Материалдар / Оқу сауаттылығына арналған тапсырмалар үлгілері

Оқу сауаттылығына арналған тапсырмалар үлгілері

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқу сауаттылығын арттыруға қатысты тапсырмалардың үлгілері берілген
Авторы:
09 Сәуір 2024
769
14 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақ тілі пәнінен PISA тапсырмалары

1-сурет – PISA / функционалдық оқу сауаттылығы

Мәтін №1 «ЕМ»

Демалыс күндерінің бірі. Барлығымыз серуенге шықтық. Тап-таза ауаны жұтып, құстардыңтүрлі-түрлі сайраған үндерін естіп, көңіліміз көтеріңкі. Балалар әр нәрсені сұрап, соларға жауап беріп келе жатқан болатыңбыз. Маржан қарағайда шор болып қатып қалған хош иісті шайырдан опырып алып иіскеп тұр. "Әке мына шайырды қарағайға кім жақты?" — дейді. "Балам, бұл шайыр ағаштың өзінен шыққан ғой. Демалуға келген, табиғатқа жаны ашымайтындардың кеселінен болган жара ма, кім білсін. Қалың шөптің арасында жоғалтып алатын болған соң, біреу ағашқа пышақ шанышқан. Пышақты суырып алғаннан кейін, әлгі жараланған жерден хош иісті шайыр ағып, жараны бітеп, емдеген. Қарағым, ағаш екеш, ағаш та өзін-өзі емдейді. Сендер еш уақытта мұндай іс істемеңдер, - деді әкесі.

Сұрақ 1: Ем

Әкесінің: «Қарағым, ағаш екеш, ағаш та өзін-өзі емдейді. Сендер еш уақытта мұндай іс істемеңдер», - деген сөзді айтуының мәнісі неде?

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Сұрақ 2: Ем

Бүгінде заман талабына сай пышақсыз ота жасауға бола ма?

_______________________________________________________________________________________________________________________________________

Сұрақ 3: Ем

Ретімен жазып сәйкестендір

Есептік сан есім


Екінің бірі ән айтады


Реттік сан есім


Бес – алтыдан бөлінді


Жинақтық сан есім


Бесеуі жолға шықты


Болжалдық сан есім


Бір сағат өтті


Топтау сан есім


Жетпістей адам келді


Бөлшектік сан есім


Екінші үйде тұрады


Дауысты дыбыстар

Сұрақ: Неліктен дауысты дыбыстар /түсіндір/

1 тілдің қатысына қарай

2 жақтың қатысына қарай

3 еріннің қатысына қарай

Мәтін №2

Дегелеңдегі жарылыс

-Айтуар! Айтуар! Ананы қара! Дегелең жақтан саңырауқұлақ шықты. Қара! Қарасаңшы! Саңырауқұлақтың үлкені-ай! Қып-қызыл от...Жалын...Күннен де жарық...Қара, қара деймін! Күн көрінбей қалды. О-охо-хо! Қызыл күн...Қызыл күн шықты...- деп Қажымұрат жартасқа жабыса айғайлайды. Бірақ мен жартас қуысына кіріп, қорыққаннан көзімді тарс жұмып, жер бауырлап жата бердім. Тұла бойым дірілдеп, менімен бірге бүйірімдегі қара жер де солқылдады. Маңайды дүріл басып, бетті жалын жалап, төңіректі жай отындай сәуле шарпыды. Шілде айының аптабынан да ыстық, күшті дауыл тұрды. ...Сол жылы күзде үздік оқитын Қажымұрат мектепке келмеді. Соқыр болып қалған оны әке-шешесі Алматыда емдетуге көшіп кетіпті.

1.Қара жер қандай күйге енді?

A. Жылады

B. Солқылдады

C. Қайғырды

D. Еңіреді

2. Жартас қуысына тығылған баланың аты кім?

A. Қажымұрат

B. Айтуған

C. Алпамыс

D. Айтуар

3. Төңіректі қандай сәуле шарпыды?

4. Сәйкестендіріңіз.

Мәтін

Иә

Жоқ

Қажымұрат өзінің соқыр болып қалғанына кінәлі ме?



Айтуарды қорқақ деп санайсыз ба?



Сәуле мен дауылдың ортасында байланыс бар ма?





5. Сізше, Қажымұраттың сауығуына мүмкіндігі бар ма? Жауабыңызды дәлелмен келтіріңіз.

_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________6. Қазіргі таңда атом станцияларының салынуына сіздің көзқарасыңыз қандай?______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________Мәтін № 3

Тұмау

Қыстың суық күндерімен қосылып бізге тағы бір қауіп келеді- ол тұмау. Бұл өте қауіпті, жұқпалы ауру, вирус арқылы жұғады. Басқа жұқпалы ауруларға қарағанда тұмау өкпенің қабынуына, отит, гайморит, жүрек ауруларына және жүйке ауруларының асқынуына әкеліп соқтырады. Өкінішке орай, біз әлі тұмауға қарсы шара қолдануды үйренген жоқпыз. Бірақ, интерферон, ремантадин, ликопид, амиксин, арбидол, афлутон дәрілерінің өте пайдалы екенін білдік. Бұл дәрілердің бәрінің вирусқа қарсы емдік қасиеттері бар.Тұмаудан қорғанудың бірден-бір жолы- егу. Ресейдің «Гриппол», француздың «Ваксигрипп» компаниялары тұмауға қарсы 11 түрлі дәрі-дәрмек ұсынды.

1. Тұмау қай кезде қозады?

A. Жаз айында

B. Ауа райының суық кезінде

C. Жаздың қапырық кезінде

D. Жауын- шашынды күндері

2. Бетпердені күніне неше рет ауыстыру керек?

3.Тұмау кезінде қабынатын ағзаларды атаңыз:



4. Сәйкестендіріңіз.

Мәтін

Иә

Жоқ

Тұмаудың алғашқы белгілері пайда болғанда дәрігер шақырту керек пе?



Тұмау кезінде сұйықтықты ішуді шектеу қажет пе?



5. Тұмауға қарсы екпені алу тиімді ме, тиімсіз бе?

6.Жұқпалы тұмаудың жыл сайын жаңа түрлері пайда болуда. Сонда адамзаттың тұмауға қарсы күресі өз нәтижесін бермеді ме?

Мәтін № 4

«Тулардың да тарихы бар»

Әлемде жалғыз-ақ вексиллология (вексиллюм –ту деген латын сөзінен шыққан, вексиллология –ту туралы ғылым) институты бар. 1973 жылы Лондонда вексиллологтердің бесінші конгресі өткізіліп, оған 14 елден 57 делегат қатысты. Кнгрестің төрағасы болып вексиллология институтының директоры американдық Уитни Смит сайланды. Смит конгресте өзі басқарған институттың нәтижелі жұмыс істеп жатқанын зор интуиазммен хабарлап, оған мысал ретінде Оңтүстік Американың Гайана мемлекеті институт жасаған ту суретінің жобасын қабылдағанын айтты. Мемлекеттік тулар мәселесіндегі қиындықтарды шешу үшін вексилологтер тәуелсіздік алған жаңа мемлекеттердің туларын жасау бір жерден басқарылғанын дұрыс деп есептейді. Мысалы, Индонезияның туы Монаконың және Польшаның туларына ұқсас болып кеткен. Конгреске қатысушылар «Барлық мемлекеттердің туларынан жаугершілік рухты білдіретін рәміздер алынып, бейбіт еңбек рәміздері бейнеленсін» деген үндеу жарияланады.

«Табиғат ғажайыптары» кітабынан.

  1. Егер мәтінге сенетін боласақ «Барлық мемлекеттердің туларынан жаугершілік рухты білдіретін рәміздер алынып, бейбіт еңбек рәміздері бейнеленсін» деген үндеу жарияланған. Үндеуді жариялауға 14 елдің делегаттарының қатысуына не себеп болды деп ойлайсыңдар?

_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

  1. Вексилология –ту туралы ғылым. Қалай ойлайсың, вексикология институты қазір жұмысын жандандырып жатыр ма? Жауаптарыңызды растайтын мысалдар келтіріңіз.

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________3. Бұл мақалада не айтылды?

А. Вексиология институты

В. Рәміздердің тарихы

С. Мемлекеттік туға жоғары баға беріді

Д. Ұлттық бояу

Е. Тутанушылар

4. Есімдіктің мағыналық түрлерін жазыңыз.

_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ