жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Оқу және баланың ақыл -ойы қабілетінің дамуы
Мәдениетті – адамның өмір сүру құзыреттілігі.
“Атымды адам қойған соң, қайтіп надан болайын”
Абай Құнанбаев.
Мәдениет ұғымы – адамның іс-әрекеті арқылы жасалатын өзгерістер. Басқаша айтсақ –адам жасаған «екінші табиғат». Қоғамда адам тілегінен тысқары мәдениет қалыптаспайды.
Мәдениет- әлеуметтік фактор, қоғамның қозғаушы күші. Мәдениеттің дамуымен, қоғам алға қарай дамиды. Қоғамның материалдық дәрежесі жоғары болса, рухани өмірі де жоғары болады. Қоғам дамуының барлық кезеңдерінде мәдениет болған. Экономика мен материалдық өндіріс- мәдениеттің даму шарты, ал адам - оны жасаушы. Қоғам мәдениеті әрбір жеке адамның мәдениеті.
Қоғамда еш нәрсе ақыл - ойдың, сананың, сезімнің және адам еңбегі мен әрекетінсіз жүзеге асырылмайды.
Адам, қоғам және мәдениет - бұл үшеуі бір - бірінен ажырамайтын ұғымдар.
Мәдениет-aдамдық болмыстың өлшемі іспетті, оның өмір сүруінің құндылығы.
Қандай адамды мәдениетті адам деп айта аламыз?
« Мәдениетті адам» ұғымының шарттары көп.
Қазіргі жаңару кезеңінде келешек ұрпақты ұлттық құндылықтар жүйесінде мәдениеттілікке тәрбиелеу басты бағытымыз. Бірақ білімі бар адамды мәдениетті адам деп тану үшін, оның қолында тек дипломы болуы жеткіліксіз. Ол мамандығын жанымен сүйетін, ата –баба дәстүріне ұлттық нақышта қарау, өз шеберлігімен даралануы тиіс.
: біліміне сай ақылды, парасатты болуы керек .
: ақылына мінезі сай, ұстамды болу.
: тіл мәдениеті, адам болудың басты шарты.
: өнегелі, адамгершілігі мол адам болуы.
: жүріс-тұрысы , киіну үйлесімділігі талапқа сай болуы.
Махмут Қашқари «Жасы үлкенді қадірлесе-құт болар» демекші. Адам мәдениеттілігінің деңгейі - оның отбасындағы тәрбиесімен өлшенуге тиіс.
Ол адамға отбасындағы тәрбие білімі, өскен ортасы арқылы қалыптасып,жетіледі.
Абайдың 38-ші қара сөзінде: « Қашан баланың ғылым - білімге махаббаты оянғанда, ол адам бола бастайды, оның адам болмағына үш нәрсе себеп: ата - анасы, ұстазы, құрбылары » - дейді.
Бұдан негіз: алғашқы негіз болмай, мәдениеттің қалыптасып, дамуы мүмкін емес .
Мәдениеттіліктің ең алғашқы негізі - әдептілік. Әдептілік әліппесі-отбасында қалыптасады.
Қазақ халқында әдеп әлемінің теңдесі жоқ үлгілері қалыптасқан. Оның қайсысы болсын ізгі ойдан, адамгершіліктен бастау алады .
Халқымызда үлкенді сыйлаудың, құрмет көрсетудің әр түрлі жоралғылары бар.
Әдептілік- барлық жақсы қасиеттердің жиынтығы, ол бойға біртіндеп сіңеді. Сондықтан әр адам әдептілікке өзін-өзі баулуға, үйретуге тиіс. Шынайы мәдениет ең алдымен өз халқыңның ұлттық құндылықтарын, қадір- қасиетін жете ұғынудан қалыптасады.
Соңғы кезеңде дүние жүзі ықпалдастықтың жедел дамуы мемлекеттер арасындағы, ұлттар арасындағы байланыстың артуы мәдениет алмасуларына әсер етті.
Қортындылай келе ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс.
Абайдын даналығы, Әуезовтың ғұламалары,ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар үні – бұлар біздің рухани мәдениетіміздің бір парасы ғана.
Бабаларымыздың айтқан өсиетін орындау,жеріміздің келесі ұрпаққа жету үшін, қорғап –сақтап жүру ,
өскелең ұрпақтың еншісінде.
Альдебаева Сания Зиябекқызы
Көркем еңбек пәні мұғалімі
Қаратал ауданы
Алғазы орта мектебі КММ.
Оқу және баланың ақыл – ой қабілетінің дамуы.
«Білімді биік, ақылды ұлық деп есепте».
Оқу - мектеп жасындағы балалардың негізгі таным әрекеті. Баланың жалпы психикалық дамуы мектептегі оқу мен өздігінен оқуына тығыз байланысты. Баланың ойлау қабілеті оқу процесінде ерекше дамиды . Оқушының ақыл-ой қабілетін қалыптастыру үшін білім мен ойлаудың өзара әсері мен байланыс ерекшеліктерін білген жөн.
Білім мен ойлау – ақыл - ой тәрбиесінің негізгі шарты мен құралдары деуге болады. Баланың ойлау қабілеті олардың оқу әрекеті мен білім беру процесінде қалыптасады. Баланың оқу әрекеті мазмұнына мыналар кіреді: ғылыми ұғымдар мен практикалық міндеттерді шешуге бағытталған ойлаудың жалпы амал-тәсілдерін меңгеру.
Оқу әрекетінің белгілі құрылымдары:
Оқу міндеттері (тапсырмалар)
Оқу әрекеттері (ой-тәсіл, амалдар)
Бақылау (оқушының өзін-өзі тануы)
Бағалау (мұғалімнің, оқушының өзі - өзіне бағасы)
Осындай күрделі оқу әрекетіне байланысты оқушының ойлау әрекеті қалыптасады.
Ойлау деген не? Бала ойлауының ерекшеліктері қандай?
Ойлау - баланың таным әрекетінің ең жоғары формасы.
Ойлау – күрделі психикалық процесс. Ойлау арқылы оқушы көзге көрінбейтін заттар мен құбылыстардың арасындағы байланыстарды, заңдылықтарды ұғады. Ойлау – сөйлеумен тығыз байланысты. Ойлау нақты сұрақтар қоюдан, оларға жауап іздеуден басталады және ойлау белгілі бір міндеттерді шешуге бағытталған. Ойлау процесі өзіне тән логикалық амалдардан тұрады: анализ, синтез, салыстыру, топтастыру, жалпылау тұжырымдар жасау т.б. Ойлаудың түрлері көп: көрнекі- амалдық, көрнекі- бейнелік, абстракциялық, диалектикалық т.б.
Ең алдымен оқушыларға – теориялық ойлауды қалыптастыру қажет. Ғылыми білімдерді меңгеру, күрделі ұғымдарды түсіну - ойлаудың осы түріне байланысты.
Қазіргі мектеп оқушысының ойлау қабілеті, психикалық дамуы жасына ғана емес, басқа да шарттарға байланысты. Мектеп жасындағы балалардың ойлауы оқытудың мазмұны мен әдіс-тәсілдеріне байланысты.
Оқытудың мазмұнын жаңартып, жаңа оқыту технологияларын қолдану – оқушының ойлау қабілетін одан әрі дамытып, жетілдіруді қамтамасыз етеді.
Көрнекті психолог Л.С. Выготский айтқандай, оқыту баланың дамуын ілгері қарай жетелеуге, әсіресе өздігінен ойлау әрекетінің жоғары сатыда болуын қамтамасыз етеді.
Баланың ақыл - ой тәрбиесін дұрыс ұйымдастыру үшін, ең алдымен оларға оқып, білім алудың тиімді әдіс - тәсілдерін үйрету керек. Ең алдымен баланы өз жұмысының мақсат – міндеттерін анықтауға үйрету керек.
Бала әрбір берілген тапсырманы не үшін, қандай мақсатпен жасау керектігін білсе, оның оқу әректі артады.
Белгілі кеңес педагогы В.А.Сухомлинский ақыл - ой тәрбиесінің екі бағдарламасы болғаны жөн дейді.
Біріншісі – сабақта міндетті түрде берілетін білімдер, оқу материалдары.
Екіншісі – сабақтан тыс оқушының өздігінен дербес алатын білімдері мен оқитын материалдары.
Баланың ой - өрісін, интеллектуалдық және рухани байлығын арттыруда екінші бағдарламаның маңызы өте зор. Оқытудың мазмұнын жаңарту – оқытудың әдіс - тәсілдерін мейілінше жетілдіріп, дамытуды қажет етеді.
Ұлы Абай баланы оқытудың педагогикалық жолын былайша ұсынады: ғылым - білімді әуел бастан бала өзі іздеп таппайды. Басында үйір қылу, зорлау, алдау керек, өзі үйренгенше (үйір қылу, алдау – баланы оқуға ынталандыру тәсілі).
Ақыры «Бала ғылым - білімді махаббатпен көксейтін болса, сонда ғана аты адам болады» - деп тұжырымдайды. Міне осы тұжырым, түйіндеме бүгінгі ұстаздың әрбірінің алдына қойған мақсаты мен сабақта іске асырар міндеті болуға тиіс.
Қазіргі ХХІ ғасыр жалпы білім беретін мектептердің бүгіні мен болашақтағы оқыту мен тәрбиелеу тұжырымдамасындағы басты міндеті – дара тұлғаның өзін - өзі тәрбиелеп, дамуына, білімін жетілдіруіне көмектесу, оқытудың сан алуан формалары мен әдістерін барынша тиімді қолдану арқылы әрбір оқушының бойында үнемі – оқып – үйренсем, білсем деген қажеттілікті дарыту, алған білімін өздігінен толықтырып, ол білімді болашақтағы өмірінде қолдана алуға үйрету.
Білім – адамды ақылды етеді, білімді адам ғана әр нәрсенің қадір - қасиетін түсініп, өлшеуіне жете алады, құнын бағалай алады. Оқушы үнемі іздену үстінде болу керек, тоқырауға ұшырау қауіпті, ақыл - ойды дамытып, білім мен біліктілігін шыңдап отырса ғана адам болып қала алады.
Альдебаева Сания Зиябекқызы
Көркем еңбек пәні мұғалімі
Қаратал ауданы
Алғазы орта мектебі

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген