Материалдар / Оқу сауаттылығы жаңа форматты тест ҰБТ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Оқу сауаттылығы жаңа форматты тест ҰБТ

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқу с ауаттылығы ҰБТ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Қараша 2024
114
0 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

1-мәтін

Адыраспан – түйе табандар тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдік. Оның сабы мен гүлінде у болады. Биіктігі – 30-80 см. Сасық иісті, дәрілік шөп тау беткейлерінде, жол бойында, жазық далаларда өседі. Биология ғылымдарының кандидаты, палинолог Саида Нығметова "Адыраспан" деректі фильмінде бұл шөп осыдан екі мың жыл бұрын халық арасында кеңінен қолданыста болғанын жеткізді.

"Бұрынғы заманда адамдар табиғатпен тығыз байланыста болды. Олар шөптердің қасиетін жақсы білді. Адыраспан – Орталық Азияда жиі өсетін шөп. Улы болғандықтан, мал жемейді. Адамдар "төрт түлік мұны неге жемейді?" деп оған назар аударса керек. Оның ерекше қасиетіне сенген", - дейді ғалым. Басылым дерегінше, адыраспан ел арасында "белобок", "исрык", "бибик", "адыраспан", "испанд", "хазориспанд", "исирик", "хармаль" және тағы басқа атаулармен таныс.

1. Мәтіннің мақсаты

A) Бұқара халықты адыраспан туралы фильммен таныстыру

B) Көпшілікке адыраспан туралы танымдық ақпарат беру

C) Адыраспанның бірнеше атауларымен таныстыру

D) Адыраспанның улы өсімдік екенінен хабар беру

2. Адыраспанның ел арасында бірнеше атауға ие болуының себебі

A) Улы болғандықтан

B) Қасиетті болғандықтан

C) Көп таралғандықтан

D) Фильм түсірілгендіктен

2-мәтін

Жібектің таралуы мен тасымалдаудың шынайы тарихы сол кезеңдегі Еуропа мен Қытай елшілерінің құжаттарында, саяхатшылардың аңыз әңгімелері мен сипаттауларында бейнеленген. Сол себепті жібектің қай кезеңде өндірілгені мен өзге мемлекеттерге таралу тарихы туралы нақты пікір жоқ. Дегенмен қолда бар мәліметтерге сүйенсек, жібек өндірудің құпиясын алғаш рет қытайлықтар төрт мың жыл бұрын ашқан, дегенмен Фава және Витт есімді әйгілі батыс еуропалық зерттеушілер 7000 жыл бұрын деп көрсетеді. Қытайда б.з.д. 3 мыңжылдықта жібек өндіру технологиясы туралы маңызды ақпаратты 1958 жылғы Цэяншаньяндағы (Чжэцзян провинциясы) қазба жұмыстарынан аламыз. Онда Лянчжу мәдениеті ескерткіштерін зерттеу кезінде бамбук себеті табылды, онда мата қалдықтары сақталған. Күріш қалдықтарына жасалған радиокарбон анализі оның б.з.д. 2750 ± 100 жыл екенін анықтады. 

ІV мыңжылдықта жібекті қытайлықтардан кейін Жапония, одан кейін Үндістан өндіре бастады деген болжам бар. Мукерджидің ойынша жібек тұтының отаны Үндістанның таулы аймақтары. Оның 1890-1891 жылы жарық көрген еңбектерінде жібекті өндіру тек бір жерде ғана болған жоқ. Санкскрит тіліндегі ежелгі ескерткіштерде жібек туралы ақпарат бар болғанымен, Қытай туралы ешбір мәлімет келтірілмеген. Үндістан туралы алғашқы деректерді грек авторларының еңбектерінен кездестіруге болады, дегенмен онда жібек туралы мәлімет жазылмаған. Д.М. Россинский былай жазады: «Үнділер қытайлардың жібек тұтынан жібек өндіру әдісінен ешқандай жаңалық алған жоқ. Бұл тек бұрыннан бері әртүрлі жәндіктерден жібек өндіру әдісінің қарапайым жаңаруы болды». ХVІІІ ғасырдың бірінші жартысында Шығыс Үндістанға сапар шеккен неміс дәрігері Румфиус ежелгі үнділердің жоғары сапалы жібек матасы туралы баяндайды. Ол үнділерден қытайлық тұтқа қатысы жоқ бірнеше жібек матасын аңғарды, сондай-ақ олардың сапасының әлдеқайда жақсы екендігін айтады. Ал жібек маталарының Үндістанда бар болғандығын көрсететін мәліметтер б.з.д. ІІ мыңжылдықтың ортасына тиесілі.

3. Мәтіндегі Румфирустің болжамы

A) Жібектің күріш қалдығынан жасалғандығы

B) Үнділер жібек туралы жаңалық ашпағандығы

C) Жібек өндірудің алғаш құпиясын ашқандығы

D) Үнділердікі сапалы жібек мата екендігі

4. Мәтін мазмұны бойынша жауабы бар сұрақ

A) Үндістанның қай таулы аймағында жібек тұты бар?

B) Грек авторлары жібек туралы қандай кітаптар жазған?

C) Қытай елшілері қандай құжаттар жазып қалдырған?

D) Жібек туралы Қытай ақпараттары қайда жазылған?

5. Жібек тұтын өндіру қытайлықтарға тиесілі екендігінің дәлелі

A) Қазба жұмысы кезінде мата қалдықтарымен табылған себет

B) Грек авторларының жазып қалдырған зерттеу еңбектері

C) Санкскрит тілінде жазылған ежелгі ескерткіштер

D) Неміс дәрігері Румфиус жазған ежелгі зерттеу жазбалар


3-мәтін

1. Еліміздің индустриалды орталығы – Қарағанды бір мезгілде дамып жетіле қойған жоқ. Қиын-қыстау кезеңдері қаншама, осы алып өндіріс ошағының бастамасы Қарағанды қаласынан түстік бағытта Көкөзек бойында орналасқан Спасск зауыты болғанын екінің бірі біле бермес.

2. ХХ ғасыр басында шетелдік қалталылар Қазақстанның жер қойнауындағы байлықтарын зерттей бастады, қазақ даласына шетел капиталы келді. 1907 жылы Сораң, Қарағанды, Өспен және Спасск мыс кен орындарын ағылшынның «Спасск мыс рудалары» акционерлік қоғамына сатып жібереді. Француз инженері Ж. де Кателен жазбасында: «Арзан жұмысшы күшін пайдалану өндірістің шығынын арзандатады, әсіресе, бұл қазақ даласындағы кен орындарына қолданған тиімді», – делінген.

3. Жаңа өзгерістер революция тарихына қатысты. Қазақ жеріндегі революцияның оң нәтижесінің бірі – қазақ халқының Қарағанды, Спасск, Өспен сияқты жүздеген өндіріс орындарын, кен байлықтарын өзіне қайтарып алуында болды. XIX ғасырдың басында Ресей патшалығының отары ретіндегі Қазақстанда негізінен өнеркәсіптің екі саласы, яғни, тау-кен өндірісі мен кен-зауыт өнеркәсібі, сондай-ақ, ауыл шаруашылығы, оның ішінде мал өнімдерін ұқсату жөніндегі өнеркәсіп жатқызылды. Әсіресе, тау-кен өнеркәсібі түсті металдар мен темірдің бай кен орындарын пайдаланып жатқан Алтай мен Орталық Қазақстанда өркендеді. Бірақ, ғасыр басында мыс, алтын, темір және басқа қазба байлықтарын шығаратын еліміздің тау-кен кәсіпорындары, негізінен, шетелдік акционерлік қоғамдардың қолына көшті. 1904 жылы Лондонда пайда болған Спасск мыс кендерінің ағылшын-француз акционерлік қоғамы Спасск-Успенск мыс кені мен зауытын, Саран-Қарағанды тас көмір кенін және кеніштерін түгелдей сатып алып, пайдаланды.

4. Қазақ өлкесінің ғасыр басындағы тау-кен өнеркәсібінің басты салаларының бірі алтын шығару болды. Сонымен қатар, Екібастұзда, Қарағандыда, Саранда көмір кен орындары мол пайдаланылды. Өндірілген көмір темір және су жолдарымен Ресейдің Пермь губерниясына, Омбы мен Барнаулға, сондай-ақ, өлкенің Павлодар, Қызылжар және басқа да қалаларына жеткізілді. 1901 жылдың күзінде Екібастұзға жұмыс іздеп келушілердің саны бес мың кісіге жетеді. Ал, Қарағанды, Спасск, Успенск өндірістерінде де осындай жағдайлар болды. Бірақ, олардың көбі жұмысқа қабылданбайды. Қабылданғандарға жұмысты көп істеткізіп, еңбекақыны аз төлейтін болады. Көмірі қуалай алынған қараңғы үңгірдің асты саз, әрі су, жарықсыз, тіреусіз болатын. Қазылған көмірді сол үңгірдің бойымен шахтерлер шанаға, болмаса тәшкеге салып, бадьяға жаяу сүйреп әкелетін.
6. Мәтін мазмұнының реттілігі

1. Сатылған кен орындары

2. Шетелдік байлар зерттеуі

3. Өнеркәсіптегі жұмыс күші

4. Спасск зауыты

A) 2,4,1,3

B) 4, 2,1,3

C) 1,4,3,2

D) 3,4,1,2

7. Мәтіндегі өндірілген көмір жеткізілген аймақтар

A) Шетел қалталыларына

B) Өз өлкеміздің қалаларына

C) Ресейдің Павлодар қаласына

D) Успенск өндірістеріне

8. Қазақ даласына шетел капиталынің келген уақыты

A) 1901 жылдың күзінде

B) XIX ғасырдың басында

C) ХХ ғасыр басында

D) 1904 жылдың ортасы

9. Мәтінде жұмыс іздеп келушілердің саны 5000-ға жеткен кен орны

A) Спасск

B) Успенск

C) Қарағанды

D) Екібастұз

10. Берілген мәтін үзіндісі мен негізгі мәтін мазмұны арасындағы сәйкестік

Қазақстанның пайдалы қазбаларының картасы бай және алуан түрлі. Республика аумағында периодтық кестедегі 99 элемент алынады. Алайда, Қазақстан Республикасының негізгі ресурсы жанғыш пайдалы қазбалар болып табылады, атап айтқанда көмір.

A) Еліміздегі пайдалы қазбалар туралы

B) Спасск-Успенск кен орны туралы

C) Шетелдік капиталдар туралы

D) Периодтық кестедегі элементтер туралы



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!