400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Оқу сауаттылығының вариативтік курсы

Материал туралы қысқаша түсінік
«Оқу сауаттылығы» авторлық бағдарламасы 10-11 сынып оқушыларына арнап құрастырылған. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына енгізілмеген.Оқу жоспары вариативтік сағат есебінен алынған. Көлемі:аптасына – 1сағат, оқу жылында – 34 сағат;
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мазмұны


Түсінік хат............................................................................................................б.

Оқу пәнінің мақсаты мен міндеттері.................................................................. б.

Пәнді меңгеру деңгейіне қойылатын талаптар.................................................. б.

Оқу-тақырыптық жоспар.................................................................................... б.

Оқу курсының тақырыптарының мазмұны....................................................... б.

Практикалық сабақтар........................................................................................ б.

Білімді меңгеру деңгейін бақылау.....................................................................б.

Әдебиеттер тізімі .............................................................................................. б.

Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыздандырылуы........................................... б.































Түсінік хат

Білім беру саласының алдындағы негізгі мақсат – оқушы бойында білім-білік, дағдыларға қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде жылдам өзгеріп жатқан өмірге бейімді, өзін-өзі дамыта алатын, өз бетімен кез-келген мәселені адамгершілік тұрғыда шеше алатын, өзіндік ойы бар жеке тұлға қалыптастыру. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі қазіргі таңда өзгермелі және өскелең талаптар мен қажеттіліктерді қанағаттандыра отырып, отандық білім жүйесі әлемдік білім кеңістігіне бетбұрыс жасауда.

Елбасы Н. Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған Ұлттық іс-қимыл жоспары Қазақстан РеспубликасыҮкіметінің Қаулысымен бекітілді. Ұлттық жоспар Қазақстан Республикасындағы білім сапасын жетілдірудің негізгі бағдары ретінде мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту іс-қимылдарының мақсаттылығын, біртұтастығы мен жүйелілігін қамтамасыз етуге бағытталып, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту үдерісін мазмұндық, оқу-әдістемелік, материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар кешенін қамтиды. Сонымен қатар, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың жалпы бағдары Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында да анық көрсетілген.

Бағдарламаның басты мақсаты жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның құбылмалы әлемге әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады. Қазіргі әлемдік білім кеңістігіндегі халықаралық стандарт талаптарына сай оқыту үдерісінің орталық тұлғасы білім алушы субъект, ал ол субьектінің алған білімінің түпкі нәтижесі құзіреттіліктер болып белгіленуі білім беру жүйесінде «функционалдық сауаттылықты» қалыптастыру мәселесін негізге алудың өзектілігін арттырып отыр.

Оқушылардың сауаттылығын дамытуда оқу бағдарламасындағы әрбір пәннің рөлі зор. Соның ішінде қазақ тілі мен әдебиетінің алатын орны ерекше. Осы ретте, оқушыға халықтың қоғамдық өмірін, арман-мүддесін танытуда, оларға идеялық-саяси, рухани-адамгершілік, этикалық-эстетикалық т.б. тәрбие беруде, дүниеге көзқарасын, мінезін, жалпы мәдениетін қалыптастыруда көркем әдебиетті қуатты құралдардың бірі ретінде пайдалану – әдебиет пәнінің басты мақсаты болып есептелсе, тіліміздің өзіндік қалыптасқан нормаларын, жалпы айтқанда грамматикасын үйрету –қазақ тілінің басты міндеті болып танылады.

«Оқу сауаттылығы» авторлық бағдарламасы 10-11 сынып оқушыларына арнап құрастырылған. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына енгізілмеген.Оқу жоспары вариативтік сағат есебінен алынған. Көлемі:аптасына – 1сағат, оқу жылында – 34 сағат;

Қазақ тілінен оқушылардың функционалдық оқу сауаттылығын дамыту жоспары.Негізге алынды: ҚР Үкіметінің №832 қаулысымен бекітілген (25.06.2012) Ұлттық жоспар.

Курстың өзектілігі:

Оқушыларды шығармашылық ізденіс жұмыстарына баули отырып, функционалды жеке тұлға ретінде қалыптастыру.

Мақсаты:

Оқушылардың мәтін мазмұнын түсіне білуі және оларға ой жүгірте білу, мәтін мазмұнын өзіндік пайымдау жасауға пайдалана білуге баулу, кез-келген мәтіннің мән-маңызы мен өзіндік ерекшеліктері, көркемдік сипатын танытып,оқушы бойында сананы қалыптастырып, мәтіннің идеялық -эстетикалық мән-мағынасына терең бойлап, тебірене қабылдауына мүмкіндік туғызу.

Міндеті:

Танымдық бағыт бойынша:

1.Көркем шығармалардағы сөз тереңдігін түсініп, бағалай білуге баулу.

2.Оқушыларға әдеби білімнің әр жақтылығын, жүйелілігін, мақсаттылығын түсіндіру.

3.Туындының адамгершілік түпкі мазмұн-мәнін түсіндіру.

4.Шығарманың тілдік, стильдік ерекшеліктерін, жеке сөз қолданыстардың шығармадағы көркемдік-эстетикалық жүгін түсіне білулерін қамтамасыз ету.

5.Шығарма әлеміне оқушыны енгізе отырып, оқыылым, жазылым, тыңдалым, айтылым дағдылары арқылы ой қозғалысын жетелеу, көркем туындыға қызығушылығын арттыру.

Практикалық бағыт бойынша:

1. Оқушыларды өз бетімен ізденуге дағдыландыру.

2. Оқушылардың жеке қабілеті мен белсенділігінің дамуына жол ашу,

шығармашыл тұлға қалыптастыру.

3.Өзіндік ой пікірін айта білуге, дәйекті, жүйелі айта білуге, ұтымды, шешен сөйлеуге баулу.

Күтілетін нәтиже:

Оқушының танымдық көкжиегі кеңейеді, оқылым,тыңдалым,жазылым арқылы шығармашылық белсенділігі артады, жаңа лексико-грамматикалық тапсырмаларды орындау кезінде өз бетінше жұмыс істеуге үйренеді, оқуға деген ынта-ықыласы оянады;



Пәнді меңгеру деңгейіне қойылатын талаптар.


  1. Түрлі мәтін үлгілерін өз бетімен ізденіп оқу.

  2. Әр түрлі мәтін үлгілерінің мән-маңызын, ерекшіліктерін тани білу.

  3. Берілген деректерді жинақтап қорытынды шығара білу.

  4. Шығармалардың тарихи-әлеуметтік мәні мен әдеби сипатын дұрыс аңғара білу.

  5. Тақырыбы бір-біріне үндес шығармалардың кейіпкерлерін, оқиғаларын салыстыру жұмыстарын, сөздік жұмысын жүргізу.

































Оқу курсының тақырыптарының мазмұны


Сабақтың тақырыбы

Мазмұны

1-сабақ

Кіріспе. Оқылым,тыңдалым, жазылым.

Оқылым, тыңдалым, жазылым түрлерімен танысып, оқу курсының негізгі мақсат міндеттерін түсінеді

2-сабақ

Оқу және жазу машығы

Мәтін арқылы оқу және жазу машығын қалыптастырады, ақпаратты толық меңгеруге дағдыланады.

3-сабақ

Сөзбен айшықталған сурет

Сурет арқылы мәтін құрауды үйренеді, тыңдалым машығымен көруді ұштастырып үйренеді

4-сабақ

Дауысты дыбыстар дауыссыз дыбыстар

Тыңдалым және оықылым мәтінінің ішінен дауысты немесе дауыссыз дыбыстарды табады.

5-сабақ

Зат есім анықтау жаттығулары

Жазылым дағдысын қалыптастыру мақсатында мәтін ішінен зат есімді теріп жазады.

6-сабақ

Жалпы есім жалқы есім. Оқу және тыңдау машығы

Зат есімнің жалпы жалқы түрін анықтау мақсатында тыңдалым әрекеті орындалған соң, мәтіндегі жалқы және жалпы атауларды есте сақтау жазуды үйренеді.

7-сабақ

Мәтінмен жұмыс жүргізу

Таратпа қағаздарындағы түрлі мәтін үлгілерін талдап үйренеді

8-сабақ

Ғаламтор тарихы.

Ғаламтор тарихы атты мәтінді тыңдап, тест тапсырмаларын орындайды.

9-сабақ

Лексика

Лексика-сөз байлығын зерттейтін ғылым болғандықтан оқушылар лексикалық тапсырмалар орындайды. Берілген сөз тіркестерімен мәтіндегі қарамен берілген сөздермен сөйлем құрастырады. Өз ойларын білдіреді.

10-сабақ

Сауатты жаза білейік!

Грамматикалық –лексикалық тест тапсырмаларын орындайды.

11-сабақ

Оқу және жазу машығы.Сын есім

Сын есім заттың сынын білдіретін болғандықтан, қандай? қай сұрақтарына жауап беретін сөздерді мәтін ішінен табады.

12-сабақ

Мәтінді талдау жаттығулары

Мәтіннен ең қажетті ақпаратты табады, мәтіндегі ақпараттарды жіктейді,терең мазмұнды ақпаратты табады.


13-сабақ

Ел ордасы –Астана. Оқылым мәтіндерімен жұмыс

Оқылым арқылы есте сақтауды үйретеді.

Мәтіннің атын өз еркімен қойып үйренеді.

14-сабақ

Мектеп, досым... Тыңдалым дағдысы

Тыңдалым дағдысын дамыта отырып, есте сақтау қабілетін дамытады.

15-сабақ

Тест тапсырмаларымен жұмыс

Грамматикалық сауаттылығын анықтайды.

16-сабақ

Сөзбен айшықталған сурет. Жазылым,оқылым.

Жазылым және оқылым дағдылары арқылы суреттегіні бецнелеп беру, сөзбен айшықтауды үйренеді

17-сабақ

Менің сүйікті тағамым. Айтылым дағдысын қалыптастыру

Тақырып бойынша сөйлесім дағдысын қалыптастырады. Тағам түрлерін жіктей біледі.

18-сабақ

Тапсырмаларды талдау

Мәтіннен ең қажетті ақпаратты табады, мәтіндегі ақпараттарды жіктейді,терең мазмұнды ақпаратты табады.

19-сабақ

Оқу және жазу машығы

Мәтін арқылы оқу және жазу машығын қалыптастырады, ақпаратты толық меңгеруге дағдыланады

20-сабақ

Сын есімді анықтайтын мәтіндер

Сын есім заттың сынын білдіретін болғандықтан, қандай? қай сұрақтарына жауап беретін сөздерді мәтін ішінен табады.

21-сабақ

Сауатты жаза білейік!

Грамматикалық –лексикалық тест тапсырмаларын орындайды.

22-сабақ

Тест тапсырмаларымен жұмыс

Грамматикалық сауаттылығын анықтайды.

23-сабақ

Сөзбен айшықталған сурет

Сурет арқылы мәтін құрауды үйренеді, тыңдалым машығымен көруді ұштастырып үйренеді

24-сабақ

Өзім жайлы/әңгіме/

Өзі жайлы ой толғау немесе эссе жазып үйренеді. Ойын еркін жеткізуге дағдыланады.

25-сабақ

Оқылым жаттығулары

Оқу арқылы мәтін ішіндегі керекті ақпаратты тест тапсырмаларынан еркін тауып алуды үйренеді.

26-сабақ

Қызықты лексика-грамматика әлемінде

Грамматикалық –лексикалық тест тапсырмаларын орындайды.

27-сабақ

Оқу және жазу машығын тексеру

Мәтін арқылы оқу және жазу машығын қалыптастырады, ақпаратты толық меңгеруге дағдыланады

28-сабақ

Сан есімды анықтау тапсырмалары

Сан есім заттың санын білдіретін болғандықтан, қанша? неше? сұрақтарына жауап беретін сөздерді мәтін ішінен табады.

29-сабақ

Жазылым жаттығулары

Жазылым дағдысын қалыптастыру мақсатында мәтін ішінен зат, сын, сан есімді теріп жазады.

30-сабақ

Сауатты жаза білейік!

Грамматикалық-лексикалық тест тапсырмаларын орындайды.

31-сабақ

Есімдікді анықтау. Оқылым, тыңдалым

Мәтін арқылы оқу және тыңдалым машығын қалыптастырады, ақпаратты толық меңгеруге дағдыланады

32-сабақ

Тест тапсырмаларымен жұмыс

Грамматикалық –лексикалық тест тапсырмаларын орындайды.

33-сабақ

Жылдық қайталаулар

Қайталау жұмысы жүргізіледі.

34-сабақ

Қорытынды сабақ

Курс бойынша қорытынды жұмысы жүргізіледі.



























Әдебиеттер тізімі:


1. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 – 2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары.- Астана:2012. –[1, 2 б.]

2. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру әдістемесі, әдістемелік құрал, Астана: 2013. – [7-8 б. ]

3. РІSА халықаралық зерттеуі, әдістемелік құрал. Астана: ҰББСБО, 2013. – [8-9 б, 79 б. ]

4. Оқу сауаттылығы. Тренергеарналғаннұсқаулық. PEARSON 2013. – [138 б. ]

5. Оқу сауаттылығы.Мұғалімнің жұмыс дәптері. PEARSON 2013. – [47-48 б. ]

6. Основные результаты международного исследования РІSА 2012. Национальный отчет. Астана: 2013. –[105-106 б., –147 б]

7. Мұғалімге арналған нұсқаулық: 2012. –[58 б. ]


Қосымша әдебиеттер тізімі:


  1. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, 2010 ж. 7 желтоқсан.

  2. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» 27.01.2012 ж.

  3. Бранд О. Функциональная неграмотность в промышленно развитых странах. – Ж. Перспективы, 1988. - № 2. - С. 37-51.

  4. Гаврилюк В.В. Преодоление функциональной неграмотности и формирование социальной компетентности // Социол. Исслед. - 2006. - № 12.

  5. Тангян С.А. «Новая грамотность» в развитых странах// Советская педагогика. - 1990. - №1. - С.3-17










Оқу – тақырыптық жоспар

Оқу сауаттылық


Жылдық сағат саны – 34

Апталық сағат саны – 1


Рет №







Сабақ №



Сабақтың тақырыбы

Сағат саны



Мерзімі



Ескерту

І тоқсан




1

1

Кіріспе. Оқылым,тыңдалым, жазылым.

1



2

2

Оқу және жазу машығы

1



3

3

Сөзбен айшықталған сурет

1



4

4

Дауысты дыбыстар дауыссыз дыбыстар

1



5

5

Зат есім анықтау жаттығулары

1



6

6

Жалпы есім жалқы есім. Оқу және тыңдау машығы

1



7

7

Мәтінмен жұмыс жүргізу

1



8

8

Ғаламтор тарихы.

1



ІІ тоқсан




9

1

Лексика

1



10

2

Сауатты жаза білейік!

1



11

3

Оқу және жазу машығы.Сын есім

1



12

4

Мәтінді талдау жаттығулары

1



13

5

Ел ордасы –Астана. Оқылым мәтіндерімен жұмыс

1



14

6

Мектеп, досым... Тыңдалым дағдысы

1



15

7

Тест тапсырмаларымен жұмыс

1



16

8

Сөзбен айшықталған сурет. Жазылым,оқылым.

1



ІІІ тоқсан




17

1

Менің сүйікті тағамым. Айтылым дағдасын қалыптастыру

1



18

2

Тапсырмаларды талдау

1



19

3

Оқу және жазу машығы

1



20

4

Сын есімді анықтайтын мәтіндер

1



21

5

Сауатты жаза білейік!

1



22

6

Тест тапсырмаларымен жұмыс

1



23

7

Сөзбен айшықталған сурет

1



24

8

Өзім жайлы/әңгіме/

1



25

9

Оқылым жаттығулары

1



26

10

Қызықты лексика-грамматика әлемінде

1



ІҮ тоқсан




27

1

Оқу және жазу машығын тексеру

1



28

2

Сан есімды анықтау тапсырмалары

1



29

3

Жазылым жаттығулары

1



30

4

Сауатты жаза білейік!

1



31

5

Есімдікді анықтау. Оқылым, тыңдалым

1



32

6

Тест тапсырмаларымен жұмыс

1



33

7

Жылдық қайталаулар

1



34

8

Қорытынды сабақ

1






34


































Білімді меңгеру деңгейін бақылау


Бағдарламаны дайындау барысында білімділік деңгейін анықтау үшін тест тапсырмалары құрастырылды. Түрлі тақырыптар бойынша шығарма,ой толғау немес эссе жұмыстары бағалау шарттарына сәйкес дискриптор түрінде құрастырылды. Оқушылардың оқу сауаттылығын анықтау үшін бірнеше критерилер негізге алынды.


 

Критерийлер

Максималды ұпай саны

А

Білу және түсіну

2 ұпай

В

Қолдану және талдау

2 ұпай

С

Синтез және бағалау

2 ұпай


Барлығы

6 ұпай


Бағалау дескрипторлары


Критерийлер

Білім жетістіктерінің деңгейі

Дескрипторлар

А

(max 5)

 

0

Ешқандай сұраққа жауап бермесе

1

1 сұраққа жауап берсе

2

2-3 сұраққа жауап берсе

3

4-5 сұраққа жауап берсе

4

6 сұраққажауап берсе

5

7-10 сұраққа жауап берсе

Критериалды бағалаудың басты ерекшелігі:

  • алдын-ала ұсынылған бағалау шкаласы;

  • анық, айқындылығы;

  • бағаның әділдігі;

  • өзін бағалауға мүмкіндіктің берілуі













Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыздандырылуы


  1. Орта білім беру деңгейлері білім алушыларының сөйлесім әеркетінің түрлері бойынша дағдыларды қалыптастыруға арналған мәтіндер жинағы

  2. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы: оқулық / Ғ.Қалиев, Ә.Болғанбаев. - Алматы: Сөздік-Словарь, 2006. - 259 б.

  3. ҚР СТ 1926-2009 «Қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзыреттіліктері. Қарапайым деңгей. Жалпы меңгеру».

  4. Нығмет Сауранбаев және қазақ тіл білімі / ред. Омарбеков С. - Алматы: Кенже-пресс, 2000. – 253 б.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
169 ұстаз жүктеп алған
02.05.2019
7210
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі