400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 23 материал табылды

Оқу қызметі "Ғажайып қыс"

Материал туралы қысқаша түсінік
Қыс мезгілінің ерекшеліктері туралы түсінік беру; Балаларға қысқы ойындар туралы түсіндіріп, қызығушылықтарын түсіндіру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін:__________


Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Күні: 4.01.2018ж

Тобы: "Балапан", "Ботақан"

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі : Музыка

Тақырыбы:"Ғажайып қыс"("Қыс өрнегі")

Мақсаты:Қуыршақ кейіпкерлері арқылы музыкаға қызығушылығын арттыру.Қыс мезгілі туралы балалармен әңгімелесу. Әнді сезіммен, нақышына келтіріп айтуға, әуенді тыңдап, әңгімелей білуге үйрету жалғастыру.

Көрнекілік: «Қысқы ойындар» суреті, маракас, бубен, барабан, қоңырау аспаптары.

Сөздік жұмыс:Шырша, полька, вальс


Әрекет кезеңдері

Музыка жетекшісінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

«Полька» әуені орындалып, балалар шеңбер бойымен полька жүрісімен секіре басып жүреді.Польканың адымын жеңіл секірулерін қадағалап, үйрету.Балалардың назарын далаға аударып, қыс мезгілінің ерекшеліктерін әңгімелеу.

Бір аяқтан келесі аяққа әуен ырғағымен жеңіл секіреді. Ұлдардың қолдары белдерінде, қыздар көйлек етектерін ұстайды. Далаға қарап, қысқы табиғат құбылыстарын әңгімелеуге тырысады.

Ұйымдастыру-іздену

Ән тыңдау: «Бұл қай кезде болады?» «Қыс» Б.Ерзакович.

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Қыс несімен ұнайды?

-Қыста қандай мерекені тойлаймыз?



Дауыс жаттығуы:

Жоғарыға шығамыз,

Төмен қарай түсеміз.

Ән айту: «Қыс қызығы» (Ө.Өтетілеуов, И.Нүсіпбаев)

Әнді айтар алдында ережені есте сақтап, дыбысты таза айтуға үйрендіңдер. Ән орташа екпінде, жеңіл, көңілді орындалады.

Әуенді қимыл – қозғалыс: «Ұлпақарлар биі». Биді түсті таспалармен орындайды. Қолдарына жылтырақ қағаз ұстайды. Аяқтың ұшымен жеңіл жүгіріп, шеңбер бойымен ортаға жиналып, кері қайтып, тұрған орындарында айналады. Ортаға жиналғанда қолды жоғары көтеріп, кейін қайтқанда қолды түсіреді. Айналғанда қолды екі жаққа жаяды.

Музыкалық аспапта ойнау: Қазақтың халық әні «Сәулем - ай». Ұрмалы аспаптармен әуенге қосылып, бір кезде бастап, ырғақты дұрыс ұстау. Жетекшінің қимылын бақылау, бірдей бастау, аяқтау.

Балалар әнді тыңдап, қыс туралы әндерді қызығушылықпен қабылдайды.

Балалар әнді бар ынтасымен тыңдап, ән мәтінін түсінуге тырысып, әңгімелеп береді.

Дауыс жаттығуын бірге бастап, бірге аяқтайды, тыныс алуды, созып айтуды үйренеді.


Ән өте көңілді.



Балалар өздері білетін би қимылдарына қоса әнге лайықты қимылдарыды ойлап табады.



Балалар музыкалық аспаптарды қолдарына алып, әуен ырғығына сай орындайды.



Балалар ойынға белсене қатысып, қызықты әсер алады.


Рефлексивті

Түзету

Сонымен бүгін жылдың қай мезгілін әңгімелейік? Қандай ән тыңдадық? Ән сендерге ұнады ма? Қыс туралы қандай тақпақ, жұмбақ, халық болжамдарын білесіңдер?

Қыста суық, аяз болады.Біз қалың киім киеміз.Қардан аққала жасаймыз.

Қорытындылау, Балалрды мадақтау, марапаттау.


Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Түрлі сипаттағы әнді сезіне тыңдауды, әнді сипатына сай мәнерлеп, анық айтуды.

Қандай түсініктерді игереді:Музыкалық ойын әркеттерін әуенмен көрсетуді, би қимылдарын ойлап табуды.

Жасау керек:Әуенге ілесе таныс би қимылдарын еркін жасауды.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 қараша
340
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі