АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫ
ҚЫЗЫЛШЫРАҚ АУЫЛЫ
«М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕП» КММ
ОРАЗАЛЫ АҚКЕНЖЕ ОРАЗАЛЫҚЫЗЫ
«ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР»
(әдістемелік құрал)
2025 жыл
ӘОЖ 373 КБК 74.266.3 М 12
Құрастырушы автор: ОРАЗАЛЫ АҚКЕНЖЕ ОРАЗАЛЫҚЫЗЫ
Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Қызылшырақ ауылы, «М.Әуезов атындағы орта мектеп» КММ, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Пікір жазған:
С.Жүзеев - Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасының аға оқытушысы, Халықаралық зерттеулер академиясының (International Insight Academy) ғылыми кеңесшісі
Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығының оқу-әдістемелік кеңес мәжілісінде талқыланып, 2025 ж. «18» маусым № 1352 хаттамасымен мақұлданған және баспаға ұсынылған.
«ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР» / Құраст.авт; Оразалы А.О.-Алматы «EDU print» жедел басу баспаханасы, 2025. – 41 бет.
Әдістемелік құрал жалпы білім беретін мекемелердің мұғалімдеріне арналған.
![]()
© құраст. авт: Оразалы А.О.
© «EDU print» жедел басу баспаханасы, 2025ж
Түсінік хат
«Оқу сауаттылығын арттыруға арналған тапсырмалар» әдістемелік құралы мемлекеттік жалпы орта білім беру стандарты мен қазақ тілі пәнінің оқу бағдарламасының негізінде дайындалды.
«Оқу сауаттылығын арттыруға арналған тапсырмалар» әдістемелік құралдың мақсаты оқу сауаттылығын арттыруға арналған тапсырмалар арқылы жaзбa мәтіндерді түсінуге және қолдaнуға дағдыландыру, мәтін бaрысындa ой-толғaуын, жaңa білім игерудегі әдіс- тәсілдерді қолдaнуын жетілдіріп, әлеуметтік ортaғa бейімделуіне ықпал жасау, мәтін мазмұнын өзіндік пайымдау жасауға пайдалана білуге баулу.
«Оқу сауаттылығын арттыруға арналған тапсырмалар» құралының мақсаты төмендегі міндеттерді шешуді көздейді:
-
мәтіндерге өз тұжырымын жасай отырып, белсенділік таныту;
-
шығармашылық тұрғыда ойлауға, өз бетінше шешім қабылдай алуға даярлау;
-
тілдік жағдаяттарда қарым-қатынасқа еркін түсе алу даярлығын білдіретін құзыреттілікті қалыптастыру жолдарын қарастыру;
-
ана тілін жетік білетін, ұлттық мәдени құндылықтарды бағалай алатын тұлға даярлау;
-
сыни ойлай алатын тұлға тәрбиелеу.
«Оқу сауаттылығын арттыруға арналған тапсырмалар» әдістемелік құралы стандартқа сай оқу жүктемелеріне кіріктіріліп, оқу сауаттылығын арттыру үшін ұсынылады. (сағат санымен көрсетілу себебі мұғалім үшін)
«Оқу сауаттылығын арттыруға арналған тапсырмалар» әдістемелік құралының мазмұны мен құрылымы
Оқушылардың оқу сауаттылығын арттыру мақсатында ұсынылатын бұл құрал оқушының мәтінмен жұмыс істей білу қабілеттерін қалыптастыруға арналған оқу тапсырмалары беріліп отыр. Әр мәтіннен кейін ашық және жабық сұрақтар берілген. Сұрақтар меңгерілетін дағдыға байланысты құрастырылған.
«Оқу сауаттылығын арттыруға арналған тапсырмалар» әдістемелік құралының бағдарламасы «Мәтін мазмұнына жалпы шолу жасау және тұтас мәнді түсіну», «Мәтіннен қажетті ақпараттарды іздеу», «Мәтінді интерпретациялау», «Мәтін мазмұнына рефлексия жасау», «Мәтін формасына рефлексия жасау», «Визуализация түрлері: электронды ортадағы жұмыс», «Проблемалық жағдаятты шешу» бөлімдерінен тұрады.
Нәтижесінде:
«Оқу сауаттылығын арттыруға арналған тапсырмалар» әдістемелік құрылы бойынша білім алған оқушылардың білім мен іскерлік- дағдыларына қойылатын талаптар.
Оқушылар білуі тиіс:
-
Мәтін мазмұнына жалпы шолу жасау және тұтас мәтінді түсіну;
-
Мәтіннен қажетті ақпаратты іздеу;
-
Мәтінді интерпретациялау;
-
Мәтін мазмұнына рефлексия жасау;
-
Мәтін формасына рефлексия жасау;
-
Визуализация түрлерін (суреттерді мәтіннің маңызды құрамдас бөлігі ретінде талдау, комикстер жасау);
-
Проблемалық жағдаятты шешу.
Оқушылар мәтіннің құрылымын білуі тиіс:
-
Тұтас мәтін (көркем әдебиет мәтіндері, өлең, мақала, ғылыми негіздемелер, нұсқау)
-
Жадағай (тұтас емес) мәтін (графика, кесте, сурет, диаграмма, жарнама, жадынама, ұшақ билеттері)
-
Аралас мәтін (тұтас және тұтас емес мәтіндердің сипатын біріктіреді).
-
Құрамдас мәтін (бір тақырып, бірақ әр автордың пікірі, ойы. Мысалы, аққу тақырыбына жазылған әрбір ақынның туындысы немесе әр газеттегі бірдей тақырыпқа жазылған материал және бірнеше тақырыпты қамтитын үзік –үзік мәтіндер).
Оқушылар бағалап, пайымдай білуі тиіс:
-
Мәтін мазмұнын түсініп және оның дереккөзі туралы ой қорыта білуі тиіс;
-
Мәтіндегі ақпараттың маңыздылығы мен нақтылығын бағалай білуі тиіс;
-
Мәтіндегі ақпараттың дәйектілігін пайымдай білуі тиіс;
-
Өмірлік жағдаяттардың шешімін ұсына білуі тиіс;
-
Мәтіндегі ақпарат пен мәтіннен тыс білімдер арасын байланыстыра білуі тиіс.
1-бөлім. Оқу сауаттылығының жалпы теориялық мәселелері. (5 сағат)
1-тақырып. Функционалды сауаттылық дегеніміз не? (1 сағат)
Қазіргі қарқынды дамыған заманда «сауаттылық» ұғымының аясы кеңейе түсуде. Қарапайым сауаттылық ұғымына жататын адам баласының оқи, жаза және есептей білу дағдыларымен қатар, «функционалды сауаттылық» ұғымы белсенді қолданылуда. «Функционалдық сауаттылық» ұғымы алғаш рет өткен ғасырдың 60-жылдары ЮНЕСКО құжаттарында пайда болған.
Функционалды сауаттылық – мектеп білімі мен адам баласының күнделікті өмірдегі көпсалалы әрекетін байланыстыру нәтижесінде тұлғаның әлеуметтік ортаға бейімдей отырып қалыптастыратын біліктілігі. Функционалды сауаттылықтың негізгі ерекшелігі өзгермелі қоғамның түрлі салаларында қолданбалы білімге сүйене отырып, өмірлік мәселелерді шеше білумен сипатталады.
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) халықаралық ғылыми ұйымдармен бірлесе отырып, ұлттық білім орталықтарының қатысуымен 3 жылда бір рет оқушылардың білім жетістіктерін бағалау бағдарламасы бойынша тест ұйымдастырады (ағыл. Programme for International Student Assessment, PISA). Аталған тест әлемнің әртүрлі мемлекеттері бойынша оқушылардың функционалды сауаттылығын, мектепте алған білімін практикада қолдана білуін бағалайды. PISA зерттеуі жүйелі жүргізілетін мониторингтік зерттеу болып табылады, яғни ол әртүрлі мемлекет бойынша білім жүйесінде болып жатқан өзгерістерді анықтау мен салыстыруға, білім саласы бойынша жасалған стратегиялық шешімдердің тиімділігіне баға беруге мүмкіндік береді.
Білім сапасына жасалатын мониторинг 4 негізгі бағыт бойынша жүргізіледі:
-
Оқу сауаттылығы
-
Математикалық сауаттылық
-
Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық
-
АКТ сауаттылығы.
Халықаралық зерттеу нәтижесі негізінде, соның ішінде PISA, ЭЫДҰ әртүрлі мемлекеттерге білім жүйесінде айқындалған мәселелерді шешуге, саяси бағыттарды дайындауға және оларды тиімді жүзеге асыруға көмектеседі.
PISA зерттеулерінің нәтижесінде оқушыға қатысты төмендегідей сұрақтар шешімін табатын болады: «Жасөспірімдер болашақта өздері бетпе-бет ұшырасатын қиындықтарды еңсеруге қаншалықты дайын?», «Олар өз идеяларын жүзеге асыруда белгілі бір проблеманы талдау, себебін анықтау дағдыларын қолданып, сәйкесінше қарым-қатынас орната ала ма?», «Әлеуметтік өзгерістерге бейімделуде оқушылар қандай білік-дағдыларын пайдаларына жарата алады?»
2-тақырып. Оқу сауаттылығы (1 сағат)
Оқу сауаттылығы – адамның ақпараттың мазмұнын бағалау, түсіну және интерпритациялау қабілеті болып табылады. Оқушының бұл басты төрт оқырмандық құзыреттілігі оның коммуникативтік дағдыларын анықтайды. PISA тесттері оқу сауаттылығын бағалаудың екі негізгі параметрін қарасырады.
1.Мәтін. Олар форматтары бойынша ерекшеленеді. Мысалы: тұтас, дискретті, аралас және құрама мәтіндер болып бөлінеді. Тұтас мәтінде ақпаратты табу әрекеттері қаріп түрі мен өлшемдерімен ерекшеленеді. Дискретті мәтіндер оқу дағдыларының кейбір әрекеттерін талап етеді. Олардың мазмұнында диаграмма, кесте, график және хабарландыру түріндегі материалдарды қамтиды. Аралас – тұтас және дискретті мәтіндердің түрлерін біріктіреді. Журналдар мен web-беттердегі материалдардың көпшілігі аралас мәтін түрлеріне жатады. Құрама мәтін - әрқайсысы бір-біріне тәуелсіз және бірнеше мәтіннен құрастырылған, негізгі ойы аяқталған мазмұндағы форматта беріледі.
2.Ахуалдар (жеке, қоғамдық, оқу мақсаты және іскерлік). Жеке өмірлік ахуалдарға берілген мәтіндер мазмұны хат, өмірбаян және ақпараттық хаттар түрін құрайды. Электрондық форматтағы мәтіндер хабарлама, күнделікті жаңалық блоктарын қамтиды. Қоғамдық мақсаттар үшін оқуға - ресми құжаттар, газет жаңалықтары, ғаламтордағы форумдар жатады. Оқу ахуалы мәтіндеріне классикалық мысал ретінде оқулықтар және электронды интербелсенді оқу бағдарламалары кіреді. Іскерлік ахуалдар мәтіні – газеттің немесе ғаламтордың сәйкес беттерінен қажетті ақпаратты іздеуі, хабарландыруды, нұсқаулықтарды және т.б. іздеу болып табылады.
Тестілеуге қатысушылар тапсырмаларды орындау барысында мәтіннің негізгі ойын анықтап, оны жалпы мәтін контекстінен бөліп алып, өз қөзқарасын дәлелдермен негіздеу қабілеттерін көрсете білуі қажет.
3-тақырып. Мәтін және оның түрлері (1 сағат)
«Мәтін» сөзі шынайы тіл қолданылған баспа түрде немесе бейнелік мәтіндерді білдіреді. Мұндай мәтіндер диаграмма, сурет, карта, кесте, график түріндегі визуал бейнелерді қамтуы мүмкін. Бір ғана мәтіннің өн бойында әртүрлі мәтін типтері кездесе береді.
Мәтіннің (формасы) нысаны 4 – ке бөлінеді:
-
Тұтас мәтін ( көркем әдебиет мәтіндері, репортаж, өлең, пьеса, мақала, жұлдыз жорамал, техникалық мәтін, заң, ғылыми негіздемелер, нұсқау)
-
Жадағай (тұтас емес) мәтін (графика, кесте, сурет, диаграмма, жарнама, сканворд, хабарландыру, карта, анкета, құттықтау, комментарий)
-
Аралас мәтін (тұтас және тұтас емес мәтіндердің сипатын біріктіреді, авторлық web – парақтар).

4-тақырып. Мәтін және оның түрлері (1 сағат)
PISA оқу сауаттылығы бойынша оқушыларға ұсынылатын тест сұрақтары әртүрлі мәтін түрлерінің негізінде ұсынылады.
-
Көркем әдебиеттен алынған үзінділерден тұратын тұтас мәтіндер құрылымы мәтіннің ірі бірліктерін құрайды. Мағыналық абзацтар белгілі бір тәртіппен ұйымдастырылған және мәтіннің логикалық құрылымын тез қабылдау үшін тақырыптар мен тақырыпшалардан тұрады.
Тұтас мәтіннің мысалы
Жақсылардың жақсысы
Баяғыда бір адам бірнеше бөлмелі жарық, биік, өте әсем үйде тұрыпты. Үйдің айналасы бау-бақша екен. Бір күні оның кішкентай қызы бақшаны, барлық бөлмелерді аралайды. Кірмеген жалғыз ғана бөлме қалыпты. Ол ылғи да жабық тұрады екен.
Сонда әкесіне қызы:
-
Әке, маған жабық тұрған бөлмеге кіруге рұқсат етіңіз. Осы бөлме басқа бөлмелерге қарағанда жақсы ғой деп ойлаймын, - дейді.
-
Оның дұрыс, қызым. Жақсылардың ең жақсысы сонда. Бірақ сен әлі жассың, өскенде бұл бөлмені саған берем. Сен оған өмір бойы риза боласың,- деп жауап қайтарады әкесі.
Қыз есейіп, бойжеткен атанады. Әкесі қызына жабық бөлменің кілтін береді. Қыз есікті ашқанда, тек ұршық пен кітапты көреді. Қыз әкесіне:
-
Әке, сен жабық бөлмеде «жақсылардың жақсысы бар» деген едің. Мен ұршық пен кітаптан басқа ештеңе таппадым,- дейді.
-
Міне, жақсылардың жақсысы деген – осылар, қызым! Ұршық болса, өнерің жанады. Ал кітап оқысаң, білімің артады. Жарық дүниеде бұлардан жақсы нәрсе жоқ. Дүниедегі мүліктің бәрі еңбекпен, өнермен, біліммен табылады,- деп түсіндірді әкесі.
2) Тұтас емес мәтіндер басқа оқу дағдыларын талап етеді, себебі мәтіннің ақпараттық бірліктерінен, яғни кесте, графика, диаграммалардан тұрады.
Тұтас емес мәтіннің мысалы (1-сурет)

3) Аралас мәтіндердің бір ерекшелігі – мәтіннің ойын өзара толықтырып тұратын вербалды және вербалды емес элементтерден тұрады. Бүгінгі таңда көптеген ақпараттық мәтін таныстырылымдық форматта болады, мысалы web- парақшалар, журналдар және т.б.
Аралас мәтіннің мысалы (2-сурет)

4) Құрамдас мәтіндер мазмұны жағынан ғана емес, форматы жағынан да әртүрлі бірнеше мәтінді бір тақырып аясында біріктіреді. Сондықтан олар мағыналық тұрғыдан өзара байланысты және аяқталған болып есептеледі. Оның мұндай қыры мәтіннің болжамды мақсатын көрсетеді.
Құрамдас мәтіннің мысалы (3-сурет)

5-тақырып. Оқу сауаттылығының дағдылары (1сағат)
Бір мәтінді немесе бірнеше мәтіннің қосындысынан тұратын ақпаратты оқу адамнан бірқатар ойлау үдерісін талап етеді. Ақпаратты қорытып, түсінудің реті мен логикалық тәртібіне сай жүзеге асуын көрсететін мұндай ойлау үдерісін тәжірибеде «когнитивті ойлау үдерісі» деп атайды. Когнитивті ойлау үдерісіне әдетте жадыны, назар аударуды, қабылдау мен түсінуді, ойлауды, шешім қабылдауды және әсер етуді жатқызамыз. Қысқартып айтар болсақ, бұл – құзіреттілік пен білім, білік пен дағды. Оқылымның негізгі когнитивті үдерісіне ақпаратты іздеу, түсіну, бағалау мен кері байланыс жасау жатады.
Мәтіннен (мәтіндерден) ақпараттарды іздеу
- Мәтін бойынша қажет ақпаратты анықтау және табу – бір мәтінді көз жүгіртіп оқу арқылы сандық мәннен, сөз не бірнеше сөз тіркесінен тұратын қажет ақпаратты табу дегенді білдіреді;
- Тапсырмаға сәйкес келетін мәтінді таңдау не іздеу ұсынылатын тапсырма мен сұраққа байланысты берілген бірнеше мәтіндердің ішінен ақпарат іздеу болып табылады.
Түсіну
-Тура мағынаны көрсету қысқа үзіндінің немесе сөйлемнің тура мағынасын түсіну, әдетте абзацта немесе үзіндіде қамтылған ақпаратқа қатысты сұрақ бойынша ақпаратты тура немесе сол мағынасына жуықтатып салыстырмалы түрде перефразалап жеткізу.
-Кіріктіру және ой қорытындысын жасау– бұл мәтіндегі тура мағынада берілген ақпарат аясынан шығып, толық бір үзіндіде немесе бірнеше сөйлемде ұсынылған ақпаратты біріктіре білу білігі. Оқушыларға негізгі идеяны жазуды немесе қысқаша түйіндеме құрастыруды, болмаса үзіндіге ат қоюды міндеттеу – «біріктіру және қорытынды шығару» элементтеріне жатады.
- Әртүрлі дереккөзден алынған ақпараттарды кіріктіру, соның негізінде қорытынды шығару – бір немесе одан да көп мәтіндерге жүктелген ақпарат үзінділерін біріктіру болып табылады.
Бағалау және рефлексия
- Сапа мен дәйектілікті бағалау мәтіндегі ақпараттың дәйектілігін (шындыққа сай болуын), маңыздылығы мен нақтылығын, бейтараптылығын, сенімділігін бағалау болмақ. Мұндай тапсырманы орындауда оқырман тарапынан мәтін мазмұнын түсіну және оның дереккөзі туралы ой қорыту міндеті алға қойылады, басқаша айтқанда, мәтін формасын таңдау арқылы автордың ақпаратты жеткізу амалы талданады;
-Мәтіннің формасы мен мазмұны тұрғысында рефлексия жасау дегеніміз хат мәтінінің формасын бағалау (мәтін құрылымы, жанр және стильдік ерекшеліктері т. б.) болып табылады. Бұл орайда автордың мәселеге қатысты көзқарасы сөз болады. Мұндай тапсырманы орындау, әдетте, оқушыдан өзінің өмірлік тәжірибесін еске түсіріп, ойлануын талап етеді, осылайша ол түрлі көзқарастарды салыстырып, өз болжамын жасайды;
-Түрлі пікірлерді анықтап, қарастыру – түрлі мәтіндегі ақпараттардың бірін-бірі қостайтынын немесе бір-біріне қайшы келетінін анықтау, кереғар сипаттағы мәтіндер ұшырасқан жағдайда мәселенің шешімін табу болып табылады. Мұндай тапсырмалар ұсынылған жағдайда оқушылардан авторлардың бір-бірімен қаншалықты келісіп отырғанын немесе әр автордың ұстанатын позициясының ерекшелігін табу ұсынылады. Ал оқушыларға осыдан өзге тапсырмалар беру кезінде ақпараттың шынайылығына көз жеткізуді немесе нақты мәселені өзге дереккөздерден алынған ақпараттармен дәлелдеуді, оны дәйегі әлсіздеу ақпаратпен салыстыра талдауды тапсыруға болады.
Жалпы функционалды сауаттылыққа бағытталған тест жоғарыда аталған үш үдеріске негізделген оқырмандық құзыреттіліктің жеті деңгейін қамтиды. Оқырмандық құзыреттілік деңгейлері қарапайым тапсырмалардан бастап, оқушылардың ең жоғары құзыреттілігін бағалайтын күрделі тапсырмалардан тұрады.
2-бөлім. Мәтін мазмұнына жалпы шолу жасау және тұтас мәнді түсіну
(5 сағат)
6-тақырып. Бақша ағаштары (1 сағат)
Жаздың әдемі бір күнінде, таңертең бір төре өзінің баласымен бақшаға барып, екеуі де егілген ағаштары мен гүл жапырақтарын көріп жүрді.
- Мынау ағаш неліктен тіп-тік, ана біреуі неге қисық біткен? – деп сұрады баласы.
- Оның себебі, балам, анау ағашты бағу-қағумен өсірген, қисық бұтақтары болса кесілген. Мынау ағаш бағусыз, өз шығу қалыбымен өскен,- деді әкесі.
- Олай болса, бағу-қағуда көп мағына бар екен ғой,- деді баласы.
- Бағу-қағуда көп мағына барында шек жоқ, шырағым; мұнан сен де өзіңе үлгі алсаң болады; сен жас ағашсың саған да күтім керек; мен сенің қате істеріңді түзеп, пайдалы іске үйретсем, сен менің айтқанымды ұғып, орнына келтірсең, жақсы кісі болып өсерсің, бағусыз бетіңмен кетсең, сен де мынау қисық біткен ағаштай қисық өсерсің,- деді.
1-тапсырма. Әкесінің баласына берген жауабын белгілеңіз
А) Бақша ағаштарын күтіп ұстау керек.
В) Ағаштың күтімі дұрыс болса, бақша жайнайды.
С) Адам ағаш сияқты төзімді болу керек.
D) Адамға да ағаш сияқты қисық өспеу үшін күтім керек.
2-тапсырма. Мәтін мазмұнына сәйкес келмейтін нұсқаны табыңыз
А) Бала тәрбиесіне ата-ана жауапты.
B) Баланы бетінен қақпай өсіру керек.
C) Балаға дұрыс тәрбие берілсе, сеніміңді ақтайды.
D) Адам да ағаш сияқты: қисық өссе түзелмейді.
3-тапсырма. «Сен жас ағашсың, саған да күтім керек» деген әкенің сөзін қалай түсінесің? __________________________________________________________________________________________________________________________________
7-тақырып. Көгершін- пошташы құс (1 сағат)
Көгершін- ауыл-аймақты жақсы тани алатын құс. Туған жерін, ұя салған орнын жазбай таниды. Көгершінді ұстап алып, алысқа апарып тастаса да, ұясын іздеп табатын киелі құс. Мұны ежелгі адамдар да байқаған. Содан көгершінді пошташы «қызметіне» алып, қарым-қатынас құралына айналдырған.
Пошта тасуға басқа құстарды да үйретуге болады. Бірақ, хатшылық көгершіннің қанында бар қасиет. Оны үйретіп қажет емес. Қанатына хатты байлап, ұшырып жіберсең болды-туған жерін айнымай табады. Көгершіннің кемшілігі тек бір бағытта ғана, яғни, үйіне қарай ұшатыны ғана.
Француздар шағаланы, орыстар сұңқарды, ағылшындар қарлығашты пошта тасуға үйретіп көрген. Алайда олар көгершіндей көрсеткіш көрсете алмады. Көгершін жылдам, ауа-райына қарамайды.
1-тапсырма. Көгершінді неліктен пошташы құс деп атайды?
А) Көгершінді ұстап алып, алысқа апарып тастаса да, ұясын іздеп табатын киелі құс.
B) Пошта тасуға тез үйренетін құс.
C) Қанатына хат байлап дағдыланған құс.
D) Француздардың үйреткен құсы.
2-тапсырма. Көгершінді неліктен «бейбітшілік құсы» дейді? Өз ойыңызды жазыңыз.______________________________________________________________________________________________________________________________
3- тапсырма. Басқа құстарды да пошта тасуға үйретуге болады, бірақ неліктен көгершін құсын қолданады.
А) көгершіннің қанаты ұзын, төзімді.
B) хатшылық көгершіннің қанында бар.
C) қанатына хат байлауға үйретілген.
D
) көгершін
сезімтал құс.
4-тапсырма. Пабло Пикассоның бейбітшілік жақтаушыларына арнап салған таным белгісі ненің символы болып табылады? Осы дерекке байланысты өз пікіріңізді білдіріңіз.
_____________________________________________________
8-тақырып. Болашақтың мамандықтары (1 сағат)
Мамандық таңдау – маңызды іс. Уақыт өте дәстүрлі мамандықтар сұраныстан айырылып, жаңа маман иелері пайда болады. Fast Future британдық агенттіктің футурологтары (әлеуметтік процестердің келешегін қамтитын білімдер саласын зерттеушілер) 2030 жылы сұранысқа ие болып, кең жайылатын мамандықтардың тізімін болжады.
Сонымен, айналдырған он шақты жылдан кейін мынандай маман иелері қажет болады:
Наномедицина қызметкері – адам денесінің мүшелерін қайта жасайтын маман.
Ғарыш туризм мамандары – ұшқыштар, бортинженерлер мен гидтар. Дамыған технология ғарышқа саяхаттауға мүмкіндік беріп, жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді. Жер болашақта үлкен құндылыққа айналып, жерді үнемдеу өмірдің кез келген саласында байқалады. Өндіріс пен шаруашылық көп жерді алмас үшін, «тігінен тұратын фермалар мен өндіріс орындары» көбейеді. Осы салада жұмыс істей алатын мамандардың қажеттілігі де артады.
Виртуалды құқықтың заңгері қарапайым заңгерлерден де үлкен сұранысқа ие болады.
Қозғалыс көліктеріне балама ойлап табатын кісілер де қоғамға өте қажет болады.
Жеке журналист біреудің жеке БАҚ-ында жұмыс жасайды, олардың саны күрт көбейеді.
Уақыт биржасындағы брокер мамандығы қазіргі ақша брокеріндей танымал болады. Қоғамдық желідегі қоғамдық қызметкер. Бұл кісі қоғамдық желілер арқылы жағдайы төмен, жаман әдеттерге шалдыққан қолданушыларға көмекке келеді.
Жеке бренд-менеджер. Қазіргі пиар-менеджерлері сияқты белгілі біреу туралы басқалар арасында жақсы ой қалыптастыруға тырысады. Қазірде мұндай жұмысшы жұлдыздарда ғана болса, болашақта әр адамның өз бренд-менеджері пайда болады.
1-тапсырма. Мамандықты дұрыс таңдаудың маңызы қандай? Өз ойыңызды жазыңыз
________________________________________________________________________________________________________________________________________
2-тапсырма. Наномедицина қызметкері қазіргі таңда қандай мамандықпен байланысты? IT мамандығының бұған қандай қатысы бар деп ойлайсыз?
____________________________________________________________________________________________________________________________________
3-тапсырма. Болашақта қазіргі пиар-менеджерді алмастыратын мамандық
А) Уақыт биржасындағы брокер
B) Жеке журналист
C) Жеке бренд-менеджер
D) Қоғамдық желідегі қоғамдық қызметкер
4-тапсырма. Он шақты жылдан кейін қандай маман иелері қажет екенін мәтінге сүйеніп дәлелде.

9-тақырып. Ғаламторға тәуелділіктің алдын алу жолдары (1 сағат)
Бүгінде ғаламтор өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды. Ғасырдың ең озық жетістігі әрі сырқаты болып саналатын ғаламтордың жастарымызға пайдасы мен зияны қатар тиюде. Әсіресе, ғылым мен техника дамыған заманда ғаламтордың қызметіне ұялы байланыс арқылы жүгінетіндер көбейді. Мәселен, ұялы байланыс нарығын тоқсандық зерттеу кезінде тұтынушылардың 78 %-ы телефонына ай сайын 2 мың теңгеден жұмсап отырған. Оның ішінде, ең көп қолданушылар 16-29 жас аралығын құрайды. Сондай-ақ, елімізде әрбір төртінші адам батырмалы телефонды пайдаланады.
Жалпы, елімізде ғаламтор пайдаланушылардың саны 12 миллионнан асып жығылыпты. Бұл халықтың 70 пайызы деген сөз. Сондай-ақ, осыдан бес-алты жыл бұрын ғаламторда жастар көбіне ресейлік «Мой мир» желісін пайдаланса, кейіннен «Фейсбук», «ВКонтакте», «Инстаграм», «WhatsApp», «Скайп» секілді қосымшаларды пайдалана бастады. Қазір ұялы байланыссыз жүрген жастарды көрсек, таңырқайтын болдық. Әлеуметтік желіде көрген-білгендерін қызықтап, қажетті ақпараттармен бөлісіп, фото орнату, лайк басу, пікір білдіру, селфи жасау үрдісі қалыпты дағдыға айналды.
Бүгінде ғаламторға тәуелділіктің салдарынан жастардың денсаулығы ғана емес, ойлау, сөйлеу, жазу мәдениеті де төмендеп барады. Ол аздай, компъютер клубтарына кіру бағасы арзан. Қалтасында осындай ғана азын-аулақ ақшасы бар кез келген бала компъютерлік клубтарда қалауынша ғаламторда отыра алады. Ал олар дәл сондай сомадағы ақшамен кинотеатрға немесе саябаққа, фитнес клубтарға бара алмайды. Бос уақытын қызықты өткізгісі келетін жас жеткіншіктерге қандай амал қолданса болады?
Мәселен, Қытай билігі жастардың интернетке деген тәуелділігіне медициналық ауру деген баға беріп, қауіптің алдын алуға кіріскен. Яғни, желіге байланған жеткіншектерді кеселінен арылту үшін арнайы жаттығу лагерлерін ашқан. Аталған орталықтарда Қытайдағы жастарды әскери тәртіппен емдейді. Онда әскердегі жаттығуларды емделушілердің күнделікті режиміне енгізген. Идея авторлары «Мұндай әдісті жайдан-жай қолданып отырғанымыз жоқ», - дейді. Өйткені, күні бойы монитор алдында отыратын адамның денсаулығында міндетті түрде ақау болады.
Лагердегі жаттығуларды бұрынғы әскери қызметкерлер жүргізуде. Басты мақсат - жастардың арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру. Егер бір оқушы тәлімгердің талабын орындамаса, бүкіл топ жазаланады. Дене жаттығуларынан бөлек жастар мұнда Қытай этикасынан да сабақ алады. Ән айтып, би үйренулеріне де болады. Ал ғаламтор тәуелділігінен емдеуді арнайы психолог мамандар жүргізеді. Бүгінде Қытайда дәл осындай 250 лагерь жұмыс істейді екен. Мұнда емделіп жатқан жеткіншектердің көпшілігін ата-аналары мәжбүрлеп жіберген. Біздің елімізде де осыған ұқсас шаралар қарастырылса дұрыс болар еді. (АСТАНА. ҚазАқпарат)
1-тапсырма. Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыз және көтерілген мәселеге қатысты баға беріңіз.

2-тапсырма. Еліміздегі ғаламтор қолданушылардың саны қанша пайызға жеткен?
А) 71%
B) 76%
C) 78%
D) 80%
3-тапсырма. Мақала авторы интернетке тәуелділіктің алдын алу үшін қандай шаралар қолдануды ұсынады?
А)Қытай мемлекетіндегі білім саласының тәжірибесінен үлгі алу.
B)Қытай мемлекетіндегі психологтардың іс- тәжірибесіне жүгіну.
C)Қытай мемлекетіндегі арнайы жаттығу лагерлерінің тәжірибесін қолдану.
D)Қытай мемлекетіндегі бала тәрбиесі саясатын қолдану.
10-тақырып. Табиғатты сақтау- болашақты сақтау (1 сағат)
Сенатор Мұрат Бақтиярұлының айтуынша, қоршаған ортаны қорғау бағытында мемлекеттік бағдарламаларымыз баршылық. Алайда, бұл мәселеде дабыл қағарлық жағдай көптеп орын алуда. Ресми мәліметке сүйенсек, жерімізде мекендейтін аң мен құстың 300-ден астам түрі толық жойылып кету қаупінің алдында тұр. 2015 жылмен салыстырғанда, 2016 жылдың көктемінде Қазақстандағы құстар саны 2 млн-ға кеміп кеткен. Осыған орай, Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі» комитеті 16 ақпан мен 14 маусым аралығында көктемгі аң-құс аулау маусымына тыйым салды. «Комитет шешімі дұрыс емес, жануарлар дүниесіне аңшылардың еш қиянаты жоқ»,- деп қаптаған аңшылық мақсаттағы шаруашылықтар ашық хат жазып, өре түрегелуде.
Эколог Сәдібек Түгелдің мәліметінше, заңсыз аң аулаушылар «Қызыл кітапқа» енген аң-құсты аулау кезінде олардың арнайы кітапқа енгенін, ерекше қорғауда екенін біле тұра, табиғатқа залал келтіруге тырысады. Экологтің пікірінше, біз «Қызыл кітапқа» енген жан- жануарларға, құстар мен өсімдіктерге жеткілікті дәрежеде қамқор болып отырғанымыз жоқ. Броконьерлер оларды қалауынша атып, жасырып сатып, бас пайдасына жаратып жатыр. Жалпы, елімізде табиғатқа жанашырлық өте төмен деңгейде. Табиғаттың қай байлығы болмасын, аяусыз тоналып жатыр. Негізі, «түлкінің құйрығы өзінің соры» дегендей, «Қызыл кітапқа» енген қайбір аң болмасын, өзінің бір артықшылығымен адамзаттың көзіне түскен деуге болады. Мәселен, киіктің немесе бұғының мүйізі қымбат бағаланғандықтан, оны әдетте, броконьерлер шетелге өткізуге әуес. Сондықтан мүйізі үшін атып өлтіріп, мүйізін кесіп алып, ал денесін далаға тастап кете баратындар жетерлік.
Неге халықаралық деңгейдегі қорғалып жатқан аң-құс, өсімдіктер біреулердің жеке мақсаты үшін жойылуы керек?! Сондықтан тез арада табиғатты қорғауға қатысты, жазасы күшейтілген, әсіресе, «Қызыл кітапқа» енген аң-құсты жойғаны үшін залалының орнын бірнеше есе көбейтіп қайтаратындай жаза қарастырмасақ, «Қызыл кітапты» ғана құшақтап қалуымыз әбден мүмкін.

2-тапсырма. Мәтіннен өзіңіз таңдаған екі терминдік атауға түсініктеме беріңіз.

3-тапсырма. Құстардың түрі неліктен азайып кеткен?
А) Ауа райының қолайсыздығынан.
B) Құстың қанатын ауыл шаруашылығында қолданатын болғандықтан.
C) Құсқа аңшылықтың көбейіп кетуінен.
D) Құстарды жеткілікті дәрежеде қорғамағандықтан.
3-бөлім. Мәтіннен қажетті ақпараттарды іздеу (4 сағат)
11-тақырып. Қазақстанның демографиялық жағдайы (1 сағат)
|
Көрсеткіштер |
Өлшем бірлігі |
2011жыл |
2012 жыл |
2013 жыл |
2014 жыл |
2015 жыл |
|
Халық саны |
Мың адам |
16417 |
16511 |
16758 |
17010 |
17248 |
|
Күтілетін өмір сүру ұзақтығы |
жас |
69,1 |
69,2 |
69,5 |
69,8 |
70,1 |

1-тапсырма. Қазақстан Республикасындағы демографиялық жағдайдың мүмкіндіктері мен қиындықтарын екі мәтіндегі ақпаратқа сүйене отырып жазыңыз
|
Мүмкіндіктері |
Қиындықтары |
|
|
|
2-тапсырма. Бірінші және екінші мәтіннің арасында арақатынастық қандай? Екінші мәтіндегі ақпарат...
А) Бірінші мәтіндегі ақпаратқа қайшы келеді.
B) Бірінші мәтіндегі ақпаратты нақтылайды.
C) Бірінші мәтінде ақпаратты пайыздық көрсеткіштермен толықтырады.
D) Бірінші мәтінде сипатталған проблеманың себебін түсіндіреді.
3-тапсырма. Мәтіндегі мәліметтерге сүйене отырып, 2 нақтылау сұрағын құрастырыңыз.
1-сұрақ ____________________________________________________________
2-сұрақ ____________________________________________________________
12-тақырып. «Бақытты отбасы» тұрғын үй бағдарламасы (1 сағат)
Суретке қарап, келесі сұрақтарға жауап беріңіз.
1
-тапсырма. «Бақытты отбасы»
бағдарламасына қандай отбасылар қатыса
алады?
А) Толық отбасы
B) Мемлекеттік қызметте жұмыс істейтін отбасылары
C) Жас отбасылары
D) Толық емес отбасылары
2-тапсырма. Бағдарламаға қатысуға өтініш беру қай мезгіл аралығында іске асырылады?
А) 12-20 тамыз 2020ж
B) 12-20 мамыр 2020ж
C) 12-20 наурыз 2021ж
D) 12-20 наурыз 2020ж
3-тапсырма. «Бақытты отбасы» бағдарламасы қандай мақсатта ұйымдастырылып отыр? Өз ойыңызды жазыңыз.

3-тақырып.
Тәрбие (жадағай
мәтін)
(1 сағат)
1-тапсырма. Суретке қандай тақырып сәйкес келеді?
А) Табиғатты аялайық!
B) Ағаш отырғызу- парызымыз.
C) Табиғатты аялау бұтаға қамқорлықтан басталады.
D) Тәрбие тал бесіктен басталады.
2-тапсырма. «Әке –асқар тау, ана-бауырындағы бұлақ, бала жағасындағы құрақ» деген мақал-мәтелді қалай түсінесіз? Мақал-мәтел мазмұнының суретке байланысы бар ма? Өз ойыңызды жазыңыз.

3-тапсырма. Сурет мазмұнына байланысты берілген ақпарат бойынша шындық және жалған ақпараттарды ажыратыңыздар.
|
Ақпарат |
Шындық |
Жалған |
|
Атпаз көрген — ат
таныр, |
|
|
|
Әр затқа ерекше ұқыптылықпен, ынтамен, қамқорлықпен қарасаң, жемісін көресің. |
|
|
|
Есіктен орын тапсаң, төрге ұмтылма. |
|
|
|
|
|
|
Қар қылаумен
өседі, |
|
|
1
4-тақырып.
Энергия (жадағай мәтін) (1
сағат)
1-тапсырма. Адам энергия көзін неден алады? Кем дегенде 2 энергия көзін көрсетіңіз
1 - энергия көзі_________________________
2 - энергия көзі_________________________
2-тапсырма. «Адам табиғатпен тығыз байланысты» деген пікірмен келісесіз бе? Жауабыңызды суретпен байланыстыра отырып жазыңыз.

3-тапсырма. Дене салмағы қалыпты, дені сау адам әр сағатта дене салмағының әр килограмына 1 Ккал энергия жұмсайтыны ғылыми тұрғыда дәлелденген. Ал, механикаландырылған немесе ауыр дене еңбегімен айналысатын адамға энергияға деген қажеттілік одан 2- 2,5 есе көп. Мұның себебін қалай түсіндірер едіңіз?
______________________________________________________________________________________________________________________________________
4-бөлім. Мәтінді интерпретациялау (3 сағат)
15- тақырып. Болашақ- ғаламтор – журналистикада (1 сағат)
1.Ғаламдық желіні өз мақсаттарына тиімді пайдалана білгеннің асығы түгел екенін уақыт дәлелдеп отыр. Ғаламтор желілері - бұқаралық ақпарат құралдарының ішіндегі ең жаңа түрі. Баспасөз қызметі тұрғысынан алғанда, WEB-сайттардың былайша жіктелуі тақырыптық бағыты жағынан тиімді болып табылады: жаңалық тарататын WEB-сайттар (мысалы,http://www.24.kz.); сараптама, талдау жасайтын WEB-сайттар
2.(мысалы,http://www.abai.kz/.); басқа да әлеуметтік желілердің қоры (http:// baq.kz,). Басқа БАҚ құралдарына қарағанда қажетті ақпаратты орналастыру, ақпарат алу жылдамдығы, оңтайлы пайдалану жағынан ең арзанға түсетіні- осы ғаламтор. Әрине, көптеген салалық WEB -қорларға материал орналастыру тегін болуы да мүмкін, бірақ ғаламтордың аудиториясы анағұрлым ауқымды.
3.Ғаламтор баспасөз қызметінің жеке пайдалануына да ыңғайлы болып табылады. Зерттеушілердің пікірінше, қазіргі баспасөз қызметі өз ақпараттарын баспасөзден гөрі жылдам тарайтын ғаламтор желілеріне орналастырғанды жөн санайды. Баспасөз қызметі, ең алдымен, өз жұмысында халықтың қай тобының өздеріне мақсатты аудитория бола алатынын ұғынып алуы қажет. Мақсаты мен міндетіне қарай аудитория да ауысып отыруы мүмкін. Себебі баспасөз қызметінің баспасөз-релиздері (терілген материалдар, кестелер, бағдарламалар, мәліметтер) бір сағаттың ішінде әртүрлі мақсаттағы аудиторияға бағытталады.
4.Болашақ – ғаламтор-журналистикада, онда еркіндік көп және бақылау да азырақ. 2020 жылы жер бетінде ғаламдық желіге жалғанған қондырғылардың жалпы саны 26 миллиардқа, ал смартфон қолданушыларының саны 6,1 миллиардқа жетеді. Нәтижесінде, мобильді интернеттің даму қарқыны қазіргіден бетер күшейіп, оның ғаламшарды қамту көрсеткіші 90 пайызды көрсетпек. Бұл сандық деректер қазірдің өзінде біраз қауқарын жоғалтып үлгерген баспасөздің ертеңін күмәнді ете түсті.
1-тапсырма. Берілген мәтінге тезис жаз және соған қатысты автордың ұсынған тұжырымына сүйеніп дәлел келтір
|
Тезис |
Дәлел (аргумент) |
|
|
|
|
|
|
2-тапсырма. Ғаламтордың қай сайты пайдалы екенін дәлелдеп жазыңыз.

3-тапсырма. Баспасөздің ертеңі күмәнді болуының себебі мәтіннің қай бөлігінде айтылған?
А) 1,2 бөлігінде.
B) 2,3 бөлігінде.
C) 3,4 бөлігінде.
D) 4 бөлігінде.
16-тақырып. Дәрілік препаратты медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулық. (АМПИЦИЛЛИН таблеткалары, 250 гр) (1 сағат)
Қолдану тәсілі және дозалары
Ішке, ересектерге – тамақтанудан 0,5-1 сағат бұрын күніне 4 рет 0,25 г-нан аздаған су мөлшерімен; қажет болған кезде дозаны тәулігіне 3 г-ға дейін арттырады.
Асқазан-ішек жолының және несепжыныс жүйесінің ағзаларының жұқпаларында: тәулігіне 4 рет 0,5 г.
Гонококтық уретритте –ішке 3,5 г бір рет.
Жұқпаның ауыр ағымы кезінде балалардың суспензия түрінде қабылдағандары дұрыс.
6 жастан асқан балаларға тәулігіне 1 г-дан тағайындайды. Тәуліктік дозаны 4-6 қабылдауға бөледі.
Емдеу ұзақтығы аурудың ауырлығына байланысты (5-10 күннен бастап).
Қолдануға болмайтын жағдайлар:
- препаратқа аса жоғары сезімталдық (оның ішінде басқа пенициллиндерге, цефалоспориндерге, карбапенемдерге);
- жұқпалы мононуклеоз;
- лимфолейкоз;
- бауыр қызметінің жеткіліксіздігі;
- сыртартқысында асқазан-ішек жолы ауруының болуы (әсіресе антибиотиктерді қолдануға байланысты колит);
- лактация кезеңі;
- 6 жасқа дейін балаларға.
1-тапсырма. Ересектерге дәріні қолдану дозасы қанша мөлшерде және күніне қанша реттен көрсетілген?
А) 3,5 г. бір рет.
B) 4 рет 0,5 г.
C) 4-5 рет 1 г.
D) 4 рет 0,25 г.
2-тапсырма. Дәріні қолдануға болмайтын жағдайды көрсетіңіз.
А) Гонококтық уретритте.
B) Асқазан-ішек жолының және несепжыныс жүйесінің ағзаларының жұқпаларында.
C) бауыр қызметінің жеткіліксіздігі.
D) 6 жастан асқан балаларға.
3-тапсырма. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген пікірмен келісесіз бе? Не себепті? ________________________________________________________________
________________________________________________________________
17-тақырып. Цифрлық инфроқұрылым (1 сағат)
Қазіргі білім беру жүйесінің ажырамас бөлігі дамыған цифрлық инфрақұрылым болып табылады. Сондықтан білім беру ұйымдарында ІТ-инфрақұрылымды, цифрлық білім беру ресурстарын, ашық онлайн-курстардың желілері мен платформаларын дамытып, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді автоматтандыру қажет. Мектеп бойынша білім беруді цифрландыруды жүзеге асырудың жоспары әзірленіп, ауқымды жұмыстар атқарылуда, инфрақұрылымы дамуда.
Цифрландыру үрдісі мінсіз білім беру үдерісі мен сапасына әсер етеді. Мектептік білім беру процесіне енгізілген жаңа технологиялар мектеп оқушыларын әлдеқайда қызықтыра алады. Цифрландырудағы негізгі мақсат – бәсекеге қабілеттілікті арттыру, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту, оқу-тәрбие процесін жеделдету және жеңілдету, балаларға, ұстаздарға, ата - аналарға жүктемені азайту. Ең бастысы, білім беру сапасын арттыру. Біздің балаларымыз халықаралық деңгейде әртүрлі салаларда, оның ішінде жасанды интеллект және «ауқымды деректер» жасау саласында қабілетті болуға тиіс. Елбасы атап көрсеткендей, «Елді цифрландыру – бұл мақсат емес, бұл – Қазақстанның абсолюттік артықшылыққа қол жеткізу құралы».
1-тапсырма. Мәтіндегі 3 маңызды ақпаратты анықтаңыз.
1 - ақпарат ________________________________________________________
2- ақпарат _______________________________________________________
3- ақпарат ________________________________________________________
2-тапсырма. Мәтіннің реттілігін көрсетіңіз
1.Артықшылыққа қол жеткізу құралы. A. 5.2.3.4.1.
2.Бәсекеге қабілеттілік. B. 4.2.1.3.5.
3.Ауқымды жұмыс жоспары. C. 4.3.5.1.2.
4.Білім сапасы. D. 3.5.2.4.1.
5.Оқушының қызығушылығы.
3-тапсырма. Мәтінде берілген мәліметтер бойынша шын және
жалған ақпараттарды ажыратыңыз.
|
Ақпарат |
Шындық |
Жалған |
|
Цифрландырудағы негізгі мақсат – бәсекеге қабілеттілікті арттыру, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту болғанымен, оқу-тәрбие процесі жеделдетіліп, жеңілдетілмейді. |
|
|
|
Цифрландыру үрдісі мінсіз білім беру үдерісі мен сапасына әсер етеді. |
|
|
|
Мектеп бойынша білім беруді цифрландыруды жүзеге асырудың жоспары әзірленіп, ауқымды жұмыстар атқарылуда. |
|
|
|
Мектептік білім беру процесіне енгізілген жаңа технологиялар мектеп оқушыларын әлдеқайда қызықтыра алмайды. |
|
|
5-бөлім. Мәтін мазмұнына рефлексия жасау (3 сағат)
1
8-тақырып. Тазы ит (жадағай мәтін) (1
сағат)
5км/сағ.
5км/сағ.
1-тапсырма. Суретте қоңыр және ақ тазы берілген. Екі тазының жылдамдығы мен белгіленген сөренің қашықтығы бірдей. Сөреге бірінші қайсы тазы жетеді? Не себептен?

2-тапсырма. Суретте берілген ақ және қоңыр тазы белгіленген сөреге дейін жүгіріп өткенде қайсы тазыдан тер бірінші шығады?
____________________________________________________________________________________________________________________________________________
3-тапсырма. Қансонарда ақ тазымен аңға шыққаннан гөрі қоңыр тазымен аңға шыққан қызық. Себебі...

4-тапсырма. «Ит жақсысы-тазы» деген пікірмен келісесіз бе? Не себепті?

19-тақырып.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының зерттеуі туралы диаграмма (1
сағат)
1-тапсырма. Дене салмағының өсуі жасөспірімдер мен балалар арасында қанша пайызға жеткен?
А) 72%
B) 54%
C) 32%
D) 84%
2-тапсырма. Дүниежүзі денсаулық сақтау ұйымының зерттеуі бойынша аталған аурулардың 80%- ы ғаламторға тәуелділікпен тығыз байланысты. Тізімдегі қай ауру түрі ғаламтормен байланысты емес?
А) 2 B) 4 C) 6 D) 8
3-тапсырма. Диаграммада көрсетілген аурулардың қайсының алдын алар едіңіз? Ол үшін не істер едіңіз?
__________________________________________________________________

2
0-тақырып.
Көшедегі жарнама (1
сағат)
1-тапсырма. Көшедегі жарнама туралы не ойлайсыз? Өз көзқарасыңызды жазыңыз.
______________________________________________________________
2-тапсырма. Көшедегі жарнаманы жарияламас бұрын қандай талаптар қояр едіңіз? Кемінде 3 талап жазыңыз.
1_____________________________________________________________
2_____________________________________________________________
3______________________________
3-тапсырма. Мәтін мазмұнына сәйкес мақал- мәтелді табыңыз.
А) Тілін білмеген түбін білмейді.
B) Туған жер – тұғырың.
С) Тіл – бұлбұл, сөз – бұлақ.
D) Бал тамған тілден у да тамады.
6-бөлім. Мәтін формасына рефлексия жасау (3 сағат)
21-тақырып. Ұлтымыздың асық ойыны - тәлім-тәрбиенің көзі (1 сағат)
Қазақтың ұлттық ойындары - сан қырлы, мазмұнға бай қазыналардың бірі. Олар адам көңілін көтеріп, ойын сауықтық қана рөл атқарып қалмастан, дененің шынығуына, ептілік, күш-қайрат түрлерінің қалыптасып, ақыл-ойдың жетілуіне ғасырлар бойы игілікті әсер етіп келген.
Асық ойыны ежелден келе жатқан ұлттық ойынымыз, әрі аса көп шығынды қажет етпейтін, адамды ептілікке баулитын ойын түрі. Сондықтан оны дамыту маңызды болуда. Жыл сайын ел ішінде асық ойыны жарыстарын көптеп ұйымдастырудың өз мақсаты бар. Ол, біріншіден, жастарды спортқа баулу болса, екіншіден ұмытылып бара жатқан ұлттық ойынды қайта жандандыру.
Қазақстан Республикасы «Асық ату» федерациясының атқарушы директоры Жомарт Сабыржанұлы елімізде асық ойынының біртіндеп дамып, бұқаралық сипат алып келе жатқандығын айтады. Ұлттық ойындарымыздың тәрбиелік мәні, бірлік пен ынтымақ жолын дамытуда да маңызы зор.
"Спорттың кез келген түрі әуесқойлықтан басталады. Бірақ қай спорт түрінен болмасын, бала кезінен бастап айналысқан дұрыс. Қазір әуесқой асық атушылар көбейіп, арасынан мергендер шығып келеді. Асық ойыны бұқаралық сипат алды деуге болады. Ел бойынша асық ойнаумен айналысатын балалардың саны 1600 деген санақ бар. Одан да көп болуы мүмкін, оны алда анықтайтын боламыз. Қазақстан бойынша 73 секция бар. Алдағы уақытта 8 облыстан орталықтар ашылмақ. Жақында Қостанайда асық атудан Қазақстан чемпионатын өткіздік", - дейді Жомарт Сабыржанұлы.
Оның айтуынша, Астана күніне орай ұйымдастырылған асық ойынынан халықаралық жарысқа Моңғолия, Қырғызстан, Тәжікстан елінен мергендер шақырылды. Қазір аталған елдерде асық ату өзінше дамыған. Тіпті, Қырғызстанда асық ойынын мектепке дейін кіргізіп үлгерген. Ел ішінде спорт шебері, спорт шеберлігіне үміткер деген сияқты дәрежелік атақтар, сертификаттар беріледі екен. Асықты "Шағайын" деп атайтын моңғолдар асық ойынын әлдеқашан ЮНЕСКО-ның қорғауына кіргізіп тастаған. Олар асық ойынын өздерінің ең беделді ойын түрі ретінде қарайды екен.
"Асық ойынын дамыту тек біздің ғана емес, көшпенді және түркі текті елдердің біразының назарында болғандықтан, алдағы уақытта Азия чемпионатын өткізуге басты жоспарымызда тұр", - деп қосты "Асық ату" федерациясының атқарушы директоры. Асық ату өткен заманда балалардың ойыны саналатын. Уақыт өте келе бұл ойынмен еңбектеген баладан еңкейген кәріге дейін айналысатын болады.
Бейсен Сұлтанұлы (АСТАНА. ҚазАқпарат)
1-тапсырма. Берілген мәтіннің стилін анықтаңыз.
A) ресми
B) ғылыми
C) публицистикалық
D) көркем-әдеби
2-тапсырма. Мәтіннің түрін анықтаңыз.
A) Баяндау.
B) Сипаттау.
C) Пайымдау.
D) Әңгімелеу.
3-тапсырма. Бұл мәтіннің аталған стильге сәйкестігін қалай дәлелдейсіз? Кемінде 3 аргумент келтіріңіз.
1.___________________________________________________________________
2.___________________________________________________________________
3.___________________________________________________________________
4-тапсырма. Асық ойынын дамыту қаншалықты маңызды? Ойыңызды мәтіннен дәлелдер келтіре отырып жазыңыз.

22-тақырып. Ат пен есек (1 сағат)
Біреудің есегі мен бар еді
Аты,
Апарар бір қалаға болды
заты.
Аты мен есегіне артып
алып,
Аяңдап жолға түсіп келе
жатты.
Жүк ауыр, есек сасып,
алақтады,
Иесі демалуға
қаратпады.
Әл кетіп, жығыларға
таяғанда,
Жалынып атқа есек сөз
айтады:
Ат достым, жүгім ауыр, халім
бітті,
Емеспін жүре алатын енді
тіпті.
Зорығып, жолда өліп
қалатынмын,
Алмасаң ауыстырып біраз
жүкті
Ат оған ешбір жауап
қайтармайды,
Ауырлап жүгін, есек
қайқаңдайды.
Ентігіп, ішін соғып, дымы
құрып,
Жүруге онан әрі жайы
қалмайды.
Жығылды есек байғұс дымы
құрып,
Тұрмады айдаса да иесі
ұрып.
Сойды да, жүгін, терісін атқа
салып,
Қалаға келе жатты тағы
жүріп
Қараңдар, шара бар ма мына
сорға,
Аяғын ат келеді басып
зорға.
Қысымды есек көрген бұ да
көріп,
Болдырып, былғақтайды
оңды-солға.
Өкініп өткен іске ат
келеді:
"Мен қате еткен екем... Аһ! -
деді.-
Есектен аз жүк алып,
қарасқанда,
Қиындық мұндай маған болар ма
еді?"
Бұл сөзден қандай ғибрат алмақ
керек?
Мысалы, еткен қайыр бір
бәйтерек.
Қайырың біреуге еткен болып
терек,
Көрерсің рақатын
көлеңкелеп.
Қайырдың ең абзалы бұл
дүниеде
-Біреуге қысылғанда жәрдем
бермек.
Кейбіреу зор бейнетке тап
болады,
Кей уақыт аз бейнеттен қашамын
деп.

А) Ресми
B) Көркем-әдеби
C) Публицистикалық
D) Ғылыми
2-тапсырма. Мәтіннің жанрын анықтаңыз.
A) Мақала.
B) Блог.
C) Баяндама.
D) Мысал.
3-тапсырма. Мәтіндегі негізгі ақпаратты табыңыз. ____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
23-тақырып. Құмырсқа туралы қызықты деректер (1 сағат)
Құмырсқаларды зерттейтін ғылым – мирмекология деп аталады. Осы мирмеколог мамандардың құмырсқадай тынбай талаптанып, қайнаған тіршілікті зерттеуі нәтижесінде бізге олар туралы көптеген қызықты деректер белгілі болды.Құмырсқа жер жүзінде ең көп тараған жәндік. Жан басына шаққанда, бір адамға миллион құмырсқадан келеді, ал жалпы үлесі барлық адамның үлесіндей.
Құмырсқаның жұмыртқасы – жұмыртқа емес, енді дамып келе жатқан дернәсіл күйінде болады. Оны Африка мен Азияда тағам ретінде қолданады. Себебі құрамы ақуыз бен майға толы.
Бір қызығы, дернәсілден аналық құмырсқа шыға ма, аталық құмырсқа шыға ма, ол қалай баптап, күтім көрсеткеніне байланысты. Жұмысшы құмырсқалар тұқымды қаншалықты қоректендіретінін өзі біледі.
Әр тұқымға жататын құмырсқалар бір-бірімен байланысы әртүрлі. Мысалы аналық құмырсқалар өз ұясына қамқор болып, өздігімен тамақтана алмайды. Есесіне өзгелердің ұясына шабуыл жасап, дернәсілдерін ұрлайды.
Бір құмырсқа өз жемтігін тапқан соң, басқа құмырсқаға азығын табуға көмектесе алады. Аралар мұндайда билеп жүріп үйретсе, құмырсқалар бір жол бойымен жүріп отырып, азық табуды үйретеді. Басқаны үйрету үшін өзі жүргеннен төрт есе баяу жүреді. Олар бір-біріне жалғанып, басқалар өтуі үшін көпір жасай алады. Құмырсқалар отарын құратын аналығы негізінен, 5-6 жыл, кейде 12 жыл өмір сүреді. Өмірі 20 жылға жететіндері де бар.

A) Ресми
B) Ғылыми
C) Публицистикалық
D) Көркем-әдеби
2-тапсырма. Мәтіннің түрін анықтаңыз.
A) Баяндау.
B) Сипаттау.
C) Пайымдау.
D) Әңгімелеу.
3-тапсырма. Мәтіннің белгілі бір стильге қатыстылығын дәлелдейтін сөздерді теріп жазыңыз. Сөз саны үш сөзден кем болмасын.
1.__________________________________________________________________
2.__________________________________________________________________
3.__________________________________________________________________
7-бөлім. Визуализация түрлері: электронды ортадағы жұмыс (5 сағат)
24-тақырып. Қанат Әбілқайырдың «Телефон және кітап» әңгімесінен үзінді (1 сағат)

Біздің үйде үй телефоны бар. Өзі – аппақ, өзі – сүп-сүйкімді, өзі – моп-момақан. Кейде жазу көрсе, оқымай тынбайтын ескі әдетіммен қою сұр әріптермен жазылған «Panasonic» деген жазуын ежіктеп қоятыным бар. Әйтпесе, ол телефонның менде, менің онда жұмысым жоқ. Ойыншық көрсе, сындырмай қоймайтын балаларым да бір мәрте қызығып, қолдарына ұстап көрген емес. Бұраңдаған ұзын бауы мен бетіндегі сұсты тетіктерінен жүрексінетін болса керек, әйтеуір телефонға жоламайды. Есесіне менің айфоным оларға ермек.

Қош! Әңгіме айфон жайлы емес, телефоным туралы ғой. Сол телефон айына бір рет қана безек қағатын. Ол шыр ете түссе, тағы бір айдың шолтаң етіп түгесілгенін, дереу интернеттің ақшасын төлемесем болмайтынын біле қоямын. Сөйтем де, телефонның тұтқасын көтеріп әуре болмай-ақ (арғы жақта әдемі дауысты бір қыздың интернеттің ақшасын айдың 25-нен кешіктірмей төлеу керектігін, төлемесем, қарызымның өсетінін ескертерін білемін) интернет арқылы «Қазақтелекомға» бес мыңды аудара саламын. Сосын аппақ телефоным тағы бір айға демалуға кетеді. Оның енді мені мазалауға хақы жоқ.
Біз осы дағдыға үйренгелі міне, үш жыл. Үш жылдан бері телефон екеуміздің арамыздағы осы салт, осы дәстүр бұзылмап еді.
Өткен айда. Иә, өткен айда өзі – аппақ, өзі – сүп-сүйкімді, өзі – моп-момақан телефоным шырылдап қоя бергені. Мезгілсіз шырылдан шошынып, жүрегім тоқтап қала жаздады. «Бір апта бұрын ғана интернеттің ақшасын төлеп едім ғой» дедім өз-өзіме күбірлеп. «Енді мынаған не керек?»...
Безек қаққан телефонның тұтқасын көтеруге батылым жетер емес. Мені іздеген адам қалта телефоным арқылы әп-сәтте тауып ала қояды. Туыстардан бұл нөмірді білетін адам жоқ. Туысты қойып, үйімізде үй телефон бар екенін әйелім ұмытып қалғалы қашан?.
Жүрегім атқақтап барады. Арғы жақта кім тұр? Қоңырау шалған адам ба, жоқ әлде...
Қолым дір-дір етеді.Тұтқаны көтеремін бе, көтермеймін бе?
Көтерсем, арғы жақтан бір сұмдық дауыс естілердей қорқып тұрмын. Айына бір рет қана шырылдайтын, ол шырылдың нені қалайтынын көтермей-ақ сезе қоятын мен бейбақ мына мезгілсіз қоңырауды неге жорырымды білмей рас састым.
1-тапсырма. Автор әңгімені неліктен «Телефон және кітап» деп атағанын өз сөзіңізбен түсіндіріп жазыңыз. ____________________________________________________________________________________________________________________________________
2-тапсырма. Бұл мәтінді суретсіз елестетіңіз. Не өзгерді?

25- тақырып. Комикс «Біз мұны істей аламыз ба? (1 сағат)

1-тапсырма. Комиксттің оқиға желісіне тезистік жоспар құрыңыз
1_____________________________
2_____________________________
3_____________________________
4_____________________________
5_____________________________
6_____________________________
2-тапсырма. Комиксті мәтінге айналдырып жазыңыз.

26-тақырып. «Екі дос және аю» (1 сағат)
Екі дос кісі жолдастасып келе жатып, бір аюға ұшырапты. Бұл екі кісінің біреуі әлсіз, ауру екен, екіншісі мықты, жас жігіт, аюды көрген соң бұл жігіт, ауру жолдасын тастап, өзі бір үлкен ағаштың басына шығып кетті дейді. Ауру байғұс ағашқа шығуға дәрмені жоқ, жерге құлады да созылып, өлген кісі болды да жатты: есітуі бар еді, аю өлген кісіге тимейді деп. Аю бұл жатқан кісінің қасына келіп иіскелеп тұрды да, дыбысы білінбеген соң тастап жөніне кетті.
Мұнан соң манағы жолдасы
ағаштан түсіп, ауру досынан сұрапты:
- Достым, аю құлағыңа не сыбырлап
кетті?
Ауру досы айтты дейді:
- Аю құлағыма ақыл сыбырлады, екінші рет тар жерде жолдасын тастап қашатын достармен жолдас болма деді,- дейді.
1
-тапсырма. Мәтіннің мазмұндық желісіне
қарай суреттерді сәйкестендіріп, комикс
құрастырыңыз.

А-суреті Ә-мәтіні

Б-мәтіні В-мәтіні
1._______________
2._______________
3._______________
4._______________
2-тапсырма. Құрған комиксіңізді мәтінге айналдырып жазыңыз.

27-тақырып. Қанша қазақстандық шетелге көшіп кетті? (1 сағат)
13 сәуірде өткен мәжілістің пленарлы отырысында Amanat партиясының депутаты Бекқали Торғаев шетелге көшіп кеткен адамдар туралы сөз қозғады. Сауал барысында, кеткен азаматтардың көбі жоғарғы және орта білімі бар екенін айтып, кейінгі 6 жылда сырт елге кететіндер саны көбеймесе азаймай отырғанын жеткізді.
ҚР Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2021 жылы Қазақстаннан шетелге жалпы саны 32 209 адам кеткен. Оның ішінде қаладан қоныс аударғандардың саны — 26 836 адам болса, ауылдан 5 373 адам шетелге қоныс аударған. Ал осы аралықта Қазақстанға 10 982 адам келген.
ҚР Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2020 жылы Қазақстаннан 29 088 адам шетелге кеткен. 2021 жылмен салыстырғанда 3 121 адамға немесе 10,7%-ке аз.
1-тапсырма. Мәтіндегі сандық деректерді өсу ретімен іріктеп, диаграмма түрінде құрыңыз.

2-тапсырма. Мәтіндегі негізгі ақпаратты іріктеп, кесте түрінде құрыңыз.

28-тақырып. Диаграмма (тұтас емес мәтін) (1 сағат)

1-тапсырма. Диаграммадағы мәліметтерді пайдалана отырып, мәтін құрап жазыңыз.

2-тапсырма. Қазақстанға келушілерден кетушілердің көп болу себебін өз сөзіңізбен түсіндіріп жазыңыз.

29-тақырып. Екі дос (1 сағат)
Ертеде ел арасында жаугершілік жиі болатын кезде қазақтың екі жауынгері төс қағысып дос болады.
Бірде әскерлер бір өзеннің бойында қос тігіп дамылдапты. Тұтқиылдан жаудың қалың қолы шабуыл жасапты. Малды айдап, мүліктерін тиеп кетіпті. Қолға түскен азаматтарды айдап әкетіпті. Әлгі екі достың біреуі жау қолына түседі. Досының қолға түсіп қалғанын естіген екінші батыр күздің қара суығын елеместен өзенді малтып өтіп, жау жатқан жағаға келеді. Анталаған жау әскерлері оны тарпа бас салады. Жауынгер өзін қол басына апаруын өтінеді. Алып келген соң ол жаудың қол басына:
Мен қолдарына түскен бір жауынгерге құн төлеп, сатып алуға келдім. Менің оған айырбастап берер малым - мүлкім жоқ. Бір-ақ нәрсе беремін. Ол - өзімнің өмірім. Досымды босатыңдар, ол үшін менің өмірімді алыңдар, - дейді. Қолбасы ойланып отырып, оны сынамақ болады да:
-
Жарайды, мен сені қыршыныңнан қимай - ақ қояйын. Маған сол өміріңнің бір бөлшегін ғана берсең болады, - дейді.
-
Ол не? – дейді досын құтқаруға асыққан жігіт.
-
Маған сенің көздерің керек? – дейді қолбасы, - екі көзіңді ойып аламын.
Ол да болсын, көзімді ал да, досымды тезірек босат, - дейді.
Жігіт бұл сыннан сүрінбей өтеді.
Әлгі жауынгер тұтқыннан босаған досының иығына қолын салып, зағип күйі қуанып, күлімдеп келе жатады.
Мұны көрген жаудың қолбасы: «Мынадай ерлері бар халықты тұтқиылдан келіп, қапыда бас салған жағдайда болмаса, бетпе-бет ұрыста жеңу қиынға соғады» деп түйеді. Сөйтіп өз әскерлеріне шегінуге бұйрық беріпті.
1-тапсырма. Досының қолға түсіп қалғанын естіген екінші батыр қандай әрекет жасайды?
![]()
![]()
![]()
2-тапсырма.Тұтқыннан босаған досының иығына қолын салып келе жатқан зағип досының қуануына не себеп болды?
![]()
![]()
![]()
3-тапсырма. Төмендегі құрылымды сақтай отырып, адал достық туралы шағын мәтін жазыңыз.
Кіріспе бөлім
![]()
![]()
Негізгі бөлім
![]()
![]()
Қорытынды бөлім
![]()
![]()
30-тақырып. Полиэтилен пакеттен бас тарт! (1 сағат)
Ғ
алымдардың
дерегінше, орташа есеппен 20 минут қана пайдаланылатын полиэтилен
пакеттер 400 жылға дейін шірімей жата беретін көрінеді. Яғни бір
реттік дорбалар төрт ғасыр бойы жер қойнын ластап, жегі құртша
топырақ құнарын жейді. Одан өгізді де өлтірмей, а
рбаны да
сындырмай арылу қиын. Көзін құртпасаң – түскен жеріне зиянын
тигізеді, өртесең – жану кезінде ауаға аса улы органикалық
қосындылар бөліп шығарады. Ал күлінде ауыр металдар бар. Әуелі
шөпке, шөптен – малға, малдан – адам ағзасына түскен ауыр металл
қатерлі ісікке себепкер деседі. Мамандардың айтуынша, әлемдегі
әрбір құстың жемсауында пластикалық қалдық бар. Бір жылда бір
миллионға жуық құс полиэтилен қалдығын жеп өледі екен. Осындай
қалдықтар оны қорекке ұқсатып қылғыта беретін қаншама жан-жануардың
түбіне жететінін қаперге алмайтынымыз
өкінішті.
1-тапсырма. Мәтіндегі ақпараттарды негізге ала отырып табиғатқа зиянды қоқыстардың кестесін құрыңыз.

2-тапсырма. Полиэтилен пакетінен бас тартудың негізгі үш себебін жазыңыз.
-
себеп________________________________________________________

8-бөлім. Проблемалық жағдаятты шешу (интернет-ресурстармен жұмыс) (5 сағат)
31-тақырып. Билет сатып алу парақшасы (1 сағат)
Tickets.kz сайтынан онлайн билет сату парақшасы берілген. Мұқият қарап, Жандостың билетті сатып алу критерийін қарастыр.
1-билет 2-билет 3-билет

1-тапсырма. Университетте оқитын Жандосқа Алматыдан Астана қаласына ғылыми конференцияға бару керек болды. Конференция 2023 жылдың 21-ші қаңтарында өтеді. Конференцияға тіркеу сағат 9.00-де басталады. Егер жол ақысы 24440 тг (бір бағытқа) тұратынын ескерсе, онда Жандосқа қай билетті алған тиімдірек? Неліктен?
A) 1-билет
B) 2-билет
C) 3-билет
D) нұсқасы жоқ
2-тапсырма. Аян жолға рюкзак сөмкесін алып шықпақшы, бірақ осы бағыттағы әуе билетінің біреуінде қолжүктің салмағы 5 кг-нан асса рұқсат етілмеген. Ал қалған екеуінде жолжүктің салмағы шектеусіз, алайда қосымша ақы төлеуге тура келеді. Аянның қалтасында тек 40 000 тг бар екенін ескерсек, Аян үш билеттің қайсысын таңдауы мүмкін?
A) 1-билет
B) 2-билет
C) 3-билет
D) Нұсқасы жоқ
32-тақырып. Емханаға тіркелу парақшасы (1 сағат)
|
ҚАНДАЙ ЖАҒДАЙДА БАСҚА ЕМХАНАҒА ТІРКЕЛУГЕ БОЛАДЫ? |
|
Қандай жағдайда тіркеуден бас тартуы мүмкін? |
Шешімі |
|
1.БАСҚА ЖЕРГЕ ҚОНЫС АУДАРҒАНДА |
Тіркелген азаматтар саны шекті мөлшерден асып кеткенде. Мемлекеттік мәліметтер базасында сіздің тұрғылықты мекенжайыңыз туралы мәлімет болмаса |
Басқа емхана іздейміз |
|
|
2. СІЗ ТІРКЕЛГЕН ЕМХАНА ЖАБЫЛЫП ҚАЛСА, НЕ МСҚ-МЕН АРАДАҒЫ КЕЛІСІМДІ ТОҚТАТСА |
Жекеменшік сақтандыру компаниясымен келісімшарт бекіткен емханада сіз туралы деректер болмаса |
ХҚКО-на барып өзіңіз туралы мәліметті тексертіңіз |
|
|
3. 15 ҚЫРҚҮЙЕК – 15 ҚАРАША АРАЛЫҒЫНДА ӨТЕТІН ДӘСТҮРЛІ ТІРКЕУ НАУҚАНЫ КЕЗІНДЕ |
Балаларды тіркеу кезінде тиісті құжаттар болмаса |
Жекеменшік сақтандыру компаниясына бару |
|
|
4. ЕГЕР ТІРКЕЛГЕН ЕМДЕУ МЕКЕМЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТІ ҚӨҢІЛІҢІЗДЕН ШЫҚПАСА ЖЫЛЫНА БІР РЕТ ЕМХАНА АУЫСТЫРУҒА ХАҚЫҢЫЗ БАР |
Сізді өз өтінішіңіз негізінде емес, комиссия шешімі арқылы тіркегенін растайтын мәлімет болмаса |
Балалардың құжатын алып бару |
|
|
5. ЕРІКТІ МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ПОЛИСІ БОЛҒАН ЖАҒДАЙДА |
Сізді өз өтінішіңіз негізінде емес, комиссия шешімі арқылы тіркегенін растайтын мәлімет болмаса МСҚ мамандарына хабарласу |
МСҚ мамандарына хабарласу |
|
|
6. СІЗДІ ӨЗ ӨТІНІШІҢІЗ НЕГІЗІНДЕ ЕМЕС, КОМИССИЯ ШЕШІМІ АРҚЫЛЫ ТІРКЕП ТАСТАҒАН. БІРАҚ СІЗ ОНЫМЕН КЕЛІСПЕЙСІЗ |
|||
|
7. ҮЙІҢІЗГЕ ЖАҚЫН МАҢНАН ЖАҢА ЕМХАНА АШЫЛҒАН БОЛСА |
1-тапсырма. Арман өзінің басқа емханада тіркеуде тұрғанын білді. Ол өзі қалаған емханаға тіркелу үшін қай ережеге сай әрекет етуі керек? а) 2 b) 6 c) 5 d) 7
A) 2
B) 6
C) 5
D) 7
2-тапсырма. Арман емханаға келгенде оны тіркеуден бас тартты. Неліктен? Мүмкіндігі басым үш себепті көрсет.
1) _________________________________________________________________
2) _________________________________________________________________
3) _________________________________________________________________
3-тапсырма. Егер Арман келісімшарт жасаған жекеменшік сақтандыру компаниясында ол туралы деректер болмаса…
A) Жекеменшік сақтандыру компаниясына барады.
B) Басқа емхана іздейді.
C) МСҚ мамандарына хабарласады.
D) ХҚКО-на барып өзі туралы мәліметті тексертеді.
33-тақырып. Сақ
болыңыздар! (1 сағат)
1-тапсырма. Банк картасы жоғалған жағдайда қалай бұғаттауға болады?
А) 114 номеріне қоңырау шалу қажет
B) Полиция бөлімшесіне арыз жазу қажет
C) Интернет –банкинг арқылы бұғаттау қажет
D) Әлеуметтік-қызмет көрсету орталығына бару қажет
2-тапсырма. Алаяқтардан сақтану үшін жүктеуге болмайтын қосымшаларды атаңыз.
А) Ridiculous Fishing, Snapchat
B) Hangouts, WhatsApp
C) VSCO cam, SoundCloud
D) ANY DESK, QuickSuppot
3-тапсырма. Дұрыс/бұрыс кестесін толтырыңыз
|
Алаяқтардан сақтану үшін... |
Дұрыс |
Бұрыс |
|
Алаяқтар қаражатыңызды сақтандыру шотына аударуыңызды сұрайды |
|
|
|
Банк орталығының мобильді қосымшасын жүктеуіңізді сұрайды |
|
|
|
Абоненттік номерге келген кодты оқып жіберуіңізді сұрайды |
|
|
|
Банк қызметкерлері сіздің картаңыз туралы мәліметтерді сұрамайды |
|
|
|
Алаяқтар сізге 114 номеріне хабарласуыңызды сұрайды |
|
|
4-тапсырма. Алаяқтар қоңырау шалғанда сіздің әрекетіңіз қандай болмақ? Кемінде екі іс-әрекетті тізбектеп жазыңыз
1______________________________________________________________
2______________________________________________________________
34-тақырып. Қан тапсыру туралы хабарландыру (1 сағат)
Қан тапсырудың маңызы өте зор. Адам қанын толық алмастыра алатын зат
жоқ. Сондықтан қан тапсырудың адам өмірін құтқаруда маңызы зор.
Францияда қан құю арқылы жыл сайын 500 мың науқастың азабын
жеңілдетеді. Қаналу үшін стерильді бір рет қолданылатын құрал-саймандар
пайдаланылады (шприц, түтіктер және контейнерлер).
Қан тапсыра отырып, сендер ешқандай қауіпке ұшырамайсындар. Қан
тапсыру – тегін көмек көрсетудің ең көп
тараған түрі және оған небәрі 45минуттан 1 сағатқа дейін ғана уақыт
кетеді.
Донордан 450 мл және талдау мен тексеру үшін тағы бірнеше тамшы қан алады.
Ер адам жылына бес рет, ал әйел адам үш рет қан тапсыруына болады. 18-ден 65 жасқа дейінгі адамдар донор бола алады. Әрбір қан өткізу арасындағы міндетті үзіліс 8 аптаны құрайды.
1-тапсырма. Соңғы он екі ай ішінде екі рет қан өткізген он сегіз жастағы қыз
қайта қан өткізгісі келеді. «Қан тапсыру туралы хабарландыру» мәтіні бойынша
оған қандай жағдайда қайтадан қан тапсыруға рұқсат беріледі?

________________________________________________________
2-тапсырма. Әр адам қанша көлемде қан тапсыра алады?
А) 350 мл
B) 50-100 мл
C) 500 мл
D) 450 мл
35-тақырып. Медициналық сақтандыру қоры. Жадынама (1 сағат)

1-тапсырма. Жұмысшының жалақы көлемі 100000 теңге болған жағдайда жұмыс беруші МӘМС-ке қанша теңге төлейді?
А) 1000 тг
B) 2000 тг
C) 3000 тг
D)4000 тг
2-тапсырма. Сіз жұмыскерсіз. Сіздің айлығыңыз 250000 теңгені құрайды. 2021 жылы сіз МӘМС-ке қанша теңге төлейсіз? Не себепті? Жауабыңызды мәтіндегі ақпаратқа негіздеп жазыңыз.

36-тақырып. Қорытынды сабақ (1сағат)
Жыл бойы өтен тақырыптарды қайталау. Мәтін түрлерін еске түсіру. Оқу сауаттылығының дағдыларын қайталау. Мәтінді түсіну, интерпретациялау, бағалау, мәтіннің формасы мен мазмұнына рефлексия жасау, мәтінді визуализациялау және проблемалық жағдаятты шешу дағдыларын қайталау.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
-
PISA- Халықаралық зерттеуі. Әдістемелік құрал – Астана, ҰББСБО, 2012ж
-
Н.А. Даулетова . Оқушылардың оқу сауаттылығын дамытуға арналған тапсырмалар /PISA халықаралық зерттеулері бойынша/ әдістемелік құрал. Н.А.Даулетова. – Атырау: «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша ПҚБАИ, 2019ж
-
Р.С.Қуанаева, Б.С.Күлшариева, М.А.Зейнешева. PISA халықаралық зерттеуін жҥргізу аясында оқушылардың функционалдық оқу сауаттылығын дамыту: Әдістемелік құрал.– Орал, 2015ж
-
«PISA-2018/компьютерлік формат халықаралық зерттеуі құралдары»: Жинақ - «Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ. Астана, 2016 ж
-
PISA: Оқу сауаттылығы https://bilimcenter.kz/courses/4/34
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз