жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
«Оқу үрдісінде инновациялық әдіс – тәсілдерін тиімді пайдалану – білім сапасын арттырудың жолдары»
ИФМ пән бірлестігінің «Оқу үрдісінде инновациялық әдіс – тәсілдерін тиімді пайдалану – білім сапасын арттырудың жолдары» тақырыбында өткен онкүндігіне жазылған рефлексия
17.10.16 – 27.10.16 аралығында ИФМ пән бірлестігінің «Оқу үрдісінде инновациялық әдіс – тәсілдерін тиімді пайдалану – білім сапасын арттырудың жолдары» атты онкүндігі өтті.
Онкүндік барысында осы аты аталған бірлестіктің мүшелерінің барлығы да ашық сабақтарын өтті. Ұстаздар қауымы оқу үрдісінде инновациялық әдіс – тәсілдерін тиімді пайдалану – білім сапасын арттырудың жолдары екенін көрсете білді. Өйткені ондағы мақсаты: математика және физика сабақтарында инновациялық технологиялардың әдіс – тәсілдерін тиімді пайдаланып, білім сапасын арттыру еді.
«Мен еш уақытта өз оқушыларыма еш нәрсе үйретпеймін – мен тек қана олардың оқуы үшін жағдай жасаймын», - деп Альберт Энштейн айтқандай мұғалімдердің барлығы да жаңа инновациялық әдіс – тәсілдерді тиімді пайдаланып, дәстүрлі түрде емес, жаңа форматта өте білді.
Спанова Жаңагүл «Квадрат түбірлері бар өрнектерді трлендіруді қайталау» тақырыбында өткен сабағында оқушыларды шаттық шеңберін құрып, бір – біріне алақан жылуы арқылы жылы лебіздерді айтудан бастады.
Қуанамын мен де (өзімді көрсетемін)
Қуанасың сен де (жанымдағы досымды көрсетемін)
Қуанайық, достарым, (бір – біріміздің қолымыздан ұстайық)
Арайлап атқан күнге (қолдарымызды жоғары көтереміз), - деп психологиялық ахуал тудыра отырып бастауының өзі – жаңалыққа жақын жүргенін көрсетеді.
«Ой қозғау» әдіс – тәсілі бойынша ми қыртысына әсер отырып, сұрақ қою арқылы оқушылардың білімін ұштастырды. Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беріп, А,В,С тобындағы оқушылармен жұмыс жасады. Семантикалық картамен жұмыс жасалынды. Оқушыларға логикалық сұрақ қою арқылы «Сергіту сәтін» де ұйымдастыра алды. Тесттік жұмыстар да алынды. Сабақты қорыту барысында «Математикалық алау» ойыны арқылы есептерді шығарып, баспалдақпен жоғары көтеріліп, білім алауын жаға білді. Бұның бәрі де – жаңаша оқыта білудің жемісі.
Кашкынбаева Майрамгүл 5 – сынып оқушыларымен «Теңдеу арқылы есептер шығару» тақырыбында сабағын өтті. Сабағын «Бір сөзбен» серпіліс сәтін туғызу арқылы бастады. Үй жұмысын жұптық жұмыс арқылы тексерді. Жауабы интербелсенді тақтадан көрсетіліп тұрды. Үй тапсырмасын бекіту «Кірпіні үйге жетуге көмектесейік...» әдіс – тәсілімен тақырыптық сұрақтар қойылып, жауабы дұрыс болған жағдайда ғана кірпі үйіне жететінін айтты. Жаңа сабақтың тақырыбын болжау мақсатында «Ребусты шешу» арқылы «теңдеу» сөзін тапқызды.
Әр топқа әр түрлі тапсырмалар берілді.
І топ. «Мозайка құрастыру» /суреттерді құрастыру/.
ІІ топ. «Орнын тап» /оқушылар әріптерді құрастыру арқылы математикалық термин сөзді табады/.
ІІІ топ. «Жаңа білімге көпір салу» әдісі арқылы «теңдеу» ұғымын қалыптастырады.
«Ертегілер еліне саяхат» жасап, есептердің жауабын таба білді. Рефлексияны «Білім ағашы» арқылы жасады. Жасыл түсті алма – мен бүгін бәрін жақсы орындадым. Қызыл түсті алма – тапсырманы орта деңгейде орындадым.Сары түсті алма – маған тапсырманы орындау қиынға түсті, көңіл – күйім төмен.
Биғараева Әлия «Бүкіләлемдік тартылыс заңы» тақырыбында өтті. Сабақ барысында «Терминологиялық қобдиша», «Сәйкестендіру кестесі», «Миға шабуыл», «Ойлан, бірік, бөліс», «Тұжырым картасын» тиімді пайдаланып, сабақтың мазмұнын аша білді. Оқушыларды ғалымдардың суретімен «Ньютон, Галилей, Кавендиш» топқа бөлді. Топтардың жауабын келесі топтар «Басбармақ» арқылы бағаап отырды.Топ басшысына «Бағалау парағын» таратып, топтағы оқушылардың білімдерін бағалата білді. Мұның бәрі - оқу үрдісінде инновациялық әдіс – тәсілдерін тиімді пайдаланудың пайдасы деп ойлаймыз.
Момынтаев Жеңіс «Бір айнымалысы бар сызықтық немесе емес теңсіздіктер жүйесіне есептер шығар» тақырыбында ашық сабақ өтті. Жеңіс өз сабағын дәстүрлі түрде өтті. Оқушылар теңсіздіктерді шешуді үйренді.
Осанова Гаухар «Талантыңмен таныл» тақырыбында сыныптан тыс сабақ өтті. «Біздің түпкілікті мақсатымыз – интеллектуалды ұрпақ тәрбиелеп, интеллектуалды ұлт қалыптастыру», - деген Елбасының сөзін ұран етіп алды. Сабақ барысында «Қарлы кесек», «Тұжырым картасы» , «Бес саусақ» әдіс – тәсілдерін тиімді пайдаланды. Оқушылар логикалық тапсырмалармен жұмыс жасады. «Ойымды жалғастыр» әдісімен мақалдың жалғасын таба білді. «Бес саусақ» әдісімен бағаланды.
Орманова Мейрамкүл «Жылу құбылыстары тақырыбына есептер шығару» тақырыбында сабақ өтті. Жалпы сабақ Блумның 6 таксономиясына құрылған. «Адасқан формулалар» әдіс – тәсіл оқушылар үшін өте қызықты болды.
ИФМ пән бірлестігіне көмек ретінде Сейталиева Гүлайы және Сартбаева Галипа (І деңгейлі) «Диалогтік қарым – қатынас арқылы мұғалімдердің сұрақ қою техникасын қалыптастыру» тақырыбында коучинг өттік. Коучингке ИФМ пән бірлестігінің мүшелері қатысты. Коучинг жоспары төмендегідей болды.
Сергіту сәті
Топқа бөліну
Топты жарнамалау тренингі
Себеттен шыққан суреттер
Таныстырылым
Ойлан, жұптас, бөліс
Сұрақты ұстап ал
Рефлексия
«Сергіту сәтінде»мұғалімдер «Алға, Қазақстан» әніне шеңбер құрып, қолдарына жалаушалар ұстап, флешмоб биледі. «Топқа бөлуде» геометриялық фигуралар арқылы бөлініп, таңдаған фигуралары бойынша мінездеріне сипаттамалар берілді.
Психологиялық ахуал туғызу мақсатында «Топты жарнамалау» тренингін жүргіздік. Мұғалімдер бір – бірімен танысып, таңдаған фигуралар мен сандары арқылы өз топтарына берілген уақыт ішінде топ басшысы тобын көркем етіп таныстырды. Топтар бір – бірін «Бас бармақ» «дісімен өз тобын кретериалды бағалау бойынша бағалап отырды.
Коучинг тақырыбы мен мақсатын анықтау үшін ой қозғау мақсатында мұғалімдерге «Себеттен шыққан» суреттерді құрастырып, «Пікірталас жатты ғулары», «Рефлексия», «Сергіту сәті» сәтерінде қолданылатын «діс – т»сілдерді тауып, суреттің мағынасын ашты.
Тақырыпты өрбіту мақсатында «Алтын балықтың сұрақтары ...»
атты бейнефильм көрсетілді. Қатысушылар көрсетілген бейнефильмді талдап, өз ойларымен бөлісті.
Таныстырылымда слайд арқылы сұрақтың түрлері мен сұрақ қою техникасы, Блумның сұрақ қою өлшемінің алты сатысындағы сұрақ түрлері туралы мағлұмат беріліп, сабақта қалай қолдануға болатындығы жайында түсіндіріліп, мысалдар келтірілді.
«Ойлан, жұптас, бөліс» кезеңінде «Кубизм» әдісі бойынша бір әдісті таңдап және тапсырмаларды алып отырды.
І топ. «Кезбе тілші» әдісі бойынша «Су тасқыны» бейнекөрінісінде болған оқиғаны диалогтік қарым – қатынас арқылы толық көрсете білді.
ІІ топ. «Құндылықтар спектрі» әдіс – тәсілі бойынша берілген «Қызу өлшегіш» мәтініне Блумныңсұрақ қою өлшемінің алты сатысындағы сұрақтарды жүйелі құрастыра білді.
ІІІ топ. «Ақылдың алты қалпағы» әдісімен «Бүркіт пен оның балапандары» әңгімесін әдіске сай баяндады. Мұғалімдер бірлесіп, топтасып отырып жұмыс жасап отырды.
«Сұрақты ұстап ал» әдісін пайдаланып, ашық және жабық сұрақтар қою арқылы тақырыпты бекіттік.
Коучинг соңында кері байланыс орнатылды. «Күн және бұлттар» суретіне мұғалімдер өз ойларын, тілектерін стикерлерге жазып білдірді.
Коучингімізді Н.Ә.Назарбаевтың «Жаңа заманның жаңа адамы тәрбиелейтін ұстаздар, сіздер, ізденіс пен ілгерілеуден жалықпаңыздар. Олар заман талабына сай тәрбиеленуі тиіс» деген сөзімен қорытындыладым.
«...Жақсы мұғалім деген атқа түрлі әдістерді меңгеріп, оларды оқытуда қолдана білу арқылы ғана жетуге болады», - деген ғалым Ахмет Байтұрсыновтың сөзі ойыма орала берді.
Коучингтің сәтті жағы: мұғалімдердің топта жұмысты талдап, топтық жұмысқа дағдыланғаны.
Коучингтің сәтті жағы: топ ережесінің сақтала бермеуі, мұғалімдердің уақтысында жинала қоймауы.
«Үйрете жүріп, үйрене білесің» демекші өз білгенімізді әріптестерімізге үйретіп, олардың оқу үрдісінде тиімді пайдалана білгені бізді қуантып қойды.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген