Оқу сауаттылығы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Оқу сауаттылығы

Материал туралы қысқаша түсінік
1- жарты жылдықтағы оқушылардың қазақ тілінен білім деңгейін анықтау. оқу сауаттылығынан 10 сұрақ, қазақ тілінен 10 сұрақ жауабымен.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Оқу сауаттылығы 5 – сынып

1- нұсқа


1-мәтін

Сәкен шаруаға ұқыпты болды. Үстін тап-тұйнақтай таза ұстайтын еді. Ағайынды жетеуміз. Сәкен бәрімізден үлкен. Жаздың күні ол бізден бұрын оянады да, үй шаруасына көмектеседі. Біз оянып, далаға шыққанда, Сәкен есік алдында жүреді. Ол бізді Қараөзек бойына соқпақ жолмен бастап алып кетеді. Мөлдір бұлақ басына барамыз да, жуынамыз. Сәкен әуелі кішкентай қарындасымыз Рахима, Халима, Сәлималарды жуындырады, шаштарын тарап, өріп береді. Содан кейін барып, өзі жуынады. Біздің күндегі әдетіміз – осы. Қайтадан қатар тізіліп алып, ауылға қарай жүреміз. “Айналайын, менің ақ қаздарым”,- деп анамыз есік алдынан бізді қарсы алады. Сәкеннің маңдайынан сүйіп жатып: — Қолқанатым менің!- дейді.

1.Мәтін мазмұнына лайықты тақырып

A) Ақ қаздар B) Қолқанат C) Ұқыпты Сәкен D) Ағайынды балалар E) Біздің анамыз

2. Анасының: «Айналайын, менің ақ қаздарым» — деп қарсы алуының мәнісі
A) Барлығы тетелес болғандықтан
B) Бірдей тәртіппен келе жатқандықтан

C) Барлығы тап-таза болғандықтан
D) Әдемі балаларына сүйінгендіктен
E) Балалар судан келе жатқандықтан

2-мәтін

Бақша арасындағы жолмен аңнан келемін. Итім жүгіріп бара жатқан. Ол кенет жүрісін тежеп, құстың иісін сезгендей бұға бастады. Мен ілгері жол бойына қарадым. Торғайдың ақ үрпек балапанын көрдім. Ол ұясынан құлап түсіпті. Ит балапанға ептеп жақындай бергенде, кенет қара тамақ үлкен торғай ағаш басынан зу етіп иттің дәл қасына кеп қонды Ол жан ұшырып, өзінің балапаны үшін ажалға қарсы ұмтылды. Ол балапанын өз денесімен бүркемек болды. Титтей денесі қорыққанынан дірілдеп, даусы шыр-шыр етеді. Ол балапаны үшін өзін-өзі құрбан еткелі безектеп жүр.Мен итімді тез өзіме шақырдым. Кішкене ғана торғайдың ұлы аналық күші мені таң қалдырды. Мен жөніме кеттім.(97сөз)

1.Торғайдың иттің қасына қорықпай келіп қонуының мәнісі

A) Ағаштан құлап түскендіктен
B) Балапанын қорғау үшін
C) Ит балапанға тиіскендіктен
D) Балапаны шырылдағандықтан
E) Балапанын алып кету үшін

2.Мәтінде автордың қандай көңіл күйі байқалады

A) Сүйіну

B) Таңдану

C) Қорқу

D) Алаңдау

E) Тамсану

3-мәтін

Бір ғұлама шәкіртінің әр нәрседен үнемі шағымданып жүретінін көріп қалады. Содан бір күні ол шәкіртті шақыртып алып, тұзға жібереді. Үнемі зарланып жүретін шәкірт тұз алып келген кезде қария оған бір уыс тұзды бір стакан суға ерітіп іш дейді. Шәкірт бұлжытпай айтқанын орындаса да, тұзды суды көп іше алмай түкіре бастайды.

Дәмі қалай екен?” деп сұрайды қария. Шәкірті “Ащы” деп жауап береді ызаланып. Ғұлама шәкіртті қолынан ұстап, жақын жердегі бұлаққа алып барады. Бір уыс тұзды суға қосып, сол судан да ішіп көруін сұрайды. Бұлақтың мөлдір суын ішкен шәкірттен қайтадан судың дәмін сұрайды. “Tәтті” дейді шәкірт. “Тұздың дәмін сездің ба?” сұрағына да, “жоқ” деп жауап береді. Осы кезде ғұлама: “Өмірдегі қиындықтар осы тұз тәрізді, аз да емес, көп те емес – үнемі бірдей мөлшерде. Байқағаныңдай тұздың ненің ішіне қойылғандығы ғана маңызды. Сол сияқты, өмірдегі қиындықтардың да ащы болып, болмауы тек сенің сезімдеріне байланысты. Стакан емес, бұлақ болуға тырыс“, – деген екен.

1. Мәтін мазмұнына алшақ сөйлем

A) Бұлақтың суы да ащы болып шығады.

B) Шәкірт тұздың дәмін сезеді.
C) Шәкірт үнемі шағымданып жүреді.

D) Шәкірт бұлаққа бір уыс тұз тастайды.
E) Ғұлама шәкіртін тұзға жұмсайды.

2. Мәтін мазмұнын қорытындылайтын нақыл сөз
A) Маңдайыңа жазылғанын көресің.

B) Өз өмірің өз қолыңда.
C) Өмірге өкпе артуға болмайды.

D) Астың дәмін тұз келтіреді.
E) Ащыны татқан білер.

4-мәтін

Бір қарт адам екі ұшына құмыра ілінген жуан таяқты мойнына асып, бұлақтан үйіне су тасиды екен.Бұл құмыралардың бірінің жанында жарықшақ бар екен.Үйге жеткенше судың жартысы тамшылаумен азайып қалады екен. Ал екінші құмыра бүтін кемшіліксіз болыпты. Қария үйіне жеткенде бір жарым құмыра су қалады екен. Бүтін құмыра өз міндетін таза орындаған үшін қатты тәкаппарланытын көрінеді, ал жарық құмыра болса қатты ұялып өкінеді екен. Екі жыл өткен соң бір күн тесік құмыра, қарияға былай депті:

Қатты ыңғайсызданып жүрмін. Бүйірімдегі жарықшақтың кесірінен тасыған судың жартысы үйге жеткенше босқа төгіліп жатыр. Сонда қария күлімсіреп құмыраға былай депті:

Сен ештеңені байқамадың ба? Сен жақтағы жолдың тұсы гүлдерге толы. Ал екінші құмыраның тұсында ешқандай гүл жоқ. Мен о бастан сенің бүйіріңдегі жарықты біліп, сол тарапқа гүлдің тұқымын еккен болатынмын және күнде мен су тасығанда сен ол гүлдерді суарып өтесің. Екі жыл болды сол әдемі гүлдерді жинап үйімді сәндеп жүрмін. Егер де сенің сол тесігің болмағанда, үйімді осыншама көркейтіп, гүлдендіре алмас едім…

1. Қарияның даналығы байқалатын әрекет

A) Гүлдің тұқымын еккендігі

B) Тесік құмыраны жұбатқаны
C) Үйді әдемі гүлмен сәндендіруі

D) Тесік құмыраны лақтырмағаны
E) Гүлдерді суарғандығы

2.Мәтін мазмұнын түйіндейтін мақал-мәтел

A) Жағымпаз — жасқаншақ, Жаман — мақтаншақ.
B) Жақсы ниет — жарым ырыс.
C) Өзіңді өзің сыйламасаң, Өзгеден сый күтпе.
D) Азаматтық жасай алмаған адам – Бұл өмірге келмеген адаммен бірдей.
E) Айырылмастай досыңа, Қайырылмастай сөз айтпа.

5- мәтін

Ғани әкесімен бірге үлкен тау жартастарының арасымен серуендеп келе жатқан еді. Кенет Ғани сүрініп кетіп: «А-а-а-а!» деп айқайлап жіберді. Сол кезде жоғарыдан «А-а-а-а! » деген дауыс естілді. Ғани өзінің даусының қайталанғанына таңырқап: «Сен кімсің?» деп дауыстағанда, Ғаниға:»Сен кімсің?» деген жауап келді.

Ғани түкке түсінбей жынданып: «Сен қорқақсың!» – деп айқайлады. Таудан шыққан дауыс та: «Сен қорқақсың!» деп жауап берді. Қатты ашуланған Ғани әкесіне қарап: «Әке, бұл кім өзі?» деп сұрады. Әкесі: » Ұлым, менің сөзіме құлақ сал», – деді де тауға қарап тұрып: «Мен сені жақсы көремін!» деп айқайлады. Таудан: «Мен сені жақсы көремін!» деген жауап келді. Әкесі тағы да айқайлап: «Сен әдемісің!» деді. Жауап: «Сен әдемісің!» деді. Ғани не болғанын білмей, таңданып тұрып қалды.

Әкесі жаңғырықтың сырын былай деп түсіндіріп берді: «Бұл жаңғырық. Жаңғырық адам баласына көп нәрсе үйретеді. Сен өміріңде не істесең, оның сыбағасын аласың. Өмір айна сияқты. Сен қандай болсаң, солай көрсетеді. Егер мейірімділікті қаласаң, мейірімді болуға тиіссің. Адамдардың сабырлы болуын қаласаң, сен де сабырлы бол. Адамдардың қайырымды болуын қаласаң, сен де қайырымды бол!»

1.Мәтін мазмұнына лайықты тақырып

A) Жаңғырық сыры
B) Ғанидың жаңғырығы
C) Тау жаңғырығы
D) Әке жауабы
E) Таудан шыққан дауыс

2.Мәтін мазмұнына лайықты ой

A) Көңіл жақсы болғаны – өмір жақсы болғаны.
B) Өзен ағысын бөгеуге болады, өмір ағысын бөгеуге болмайды.
C) Әркім өз ойының айнасы.
D) Бір беткей адам — бірлікті бұзар, Теріс мінез адам — тірлікті бұзар
E) Өзіңді өз бойыңнан биікпін деп ойламау да – биіктік.


Өтілген тақырыптардан білімін тексеру


11. Еріндік дауыстылар қатарын анықтаңыз.
А) О, ө, у, ұ, ү.
B) А, ә, о, ө, ұ, ү.
C) Ұ, ү, ы, і, о, ө.
D) У, ұ, ү, а, ә.
E) У, о, ө, ы, і.

12. Қысаң дауысты дыбыстан құралған қатарды табыңыз.
А) Күшік, кешік.
B) Ыстық, қапырық.
C) Қыран, тұлпар.
D) Дәстүр, мүлік.
E) Түлкі, күлкі.

13. Бірінші буыны езулік дауыстыдан тұратын сөзді анықтаңыз.
А) Өмір.
B) Қарақұм.
C) Ұстаз.
D) Мұздақ.
E) Ошаған.

14.Дауыссыздар жасауға қажетті қатарды анықтаңыз.
А) Салдыр мен дыбыс.
B) Үн мен салдыр.
C) Дыбыс пен үн.
D) Салдыр мен дауыс.
E) Дауыс пен үн.

15. Үнді дауыссыздардың жасалуын көрсетіңіз.
А) Салдыр мен үннен жасалып, үні басым болады.
B) Үн мен салдырдан жасалып, салдыры басым болады.
C) Үн мен дыбыстан жасалып, үні басым болады.
D) Салдыр мен дауыстан жасалып, салдыры басым болады.
E) Дыбыс пен үннен жасалып, дыбысы басым болады.

16. Мақал құрамындағы үнді дауыссыздардың санын анықтаңыз.
Күшіңе сенбе, ісіңе сен.
А) 4.
B) 6.
C) 3.
D) 2.
E) 5.

17. Қатаңдардың жасалу жолын көрсетіңіз.
А) Тек қана үннен тұрады.
B) Салдырдан жасалады.
C) Үннен салдыры басым болады.
D) Салдырдан үні басым болады.
E) Үнге қоса дыбысы болады.

18. Өзара жұп құраған қатаңдар қатарының дұрысын белгілеңіз.
А) С, ш.
B) Қ, ғ.
C) Т, с.
D) Ц, щ.
E) Т, ж.
19. Ортаңғы буында ұяң дауыссыз келген қатарды табыңыз.
А) Аңсарым.
B) Жартыкеш.
C) Бұрынғы.
D) Зымыра.
E) Қажырлы.

20. Сөз басында келмейтін дауыссызды көрсетіңіз.
А) Ж.
B) Ф.
C) Т.
D) У.
E) Ң.










































Оқу сауаттылығы 5 – сынып

2- нұсқа


1-мәтін

Баянауылдың ең биік шыңы – Ақбетке байланысты әдемі аңыз бар. Ертеде осы өлкеде Бүркітбайдың қызы Ақбет тұрыпты. Үй іші жұтаң күй кешкен, сондықтан әкесі қызын ұзатып, шаруасын түзеп алмақ болады. Қыздың кедей қойшыны ұнатқанын, әрине, жақтырмайды. Әкесі көп ойланбай-ақ қалың малын төлеген қаусаған шалға қызын ұзатуға келіседі.

Жас ғашықтар мұны біліп қашуға ниеттенеді. Алайда сырлары ашылып, жігіт өлтіріледі де, қыз үйге қамалады. Қыз көз жасын төгіп, мәңгілік қоштасуға сүйіктісінің зиратына баруға сұранады. Жеңгелері аяп босатады. Ол жігітінің басында жүрегін тек оған арнағанына, басқа ешкімге жар болмайтынына ант береді. Осы сөздерімен ғашығымен бірге таңды қарсы алатын шыңға шығып, төңірегіне соңғы рет көз салады да құздан құлайды.

Ақбеттің есімімен аталатын тау – сол заманның үнсіз куәгері адал мен сезім беріктігінің символы ретінде бұрынғысынша таңды бірінші қарсы алады.

1.Бүркітбайдың қызын қаусаған шалға берген әрекетін қандай күйі суреттей алады?

A) Бетсіздік
B) Көргенсіздік
C) Шарасыздық
D) Турашылдық
E) Бірбеткейлік

2.Мәтін мазмұнына лайықты тақырып

A) Баянауыл шыңы
B) Ақбет шыңы
C)Қос ғашық
D) Ақбет қыз
E) Қатал әке

2-мәтін

Тулардың да тарихы бар

Әлемде жалғыз-ақ вексиллология (вексиллюм –ту деген латын сөзінен шыққан, вексиллология –ту туралы ғылым) институты бар. 1973 жылы Лондонда вексиллологтердің бесінші конгресі өткізіліп, оған 14 елден 57 делегат қатысты. Конгрестің төрағасы болып вексиллология институтының директоры американдық Уитни Смит сайланды.

Смит конгресте өзі басқарған институттың нәтижелі жұмыс істеп жатқанын зор интузиазммен хабарлап, оған мысал ретінде Оңтүстік Американың Гайана мемлекеті институт жасаған ту суретінің жобасын қабылдағанын айтты. Мемлекеттік тулар мәселесіндегі қиындықтарды шешу үшін вексиллологтер тәуелсіздік алған жаңа мемлекеттердің туларын жасау бір жерден басқарылғанын дұрыс деп есептейді. Мысалы, Индонезияның туы Монаконың және Польшаның туларына ұқсас болып кеткен.

Конгреске қатысушылар «Барлық мемлекеттердің туларынан жаугершілік рухты білдіретін рәміздер алынып, бейбіт еңбек рәміздері бейнеленсін» деген үндеу жарияланады. «Алтын бесік» журналы

1. Мәтінде айтылған негізгі ойды анықта.

А. Вексиллология ғылымы туралы
В. Рәміздердің тарихы туралы
С. Мемлекеттік тулар туралы
D. Вексиллологтер конгресі туралы
E. Үндеу айтушылар туралы

2. Мәтіннің жазылу стилін анықта

А. Ғылыми стиль
В. Ресми іс қағаздар стилі
С. Публицистикалық стиль
D. Көркем әдебиет стилі
E. Ауызекі сөйлеу стилі

3-мәтін

Бірінші, Бақытқа: сен, тұрақсыз опасызсың, орныңды таңдамай қонасың, қонғаныңды тасытасың, ақырында бір күні лақтырып тастап кетесің. Ақылмен тізе қос, сонда көп жасайсың, — депті.

Екінші, Ғылымға: дүниеде сенен күшті нәрсе жоқ, қара тасты қайнатасың, дүние жүзін жайнатасың, сақауды сайратасың, жоқты бар етіп, бардан жоқ жасайсың, бар ғаламды өзіңе бағындырғың келеді, бағынбағанды демде әлек қыласың. Түзеу де, бұзу да сенен шығады. Ақылмен бірік, сонда абыроймен ұзақ жасайсың, – депті.

Үшінші, Ақылға: дүниеде адамзатқа сенен артық дос жоқ, бірақ Ашу үстіңе кіріп келгенде, орныңды беріп шығасың да кетесің. Ашу бүлдіріп-бүлдіріп кеткен соң, кіресің де ашудың бүлдіргенін оңдайсың. Әуелден орныңнан тұрмай отырсаң, Ашу сенің үстіңе кірмеген болар еді. — Барыңдар, Ақыл, сен адам бол, Ғылым, сен ат бол, Бақыт, сен қамшы бол. Үшеуің біріксең ешбір мұң-мұқтаждарың болмайды, — депті.

1. Мәтін мазмұнын қорытындылайтын даналық ой

A) Ежелгі дұшпан ел болмас.
B) Ақылсыз адам айуан.
C) Жаман дос жолда қалдырар.
D) Төртеу түгел болса, төбедегі келеді.
E) Егескеннің жауы көп.

2. Екінші абзацтағы негізгі ой

A) Болмасаң да, ұқсап бақ.
B) Ақыл – ойдың жемісі.
C) Ғылым – жанып тұрған шырақ.
D) Бақыт – арттағы із.
E) Ғылымсыз адам – айуан.

4-мәтін

Аты жаһанға мәшһүр данышпандардың бірі достарымен қала қыдырып жүріп, пойызына кешігіп қалады. Әрең дегенде қуып жетіп, енді міне бергенінде, аяғындағы аяқ киімінің бір сыңары шешіліп, түсіп қалады. Бұл кезде жерге қайта түсіп алу мүмкін емес еді. Себебі, жүйткіген темір тұлпардың жылдамдығы сәт сайын күшейіп келеді. Жанындағы жолдастары «енді қайтер екен?» деп тұрғанда, данышпан аяқ киімінің екінші жұбын шешіп алып, анау алғашқысы түсіп қалған жаққа қарай лақтырып жібереді.

Данышпанның мына қылығына түсінбеген біреуі шыдай алмай: «Неге бұлай жасадыңыз?» деп таңғала сұрайды. Оған күле қарап оқымысты былай деп жауап береді: «Теміржолды паналаған бір пақыр аяқ киімнің бір жұбын тауып алса, екіншісін де тауып кисін», — дейді. Дара сыңарының өзіне керегі болмайтынын ұғынып, өзінен гөрі бір жарлыға көмек болатынын түйсінген данышпанның даналығы өзгелерге үлгі болды.

1. Мәтін мазмұнына лайықты тақырып

A)Үлгілі іс.
B) Сыңар аяқ киім.
C) Кешіккен данышпан.
D) Таңқаларлық оқиға.
E) Темір тұлпар.

2.Данышпанның әрекетіне лайықтысы

A) Шарасыз әрекет
B) Жанашырлық әрекет
C) Сауапты әрекет
D) Аяушылық әрекет
E) Келеңсіз әрекет

5-мәтін

Мысырдағы пирамидалар барлық замандарда да адамдардың қызығушылығын тудырғаны мәлім. Ал бұл қызықты сәулеттің тарихы болса өте көне дәуірлерге созылуда.

Шумерлердің зиккураттары Мысыр пирамидаларының алғаш үлгілері ме еді? Мысыр ескіден, тарихтан бұрынғы замандарда Месопотамиядан әсерленгендігі мәлім, осы тұрғыдан да мұндай сәулет байланыстарының болуы әбден мүмкін. Мексика жерлерінің оңтүстігіндегі Мая мәдениетінде де осы пирамидаларға ұқсас сәулетті ғимараттар, яғни Мая ғибадатханалары бар. Бұлардың да Мысыр пирамидаларына, бәлкім көбірек Шумерлердкіне ұқсас жақтары бар. Мәшһүр археолог Тор Хидерхал бірнеше жыл бұрын Ра атты кеме жасатып, Александриядан Мексикаға қарай сапарға шығады. Мақсаты Мысырлықтардың Америкаға дейін бара алғандығын дәлелдеу еді. Бір жағынан Шумерлердің де, Мысыр мәдениетінің алғаш құрылымында дінбасылардың әрі Америкадағы Маялардың аталарымызбен, яғни прото түрктермен байланысы болғандығы тақырыптары бар…

1. Мысыр пирамидаларының адамдардың қызығушылығын тудыруының себебі

A) Әдемі салынғандықтан
B) Тылсым құпияға толы болғандықтан
C) Өте биік болғандықтан
D) Көне болғандықтан
E) Мысырда ғана болғандықтан

2. Мәтінді жеткізудегі тәсіл түрі

A) Ақпарат
B) Пайымдау
C) Суреттеу
D) Сипаттау
E) Баяндау


Өтілген тақырыптардан білімін тексеру

11. Бірыңғай еріндік дауыстылардан құралған сөздерді табыңыз.
А) Отан, ел.
B) Бұлбұл, құс.
C) Ұрпақ, жәдігер.
D) Төзім, молшылық.
E) Уақиға, толқын.

12.Еріндік және езулік дауыстылар араласып келген сөздерді анықтаңыз.
А) Құштарлық, құлаш.
B) Жарық, жаңалық.
C) Тән, жан.
D) Жазылым, айтылым.
E) Береке, бірлік.

13.Дауыссыз дыбыстар санын анықтаңыз.
А) 24.
B) 25.
C) 26.
D) 27.
E) 30.

14. Дауыссыз дыбыстардың түрін анықтаңыз.
А) 4.
B) 2.
C) 6.
D) 5.
E) 3.

15. Бірыңғай үнді дауыссыз қатысқан сөздер қатарын табыңыз.
А) Раушан, келбет.
B) Оспан, өмірлік.
C) Ұсыныс, ынтымақ.
D) Лағыл, дүние.
E) Лаула, өнер.

16. Үнді дауыссыздардың қатарын көрсетіңіз.
А) Р, л. й, у, м, н, ң.
B) П, ф, к, қ, т, с, ш, щ, х, ц, ч, һ.
C) Б, в, г, ғ, д, з, ж.
D) Т, с, ш, щ, х, ц, ч, һ, р, л, м, н.
E) У, м, н, ң, б, в, г, ғ, д, з, ж.

17. Қатаң дауыссыздан басталған тұрақты тіркесті табыңыз.
А) Жаны мұрнының ұшына келу.
B) Аузын майлау.
C) Көзінен таса қылмау.
D) Беті бүлк етпеу.
E) Мұрнына исі бармау.

18. Ұяңнан басталып, ұяңға аяқталған сөзді көрсетіңіз.
А) Жауын.
B) Дарқан.
C) Дарбыз.
D) Болат.
E) Ғасыр.

19. Сөз соңында келген қатаң дауыссызды қатарды табыңыз.
А) Ұшақ, анар, арық.
B) Шама, нарық, ысырап.
C) Тулақ, бейбітшілік, атырап.
D) Орыс, көмір, өркеш.
E) Уақыт, таңғыш, ұран.

20. Сөз соңында келмейтін дауыссызды көрсетіңіз.
А) У.
B) Һ.
C) Ғ.
D) Ң.
E) Й.



Жауабы


5-сынып оқу сауаттылығы 1- нұсқа

1- B) Қолқанат

2- B) Бірдей тәртіппен келе жатқандықтан

3 – B) Балапанын қорғау үшін

4- B) Таңдану

5- A) Бұлақтың суы да ащы болып шығады.

6- B) Өз өмірің өз қолыңда.

7- A) Гүлдің тұқымын еккендігі

8- B) Жақсы ниет — жарым ырыс.

9- A) Жаңғырық сыры

10- C) Әркім өз ойының айнасы.

11- А)

12- E)

13- B)

14- B)

15- А

16- А

17- B)

18- B)

19- Е

20- E)


5-сынып оқу сауаттылығы 2- нұсқа

1- C) Шарасыздық

2- B) Ақбет шыңы

3 – D. Вексиллологтер конгресі туралы

4- С. Публицистикалық стиль

5- D) Төртеу түгел болса, төбедегі келеді.

6- C) Ғылым – жанып тұрған шырақ.

7- A)Үлгілі іс.

8- C) Сауапты әрекет

9- B) Тылсым құпияға толы болғандықтан

10- A) Ақпарат

11- B)

12- А)

13- C)

14- E)

15- E)

16- А)

17- C)

18- C)

19- C)

20- C)


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
10.12.2024
304
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі