ОҚУ САУАТТЫЛЫҚ ДАҒДЫЛАРЫН АРТТЫРУДА МӘТІНДЕРДІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

ОҚУ САУАТТЫЛЫҚ ДАҒДЫЛАРЫН АРТТЫРУДА МӘТІНДЕРДІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
Білім алушылардың оқу сауаттылық дағдыларын арттыру үшін «Қазақ тілі» мен «Қазақ әдебиеті» пәндерін оқыту барысында мәтіндердің түрлерімен жұмыс жасаған дұрыс. Оқу сауаттылығын арттырудың жаңа әдістерін енгізіп отыру да білім алушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға септігін тигізуі сөзсіз
Материалдың қысқаша нұсқасы

Нуралиева Жанар Ауезхановна

Түркістан облысы, Шардара ауданы, Шардара қаласы,

А.Әлімбетов атындағы ЖББМ,

қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі


ОҚУ САУАТТЫЛЫҚ ДАҒДЫЛАРЫН АРТТЫРУДА МӘТІНДЕРДІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ


Бүкіләлемдік білім стандартына негізделген PISA зерттеулерінің бірі оқу сауаттылығына негізделген . Оқу сауаттылығы – білім алушының жазба мәтіндерді түсіну, пайдалану, ойлау және өз мақсатына жету үшін оның мазмұнын қолдану, өз білімі мен әлеуетін дамыту, сонымен қатар қоғам өміріне белсенді қатысу үшін білімі мен мүмкіндіктерін дамыту қабілеті.

Бұл білім алушылардың өз бетінше білім алуына және дамуына қажеттіліктен негізге алынған құрал болып табылады. Оқу сауаттылығы үш құрамдас бөліктен тұратыны мәлім. Ол адамның оқыту барысында оқығанын педагогикалық әрекеттің маңызды бағыты ретінде түсіну қабілеті. Пән мұғалімі жұмысының қолданбалы аспектісі білім алушы қойылған сұраққа толық жауап беру барысында мәтін ақпаратын пайдалануға үйрету қабілеті болып табылады. Сонымен бірге одан да маңызды нәрсе – білім алушы белсенділігінің басты көрсеткіші ретінде ойлау қабілеті болып табылады. Яғни, оқу сауаттылығын меңгерту арқылы білім алушының алған білімін толықтай түсініп, ой елегінен саралап өткізу, шынайы өмір дағдыларында мәтіннен алған ақпаратын пайдалана білуге үйрету - ең маңызды мақсаты. Оқу сауаттылығын бағалау үшін білім алушыларға мәтінде берілген ақпаратты салыстырып көру, мәтіндегі негізгі ойды білу, жауапты дайындау барысында әлем туралы өз пайымдауына сүйеніп, өз ойын қорғайтын дәлелдер келтіру талап етіледі . Мәтін, жағдаят және сұрақ-оқу сауаттылығын бағалаудың үш негізгі параметрлері болып табылады. PISA бойынша оқу сауаттылығы дағдыларында функционалдық сауаттылыққа негізделген мәтіндерінің ерекшеліктері оларды баяндаудың шынайылығы сонда, мәтіндер өмірден алынған мысалдардан тұрады. Бұл орайда, зерттеудің осы бағыты бойынша тест сұрақтары ретінде көркем мәтіндер алынады. Ал оқу сауаттылығын бағалау үшін мына үш аспекті ғана басты негіз болады: оқу мәтіндерінің түрі; тапсырмалардың түрі және сол мәтінді алудағы жағдайы мен мақсаты. Зерттеу барысында білім алушылардың мәтінді толық түсінуі мен меңгере білу деңгейлері бағаланады.Білім алушыларға мәтіндер төрт түрге бөлініп ұсынылады:

1.Тұтас мәтіндер көркем әдебиет әдебиет стиліндегі мәтіндерінен алынады.

2. Тұтас емес жадағай мәтіндер ресми іс-қағаздар стиліндегі мәтіндер мен арнайы фотосуреттерден алынады.

3. Ал аралас мәтіндер ғылыми стилдегі және публицистикалық стилдегі мәтіндерден алынады.Оларға ғылыми мәтіндегі және баспасөзден алынған мәтіндер жатады.

4. Құрамдас мәтіндер бір тақырыпта болады, мәтін бірақ әр автордың пікірі, ойынан құралады. Мысалы, мәтін табиғат құбылыстары тақырыбына жазылған әрбір ақынның  туындысы немесе әртүрлі баспасөздегі бірдей тақырыпқа жазылған мақалалар және бірнеше тақырыпты қамтитын үзік –үзік мәтіндер болып келеді.

1.Тұтас мәтіндер көркем әдеби шығармалардан алынады.

Мәтін № 1

Дегелеңдегі жарылыс

-Айтуар! Айтуар! Ананы қара! Дегелең жақтан саңырауқұлақ шықты. Қара! Қарасаңшы! Саңырауқұлақтың үлкені-ай! Қып-қызыл от...Жалын...Күннен де жарық...Қара, қара деймін! Күн көрінбей қалды охо-хо! Қызыл күн...Қызыл күн шықты...- деп Қажымұрат жартасқа.О-жабысаайғайлайды. Бірақ мен жартас қуысына кіріп, қорыққаннан көзімді тарс жұмып, жер бауырлап жата бердім. Тұла бойым дірілдеп, менімен бірге бүйірімдегі қара жер де солқылдады.Маңайды дүріл басып, бетті жалын жалап, төңіректі жай отындай сәуле шарпыды. Шілде айының аптабынан да ыстық, күшті дауыл тұрды.

...Сол жылы күзде үздік оқитын Қажымұрат мектепке келмеді. Соқыр болып қалған оны әке-шешесі Алматыда емдетуге көшіп кетіпті.

Қара жер қандай күйге енді?

  1. Жылады

  2. Солқылдады

  3. Қайғырды

  4. Еңіреді

Жартас қуысына тығылған баланың аты кім?

  1. Қажымұрат

  2. Айтуған

  3. Алпамыс

  4. Айтуар

Төңіректі қандай сәуле шарпыды?

_____________________________


р\с

Мәтін

Иә

Жоқ

1

Қажымұрат өзінің соқыр болып қалғанына кінәлі ме?



2

Айтуарды қорқақ деп санайсыз ба?



3

Сәуле мен дауылдың ортасында байланыс бар ма?




Сізше, Қажымұраттың сауығуына мүмкіндігі бар ма? Жауабыңызды дәлелмен келтіріңіз.

____________________________________________________________


  • Қазіргі таңда атом станцияларының салынуына сіздің көзқарасыңыз қандай?

_____________________________________________________________

2. Мысалы,мына мәтін аралас мәтінге жатады:

Мәтін № 2

Қан тапсыру туралы хабарландыру

Қан тапсырудың маңызы өте зор. Адам қанын толық алмастыра алатын зат жоқ. Сондықтан қан тапсыру ауыстырғысыз және адам өмірін құтқаруда маңызды роль атқарады. Францияда қан құю жыл сайын 500 мың аурулардың азабын жеңілдетеді. Қан алу үшін стерильді бір қолданарлық құрал саймандар қолданылады (шприц, түтіктер, контейнерлер). Қан тапсырып, сендер ешқандай қауіпке ұшырамайсыңдар. Қан тапсыру – тегін көмек көрсетудің ең белгілі түрі. Небәрі 45 минуттан 1 сағатқа дейін ғана уақыт алады. Донордан 450 мл және талдау мен тексеру үшін тағы бірнеше тамшы қана алады. - Ер адам жылына 5 рет, әйел адам 3 рет қан тапсыруына болады. - 18-ден 65 жасқа дейінгі адамдар донер бола алады. - Әрбір келесі қан өткізу алдындағы міндетті үзіліс 8 аптаны құрайды.

Келесі сұрақтарға жауап беру үшін жоғарыда келтірілген «Қан тапсыру туралы хабарландыру» мәтінін пайдаланыңыздар.

Сұрақ 1: Қан тапсыру туралы хабарландыру. Соңғы 12 ай ішінде 2 рет қан өткізген 18 жастағы қыз қайта қан өткізгісі келеді. «Қан тапсыру туралы хабарландыру» мәтіні бойынша оған қандай жағдайда қайтадан қан тапсыруға рұқсат беріледі. _________________________________________________________________ __________________________________________________________________


3.Мына фотосуреттер тұтас емес жадағай мәтіндерге мысал бола алады.Осындай берілген фотосуреттерді негізге ала отырып,оның бетіндегі сөздер мен суреттерден сұрақтар құрастыруға болады. Осы арқылы білім алушылардың сыни ойлау дағдыларын жетілдіруге болады.

Мәтін № 3






1-сұрақ.Тұмаудың алдын алуды кім ескертеді?

_________________________________________________________________

2-сұрақ.Тұмаудың алғашқы белгілері білінгенде не істеу керек?

_________________________________________________________________

_________________________________________________________________

3-сұрақ Жөтелу әдебін қалай сақтау керек?

____________________________________________________________________________________________________________________________________

4-сұрақ. Салауатты өмір салтын сақтау дегенді қалай тұсінесің?

_________________________________________________________________

_________________________________________________________________

4. Құрамдас мәтіндерге мына мәтінді алуға болады.

Оқу сауаттылығы бойынша мәтіндермен жұмыс жасағанда сұрақтардың  мына тұрғыдан жіктелетінін байқауға болады:

1.Анықтаушы сұрақтар–өз бойында келтірілген пікірдің

шынайлылығын немесе жалғандығын ажыратуға бағытталады

2.Толықтырушы сұрақтар– тақырыптарға қатысты жаңа білімді,

тұжырымдарды анықтаумен тікелей байланысты. Мұндай сұрақтардың грамматикалық белгілері кім, не, қашан, қалай, қайдан, неге, және т.б. сұрау есімдіктері болып табылады.

3.Өткір сұрақтар– нақты бір проблемаларды талқылағанда өзекті сұрақтар да қойылады, яғни олар өмірлік маңызды, өзекті, принципті мазмұнда құрылады. Жалпы, сұрақ-жауап алаңы тиімдірек, өйткені білім алушы көбінесе өзінің жаттап алған немесе қысқа жауаптарын айтумен шектеледі. Өз көзқарасын білдіруге, оны бүгінгі күнмен байланыстыра алуға үйрету арқылы тұлғаның өмірлік маңызды қасиеттерін қалыптастыруға болады.

Білім алушылардың оқу сауаттылық дағдыларын арттыру үшін «Қазақ тілі» мен «Қазақ әдебиеті» пәндерін оқыту барысында мәтіндердің түрлерімен жұмыс жасаған дұрыс. Оқу сауаттылығын арттырудың жаңа әдістерін енгізіп отыру да білім алушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға септігін тигізуі сөзсіз.


Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Білім алушылардың оқу сауаттылығын дамытуға арналған тапсырмалар.(PISA халықаралық зерттеулері бойынша).Әдістемелік құрал.Атырау 2019

2. https://infourok.ru/aza-tilinen-pisa-tapsirmalari-748140.html

3.http://iac.kz/kk/publishing/kazakstandyk-okushylardyn-oku-sauattylygyn-kalyptastyru

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.06.2024
359
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі