жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Оқу менің еңбегім. 5-сынып
Бекітемін _____________Б.Мұратбайқызы
«____»______________________
Пән: Өзін – өзі тану
Мектебі: ____________________
Күні: _17.10.2018ж
№: 7
Мұғалімі:
Сыныбы: 3г
Оқушылардың саны:
Тақырыбы: Оқу – менің еңбегім.
Құндылығы: Ақиқат
Қасиеттері: Тек жақсы және қажет заттарды ғана айту, басқалардан жақсылықты іздеу, кішіпейілдік.
|
Ескертулер
|
Сабақтың барысы:
Тыныштық
сәті.
«Нұрға бөлену».
1. №6 – сабақ. 5 – тапсырманы орындау. 2. Келесі сабақ. №7, «Кел, балалар оқылық!» өлеңіноқып келу. Сұрақтар: 1. Оқу адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар? 2. «Ықыласпен тоқу» дегенді қалай түсінесіңдер? 3. Сенің оқудағы мақсатың қандай? |
|
Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ. Халық нақылы Сұрақтар: 1. Оқуға құштар адамның бойында қандай қасиеттер болу керек? 2. Білімді адамның болашағы қалай болады деп ойлайсыңдар? 3. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз? |
|
Қарқын Қ.Толыбаев
Бір күні тал түсте демалу үшін үлкен ағаштың көлеңкесіне жиналып отырған бір топ адамдардың үстіне Әбунасыр келіп қалады да: – Жұмыстарың қарқынды болсын, жігіттер! – деген тілек айтады. Данышпан ғұламадан жақсы сөз, жылы лебіз естіп, құштарланған жігітердің біреуі: – Мәртебелі ұстаз, – дейді зор ілтипатпен. Бізге анықтап түсіндіріп беріңізші, қарқын деген не? – Әбунасыр көлеңкеге тоқтап, малдас құрып отырады да, әлгі жігіттердің бетіне күле қарап, жауап қайырады: Қарқын – адамның жасаған әрекетінің нәтижелі болуы үшін өзінің күш-қайратын іркімей жұмсап талпынуы. – Ал әрекет неден пайда болады? – Әрекет – білуге құштарлықтың, білімді болудың түп қазығы. Адам өз әрекетінің нәтижесіне тек білім арқылы жете алады. Отырғандар ғұламаның сөзі көкейлеріне қонғандай, ойға шомып қалысты.
|
|
Оқушылар үш топқа бөлінеді. 1 – топ: «Білім» 2 – топ: «Талап» 3 – топ: «Еңбек» Тапсырма: Оқушылардың ата-бабалар сөзін тыңдап,жадында сақтап,өмірде қолдану қажеттігін түсіну мақсатында тапсырма беру: дәптерде берілген ақын М.Әлімбаевтың өнегелі батасын аяқтап жазыңдар. Дер
кезінде тамақтан, Керек сөздер: сабақтан, бейімді, дәптерің, беске, озық. |
|
6. Топпен ән айту. «Ұстазым»әні 1.Әліппеден басталған, Келгенімді мектепке. Ұстаз маған жол ашқан, Оқу ,білім,өнерге. Асығамын мектепке, Көңілім бар қуанған. Бақыттымын бүгін мен, Ұстазыма ұқсаған. Қайырмасы: Ұстазым ағайым,ұстазым апайым Үлгілі шәкіртің болайын. Анамдай,әкемдей ұстазым,ұстазым Өзіңе арналған осы |
|
6. Үй тапсырмасы. 1. №7 – сабақ.1 – тапсырманы орындау. |
|
7. Сабақтың қорытынды сәті. Тыныс алуға зейін қою. Баяу музыка қойылады. Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз. Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады... Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет)немесе1..................2 [3]. Рахмет! Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық. |
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген