400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Оқу қызметін ұйымдастырудағы уақыттың тиімділігі

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақша тәрбиешілеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Қуырмаш» тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

технологиялық картасы

Мерзімі: 15.02.2018
Білім беру саласы:
Коммуникация
Бөлімі:
Көркем әдебиет
Тақырыбы:
Электротехника құралдары
Мақсаты: Жұмбақ шешу арқылы тақырыпқа бағдар жасай білуді, оларды суреттерден танып, мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру біліктерін бекіту,электротехника құралдары жайында кеңінен ақпарат беру.
Көрнекі құралдар: Тақырыпқа сай электротехника  суреттері.
Алдын ала жұмыс:
сұрақ – жауап, дидактикалық ойын.
Сөздік жұмыс:
тоңазытқыш.шаңсорғыш,қысқа толқынды пеш,үтік.
Билингвальды компанент:
тоңазытқыш-холодельник,шаңсорғыш-пылесос,қысқа толқынды пеш-микровольновый печь,үтік-утюк.

Іс-әрекет кезеңі


Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті


Мотивациялық - қозғаушылық

Шаттық шеңбері
Қайырлы күн жақсылар,қайырлы күн бәріңе!
Добрый день друзья!
Good morning,good morning
Good morning to you!
Good morning,good morning
I m glad to see you!

Балалар шаттық шеңберіне тұрып қимылмен көрсетеді.

Ұйымдастырушылық - ізденістік

Жұмбақтар шешу:
Кино менен концертті,
Үйде қойып беремін,
Жаңалығын бар елдің
Өз көзіммен көремін.

Тоққа тисе мұрты ұзын,
Табанымен жазық,
Киімдердің қыртысын
Береді тез жазып.

Іші салқын,мұзы бар,
Күннен қашқан қой сынды,
Жылыда тез бұзылыр,
Барша тағам тығылар.


Шаңның бәрін сорады,
Үйді айнадай қылады.

Жуады тап-таза етіп киіміңді,
Айтшы осы үйде тұрар бұйымыңды?


Алдарында жатқан суреттерді жауап ретінде көрсетіп отырады.
-Балалар теледидар не үшін керек деп ойлайсыңдар?


-Кір жуғыш машинаның қызметі қандай?Кім айтып бере алады?


-Тоңазытқыш не үшін керек?


-Үтік не үшін керек?




Балалар біз осы техника құралдарын пайдаланғанда қауіпсіздік техникасы туралы не білеміз?
-Жаңа атап өткен электротехникалардың біреуінің де тоқ қуатынан айыруға болмайды,өйткені ток соғып кетеді,ол өте қауіпті!
-Су немесе ылғал қолымызбен жақындауға болмайды!Ол өмірге қауіп төндіреді.
-Ең бастысы үлкендердің рұқсатынсыз қолдануға болмайды!

Олай болса алдарыңдағы суреттен
«болмайды» деген белгіні көрсете қояйық!
1-тапсырма:Бөлшектерден электротехника құралдарын құрастыру.
Мақсаты.Балаларды шапшаңдыққа,алғырлыққа баулу.
Дидактикалық ойын:
«Қай зат қайсына тән?»
Мақсаты:
балалардың логикалық қабілетін дамыту.
Шарты:
қай заттың қай нәрсеге тән екенін табу.Мысалы:мыжылған шалбар-үтікке.
2-тапсырма: «Үлкен үй»
Мақсаты:
Балалардың оқу іс-әрекеті тақырыбын терең түсінуге көмек беру.Берілген үй макеттеріне орын-орыны бойынша орналасқан тұрмыстық техникаларды ток қуатымен байланыстыру.

-Теледидар

-Үтік


-Тоңазытқыш.





-Шаңсорғыш


-Кір жуғыш машина



-Жаңалық,кино,
мультфильм,концерттер көру үшін.
-Кір жуғыш машина киімді жуады,одан хош иіс шығарады,кептіреді,үйде анамыз қолданады.
-Тағамдар бұзылып,иісі шығып кетпеу үшін.Анамыз үйде оның ішіне ет,сүт басқа да тәтті дәмділерді сақтайды.
-Киімдердің қыртысын кетіру үшін,киімдерді үтіктегеннен кейін кигенде теп-тегіс болып тұрады.

Балалар мұқият тыңдайды.

Жапсырып шығады.


Тапсырманы орындайды.




Ойын шарты бойынша ойналады.



Тапсырманы орындайды.

Рефлексиялық - түзетушілік

-Қандай тақырыппен таныстық?
-Бүгінгі тақырып ұнады ма?
-Олай болса қолымызбен белгі береміз!
-Қауіпсіздік ережесін есімізде сақтаймыз ба?
-Ендеше қонақтарымызды шығарып салайық!

-Электротехника құралдары.
-Иә
«Ок»белгісін көрсетеді.
-Иә ұмытпаймыз!
-Сау болыңыздар!



Күтілетін нәтиже:


Біледі:
Электротехника құралдарының адам өміріндегі маңызын;
Игереді:Аталған құралдарға үлкеннің рұқсатынсыз жақындамауды,басқармауды;
Меңгереді:Электротехника құралдары туралы жұмбақтарды шешуді;

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 қараша
472
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі