр түрлі маятниктер тербелісінің периодын есептеу, еркін және еріксіз тербелістерді зерттеу, толқындардың сипаттамасын зерттеу, ұялы телефонның жұмыс істеу принципі, аналогті сигналдың берілуі, Морзе әліппесі;

      6) "Атом құрылысы. Атомдық құбылыстар". Жылулық сәуле шығару; жарық кванттары туралы Планк гипотезасы, фотоэффект құбылысы, рентген сәулелері, радиоактивтілік, радиоактивті сәулеленудің табиғаты, Резерфорд тәжірибесі, атомның құрамы;

      практикалық жұмыстар: сапалық және сандық есептер шығару;

      7) "Атом ядросы. Ядролық өзара әрекеттесу, ядролық күштер, массалар ақауы, атом ядросының байланыс энергиясы, ядролық реакциялар, радиоактивті ыдырау заңы, ауыр ядролардың бөлінуі, тізбекті ядролық реакция, ядролық реактор, термоядролық реакциялар, радиоизотоптар, радиациядан қорғану, элементар бөлшектер;

      практикалық жұмыстар: сапалық және сандық есептер шығару, радиоактивтi элементтердiң жартылай ыдырау периодын есептеу;

      8) "Әлемнің қазіргі физикалық бейнесі". Физика және астрономияның дүниетанымдық маңызы, экологиялық мәдениет.

3-тарау. Оқыту мақсаттарының жүйесі

      17. Бағдарламада "оқыту мақсаттары" төрт саннан тұратын кодтық белгімен белгіленді. Кодтық белгідегі бірінші сан сыныпты, екінші және үшінші сандар бөлім және бөлімше ретін, төртінші сан бөлімшедегі оқыту мақсатының реттік нөмірін көрсетеді. Мысалы, 7.2.1.4. кодында "7" – сынып, "2.1" – екінші бөлімнің бірінші бөлімшесі, "4" – оқыту мақсатының реттік саны.

      18. Білім алушылар білуі тиіс:



Бөлімшелер

770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!