жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
ОҚУ-ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ ЖОСПАРЫ
«Бекітемін»
Басшының тәрбие ісі
жөніндегі
орынбасары:
___________
2022 ж "___" ____________
2022-2023 ОҚУ ЖЫЛЫНА АРНАЛҒАН ОҚУ-ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ ЖОСПАРЫ
Педагог: Абдрахманова Венера Орынбаевна
(тегі, аты, әкесінің аты)
Тобы/сыныбы:_ЭҚ-2/22 тобы 1-курс
2022-2023 ОҚУ ЖЫЛЫНА АРНАЛҒАН ОҚУ-ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ ЖОСПАРЫ
Мақсаты:
-
Студенттердің идеологиясы мен стратегиясын тәрбиелеудегі оқу мазмұнын анықтау және жаңарту;
-
Өскелең ұрпақ пен жетекші мамандарды тәрбиелеуде патриоттық және рухани құқықтық қасиеттерді қалыптастыру;
-
Студенттерді интеллектуалды рухани кәсіпқойлыққа дайындау;
Міндеттері:
-
Барлық тәрбиелік бағыттарда оқу үрдісінің өзара байланысын қамтамасыз ету;
-
Азаматтық және патриоттық бағыттағы тәрбие;
-
Әлеуметтік мінез құлықтың жауапкершілігін қалыптастыру;
-
Ұлт аралық мәдениетті қалыптастыру;
-
Салауатты өмір салтына баулу;
-
Қоғамдық кәсіби қызметті қалыптастыру;
ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ ЖҮЙЕСІ
Нұрлыхан Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжінің тәрбие жұмысының жылдық жоспары «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін қабылдау туралы 15.04.2019-гы № 145 хатын, 2022 жылғы Қазақстан Республикасы Білім министрлігі және техникалық - кәсіптік білім беру департаментінің Қазақстан Республикасы Білім және техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы 2022-2023 жылдарына арналған тәрбие жұмысының кешенді жоспарын басшылыққа ала отырып жасалған. Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері «Мәңгілік ел» жалпы ұлттық идеясы аясында отбасылық тәрбие құндылықтыры, сондай- ақ оқу және тәрбие процесстерінің өзара кірігуі негізінде білім беру процесінің тәрбиелік әлеуетін арттыруға, оқыту мен тәрбиенің кіріктірілуіне, тәрбие әдіснамасын, мазмұны мен құрылымын жаңартуға бағдарланған.
Мақсаты:
Туған жерін, тілін, халқын құрметтейтін, отбасылық құндылықтарды қастерлейтін, жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде жан жақты және үйлесімді дамыған тұлға тәрбиелеу.
Міндеттері:
1.Жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азамат және
патриот қалыптасуына; тұлғаның саяси, құқықтық және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруға;
балалар мен жастардың құқықтық санасының өсуіне, оның балалар мен
жастар ортасындағы қатыгездік пен зорлық-зомбылық
көріністеріне қарсы тұруға дайын болуына ықпал
ету.
2.Тұлғаның рухани-адамгершілік және этикалық принциптерін, оның
Қазақстандық қоғам өмірінің нормалары және дәстүрлерімен келісілген
моральдық қасиеттері мен мақсаттарын қалыптастыруға ықпал
ету.
3.Тұлғаның жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарға бағдарлануына, ана тілі мен қазақ халқының, Қазақстан Республикасында тұратын этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуіне ықпал ету.
4.Бала тұлғасын қалыптастыруда ата-аналардың ағарту жұмысын, психологиялық-педагогикалық құзыреттіліктерін күшейтуге, бала тәрбиесі үшін олардың жауапкершілігін арттыруға ықпал ету.
5.Тұлғаның еңбек дағдыларын, экономикалық
ойлауы мен кәсіби қалыптасуына және өзін-өзі жүзеге асыруына
саналы қарым-қатынасын қалыптастыру, экологиялық мәдениетін
дамыту.
6.Әр бір тұлғаның зияткерлік мүмкіндіктерін, көшбасшылық
қасиеттерін және дарындылығын дамытуды қамтамасыз ететін уәждемелік
кеңістік қалыптастыру, оның ақпараттық мәдениетін қалыптастыруына
ықпал ету.
7.Білім беру ұйымдарында көпмәдениетті орта құруға ықпал ету, жалпы мәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру,
тұлғаның өнерде және болмыста эстетикалық нысандарды қабылдау, меңгеру және бағалау әзірлігін дамыту
8.Салауатты өмір салты дағдыларын тиімді меңгеру, дене дамуы мен
психологиялық денсаулықты сақтау,
ТӘРБИЕ ЖҰМЫСТАРЫНЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ НОРМАТИВТІ-ҚҰҚЫҚТЫҚ БАЗАСЫ КЕЛЕСІ ҚҰЖАТТАР:
1. «Бала құқығы туралы» БҰҰ Конвенциясы https://adilet.zan.kz/kaz/search/docs/;
2.Қазақстан Республикасының Конституциясы https://adilet.zan.kz/kaz/docs/S1100000002;
3.«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» ҚР Кодексі 2011 жылғы 26 желтоқсандағы №518-IV https://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1100000518;
4. 2030 жылға дейінгі ҚР отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы https://adilet.zan.kz/kaz/search/docs/fulltext;
5. «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» ҚР Заңы 2002 жылғы 8 тамыздағы № 345 https://adilet.zan.kz/kaz/search/docs/dt;
-
«Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» ҚР Заңы 2009 жылғы 4 желтоқсандағы № 214-IV https://adilet.zan.kz/kaz/search/docs/dt;
-
«Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы» ҚР Заңы 2018 жылғы 02 шілдедегі №169-VI https://adilet.zan.kz/kaz/search/docs/dt;
8.«Білім туралы» ҚР Заңы 2007 жылғы 27 шілдедегі
№319 https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z070000319
9.Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27
желтоқсандағы №988 қаулысымен бекітілген Қазақстан
Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
https://adilet.zan.kz/kaz/search/docs/dt;
10.Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2019
жылғы 15 сәуірдегі №145 бұйрығымен бекітілген «Рухани жаңғыру»
бағдарламасын іске асыру жағдайындағы тәрбиенің тұжырымдамалық
негіздері https://nao.kz/
ТӘРБИЕНІҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ:
1. Жаңа Қазақстандық патриотизм мен азаматтарды тәрбиелеу, құқықтық тәрбие
2. Рухани-танымдық тәрбие
3. Ұлттық тәрбие
4. Отбасылық тәрбие
5. Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие
6. Көпм әдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие
7. Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет бағытында тәрбиелеу
8., Салауатты өмір салты, яғни
дене тәрбиесі
ТӘРБИЕ БАҒЫТТАРЫ БОЙЫНША ӨТКІЗІЛГЕН ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ
|
Қыркүйек айы |
||||
|
№ |
Тәрбие жұмысының атауы |
Аяқтау нысаны
|
Жауаптылар |
Орындау мерзімі |
|
1 |
1-Қыркүйек білім күніне орай |
топ сағаты, хаттама |
Топ жетекшісі: В.О.Абдрахманова, топтағы білім алушылар |
|
|
2 |
«Армысың жаңа таныс, жаңа дос» білім алушылар мен топ жетекшісінің танысуына орай |
топ сағаты, хаттама |
Топ жетекшісі: В.О.Абдрахманова, топтағы білім алушылар |
|
|
3 |
«Тәрбие тал бесіктен» топ жетекшісінің ата аналармен танысуына орай |
ата аналар жиналысы |
Топ жетекшісі: В.О.Абдрахманова, әлеуметтік педагог, бқлім меңгерушісі, ата аналар |
|
|
4 |
Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай «Конституция – ата заңымызды қадірлеу» |
топ сағаты, хаттама |
Топ жетекшісі: В.О.Абдрахманова, топтағы білім алушылар |
|
|
5 |
22 қыркүйек- «Өзге тілдің барін біл-өз тіліңді құрметте» Қазақстан халықтары тілдері күніне орай |
құттықтау, көңілді сөз жарыс |
Қазақ, орыс, ағылшын тілі пәнінің оқытушыларымен бірге топ білім алушылар |
|
|
Қазан айы |
||||
|
6 |
«Қош келдің алтын күз» топ білім алушыларының көңіл күйін көтеру мақсатына орай |
топ білім алушыларымен сұхбат жүргізу |
Топ жетекшісі: В.О.Абдрахманова, топтағы білім алушылармен бірге |
|
|
7 |
«Қоғаммен ғаламтордың адам өміріне ықпалы» қаншалықты маңызды екенін саралауға орай |
қарым қатынас аясында қызықты сөз жарыс, хаттама |
Топ жетекшісі В.О.Абдрахманова, топтағы білім алушылармен бірге |
|
|
8 |
«Отан-қорғауға дайынбыз ба?» жеткіншектерге әскери тізімге отыру шараларының маңызын түсіндіру, Республика күніне орай |
топ білім алушыларымен, хаттама |
Топ жетекшісі: В.О.Абдрахманова, ӘД пәнінің оқытушылары, топтағы білім алушылар |
|
|
|
«Дені саудың жаны сау» жаман әдеттер мен спорттық маселелер шеңберіне орай |
сұхбат ұйымдастыру, хаттама |
Топ жетекшісі: В.О.Абдрахманова, ДШ пәнінің оқытушылары, топтағы білім алушылар |
|
|
Қараша айы |
||||
|
9 |
«Достық пен бауырмалдық-егіз ұғым» топтағы білім алушылардың арасындағы хал ахуалын бақылауға орай |
тәрбие сағаты, хаттама |
Топ жетекшісі: В.О.Абдрахманова, ТЖО, психолог, әлеуметтік педагог,топтағы білім алушылар |
|
|
10 |
«Шәкірт ақының маңызы» ұлттық валюта күніне орай |
сұхбаттасу, хаттама |
Топ жетекшісі: В.О.Абдрахманова, топтағы білім алушылар |
|
|
11 |
«Кім болам?» білім алушылар күніне орай |
білім алушылар күнімен құттықтау, кітапша табыстау, көңілді сұхбаттасу |
Топ жетекшісі: В.О.Абдрахманова, топтағы білім алушылар |
|
|
12 |
«Колледж өміріндегі алғашқы тоқсаным» топтағы білім алушылардың үлеріміне орай |
тексеру жұмыстары |
Топ жетекшісі: В.О.Абдрахманова, топтағы білім алушылар |
|
|
13 |
ЭҚ-2/22 тобының алғашқы сессияға дайындығы, үлгерімін талқылау және әр түрлі мәселелер |
ата-аналар жиналысы |
Топ жетекшісі: В.О.Абдрахманова, ТЖО, психолог, әлеуметтік педагог, ата-аналар |
|
|
Желтоқсан айы |
||||
|
14 |
«Атаңнан мал қалғанша-тал қалсын» кітапқа көзқарастарын, білімге құштарландыруға орай |
кітапхана кеңесі |
Топ жетекшісі: В.О.Абдрахманова, кітапханашы, ЭҚ-2/22 тобының білім алушылары |
|
|
15 |
«Қарда жанған от» желтоқсан боздақтарын еске алу күніне орай |
тәрбие сағаты, хаттама |
Топ жетекшісі: В.О.Абдрахманова, мәдениеттану пәнінің оқытушысы, топтағы білім алушылар |
|
|
16 |
«Жаңа жыл - жаңа өмір» мереке қарсаңына орай |
тәрбие сағаты, хаттама |
Топ жетекшісі: В.О.Абдрахманова, топтағы білім алушылар |
|
|
Қаңтар айы |
||||
|
17 |
«Алтау ала болса» ішкі тәртіп маселелеріне орай |
Сұхбат |
Топ жетекшісі: В.О.Абдрахманова, Психолог, топтағы білім алушылар |
|
|
18 |
«Мейірімді ата анадан, әділдікті данадан ізде» үш одақтың қарым қатынасына орай |
тренинг |
Топ жетекшісі: В.О.Абдрахманова, Психолог, топтағы білім алушылар, ата-аналар |
|
|
19 |
«Мамандығым мақтанышым» жеткіншекке мамандыққа бағдар беруге орай |
Ой талқы |
Топ жетекшісі: В.О.Абдрахманова, топтағы білім алушылар |
|
|
20 |
«Тәрбиелі жан тағалаған атпен тең» тарбие мен талпынысты шыңдау мақсатына орай |
Пікірталас |
Топ жетекшісі: В.О.Абдрахманова, топтағы білім алушылар |
|
|
Ақпан айы |
||||
|
21 |
«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» денсаулық күтіміне орай |
сұхбат, әңгімелесу |
Топ жетекшісі: В.О.Абдрахманова, медбике, топтағы білім алушылар |
|
|
22 |
«Азаматтық хұқық» топтағы білім алушылардың өз хұқықтарын біліп жүруі шараларына орай |
сұхбат, әңгімелесу |
Топ жетекшісі: В.О.Абдрахманова, қоғамтану пәнінің оқытушысы, топтағы білім алушылар |
|
|
Наурыз айы |
||||
|
23 |
«Алғысым шексіз» 1 Наурыз – Алғыс айту күніне орай |
құттықтау, бейнеролик |
Топ жетекшісі: В.О.Абдрахманова, топтағы білім алушылар |
|
|
24 |
«Аялаған анашым» аналар мейрамына орай |
құттықтаулар, бейнеролик |
Топ жетекшісі: В.О.Абдрахманова, топтағы білім алушылар |
|
|
25 |
«Амал келді жыл келді» Көрісу!!! Маңғыстау өңірінің салт дәстүрін жаңарту мақсатына орай |
көрісу, құттықтаулар |
Топ жетекшісі: В.О.Абдрахманова, топтағы білім алушылар |
|
|
|
«Әз-Науырыз!» мереке күніне орай |
құттықтаулар, бейнеролик |
Топ жетекшісі: В.О.Абдрахманова, топтағы білім алушылар |
|
|
Сәуір айы |
|
|||
|
27 |
«Сәуір болмай тәуір болмас» сенбілік шараларына орай |
сынып сағаты |
Топ жетекшісі: В.О.Абдрахманова, топтағы білім алушылар |
|
|
28 |
«Ғалым Қаныш» геология ғалымының еңбектерін талқылауға орай |
сынып сағаты |
Топ жетекшісі: В.О.Абдрахманова, топтағы білім алушылар |
|
|
29 |
«ҚАРҒА АЙ» топтағы білім алушылармен табиғат мәселелерін талқылауға орай |
сұхбат, әңгімелесу |
Топ жетекшісі: В.О.Абдрахманова, топтағы білім алушылар |
|
|
30 |
«Бір шаңырақ-бір тағдыр» көп ұлттың өкілдерімен достық қарым қатынаста бір мемлекетте өмір сүру мәселелеріне орай |
тәрбие сағаты |
Топ жетекшісі: В.О.Абдрахманова, топтағы білім алушылар |
|
|
Мамыр айы |
||||
|
31 |
«Қарулы Күш» «Отан қорғаушылар күні мерекесіне орай |
құттықтаулар, видеороликтер |
Топ жетекшісі: В.О.Абдрахманова, топтағы білім алушылар |
|
|
32 |
«ҰЛТШЫЛДАР» Репрессия құрбандарын еске алу күніне орай |
тәрбие сағаты, презентация |
Топ жетекшісі: В.О.Абдрахманова, топтағы білім алушылар |
|
|
Маусым айы |
||||
|
33 |
«ЗОР МІНДЕТ» балаларды қорғау күні мерекесіне орай |
құттықтау, білім алушылардың баяндамасы |
Топ жетекшісі: В.О.Абдрахманова, топтағы білім алушылар |
|
|
34 |
«Арман-мұрат»мемлекеттік рәміздер күніне орай |
сынып сағаты |
Топ жетекшісі: В.О.Абдрахманова, топтағы білім алушылар |
|
|
35 |
«Күзде оралам» алғашқы курстың қорытындылауға орай |
сынып сағаты, топтағы білім алушылардың көңіл күйімен сұхбат |
Топ жетекшісі: В.О.Абдрахманова, ата аналар, топтағы білім алушылар |
|
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген