400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Оқу қызметі Мамандықтар

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақша тәрбиешілеріне арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Оқу қызметі

Күні_____________

Білім беру саласы: Коммуникация

Оқу қызметі түрі: Табиғат әлемі

Апталық тақырып: Мамандықтар

Мақсаты, міндеттері:

Білімділік: Әртүрлі мамандық иелері туралы түсінік беру;

Дамытушылық: артикуляциялық, тыныс алуын, ұсақ қол моторикасын, фонематикалық естуін, есте сақтауын дамыту.

Тәрбиелілік: барлық мамандық иелерінің жұмыстарын қадірлеуге үйрету.

Технологиялық қамтамасыз ету: айна, бинт, тіл жаттығулары суреттері мамандықтар суреттері, дидактикалық ойындар.

Әдіс-тәсілдер: ойындар, жаттығулар, сұрақ-жауап

Оқу қызметі барысы

І.Кіріспе

Шаттық шеңбері:

“ Біз кішкентай баламыз,

Еркін өсіп толамыз,

Күнге қарай талпынып,

Көкке қанат қағамыз.

Әлемдегі бар адамға

Біз жақсылық тілейміз”.

ІІ.Негізгі бөлім

Суретпен жұмыс.

-Балалар мына суретте бізді ауырып қалсақ емдейтін, әдемі киім тігіп, дәмді тамақ пісіретін адамдарды көріп отырмыз. Бұл адамдардың барлығын бір сөзбен мамандық иелері дейді. Мамандық дегеніміз – адамның еңбек қызметінің түрі.

Тосын сәт: “ Бізде қонақта ”

Бізге қонақтар келе жатыр екен. 1. – Бұл кім?

– Дәрігер не істейді?

– Қалай емдейді?

Дәрігер туралы кім тақпақ айтады?

Мен дәрігер боламын,

Үлкеннің де баланың,

Қиналғанда қасына,

Бірінші боп барамын.

Кішкене әлі баламын,

Таудай менің талабым.

Ақ халатты абзал жан,

Мен дәрігер боламын.

2. Жұмбақ шешу арқылы келесі қонақты шақырады.

Тәп – тәтті тамағы,

Астардың маманы.

Бұл кім балалар? /Аспазшы

Аспазшы өзі туралы тақпақ айтады.

Әзірлеп дәмді тамақты.

Торт пенен құймақты.

Пісірген түрлі тоқашты.

Мен аспазшы боламын.

3.Тігінші келеді.

–Мен тігіншімін. Адамдарға киім, көрпе — төсек тігемін. Маған тігінші болу ұнайды. Мен өз жұмысымды жақсы көремін.

“ Кімге не қажет? ” ойыны.

Бұл ойында үйлестірмелі материалдар таратылып, мамандарға қажетті құралдарды табу керектігін айтады.

 “ Адасқан мамандар” ойыны.

Адасқан мамандардың орнына қажетті мамандарды тауып айтуды ұсынады.

ІІІ. Қорытындылау

Оқу қызметін қорытындылау үшін “Сиқырлы дорба ”дидактикалық ойынын ойнатады.

–Дорбадан қандай заттар алғанын, өскенде кім болғысы келетінін сұрайды.

Бәріміз бірге: 
Маңдайдан тер тамшылап. 
Ар-намысты қамшылып, 
Болам деймін еліме, 
Тірек болар-
Азамат! 

Балаларды мадақтап, ұйымдастырылған оқу қызметін аяқтайды.





Күтілетін нәтиже:

Біледі: Әр маман иесінің немен айналысатынын.

Игереді: Мамандықтарға қажетті құрал – жабдықтарды және ол мамандықтардың не үшін қажеттілігін.

Меңгереді: Тақырыпқа байланысты сөйлем құрауды.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 қаңтар
504
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі