Оқу сауаттылығын дамытудың тиімді әдістері

Тақырып бойынша 15 материал табылды

Оқу сауаттылығын дамытудың тиімді әдістері

Материал туралы қысқаша түсінік
«Оқу сауаттылығын дамытудың тиімді әдістері» арнайы курсы бағдарламасымен жұмыс жасау үшін ұсынылатын тапсырма үлгілері
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Оқу сауаттылығын дамытудың тиімді әдістері» арнайы курсы бағдарламасымен жұмыс жасау үшін ұсынылатын тапсырма үлгілері:


Тапсырма

Мұғалім оқушыларға мәтіндерге перифраз жасау үшін алдымен бірнеше ақпараттар және үлгісін ұсынады.

Жинақы мәтін – бастапқы мәтіндегі негізгі идеялар мен ақпараттарды сақтай отырып, мәтін көлемін ықшамдау және өңдеу.

  • Мәтінді толықтай түсіне отырып, мәтіндегі негізгі ойды басқа формамен бекіту процесі.

  • Түпнұсқа мәтін жинақы мәтінге айналады.

Түрлері: тезис, аннотация, презентация, конспект, кесте, схема, тезистік жоспар, ықшамдалған мәтін

Мазмұндық өңдеу:

Мәтінді мұқият оқу және негізгі, қосымша ақпараттарды анықтау; қосымша ақпараттарды сызып тастау.

Негізгі ойды білдіретін тірек сөздерді, сөйлемдерді белгілеу.

Автор ойын, баяндау желісін сақтай отырып, мәтіндегі негізгі ойды ықшамдау.

Мәтін түпнұсқасының сілтемесін көрсету. Мысалы: Абай айтқандай..., «Ұлан» газетінде ..., Мақалада «.....» берілген, т.б.

Үлгі- мысал

Түпнұсқа:

Ұлттық тағамдардың пайдасы

Қазақ халқы асты жоғары бағалап, қадірлей білген. Сондықтан қазақтар адам қажеттіліктерінің ішінде тағамды жоғары қойған. «Астан үлкен емессің», «Ерді қорласаң састырар, асты қорласаң құстырар» деген секілді ескертпе сөздер, мақал- мәтелдер осының дәлелі. Қай заманда, қалай айтылғанына қарамастан, халық асты құрметтеудің жолын, оны әзірлеудің көзін, ретін таба білген.


Жинақы мәтін

Қазақ халқы асты жоғары бағалап, адам қажеттіліктерінің ішінде жоғары қойған және оны дайындау жолдарын білген.

Тапсырма

Берілген ақпараттарды қолдана отырып, ұсынылған мәтіннен тезис жазыңыз.

Тапсырма

Алдымен оқушыларға екі мәтін таратылады. Топтық тапсырма ретінде мәтіндердің стиліне, тілдік құрылымына талдау жасайды.

1-топ:

Мақсаты:


Түрі:


Аудиториясы:


2-топ:

Мәтін деңгейі:


Сөз деңгейі:


Жанры:


3-топ:

Стилі:


Автор көзқарасы:


Сөйлем деңгейі:


4-топ:

Формасы:


Тапсырма

Оқушыларға оқылым мәтіні ұсынылады. Оқушылар мәтінді оқиды және көтерілген мәселені SWOT арқылы талдайды.

  • S- Түрік қағанаты кезіндегі ел билеудің мықты жақтары

  • W- сол кездегі адам құқығын қорғаудың әлсіз жақтары

  • О- момын шаруаның мүмкіндіктері

  • T- ел билеушілер әмірінің халық үшін қауіпті жағы


Контексі:


Мазмұны:


Тапсырма

Мәтін мазмұны бойынша 5 сұрақ құрастырыңыз.

______________________________________________________________________________________

Тапсырма

Мұғалім оқушыға төмендегі сұрақтарды қояды:

- ғылыми стиль, стильдің тілдік ерекшеліктерін атаңыз.

- публицистикалық стильдің тілдік қолданыстарын айтыңыз

- шешендік сөздер мен публицистикалық стильдің ұқсастығы неде?

Тапсырма

Оқушыларға екі түрлі стильде жазылған мәтін ұсынылады.

Тапсырма

Мәтінді оқиды, не туралы айтып тұрғанын айтып, өз ойын жеткізуде қай стильді қолданғанын, оның тілдік ерекшелігіне мысалдар арқылы талдау жасайды.

- Этникалық проблемалар

- Босқындар мәселесінің шиеленісуі

- Урбанизация проблемасы деген терминдерге түсінік береді. Тілшінің сөзді шебер қолданғанын неден байқауға болады? Талқылайды.

Мұғалім стильге байланысты мәліметтерді оқушылардың естеріне салады. Публицистикалық стильде қоғамдық саяси мәселе қарастырылады. Қоғамдағы әлеуметтік мәні бар өзекті мәселелерді шешуге көмектесетін, сол мәселелерді халыққа жеткізетін, үгіт-насихаттық қызмет атқаратын бұл стильдің де өзіндік белгілері бар екенін айту керек.

Публицистикалық стильге радио-телехабарлар тілі, газет-журналдар тілі жатады.

- тілдің эмоциональдық элементтері мен сөзді образды қолдану жағынан әдеби стильге жақын;

- фактіні толық және логикалық жүйелі баяндау тәсілі жағынан ғылыми стильге жақын екенін ескертеді.

Әдеби жанрдың түрлеріне тоқталып, түсінік береді.

Әңгіме – әдебиетте оқиғаны қарасөзбен баяндайтын шағын көркем шығарма жанры.

Очерк – публицистикалық стильдің ішіндегі ең күрделісі. Очерк публицистикалық жанр ретінде үлгілі оқиғаны, құбылысты, оның кейіпкерлерін насихаттайды.

Өлең – шағын көлемді поэзиялық шығарма. Ырғағы мен ұйқасы қалыпқа түскен, шумағы мен бунағы белгілі тәртіпке бағынған нақысты сөздер тізбегі. Өлеңнің түрлері мен жанрлары әр алуан: одаэлегиябаллада, сонет, т.б. Кең мағынасында өлең қысқа көлемді поэзиялық туындылардың жалпы атауы болса, тар мағынада музыка өнер мен сөз өнеріне ортақ туынды, яғни ән өлеңі. Мұғалім шығармашылық жұмыс барысында қолданатын салалас құрмалас сөйлемнің түрлерін естеріне салады.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.03.2025
179
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі