400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Оқу сағаты "Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш"

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сынып мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні:

Сынып: 1 Б

«Теміртау қаласы №3 ЖББОМ»КММ

Бастауыш сынып мұғалімі: Шотка Ганибат

Сабақтың тақырыбы

Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.2 Мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтау

2.1 Оқу түрлерін қолдану

1.8 Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту

Сабақтың мақсаттары

Барлығы: Жаңа білімді меңгереді.

Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.

Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.

Жетістік критерийлері

Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Өнер, ана тілі сабағы

АКТ қолдану дағдылары

Тілдік құзыреттілік


Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

минут

Ойға толып санамыз,
Бестік болып бағамыз.
Баласындай бір үйдің
Тату болсын арамыз.

Көңіл күй сыйлайық:
1 топ: Бір-бірімізге күннің шуағын,
2 топ: Аспанның ашықтығын

3 топ: Судың тазалығын,

Бәрі бірге: Сыйлаймыз!!!

Ширату: Жұмбақ шешеміз.

1.Торын құрып қояды,

Шыбындарды жояды. (өрмекші)

2.Екі басы жұдырықтай,

Ортасы қылдырықтай. (Құмырсқа)

3.Құйқылжытып дала күйін,

Үй ішіне салады үйін. (Қарлыгаш)

Олай болса бүгін Ы.Алтынсарин атамыздың «Өрмекші, қарлығаш, құмырсқа» әңгімесін оқимыз.


Шаттық шебері






Сабақтың ортасы

минут



Кіріспе: Ы. Алтынсарин – балалар әдебиетінің атасы. Бүкіл өмірін қазақ балаларын оқытуға арнаған. Сол мақсатпен алғаш рет балаларға арнап мектеп ашып, оқулық жазған.
1.Мәтінді мәнерлеп оқу.

*рөлге бөліп оқу.

*Атаның сөзін тауып оқы, содан қорытынды жаса.

*Сұрақтарға жауап беру.

-Өрмекші неге өрмек тоқып жүр?

- Құмырсқа не істеп жүр?

- Қарлығаш неге шөп жиып жүр?

-Мәтіннің мазмұнын айту.

1 топ: *Екі оқушы еңбекке қатысты мақал жазу.

«Еңбек етіп ас ішсең, балдан тәтті болады».

* Екі оқушы «Өрмекші» сөзіндегі әріптерді пайдаланып бірнеше сөз жазу: Өрмек, көмір, екі, өр, ер, ішек, кем, өрік.

*Екі оқушы өрмекшінің пайдасын жазу: өнерлі, мейірімді, өрмек-тұзағын құрып, шыбын, масаларды қорек қып, зиянкестерден тазартады.

2 топ: *Екі оқушы еңбек туралы мақалды аяқтап жазу.
Еңбектің наны тәтті,.......... ( жалқаудың жаны тәтті)

* Екі оқушы «Құмырсқа» сөзіндегі әріптерді пайдаланып бірнеше сөз жазу: құмыра, қысқа, қар, қыс, қамыр, қасық.

*Екі оқушы құмырсқаның пайдасын жазу: еңбекқор, әділдік, тазалық.

өнерлі, тәртіпті, мейірімді.

3 топ: * Екі оқушы санды келтіріп мақал жазу.

«Еңбек – адамның екінші анасы».

Екі оқушы «Қарлығаш» сөзіндегі әріптерді пайдаланып бірнеше сөз жазу: қар, ағаш, ар, ал, аш, қарлыға, қарлы, қаш, қарға.

*Екі оқушы қарлығаштың пайдасын жазу: үй салады, өнерлі, мейірімді, қайырымды,

оқулықпен жұмыс















таратпалар


сурет салу :1 топ- өрмекші, 2 топ: құмырсқа, 3 топ: қарлығаш


Сабақтың соңы

минут


Әңгіме не туралы, басты кейіпкерлерді кім айтады?

- Басты кейіпкерлер: өрмекші, құмырсқа, қарлығаш.
- Әкесі баласына нені үлгі етіп тұр?
Үш жәндіктің еңбегін әкесі баласына түсіндіріп, сен де еңбектен деп тұр.
- Ендеше, балалар, әңгімеде әкесі баласына ғана айтып тұр ма әлде барлығымызға айтып тұр ма?
Барлығымызға да босқа жүрмей еңбектеніңдер, осы кішкентай жәндіктердің ісінен үлгі алыңдар деп тұр екен.
- Сонда бүгінгі таңда біздің еңбегіміз не екен балалар? - Оқу.
- Сендер жақсы оқысаңдар, үйге көмектессеңдер, айналадағыларға көмектессеңдер, қамқоршы бола білсеңдер, бұл да үлкен еңбек екен, балалар!

Рефлексия

Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бет – әлпеті салынған суреттерді таңдау.

Түсінбедім Сұрағым бар Түсіндім




Смайликтер

Қолдау көрсету.

Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.


Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)


Өнер, ана тілі сабағы

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш. Ы. Алтынсарин

Атасы он жасар немерсемен далада келе жатып, немересінен сұрайды:
     - Анау өрмекшіні көрдің бе? Не істеп жүр екен?
     - Көрдім, өрмек тоқып жүр.
     - Анау құмырсқаны көрдің бе?
     - Көрдім, аузында бір нанның уалшығы бар, жүгіріп кетіп барады.
     - Жоғары қарашы, көкте не ұшып жүр?
     - Жоғарыда қарлығаш ұшып жүр. Аузында кесе тістеген шөбі бар.
        Сонда атасы айтты:
     - Олай болса, шырағым, ол кішкентай жәндіктер саған ғибрат болсын! Өрмекші маса-шыбынға тұзақ құрып жүр, ұстап алған соң, өзіне азық етерге. Құмысқа бала-шағаларына тамақ аулап, бір нанның уалшығын тапқан соң, өзі жемей, аузына тістеп, қуанғаннан үйіне жүгіріп қайтып барады. Ал қарлығаш балапандарына ұя жасау үшін шөп жинап жүр. Жұмыссыз жүрген бір жан жоқ. Сен де жұмыс істеуге әдеттен.





















































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
16 қаңтар
805
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі