400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Оқу мен оқытуда сабақ жоспарын тиімді құру және оны өткізу жолдары

Материал туралы қысқаша түсінік
Әдістемелік көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

79 негізгі мектебінде өткен "Оқу мен оқытуда сабақ жоспарын тиімді құру

және оны өткізу жолдары" тақырыбындағы дөңгелек үстеліне

АНЫҚТАМА


Аудандық білім бөлімінің желтоқсан айындағы жүргізілетін жоспарымен 21.11.2017 жылғы №700 бұйрығы бойынша 2017 жылдың 22 желтоқсанында №79 негізгі мектебінде "Оқу мен оқытуда сабақ жоспарын тиімді құру және оны өткізу жолдары" тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге аймақ бойынша №26, №27, №30, №183, №113, №106, №199 мектептер қатысты.

"Оқу мен оқытуда сабақ жоспарын тиімді құру және оны өткізу жолдары" тақырыбындағы дөңгелек үстелінің негізгі мақсаты: Білім алушылардың ілгерлеушілігі мен үлгірімін қамтамасыз етуде біртұтас тәсілді қалыптастыру Мектептермен тәжірибе алмасу, оқу үдерісіндегі өзекті мәселелерді бірлесіп шешу Кәсіби қауымдастықты жетілдіру Мектепаралық табысты тәжірибелермен тәжірибе алмасу. Нәтижелері: Білім беру процесін тиімді жоспарлау мен ұйымдастыру.

Дөңгелек үстелге қатысушыларды мектеп директоры С. Әбікенова жылы лебізімен қарсы алып алдағы жұмыстарға табыстар тіледі. Қатысушыларға бағдарламамен 1, 2, 5, 7 сыныптарға дайындалған сабақ жоспары таратылды. Бағдарлама бойынша қатысушылармен мектеп психологы Г. Әбілтаева сәлемдесу және танысу тренингімен бастады. Тренингке қонақтармен қатар мектеп мұғалімдеріде қатысты. Тренинг мақсаты өзін-өзі тану, болашаққа мақсат қою болды.



Бағдарлама бойынша мектеп тренері І деңгейлі математика пәнінің мұғалімі А.Кәрібай "Мектеп басқаруда, мұғалімдер тәжірибесінде оқу мен оқытуда сабақ жоспарын тиімді құру және өткізу" таныстырылымында мұғалімдердің іс- тәжірибесін презентациялады.



Семинардың бағдарламасы бойынша бастауыш сынып мұғалімі С.Өтепова "М дыбысы мен әрпі" тақырыбында сауат ашу сабағын, ағылшын тілі пәнәнің мұғалімі Л. Қойшығұлова 1 сыныптағы ағылшын тілінен "Менің отбасым" тақырыбын, 2 сынып жетекшісі К.Асанова қазақ тілі пәнінен "И, й әрпінің жазылуы" сабағын, биология пәнінің мұғалімі Г.Бейісова 7 сыныптағы "Жапырақтың құрылымы мен қызметі. жапырақтың ішкі құрылысы" сабағы, орыс тілі пәнінің мұғалімі Н.Жолдыбаева 7 сыныптағы Дж Свифт "Путешествия Гулливера" тақырыбындағы сабағын презентациялады.





Сабақ жоспарында сабаққа негізделген оқу мақсаттары, бағалау критерийі, пәндік мақсаты, құндылықтарға баулу, пәнаралық байланыс, алдыңғы оқу, АКТ-ны қолдану дағдылары және сабақтың жоспарланған кезеңдері көрсетілген. Дөңгелек үстел барысында қатысушы мұғалімдер өз пікірлерінде жаңа бағдарламаның мақсаттылығы, үштілділікке баулу, сабақ барысындағы бағалау әдістерімен сабақтың өтілу барысын оң баға берді. өз іс-тәжірибелерінде қолданылатын құнды тұстарының бар екенін айтып өтті. Қорытынды сөзді мектеп директоры С. Әбікенова алып дөңгелек үстелге қатысушыларға табыстар тіледі.



Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары: А. Берсүгірова

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
05.06.2018
1303
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі