Материалдар / Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге оқу үшін бағалау және оқуды бағалау туралы түсініктерін әртүрлі әдіс - тәсілдер арқылы тапсырмалар орындата отырып, меңгерту.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Мамыр 2018
863
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Оңтүстік Қазақстан облысы

Білім және Ғылым Министрлігі

Шардара ауданы

«Ұзын-Ата» жалпы орта мектебі





Shape1







Коучингтің тақырыбы: «Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау»

Коуч: Ақжанова Роза Шондыбайқызы





2017-2018 оқу жылы



Мектеп:

«Ұзын-Ата» жалпы орта мектебі

Коуч:

Ақжанова Роза Шондыбайқызы

Күні:

16.03.2018ж.

Коучингтің тақырыбы:

Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау


Сілтеме

Мұғалімге арналған нұсқаулық үлестірме материалдар

Мақсаты

Оқыту сапасын жақсарту мақсатында бағалаудың түрлі нысандарын пайдаланудың тиімділігін үйрету



Оқыту нәтижесі

Мұғалімдер бағалау туралы ақпарат алады, күнделікті өздері бағалап жатқан түрлерімен салыстырады, топтық бағалаудың критерийін жасауды үйренеді,бағалау парақшасын жасайды, болашақта сабақта қолдануға бейімделеді

Негізгі (түйінді)  идея

лар

Білгеніңді үйрету, білмегенді меңгеру


Ресурстар

Постер, маркер, флипчарт, тақта,т.б.


Тапсырмалар

уақыты



Тапсырманың сипаты


Берілген тапсырманы орындаудағы  қолданылған тәсілдер

5минут


 Қазақтың салт дәстүрі «көрісу».

Көрісу (Амал мерекесі деп те аталады)

Көрісу — тек адамдардың бір-біріне амандасып, жақсылық тілейтін қауышу мерекесі ғана емес, сондай-ақ жасы үлкендерге ізет көрсетіп, ілтипат білдіретін дәстүрлі көрініс. Өйткені Көрісу салты бір күннің аясымен шектеліп қалмайды, жыл бойы жалғаса береді. Әлдеқандай себептермен 14 наурыз күні болмаған немесе сырт жақта жүрген кез келген адам ауылға жолы түскен бойда қариялардың қолын алып, сәлем беруге тиіс.

Барлығы түгелдей жағымды эмоция алмайынша ойын аяқталмайды.

2минут

Екі топқа біріктіру (қағаз қиындылары арқылы топқа бірігеді).

1-топ. «Оқу үшін бағалау»

2-топ. «Оқуды бағалау»

Берілген қағаз қиындылары арқылы топқа біріктіру.

Сұрақ-жауап

3 минут

- Бағалаудың қандай түрлерін білесіздер?

- Қандай бағалау формасын қолданасыздар?

Екі топтан топ басшылары жауап береді.

Коучтың ақпараты:

«Оқуды бағалау және оқу үшін бағалау» презентациясын

таныстыру


«Бағалау» термині «жақын отыру» дегенді білдіретін латын  сөзінен шыққан.

Бағалауды екі түрге бөлеміз.

1.  Оқу үшін бағалау-  формативтік бағалау

2.   Оқуды бағалау суммативтік бағалау


Криериалды бағалау

1.Қалыптастырушы бағалау

2.Жиынтық бағалау

Мақсаты: оқушылардың оқуын жақсарту. Оқушы  өзінің білімі қай деңгейде екенін біледі, ал мұғалім  қай бағытта жұмыс істеу керектігін түсінеді.

Оқу үшін бағалау стратегиялары:

1.    Оқушыларды оқу мақсаттарымен

таныстыру.

2.    Оқушыларды сабақтың табыс критерийлерімен таныстыру және оларды бірлесіп талқылау

3.    Оқушылардың нені оқып жатқандары

туралы және оларға білім алуға не көмектесетіндігі туралы өз идеяларын айтуға

ынталандыру

4.    Оқушылардың өзін-өзі бағалау және

өзара бағалау үдерістеріне ықпал етуі

5.    Одан әрі оқыту үшін әрбір оқушыға

жеке мақсат қою мақсатында мұғалім үсынған кері байланысқа оқушылардың ілтипатпен жауап беріп, ынталандыру .


«Бағдаршам» тәсілі

Әріптестерімнің біліктілік деңгейін бақылау үшін  «Бағдаршам» тәсілін түсіндіремін. Теориялық білімді қанша мұғалім меңгергенін бақылаймын.

Қызыл түс- түсінбедім

Сары түс-әлі сұрақтарым бар

Жасыл түс- маған бәрі түсінікті

Коучингке

қатысушылар мұқият тыңдайды.



































Стикердің біреуін көтереді.

1- тапсырма


  10минут

  «Үй салу» әдісі.

Үйдің суретін салу. Топтар бір-бірінің суретін алдымен дәстүрлі бағалап, кейін өздері құрастырған критерийлер бойынша бағалайды.

Топ мүшелері бір-біріне үй салу үшін не керек,соның критерийін жазып береді. Топ мүшелері критерий бойынша үй салады. Постер қорғайды. Тақтадағы критерий бойынша қанша балл жинағандарын көреді. Бұл тұста әрбір топ мүшелері өз сабақтарында мақсатты нақты беру керек екендігін түсінеді.Себебі, критерий нақты берілмегендіктен оларға үй салу қиындық туғызуы мүмкін.


Қалыптастырушы бағалау

  1. Топтық бағалау

  2. «Басбармақ» әдісі арқылы бағалау.

Бір-бірінің жұмысын ауызша бағалайды (өте жақсы, жақсы,орташа)






Коучингке

қатысушылар мұқият тыңдайды.

2-тапсырма

10 минут

«Кейс-Стади» стратегиясы арқылы жағдаятты талдау. Ситуация туралы ойлайды, пікірлесе отырып талқылайды.

«Джигсо» әдісі арқылы бір-бірімізге түсіндіреміз.

Бүгінгі тақырыбымызға қандай байланысы бар?

Топ болып дескриптор құру.


«Сен өзгерсең, сенің әлемің де өзгереді» мәтініндегі жағдаяттың шешімін табуға тырысады.

Мәттіннің бірінші бөлігін 1- топқа беру:

Мынадай бір оқиға жайлы оқығаным бар. Бірде гүл сатушы қыз қолындағы роза гүлдерін дерлік сатып болады. Қолында тек бір тал ғана гүл қалады. Гүл сатушы қыз ойланбастан жолдың қарсы бетінде күні бойы тілем тілеп отырған қайыршыға осы соңғы гүлді сыйлап, өз жөніне кете барады. Қайыршы өзі өз болғалы мұндай іске жолығып көрмепті. Ол үш ұйықтаса да армандағыдай ару қыздың өзіне гүл сыйлайтынын ойлап көрмепті. Бұл күні қайыршы үшін күн батыстан шыққандай болады. Қайыршы өмірінде бірде-бір рет өзін аялап, сүйіп көрмепті, басқалардың да аялауы мен сүюіне қол жеткіземін деп үміттенбесе керек, бүгінгі жағдай оған қатты әсер етеді.

Гүлді ала салысымен қала маңындағы өзінің лашығына тартады. Үйіне келген соң сынық құмыра тауып, оған су толтырып, гүлді оған салып қояды. Ол үн-түнсіз гүлге қарап отырады. Кенет орнынан атып тұрып, әлгі құмыраны жуып, тазалап, мөп-мөлдір су құйып гүлді қайта салады. Ол іштей: «Мұндай әдемі гүл қалайша кір-кір құмырада тұрады екен, мен оны жуып-тазалап қойдым» деп масаттанады. 
Қайыршы әсем гүлге тағы құмарта қарап отырады. Ол ақырын қозғалып келіп, гүл құмырасы тұрған үстелді қолымен сипап қарап еді, шаң-тозаңнан көрінбей қалыпты. Әсем гүлдің тұруына бұл үстел лайық емес деп ойлаған ол үстелді де жуып, айнадай етіп қояды.

Мәтіннің екінші бөлігін 2-топқа беру:
Гүлге құмарта қараған сайын таза үстел мен нарттай қызыл роза сағымы ойнап тұрған мөлдір құмыра мен суға мына былыққан лашық мүлдем сай келмейтін сияқты болып көрінді. Ол бар пейілімен өзінің жылдар бойы тұрып келе жатқан күркесін жинастырып, сүртіп, тазалап әбігерге түсті. Кенет ол өзінің үнемі үңірейіп тұратын бөлмесіне жылылық толып, жайлы өмірді өзіне тым жақын сезінді. Ол бөлменің дәл ортасында тұрып бұрыштағы сынық айнадан өзінің кейпін көрді. Қызыл шұғыла төгіп тұрғандай болып көрінген роза гүліне, таза үстелге, мұнтаздай үйде тұрып ол өзін мүлде қораш келбетте көрді. Шашы өскен, киімінің алба-жұлбасы шыққан. Ол бүгінгі бар тапқан-таянғанын алып жуынуға кетті. Өмірінде дәл бүгінгідей рахаттанып көрмеген шығар. Жұқа болса да таза киім сатып алды, сақал-мұртын қырды, шашын тарап ретке келтірді. Әлеуметтік моншаның есігінен шығып бара жатып қабырғадағы айнадан мүлде басқа адамды, жастық оты жалындаған келбетті жігітті көрді. «Мен не үшін қайыршы болып өмір сүруім керек?» деп сұрады өзінен. Бұл оның қайыршы болғаннан бері қарайғы өзіне тұңғыш рет осылайша сұрақ қоюы еді.

Жігіттің рухы әп-сәтте сергіп шыға келді. Ол үйіне келіп мұндағы барлық дүниеге соншалықты риза пейілмен сүйсіне қарады. Екінші күннен бастап басқа жұмыс іздеуге кірісті. Жолы болғыш екен, жайлы жұмысты да тапты. Күндер зулап, айлар аунап жатты. Бірнеше жылдан кейін ол табысқа жеткен адамға айналды. Үлкен компания құрып, қалталылар қатарына қосылды. 
Бұл оқиға мені адам жас күнінде өз ішкі әлміндегі түнекке тұншығып, өмірінің көркем көкжиегін көруден мақұрым қалмауы керек деген ойға жетелді. Пенде баласы өзіне тиеселі роза гүлін тапқанша теңіздегі бағдарсыз малтыққан дәрменсіз сушыға ұқсайтын сияқтанады. 
Өзіңізге кішкентай өзгеріс жасаңыз, сіз өзгерсеңіз, сіздің әлеміңіз де өзгереді. Егер сіз осы роза гүлін тапқан болсаңыз, оны басқаларға беруді де естен шығармаңыз.

Тақырыпты ашу.

3 минут

 Сергіту сәті

 «Құпия белгі» ойыны



Бұл ойынның шарты: бір-біріміздің артымызға тізбектеліп тұрып,құпия белгіні жазамыз. Кім жаңылысса сол әріптес

өз өнерін көрсетеді.


3-тапсырма

2 минут


Бағалау түрлерін ажырату.

Көбелектің суретін критерийге қарап салу.


Жеке жұмыс

Критериалды бағалау:  (10 ұпай – «5»)

1.Көбелектің денесі 3 бөлшектен тұрады:

1.Қанаты -1балл

2. Басы – 1балл

3.Денесі – 1 балл

4.Көздері – 1балл

5. Үш жұп аяғы – 1балл

6.Мұрты – 1балл

7.Біз тұмсығы – 1балл

Коучингті қорытындылау

2минут

1.Екі суретті салғанда бір-бірінен қандай айырмашылықты байқадыңыздар?

2.Қай суретті салған оңай болды?


«Жай мұғалім-хабарлайды,жақсы мұғалім-түсіндіреді,керемет мұғалім-көрсетеді,ұлы мұғалім-шабыттандырады» дегендей,оқушыларымыздың оқуға деген ынтасын көтеріп,шабыттандырып қояйық!




Рефлексия

1минут

Сабақтан алған әсерлерін жазып, жабыстырады.

 
































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!