400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Оқу іс-әрекеті:Өнерлі екен он саусақ Тақырыбы: Аққулар

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл өте керемет сабақ жоспары әріптестеріме көмегі болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы


Білім саласы: «Вариативтік компонент»

Оқу іс-әрекеті: Өнерлі екен он саусақ

Тақырыбы: Аққулар

Мақсаты: Балаларға «Аққу» құсымен таныстырып, тақпақтар жаттату. Аққудың бейнесін картон қағазға ұсақ қағаздардан желімдеу арқылы жасау.

Әдіс-тәсілдер: көрсету, түсіндіру, жұмбақ, бекіту.

Билингвалды компонент: аққу-лебедь

Сөздік жұмыс: аққу.

Көрнекіліктер: Аққудың суреті.

Тәрбиеші: Мылтықбай Айнұр


Іс-әрекет

кезеңдері


Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық


Тақырыптық сурет бойынша жұмыс жүргізу.

Балалардың қызығушылығы оянады.

Ұйымдастырушылық-ізденістік


Шаттық шеңбері:


Аспан түрді түндігін
Жерге сәуле жайылды.
Неткен ашық күн бүгін,
Қайырлы таң, қайырлы!



Табиғат күнтізбесімен жұмыс жүргізу.

Жыл мезгілдеріне тоқталу.
Ай аттарын сұрау.
Апта күндерін атау.
Ауа райын бақылау.



Жұмбақ:

Садақша мойнын иілтіп,
Көрген жанды сүйінтіп,
Жүзгенде көлдің сәні өзі,
Судағы құстың нәні өзі.
Жердегі құстың серкесі;
Көктегі құстың еркесі. (Аққу)

-Қандай құстың түрлерін білесіңдер?
-Аққу қандай құсқа жатады?
-Аққу қайда мекендейді?

Балалар аққу өте қасиетті құс. Құстардың ішіндегі ең сұлу құс аққу. Аққуды атуға болмайды.


Мақал:
Аққуды атпа,
Досыңды сатпа.

Бүгін біз осы аққудың бейнесін өз қолымызбен еңбек етіп жасайық.
Жасалу долымен түсіндіріп өтейін.
-Картон қағазды алып аққудың бейнесін саламыз, сосын барып қиамыз. Ұсақ ақ қағазды жырту әдісін пайдаланып, аққудың қауырсынын .жапсырамыз.

Сергіту сәті:
Бір екі, үш,
Жинап алып күш.
Біз ұшамыз кептерше
Қолымыз жерге жеткенше.



Балалар сендердің істеріңе сәттілік тілеймін.

Балалар шеңбер жасап тұрып қайталайды.








Табиғат күнтізбесімен жұмыс жүргізеді.





Шешуін табу, есте сақтау.













Мақалды жатқа айту.




Жұмыстың орындалу ретін мұқият тыңдайды.






Қимылмен көрсетеді.




Балалар жұмысқа кірісіп кетеді.

Рефлексиялық-түзетушілік


Оқу іс-әрекетті қорыту:
Балалардың жасаған жұмыстарынан кішігірім көрме ұйымдастыру.

Салған суреттеріне қызыға қарайды..


Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: жұмыстың орындалу ретін білу керек;

Нені игерді: композиция құра білуге дағдылану;

Нені біледі: жасаған жұмыстарын көрсете біледі.




Технологиялық картаны толтырған:
Технологиялық картаны тексерген:



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15 қаңтар
437
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі