ҚОСЫМША 1
ОҚУ БӨЛІМІНІҢ ҚЫЗМЕТІ ЖӘНЕ САБАҚ САПАСЫН
БАСҚАРУ
ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ
Мақсаты: Оқу бөлімінің
қызметін түсіндіру, сабақ сапасын арттырудағы ортақ жауапкершілікті
айқындау, мұғалімдер мен әкімшілік арасындағы кәсіби диалогты
дамыту.
Қатысушылар: Мұғалімдер, оқу ісі жөніндегі орынбасар, әдістемелік
бірлестік жетекшілері
Ұзақтығы: 60–90 минут
Форматы: Ашық диалог, пікір алмасу
I. Кіріспе бөлім (10
минут)
1. Ашылу сөзі (оқу ісі жөніндегі
орынбасар)
–
Құрметті әріптестер!
Бүгін біз оқу бөлімінің қызметі мен сабақ сапасын басқару мәселесін
бірлесе талқыламақпыз. Сабақ сапасы – тек мұғалімнің емес, бүкіл
мектеп ұжымының ортақ жауапкершілігі.
2. Жылыну сұрағы
–
Сабақ сапасын арттыру дегенде сіздің ойыңызға ең
алдымен не келеді?
(Қатысушылар қысқаша пікір
білдіреді.)
II. Негізгі бөлім (60
минут)
1-бөлім. Оқу бөлімінің рөлі (15
минут)
Қысқаша ақпараттық блок:
Оқу бөлімі:
Жоспарлау
Ұйымдастыру
Бақылау
Талдау
Түзету жұмыстарын жүргізу
Талқылау сұрағы:
– Бақылау сіз үшін қолдау ма, әлде тексеріс пе?
Неліктен?
2-бөлім. Топтық талқылау (25
минут)
Қатысушылар 3 топқа бөлінеді.
1-топ: Сабақ сапасын басқаруда оқу бөлімінің
қолдау функциясы
2-топ: Мұғалім мен оқу бөлімінің өзара әрекеттесу мәдениеті
3-топ: Сабақ сапасын арттырудағы ортақ
жауапкершілік
Әр топқа тапсырма:
3 мәселе
3 ұсыныс
1 нақты шешім
Топтар өз жұмыстарын қорғайды.
3-бөлім. Ашық пікірталас (20
минут)
Модератор сұрақтар қояды:
Сабақты бақылау қалай тиімді болуы
керек?
Кері байланыс форматы қандай болғаны
дұрыс?
Мониторинг нәтижелері мұғалімге қалай көмектесе
алады?
Қандай қолдау түрлері сіз үшін
маңызды?
Мақсат – сын емес, шешім табу.
III. Қорытынды бөлім (10–15
минут)
1. Ортақ шешім қабылдау
Флипчартта «Сабақ сапасын басқарудың 5 қағидасы»
анықталады.
Мысалы:
Ашықтық
Серіктестік
Деректерге негізделген талдау
Қолдау мәдениеті
Үздіксіз даму
2. Рефлексия
Қатысушылар мына сөйлемді
аяқтайды:
Бүгін мен түсіндім…
Мен үшін маңыздысы…
Ұсынысым…
Күтілетін нәтиже
Мұғалімдер оқу бөлімінің қызметін дұрыс
түсінеді
Бақылау мен талдау үдерісіне деген көзқарас
өзгереді
Әкімшілік пен педагогтер арасында сенімді кәсіби
орта қалыптасады
Сабақ сапасын арттыруға бағытталған ортақ
іс-қимыл жоспары жасалады
КОУЧИНГ ЖОСПАРЫ
|
Коучинг тақырыбы:
|
«Lesson Study – тәжірибеде
оқыту мен оқуды жетілдірудің тәсілі» тақырбында өткізілетін
коучинг жоспары.
|
|
Мақсаты:
|
Оқушыларды оқытуға көңіл аудара отырып,
оқытуды жетілдіру және оның сапасын арттыру құралы ретінде
мұғалімдерге Lesson Study әдісін ұсыну. Тәжірибені жетілдіру
ретінде Lesson Studyді қалай пайдалануға болатынын мұғалімдер
топтарының арасында көрсету.
|
|
Күтілетін нәтиже
|
Мұғалімдер
Lesson Study үдерісін оқытуды жетілдіру және онын сапасын арттыру
құралы ретінде мектептерде Lesson Studyді пайдалану үшін
әріптестермен қалай ынтымақтастық орнатуға болатынын; Lesson Study
кезінде әріптестерге қалай қолдау көрсетуге болатынын түсінуді
үйренеді, мұғалім әрбір жеке оқушының оқуына қатысты өзінің оқыту
тәжірибесі туралы ойлануға мүмкіндік алады; Lesson Study циклінде
сабақтың оқушылар қажеттілігіне сәйкес келуі мақсатында мұғалімдер
жаңа әдіс-тәсілдерін жетілдіруге немесе оның сапасын арттыруға
мүмкіндік алады.
|
|
№
|
Іс әрекет
|
Коучтің әрекеті
|
Мұғалімдердің әрекеті
|
|
1
|
Ұйымдастыру кезеңі:
Lesson Study әдісіне ұшақпен
саяхат
5-мин
|
Авиабилеттерін таратып, орындарына
отырғызу.
|
Авиабилеттерін көрсетіп, билеттерде көрсетілген
орындарына отырады.
|
|
2
|
Топқа біріктіру
Сусындардың түстері бойынша топқа
бөлу
3-мин
|
Стюардессалар сусындарды
таратады.
|
Таңдап алған сусындарының түстері бойынша коучтың
айтуымен 3 топқа бірігеді.
|
|
3
|
Миға шабуыл
Видеоролик
7-мин
|
Lesson Study жайлы видеоролик көру, видеоролик
бойынша әңгімелеу, ойларын айту.
|
https://youtu.be/biXlHcz2ul0
Lesson Study жайлы видеоролик көреді,
видеороликтен түген ойларын ортаға салады.
|
|
4
|
Тапсырма:
Lesson Study жүргізу кезеңдері(зерттеу
үдерісінің адымдық айналымы).
5-минут
|
Қатысушыларға кестелердегі бос ұяшықтарды ретімен
толтыруды ұсынылады.
|
Қатысушылар кестелердегі бос ұяшықтарды ретімен
толтырып, өз жұмыстарын қорғайды.
|
|
5
|
Lesson
Study шығу
тарихы
7-мин
|
Lesson
Study жайлы мағлұмат
беру
|
Презентация
|
|
6
|
Топтық жұмыс
15-мин
|
«Lesson Study сабақты зерттеу- мұғалімнің уәжін
арттыру құралы»
тақырыбы бойынша 3-топқа тапсырма
беріледі.
|
Топта талқылап, постер жасайды.Топтан бір адам
қорғайды.
Плакат, стикерлер, маркерлер, түрлі-түсті
қағаздар.
|
|
7
|
Қорытынды
10-мин
|
«Lesson
Study» әдісі бойынша ОҚЫТУДЫ
ЖАҚСАРТУ ҮШІН:
КІМ?
КІМГЕ?
ҚАЛАЙ? жүзеге асырылады?
Әр
қатысушыға жаңбыр тамшылары таратылады.
|
Жеке дара жұмыс
«Lesson
Study» әдісі бойынша ОҚЫТУДЫ
ЖАҚСАРТУ ҮШІН:
КІМ?
КІМГЕ?
ҚАЛАЙ? жүзеге асырылады? Сұрақтарға жауабын
жаңбыр тамшыларына жазады.
|
|
8
|
Кері байланыс:
«Білім гүлі» әдісі
5-мин
|
Коучингтен алған әсерлері мен
ұсыныстарын жазу үшін гүлдерді тарату.
|
Алған әсерлері мен ұсыныстарын гүлдерге
жазады. Оны жапсыру
|