400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Оқу сапасын жақсартуда диалогтік оқыту тәсілінің тиімділігі" коучинг жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп мұғалімдері және мектеп тренерлеріне пайдалануға арналған әдістемелік көмек ретінде
Материалдың қысқаша нұсқасы

Коучинг

Мұғалім: Минжанова Камар Усербаевна

16.01.2020

Коучинг тақырыбы:


Оқу сапасын жақсартуда диалогтік оқыту тәсілінің тиімділігі

Мақсаты:

Диалогтік оқыту тәсілінің маңызын ашу, сабаққа оқыту нысаны ретінде әңгімелесуді енгізу..

Әдебиет

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық.

Ақпарат көздері т.б.

Күтілетін нәтиже

1.Оқу үрдісінде диалогтық оқытуды қолданудың маңызын түсінеді;

2. Сұрақты нақты қоюдың тиімділігін ұғынады, қолданады.

3. Жаңа әдіс-тәсілдерді сабақта қолдануды үйренеді.

Коучердің әрекеті

Уақыты

Қатысушылардың әрекеті

Ресурстар

1.« Мен кіммін ?»

тренигі

2 мин

Мұғалімдер бұл тренинг арқылы өздерін таныстырады.


2. Топқа бөліну Өлең жолдары арқылы топтасу

3 мин

Кепе қағаздар арқылы өлең жолдарын құрастырып топтасады

Кепе қағаз және қорапша

3. «Жолаушының қойын дәптері» әдісін қолдану









8 мин

Мұғалімдер таңертең мектепке келгенше кімді көрді және не байқады сол туралы жазып топпен бөліседі

Тартымды оқиға ортаға шығарылады

Мұғалімдерге сұрақ

Сіздер бір-біріңізден осындай ақпарат алу үшін қандай әрекет жасадыңыз?

Осы сұрақ арқылы тақырыпты ашу

ҚБ «Үш шапалақ»

Қағаз және қалам



4. Постер қорғау

15 мин

1топ. Диалогтік оқыту оқушыларға не береді?
2топ. Диалогтік оқытудың мұғалім үшін маңызы қандай?
3топ. Оқытуды диалогтік тәсілмен дамытудағы сұрақтардың маңызы.

Топтар «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бағалайды

Picture 10

Ватман, маркер,стикер, желім




5.Сергіту сәті

«Қар көшкіні» атты сергіту сәті




3 мин

Қағаздан жасалған қар кесектерін тілек жазып лақтыру

Соңында неше қар кесегі болса сонша тілек қабыл болады деп қабылдаймыз

Ақ қағаздар

6. Рефлексия

«Өрмекшінің өрмегі» әдісі

6 мин

Топтар шеңбер құрып тұру арқылы өрмекшінің өрмегін құрады. Бүгінгі коучингтің тиімді тұстарын айтып қорытынды шығады

Жіп

7. «Бес саусақ» әдісі арқылы кері байланыс

2мин

Дөңгелек күн сәулесіне саусақтады ілу арқылы кері байланыс жасау

Picture 2


Кесілген түрлі түсті қағаздан жасалған бес саусақ және күн көзі



Picture 8



































Диалогтік оқыту оқушыларға не береді?


Диалогтік оқытудың мұғалім үшін маңызы қандай?


Оқытуды диалогтік тәсілмен дамытудағы сұрақтардың маңызы.

























































































«Оқыту үрдісіндегі Диалогтік оқытудың маңызы» тақырыбында жүргізілген коучинг сабағы туралы рефлексивті есеп

Мектептегі оқу үрдісіне инновациялық өзгерістер енгізу үшін екінші коучинг тақырыбын «Оқыту үрдісіндегі Диалогтік оқытудың маңызы» деп алдым. Мақсатым: Диалогтік оқытудың маңызын ашу, сабаққа оқыту нысаны ретінде әңгімелесуді енгізу. Барлық оқушылардың білім алу, мақсатқа жету мен сынып өміріне қатысу қабілеттерін арттыру үшін оны тұлға ретінде дамытуға ерекше назар аудару болып табылады.

Бұл тақырыпты алған себебім өткен коучинг сабағымда өткізген Блумның 6 қадамы бойынша сабақтар ұйымдастыру болса, енді біз сол топтық жұмыстар жүргізгенде оқушыларды қалай әңгімеге тарту керек екенін білмей жатамыз. Көп әріптестерім әңгімелесу түрлерін ажырата алмауы мүмкін. Сондықтан да әріптестеріме ең қажетті тақырып болғандықтан осы тақырыпқа тоқталдым.

Күтілетін нәтиже:

- Оқу үрдісінде диалогтық оқытуды қолданудың маңызын түсінеді;

- Сұрақты нақты қоюдың тиімділігін ұғынады, қолданады;

- Жаңа әдіс-тәсілдерді сабақта қолдануды үйренеді.

Мен үшін бұл тақырыптың маңыздылығы мектептегі тәжірибе кезіндегі зерттеу тақырыбым осы диалогтік оқытуға арналды.

Менің мектебім үшін маңыздылығы, себебі әріптестеріме осы бағдарламаның 7 модулін тәжірибеге енгізу арқылы диалогтік оқыту арқылы топтық жұмысқа бейімдеу, көшбасшы болуға ықпал ету. Мектепте диалогтік оқыту арқылы бастауыш сынып оқушыларын топтық жұмысқа бейімдеу. Сол себепті де мұғалімдер топтық жұмыстың тиімділігін білуге тиіс деп ойладым.

Коучинг сабақты 60 минутқа жоспарладым. Коучингке химия, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс сыныбының пән мұғалімдері қатысты.

Ұйымдастыру кезінде мұғалімдерді ортаға шеңбер жасауға шақырдым. Қатысушыларға бірден стикерлер бердім. «Өзгергіңіз келе ме?» деген сұрақты «Иә», «Жоқ» деген бөліктерге жазып қағазға жапсыру сұрадым. Ұшу аппаратын жасап нысынаға тигізіп көруді сұрадым. Түстер арқылы топтарға бөліндік. Сосын әр топқа:

- Бізге өзгеру керек пе?

- Нені өзгертер едіңіз?

- Оқыту мен оқудағы әдістерді не үшін өзгерту керек? - сияқты сұрақтар беріп, қорытынды жасауларын сұрадым. Әр әріптес нысанаға тигізіп көріп, өзгерудің керек екендерін түсіндіруге тырысты. Сауалнаманың нәтижесі 100% болды. Сонда барлығының жанарынан өзгергісі келетіндерін және тағы қандай жаңалық болады екен дегендей бір-бірімен сыбырласып жатқанын байқадым. Әрине бұл мені қанаттандырды.

Интербелсенді тақтадан «Ағылшын сабағында» тақырыбында бейнежазбаны көруді ұсындым. Сол бойынша сұрақтар қойдым. Қандай тақырыпта ой бөлісеміз деп ойлайсыздар дегенде әр топтан әріптестер өз ойларын айтты. Бейнежазбаны көрсету арқылы тақырыпты ашып алдым. Коучингтің мақсатымен таныстырдым. Бейнежазба бойынша ой бөлісті. Диалогтік оқыту туралы ақпараттармен таныстырдым. Алдарына танысу үшін ресуртар бердім. Қатысушылар оқып танысып, ой түйді. Топтарға әртүрлі тапсырмалар бердім. Алдарына диалогті оқытудың үш түрі туралы мысалдар бердім. Оқып танысып шығып және осы бойынша оқытудың қай түріне жататындығын анықтауды сұрадым. Осы диалогтік оқытудың үш түрінің қайсысы ең маңыздысын топта талқылау кезінде анықтауды тапсырдым.

Олар жобаны қорғау кезінде әңгіменің үш түрі болатындығын. Олар әңгіме – дебат, куммулятивті әңгіме, зерттеушілік әңгімелерге анықтамалар берді. Келесі топ сұрақтардың түрлері ашық сұрақ, жабық сұрақ болатынын айтса, үшінші топ белсенді топтағы, белсенді емес топтағы мұғалім мен оқушының ролдерін айтып ойларын ортаға салды. Әріптестерімнің пікірлерін тыңдай отырып мен қазіргі сабақтағы қолданып жүрген тәсілдерім туралы, оларға оқушылардың қалай жауап қайтарып отырғандығын, олардың қызығушығы неге басым болатынын атап айтып кеттім.

Топта бірігіп отырып жұмыс жасады, жұптасып ой бөлісті, көшбасшылық танытты, бір-бірімен диалогқа түсті, талдау барысында зерттеуші әңгіменің тиімділігін байқады.

Әр топқа: - Диалогтік оқыту оқушыларға не береді?
- Диалогтік оқытудың мұғалім үшін маңызы қандай?
- Оқытуды диалогтік тәсілмен дамытудағы сұрақтардың маңызы деген сұрақтар беріп, постерге түсірулерін сұрадым. Әр қатысушы өз ойларын еркін жеткізе білді және топ ішінде талдады, өз жұмыстарын қорғап шықты. Топта жұмыс істеудің маңыздылығын түсінді.

Осы топтық жұмыстан кейін мен сыныптағы диалогтік оқытуда оқушылардың қызығушылығын дамыту мақсатында өткізуге болатын әр – түрлі ойын тәсілдері жазылған мәтіндерді ұсындым. Мысалы: ыстық орындық, тыңдайтын үшбұрыштар, ара, стикердегі диалог сияқты талқылау құралдары болатын материалдарды тараттым. Әріптестерім бұл тапсырмамен «тыңдайтын үшбұрыштар» әдісі бойынша танысты. Бірақ соңында ортаға шығып ойларымен бөліскенде, әлі де оқылым дағдыларының басым екендерін байқадым.

Ортаға шығып шеңбер құруға шақырдым.Топтар шеңбер құрып тұру арқылы өрмекшінің өрмегін құрды. Әріптестер біріне-бірі әртүрлі сұрақтар қою керектігін түсіндіріп өттім. Соңында сұрақтың жауабына қайтып оралатынымызды ескерттім. «Өрмекшінің өрмегі» әдісі арқылы рефлексия жасады. Осы әдіспен рефлексия жасағанымның себебі, мен тақырыпты қаншалықты меңгергендерін және оны өз сабақтарында қалай қолдана алатындарын білгім келді. Кері байланысты стикерлерге жазып, тілек ағашына ілді.

Осы коучингтің сәтсіз тұсы мен қатысушыларды топқа бөліп алдым да, топтың атын қоюды естен шығарыппын. Оны коучинг соңында әріптестерім айтқанда ғана байқадым. Келесі жолы бұндай сәтсіздікті болдырмауға тырыстым.

Өткізген коучинг сабақтар арқылы әріптестерім сабақ үрдісіне оқушылардың бірін-бірі бағалаулары, өз өздерін бағалай алуды, тиімді сұрақ қоя білуді, топтық жұмысты дұрыс ұйымдастыра білуді үйренді.

Әріптестер жазып қалдырған стикерлерді оқып, талдау жасадым. Сонда байқағаным коучингтің ұнағандары, ақ тілектері, көп нәрсені үйренгендерін жазыпты. Менің аз да болса өзгерулеріне септігімнің тигені деп ойладым.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 қаңтар
591
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі