400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 12 материал табылды

ОҚУ МЕН ОҚЫТУДАҒЫ КЕДЕРГІЛЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқыту мен оқуда мүмкін болатын кедергілерді және оларды жою жолдарын анықтау, кедергілерді жеңудің стратегияларын ұсыну.
Материалдың қысқаша нұсқасы

КОУЧИНГ- САБАҚ  ЖОСПАРЫ


ОҚУ МЕН ОҚЫТУДАҒЫ КЕДЕРГІЛЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ


Жалпы мақсаты: Оқыту мен оқуда мүмкін болатын кедергілерді және оларды жою жолдарын анықтау, кедергілерді жеңудің стратегияларын ұсыну.

Күтілетін нәтижелер: Коучингке қатысушылар оқудағы кедергілер зияткерлік, әлеуметтік және эмоциялық сипатта болатынын және табысты оқытуға қол жеткізудің мәнін түсінеді. Мұғалімдер оқуда болатын кедергілерді анықтайды кедергіні жою жолдарын таба алады оны тәжірибелерінде қолданады. Білім берудің қажетті ауқымын стандартты жетілдірумен шектемей, одан әрі кеңейтеді. Оқушыларды оқу үрдісіне тартып, бағыттап бағдар бере алады. Оқыту мен оқуда жаңа идеялар табуға ынталанады.

Қосымша материалдар: Презентация, флипчарт, бейнеролик, маркер, стикер, түрлі-түсті парақтар

Оқыту әдістері: 1.Тренинг «Жұптасу»

2. Топқа бөлу.

3. Бейнеролик «Звезды на земле»

3. «Миға шабуыл»

4. Таныстырылым

5. «Фишбоун» әдісі

6. Сергіту сәті. «Жұбыңды тап»

7. Топтық жұмыс. Постер қорғау

7. Рефлексия «Сэндвич»


Коучинг барысы.


Бөлінетін уақыт

Коучтың іс-әрекеті

Қатысушылардың іс-әрекеті

5 мин

Жағымды психологиялық ахуал туғызу.

Мұғалімдер шаттық шеңберіне шақырып «Жұптасу» тренингі ойнатылады. Шарты: музыкамен билей жүріп, мұғалімдер жұптасады, шеңбер жасайды, фокустық ортада бір-біріне таратылған сөздерге байланысты педагогикалық ұстанымы, проблемалық тақырыбы оны шешу жолдарында қолданатын әдістері туралы айту.

Топқа бөлу. Оқу құралдары, АКТ құралдары, сурет-бейнелеу құралдары, музыкалық құралдарға байланысты сөздер таратылып, 4 топқа бөлінеді.

Шеңбер болып тұрады.

Мұғалімдер жұптасады бір-біріне педагогикалық ұстанымы, проблемалық тақырыбы оны шешу жолдарында қолданатын әдістері туралы айтады.

Тренинг алдында таратылып берген сөздерге байланысты өз ұстанымдарын байланыстырып, топтарға бөлінеді.

5 мин

Қатысушыларға кіріспе ретінде бейнефильм көрсетіледі. «Звезды на земле»

Бейнефильм көріп, талдау жасайды


3 мин

«Миға шабуыл»

1.Бұл бейнежазбадан қандай ой түйдіңіздер?

2.Фильмде негізгі мәселе не деп ойлайсыз?

3.«Кедергі» деген не? 

4.Оқытуда Сіз үшін кедергі болатын не? 5.Оқуда бала қандай кедергілерге тап болады?

«Оқу мен оқытудағы кедергілер және оларды шешу жолдары» тақырыбын жариялау.

Сұрақтарға жауап береді.

Ассоциация құрады




2 минут

«Ой қозғау»

Өз бойыңыздағы кедергілерді қағаз бетіне түсіріңіз.


Ақ параққа өз бойында қандай кедергілер бар екенін жазады, 3-4 мұғалімге оқуға мүмкіндік беріледі

2 минут

Таныстырылым көрсету

Коуч мұғалімдерге тақырып бойынша таныстырылым көрсетіп, мағлұмат береді

Мағлұмат алады

5-мин


Тапсырма№1     

«Фишбоун» әдісі бойынша жұмыс жүргізу. «Оқытуға әсер ететін факторлар» үлестірме таратылады.

«Фишбоун» сызбасы арқылы оқытудағы кедергілер мен шешу жолдарын, содан шыққан шешімді бейнелейді.

Нұсқау: Сіздер осы әдісті  сабақтың қай бөлімінде қолданар  едіңіз?

«Фишбоун» сызбасын толтырады, баяндамашы баяндама жасайды.



3 минут

Сергіту сәті. «Таяқшамен билеп, жұбыңды тап»


Артық адам таяқша арқылы билеп, музыка тоқтағанда жұбын табады.

10 минут

Тапсырма №2 Мәтін таратылады

1-топқа:Мазасыз Альма

2-топқа:Дәрменсіз Ханна

Мәтінді оқу талдау, оқушылардың оқуда қандай кедергіге тап болғанын, әлеуметтік, эмоциялық, зияткерлік деңгейде кездесетін кедергілерді анықтап, ондай оқушылармен қандай жұмыс жүргізу керектігін анықтау

Мәтінді оқиды, зерттейді,талқылап қорытындысын шығарады, постер қорғайды.

Әр топ бір стратегия ұсынады, өз ойларын айтып, талдау жасайды

«Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы топтар бірін-бірі бағалайды

5 минут

Тапсырма №3

«Оқушылардың оқуына әсер ететін факторлар» кестесін талқылау

Оқушылардың оқуына оң әсер ететін және оқу үдерісін айтарлықтай қиындататын факторларды анықтайды.

5 минут

Рефлексия.

«Сэндвич» әдісі.

Мен нені үйрендім?

Маған не қиын болып көрінді?

Не күрделі болды?

Мен енді нені үйренгім келеді?


Семинар туралы өз әсерлеріңізді, қалай болғаны жайлы айтып, пікірлеріңізді білдіресіздер, әрине, осымен бірге әріптестеріңіздің атына өз тілектеріңізді жолдайсыздар
Семинар аяқталды. Бәріңізге көп - көп рахмет айтамыз. Өздеріңізбен бірге жұмыс жүргізу үлкен ғанибет. Біз бүгінгі жұмысымызда алға қойған міндеттерімізді орындадық деп ойлаймын. Сіздерге кәсіби қызметтеріңізге табыс тілеймін кездескенше.


Мадақтау сэндвичі арқылы, яғни бірінші позитивті коментарий, екінші не нәрсені жақсарту керек, келешекке арналған коментарий бере отырып, кері байланыс жүргізуді жоспарлап отырмын.

Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазады



(Барлық қатысушылар шеңбер жасап түргеп тұрады)



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
3975
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі