Оқу сауаттылығы бойынша 11-сынып оқушыларын
ҰБТ-ге дайындау әдістері
Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) -жаңа
технология бойынша талапкердің білім сапасын білім беру ұйымынан
тәуелсіз бағалайтын мемлекеттік жүйе.Оқушыларды қорытынды
аттестаттаудың бір түрі екені белгілі. Аттестаттауды жақсы тапсыру
үшін оған сапалы дайындық қажет.Оқушы білімді меңгеріп қана қоймай,
оны іс-жүзінде қолдана алуы керек. Осы себептен ҰБТ-ға оқушыларды
дайындауда тиімді әдіс-тәсілдерді үнемі іріктеп отыру
қажет.
ҰБТ-ның
мақсаты: жоғары білім алуға барлық
бітірушілердің тең дәрежеде қол жеткізуі, білім берудің сыртқы
тәуелсіз бағалау жүйесін
құру.
ҰБТ-ға дайындаудың басты тұлғасы
–оқытушы.
Мұғалімге қойылатын
талаптар:
— Оқушылардың білім алу себептерін
айқындау,
— Пәндік оқытуды
ұйымдастыру
— Тиімді технологияларды
қолдану.
Кемшілігі:
— Тест қорытындысында кемшіліктер
анықталады
— Тестік бақылауда оқушылардың шығармашылық
қабілетін бағалай
алмаймыз
— Уақыттың аздығына байланысты кемшілік
болады -Жауап белгілеу кезінде кездейсоқтық болуы әбден
мүмкін.
Артықшылығы:
— Білім беруші мекемеге тәуелсіз бақылау
жүйесі,
— Білім мазмұнына жалпыға бірдей білімді
бағалау шкаласының
қолданылуы,
— Әр оқушының білімі мен әр мұғалімнің
біліктілік деңгейін шынайы айқындап, оларға талап қою арқылы сапалы
білім беруге қолайлы жағдайдың
жасалуы.
Ерекшелігі:
-Стандартты түрде жалпы білім
тексеріледі
-Әділетті,оқушылар бірдей жағдайға
қойылады
-Тестік бақылау кең көлемді оқу материалын
қамтиды
-Бағалауы
нақты
-Экономикалық жағынан тиімді (тексеретін
адамдар саны ,уақыты) -Оқушылардың есте сақтау, қайталау, белгілі
уақытқа оқып, үлгеру қасиеттеріне
тәрбиелейді.
Оқушыларды ҰБТ-ға дайындауда мынадай
міндеттер
қойдық:
1.Қазақ тілі білімінің грамматикалық
заңдылықтарын, ережелерін
меңгерту.
2. Оқушылар сабақта алған білімдерін өмірде
қолдана білу;
3. Оқушының грамматикалық тұлғаларды жеңіл
меңгеруі үшін тақырыптарды тірек-сызба, кестелер, мысалдар арқылы
түсінуіне жағдай
жасау.
4. Оқушыларды 100 пайыз оқу үлгеріміне
талаптандыру;
5. ҰБТ-ның сапасын және орташа ұпайын
жоғарылату.
Оқушылардың жеке ерекшеліктерін және білім
сапасын көтеру жұмыстарын мынандай кезеңдерден көруге
болады.
1-кезең.
Диагностикалық:
— Оқушылардың білім деңгейлері
анықталды
— Байқау тестілердің сараптамаларын жасау
арқылы қиындық тудырған мәселелер
анықталды;
2-кезең.
Практикалық:
— Тест жинақтарымен
жұмыс;
-Күрделі тақырыптар бойынша деңгейлік
тапсырмалар;
-Топтық және жеке
дайындық;
-Тестпен жұмыс істеуде тиімді тәсілдерді
қолдану.
3-кезең. Синтетикалық
(анықтаушылық):
— Тақырыптар бойынша бақылау
тестілері,
—
Мониторинг;
— Қатемен жұмыс парағын
жүргізу;
1-топ үнемі 5 ұпайдан жоғары алатын оқушылар
, 2-топ 10 ұпайға дейін алатын оқушылар, 3-топ 5 ұпайдан төмен
алатындар бойынша жұмыстар
жасалуда.
11-сынып оқушыларын оқу сауаттылығы бойынша
ҰБТ-ға дайындық деңгейіне қарай
топтау
Қазіргі уақытта жылдық жоспар бойынша барлық
өтілген материалдар
пысықталуда.
Тест
тапсырмалары:
1. Жабық
тест
2.Тіке жауап
тест
3.Анықтау
тест
4.Сәйкестік
тест
5.Толықтыру тест түрлері
жүргізілуде.
Тест тапсырмалары қазақ тілі бойынша
Мемлекеттік білім беру стандартына сай
құрылды
Тест оқушылардың білімін салыстыруға , білім
беру жүйесінде оқушылармен бірге жеке жұмыс жүргізуге мүмкіндік
туғызады. Бағдарламалық материалдан тыс ауық-ауық өткізіліп
отыратын жұмыстар оқушылардың қазақ тілі бойынша сауаттылығын
арттыруға біршама септігін
тигізеді.
Кейбір жекелеген сұрақтарды қалай тез
орындауға болатынын талдап
түсіндіреміз.
-сұрақты асықпай, түсіне
оқу
-сұраққа қатысты материалды еске
түсіндіру.
Мысалы: «Мәтінге сәйкес мақалды тап» деген
тапсырма берілсе , дұрыс жауапты қалай тез табуға
болады?
1-қадам: Мәтін мағынасына сәйкесі бар
сөйлемді іздеу;
2-қадам: Егер сөйлем жоқ болса , толық
мазмұнын түсіну үшін қайта оқу
керек.
Оқу сауаттылығына дайындық жұмыстарына арнайы
дәптер жүргізіледі. Оқушы дәптерінің беті ортадан бөлініп, сол жақ
бетіне тест тапсырмалары, тапсырманың тұсына, оң жақ бетіне
белгіненген дұрыс жауаптың себебін , яғни тіл білімінің қай заңына
ережесі немесе емлесіне сүйеніп белгіленгенін дәлелдейді.Кей
жағдайда белгіненбеген болса , дәлелдеу арқылы оқушы өз қатесін
табады.
Оқушы дұрыс жауапты белгілеп қана қоймай ,
қосымша материалды еске түсіреді ,білім жан-жақты
пысықталады.
Қатемен жұмыс парағы бойынша түрлі жұмыс
жасауға болады
Мысалы:
-Мәтіндегі негігі ақпаратты
табу
Қосымша ақпаратты
белгілеу
Детальді ақпаратты
табу
Мектепішілік байқау –тестілеу нәтижелерінің
мониторингі өткізіледі. Оқушылардың ұпайлары салыстырылып
отырады.
Сонымен қатар, бітіруші түлектерге
мотивациялық көмек беру, олармен әңгімелесу, болашаққа деген
жоспарын білу, бағыттау да баланың алдағы уақытта өз-өзіне деген
сенімділігін арттырады. ҰБТ –мен өмір бітіп қалмайтынын, төмен балл
– сұмдық, ұят нәрсе емес, ары қарай да қызығы толы болашақ жолдар
бар екенін түсіндіруге тырысып
отырамыз.
Бүгінде қосымша курстар, кәсіптік бағдар
беретін түрлі ғаламторда ақпараттар көп. Ата-аналардың ең басты
қателігі бағыт беру емес, балы жеткен оқуға түсіре салу. Мұндай
нәрседен аулақ болу үшін баланың қабілетін өскен сайын бақылап
отыру қажет. Сондай-ақ баланың өзінен сұрау, сөйлесу де үлкен рөл
атқарады. Сонда ғана бала өз таңдауын дұрыс жасап, алдағы уақытта
әр ісіне талап қоя білуге
үйренеді.
Ел
болашағы-білімді жастардың қолында, сол себепті білімді ұрпақ, жеке
тұлға қалыптастыру-біздің ең басты мақсатымыз болғандықтан , қашан
да үздіксіз білім бере аламыз деп сендіруге
болады.
«Жамбыл
ауылындағы №2 орта
мектебі»
КММ-нің қазақ тілі мен әдебиеті
пәні
мұғалімі Дәулет Гүлжанат
Сағынбайқызы