400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Оқу тәрбие үдерісіндегі қиын балалармен жүргізілетін жұмыстар

Материал туралы қысқаша түсінік
мектеп психологтарына жалпы мұғалімдерге көмек береді
Материалдың қысқаша нұсқасы

Оқу тәрбие үдерісіндегі қиын балалармен жүргізілетін жұмыстар.

Қазіргі таңда елімізде балалар мен жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық, зорлық-зомбылық, ұрлық сияқты жағымсыз әрекеттер жиі белең алуда. Ұстаздар жасөспірімдердің арасындағы тәрбиесі «қиын» балалармен қалай жұмыс жасау керектігі жайлы жан-жақты ізденіс үстінде.

Тұңғыш елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына жолдаған жолдауында «Біз аға ұрпақты , ана мен баланы, жастарды қамқорлық пен ілтипатқа бөлейтін әлеуметтік бағдарланған қоғам, ел халқының барлық жолдары тұрмысының жоғары сапасы мен алдыңғы қатарлы әлеуметтік стандарттарын қамтамасыз ететін қоғам құрамыз» деген. Бұл бәсекеге қабілетті ел болу үшін жас ұрпақты тәрбиелей білуіміз керектігі. Тәрбие отбасынан басталады. Ал өмірге келген ұрпақты тәрбиелеу ол ең бірінші отбасының міндеті. Балаға тәрбие беріп, өмірде дұрыс жолға түсуге бағыт-бағдар беру ол ата-ананың басты міндеті. Жалпы «қиын бала» ұғымының шығуы және ғалым-педагогтардың ой пікірлері. Қазіргі таңда осы мәселе қоғамда шешімі қиын болып тұрғаны рас.

Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай , «балам дейтін жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан болсын». «Қиын балалар» ұғымы 1920-1930- жылдарда тәрбие мәселесінде пайдаланылып жүрді. Бара-бара бұл ұғым 1950-1960 – жалдары да қайтадан қолданысқа енді. Қазіргі таңда бұл мәселе ғылымда нақты орын алып отыр. Бұл мәселемен көптеген ғалымдар айналысқан, қиын балалар мінезін , өмірін жан-жақты зерттеген. Қазір де өкінішке орай мұндай жасөспірімдер көп.

Қиын балалар қайдан шығады ?- деген сұраққа былай жауап берсе де болады. Ең басты себеп отбасы тәрбиесімен байланысты: ата-ананың ішімдікке салынуы немесе толық емес отбасы, осындай және тағы басқа себептерден баланың мінез-құлқы өзгереді және ішкі жан дүниесіне әсер етеді.

Білім беру ұйымдарында жұмыс жасайтын педагогтар, тәрбиешілер балаларды оқытып - тәрбиелеу барысында сабақтан көп қалатын, тәртібі нашар, білім деңгейі төмен, құрбыларымен тіл табыса алмайтын, ашуланшақ, бұзықтық әрекеттер жасайтын балаларды жиі кездестіреді. Психолог мамандар мұндай оқушыларды «Қиын балалар», «Мінез-құлқында ауытқуы бар балалар», «Қиын тәрбиеленуші» қатарына жатқызады. Қиын бала деген кім? Қиын баланың пайда болуына не себеп және кімдер ықпал етеді? деген сұрақтар өздігінен туындайды. Қиын балалар және мінез-құлықтағы қиындық ұғымы 1920-1930-жылдары П.П.Блонскийдің еңбектерінде пайда бола бастады. Ол зерттеулерінде қиын балалардың мінез-құлық тарихын мектеп, отбасы арқылы ашып көрсетеді. Ол қиын балаларға мұғалімнің қатнасы арқылы қиын оқушы терминін нақтылауды жөн көрді. Бұл балаларға былайша мінездеме береді: объективті көзқараспен қарағанда қиын оқушы-ол мұғалімнің жұмысының жемісті еместігіне байланысты. Субъективті көзқараспен қарағанда қиын оқушы ол- онымен мұғалімге жұмыс істеу өте қиын, мұғалімнен көп жұмыс істеуді талап ететін оқушы. Істі бүлдіруші оқушыларға толыққанды мінездеме бере отырып П.П.Блонский өз жұмыстарында мектепті, сыныпты ұйымдастыруға баса көңіл бөледі. Блонскийдің пікірі бойынша қайта тәрбиелеудің нағыз тура жолы, тәртіп бұзушыларды мәдениетсіз ортадан мәдениетті балалар ұжымына біртіндеп әкелу болып табылады.

Ағылшын психологтары Левитта және Дженкинс қиын балаларды екі үлкен категорияға бөлген:

1. Әлеуметтік формадағы қоғамға қарсы (антиқоғамдық) мінез-құлықты тән балалар

2. Әлеуметтік емес қоғамға қарсы (антиқоғамдық) мінез-құлықты балалар. Бұл балалардың жанұясымен, қатарластарымен қарым-қатынасы нашар, эмоцияналды тұрақсыз, агрессивті, қатыгез әрі кекшіл балалар. Қиын баланың пайда болу себептерін анықтағанда

біріншіден отбасындағы тәрбиеге, ал екіншіден мектептегі оқу тәрбие мәселесіне аса назар аударамыз. Психолог ғалымдардың зерттеулеріне жүгінетін болсақ баланың мінез-құлқындағы қиындықтардың пайда болу себептері отбасындағы тәрбиенің дұрыс берілмеуі салдарынан екендігі анықталды:

1) отбасының әлеуметтік және экономикалық жағдайы;

2) ата-ананың баласына немқұрайды қарауы;

3) қараусыз қалған бала немесе шектен тыс қамқорлық.

Сонымен балалардың мінез-құлқындағы қиындықтардың пайда болу себебі біріншіден отбасы тәрбиесі десек, екіншіден мектептегі оқу-тәрбие жұмыстарындағы кемшіліктермен сипатталады.

Қиын балалармен жұмыс істеудің негізгі шарттары:

1) Әрбір қиын баланы жан-жақты зерттеп, мінез-құлықтарының бағыт-бағдарын айқындау, оның ішіндегі адамгершілік типтегі қасиеттерін іріктеп алу;

2) Әрбір оқушының адамгершілік сынды тәжірибелерін құра біліп, соның негізінде тәртіпті, айналасындағы өмірге көзқарасты, ұжымдық қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыруды ұйымдастыру.

3) Әрбір жеке тұлғаның ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне және творчествалық талап – тілектеріне, қабілеті мен икемдіктерін дамыту, қоғамдық жұмыстарға тарту.

Тағы бір әдіс - қиын баланың бағдарын мақсаты мен міндетін қайта құру. Бұл әдістің құндылық мәні оқушы қателігін түсіну, өзін-өзі тәрбиелеуде бағдар береді.

Мектептегі жүйке жүйесі нашарлаған қиын балалармен тәрбие жұмысын жүргізу көптеген қиындықтар туғызады. Өйткені әрбір оқушының өзіндік ерекшеліктері мен қатар, сырқаттарына байланысты өзгешеліктері бар. Сонымен әрбір педагог қиын баланың дербес ерекшелігі мен ынта-ықыласын, тұрмыс жағдайын ескеріп айқын, нақты талаптар қоя білуі керек. Орындалмақ әрбір педагогикалық талаптар мен тапсырмалар балалардың жағдай мүмкіндіктерімен, қабілет икемділіктерімен сәйкестенуі шарт.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
15 қаңтар
491
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі