Материалдар / «Оқу мен оқытудағы тиімді әдіс – тәсілдер»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Оқу мен оқытудағы тиімді әдіс – тәсілдер»

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге және жас мамандарға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Қазан 2018
500
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Күні: 12.04.2017ж.

«№12ЖББОМ» КММ

Маханова Марал Еслямбековна



Коучинг тақырыбы:

«Оқу мен оқытудағы тиімді әдіс – тәсілдер»


Ортақ мақсат:

Қатысушылардың тиімді әдіс-тәсілдерді сабақта қолдануға мүмкіндік жасау


Күтілетін нәтиже:

Мұғалім істей алады:

  • Сын тұрғысынан ойлай алады;

  • «Дананың кілттері» әдісін қорғап, талдап, түсінеді;

  • Бұл әдістерді сабақтарында тиімді қолдана алады



Ресурстар

Флипчарттар, стикерлер, маркерлер, қайшы, скотч, түрлі түсті қағаз, фламастер.


Кіріспе:

Тренинг: «Достық»

Қатысушылар кітаптарда жазылған әріптер бойынша бір біріне тілек айтады және сол әріптермен топтарға бөлініп, жайғасып отырады.


Қатысушылар шеңберге тұрады.

Тренер бүгінгі жиналған тақырып бойынша сұрақ қояды.

Қатысушылар ретімен өз ойларын бір сөзден айтып шығады.



6 мин

Проблемалық сұрақ

Әр топ бір проблеманы бұлтқа жазады, күннің суреті салынған

Әр топ өз проблемасын бұлтқа жазады.

3 мин

Негізгі бөлім: Топтық жұмыс «Дананың кілттері» әдісі

Топтық тапсырма:

1 топ: Суретпен жұмыс/ Қожанасыр /

2 топ: Мәтінмен жұмыс –Бауырсақ /сахналау/

3 топ: Әріптермен жұмыс /Кім көп ертегілер біледі?/

4 топ: Адамның миы және компьютер /жаңа өнім шығарады/

5 топ: Жаңа мұғалім моделі. /топта отырған адамдардың мүшелерін, киімдерін қолдана отырып/

Осы тапсырмаларды орындаған кезде кілттерді пайдалану керек.Әр топ өз педагогикалық тәжірбиелерінде осы әдіс тәсілді тиімді қолданылуын

Ұсынады

Топтық жұмыс

1 кілт-ключ-key «Керісінше» кілті – сөйлемде «істей алмаймын», «ешқашан» және «істемеймін» сөздерін пайдалануды көздейтін тапсырма

2 кілт-ключ-key «Жаңа дизайн» кілті (ағылшынның BAR аббревиатурасынан: (B - bigger) артық, (A - add) қосу, (R – remove, replace) алып тастау) – күнделікті заттарға жаңа дизайн беру үшін қолданылады.

3 кілт-ключ-key «Әліпби» кілті – берілген тақырыпқа қатысы бар сөздердің тізімін А-дан Я-ға дейін әліпби ретімен тізбектеңіз.

4 кілт-ключ-key «Конструктор» кілті – шектеулі құрылыс материалдарын креативтілікпен пайдалануды талап ететін мәселелерді шешу жөніндегі тапсырма.

5 кілт-ключ-key «Кемшіліктер» кілті – нақты бір пән немесе тәжірибелік сабақ бойынша кемшіліктер тізімін жасаңыз.

6 кілт-ключ-key «Тағы қалай?» кілті – күнделікті қолданылатын заттарды әртүрлі жағдайда пайдалану тізімін жазу үшін қиялыңызды пайдаланыңыз.

7 кілт-ключ-key «Қиыстыру» кілті – үйлеспейтін екі объектінің қасиеттерін санамалаңыз, одан кейін жаңа және жақсарған өнім жасау үшін осы қасиеттерді біріктіріңіз.

8 кілт-ключ-key «Жөнсіздік» кілті –орындауға болмайтын жөнсіз пікірлер айтыңыз, содан соң оны дәлелдеуге ұмтылыңыз


25 мин



Қорытындылау: «Модерация» әдісі


5 топқа стикерлер таратылады. Бұл тапсырмаға 3 минут беріледі.

Әр топ бүгінгі семинардан алған жаңа сөздерді, алған әсерлерін, көңіл – күйлеріңізді стикерге жазу керек. Әр топ көбірек сөз жазу керек. Бірінші аяқтаған топ бастайды. Қалған топтар айтылған пікірлерді қайталамайды. Аяғында түйінді сөз айтылады.

14 минут

Рефлексия: «Бос микрофон»

Мақсаты: Күннің көзін ашу.

Әр топтан бір адам тұрып пікірін айтады. Проблеманы шешеді. Қорытынды жасайды.

5 мин


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!