400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 12 материал табылды

Оқу үдерісіндегі белсенді әдіс – тәсілдердің тиімділігі

Материал туралы қысқаша түсінік
• Белсенді оқу тәсілі жаңа білімді бұған дейінгі біліммен байланыстырады, қателіктер бізге өзімізді тексеріп, түсінігімізді жетілдіруге жол ашып, нәтижесінде терең білім мен көзқарасты өзгертеді. • Белсенді оқуда өз тәжірибесінің негізінде үйреніп, оқушыларға эксперимент жасап, мәнін ұғынып, түсінік қалыптастыруға мүмкіндік береді. • Бірлескен оқу тәсілі құрылымдалған топтық жұмыстан тұрады. Бұл әдісте тұлғааралық қарым-қатынас дағдылары жетіліп, ақпарат алу және жоғары деңгейлі ойлау дағдылары дамиды.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Айдаркулова Айгуль Алтынбеккызы

Түркістан облысы Төлеби ауданы Бірінші мамыр жалпы орта білім беретін мектебі


«Сабақ барысында «баланың өзін еңбектендіріп, бірлестіріп, өз бетімен білім тапқандай қылса», «жұмыс істейтін материалдар даяр түрінде емес, балалар тәжірибе қылып, зерттеп, өз бетімен шешкендей, тұрмыс жұмбақ түрінде берілсе» оқудың анағұрлым тиімді болатынын естен шығармаған дұрыс».

Ж. Аймауытов

Шебер сыныптың жоспары 2019 ж

Тақырыбы: Оқу үдерісіндегі белсенді әдіс – тәсілдердің тиімділігі

Мақсаты:

  • Белсенді оқу тәсілі жаңа білімді бұған дейінгі біліммен байланыстырады, қателіктер бізге өзімізді тексеріп, түсінігімізді жетілдіруге жол ашып, нәтижесінде терең білім мен көзқарасты өзгертеді.

  • Белсенді оқуда өз тәжірибесінің негізінде үйреніп, оқушыларға эксперимент жасап, мәнін ұғынып, түсінік қалыптастыруға мүмкіндік береді.

  • Бірлескен оқу тәсілі құрылымдалған топтық жұмыстан тұрады. Бұл әдісте тұлғааралық қарым-қатынас дағдылары жетіліп, ақпарат алу және жоғары деңгейлі ойлау дағдылары дамиды.

  • Оқу пәндері арасында байланыс орнату білім беру бағдарламасының аясын кеңейтіп, теңестіреді, тереңірек білім алуға мүмкіндік береді, көптеген дағдыларды қалыптастырады, түсінік пен дағдыларды дамытуға көмектесе алады, оқудың анағұрлым саналы меңгерілуіне көмектеседі, оқуға деген уәжді арттыра алады.

Күтілетін нәтиже:

«Белсенді оқыту әдістерінің нәтижесі – білу емес, үйрену»

  • Өзіне деген сенімі мен оқуға деген уәжі артады

  • Шешендік өнерін жетілдіреді, шығармашылыққа ынталандырады

  • Танымның мәнін түсінуге көмектеседі /яғни, кейде абсалюттік шындық болмайтынын/

  • Сыни ойлау дағдыларын дамытып, еңбек қабілеттері жетіледі


Тақырыптың өзектілігі:

  • Оқытудағыжаңа әдіс-тәсілдерді қолдану барысында  оқушының сыни тұрғыдан ойлауы  дамиды; 

  • Топпен жұмыс ұйымдастыру  балалардың өз идеясын сенімді түрде білдіруіне, түрлі көзқарастарға көңіл бөлуге және оларды бағалауға мүмкіндік береді.

  • Оқушылардың білім сапасын арттыруда жұптық,топтық жұмыс жүргізу барысында жаңа әдіс-тәсілдердің   әлеуеті жоғары.


ӨТІЛУ МЕРЗІМІ: 16. 05. 2019 ж

ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ: Кроссенс әдісі /методикалық әдіс/, Көлеңкелі театр әдісі, . Д. Б. Элькониннің «Графикалық диктанты» әдісі

ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР: Интерактивті тақта ,таныстырылым, материалдар

Ресурстар: АКТ, Презентациялық слайд, фотокарточкалар, флипчарт


ШЕБЕР СЫНЫПТЫҢ МАЗМҰНЫ:



Өтілу барысы

/ Жалпы жоспары/

Мазмұны

Қолдаушы топтың іс-әрекеті


/фокус группа/

Уақыты

Ресурстар




Ұйымдастыру

кезеңі



  • Амандасу рәсімі





  • Ынтымақтастық

орта қалыптастыру


Қолдаушы топты ұйымдастыру


Бақбақ гүлін /одуванчик пушка/ жинақтау арқылы бірігу, ынтымақтастық орнату


5 мин








Бақбақ таяқшалары

Белсенді әдіс түрлері


/ Шолу жасау /

Белсенді тәсілдердің тиімділігі:


* Қатысушылардың қызығушылығын оятады

* Көңіл – күйге бағытталады

* Оқудың тиімді игерілуіне бағытталады

* Қатысушыларда өзіндік пікір мен қарым-қатынас қалыптасады.

* Мінез-құлықтың өзгеруіне ықпал етеді

* Оқушының іс-әрекеті өнімді,шығармашылық танымдық іс-әрекетін ынталандырушы

* Қандай да болсын мәселенің шешу жолдары жөнінде еркін пікір алмасуды көздейтін диалогқа құрылған әдістер.

*Оларга әңгіме, диспут, тақырыптың семинар, ісойын, тренинг жатқызуға болады




Қолдаушы топ әдістерді тізбектеп шығады:



ТРЕНИНГТЕР. ОЙ ШАБУЫЛ

ПІКІРТАЛАС. АҚПАРАТ ЖҰМЫС

ТАНЫМДЫҚ ІС - ӘРЕКЕТТКЕР

СҰРАУ. СҰХБАТ. САХНАЛАУ


3мин

Слайд

Кроссенс әдісі


/методикалық әдіс/


/жаратылыстану, қазақ тілі/

«Кроссенс» сөзі ағылшын тілінен аударғанда «мағынаның қиылысуы» дегенді білдіреді.

Кроссенс суреттермен бейнеленген ассоциациялардың тізбегінен тұрады.

Барлығы 9 ұяшық



 Кроссенспен қалай жұмыс жүргізуге болады?
        
* Үй тапсырмасын тексеру кезеңінде.
        * Қызығушылықты ояту үшін.
        * Жаңа тақырыпты өткен кезеңде.
        * Сабақты бекіту кезеңінде.
        * Сабаққа рефлексия жасау үшін.
        * Үйге орындауға берілген тапсырма ретінде.
        * Мұғалім мен оқушы арысында байланыс орнату үшін.
        * Оқушыға өздік жұмыс ретінде.
        Дайын кроссенстерді сабақтарда әр оқушыға жеке жұмыс ретінде беруге болады

8 мин


Көлеңкелі театр әдісі

/әдебиеттік оқу/

Көлеңкелі театр -

Жарық өте жақсы түскен экранда адамдар, жануарлар және құстардың пішіндерінің қозғалысына қарауды балалар өте жақсы көреді.

Түрлі ертегі кейіпкерлерімен танысу


10 мин

Слайд

Д Элькониннің «Графикалық диктанты» әдісі


/математика/

Әдістемені қолдану арқылы бала үлкендердің айтқанын зейін салып тыңдауы, сөзбен түсіндірген тапсырмаларды дәл орындай алатындығы, қағаз бетіне сызықтарды айтылған бағытта түсіретіндігі, тапсырманы өз бетімен орындауға мүмкіндігі анықталады.


Shape1

Берілген Графикалық диктант бойынша сурет шығарады

8 мин


Кері байланыс

Басбармақ арқылы

Мұғалімдер басбармақ

арқылы сабақта түсінгендерін

көрсету



3 мин


Рефлексия


Жылы лебіз: Сіз бен Біз




3 мин




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
10 қаңтар
1489
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі