400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Оқу сауаттылығы тест тапсырмалары ҰБТ

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқу сауаттылығы 11-сынып ҰБТ ға арналған жаңа ФОРМАТТАҒЫ ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ
Материалдың қысқаша нұсқасы

1-мәтін

Пластмасса – біздің күннің ерекше материалдардың бірі. Бұл материал кең таралған және өндірісі дамыған болып келеді. Іс жүзінде барлық табиғи талшықтар, материалдар мен шайырлардың бүгінде өзінің жасанды алмастырғыштары бар. Қазіргі заманғы көптеген пластмассалардың қасиеттерінің өзі табиғи материалдардан асып түседі.

  Олардың көпшілігі табиғатта теңдесі жоқ құнды және маңызды қасиеттерге ие. Пластмасса өндірісі металдар өндірісінен әлдеқайда жылдам дамып келеді.

Пластмасса  күрделі органикалық қосылыстарды құрайды. Олардың құрамында бірнеше компоненттер бар. Оның ішіндегі ең маңыздысы жасанды шайыр(смола). Жасанды шайыр конденсация реакциясы немесе полимерлеу реакциясы арқылы алынады. Бірінші жағдайда екі немесе одан да көп заттардың өзара әрекеттесуі нәтижесінде жаңа зат пайда болады. Сонымен қатар қосымша өнімдер шығарылады (аммиак, су және т.б.). Екінші жағдайда, бір заттың молекулаларының өзара әрекеттестігі жаңа зат-полимерді құрайды. Ал қосымша өнім шығарылмайды. Шайыр пластмасса компоненттерін байланыстырады. Оған икемділік, су тұрақтылығы, қаттылық және басқа да механикалық және электрлік қасиеттерін береді.

1. Мәтіндегі шайырдың пластмассаға беретін қасиетінің бірі

A) Конденсация

B) Икемділік

C) Физикалық

D) Полимерлеу

2. Мәтін мазмұнына лайықты ақпарат

A) Жасанды шайыр полиерлеуден алынады.

B) Табиғаи материал пластмассадан асып түседі.

C) Пластмасса өндірісі қарқынды дамып жатыр.

D) Пластмасса өндірісі баяу таралып жатыр.
















2-мәтін

1. Наурыз – парсы сөзі, қазақшасы «Жаңа жыл», «күн» деген ұғымды білдіреді. 22 наурыз – бүкіл Шығыс халықтарының мерекесі. Бұл – күн мен түннің теңелетін, қардың еріп, көктің шыға бастайтын кезі. Наурыз күнін адамдар жаңа жылдың басы – «Ұлыстың ұлы күні» деп атап, зор қуанышпен қарсы алған. Наурыз күні халық таза киініп, бірін-бірі құттықтап, қуаныш дастарқанын барынша мол жаяды.
    2. Наурыз – діні мейрам емес, жалпы халықтық мереке. Наурыз – табиғат мейрамы, аса зор салтанат, ұлы жиын. Адамдар бұл күні «бәріміз де табиғат перзентіміз, оны аялайық, бергеніне риза болайық», – дейді.   Бұл күні қандай күнә болса да кешірілуге тиіс, жеке адамдар арасындағы бас араздықтар да кешірілуге тиіс. Ерте кезде Орта Азия әкімдері: «Бұл күні Самарқанның көк тасы да жібиді», – деп  зынданда жатқан тұтқындардың қол-аяғын босатып, кешірім берген.                                                         
    3. Бұл күні адамдар бірін-бірі мынадай сөздермен құттықтаған: «Ұлыс құтты болсын!», «Ақ мол болсын!», «Ұлыс береке берсін, бәле-жала жерге енсін!». Сөйтіп, адамдар бір-бірінің қатесін кешіріп, татуласады, оның аяғы ойын-сауық, ән-күйге жалғасады.
    4. Наурыз көже – азықтың жеті түрінен жасалады. Қазақстанның әр жерінде көженің құрамына салынатын азық-түлік әр түрлі болғанымен, жетіден аспауы керек. Наурыз көженің құрамына бидай, тары, күріш, ет, тұз, сүт, су қосылу керек. Бұған қыстан шыққан қазы, шұжық, сүр ет сияқты сыйлы, сыбағалы мүшелер де қосылады.
 

(199 сөз). «Қазақ халқының салт-дәстүрлері» кітабынан

3. Мәтінге лайықты тақырып

A) Наурыз көже құрамы

B) Наурыз – діни мейрам

C) Шығыс елінің мерекесі

D) Салтанатты, ұлы жиын.

4. Мәтін мазмұнының реттілігі

1. Ұлы жиын

2. Наурыз тілегі

3. Ұлыс күні

4. Наурыз көже

A) 3, 4,1,2,

B) 3, 1, 2, 4

C) 2,4,1,3

D) 3,1,4,2

5. Мәтіннің аудиториясы мен түрі

A) Көпшілікке арналған, ақпараттық мақала

B) Көпшілікке арналған, зерттеу мақаласы

C) Көпшілікке арналған, аннотация

D) Көпшілікке арналған, ғылыми мақала



3-мәтін

Кез келген елдің экономикасының дамуы үшін ғылым мен техниканы дамыту негіз болып табылады. Шығармашылық идеяларды қолдау нысаны бола тұра, патенттер инновациялар мен өнеркәсіптің дамуын ынталандырады. Әлем тез өзгереді, өнеркәсіптің дамуы да сондай өзгеріп тұрады. Өнертабыс деген ұғым – бір қол жеткізбейтін және күрделі дүние деген түсінік ескірген.

Пайдалы және қарапайым өнертабыстарды жасау күнделікті өмірімізді жақсартады. Олар көбінесе біраз міндеттерді орындауды жеңілдетеді, автокөліктер мен кір жуғыш машиналар өмірді жеңілдетеді, микроскоптар ой-өрісті және білімді кеңейтеді, теледидар мен радио өмірді қызығырақ етеді, от сөндіргіштер адамның өмірін сақтап қалады және т.с.

Әдеттегідей, көптеген өнертабыстар адамның бір нәрсені оңайлату немесе пайдалануға ыңғайлы етуге деген талпынысы бойынша жасалады. Бүкіл әлемде адамдар бірдей мәселелерді бастан кешеді және олардың шешімін табуға ұмтылады. Біз көптеген дүниелер үшін бұрынғы өнертапқыштарға қарыздармыз, себебі біз олардың шығармашылық нәтижелерін күнделікті пайдаланамыз.

Сонда да заманауи өнертапқыштар да бұрынғылардан кем емес. Мүмкін қазіргі өнертабыстардың атаулары оларды жасаған адамдардың аттарымен аталып тарихта сақталмаған шығар. Бірақ қазіргі заманғы компьютерлер, гаджеттер, электромобильдер және басқа да өнертабыстар аса назар аударуға және сый-құрметке лайық.

6. Мәтіннің түйіні болатын сөйлем

A) Бұрынғы өнертапқыштар ыңғайлы өнімдер ойлап тапқан.

B) Пайдалы өнертабыс түрлері адамдарды сый-құрметке бөлейді.

C) Әлем өзгерген сайын өнертабыс түрлері өзгере алмай жатыр.

D) Өнертабыс өнімдері адамдардың тұрмысын жеңілдетеді

7. Мәтінде: «Біз көптеген дүниелер үшін бұрынғы өнертапқыштарға қарыздармыз» деген сөйлемнің мәнісі

A) Бұрынғы өнертапқыштар технологияны дамытып кеткен

B) Бұрынғы өнертапқыштар бзге кітаптар жазып қалдырған.

C) Өнертабыстар үшін лайықты дәресені ала алмағандар бар.

D) Себебі олардың жаңалығы негізінде жаңа өнертабыстар ашылды.

8. Қазіргі заманғы құрметке лайық өнертабыс

A) Инновациялар

B) Патенттер

C) Иделар

D) Гаджеттер

9. Мәтіннің мақсатты аудиориясы

A) Жас физиктер

B) Қалың қауым

C) Алхимиктер

D) Құрылысшылар

10. Берілген мәтін үзіндісінің негізгі мәтіннен айырмасы

«Гаджет» анықтамасы екі түрлі ұғымды білдіруі мүмкін. Бірінші жағдайда, бұл нақты физикалық құрылғы, ал екіншісінде – бұл тар ауқымдағы тапсырмаларды орындайтын шағын компьютерлік бағдарлама

A) Жаңа технология

B) Өнертабыстың бір түрі

C) Интернеттік желі

D) Күрделі дүние







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
74 ұстаз жүктеп алған
02.11.2025
197
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі