Материалдар / Оқу-дала жиынына арналған іс-шара

Оқу-дала жиынына арналған іс-шара

Материал туралы қысқаша түсінік
Алғашқы әскери дайындық пәні бойынша 10 сыныптарда жыл соңында өтетін 30 сағаттық оқу-дала жиынының ашылу және жабылу салтанатына арналған бұл жоспардың жас ұстаздарға және әскери пән жетекшілеріне көмек болатыны сөзсіз.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Қазан 2018
4846
4 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Түркістан облысы, Кентау қаласы, «Нұртас» ауылы, «Аманкелді жалпы орта мектеп» коммуналдық-мемлекеттік мекемесі

АӘД пәнінің ұйымдастырушы – мұғалімі Ақай Тілес Төленбайұлы


Бекітемін

ОДЖ – ның бастығы:




Оқу-дала жиындарының

ашылу салтанатына арналған жоспары


Оқу - дала жиынының басталуына байланысты Мемлекеттік Әнұран ойналады.

Қорғаныс – сауықтыру лагерінің туы көтеріледі


Кіріспе

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 24 мамырдағы Мемлекеттік органдардың азаматтарды әскери қызметке даярлауды ұйымдастыру, қамтамасыз ету және жастардың «Бастапқы әскери дайындық» сабақтарынан алған білімдері мен дағдыларын бекіту туралы №449 қаулысын іске асыру мақсатында қала мектептерінде 5 күндік оқу-дала жиындары басталып та кетті.

Қазіргі кезде армия мен флоттың жаңа қарумен, жаңа техникамен жарақтануына байланысты болашақ сарбаздарды тәрбиелеу, оқыту міндеті ерекше күрделене түсуде. Әрбір жасөспірімнің мектеп қабырғасынан өзін әскери қызметке дайындауы, Отан алдындағы үлкен жауапкершілікті сезінуі, болашақ сарбаз екенін ұғынуы – еліміздің тәуелсіздігінің кепілі екендігі айғақ.

Биыл Қазақстан Қарулы Күштерінің құрылғанына ___ жыл толып отыр. Егеменді еліміздің тарихынан орын алған ___жылда армияда едәуір тәжірибелер жинақталып, мемлекетіміздің қорғаныс қабілеті нығайды. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Жолдауында: «Қиындық атаулыны жеңетін бір – ақ күш бар, ол – бірлік. Еліңді жеріңді қорғау үшін бірлік қаншалықты қажет болса, бүгінгі қол жеткен табыстарымызды сақтап қалу үшін де ол сондай қажет», - деп атап көрсетті. Дағдарыстар келеді, өтеді. Ал, армия қандай кезең болса да, ел тәуелсіздігін сақтап қалуға үнемі қырағылықта, дайындықта тұруы керек. Олай болса, болашақ сарбаздар дайындығы үнемі күн тәртібінен түспек емес.

. «Қазақстандық патриотизм» ұғымының өзі санамызға дербестігімізді, тәуелсіздігмізді ұғындырып, Қазақстанды қорғау – баршамыздың қасиетті парызымыз екендігіне міндеттейді.

Бүгінгі оқу-дала жиынының ашылу салтанатына бірқатар жауапты тұлғалар келіп отыр.

Алдымен Түркістан қаласының әкімі __________ мырзаға беріледі. (Сөз сөйленеді)


Сөз кезегі Оқу – дала жиының бастығы _______ мырзаға беріледі.(Сөз сөйленеді)

Келесі сөз кезегі Түркістан қалалық білім бөлімінің бастығы ___________ беріледі. .(Сөз сөйленеді)

Келесі сөз Түркістан қалалық қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлім бастығы ___________ мырзаға сөз беріледі. .(Сөз сөйленеді)


Ашылу рәсіміне байланысты сарбаздардың салтанатты саптық шеруі.




Дайындаған: Батольон бастығының саяси-ұлтжандылық

тәрбие жөніндегі орынбасары: запастағы аға с/нт Тілес Ақай.




















Бекітемін:

ОДЖ – ның бастығы____________


Қорғаныс-сауықтыру лагерінде сарбаздардың ардагерлермен

кездесу кешінің жоспары


Құрметті ардагерлер! Құрметті сарбаздар! Бүгінгі кездесу кешімізге тағдырларын Отан қорғаумен байланыстырған ардагер аталарымыз бен ағаларымыз қонаққа келіп отыр. Ұлы Отан соғысы жылдарында Қазақстаннан 1 миллион 200 мың адам майданға аттанып, 600 мыңнан астам адам қайта оралмады. Олар өмірлерін жарқын болашақ үшін, Отан үшін құрбан етті. Ардагерлердің әскери борышқа адалдықтары, өжеттік пен қаһармандықтың үлгісі – кейінгі ұрпақ санасына өнеге болып қалыптасты. Әр жыл сайын қорғаныс-сауықтыру лагерінде ардагерлермен кездесу кештері ұйымдастырылып отырады. Бұл - ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отыратын жауынгерлік дәстүрлердің қағидалары. Бейбіт кезеңде де Отан бұйрығын орындау үшін Ауған жерінде қан төккен жауынгерлер де аталар өнегесіне адалдық танытты. « Отан қорғауға әзірлік», «Мемлекетті қорғау» ұғымдары әрбір болашақ сарбаздың санасына берік қалыптасқан.

Тарихтың өмір мен өлім қатар жүрген сұрапыл беттерінің тірі куәгерлері – бүгін біздің арамызда. Ендеше сөз кезегі - өздеріңізде.

(Ардагерлер естеліктер айтады)

Дайындаған: Батальон бастығының

саяси-ұлтжандылық тәрбие жөніндегі

орынбасары аға с-нт Ақай Т.




Бекітемін:

ОДЖ – ның бастығы: ____________




Қорғаныс-сауықтыру лагерінде оқу-дала жиындарының

жабылу салтанатына арналған жоспары


Сонымен, оқу – дала жиыны да өз мәресіне жетті. Аз уақыт болса да, оқу-дала жиынындағы жаттығулар, әскери тәртіп, болашақ сарбаздар, сіздерді төзімді болуға, шыдамды болуға, әскери жағдайдың тәртібіне бағындыруға ықпал етті. Ұлы қолбасшы Б.Момышұлы «Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды» деп бекер айтпаған. Әскери қызметтің тірегі – тәртіп. Кешегі Ұлы Отан соғысы жылдарында жеңіс жалауын Рейхстагтың төрінде желбіретуге де осы темірдей тәртіп болмаса тек батырлықпен жеңе алмасымыз анық еді.

11- мамыр мен 15-мамыр аралығында өткен оқу-дала жиындарын қорытындылау сөздің кезегі __________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

беріледі.

(Марапаттау рәсімдері)

Салтанатты жиынның жабылуына байланысты Әнұран орындалады, Лагерь туы түсіріледі.




Дайындаған: Батальон бастығының

саяси-ұлтжандылық тәрбие жөніндегі

орынбасары аға с-нт Ақай Т.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ