400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Оқу үздіктері, олимпиада, ғылыми жоба, интеллектуалды сайыстар, спорт жеңімпаздары слётының» сценариі

Материал туралы қысқаша түсінік
сынып жетекшілерге
Материалдың қысқаша нұсқасы



1 Жүргізуші: Қайырлы күн құрметті қонақтар, ұстаздар, ата-аналар және оқушылар!

2 Жүргізуші:

Ұрпағын мақтануға болса лайық,

Біз бүгін мақтанайық , жар салайық! – деп 2015-2016 оқу жылының қорытындысын шығару үшін «Оқу үздіктері, олимпиада , ғылыми жоба, интеллектуалды сайыстар, спорт жеңімпаздарының слетын» ашық деп жариялаймыз!

Жүргізуші: Салтанатты жиынымызда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалсын!

Жүргізуші:

Білімді шәкірттерін аялаған,

Жақсылығын ешкімнен аямаған.

Саялы бақ жанашыры жас ұрпақтың,

Ұстаз деген ардақты, аяулы адам – дей келе құттықтау сөз мектеп директоры Жұмабай Хамзаұлында .



Жүргізуші:

8 сынып оқушысы аудандық байқаулардың жүлдегері Ақботаның орындауында «Тек алға » әнімен қарсы алыңыздар!



Жүргізуші:

Жастайыңнан білім алсаң қалайда,

Өсе келе қолың жетер талайға – деп үздік оқушыларымызды үлгі, әрі мақтан ете отырып, үздіктер шеруін жариялаймыз.

Жүргізуші: Үздіктерді марапаттау директордың оқу-тәрбие жұмысының орынбасары, тәжірибелі, білікті ұстаз Жилкибаева Роза Толеуғазықызына беріледі.

Музыка.

Жүргізуші:

Жаңа ғасыр шығар биік шыңдары,

Білік пенен парасатты ұқтырар.

Қаруменен күшейгендер жоғалып,

Үстем болар білімімен мықтылар!

Облыстық интеллектуалды марафондар, сайыстар жеңімпаздарын марапаттау рәсімі бастауыш сынып мұғалімі, өз ісінің шебері, шәкірттері аудандық сайыстардан жүлделі орын алып жүрген жас ұстаз Жаныбекова Айгерим Талғатқызына беріледі.

Музыка.



Би.7 сынып.

2 Жүргізуші: Аудандық олимпиадаларға қатысып, орындар алған оқушыларды марапаттау рәсімі қазақ тілі, әдебиет пәнінің мұғалімі , шәкірттері аудандық сайыстардан жүлделі орын алып жүрген шығармашыл ұстаз Айдарханова Дина Мадениетқызына беріледі.

Музыка.



1 Жүргізуші:

Болашақта Нобель жүлдесінің иегерлері , дарынды , аймақтық және аудандық ғылыми жоба жеңімпаздарының шеруін жариялаймыз.

Марапаттау рәсімін бір неше жыл қатар шәкірттері ғылыми жобамен айналысып, жүлделі орындарға ие болып жүрген білімді ұстаз информатика пәнінің мұғалімі Танибаева Айнұр Алтайқызына беріледі.

Музыка.



2 Жүргізуші:

Үш тілділікке байланысты «Тіл шебері» аймақтық байқауында жүлделі орын алған оқушыларды марапаттау рәсімі орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі шәкірттері аудандық, облыстық сайыстардан жүлделі орын алып жүрген шығармашыл ұстаз Мұқатаева Кенже Абильмаджиновнаға беріледі.

Музыка.



1 Жүргізуші: 2015-2016 оқу жылы мектеп спортшыларына да сәтті болды.

Мектеп мақтаныштарын марапаттау дене шынықтыру пәнінің ұстаздары Мукатаев Талғат Ауданович , Мауытқазинов Дулат Саматұлы және Шарипбекова Айжан Төлеуғазықызына беріледі. Олардың көптеген оқушылары аудандық, облыстық, республикалық жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болған.

Музыка.



1 Жүргізуші:

Талмай ұстаз, тәрбиелеп келесің,

Мәпелейсің білім нұрын себесің.

Қасиетті қайратыңды бойдағы,

Ұрпағына мұра қылып бересің.

Республикалық «Оқымысты адам табысты адам» эссе сайысының жеңімпазын марапаттау рәсімі білімді, білікті, тәжірибелі, әмбебап ұстаз Рахымжанова Қарлығаш Ермұқановнаға беріледі.

2 Жүргізуші:

2015-2016 оқу жылында І.Жансүгіров атындағы орта мектептің

«Ең үздік», дарынды, жан-жақты оқушылары анықталды.

Мектептің «Ең үздік » оқушысын марапаттау рәсімі мектеп директоры Ерботин Жұмабай Хамзаұлына беріледі.

Музыка.



1 Жүргізуші:

2015-2016 оқу жылында І.Жансүгіров атындағы орта мектептің

«Ең үздік сыныпты » марапаттау үшін мектеп психологы, тәжірибелі, өнегелі ұстаз – Байжакупова Шакен Мұқановнаны ортамызға шақырамыз.

Музыка.



2 Жүргізуші:

Құрметті оқушылар, келесі оқу жылында жетістіктеріңіз көп болсың.

Жаңа оқу жылында жаңа жетістіктерге жете берейік

1 Жүргізуші:

«Оқу үздіктері, олимпиада , ғылыми жоба, интеллектуалды сайыстар, спорт жеңімпаздарының слетын» жабық деп жариялаймыз !











































«І. Жансүгіров атындағы орта мектебі»КММ





















«Оқу үздіктері, олимпиада, ғылыми жоба, интеллектуалды сайыстар, спорт жеңімпаздары слётының» сценариі























2014-2015

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
19 наурыз
2200
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі