400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Оқу қызметі "Табиғат бұрышындағы еңбек"

Материал туралы қысқаша түсінік
Топтағы табиғат бұрышы туралы түсінік беру, тірі табиғатқа қамқор болуға үйрету; Гүлдерге су құю, оларды кұту ережелерімен таныстыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін:


Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

«Нұрбалапан» бөбекжайы МКҚК


Тәрбиеші: Ердина А.Е

Күні, айы, жылы: 24.09.2021ж.

Тобы: «Ертөстік» ортаңғы тобы

Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: Жаратылыстану

Тақырыбы: «Табиғаттың ғажайып әлемі» Мақсаты: Табиғат жайлы жан-жақты әңгімелесу. Балалардың табиғат жайлы ұғымдарын тиянақтау. Табиғатта болатын таңғажайып құбылыстарды бақылай білуге үйрету. Алдын ала жүргізілетін жұмыстар: серуен кезінде күзгі табиғатты бақылау, Әдіс – тәсілдер: көрсету, әңгімелеу, сұрақ-жауап, мадақтау. Қажетті көрнекі құралдар: күз мезгіліне байланысты сурет, Билингвалдық компонент: күз - осень , жаңбыр – дождь,күн - солнце .

Қызмет кезеңдері

Тәрбиешінің қызметі

Балалардың қызметі

Себепті қызығушылығын

ояту кезеңі

Жылулық шеңбері:

Армысың, алтын күн,

Армысың, ашық аспан!

Армысың, Жер ана,

Армысың достарым!

Тосын сәт:

- Балалар, бізге қонаққа кірпі келіп отыр. Бүгін біздің балабақшаға ормандағы тиіндер бірлестігінен хат келген екен, сол хатты кірпі бізге ала келіпті.

- Хатты ашып оқып көреміз бе?

- "Сәлеметсіндер ме, балалар!"

Тиіндер бірлестігінде үлкен жиналыс болды. Қыс мезгіліне азық дайындауға ерте ме әлде кеш пе, білмей тұрмыз. Кейбір тиіндер әлі ерте дейді. Біреулері уақыты келді дейді. Біз не істерімізді білмей тұрмыз. Балалар, бізге сендердің көмектерін керек. Айтыңдаршы орманға қыс мезгілі қашан келеді?"

- Тиіндерге көмектесеміз бе?

Балалар жартылай шеңбер болып тұрады.

Қолдарын жоғары көтереді Қолдарын төмен түсіреді бір-бірімен жылы амандасады.


Қуана қарап, амандасады.


Хаттың ашылғаның тағаттана күтеді.


- Иә



Мұқият тыңдайды




- Иә, көмектесеміз

Ұйымдас-

тырушылық

ізденіс кезеңі

- Балалар, сонымен қыс мезгілі қашан келеді екен?

- Дұрыс, күз мезгілінен кейін қыс мезгілі келеді, сондықтаң қыс мезгіліне әлі ертелеу.

- Балалар, мен сендерге бір жұмбақ жасырғым келіп отыр.

Жұмбақ шешеміз

Жауып жаңбыр

Жер сабыр,

Шөп жапырақ солады,

Бұл қай кезде болады?

(Күз)

- Дұрыс, бұл жұмбақта күз мезгілі туралы айтылған.

- Балалар, тілімізді жаттықтырып алайық.

За-Зә-Зу-Зе

Са-Со- Су-Сә

Ыз-ыз-ыз, Анар- сүйкімді қыз.

Үс-үс-үс, көрдім жақсы түс.

Сабана түс, төменге түс,

Қандай ашық түс!


Билингвалдық компонент: күз – осень, жаңбыр - дождь, күн - солнце

- Жарайсыңдар, бойымызды сергітіп алайық.

Сергіту сәті:

Ұшып - қонып жапырақтар

Жайылып жерге түседі.

Қызыл, сары, жапырақ,

Желмен ойнап ұшады.


- Балалар, суретке қарап әңгімелеп беріндер.

- Суретте қан жыл мезгілі бейнеленген?

- Қыз бала неліктен қолына қолшатыр ұстап тұр?

- Жерге түсіп жатқан жапырақтардың түстері қандай?

- Жарайсыңдар, мен сендермен "Дәмін татып, атын айт" деп аталатын ойын ойнағым келіп отыр.

- Ойын ойнайсыңдар ма?

Ойынның шарты:

Балалар, алдарындағы үстелдің үстіңде: жуып, туралған, таза тәрелкеге салынып, беті жабылған жемістер тұр.

- Қазір мен ортаға бір баладан шақырып көздерін байлап, қасықпен ауыздарына жемістерді саламын.

- Ол бала дәмін татып жемістердің атауын атайды.

- Балалар, ренжіспей ойнайық, себебі ортаға бәрінізді кезекпен шақырамын.

- Ойын сендерге ұнады ма?



- Күз мезгілінен кейін келеді.


Тыныш отырып, тыңдайды .








- Күз мезгілінде



За-Зә-Зу-Зе

Са-Со- Су-Сә

Ыз-ыз-ыз, Анар- сүйкімді қыз.

Үс-үс-үс, көрдім жақсы түс.

Сабана түс, төменге түс,

Қандай ашық түс!- деп қайталайды.

Қайталайды: күз - осень , жаңбыр - дождь, күн - солнце.

Қолдарын жоғары, төмен сермейді,

Білектерін ирелендейді,

Айнала жүгіреді.

Назарларын суретке аударады.

- Күз мезгілі бейнеленген.

- Себебі жаңбыр жауып тұр.

- Сары, қызыл түсті.

- Иә, ойнаймыз






Ойынның шартын мұқият тыңдайды.



Ортаға шығады дәмін татқан жемісті сипаттап, атауын айтады.

- Иә, өте ұнады.




Іс – әрекеттің бағалау кезеңі

-Жарайсыңдар, бәріңіз де өте жақсы еңбектендіңдер.

-Тиіңдерге арнап дайыңдаған саңырауқұлақтарыңызды себетке салып, кірпіден беріп жіберейік.

Кірпімен қоштасайық.

-Балалар, сендер қалай ойлайсыңдар тиыңдар қысқыға азық дайыңдап үлгере ме?

-Біз қандай жыл мезгілі туралы әңгімеледік?

-Күз мезгілінде қандай өзгерістер болады?

Күз мезгілі сендерге ұнайды ма?

Жұмыстарын жақындап көрсетеді.


Саңырауқұлақтарды себетке салады.

-Сау бол, Кірпі!

- Үлгіреді, себебі қысқа дейін уақыт бар.


- Күз мезгілі туралы әңгімеледік.

- Жаңбыр жауады, күн суытады.

Түрлі жауаптар айтады.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: сурет мазмұнына сәйкес әңгіме құрауды, күз мезгілінің ерекшеліктерін біледі.

Қандай түсініктерді игерді: "Бірлестік", "Азық" "Жапырақ солады" деген түсініктерді игерді.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: байланыстырып сөйлеу дағдыларын меңгерді.









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
12 қараша
843
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі