оқу қызметі 1 желтоқсан тұңғыш Президент күні.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

оқу қызметі 1 желтоқсан тұңғыш Президент күні.

Материал туралы қысқаша түсінік
1 желтоқсан Президент күні ашық оқу қызметі. балаларға президент туралы оның жасаған еңбегі туралы айту.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Тақырыптық оқу қызметі

Күні:29.11.2021ж

Тақырыбы: « Елбасы –ел тірегі»
Білім беру саласы:Шығармашылық,Қатынас

Ұйымдастырылған оқу қызметі:Кіріктірілген оқу қызметі

Мақсаты: Жас ұрпаққа президентіміздің сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенің таныту. Өз Отанын,туған жерін сүюге,қорғауға,құрметтеуге тәрбиелеу.

Мотивациялық-Қозғаушылық
Тәрбиешінің іс-әрекеті: Балалар, қараңдаршы, біздің сабағымызға қонақтар келіп отыр. Кәне балалар, қонақтармен амандасайық.(шаттық шеңбер)

Ұйымдастыру кезеңі

Сұрақ-жауап алу.

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?(күз мезгілі)

-Күз мезгілі біткен соң қай мезгіл келеді?(қыс мезгілі)

-Қыс мезгілінің алғашқы күні бізде үлкен мереке болады.Ол мереке біздің елбасымыздың құрметіне арналады.

1-ші желтоқсан күнін президент күні деп атайды

Гимн орындайды.

-Сендер елбасымызды білесіңдерма?

-Ал,балалар мына суретке назар аударайық

Бұл кім?(Н.Ә.НАЗАРБАЕВ) ия бұл біздің тұңғыш президентіміз

-Ал екінші суреттегі қазіргі біздің елбасымыз Қасым Жомарт Тоқаев

-Балалар сендер қай елде тұрасыңдар?(Қазақстан)

Әр елдің өз елбасы болады.Біздің де елдің елбасымыз бар,астанамыз бар,Біздің елбасымыз Нұрсұлтан қаласында тұрады.

-Балалар бүгін мен сендермен бірге сол бас қаламыз Нұрсұлтан қаласына саяхатқа апарғым келіп тұр.Ол жерде біздің Елбасымыздың отыратын Ақордасы бар.

-Сендер саяхатқа шыққанды ұнатасыңдарма?(ия)

Олай болса мен сендермен бірге бас қаламыз Нұрсұлтанға саяхатқа барғым келіп тұр.Бірақ бару үшін бізге көлік қажет

Қандай көлікпен барсақ тез жетеміз(Отарба)міне отарба көлігі де келіп қалыпты,ондай болса отарбаға отырып жолға шығайық.(балалар бір бірінің артына тұрып вагонга мінген кейіп келтіреді)

-Жолға шығуға дайынбыз ба?

- міне Нұрсұлтан қаласына да келіп жеттік.
Балалар Астанамыз Нұрсұлтан қаласында тұрғанда біздің елбасымызға арнаған тақпақтарыңызды айтып берейік
Әмина:
Ел басымыз жолдайды
Халық оны қолдайды
Ешқашанда орынсыз
Шешімдері болмайды
Кәрімжан:
Ел басы елді қорғайды
Халық қамын ойлайды
Осындай жақсы адамның
Жақсылығы тарайды.
Нұрай:
Бағдарлап елдің ертеңін
Тыныштық тауып жатпаған
Болашақ үшін тер төгіп
Үмітін елдің ақтаған
Тәрбиеші: Балалар біздің де қайтатын уақытымыз келіп қалыпты апаймен Нұрсұлтан қаласымен қоштасып Алматы қаласына жолға шығайық.

Міне балалар ауылымызғада жеттік.Жолдан шаршап кеттік Бір сергіп алуымыз үшін сергіту сәтін орындайық
Сергіту сәті:
Бала бала балапан

Кане қайсы алақан

Саусақтарың әйбат

Былай былай ойнат

Бір қадам алға басамыз

Алақанмен соқ соқ соқ

Бір қадам артқа басамыз

Аяқпенен топ топ топ
Шығармашылық жұмыс:Балалар біз Нұрсұлтан қаласынан нені көрдік айтайықшы(бәйтерек)

Ия ендеше балалар біздің көрген әсем ғимаратымыз Бәйтеректің суретін дәнді дақылдарымыз арқылы әсемдеп шығайық.

Дидактикалық ойын:«Көркейтемін елімді»

Ойын шарты:Тақтаға Қазақстан картасы бейнеленген сурет ілінеді,Балалар үстел үстінен суреттерді таңдап алып Қазақстан картасы бейнеленген суретке орналастырып сурет бойынша тілегін айтып жабыстырады.

Соңында тәрбиеші Еліміздің осындай көркем бақытты болашағы болсын деп қорытындылайды.

Осымен оқу қызметіміз аяқталды. Орнымыздан тұрып,келген қонақтарды шығарып саламыз.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.12.2021
345
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі