Тақырыбы: Оқу мен тәрбие – егіз.
Мақсаты: Бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орнының ерекше екенін
түсіндіру; ата-ана бойына өздерін тәрбиеші мұғалім ретінде қарауда
қызығушылықтарын дамыту; баламен дұрыс тіл табысуға, сөйлеу
мәдениетін үнемі қолдауға ой салу.
Тақтаға ұлағатты сөздер жазған парақшалар
ілінеді: «Таяқтау оңай, тәрбиелеу қиын»,
«Балақан өсіру — Балапан ұшыру емес», кестелер,
т.б.
Жиналыс барысы: (Ата-аналар үш топқа
бөлініп отырады)
Кіріспе сөз
Мұғалім: — Құрметті ата-аналар!Бүгінгі «Оқу мен тәрбие -
егіз»
атты жиналысына хош
келіпсіздер! Бүгінгі жиналысымыз 2
бөлімнен тұрады.1 бөлім. «Оқу инемен құдық қазғандай» деп
атадым. І тоқсандағы 2 «а»
класс оқушыларының оқу үлгерімі мен сабаққа қатысымы туралы
айтамын. 2 бөлім. «Адамның
бақыты балада» деп атадым.
І. 1 бөлім. «Адамның бақыты балада».
-
Сіздермен бас қосып пікір алысудағы мақсатымыз отбасындағы бала
тәрбиесін дұрыс жолға қою, білімге деген ынтасын арттыру. Сонымен
қатар ата-аналардың бала тәрбиесіндегі шешуі табылмай жүрген
мәселелер болса, ойымызды ортаға салайық деп отырмыз.Осы бөлімді
бастамас бұрын менің сіздерге қояр 1 сұрағым бар.
1.
Балаңызға үлгі болатындай бойыңыздағы жақсы бір қасиетіңізді айтып
берсеңіз?
(әр
ата-ана өзінің бір жақсы қасиетін айтады.)
ІІ.
«Ассоциация» жазу
Сіздер
әр отбастарыңыздың ұйытқысыздарысыздар. Өнегелі отбасы дегенді
қалай түсінесіз?
(үш
топқа бірдей)
Әр
топтың бір мүшесі қорғайды.
І топ.
Егер ата-ана өз еңбегімен, өмірге деген саналы көзқарасы, тек жақсы
қасиеттері арқылы сыйластықпен ғұмыр кешсе олар өз балаларына өнеге
бола алады.
ІІ
топ. Ата — ана өз баласына өнеге бола алады, егер өздері
білімді, тәрбиелі, жауапкершіліктері мол адамдар
болса.
ІІІ
топ. Ата — ана өз баласына үнемі қолдау көрсетіп, барлық істерін қадағалап, бағыт беріп отырса
нағыз өнегелі отбасы бола алады.
ІІІ. Педагогикалық ойын
-
Балаңыз сізді қуантқанда немесе ренжіткенде қандай сөз
айтасыз?
(Әр ата-ана өз
баласына мақтау немесе ұрысқанда айтатын өз сөздерін
жазады.)
Түйін
сөз:
- Мақтау баланың
көңіл-күйін көтереді, өзіне деген сенімділік
артады.
-
Егер
ата-ана баланы үнемі ұрсып, айыптап, балағаттап жатса онда ол
бұйығы, қатыгез, кекшіл болып өседі.
IV. Сөйлемді аяқтау. «Ой — өрісіңді
тексер»
І топ
1)
Егер баланы үнемі сынап отырса ............
(оқуға құлқы болмайды)
1) Балаға үнемі күлсе ................................
(бұйығы болып өседі)
2) Баланы қолдап отырса ...........................
(білімге деген ынтасы артады)
ІІ топ
1)
Баланы қолдап отырса .....................
(өз ісіне сенімді болады)
2) Бала төзімділікте өссе .................................
(адал болып жетіледі)
1) Бала қауіпсіз жағдайда өссе ..............................
(ол адамға сеніммен қарайды)
ІІІ топ
1)
Бала кекшілдікте өссе .............................
(ол қатыгез болып өседі)
2) Бала адалдықта өссе
...........................................
(әділ болып жетіледі)
3) Бала түсіністікте және сүйіспеншлікте өссе
........................
(бұл әлемнен махаббат табуға үйретеді)
(Әр
топтың бір мүшесі оқып береді)
V. .
«Біздің жанұя»
Қоғамда жанұяның 4 типі болады
екен. Жиналысқа қатысып отырған әр отбасының мүшелері өз
отбастарыңызды қай типке
жатқызасыздар?
Әмірлі
(авторитарлық)
Демократиялық (егемендік)
Бетімен жіберушілік
Рақымшыл жанұя
Сіздің
жанұя, жанұя типтерінің қайсысына жатады? (іштей ойланып, сіздің
жанұяңыз сіз таңдаған типте болғаны сізді қанағаттандыра ма?...
Өзгерткіңіз келмей ме? Қалай өзгертер едіңіз? Кімнің көмегі керек?)
Ұсынысыңыз, қосар пікіріңіз болса, рефлексия парағына жазып
қалдыруға болады.
Рефлексия парағы
Қай типті таңдадыңыз?
|
Өзгерткіңіз келе ме?
|
Кімнің көмегі қажет?
|
1
|
Иә
|
1) Отбасы
мүшелерінің
2) Психологттың
3) Мұғалімнің
4)Тағы кім?
|
Жоқ
|
VI
Білім сапасын көтерудегі ата — ана
рөлі
«Біреулер құдайдан бала тілейді».
Баланы не үшін өмірге
әкеледі?
(ата-ана ойы)
— Өлсем орнымды бассын, —
дейді.
— Артымнан құран оқысын, —
дейді
— Қартайғанда асырасын, —
дейді.
Осыдан
басқа бар ма?
— Сіз қалай ойлайсыз?
— Білімді, жан-жақты тәрбиелі болсын
т.б.
— Қандай білім алғанын қалайсыз?
— Сапалы білім
— Ал баланың сапалы білім алуы кімге
байланысты?
Олардың әрқайсысына қандай талаптар қойылады?
Талдау
-Сіздердің алдарыңызда күннің
шуағы, гүл күлтелері мен жапырақтары жатыр. Соларға сіздер білім
сапасын арттыру мен тәрбие алу үшін ата-анаға, мұғалімге, оқушыға
қандай талаптар қоясыздар. Соны
жазыңыздар?
(Әр
ата-ана өз талаптарын жазған соң,тақтада көктем бейнесі шығады.
)
Баланың сапалы білім алуы мұғалімге, балаға,
ата-анаға байланысты екенін талдадық, соның ішінде білім
негізі — стандарт талаптарын орындау, яғни күнделікті сабаққа
дайындалу кезінде оқушыға мұғалім мен ата-ананың көмегі,
қадағалауы, уақыт бөлуі міндетті түрде қажет.
«Тек
қана ата-аналармен бірге, жалпы күш-жігерді біріктіру арқасында
мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бағыт беруі мүмкін.»
В.А.Сухомлинский
Қорытынды
Жоғарыдағы даналық сөзге сүйенсек, мұғалімдер
балаларға үлкен адамдық бағыт беруі үшін тек ата-анамен бірігіп
жұмыс істеу керек екенін ескерткен. Сондықтан, балаңыздың тамағының
тоқтығы мен көңілінің көктігіне қарайтын, құр асыраушысы рөлінен
шығып, ендігі жерде, сіздің алдыңызда балаңыздың білім алу
жолындағы серіктесі, қиналғанда көмекшісі
болу міндеті тұр
деп бүгінгі жиналысымызды
аяқтағым келеді.
Қай типті таңдадыңыз?
|
Өзгерткіңіз келе ме?
|
Кімнің көмегі қажет?
|
|
Иә
|
1) Отбасы
мүшелерінің
2) Психологттың
3) Мұғалімнің
4)Тағы кім?
|
Жоқ
|
Қай типті таңдадыңыз?
|
Өзгерткіңіз келе ме?
|
Кімнің көмегі қажет?
|
|
Иә
|
1) Отбасы
мүшелерінің
2) Психологттың
3) Мұғалімнің
4)Тағы кім?
|
Жоқ
|
Қай типті таңдадыңыз?
|
Өзгерткіңіз келе ме?
|
Кімнің көмегі қажет?
|
|
Иә
|
1) Отбасы
мүшелерінің
2) Психологттың
3) Мұғалімнің
4)Тағы кім?
|
Жоқ
|
Қай типті таңдадыңыз?
|
Өзгерткіңіз келе ме?
|
Кімнің көмегі қажет?
|
|
Иә
|
1) Отбасы
мүшелерінің
2) Психологттың
3) Мұғалімнің
4)Тағы кім?
|
Жоқ
|
Қай типті таңдадыңыз?
|
Өзгерткіңіз келе ме?
|
Кімнің көмегі қажет?
|
|
Иә
|
1) Отбасы
мүшелерінің
2) Психологттың
3) Мұғалімнің
4)Тағы кім?
|
Жоқ
|
Қай типті таңдадыңыз?
|
Өзгерткіңіз келе ме?
|
Кімнің көмегі қажет?
|
|
Иә
|
1) Отбасы
мүшелерінің
2) Психологттың
3) Мұғалімнің
4)Тағы кім?
|
Жоқ
|
Қай типті таңдадыңыз?
|
Өзгерткіңіз келе ме?
|
Кімнің көмегі қажет?
|
|
Иә
|
1) Отбасы
мүшелерінің
2) Психологттың
3) Мұғалімнің
4)Тағы кім?
|
Жоқ
|
Қай типті таңдадыңыз?
|
Өзгерткіңіз келе ме?
|
Кімнің көмегі қажет?
|
|
Иә
|
1) Отбасы
мүшелерінің
2) Психологттың
3) Мұғалімнің
4)Тағы кім?
|
Жоқ
|
Қай типті таңдадыңыз?
|
Өзгерткіңіз келе ме?
|
Кімнің көмегі қажет?
|
|
Иә
|
1) Отбасы
мүшелерінің
2) Психологттың
3) Мұғалімнің
4)Тағы кім?
|
Жоқ
|