400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 13 материал табылды

Оқу мақсатына жетудің тиімді жолдары

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқыту нәтижелерін бағалаудың өлшемін жасау ол – мақсаттардың дәл анықтамасына жүгіну; неғұрлым сенімді және әділ бағаға қол жеткізеді. Мақсат қою – белгілі бір уақыт аралығында жүзеге асатын үздіксіз процесс. Әрбір қойылған мақсатты үнемі талдап, қажет болса қайта қарастыру керек. Үздіксіз талдау жасау мұғалімдерге маңызды шешім қабылдауға көмектеседі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жанар Карипова,

Қараөткел ІТ мектеп-лицейі

Бастауыш сынып мұғалімі

Ақмола облысы, Целиноград ауданы


Оқу мақсатына жетудің тиімді жолдары


Бүгінде оқыту сапасын арттыру басты назарда болып отыр. Оқыту сапасы мақсатқа жетудің өлшемі болып табылады. Бұл ойдан оқушылар алдына қойылған мақсатты және олар қол жеткізген нәтижені бірдей бірлікте өлшей алуды үйрену қажеттілігі аңғарылады. Оқу мақсаттарын іс-тәжірибелік тұрғыдан іске асыруда жүзеге асыру механизмі – инновациялық стратегиялар. Оқытудың инновациялық стратегиялары – бұл «мұғалім-оқушы» әрекеттестігінің жаңа тәслдерінен тұратын, оқу материалын меңгеру барысындағы іс-тәжірибелік қызметтегі белгілі жаңашылдық.

Оқытудың бірізді бағдарлануының негізі жедел кері байланыс болып табылады. Соған сай оқытудың технологиялық тәсіліне төмендегідей талаптар қойылады:

  • мақсаттар қою және оны мүмкіндігінше нақтылау, оқу мақсаттарын оның нәтижеге жетуі бағдарланатындай етіп анықтау;

  • оқу материалдарын дайындау мен барлық оқытудың барысын оқу мақсаттарына сай ұйымдастыру;

  • қойылған мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған күнделікті нәтижені бағамдау, оқытуды түзету;

  • нәтижені қорытынды бағамдау.

Оқыту мақсаттары оқушылардың әрекеті арқылы көрсетілген оқыту нәтижелері арқылы тұжырымдалып, әрімұғалімнемесекез-келгенсарапшынақтытаниалатын болу керек.

Мақсат дегеніміз әрекеттердің алдында олардың ойша болжанған түпкі нәтижесі, жүзеге асырылуға, орындалуға тиісті нәрсе (зат, құбылыс), алға қойылған міндет. Мақсат – адамның ниеті, ол бізді уәждеп (мотивациялап), бар әрекеттерімізді саналы жасап, оларды реттеп, аяққы нәтижеге ұмтылдырып  бағыттайтын идея. Мақсат болса – барлық әрекеттеріміз де саналы тұрғыдан жасалады, біз өзімізге не керектігін ескере отырып, естен шығармай амал құрамыз, яғни ісіміз ақыл елегінен өтіп, жүзеге асырылады.

Егер оқушы ерікті болсын десек, оларды қаршадайынан мақсат қоюға үйретуіміз керек.Сабақты тіпті мақсатқа негізделген мынандай ретпен өткізу дұрысболады: Мақсатты айқындау → Мақсатты жүзеге асыратын әрекеттер, амалдар → Мақсатқа жеткен-жетпегенді талқылауСонда сабақтың қисындылығы арта түседі.Мақсат құрастырудың қысқаша анықтамасы мынандай болады:  «Оқушылар сабақта не үйренеді?»

«Оқу мақсаттары – оқу бағдарламасына сәйкес пән бойынша оқу курсы аралығында білу, түсіну және дағды жетістіктеріне қатысты күтілетін нәтижелерді қалыптастыратын тұжырым».

Мақсаттарды құрастыруда Блум таксономиясын қолданған орынды.

Мақсаттарды SMART бойынша да құрастыруға болады. SMART - мақсаттарды айқындау және міндеттерді қою үшін қолданатын 5 критерийден тұратын тәсіл екені белгілі. Нақты, өлшенбелі, қолжетімді, шынайы, уақыт ауқымында шектеулі. Мұнда мақсат бағалауға өте ұқсас. Ал бағалау дегеніміз оқушылардың үйренгендігінің дәлелі. Бұл мақсат та сабақ соңында оқушылардың білім деңгейін қалай анықтауға болатындығына негізделген.

Көп жағдайда мұғалімдер мақсат құрастырғанда SMART-ты ықшамдап, оның «деңгей» мен «әрекет» бөліктерін қолданады.

Мақсат қоюда оқушылардың«Сіздердің бұл сабақтағы мақсаттарыңыз қандай?» деген сұраққа қарағанда « Бүгінгі тақырып бойынша не үйренгілеріңіз келеді?» сұраққа жауап беруі оңайырақ болады. Оқушыларға көмектесу үшін тақтадан күтілетін нәтижелерді көрсеткен орынды. Балалар солардың ішінен өз мүмкіндіктеріне сәйкес дегендерін таңдап алады.

Кез келген сабағымыз мақсатты жариялаудан (талқылаудан, құрастырудан) басталатыны баршамазға аян.Тіпті оқушыларға тапсырма орындауды ұсынғанда да мақсат ең басты ұғым болып табылады. Сабақта тапсырманы қолданудың формуласы мынандай болу қажет болар:Тапсырма = мақсат → тәсіл → нәтижені қорытындылау.

Тапсырманы орындаудың басында оқушыларға берілген тапсырма бойынша «Бұл тапсырманы мен сіздерге не үшін ұсынып отырмын?»деген сұрақ төңірегінде топта талқылау жүргізуді ұсынған дұрыс. Бұл жерде тапсырма мақсатын айқындаған шәкірттер іс-әрекетке саналы түрде қатысады. Ал егерде олар үшін тапсырманың қандай мақсатта орындау керектігі  түсініксіз болса, онда балалардың белсенді түрде жұмыс жасауы екіталай.  Әрине, тапсырмалардың сабақ мақсатын ашуға бағытталатынын есімізден шығармағанымыз жөн. Бұл туралы да «Балалар, бұл тапсырма бізді мақсатқа қаншалықты жақындатты?» деген сұрақ арқылыоқушылардың ой-пікірін сұраған жөн.

Сабақ мақсатқа қаншалықты жеткен-жетпегенді талқылаумен қорытындыланатыны баршамызға аян. Мұнда рефлексияның көптеген тәсілдерін қолданып, «Мақсатымызға жеттік пе? Оның қандай дәлелдері бар? Біздің мақсатқа жету жолында жасағандарымыздың жақсы жақтары қандай? Неліктен біз мақсатымызға жетпедік? Біз біліміміздің қай жақтарын жақсартуымыз керек? Оны дамыту, тереңдетуүшін не жасауымыз керек?» деген секілді сұрақтарға ауызша немесе жазбаша жауап беруді ұйымдастыруға болады.Бұл сұрақтарға нақты жауап алу рефлексияның сапасында. Рефлексияның жалпылама пікір немесе тілек түрінде болмағаны жөн. Егер оқушылар «Сабақ ұнады. Көп нәрсені білдім. Қызық өтті. Құнды деректер алдық. Мен жақсы жұмыс жасадым деген еш дәлелсіз жалаң сөздерді келтіру сыңайында өз ойларын білдірсе, онда рефлексияның төмен деңгейде болғандығы.

Рефлексия нақты дәлелдерден құралып, талдау түрінде келтірілуі керек:

- «Маған сабақ ұнады, өйткені, біріншіден... екіншіден... үшіншіден...»,

- «Мен көп нәрсені білдім. Мысалы, біріншіден... екіншіден...»,

- «Сабақ қызық өтті, өйткені, біріншіден... екіншіден... үшіншіден... төртіншіден...»,

- «Мен сабақта құнды деректер алдым, мәселен, біріншіден... екіншіден... үшіншіден...», т.б.

Осыған дәлел ретінде оқушылардың алдына қойылған мақсатқа қол жеткізуіне мүмкіндік беретінтиімді технология таңдаудағы тәжірибемнен мысал келтіре кетсем,4-сыныптың әдебиеттік оқу пәнінен «Мамандықтар әлемі» бөлімі бойынша «Атакәсіп» тақырыбын оқытуда «Кейіпкердің, кейіпкерлердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, салыстырып бағалау»оқу мақсатын оқушылардың өздеріне анықтату үшін «Өзгертулерді тап!» әдісін қолдану өте тиімді болды. Бұл әдісте оқушылар жұпта тұрып сыртқы пішіндерін көңіл-күйлерін өзгертулері керек, кейін сол өзгертулерді анықтайды.

Бұл тапсырманы талқылауда оқушылар«біз бүгінгі сабақта кейіпкердің портретін сипаттап, іс-әрекетін мәтіннен тауып, бағалаймыз» деген сынды өз ойларын айтады. Сондай ақ, «Болжау» , «Блум түймедағы», «Үш көмекші» әдістерін сабақтың әрбөлімінде ұтымдықолдана отырып, кері байланыс арқылы талқылауда оқушылардың оқу мақсатына қол жеткізулерінетиімді жағдай жасағанымды байқадым.

Оқыту нәтижелерін бағалаудың өлшемін жасау ол – мақсаттардың дәл анықтамасына жүгіну; неғұрлым сенімді және әділ бағаға қол жеткізеді. Мақсат қою – белгілі бір уақыт аралығында жүзеге асатын үздіксіз процесс. Әрбір қойылған мақсатты үнемі талдап, қажет болса қайта қарастыру керек. Үздіксіз талдау жасау мұғалімдерге маңызды шешім қабылдауға көмектеседі.



Қолданылған әдебиеттер:


  1. Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында бастауыш сынып оқушыларын оқытудағы инновациялық стратегиялар: әдістемелік нұсқаулық. –Өскемен 2017

  2. Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық: Оқу-әдістемелік құрал. - Астана: «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2016. – 48 б.):

  3. SMART мақсат пен міндеттер. www.cpm.kz 





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22.06.2026
1
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі