400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Оқу мен тәрбие үдерісінде оқушы бойына ұлттық құндылықтар жүйесін қалыптастыру" коучинг

Материал туралы қысқаша түсінік
"Оқу мен тәрбие үдерісінде оқушы бойына ұлттық құндылықтар жүйесін қалыптастыру" тақырыбы бойынша өткізілген коучинг
Материалдың қысқаша нұсқасы

Коучинг-жоспары

Информатика пәнінің мұғалімі

Хасенова Гульнур Толеухановна

Тақырыбы

Оқу мен тәрбие үдерісінде оқушы бойына ұлттық құндылықтар жүйесін қалыптастыру

Жалпы мақсаты

Мұғалімдердің оқу мен тәрбие барысында оқушы бойында ұлттық құндылықтарды сіңіру жолдарын қарастыру және тиімді әдіс-тәсілдерді меңгерту.

Күтілетін нәтиже

  • Ұлттық құндылықтардың оқушы тәрбиесіндегі рөлін түсінеді;

  • Өз тәжірибесінде ұлттық құндылықтарға негізделген әдістерді қолданады;

  • Ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген тұлға қалыптастыру жолдарын айқындайды.

Түйінді идеялар

Алған білім тәжірибелерден ой түйіндейді, тәжірибе алмасады.

Тыңдармандар аудиториясы

Бастауыш, математика, физика, қазақ тілі, орыс тілі, тарих пәндерінің мұғалімдері

Әдіс-тәсілдер

Топқа бөліну, кері байланыс.

Құрал-жабдықтар

Интерактивті тақта, ватман, стикер, маркер, түрлі-түсті қағаздар, кері байланыс парақшалары, түрлі - түсті шарлар (жасыл, қызыл, көк)

Дидактикалық материалдар

Ғаламтор сайттары, презентация, бейнетаспалар.


Уақыты

Коучтің іс-әрекеті

Тыңдаушы іс-әрекеті

Психологиялық ахуал /2мин/

Сәлемдесу: Келген әр қатысушыға амандасып және ризашылығымды білдіремін.

Қатысушылар шеңбер құрып тұрып, өз есімдерін айтып, ұлттық құндылыққа жататын бір ұғымды қосып айтады (мысалы: "Менің атым ... , мен үшін ұлттық құндылық -қонақжайлылық").

Барлық ұстаздар айтып болған соң, екі топқа бөлініп отырады. (6 мұғалімнен)

Топқа бөлу: Оюдың түрлері арқылы екі топқа бөлінеді.

Комплимент тренингі







Мұғалімдер ою түрлері арқылы топқа бөлінеді

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру/3мин/

Ұлттық құндылықтар бойынша слайд көрсетіледі.

  • Ұлттық құндылық түрлері (тіл, діл, дәстүр, өнер, салт-дәстүр, адамгершілік т.б.);

  • Ұлттық құндылықтардың оқушы тәрбиесіндегі маңызы;

  • Заманауи сабақта қолдану жолдары

Бейнетаспаны талдау

Білу, түсіну /3 мин/

Мұғалімдерге сұрақ қойылады:

Сұрақтар бойынша жеке жұмыс:

  • Ұлттық құндылық дегеніміз не?

  • Сіз өз сабағыңызда қандай ұлттық құндылықтарды қолданасыз?

Мұғалімдер сұрақтарға жауап бере отырып, өз ойларымен бөліседі.

Қолдану, талдау /6мин/

Әрбір топ ерекше бір ұлттық құндылыққа мәтін жазу.

Топ ішінде ерекше мәтін жазады.

Жағдаяттық тапсырма /5 мин/

  1. Сыныпта ұлттық мереке туралы білмейтін оқушы бар, не істейсіз?

  2. Балалар ұлттық киімге қызықпайды, қалай қызығушылығын арттырасыз?

  3. Сабақта ұлттық ойындар оқушыларға қызықсыз, не ұсынар едіңіз?

Әр топқа жағдаяттан шығу сұрақтары беріледі.


Сергіту сәті

«Оюлар биі» қазақша оюлар / Сергіту сәті

Оюларды қимылмен көрсетеді

Жинақтау /5мин/

Әр топқа ұлттық құндылықтардың бір бағыты беріледі (мысалы: салт-дәстүр, ұлттық өнер, ұлттық тағамдар).
Міндет: Тақырыпқа байланысты ұлттық құндылықтарды оқушы бойына сіңіруге арналған бір сабақтан тыс іс-шараның жоспарын құрып, оны флипчартқа түсіреді. Кейін қорғап шығады.

Тапсырманы орындайды.

Кері байланыс /3мин/




Кері байланыс парағын толтыру.

Бұл жерде әрбір тыңдаушы өтілген коучинг жұмысына, коучке кері байланыс жазады.

Қатысушыларға қағаздан қиылған кішкентай "қазына сандықтары" таратылады. Олар бүгінгі коучингтен алған ең құнды ойларын сол "сандыққа" жазып, ортаға салады.

Коуч ұсынған кері байланыс парақшасын толтырады.



Бағалау /3мин/

2 жұлдыз, 1 тілек әдісімен бағалау

Әр топ бір-бірін бағалайды.










Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
30.03.2025
302
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12